Компьютерлік химия


Реферат
Тақырыбы:Компьютерлік химия
Орындаған:Байқоңырова Г.
Тексерген:Бажықова Н.
Алматы, 2013
Жоспар:
- Кіріспе
- Кванттық химия
- Жасанды химиялық интеллект
- Компьютерлік химияның болашағы
- Пайдаланылған сілтемелер
Кіріспе
Бүгінгі таңда біз нақты ғылымдарда болып жатқан революцияның куәгерлері болып отырмыз. Бұл революция ғылымдардың барлық салаларында: эксперементалды да, теориялық та салаларына компьютерлердің енуімен байланысты. Бұл үрдіс соңғы он жылдарда ерекше үдемелі өтіп жатыр. Себебі тез әсер ететін компьютерлердің өндірісі ұлғайды және барлық дерлік зерттеушілердің күшті компьютерлермен жұмыс істеу мүмкіндігі ұлғайды. Нақты ғылымдарға компьютерлерді енгізудің маңызды нәтижесі - осы ғылымдарда жаңа бағыттардың пайда болуы. Осылайша физикада эксперименталды және теориялық физика мен қатар жаңа компьютерлік физика, ал химияда компьютерлік химия пайда болды. Егер соңғы кездерге дейін білім алудың екі әдісі болса - не эксперимент қою арқылы, не теорияны қуру арқылы, бүгін жаңа компьютерді қолданатын үшінші әдістің пайда болуы туралы айтуға болады.
Компьютерлік химия пәні компьютерді қолдана отырып, газтектес, сұйық, қатты фазадағы молекулалар, атомдар, радикалдар, иондардың физикалық және химиялық қасиеттерін зерттеумен айналысады. Қазіргі кезде бұл мәселелерді компьютер көмегімен шешудің тәжірибесі бар.
Кванттық химия
Компьютерлік кванттық химия компьютерлік химияның ең көп дамыған тармағы болып табылады. Кванттық химиктер өз зерттеу жұмыстарында компьютерлерді алғаш қолданғандардың бірі болды. Соған орай, қазіргі кезде кванттық химиктер програмисттердің жоғары квалификациясына ие болып отыр, ал квантты - химиялы программалар ғылыми - техникалық программалардің ядерлі физика программалар, ғарыш аппараттарының траекторияларын есептеуге арналған программаларымен бір қатарда тұратын ең қиындарының бірі болып табылады.
Шредигер теңдеуі 50 жылдан астам уақыт белгілі болғанымен, аналитикалық тұрғыда бұл теңдеуді тек ең қарапайым жағдайлар үшін: сутегі атомы мен Н 2 молекулалық ионы ушін жазуға мумкін болды. Сол себептен кванттық химияда компьютерлерді қолданудың қажеттігі туды. Квантты - химиялық есептеулердегі жетістігі Шредингер теңдеуін шешу кезінде бір қатар жуықтауларды қолданумен байланысты. Соған қарамастан, күрделілігі жоғары атомдар мен молекулалар үшін алынатын жуықталған теңдеулерді тек компьютер көмегімен шешуге болады. Кванттық химияда мейлінше жүйелі эмпирикалық емес ( немесе ab initio) әдістер болып табылады. Бұл терминді атомдар мен молекулалар үшін Шредингер теңдеуінің шешімінің жуықталған әдістерінің жынтығы деп түсінуге болады. «ab initio» латын термині «басынан бастап» дегенді білдіреді. «ab initio» барлық тілдерде бұл есептеу әдістерін белгілеу үшін кең қолданыс тапты, себебі ab initio әдістері тек фундаменталды физикалық тұрақтылардан ( жарық жылдамдығы, Планк тұрақтысы, ядролар мен электрондардың массалары мен зарядтары ) басқа ешқандай қосымша эксперименталды берілгендерді ( иондалу потенциалы, атомдалу энергиясы, т. б. ) қажет етпейді және физикалық тұрғыдан ақталған жуықтауларды енгізу арқылы Шредингер теңдеуінің негізінде алынған.
Жасанды химиялық интеллект
Компьютерлерді кең қолдануға байланысты компьютер адаммен дәстүрлі түрде интеллектуалды болып саналған салаларда бәсекеге түсе алады деген ой пайда болды. Химияда «жасанды химиялық интелекттің» пайда болуы туралы айтуға болатн екі саласын бөлуге болады. Біріншіден бұл эксперименталды спектроскопиялық берілгендердің негізінде молекуланың құрылымын айқындаумен байланысты мәселелер. Екіншіден күрделі органикалық молекулалардың синтезі стратегиясын әзірлеу мәселелері. Химияның дамуы, әсіресе молекулалық структураны зерттеудің физкалық әдістерін қолдану соңғы он жылда ақпараттық жарылысқа әкеліп соқты. Қосылыстың синтезін жасау бұл қосылысты идентификациялаудан гөрі әлдеқайда жеңіл болып тұрады. Жаңа қосылысты идентификацмялаудың күрделі проблемасын шешудің жолдарының бірі - химиялық қосылыстың спектрін әдебиетте белгілі мәндерімен салыстыру арқылы танып білу болып табылады. Бірақ, әлемде 100 мыңнан астам органикалық және бейорганикалық қосылыстардың спектрлері туралы ақпараттар жиналған және бұл ақпараттың саны күннен күнге өсіп жатыр. Сондықтан бұндай салыстыруларды эффективті түрде тек компьютер жасай алады. Химиялық қосылыстарды танып білудің атластық компьютерлік жуйелері Коптюгпен әзірленіп қойған.
Бағыттардың бірі керекті қосылысты синтездеудің мумкін жолдарын жақсы зерттелген органикалық реакциялардың негізінде анықтауға негізделген. Сәйкес программалар бірнеше лабораторияларда әзірленген.
Басқа бағыт формальді - логикалық көзқарасқа негізделген. Бұл көзқарас негізінде валенттіліктің классикалық теориясы жатыр және ол реакцияны байланыстардың молекулааралық және молеулаішілік қайта бөлініп топтасу ретінде қарастырады. Бұл әдістің артықшылығы -белгілі реакциялар арасында тура аналогтары жоқ процесстерді компьютер көмегімен генералдауға мүмкіндік береді.
Компьютердің адам миының алдындағы артықшылығы - ақпараттаррдың ауқымды көлемін есте сақтай отырып, онымен өте тез жұмыс істей білуінде.
Компьютерлік химияның дамуының болашағы
Бір ғана шолу кезінде химия, физика, математика және есептеуіш техникасының қиылысуында пайда болған жаңа ғылым - компьютерлік химияның барлық тарауларына тоқтап кету мүмкін емес. Осылай, жоғарыда қарастырылған мысалдардан басқа компьютерлік химияның қолдануының маңызды аумақтары :компьютер көмегімен химиялық технологияларды оптимизациялау мәселелері, элементарлы химиялық проестердің теориясындағы динамикалық мәселелерді шешу. Осыдан, химиктердің компьютерлерге қолжетімділігі артқан сайын компьютерлік химияның жаңа тармақтары пайда бола бастайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz