Воллейбол


Волейбол
Волейбол ойыны ең алғашқы рет АҚШ-та дәлірек айтсақ Массачусет штатында Холиоке деген қалада пайда болған. Бұл ойын түрін ең алғаш рет 1895 жылы Уильям Дж Моргон деген колледжінің дене тәрбиесі мұғалімі ойлап шығарған. Қазіргі кезде волейбол ойыны дүние жүзінде жақсы дамыды. Атап айтар болсақ қазақ елінде де жақсы дамуда. Қазақ волейболының негізін қалаған, тұңғыш волейболдың атасы, КСРО мен ҚазССР-інің еңбек сіңірген жаттықтырушысы КСРО спорт шебері Октябрь Жарылқапов болатын. Қазақстанның волейбол құрама командасы әлем чемпионатына қатысатын болды. Бұған дейін «Рахат компаниялар тобының арқасында есімдері кеңінен танымал болған О. Жарылқапов, Ж. Сауранбаев, З. Жәркешов, В. Кравченко, Н. Смолеева. Е. Чебукина секілді спорт саңылақтарымыз Қазақстан волейболының туын жоғары көтере білді.
Салауатты өмір сүру, жастардың спортқа деген құлшынысын арттыру, Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін қайта жандану дәуірі басталды. Волейбол Түркістан қаласында да жақсы даму үстінде. Түркістанның ер балалар командасын М. Божбанбаев, қыздар командасын Т. Қыбраев жаттықтырып дайындауда. Волейбол ойыны - спорттың кеңінен тараған ойындарының бірі. Волейбол ойынынан бүгінгі таңда әлем және құрлық біріншіліктері өткізіліп тұрады. Бұл ойынды 10 жасар баладан бастап қай жаста болмасын бәрі ойнай береді. Волейбол ойынының қозғалысы адам баласына аса пайдалы табиғи қозғалыспен дене мүшелерін қимылын жақсартатыны анық. Волейбол ойынының қозғалысы жүру, жүгіру, лақтыру, иілу, секіру, қабылдау тағы басқа жаттығулардан тұрады. Сондықтанда волейбол ойыны дене тәрбиесі пәні жаттығуларының бірі ретінде ең тиімдісі ағзағада пайдасы бар.
Волейбол ойыны адамның көңілі сергек болуына және іскерлік қабілетін дамытады. Жоғарыда айтқандай волейбол ойыны өзінің даму деңгейінің ең жоғарғы сатысына жетті деуге болады. Оның дәлелі спортшылардың немесе ойыншылардың қозғалысы, жүру, жүгіру жылдамдығы, секіру, лақтыру, қабылдау, кілт тоқтауы міне мұның барлығы жалпы ойынның дамығандығын, ойынның жылдамдығын, ойыншылардың дайындық деңгейінің жоғары және ойынға деген қызығушылығынан білуге болады. Волейбол ойынында қандай жаттығу болмасын қозғалыс барысында нақтылы орындалады. Айталық шабуыл барысында допты қарсыласының алаңына ұрып дәл түсіруі, болмаса қарсыласының алаңына алдап тастау, допты әріптесіне дәл беру және тағы басқа.
Демек, волейбол ойыны адамның барлық қасиет қабілеттерін қалыптастырып дамытатын ойынның бірі. Сондықтан волейбол ойыны спорттық ойындардың бір түрі ретінде барлық оқу орындарының бағдарламасына енеді. Арнаулы оқу орындарының студенттері белгілі бір кезеңде волейбол ойынын ойнап, белгілі бірі деңгейде дайындық жасап келеді деп есептеледі. Сондықтан бұл оқушылар оқу процессінде ойынның негізгі ойнау тәсілдерін үйреніп ойын жүйесін біледі, жарысқада қатыса алады.
Волейбол ойынының ойын алаңы (спорт зал) ұзындығы 18 метр, ені 9 метр болады. Бірінші сызықтың арақашықтығы 3 метр болады. Сетканың биіктігі ұлдар 2, 43 метр, қыздар 2, 28 метр болады. Ойын барысында екі команданың құрамында алты - алтыдан он екі ойыншы болады. Ойын кезінде ойыншылардың негізгі тұрысы 1 - 6 ға дейін санмен белгіленеді. Ойын негізінен 5 партиядан тұрады. Егерде кімде кім 3 партия жеңіске жетсе сол командаға жеңіс бұйырады. Негізінен партияға уақыт шектелмейді, партия санмен есептеледі. 4 партия 25 ұпайға дейін ойналады, соңғы шешуші 5 - партия 15 ұпай дейін ойналады. Егерде ойын барысында санақ тең болған жағдайда екі команданың біреуі екі ұпай артық алғанға дейін ойын жалғасады.
