Жер шары бойынша халықтардың қоныстану ерекшеліктерінің негіздері мен халық санының өсу динамикасы


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:
АЛМАТЫ 2005ж
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 Әлем халықтарының демографиясы
- Демография ғылмы туралы жалпы түсінік
- Әлем бойынша халықтардың орналасуындағы негізгі ерекшіліктер
- Дүние жүзіндегі елдердің әлуметтік және демографиялық жіктелуі
- Дүние жүзіндегі халықтың саны оның өсіп-өну динамикасының анлизы. Дүние жүзіндегі халық саны және оның жіктелуіУрбандалудың жалпы сипаттамсыДүние жүзінің болашақтағы демографиялық жағдайына болжамдар
- Қазақстан Республикасының демографиялық жағдайыҚазақстан Республикасының демографиялық жағдайының халықтың табиғи қозғалыс үрдістеріҚазақстан Республикасының демографиялық мәселелері мен болжамы
ҚОРТЫНДЫ
Пайдаланған әдебиеттер
РЕФЕРАТ
Бакалаврлық бітіру жұмысы кіріспе, үш бөлім, қорытындыдан тұрады. Жұмыс комьпютерде терілген бетттен, 2 диаграммма, 8 кесте 6 сурет, және * қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бакалаврлық жұмыс барысында Дүние жүзі халқы мен Қазақстанның аймақтарда орналасуы еркшеліктері мен демографиялық мәселелері қарастырылған.
Түйінді сөздер: демография, миграция, урбанизация, туу коэфиценті,
КІРІСПЕ
Қазіргі экономикалық және әлуметтік географияның басты бір міндеті жер шарындағы халықтардың аумақтық қоныстануындағы ерекшеліктерді және сол адамдардың өндірістік іс-әрекетінің аймақтық ерекшеліктері бойынша халықтардың санын, өсу динамикасын, құрылымын, таралуын зерттеу сонымен бірге әлеуметтік, экономикалық және басқа да факторлардың әсерінен адамзат қоғамының даму процесінде бұл көрсеткіштерге талдау жасау. Әрбір қоғамдық - тарихи формацияның өзіне тән халықтың ерекше заңдары болады. Сондықтан халықты зерттегенде адамдар өмірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайына тән ерекшеліктеріне қоғамдық дамудағы жаңалықтарға сүйене отырып тек өндірістік қатынастардың сипатымен байланыстырып қарастыру қажет.
Сондықтан зерттеуге алынып отырылған “жер шары бойынша халықтардың қоныстану ерекшеліктерінің негіздері мен халық санының өсу динамикасы” тақырыбы заман ағымына қарай қашан да өз көкейкестілігін жоймайтын ылғи да, әсіресе статистикалық мәліметтермен байланыстырылып қарастырылатын мәселе.
Тақырыпты мазмұнымен сәйкестендірудегі алға қойылатын мақсат: дүние жүзінің әр түрлі бөліктерінде әр халықтың өзіне тән қоныстануындағы белгісіне түрткі болған себептердің негізін анықтау және халық санының өсу динамикасына талдау жасау. Қойылған мақсатты жүзеге асыруда төмендегідей міндеттерді шешу көзделді:
. Әлем халықтарының қоныстануындағы басты ерекшеліктерді аумақ тұрғысынан талдау;
. Әлем елдерін демографиялық көрсеткіштердің мәліметтеріне сүйене отырып жіктеу;
. Дүние жүзі халық санының өсуін жеке елдер бойынша салыстырып сипаттау және божам жасау;
. Урбандалу көрсеткіштеріне экономикалық-географиялық баға беру;
. Қазақстандағы қазіргі демографиялық үрдістерді статистикалық мәліметтерге сүйене отырып сипаттау.
Тақырыпты зерттеуде статистикалық талдау, алынған мәліметтерді баяндау, графикалық картографиялық кескіндеу әдістері қолдануда.
Жаңалығы: Әлемдік жаhандану үрдісі өтіп жатқан кезде дүние жүзінің әр түрлі бөліктерінде демографиялық мәселелердің шешілу ерекшеліктерін жаңа мәліметтермен негіздей отырып сипаттау.
Жұмыстың сынан өтуі: “жер шары бойынша халықтардың қоныстану ерекшеліктерінің негіздері мен халық санының өсу динамикасы” атты тақырыпта Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің география факультетінде 2005 жылдың 22 сәуірінде өткен студенттердің ғылыми конференциясында баяндама жасалды.
1 Әлем халықтарының демографиясы
- Демография ғылымы туралы жалпы түсінік
Демография (гректің - demos - халық және graho - жазамын деген сөздерден шыққан) . Халықтың ұдайы өсуінің заңдылықтары туралы ғылым, халықтың санының, табиғи өсуі, жасымен жыныстық құрамын зерттейтін ғылым.
Демография екі түрге бөлінеді:
1 “Демографиялық қыс”
2. “Демографиялық көктем”
“Демографиялық қыс” халықтың ұдай өсуінің бірінші түрі туудың, өлімнің және табиғи өсімнің көрсеткіштері төмен болады. Ол ең алдымен шетелдік Еуропа елдеріне тән. Ал халықтың ұдайы өсуі олардың кейбіреулерінде ғана сақаталған. Ол үшін барлық отбасылардың жартысында дерлік екі баладан, жартысында үш баладын болуы қажет. Мысалы: ГФР туу жөнінен дүние жүзіндегі ең төменгі, ал өлім жөнінен ең жоғарғы көрсеткішке ие. Мұндағы орташа от басы 2, 7 адамнан тұрады. Әрбір төртінші отбасында бала жоқ. Осының нәтижесінде соңғы уақытта ГФР - дің халық саны кеміп барады.
“Демографиялық көктем” халықтың ұдайы өсінің екінші түрі. Мұнда туу мен халықтың табиғи өсуі ең жоғары деңгейге жетеді: ал өлімнің көрсеткіші айтарлықтай төмен болады. Мұндай көрсеткіштер дамушы елдерге тән. Туу мен табиғи өсудің ең жоғарғы деңгейі Африка мен Азияның неғұрлым артта қалған елдеріне тән. Мысалы: 1990 жылдардың басында туу ( 1000 тұрғынға 54 адам) және табиғи өсу ( 41 адам) көрсеткіштері жөнінен Кения дүние жүзінде бірінші орында.
1999 жылғы Біріккен Ұлттар Ұйымының /БҰҰ/ мәліметі бойынша әлемдегі халық саны 6 млрд. жуық адамды құрайды, осы жылғы болжауға қарағанда халық саны айтарлықтай аз. БҰҰ өткен санақ бойынша әлем халықтарының жылдық табиғи өсімі 1990-1995 жж. 1, 57 % тең, бірақ та, негізінен ол 1, 48 % құрап отыр. Сондықтан жыл сайын 81 млн. адам қосылуда. Ал сонғы 5 жылдықта 1985-1990 ж. бойнша әлем халқы жыл сайын 81 млн. адам қосылуда. Алдыңғы 5 жылдықта - 1985-1990 жылдар бойынша - әлем халқы жыл сайын 87 млн көбеюде. /1/ 2020 жылы әлем халқының саны болжамға қарағанда 8 млрд адамға жетсе, XXIІ ғасыр ортасында 10, 5 млрд адамға жетеді.
Өткен ғасырдың ортасынан және келе жатқан ғасырдың ортасына дейінгі уақытта адамдар 100 жылға қарағанда халық саны 2 млрд адамға өсті, яғни “ демографиялық жарылыс” уақыты. Соңғы көрсеткіш халықтың “екі есе” көбюімен сипаталады. Ол осы күнге дейін тез қысқарып кетті.
Халық санының тұрақтылығы туралы келешекте өсу қарқынының ерекшеліктері қазіргі уақытта айқындалады. Адамзаттың 1 млрд-тан. 2 млрд-қа өтуіне 85 жыл қажет, ал 2-3 млрд-қа өтуіне 25 жыл, 3-4 млрд-қа өтуі 15 жылды қажет етті. Бірінші жағдайда бұл процесс 3 есе жылдамдаса, екінші жағдайда 2 есе жылдам деген сөз. Тағы 1 млрд. адам өсуі үшін, яғни бесіншіде дәл сондай уақытты қажет етті, ал төртінші жағдайда жылдамдық азаятын болса, әлем халқының өсу қарқыны тұрақтанады, бірақ та өте жоғарғы денгейде. Уақыттың азаюы, халықты екі есе көбеюі, сонымен қатар тоқтап қалды және болашақта да болжанбайды. /8/
1950ж. жер шары халқының саны 0, 5 млрд. адамды құрады және жыл сайын 0, 3% көбейіп отырды, яғни 2 есе көбею уақыты 140 жыл. 1970ж. халық саны 306 млрд. адамға тең болса, ал өсу қарқыны жылына 2, 1% дейін көбейді. Бұл жай “экспоненциальды” емес “жоғарғы экспоненциалды өсім” болады, тіпті өсім қарқынының өзі де өсті. 1976ж әлем бойынша өсімнің себебі - өсім денгейінің аз болуы және туудың көрсеткіші өз денгейінен аз болса да, 1917 ж. бастап 1991 ж. аралығында өлім төмендегідей бастаса, ал туу деңгейі орташа көрсеткіштен түсіп кетті. Сол уақытта халық саны 3, 6 млрд-тан 5, 4 млрд. адамға дейін өсті, өсу қарқыны жыл сайын 2, 1%-дан 1, 7%-ға төмендеді. /2/
БҰҰ бағалауы бойынша 1999 ж. әлем халықтарының 60% Азия территориясының үлесіне келеді. Азия үлкен территорияны қамтығанымен қоса, халық тығыздығы да үлкен - 1км 2 114 адам. Қалған континенттерде -Солтүстік және Оңтүстік Америка, Африкада -20 адам, Австралияда - 0, 33. /1/ Соңғысы - материктер ішінде ең аз игерген материк, Антарктиданы қоспағанда, мұнда тұрақты халық жоқ.
Өткен уақыттарда халық тығыз орналасқан аймақтар болған. Бұл Оңтүстік Шығыс Азия, Шығыс Азия, Оңтүстік Азия, Жерорта теңізі, содан кейін Еуропаның басқа аймақтары. Соңғы 2 ғасырда халық тығыздығы жоғары тек 2 аймақ қана пайда болды: Солтүстіктің шығысы және Оңтүстік Американың оңтүстік - батысы, яғни ондағы жағалауда Тынық және Атлант мұхитының жылы ағыстары түйіседі.
Қазіргі уақытта Азияның жемісті жазықтарында (Ұлы Қытай, Үнді - Ганг, Брахмапутра және Ганг атырауы, Ява) халық тығыздығы 1км 2 100 адамнан асып түседі. Азияның орталығы - Монғолияда керісінше, 1км 2 - 1 адамнан. Европадағы Нидерландада 443 адамнан келсе, Исландия аралында 2 адамға дейін қоныстанған. /1/
Әлемдегі халықтың орналасу тығыздығының жалпы бағыттары мынадай:
- Өнеркәсібі нашар дамыған елдерде өлім және туу деңгейі өте жоғары. Оларда халықтың өсу қарқыны жыл сайын 2-3% құрайды, егер өлім деңгейі аз болған жағдайда да өсу одан да жоғары дәрежеге жетуі мүмкін.
- Орташа деңгейде дамыған елдерде, әдетте өлім өте жоғары болса да төмен көрсеткішпен сипатталады, сонымен қатар туу деңгейі де төмен болса да. Бұл аймақтардағы халық санының өсу қарқыны орташадан жоғарыға дейін ауытқып отырады. (жылына 1-4%)
- Жоғары дамыған елдер үшін төмен өлім және төмен туу, жоғарғы емес өсу қарқыны тән. (жылына 1%) Европа елдерінің кей бірінде қазіргі таңда туу деңгейі өлім деңгейінен де төмен. Сондықтан да бұл елдердің халқы біртіндеп азаюда.
Берілген мәліметтер негізінде демографтар “демографиялық өту” атты теорияны шығарды. Бұл теорияға сәйкес, туудың өте төмен деңгейде дамуы, өлімнің жоғарылығы нәтижесінде халық санының баяу өсуіне әкелді. /4/
Денсаулық сақтау және тамақтану сапасының жақсаруы бойынша өлім азайса бір-екі ұрпаққа туу кешіксе, бұл туу және өлу деңгейі аралығын анықтауына әкеледі. Бірақ адамдар қалай жоғарғы дамыған индустриялы қоғам өміріне кірсе, туу тағы төмендеп және халық санының өсу қарқыны қайтадан кемиді.
Бұл үрдіс қазірде байқалуда және ХХІІ ғасырға дейін болжануда, яғни халық саны 10-12 млрд. адам санына жетіп тұрақтанған кезде басталады деген болжам бар.
Бірақ та, бұл болжамның мына ерекшелігіне бірден назар аудару керек. Халықтың тұрақтануы туралы жәйт өндірістік күштері дамуының қазіргі деңгейі жауап береді. Туу шектеу халық өсуін тұрақтандыру жайлы барлық ойлар әрқашан да экономикалық дамудың қиыншылықтарына негізделген. /3/
Демография мәселесі қазіргі кездегі ең ірі мәселелердің бірі және әлеуметтік - экономикалық проблемаларға әсерін тигізеді. Бұл бүкіл әлемнің зиялы қауымын толғандыратын мәселе. Бұл мәселенің біріне-бірі қарама-қарсы екі тұрғысы бар. Біріншіден, бірқатар дамыған елдердегі халықтың ұдайы өсуінің бұзылуына және оның санының азаюына әкеліп соғып отырған демографиялық дағдарыс құбылысы ойлантпай қоймайды. Демографтар мұндай процесті халық санының азаюы деп атайды. /17/
Екіншіден, Азия, Африка және Латын Америкасы елдеріндегі демографиялық жарылыс бұдан да терең ойландырады. Демографиялық жарылыс бұл елдерге қарама-қайшы ықпал тигізеді.
Бір жағынан, ол жаңа күштердің үнемі толысып келіп тұруын, еңбек ресурстарының өсуін қамтамасыз етеді. Тағы бір жағынан, экономикада артта қалушылықты жою үшін күресте қосымша қиындықтар туғызады, көптеген әлеуметтік проблемаларды шешуді күрделендіре түседі, олардың жетістіктерінің айтарлықтай бөлігін жеп қояды.
Демографиялық мәселеге ғалымдар тарапынан көп көңіл бөлінуі табиғи нәрсе, бірақ олрдың көз қарасы әр түрлі. Көптеген батыс ғалымдары, солардың ішінде БҰҰ сарапшылары да, таяу уақытқа дейін асыра бағалауды негізге алып келді. Бірақта көп уақытта олардың болжамы дұрыс болып отыр. Дегенмен бұрынғы КСРО ғалымдары болжамдары бойынша демографиялық жарылыстың ең биік шыңы артта қалды деп есептейді, оған мысал: 1960 жылдардың басында дүние жүзінің халқы орта есеппен жылына 2 % пайыз, 1970 жылдардың аяғында 1, 7 % пайызға көбейіп отырды, ал ХХІ ғасырдың басында бұл 1 % пайызға дейін төмендеу керек.
Сондай-ақ белгілі кеңес демогрофы Б. Ц. Урланис жердегі халық санының тұрақтануы жайында ғылыми болжам ұсынды, оны басқа ғалымдар да қолдайды. Мұндай тұрақтану немесе ұрпақтардың біріне-бірі жай ғана алмастырылуы ерлер мен әйелдердің орта жасы шамамен 75 жас құрап, ал туу мен өлім көрсеткіштері 1000 тұрғынға 13, 4 адам деңгейіде теңелген жағдайда орнау керек. Есеп бойынша, ол ХХІ ғасырдың аяғы ХХІІ ғасырдың басында 10-12 млрд адам деңгейінде келеді. Бірақ жердің түрлі аймақтарында мұндай тұрақтану шамамен ХХІ ғасырдың орта тұсынан бастап, әр түрлі уақытта өтеді. Бұл Еуропадан басталады. /22/
Демографиялық мәселелерді шешу мақсатымен БҰҰ “халық өсу саласындағы бүкіл дүние жүзілік іс-әрекет жоспарын” қабылдады. Оны жүзеге асыруға сонымен бірге географтар мен демографтар да қатысады. Біріккен Ұлттар Ұйымының болжамы бойынша өткен жылдың қазан айына дейін әлемде 6 млрд адам өмір сүреді екен. Ал 2050 жылы яғни 50 жылдан соң жер шарының халқы 9 млрд жетеді деп болжануда. Бұл мәліметтердің барлығы БҰҰ-ның Нью-Иоркте өткен халықтардың орналасуы мен дамуы атты 32-ші сессиясында айтылды. Ең қызығы бұрынғы демографиялық алып ел Қытай 1, 2 млрд тұрғынымен 50 жылдан соң өзінің бірінші орнын Үндістанға беретін көрінеді. Онда оның халқы 1, 0 млрд - 1, 53 млрд жетпек. БҰҰ-ң есебі бойынша бұл Қытайдағы демографиялық саясаттың күштілігі ондағы “бір жанұяға бір бала” ұранының сақталуы 1950 жылдардың өзінде Қытайда бір жанұяда алты бала болса, бүгінгі күнде ол бір балаға дейін төмендеген /1/.
БҰҰ-ң бақылау бойынша халықтың өсуі көбіне дамушы елдерде байқалған. Аса таң қаларлық қарқынмен Үндістан 1, 0-ден - 1, 53 млрд-қа, Пәкістан 156-дан - 345 млн, Нигерия 112-ден - 244 млн-ға дейін өспек. 2050 жылы бұл дамушы елдердегі халық саны бүгінгі күні 4, 8 млрд болса, ол кезде 7, 8 млрд болады екен. Ал өнеркәсібі дамыған елдерде 1950 жылдардан соң сол бұрынғы деңгейлерінде қалмақ. Сондай-ақ БҰҰ әлемдегі халқы азаятын отыз елді анықтаған. Оның ішінде Германия 80-72 млн-ға, Жапония 126-105 млн-ға және Ресей 147-121-ге дейін төмендейді деп болжаған. Сонымен 50 жылдан соң әлемде 9 млрд халық болады деп күтілуде. Бұл әрине көптеген мәселелерді туғызады. өндірістік және экономикалық т. б. көптеген. Бұдан 40 жыл бұрын 2000 жылға болжам жасалған онда халық 6 млрд болады деп болжанған. Көріп отырғанымыздай болжам дұрыс болып отыр. /24/
Ғалымдар сондай-ақ үрдісті күштер отбасын жоспарлау бағдарламалары халықтың ұдайы өсуін жақсартуға көмегін тигізе алады деп есептейді. Тек қана демографиялық саясат жеткіліксіз. Демографиялық мәселенің шешудің басты жолы - адамдар өмірінің экономикалық және әлеуметтік жағдайларын өзгерту.
1. 2 Әлем бойынша халықтардың орналасуындағы негізгі ерекшеліктері
Жер бетінде құрлық шектеулі және уақыт аралығында адамзаттың тіршілігі өз әсерін тигізе отырып, олардың орналасу бағытының қарқындылығы айтарлықтай өзгерді.
Адамның территорияда орналасуы туралы мәліметтерді мына картадан көруге болады. (1cурет) Егер картаға қарайтын болсақ, Дүние жүзінде халықтың қоныстануы әркелкі. Біз халықтың орналасу көрінісі қарапайым деп айта алмаймыз. Мысалы кей бір жерде қала және аудандар болса, басқа жерлерде орман массивтері.
Адамдардың көпшілігі өзен, көлдердің жағасында қоныстанған. Сонымен қатар жасанды су қоймалары бар. Ең элементарлы және өте қызық болып ірі масштабты карта табылады. Географтар үшін халық тығыздығының картасы ең маңызды карта ретінде қарастырылады. Халық тығыздығы - аудан бірлігіне келетін адам санының көрсеткіші. Ереже бойынша, элементарлы және өте қызық болып ірі масштабты карта табылады. Географтар үшін халық тығыздығының картасы ең маңызды карта ретінде қарастырылады. Халық тығыздығы - аудан бірлігіне келетін адам санының көрсеткіші. Ереже бойынша км 2 алынады. Белгілі бір территорияның шекарасында қоныстануға баға жасалады. Бұл бір ел немесе әкімшілік - территориялық бірлік, немесе тарихи провинция болуы мүмкін. Аумақ көлемі неғұрлым кіші болса, бұл көрсеткіш аумақпен адамның өзара әсерін айқындап береді.
Айта кету керек, географтар қызықты тәсілдер ойлап шығарды. Олар нүктелік карталар жасады. Бір нүкте 1000 немесе 1 адамға сәйкес келеді, шамамен әр аумаққа адам саны есептелініп қойылады. Нүктелер қала және ауыл халықтары қозғалысының нақты дәлелдерімен белгіленеді. Сондықтан біз әлемдегі халықтың қоныстану нәтижесін тұрғызамыз. (8, 1 суретте)
ХХ ғасырдың аяғында барлық қоныстанған адам өмірі үшін жарамды жерлер деп айта аламыз. Үнемі қоныстану пунктері 72 0 солтүстік және 54 0 оңтүстік ендік аралығында байқалады, көлденең бойынша онша көп емес. 5000 м биіктікте де онша көп емес. Тибет және Анд онда мынадай жағдайлар байқалған қоныстану пунктері одан да жоғары биіктіктерде орналасқан. Міне алдыңғы адамның тіршілік ету ареалы осындай.
Жер шарын толық қоныстанған бірақ дерлік емес. Полюстен ең төменгі радиациялық баланс аймақтарында адамдар тіпті қоныстанбаған. Адамзат тіршілік ету үшін ылғал және жылу керек. Бұдан басқа биік тауларда төмен атмосфералық қысымның басуы мен сипатталады. Бұл адамның тыныс алуына кедергі болады соған ұқсас шөлді территориялар. Атап өткен барлық жағдайлар адам үшін қолайсыз орта болып табылады. Адам экологиясы жануарлар әлеміне сәйкес келмейді. Бұл аймақтарда тұрақты антициклондар, төмен ауа ағындары кіретін облыстар. Олардың ерекшеліктеріне тәуелсіз бұл шөлдер - мұздықты, құмды, таулы, тасты бірақ бәрі де шөлдер.
Территория және адамның өзара әрекетінің негізгі кезеңдері зоналық және негізгі жоғарғы тығыздықпен байланысты, яғни әлем территориясында халықтың орналасуына үлкен әсерін тигізеді. Адам, тірі организм сияқты термодинамикалық жағдайдың ортамен араласуына бағытталған. Яғни оның біріңғай жағдайдағы отаны шығыс экваторлы Африка.
Одан кейін антропогенез келеді яғни адамзат түрінің дамуы. Адам климатты жасауда, ауа райы басқаруды білмейді. Ол термодинамикалық баланстың сыртқы регуляциясын ортадан қорғану арқасында үйреніп білді. Ол табиғи ортаға бейімделе отырып, экстримальді жағдайларды жеңіп шықты.
Адам өмір сүру үшін тағы да 500 м жоғары емес жазықтар және қыраттарды алады. Мынадай жазықта және қыраттарға құрлықтың 28 пайызы және барлық халықтың 80% пайызы сәйкес келеді. Халықтың жоғарғы тығыздығы ең алдымен жазықтар мен қыраттарда әсіресе теңіз жағалауларында байқалады. Географиялық еңбек бөлінісінің заңына сәйкес мұнда адамзат еңбегінің алуан түрлілігі, ең жоғарғы тауар айырбасы қамтамасыз етіледі. Бұл әсіресе халық тығыздығы жоғарғы аудандарда байқалады. Мысалға Европада өте тығыз қоныстанған. Ешқандай материк Европа сияқты бірнеше мемлекеттерге бөлінбеген.
Жер шарында халық қоныстануының тағы бір ерекшелігін айтпай кету мүмкін емес. Бұл мұхит маңы және теңіз маңына халықтың тығыз орналасуы. Теңіздің жылы ағысына қарай халық тығыз орналасқан. Бұл халықтың тығыздығы картасын теңіз ағыстары картасымен салыстарғанда айқын көрінеді (8. 2 сурет) . Мына жылы Гольфстрим ағысы Батыс Европа жағасының және қуатты ағынға солтүстік Америка жағалауына қарай түйіседі. Міне сонда халықтың тығыз шоғырланып орналасуы керісінше солтүстік Африканы батыс жағалауындағы суық канар ағысына демографиялық шөл сәйкес келеді. (ыстық климатқа қарамастан) . Мұнда мұхитқа қарай солтүстік Африканың шөлдері тік шығады.
Мұндай шөлдер оңтүстік Африканың батыс жағалауындағы Бенгаль суық ағысына сәйкес келеді. Керісінше, қарама-қарсы жағалауда жылы Бразилия ағысы және сонымен бірге тығыз қоныстанған оңтүстік Америка жағалауы. Оңтүстік және солтүстік Америка Кариб аралдарының шығыс жағалауында қуатты мұхиттық ағыстардың болуымен анықталады. Яғни ең тығыз халық шоғырланған жер екенін көруге болады.
АҚШ шығыстан Гольфстримді шайып жатыр, батыстан жылы ағыс Кура-Сиво ағысы Тынық мұхитының орталық басым бөлігін алып жатыр. Оған АҚШ-тың Тынқ мұхиттық жағалауы және Канаданың оңтүстігіндегі халық шоғырлануына сәйкес келеді. Шынында орталық Америкада әсіресе Мексикада өте тығыз қоныстанған мұнда батыстан суық Колифорния ағысы шайып жатыр, бірақ аздаған бөлігін.
Суық Лабрадор ағысы Канаданың солтүстік провинциясы кең ауқымды массивінің шығыс жағалауын түгелдей мұзбен басуда, мұнда халықтар аз қоныстанған мүлдем жоқ деуге де болады. Азия, Австралия, Африка карталарында көрсетуге болады. Үнді мұхитының жылы ағыстары оңтүстік Азия және шығыс Африкадағы халықтың тығыз орналасуына ықпал жасайды. Жалпы алғанда бұл оңтүстік Азиядағы халық осы факторларсыз ақ өте тығыз қоныстанған. Бұл басқа да жағдайларға байланысты екенін көрсетеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz