Қаржылық леверидж және қаржылық менеджменттегі рөлі



ЖОСПАР

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1. бөлім. Қаржылық леверидждің теориялық және әдістемелік негіздері
1.1. Қаржылық леверидж түсінігі, мәні және қаржы менеджментіндегі рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Қаржылық левериджді бағалау әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
2 . бөлім. Қаржылық леверидж . эффектісінің қалыптасу механизмін талдау
2.1. Қаржылық леверидж эффектісінің қалыптасу негізі ... ... ... ... ... ... .15
2.2 Қаржылық леверидж эффектісін есептеудің шетелдік тәжірибесі.21

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
Кіріспе
Қаржылық леверидж біздер үшін мүлдем жаңа ұғым. Бұл едәуір күрделі мәселе. Әрине, леверидждің толық қолданылып көпшілікке танымал болуына әлі ерте. Дегенмен, бұл ұғымның артында не жатыр соны білгеніміз абзал.
«Қаржылық леверидж және қаржылық менеджментіндегі рөлі» атты курстық жұмысты жазу барысында, оның бөлімдері толықтай қарастырылды және ол негізгі екі бөлімнен тұрады.
«Қаржылық леверидждің теориялық және әдістемелік негіздері» деп аталатын бірінші бөлімде қаржылық леверидж туралы толық түсінік берілді және оның мәні мен қаржы менеджментіндегі рөлі қарастырылды.
Леверидж – үнемі шығын бөлшегі, яғни кәсіпорын үшін тәуекелдің қайнар көзі болып табылады. Қаржылық леверидж, қаржылық тәуекел өлшемі, кәсіпорын ішінде төлем бағасын қоюмен бірге ұзақ мерзімді қаржыландырумен анықталады. Қаржылық леверидж жоғары болған сайын, қаржылық тәуекел де жоғары. Демек, капиталдың да бағасы жоғары болады. Капиталдың тиімділік құрылымы кез-келген кәсіпорын үшін капиталдың бағасына және кәсіпорын жіберетін леверидждің ауқымына байланысты.
Кез келген кәсіпорынның құрылуы мен оның жұмыс істеуі – қарапайым түрде қаржылық ресурстарды табыс алу мақсатында ұзақ мерзімге инвестициялау процесін білдіреді. Табыстың өсуіне бағытталған активтерді басқару процесі қаржы менеджментінде леверидж категориясымен сипатталады. Тікелей мағынада леверидж шамалы күшті (тұтқаны) білдіреді, яғни оның көмегімен ауыр заттарды қозғалтуға болады.
Қаржылық тәуекел ұзақ мерзімді қаржыландыру көзі ретіндегі меншікті және қарыз қаражаттарының қатынасында, қарыз қаражаттарын пайдаланудың мақсатты бағыттылығы мен тиімділігінде көрініс табады. Қарыз қаражаттарын пайдалану коммерциялық кәсіпорындар үшін белгілі бір және едәуір шығындармен байланысты.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. "Финансовый менеджмент: теория и практика"/ Под ред. Стояновой Е.С.- М.: Перспектива, 2003
2. Баканов М.И. , Шеремет А.Д. «Теория экономического анализа: учебник.». - М.: Финансы и статистика, 2003- 288с.
3. Балабанов И.Т. "Основы финансового менеджмента. Как управлять капиталом?". - М.: Финансы и Статистика, 1994.
4. Белолипецкий В.Г. "Финансы фирмы" - М.: ИНФРА-М, 1998. - 298с.
5. Бородина Е.И. "Финансы предприятий" учебное пособие. - М.: Банки и биржи, ЮНИТИ, 2000. - 208с.
6. Ворст И., Ревентлоу П. “Экономика фирмы” изд. “Высшая школа” 1993
7. Гусева Е.Г. "Управление производством на предприятии" учебно-практическое пособие - М. : МГУЭСИ, 2004 - 114с.
8. Ильенкова С.Д. "Экономика и статистика фирм" - М. : Финансы и статистика, 2003. - 240с
9. Ковалев В.В. «Финансовый анализ: Управление капиталом. Выбор инвестиций. Анализ отчётности» - М.: Финансы и статистика, 1998 - 512с.
10. Крейнина М.Н. "Финансовый менеджмент" учебное пособие. - М.: Издательство "Дело и Сервис", 1998. - 304с.
11. Крейнина М.Н. «Финансовое состояние предприятия. Методы оценки».- М. .: ИКЦ «Дис», 2004- 224с.
12. Шеремет А.Д., Сайфулин Р.С. «Методика финансового анализа» - М.: ИНФРА- М, 2003 - 176с.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Қаржылық леверидж және қаржылық менеджменттегі рөлі