Волейбол алаңының өлшемі.
18 м
2
3
4
1
6
5
Ойын басталғандағы бастапқы тұрыс.
Волейбол ойнында ең әуелгі бастапқы тұрыс - ойын барысында ойыншы еңкейінкіреп, екі қолды шынтақтан бүгіп, басты көтеріп алға қарап, бір орында тұрып қалмай үнемі қозғалыста тұруы тиіс. Ұшып келе жатқан допты қағып алу үшін әртүрлі қозғалыстар орындалады. Алға немесе оң жаққа және сол жаққа бір немесе бірнеше адым жасауы және допты қағып алу үшін ойыншы секіріп барып екі қолға құлап қарлығаш бейнесін жасап қозғалыстарын орындауы мүмкін. Бұл жаттығулардың барлығы доптың ұшу бағытына қарай орындалады.
Допты ойынға қосу әдістері.
Ойыншы допты қосу үшін бірінші жоғарыдан допты шабуылдап қосады. Демек допты алға лақтырып, секіріп ұру арқылы орындалады. Яғни алға лақтырылған доппен секіріп ұрған, ойыншының бір - біріне үйлесімділігі болуы тиіс. Допты шабуылдап ойынға қосқан кезде, қарсыластың ойнын қиындатады. Әдетте ойында мұндай тәсілмен беруді меңгеру үшін иық - шынтақ буындарының қимылдық қабілетімен күші жеткілікті болуы керек.
Допты астынан тура беру арқылы ойынға қосу. Бұл әдіс қарсыластың ойнын оншалықты қиындатпайды. Қарсылас бұл допты оңай қайтарады. Ескертетін жағдай: допты ойынға қосу барысында допты міндетті түрде қолдан шығарып беру, қолдан шығарған допты қайта қағып алмау, белгіленген сызықты басып кетпеуі тиіс.
Допты астынан дұрыс қабылдау әдістері.
Жалпы допты астынан дұрыс алу үшін, жаттығу доптың ұшу бағытына қарай орындалады. Егерде доп тура ұшып келіп ойыншыға жетпей қалса, алға қарай бір немесе бірнеше адым жасап алуы тиіс, егерде доп оң жақпен ұшып келе жатса оң жақа қарай адым басып допты тура алу керек, дәл сондай доп сол жақтан ұшып келе жатса, сол жаққа қарай адым басып алуы керек және допты әріптеске дұрыс жеткізуі тиіс.
Допты жоғарыдан дұрыс қабылдау әдістері.
Допты жоғарыдан дұрыс алу үшін ұшып, келе жатқан доптың ұшу бағытына қарай ойыншы икемделуі қажет. Допты жоғарыдан алған кезде алақанмен алмай барынша саусақтың ұшымен алуға тырысқаны абзал. Доптың ұшу бағытына қарай алға және екі жанға бір немесе бірнеше адым жасау арқылы допты жоғарыдан дұрыс қабылдап, мейлінше допты әріптеске дұрыс жеткізуі тиіс.
Шабуылда дұрыс ойнау әдістері.
Шабуылдың барлық әдістерін игеру - икемділік, шапшаңдылық, иілгіштік, күш, секіру мен қатар, денені ауа кеңістігінде ұстай білу, тағы басқа ойыншының қасиеттерінің дағдылануына байланысты болады. Ойыншы шабуылдау барысында қарсылас жақтан өткен доптың астынан және үстінен дұрыс қабылдап әріптеске дұрыс жеткізуі тиіс. Демек ортада тұрған допты көтеріп жеткізетін ойыншы шабуылшыға допты тез және дәл көтеріп беруі керек. Көтерілген допты шабуылшы торға денесін тигізіп алмай, допты тордан өткізе ұрып, қарсыластың алаңына допты дәл немесе дөп түсіруі тиіс. Шабуылшының жерге түсу кезінде ортадағы сызықтан өтіп кетпеуі тиіс сонымен қатар шабуылдау кезінде шабуылшы әріптесі көтерген допты қарсыластың алаңына алдап тастауға болады.
Қорғаныста дұрыс ойнау әдістері.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz