Қазақтың тұңғыш календарындағы ақпараттық үлгілер


Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Журналистика факультеті
Журналистика тарихы кафедрасы
СІЛӘНБАЙ Таңжарық
ҚАЗАҚТЫҢ ТҰҢҒЫШ КАЛЕНДАРЫНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ ҮЛГІЛЕР
Жоғары оқу орнын бітіру үшін қорғалатын бакалавриаттық
БІТІРУ ЖҰМЫСЫ
Шифр-521030
Ғылыми жетекші: ф. ғ. к., доцент А. МЕКТЕП-ТЕГІ
Ресми сарапшы: М. ШӘЙМЕРЕН
Журналистика тарихы кафедрасының
2007 жылғы 7-маусымындағы мәжілісінде
Талқыланып, қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі: т. ғ. д., профессор С. Қ. ҚОЗЫБАЕВ
Мемлекеттік емтихан комиссиясының сараптауына қабылданды
Диплом қорғау күні: 2007 жыл . . .
Комиссия хатшысы: ф. ғ. к., доцент Н. ШЫҢҒЫСОВА
Алматы, 2007
МАЗМҰНЫ:
Кіріспе . . . 4
І Қазақ календарындағы ақпаратық үлгілер . . . 10
1. 1 1923 жылдың Қазақ календарындағы ақпараттық үлгі . . . 10
1. 2 Қазақ халықының уақыт есебі ‒ ақпарат берудің дәстүрлі түрі . . . 23
ІІ мүшелі есебі және қазақ күнтізбесіндегі 12 айдың тіліміздегі
көрінісі . . . 30
2. 1 Мүшел есебі . . . 30
- Қазақ күнтізбесіндегі 12 айдың тіліміздегі көрінісі . . . 36
Қорытынды . . . 48
Сілтемелер тізімі . . . 52
Пайдаланған әдебиеттер . . . 53
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қазақ халқының көшпелі тұрмыс-салтында аспан әлемінің құбылыстарын бақылау арқылы уақытты білу үшін және ауа райынан алдын ала қалай ақпарат алып отырғандығын білу.
Тақырыптың зерттелу деңгейі . Календарь туралы шыққан кітаптар мен зерттеулерді пайдалана отырып, қазақ халық ауыз әдебиетіндегі Күн, Ай, Жылдарға қатысты жұмбақ айтыстар, мақал-мәтелдер мен тұрақты сөз тіркестері белгілі бір құбылыстың не екенін білдіретін сөздік белгі ғана емес, сонымен бірге белгілі бір құбылыстың төл қасиетін әйгілеп беретін дерек екендігін ұғыну.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері . Календардағы Күн, Ай, Жылдардың тіліміздегі көрінісі, салт-дәстүрмізден алар орнын сезініп білу.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы Зерттеу жұмыстарының мақсат-міндеттерін шешу үшін жиналған шығармалар, арнайы кітаптар, әдебиетер бойынша зерделеу, талдау, салыстыру, жинақтау, сұрыптау, жүйелеу, топшылау, тұжырымдау әдістері қолданды.
Зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негіздері . Зерттеудің теориялық және методологиялық негізі ретінде журналистика ғылымындағы тарихи-салыстырмалы талдау әдісімен Қазақ календарындағы ғылыми көзқарастар басшылыққа алынды.
Зерттеу методологиясы нақты тарихилық жүйелік, хронологиялық сынды ғылыми таным принциптеріне негізделіп материалдарды зерделеу ғылыми зерттеудің талдау және салыстыру, жүйелеу, толықтыру сынды әдістері негізінде жүргізілді.
Әлемнің барлық халықтарына ұқсас, қазақ халқының арғы тегі көне түрік әлемнің уақытты межелеуде өмірлік мол тәжіирбелерімен өзіндік дәстүрі болғандығы жалпыға мәшхүр. Олардың өмір сүру әдісі мен дәстүрінде әлемнің басқа халықтары сияқты дәстүрлі наным-сенімдік ережелері мен жалпыға ортақ заңдылықтарының болғаны, аспан әлемінің құпияларымен үндесіп жұлдыз есебін жүргізіп ауа-райының құбылмалы өзгерісін бақылап өздерінің тіршілігіне қатерлі райын күні бұрын межелеп білуге мүмкіндік алғаны шындық. Бұл ұлтымыздың ертеден-ақ өркениеттің көш алдында түрғанын көрсетеді.
Бұл күнде егемен еліміздің, дербес мемлекет ретінде шаңырақ көтеруі ұлттық ой- сананың дамуына, өткен тарихтың мол тәжірибесін салт-дәстүрді, терең түсініктерді енгізе бастады. Қазақ халқының көне мұралары қайта қаралып, зерттеліп, басылып шығып жатыр. Өткен ұрпақтың жасаған ғылыми дүниелерінің ғасырлық тәжирбелерінің бізге беймәлім беттері өз зертеушісін күтіп тұрғаны анық. Сондай терең зерттеуді қажет ететін күнтізбелер тарихының бүгінгі ұрпақ үшін ғылымдық мәні зор. Тарихи қажеттілігіне жеткілікті екенін түсінген белгілі зерттеушілер М. Исқақов, Халд, Х. Ә. Әбішев, Х. А. Арғанбаев қатарлылар арнайы кітап жазған.
Ғылымда уақыт өлшемін зерттейтін саланы хронология («хронос» грек тілінде - уақыт, «логос» - ілім) деп атайды. Ол астрономиялық (немесе математикалық ) және тарихи (техникалық) хронология болып екі бөлімге бөлінеді.
Астрономиялық (грекше «астрон » ‒ жұлдыз, «космос» ‒заң) хронология - аспан денелерінің қозғалысы мен астрономиялық құбылыстарға қарап уақытты табады. Ал тарихи хронология - әр түрлі уақыттағы тарихи қоғамдарда адамдар уақытты қалай өлшеген, календарлар ( күнтізбелер ) қалай шыққан, тарихи оқиғалардың болған уақыты, заманалар қалай анықталады деген сұрақтарға жауап береді. (1)
Уақыттың кілті - календарлар, яғни күн тізбелер. Сондықтан әр адам жүздеген халықтардың даналығын бойына сіңірген, мыңдаған жылдың шежіресі бар әрі өткен өміріміздің белгісі, әрі алдағы жолымызды нүсқаушы күн тізбелерді білу керек.
Күн тізбелер, сағаттар жоқ кезде адамдар уақытты аспанға қарап, ал жыл мезгілдерін ауа-райының құбылыстарына қарап анықтаған. Сондықтан, астрономия өте ерте де адам заттың практикалық қажетілігіне байланысты басқа ғылымдардан бұрын шыққан.
1960 жылы қазақ мемелекеттік баспасында М. Исқаковтың «Қазақтың байырғы календары» атты кітапшасы жарық көрді. Бұл кітабында автор қазақ халқының бұрынғы күн тізбесіне, мүшел есебіне тоқталып өткен. (2)
1963 жылы сол баспада осы автордың «Қазақтың байырғы календары» кітабы шықты. Кейін 1980 жылы ішінде екінші рет өңделіп «Халық календары » деген атпен басылып шықты.
Ертедегі Қазақстанның мәдени тарихына, соның ішінде астрономиялық білімдер мен күн тізбеге қатысты құнды деректер Қазақ ССР Ғылым Академиясының академигі Ә. Х. Марғұланның еңбектерінде жиі кездесіп отырады. Бұл материалдарды «Қазақ ССР тарихы» мен «ҚСӘ» томдарынан табуға болады (3) .
Қазақ халқын революцияға дейінгі астрономиялық білімдерін сипаттайтын мағұлыматтарды жинап, жүйеге келтіруде физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент Х. Ә. Әбішев елеулі еңбек етті. Оның еңбектері жинақталып, «Халық астрономиясы» және «Аспан сыры» атты кітаптарына енгізіліпті (4) .
Н. Мыңжаның Алматыда 1994 жылы шықан «Қазақтаң қысқаша тарихы» деген кітабында «қазақ халқының аспан әлемі туралы түсініктері және байырғы қазақ күн тізбесіне тоқталып өткен (5) .
Қазақ ССР энциклопедиясының үшінші томында «мүшел есебімен күн тізбеге» тоқталып, олардың мәнін аша білген (6) .
Халқымыздың әлем жөніндегі түсініктері, астрономия салаларындағы практикалық білімдері, күн тізбелері Ш. Уәлихановтың «Қазақтардың космомологиялық аңыздары» деген ғылыми мақалаларында да баяндалған (7) .
Азык-аулақ астрономиялық мағұлыматтар көне Түрік жазуларында, Ж. Баласағұнның «Құтадұғу білігінде», «Диван лұғат ат-түркінде» тағы басқа орта ғасырлық кітаптарда кездеседі.
Қазақша жыл қайыру мен ай аттары халық ауыз әдебиеті үлгілерінде жиірек кездеседі. Түрлі айтыстар мен мақал-мәтелдерде, өлең жырларда айтылады (8) .
Күнтізбеден Қазақ тілінде жазылған кітаптардың тұңғышы ретінде 1897жылы Орынборда Бреслин баспаханасында орыс әріптерімен басылып шыққан «Қазақ үшін күнтізбе» атты жинақты айтыуға болады. 1889 жылдан бастап Санкт-Петербургте шағатай тілінде Ш. Талфидың «Мұсылман күнтізбесі» шығып тұрған.
Тұңғыш Қазақ күндізбесі 1922 жылы жазылған. Орынбор қаласында басылып шыққан. Кітап 6 тарауға бөлінеді, онда 31 мақала бар. 1929 жылдың
күнтізбесі шаруа күндізбесі 1928 жылы Қызылордада басылып шыққан. Өңдеп түзеткен Бейімбет Майлин. 1929жылдың күндізбесі көптеген мәселелерді қамтыған. мұнда қысқа түрде күнтізбе тарихы, әлем құрылысы, Жердің, Күннің, Айдың қозғалыстары, Ай мен Күннің тұтылу себептері, планеталар мен жұлдыздар, шетелдер жөнінде геограпиялық мағұлыматтар бар.
1930 жылдың «шаруа күндізбесін» Б. Майлин І. Жансүгіров және Ә. Мұстафин құрастырған. 1929 жылы Қызылордада бастырып шығарған. 1930 жылдың күнтізбесінде айлардың латынша атауларымен қатар, қазақша атаулары да келтірілген.
«Қазақстан» баспасы 1931 жылы «шаруалар үшін күнтізбе» шығарған. (І. Жансүгров) . Бұл күнтізбелер өз тұсында қазақ еңбекшілерінің сана-сезімін оятты. Бірінші бесжылдықты мерзімінен бұрын орындауға шақырады. Бұлардан кейін күнтізбе кітаптары біраз уақыт ескерусіз қалады. Қазақ тілінде 3 жылдай күнтізбе жинақтары да, күнтізбенің теориясы мен тарихына арналған кітартар да тіпті жыртпа күнтізбе де болмаған. Мұның негізгі себебі, соғыс жылдарында және одан кейінгі шаруашылықты қалпына келтіру жылдарында қаражаттың тапшылығы еді деп түсіндірген М. Исқақов. 1957 жылы 17 қазанда «Қазақстан мұғалімі» газетінде, «Календарь ‒ уақыт кілті» атты көлемді мақала шықты. Онда күнтізбенің тарихы мен өмірде қажеттілігі сөз болды.
1958 жылы Қазақстан Компартиясының Орталық Комитеті күнтізбе шығару туралы мәселе қараған. Осыған сәйкес, қазақ мемлекеттік баспасының жанынан дербес күнтізбе редакциясы құрылды. Редакция 1960 жылдың күнтізбесінің кіріспе бөлімінде редакцияның алғы сөз, күнтізбесінің тарихынан қысқаша мағұлыматтар болашақ дүниежүзілік күнтізбенің жобасын, қазақша ай аттары және 1960 жылдың табель күнтізбесі бар. Негізгі бөлімде әр күнгі күннің шығуы мен бату мерзімдері берілген. Күннің ұзақтығы, айдың ширектері көрсетілген. Қазақша жыртпа күнтізбе, орыс тіліндегі күтізбелердің аудармасы емес. Бұл солардың жалпы үлгісі мен тәжірибесін пайдалана отырып, Қазақстанның бұрынғы және қазіргі өмірін көрсететін күнтізбе. Халқымыздан шыққан Шоқан, Ыбырай, Абай, Сәкен, Жамбыл т. б. атақты адамдардың өмірлерінен мағлұмат келтірген.