ЖОСПАР

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..3

1- бөлім. Қаржылық леверидждің теориялық және әдістемелік негіздері
1.1. Қаржылық леверидж түсінігі, мәні және қаржы менеджментіндегі
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Қаржылық левериджді бағалау
әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .10
2 - бөлім. Қаржылық леверидж – эффектісінің қалыптасу механизмін талдау
2.1. Қаржылық леверидж эффектісінің қалыптасу
негізі ... ... ... ... ... ... .15
2.2 Қаржылық леверидж эффектісін есептеудің шетелдік тәжірибесі.21

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .25
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 27

Кіріспе

Қаржылық леверидж біздер үшін мүлдем жаңа ұғым. Бұл едәуір
күрделі мәселе. Әрине, леверидждің толық қолданылып көпшілікке танымал
болуына әлі ерте. Дегенмен, бұл ұғымның артында не жатыр соны білгеніміз
абзал.
Қаржылық леверидж және қаржылық менеджментіндегі рөлі атты
курстық жұмысты жазу барысында, оның бөлімдері толықтай қарастырылды және
ол негізгі екі бөлімнен тұрады.
Қаржылық леверидждің теориялық және әдістемелік негіздері деп
аталатын бірінші бөлімде қаржылық леверидж туралы толық түсінік берілді
және оның мәні мен қаржы менеджментіндегі рөлі қарастырылды.
Леверидж – үнемі шығын бөлшегі, яғни кәсіпорын үшін тәуекелдің
қайнар көзі болып табылады. Қаржылық леверидж, қаржылық тәуекел өлшемі,
кәсіпорын ішінде төлем бағасын қоюмен бірге ұзақ мерзімді қаржыландырумен
анықталады. Қаржылық леверидж жоғары болған сайын, қаржылық тәуекел де
жоғары. Демек, капиталдың да бағасы жоғары болады. Капиталдың тиімділік
құрылымы кез-келген кәсіпорын үшін капиталдың бағасына және кәсіпорын
жіберетін леверидждің ауқымына байланысты.
Кез келген кәсіпорынның құрылуы мен оның жұмыс істеуі – қарапайым
түрде қаржылық ресурстарды табыс алу мақсатында ұзақ мерзімге инвестициялау
процесін білдіреді. Табыстың өсуіне бағытталған активтерді басқару процесі
қаржы менеджментінде леверидж категориясымен сипатталады. Тікелей мағынада
леверидж шамалы күшті (тұтқаны) білдіреді, яғни оның көмегімен ауыр
заттарды қозғалтуға болады.
Қаржылық тәуекел ұзақ мерзімді қаржыландыру көзі ретіндегі меншікті
және қарыз қаражаттарының қатынасында, қарыз қаражаттарын пайдаланудың
мақсатты бағыттылығы мен тиімділігінде көрініс табады. Қарыз қаражаттарын
пайдалану коммерциялық кәсіпорындар үшін белгілі бір және едәуір
шығындармен байланысты.
Қаржылық леверидж санатымен қаржылық тәуекел түсінігі байланысты.
Қаржылық тәуекел – бұл ұзақ мерзімді қарыздар бойынша пайыздарды төлеу үшін
қаражаттардың жетпеу мүмкіндігімен байланысты тәуекел. Қаржылық леверидждің
өсуі аталған кәсіпорындардың тәуекел дәрежесінің өсуімен бірге жүреді.
Яғни, ұзақ мерзімді қарыз қаражаттарының үлесін арттыру меншікті
капиталдың рентабельділігінің артуына әкеледі бірақ сонымен қатар қаржылық
тәуекел дәрежесі де өседі.
Қаржылық леверидж – эффектісінің қалыптасу механизмін талдау деп
аталатын келесі бөлімде қаржылық леверидждің қалыптасу негіздері және
қаржылық леверидж эффектісін есептеудің шетелдік тәжірибесі туралы
айтылады. Нарықтық экономиканың негізгі қозғаушы күші болып табылатын
пайда – мемлекеттің, меншік иелерінің және кәсіпорын персоналының
мүдделерін қамтамасыз етеді. Сондықтан да қазіргі кездегі ең актуалды
мәселе болып – басқарушылардың және қаржы менеджерлерінің кәсіпорынның
өндірістік, инвестициялық және қаржылық қызмет ету процесіндегі қазіргі
заманға сай пайданы қалыптастыру бойынша тиімді және сауатты басқару
әдістерін игеру болып табылады.
Қаржылық леверидж – кәсіпорынның меншікті капиталының
рентабельділік коэффициентінің көлеміне әсер ететін займдық қаражаттарды
қолдануы. Қаржылық леверидж объективті фактор болып табылады, ол меншікті
капиталға қосымша пайда алуға мүмкіндік беретін кәсіпорынмен заемдық
қаражаттардың көлемі арқылы анықталады.
Заемдық қаражаттарды әртүрлі үлесте пайдалануға байланысты меншікті
капиталға қосымша генерацияланатын пайданың деңгейін сипаттайтын көрсеткіш
– қаржылық леверидж эффектісі деп аталады.
Қаржылық леверидждің дифференциалы – қаржылық леверидждің оң
эффектісін қалыптастыратын басты жағдай болып табылады. Бұл несие үшін
пайыздардың орташа мөлшерінен асқанда ғана көрініс табады. Қаржылық
леверидждің дифференциалының оң мәні жоғары болған сайын, оның әртүрлі
осыған тең жағдайлардағы эффектісі жоғары болады.
Қаржылық тұтқа эффектісін (ҚТЭ) анықтауда шетел тәжірибесінен екі
әдіс түрін мысал ретінде қарастырдым. Бұл тәжірибеде көрсеткендей, яғни
таза табыстан төленетін міндетті төлемдердің көп болу жағдайында қаржылық
тұтқа эффектісінің модификацияланған формасын қолдану өте орынды. Бұл
жағдайда қаржылық тұтқа эффектісі толығымен кәсіпорынның қаржылық тәуекелін
сипаттайды.
Қаржылық леверидждің рөлі нарықтық экономикаға еніп келе жатқан
Қазақстанда арта түспек.

1- бөлім. Қаржылық леверидждің теориялық және әдістемелік негіздері

1.1. Қаржылық леверидж түсінігі, мәні және қаржы менеджментіндегі рөлі

Кез келген кәсіпорынның құрылуы мен оның жұмыс істеуі - қарапайым
түрде қаржылық ресурстарды табыс алу мақсатында ұзақ мерзімге инвестициялау
процесін білдіреді. Табыстың өсуіне бағытталған активтерді басқару процесі
қаржы менеджментінде леверидж категориясымен сипатталады. Тікелей мағынада
леверидж - шамалы күшті (тұтқаны) білдіреді, яғни оның көмегімен ауыр
затттарды қозғалтуға болады. Леверидждің 3 түрі бар, олар қаржылық
нәтижелердің есебінде баптарды бөлшектеу және үйлестіру арқылы анықталады.
(1-сурет)
1-сурет. Табыстар мен леверидждің өзара байланысы
Мұндай топтастырудың логикасы келесідей. Таза пайда - екі типті
түсім мен шығынның (өндірістік және қаржылық сипаттағы) арасындағы айырма
арқылы анықталады. Олар өзара айырбасталмайды, бірақ олардың әрқайсысының
көлемі мен үлесін басқаруға болады. Табыстың факторлы құрылымын осылайша
түсіну өте маңызды, өткені нарықтық экономика жағдайында және кәсіпорынды
қаржыландырудағы еркіндік жағдайында коммерциялық банктермен берілетін
несиелер бойынша пайыздық ставкалар әртүрлі болады.
Таза пайданың (табыстың) көлемі көптеген факторларға тәуелді болады.
Кәсіпорын қызметіне қаржылық басқару позициясынан қарағанда оған әсер
етеді: а) кәсіпорынға берілген қаржылық ресурстарды рационалды пайдалануға
байланысты; б) қаражат көздерінің құрылымы.
Бірінші мезетте негізгі және айналым қаражаттарының көлемі мен
құрылымы және оларды пайдалану тиімділігі көрініс табады. Өнімнің өзіндік
құнының негізгі элементтері - өзгермелі және тұрақты шығындар табылады.
Сонымен қатар олар арасындағы қатынас әр түрлі болуы мүмкін және ол
кәсіпорын таңдаған техникалық және технологиялық саясатпен анықталады.
Өзіндік құн құрылымының өзгеруі пайда мөлшеріне айтарлықтай әсер етуі
мүмкін. Негізгі қорларға инвестициялау тұрақты шығындардың өсуімен және
теория жүзінде өзгермелі шығындардың төмендеуімен бірге жүреді. Бірақ
тәуелділік сызықтық сипатта емес, сондықтан тұрақты және өзгермелі
шығындардың оңтайлы үйлесуін табу оңай емес. Осындай өзара байланыс
өндірістік леверидж категориясымен сипатталады. Оның деңгейі неғұрлым
жоғары болса, соғұрлым тұрақты шығындар үлесі жоғары болады. Осы деңгей
компания қызметімен негізделетін өндірістік тәуекел мөлшерін де анықтайды.

Сонымен, компанияда қалыптасқан өндірістік леверидж деңгейі – бұл
өзіндік құн мен шығару көлемінің құрылымын өзгерту арқылы пайыздар мен
салық төлеуге дейінгі пайдаға әсер етудің әлеуетті мүмкіндігінің
сипаттамасы.
Қаржылық тәуекел ұзақ мерзімді қаржыландыру көзі ретіндегі меншікті
және қарыз қаражаттарының қатынасында, қарыз қаражаттарын пайдаланудың
мақсатты бағыттылығы мен тиімділігінде көрініс табады. Қарыз қаражаттарын
пайдалану коммерциялық кәсіпорындар үшін белгілі бір және едәуір
шығындармен байланысты. Тек осы байланыс қаржылық леверидж санатын
сипаттайды.
Бұл сипаттама санды түрде қарыз және меншікті капиталдың арасындағы
қатынаспен өлшенеді: қаржылық леверидж деңгейі компанияның қаржылық тәуекел
дәрежесі мен акционерлер талап ететін пайда нормасына тура пропорционалды
әсер етеді. Тұрақты міндетті шығындар болып табылатын төленетін пайыздар
сомасы жоғары болған сайын, таза пайда да соншалықты жоғары. Осылайша,
қаржылық леверидж деңгейі жоғары болған сайын, компанияның қаржылық
тәуекелі де соншалықты жоғары.
Қарыз капиталының үлесі үлкен компания қаржылық леверидж жоғары
деңгейдегі компания немесе қаржылық тәуелді компания деп аталады. Өз
қызметін тек меншікті қаражаттары есебінен қаржыландыратын компания
қаржылық тәуелсіз компания деп аталады.
Сонымен компанияда қалыптасқан қаржылық леверидж деңгейі – бұл ұзақ
мерзімді пассивтерінің көлемі құрылымын өзгерту арқылы коммерциялық ұйымның
таза пайдасына әсер етудің әлеуетті мүмкіндігінің сипаттамасы.
Жалпылаушы санат болып өндірістік – қаржылық леверидж табылады. Оған
үш көрсеткіштердің өзара байланысы тән: түсім, өндірістік және қаржылық
сипаттағы шығыстар және таза пайда.
Бұл өзара байланыстарды талдау, яғни леверидж деңгейін сандық бағалау
қаржылық талдауда “өлі нүкте” әдісі ретінде танымал арнайы әдіс көмегімен
орындалады.
Өлі нүкте әдісі.
Левериджді бағалау және болжауға қатысты “ өлі нүкте ” (немесе
сатудың критикалық көлемі) әдісі әрбір нақты жағдайы үшін залалсыз қызметті
қамтамасыз ететін шығарылым көлемін анықтайды. Соған байланысты өндірістік
немесе қаржылық леверидж бағаланады, “залалсыз қызмет” терминінің әр түрлі
мәні бар. Бірінші: жағдайда залалсыз қызмет ретінде жалпы табысты
қамтамасыз ететін қызмет займдар бойынша пайыздар төлеуге пайдалануы
мүмкін. Қаржылық левериджді талдау кезінде жалпы табыстың пайдаға ауысуы
бағаланады.
Қарастырылған көрсеткіштердің тәуелділігінің үлгісі графикалық немесе
талдамалық етіп құрылуы мүмкін.

Бұл модельдің графикалық үлгісін былай суреттеуге болады. (2-сурет)

Табыс
Өткізуден түскен табыс
аймағы
Өзіндік құн
Толық шығындар
мен табыс Өлі
нүкте

А

Залалдар
аймағы

2-сурет “Өлі нүкте” әдісін есептеу
графигі.

Келтірілген өнім өндіру көлеміне байланысты түсім мен шығынның
арасындағы өзара байланыстың графикалық көрінісі олардың тура
пропорционалдық тәуелділігіне негізделген. Мұндай ұйғарым шартты түрде
алынған болатын. Көптеген зерттеулер көрсеткендей, тәуелділік сызықтық емес
сипатта болады, сондықтан график былайша трансформациялануы мүмкін. (3-
сурет)

Өзіндік құн
Толық шығыстар
мен табыс

Түсім

Тұрақты
шығындар

Өткізу (дана)

Графикалық тәуелділігін құру қиындау, себебі шығындардың түрлері
бойынша түбегейлі бөлуді талап етеді.
Қарастырылып жатқан үлгінің талдамалық көрінісі келесі базалық
формулаға негізделеді:
S = VC + FC + GI (1)
Мұндағы: S – құндық көріністегі өткізу;
VC - өзгермелі өндірістік шығындар;
FC – шартты тұрақты өндірістік шығындар;
GI – жалпы табыс.
Талдау негізіне көрсеткіштердің тура пропорционалдық тәуелділігі
қағидасы жатқызылғандықтан одан мынау шығады:
VC= K S (2)
Жалпы табыс нөлге тең болғандағы өткізу көлемі критикалық деп
есептеледі, сондықтан:
S= R S + FC (3)
Бұл формулада S көрсеткіші құндық көріністегі критикалық өткізу
көлемін сипаттайды, оны Sm деп белгілесек шығады:
Sm= (4)
Бұл формуласын натуралды өлшем бірлікке өту арқылы айтарлықтай көрнекі
түрде көрсетуге болады. Ол үшін келесідей қосымша белгілеулер енгіземіз:
Q – натуралды көріністегі өткізу көлемі;
P – өнім бірлігінің бағасы;
V – өнім бірлігіне келетін өзгермелі өнідірісітік
шығындар;
Qc – натуралды бірліктердегі сатудың критикалық көлемі.
Бұдан, 2 формула келесідей түрленеді:
Qc= (5)
Формуладағы бөлшек бөлгіші - идеалды маржиналдық табыс (C= P – V) деп
аталады. Критикалық нүктенің экономикалық мәні айтарлықтай қарапайым
сомасына тең өнім бірлігінің санын сипаттайды. Формуладағы берілген жалпы
табысты (GI) қамтамасыз ететін натуралды бірліктегі өткізу көлемін (Qi),
анықтау формуласына оңай өзгертіле алады:
Qi = (6)
Мысалы, келесідей қорытынды мәліметтер берілетін болса:
шартты тұрақты шығындар – 30 мың теңге;
өнім бірлігінің бағасы – 60 теңге;
өнім бірлігіне келетін өзгермелі шығындар – 45 теңге.
Талап етіледі:
А) сатудың критикалық көлемін анықтау;
Б) 15 мың теңге көлеміндегі жалпы табысты қамтамасыз ететін сату көлемін
есептеу;
(4) формула бойынша Qc=30000(60- 45)= 2000 бірлік.
(5) формула бойынша Qi=(30000 + 15000) (60 – 45)= 3000 бірлік.

1.2 Қаржылық левериджді бағалау әдістемесі

Өндірістік левериджге ұқсас, қаржылық леверидж деңгейі (Уфл) жалпы
табыстың өзгеру кезінде таза пайданың салыстырмалы өзгеруін сипаттайтын
көрсеткішпен өлшенеді.
Уфл =

Мұндағы , TNI – таза пайданың өзгеру қарқыны, %.
NGI – жалпы табыстың өзгеру қарқыны, %.
Бұл формуланы өзгерте отырып , мынадай түрге келтіруге болады:
Уфл =

Мұндағы , In – ссуда және заимдар бойынша пайыздар.
GI – жалпы табыс сомасы.

Уфл коэффициенті жалпы табыс салық салынатын пайдадан қанша есе
үлкен екенін көрсетеді.
Коэффициенттің төменгі шегі 1-ге тең. Кәсіпорындардың тартылған
қаражаттарының салыстырмалы көлемі жоғары болған сайын леверидж деңгейі де
жоғары болады.
Қаржылық леверидж санатымен қаржылық тәуекел түсінігі байланысты.
Қаржылық тәуекел – бұл ұзақ мерзімді қарыздар бойынша пайыздарды төлеу
үшін қаражаттардың жетпеуі мүмкіндігімен байланысты тәуекел. Қаржылық
леверидждің өсуі аталған кәсіпорындардың тәуекел дәрежесінің өсуімен бірге
жүреді.
Мысал. Әр түрлі капитал құрылымы кезінде қаржылық тәуекелді
салыстырмалы талдау (1 кесте) 6 млн. теңге базалық деңгейден жалпы табыстың
10%-ке ауытқуы кезінде меншікті капиталдың рентабльділік (РСК) көрсеткіші
қалай өзгереді.

1 – кесте.
Қаражаттарды ұзақ мерзімді көздерінің
Көрсеткіш жалпы сомасындағы қарыз капиталының
үлесі (капиталдың құрылымы).
0% 25% 50%
Меншікті капитал 20000 15000 10000
Қарыз капиталы - 5000 10000
Капиталдың жалпы сомасы 20000 20000 20000
Қарыз капиталы қолдануға жылдық
шығындар:
Пайызбен - 15 20
Сомасы - 750 2000

2 – кесте.
Көрсеткіш Капитал құрылымы
0% 25% 50%
Жалпы табыс 5400 6000 6600 5400 6000 6600 5400 6000 6600
Төленген - - - 750 750 750 2000 2000 2000
пайыздар
Салық салынатын 5400 6000 6600 4650 5250 5850 3400 4000 4600
пайда
Салық (35%) 1890 2100 2310 1628 1838 2049 1190 1400 1610
Таза пайда 3510 3900 4290 3022 3412 3801 2210 2600 2990
Табыстылық, % 17,6 19,5 21,5 20,2 22,7 25,4 22,1 26,0 29,9
Қаржылық 1,0 1,14 1,5
леверидж деңгейі
GI өзгерісі, % 10,0 - 10,0 -10,0 - -10,0 -10,0 - 10,
0
NI өзгерісі, % 10,0 - 10,0

4 суретте рентабельділіктің капитал құрылымына тәуелділігінің графигі
келтірілген.

Комментарийлер:
1. Бірінші нұсқада кәсіпорындар толығымен меншікті қаражаттары
есебінен қаржыландырылады, қаржылық леверидж деңгейі бірге тең (Уфл=1).
Таза пайданың өзгеруі жалпы табыстың өзгеруімен анықталады.
2. Қаржылық леверидж деңгейі қарыз капиталының үлесінің артуымен
өседі. “Меншікті капиталдың рентабельділігі” көрсеткішінің вариациясы да
өседі. Қаржылық леверидждің ең жоғарғы мәнімен капитал құрылымы үшін жалпы
табыстың 10%-ға өзгеруі таза пайданың 15%-ға өзгеруіне әкеледі. Бұл өзгеруі
кезінде инвестициялық тәуекел дәрежесінің артуын көрсетеді.
3. Графиктің абцисса өсімен қиылысуы “Қаржылық критикалық нүкте” деп
аталады. Ол ұзақ мерзімді қарыз капиталын қолданғаны үшін пайыздарды жабу
үшін қажет жалпы табыстың минималды көлемін көрсетеді.
Жалпы қорытынды мынадай: ұзақ мерзімді қарыз қаражаттарының үлесін
арттыру меншікті капиталдың рентабельділіктің артуына әкеледі, бірақ
сонымен қатар қаржылық тәуекел дәрежесі де өседі.
Өнідірістік немесе қаржылық леверидж өндірістік – қаржылық леверидж
санатымен жалпыландырылады. Оның деңгейі (Ул) келесі көрсеткіштермен
бағалануы мүмкін: Ул= ,мұндағы, С = P – V
P – өнім бірілігінің бағасы.
V–өнім бірлігіне келетін өзгермелі
шығындар.
Q – натуралды көріністегі өткізу көлемі.
GI –жалпы табыс.
In – қарыздар бойынша пайыздар.
Мысалы: Алдыңғы мысал негізінде А кәсіпорындары үшін өнідірістік -
қаржылық леверидж деңгейін есептеу.

+10%

Өткізу көлемі , бірлік. 80000
88000
Өткізу көлемі, мың. теңге. 240000
264000
Шегеру, өзгермелі шығындар , мың. теңге 160000 176000
тұрақты шығындар, мың. теңге. 30000 30000

50000 50000

Шегеру: қарыздар бойынша пайыздар,м.т 20000 20000
Салық салнатын пайданы, мың. теңге. 30000 38000
Салықты шегеру (35%) ,мың. теңге. 10500
13300
Таза пайда, мың. теңге. 19500
24700

;

.

Көрсеткіштердің экономикалық мәні келесідей. Кәсіпорындарда қаражат
көздері мен өндірістік–қаржылық қызмет факторларының қалыптасқан құрылымы
кезінде:
1. Өндіріс көлемінің 10% - ға өсуі жалпы табыстың 16% - ға (Упл
коэффициенті) өсуіне әкеледі.
2. Жалпы табыстың 16% - ға өсуі таза пайданың 16,7% - ға (Уфл коэффициенті)
өсуіне әкеледі.
3. Өндіріс көлемінің 10% - ға өсуі таза пайданың 26,7% - ға (Ул
коэффициенті) өсуіне әкеледі.

2 - бөлім. Қаржылық леверидж – эффектісінің қалыптасу механизмін талдау

2.1. Қаржылық леверидж эффектісінің қалыптасу негізі

Пайда – ең қарапайым, сонымен қатар ең күрделі экономикалық
категория. Ол мемлекеттің қазіргі жағдайларға сай экономикалық дамуы
жағдайында және шаруашылық субъектілерінің дербестіктерінің қалыптасуы
жағдайында жаңа құрамға немесе мазмұнға ие болды. Нарықтық экономиканың
негізгі қозғаушы күші болып табылатын пайда – мемлекеттің, меншік иелерінің
және кәсіпорын персоналының мүдделерін қамтамасыз етеді. Сондықтан да
қазіргі кездегі ең актуальды мәселе болып – басқарушылардың және қаржы
менеджерлерінің кәсіпорынның өндірістік, инвестициялық және қаржылық қызмет
ету процесіндегі қазіргі заманға сай пайданы қалыптастыру бойынша тиімді
басқару әдістерін игеру табылады.
Пайданы қалыптастыруды тиімді және сауатты басқару осындай басқаруды
ұйымдастырушылық-методологиялық жүйелермен қамтамасыз ету керек. Оларға –
пайданы қалыптастырудың негізгі механизмдерін білу, оған анализ жасау және
жоспарлау үшін қазіргі кездегі әдістерді қолдану жатады. Бұл мәселелерді
жүзеге асырудың ең басты механизмдерінің бірі болып – қаржылық леверидж
табылады.
Қаржылық леверидж – кәсіпорынның меншікті капиталының рентабельділік
коэффициентінің көлеміне әсер ететін заемдық қаражаттарды қолдануы.
Қаржылық леверидж объективті фактор болып табылады, ол меншікті капиталға
қосымша пайда алуға мүмкіндік беретін кәсіпорынмен заемдық қаражаттардың
көлемі арқылы анықталады.
Заемдық қаражаттарды әр түрлі үлесте пайдалануға байланысты меншікті
капиталға қосымша генерацияланатын пайданың деңгейін сипаттайтын көрсеткіш
– қаржылық леверидж эффектісі деп аталады.
Егер кәсіпорынның активтерінің барлығы түгелімен меншікті қаражаттар
есебінен қалыптасса, онда меншікті қаражаттар рентабельділігі активтер
рентабельділігіне тең болады. Бірақ, заемдық қаражаттарды тартпау дұрыс
па? деген сұрақ туады. Бұл сұраққа жауап беру үшін, ең бастысы
экономикалық рентабельділікті заемдық қаражаттар құнымен салыстыру керек.
Егер экономикалық рентабельділік заемдық қаражаттар бағасынан жоғары болса,
онда кәсіпорын оларды тарту арқылы қосымша пайда алуы мүмкін.
Қаржылық леверидж эффектісінің мағынасы – заемдық қаражаттарды тарту
арқылы меншікті капитал рентабельділігінің жоғарылауы немесе төмендеуі.
Қаржылық леверидж эффектісін сандық бағалау үшін келесілерді анықтау
керек:
1. Қаржылық леверидждің дифференциалы анықталады. Бұл активтердің
экономикалық рентабельділігі (КВРа) мен заемдық қаражаттар бойынша
орташа пайыздық ставканы (ПК) арасындағы айырма ретінде анықталады.
Пайдаға салық салудың болуы дифференциалды азайтады. Оны есепке ала
отырып дифференциал былай есептеледі:
(КВРа - Пк)*(1 – пайдаға салық салу
ставкасы)
2. Қаржылық леверидждің иығы (плечо) анықталады. Бұл заемдық
қаражаттардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржылық менеджменттің мәні, мақсаты, бағыттары және құрылымы
Қаржылық левериджді бағалау әдістемесі
Қаржылық тәуекелдік
Қаржылық тәуекелді басқарудың әдістері
ASTANA MOTORS АҚ кәсіпорынның ақша ағымдарын басқарудың тиімділігін және оны ұйымдастыруды талдау
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы жайлы
Капитал бюджетін қалыптастыру
Компанияның капиталын қалыптастырудың негізгі қағидалары
Модильяни мен миллер үлгілері
Мұнайгаз кәсіпорындарының қаржы ресурстарын басқаруды қалыптастырудың экономикалық механизмдері мен басқару тиімділігі
Пәндер