Жыртпа күнтізбені тұңғыш құрастырушы және бас редакторы - ұлы Отан соғысы ардагерлерінің бірі, тәжірибелі журналист Ә. Қ. Бектемісов болды.
1960 жылдан бері жыртпа күнтізбе 20 рет шықты. 1960-1969 жылдар «Қазақша календарь» деп аталса, 1970-1979 жылдар «Қазақ календары» деп өзгертілді.
І ҚАЗАҚ КАЛЕНДАРЫНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ ҮЛГІЛЕР
1. 1 1923 ЖЫЛДЫҢ ҚАЗАҚ КАЛЕНДАРЫНДАҒЫ АҚПАРАТ БЕРУДІҢ ҮЛГІЛЕРІ
Уақыт есебін жүргізудің ғылыми көрсетілімі қаншалықты дәл және тиянақты болғанымен, оларды түсіндіретін, хабарлайтын халық арасына тарататын құралдары болмаса, қөпшіліктің көңіліне қонып санасына сіңісе алмайды. Сондықтан календарды өмірмен ұштастыратын жазба құралдары болуы тиіс деген көзқарас негізінде 1923 жылы шыққан тұңғыш қазақ календары Ұлы Октябрь революциясынан кейін, 1922 жылы жазған (араб әріптермен басылған), мұны 1923 жылы қолдану үшін Қазақстанның мемлекеттік баспасөз бөлімі дайындап, қазақ мемлекеттік баспасы Орынбор қаласында басып шығарған. Календарь жорнал түрінде шыққан. Бірінші бөлімінде мынандай сөздер жазылған.
Жержүзінің еңбекшілері бірігіңдер!
Киргизский календарь на 1923 год
Оренбург
Государственное издательство КССР
1922
«Календардың» көлемі 146 бет. Бағасы мен таралымы көрсетілмеген. Кітап алты тарауға бөлінеді, онда 31мақала бар. Сөз басынан кейін жалпы календарь тарихынан қысқаша мағұлматтар келтірілген. Бірақ, қазақ календары жайында толық мағұлмат берілмеген. Календардың әлеумет өміріне елеулі рөл атқаратындығы, оның таптық сипаты болатындығы, ескі календарды үстем таптар өз мүддесіне сәйкестендіріп пайдаланып келгендігі туралы жазылған. Авторы: Ерғали Алдонғаров
«1923 жылдың қазақ календары» табель-календардан басталған. Табель календардың бірінші жолында «Ит жылы бітіп, Доңыз жылының басталуы 22 март» деп жазылған. Әрбір айдың төмендегдей екі түрілі атауы көрсетілген;
Январ-Дәлу Июль-Әсет
Февраль-Хұт Август-Сүмбіле
Март-Хамал Сентябрь-Мизан
Апрель-Сәуір Октябрь-Ғақырап
Май-Зауза Ноябрь-Қауыс
Июнь-Саратан Декабрь-Жидді (9)
Айлардың бірінші атаулары римше, екінші атаулары арабша делінген. Бұлар жөнініде мынадай ескертпе берілген: «бұл Ғарабша деп жазылған ай аттары қазақтың көп жерінде (екінші жүзде) қолданылады. Қазақтың басқа жерінде ай аттары бірде орысша, бірде қазақша ескі аттарымен аталады». Бірақ айлардың қазақша ескі аттары қандай болғаны айтылмаған. «1923-жылдың календырында» бірінші январь дүйсенбі күнге тура келеді, ол кезде Қазақстанда демалыс күні жұма болған.
Табель-календардың ақырында атап өтетін күндер көрсетілген, олар
22 январь ‒ қанды жексенбі күні
12 март ‒ патшаның тақтан түсірілген күні
18 март ‒ Париж коммунасының күні
22 март‒ Наурыз(қазақша жыл басы)
1 май ‒ Интернационал күні,
9 сентябрь‒ жастар күні
4 октябрь ‒ Қазақстан советтерінің бірінші сьезі ашылған күн
7 ноябрь ‒ октябрь мейрамы Бұлардан кейін ораза айты мен құрбан айтының мерзімдері көрсетілген.
«23 жыдың календарында» 1862 жылдан 1922 жылдар аралығындағы әр айларда болған зор оқиғалар хронология түрінде берілген. Жалпы саны 400дей оқиға бар. Мұнда 1860 жылдан 1916 жылдар аралығындағы әр жылдың үш-төрт оқиғасы ғана берілген. Ал 1917 жылдан 1922 жылдар аралығындағы әр жылдың әр айында болған бес-алты оқиғадан берілген. Осы 23 жылдың календарындағы оқиғалары хронологиясынан ықшам түрдегі көрінісі мынандай:
Январь-Далу
1, дүйсенбі. 1918 жылы жерді һәм басқа қозғалмайтын заттарды сатып пайдалануды тоқтату хақында Совет үкіметінің жарлығы түзілді.
2, сейсенбі. 1918 жылы азаматтық неке хақында бұйрық жарияланды.
1918 жылы Россияның Украина республикасы жарияланды.
12, жұма. 1839 жылы Англияда 21 жастан жоғары азаматтар сайлау
құқығына ие болсын деген 1, 280, 000 адам қол қойған
еңбекшілер табының парламенті таратылды.
Февраль ‒ Хұт
13, сейсенбі. 1920 жылы Эстония үкіметі Учредительное сарайына шақырып Совет үкіметімен татулық шартын жариялады.
1899 жылы патша үкіметі завод-фабрикалардағы жұмысшыларды бақылау үшін полициялар белгіледі.
7, сәрсенбі. 1919 жылы оңтүстік Славяндардың республикасы құрылды.
9, жұма. 1905 жылы темір жол жұмысшылары патша үкіметіне қарсы ереуіл жасады.
1904 жылы Россияға қарсы Жапония соғыс ашты.
13, сейсенбі. 1897 жылы патша үкіметінің жарылығымен В. И. Ленин жолдас сібірге жер аударылды.
Март ‒Хамал
11, Жексенбі 1917-жылы Петерборда әскерлер арасында көтерліс
болды. Жұмыскерлер күшімен Петрбордағы уйгорский
абақтысы еңбекшілердің қолына көшті.
6, сейсенбі 1920-жылы жасы жетпегендерді абақтыға қамамау бұйрығы жарияланды
14, сәрсенбі 1883 жылы Карл Маркс қайтыс болды.
Апрель ‒ Сәуір
17, сәрсембі 1918 жылы қызыл әскерлер Орынбор қаласын алды. 1918 жылы мемелекттік баспасөз туралы декірет жарияланды.
21, сембі 1905 жылы петірборкта жұмыскерлердің патша өкіметіне қарсы көтерлісі болды.
29, дүйсенбі 1880 жылы қаулы революця тарапынан «халық еркі ‒ народноя воля» баспаханасы алынды.
Май ‒ Зауза
3, бейсембі. 1902 жылы Баку қаласында жұмыскерлер еңбек күні 8 сағат болсын деп патша өкіметіне қарсылық болды
17, бейсембі. 1789 жылы Франсоздардың бірінші реолюциятсиасы басталды.
26, жексембі. 1887жылы патша Александр ІІІге бірінші жұмыскерлер тарапынан өлтіру үшін қастық жасалды.
Июнь ‒ Саратан
5, сейсембі 1896 жылы Петырборда кездеме фабрикасының жұмскерлерінің көтерілісі болды.
6, сәрсембі. 1901 жылы Билосток қаласында Еврей жұмскерлерінің 4 отырысы болды.
2, сембі. 1903 жылы Кастрома қаласында жұмыскерлер өкіметке қарсылық білдірді.
Июль ‒ Әсет
4, сәрсембі. 1918 жылы жалпы Россияның 5 жиналысы өтті.
13, жұма 1918 жылы Омыскы қаласында қызыл әскерге бармаймыз деген себепті 50 офицерді атып өлтіреді.
14, сенбі 1917 жылы жалпы билікті Кеңес үкіметінің қолына беру (туралы әскерлер кеңесінің қаулысы болды.
1917 жылы Петербург қаласындағы завод-фабрикаларда көтеріліс болды.
7, сенбі 1917 жылы латын Халықтарының жұмыскерлерінің 5 жиналысы өтті.
Август ‒ Сүмбіле
1, сәрсенбі 1914 жылы дүние жүзлік соғыс басталды. 1960 жылы Кронштатта матростар көтерлісі болды,
6, дүйсенбі 1920 жылы Қазақстан республикасының Халық комиссарларының кеңесі жас өспірімдер жұмысын тексеру үшін комиссия жасақталды.
9, сенбі 1920 жылы Қазақстан республикасының комиссарлар кеңесі құрылды.
Сентәбір ‒ Мизан
3, Дүйсенбі 1868 жылы Шветцария Женева шартында болған бірінші интернатционалдың бірінші жиналысында жұмысшылар табының тұрмысын түзеп шаруасын жөндеу жұмыскерлер көтерілісінің бірінші мақсаты деп танылды.
8, Сенбі 1906 жылы Қазыналық бос тұрған егінжай мен ағаштарды сатуға рұқсат берілді.
1877 жылы Белгияның Гинте қаласында жалпы жер жүзінің саяси жиылысы болды.
1828 жылы атақты жазушы Л. Н. Толстой туылды
Октәбір - Ғақраб
1, Дүйсенбі 1901 жылы Петрбургта Николай ІІ ның Халық өкімет үйінің қасында айбар көрсеткен жұмыскерлердің бәрін де абақтыға жапты.
3, Сәрсенбі 1920 жылы Қазақстан республикасының бірінші жалпы жиналысы болды.
10, Сәрсенбі 1905 жылы Маску - Прецит қалалары арасындағы темір жол қызыметкерлерінің жұмыс тастауы болды.
Ноябр - Қауыс
2, Жұма 1918 жылы жергілікті төтенше комиссия жайлы декрет жарияланды.
6, Сейсенбі 1918 жылы ашылған төтенше жиналыста еңбекшіл Россияның уәкілдері одақтас Мемлекеттерге қан төгіс соғысты тоқтатып татулық келісімге келуге шақырды.
Декабыр - Жидді
1, Сенбі 1921 жылы Қазақстан республикасының жер мен ағаш туралы істерді тексеретін жұмыскерлердің жиылысы болды.
1, Бейсенбі 1917 жылы Кадет партиясының басшысы болған мүшелерін сотқа беру туралы декрет шықты. (10)
Осы айлардағы зор оқиғалардан кейін Қазақ календарының екінші тарауы басталады. Бұл тарауда 12 мақала бар, олардың әрқайсысына қысқаша тоқтала кетсек.
«Жер жүзінің еңбекшілері, бірігіңдер!» атты мақалада сол уақыттағы байлар мен кедейлер арасындағы қайшылықты айта келіп, осы екі тап бір-бірімен мұлде келісе алмайтындығын былай түсіндірген: «кедейлер табының мақсаты еткен еңбегінің ақысын босқа біреуге жегізбеу болса, байлардың мақсаты кедейлердің еңбегінен пайдаланып жан ауыртпай рақатта өмір сүру. Сондықтан, бұл екі таптың ойы да мақсаты да бір-біріне қарсы, келісе алмайды, бір- біріне дұшпан екі тап күрескенде әр тап өзіне күш жинайды. сол себепті, жер жүзінің еңбекшілерімен бірігіп күрес жасауымыз керек» деп халықты күрес жасауға шақырған (мақаланың авторы Ғ. Асылбеков) .
«Таптар күресі не нәрсе» деген мақала да жоғарғы мақаламен мазмұндас. Мұнда, Маркс пен Енгіліс жазған «Ортақшылар манифесті» деген кітапты халықа түсіндіру мен бірге байларға бірігіп қарсы шығуға шақырады.
Ал Сымағұл Сәдуақасовтың «Күн батыс һәм Күн шығыстың бостандық жолында күресінің тарихы» деп аталатын мақаласында Европада бумен жүргізілетін машинаның ойлап табылуы, бүкіл жер жүзіне төңкеріс жасағанын Европа қоғамында жаңа байлардың шыға бастауы бұрынғы ақ сүйектерді мазасыздандырды. Ақыры, жаңадан шыққан байлар мен ақсүйектердің арасында күрес туылғанын, капитализмнің орнауын, пролетарият табының пайда болуын, сонымен, капиталистер мен пролетарияттар арасында күрестің тууын ол дүниеге интернационалды әкелгендігін Маркс пен Енгілс өлгеннен кейін екінші интернационал кезеңінде имперализм (отаршылдық) шыққанын осы империализм тұсындағы интернационалшылардың халықшылмыз, кедейшілміз деген ұраны бос сөз екендігі имперализмшілер (ірге кеңейтушілік ) тудырған соғыс кезінде өзі ұлттарын қорғаштап, білектерін сыбанып импирализмшілер тудырған соғысқа қатынасып күншығыс елін отарлауға кіріскендігін айта отырып Европаның отарлау саясатына қарсы күресіп Жапонияның, Қытайдың, Үндістаның, Түркияның қалай бостандықа жеткенін айтып халықты бостандық алу жолындағы күреске шақырған.
«Россиядағы 1917 жылға дейін бостандық жолында болған күрестердің тарихы» деген мақалада 1801 жылдан басталған қарашекпенділердің жер сұрау талаптарынан туған тілектерінің орындалмауына байланысты шыққан наразылықтардың өршіп 1917 жылғы патша үкіметінің құлауына әкелгендігі баяндалған (автор белгісіз) .
«Россияда 1917 жылы болған зор төңкеріс» деген мақала Уақытша үкімет қалай құлағандығын Кеңес өкіметінің орнауы туралы жазылған.
Х. Кедейбаласы деген бүркеніш атымен Ахмет Байтұрсынның «Тап һәм партия», «Россия коммунистік партиясының тарихы» деген екі мақаласында жоғарғыдағы мақаладардағы айтылғандай тап туралы халыққа түсінік бере келіп сол тұстағы Россиядағы «Көмөнистік партия», «Кадет партиясы» және «Анархицит» деген партиялардың бар екенін айтады. «Россияның комунистік партиясының тарихы» деген мақаласында комунист партиясының өмірге қалай келгендігі және оның орныға бастағандығы айтылған.
Әбдрахыман Байділдинің «Ортақшыл жастар ұйымы» деген мақаласында Қазақ жастарының арасында ұйымдасудың құрылуын, істеген істерінң ұзын ырғасын баяндап, ұйымның негізгі істейтін ісі, Еңбекші жастар тәрбиесін күшейтіп, Оқубілімге үйрету, тұрмысын дүзеп келешекте білімді азамат етіп шығару, әрі кедейлер мен еңбекшілер ісінің ілгері сүруіне жәрдемдесу. Бұл ұйымдардың құрылуына себеп болған нәрселер: 1904 жылғы 13 Апрельде болған Жапон соғысының артынан Россияның әр қаласында 1905-1906 жылдарда болған жұмыскерлер қозғалысы. 1910-1913 жылдарда шыққан «Айқап» журналы, «Қазақ» газеті «Оян қазақ», «Қырық мысал» кітабы. 1914 жылғы жиһангерлер соғысы, 1916 жылы Қазақ жігіттерін майданға алуы, Орыс патышалығының Қазаққа көрсеткен қиындықтары, әсіресе 1917 жылғы төңкерістің оянуы алдымен қалақалада орысша, татарша, қазақша оқып жүрген Қазақ жастары арасында ұйымдасу басталады. Сол тұстағы Қазақ жастарының көбісінің пікірі, Қазақ халқын мәдени һәм әдеби жағынан ілгері халықтар қатарына қосу, жастарға ұлтшылдық сезім туғызу, ұлтын сақтау сынды мақсатарға жету үшін, жастарға ұлтын сүю сезімін сіңіріп, халық әдебиетін жинау, оларды кітап етіп бастыру, газет, журнал шығару, тиятыр кітаптарын жазу, бастауыш һәм орта дәрежелі мектептерге кітап дайындау, қиыншылығы бар оқушыларға жәрдемдесу, кедейлерді байлардың, күштілердің қорлық, зорлықтарынан құтқару, елге теңдік әперу еді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz