Халықаралық дауларды реттеу әдістерінің түрлері


Кіріспе

Бітіру жұмысының өзектілігі. Адамзат дамуының қазіргі сатысында көптеген мемлекеттердің халықаралық саясатындағы негізгі бағыты экономикалық интеграция процесі болып табылады. Әсіресе, Тәуелсіз мемлекеттер Одағы (ТМД) аумағындағы интеграциялық процесс күшеюде, оған Қазақстанның Кеден Одағы, Евразиялық Экономикалық Қауымдастық, Азиядағы өзара шаралар жөніндегі Кеңес (АӨСШК), еркін сауда аймағы секілді аймақтық құрылымдар құру бастамашылығы дәлел болады. Еліміз экономикасының қарыштап қанат жаюына және кәсіпкерліктің дамуына сәйкес бүгінде салықтың салынуына байланысты соттарға даулы істерді қарау мәселесі күннен күнге арта түсіп келеді. Мемлекеттер және өзге халықаралық құқық субъектілерінің арасындағы экономикалық ынтымақтастық өзара қарым-қатынаста бірінші орынға қойылады, және көбінесе, олардың мүдделерінің қақтығысу аясына жатады. Осыған байланысты, халықаралық құқық пен негізгі қағидаларға сәйкес экономикалық шиеленістерді тиімді реттеу халықаралық ынтымақтастықтың одан ары дамуы мен нығаюының негізгі шарты болып табылады.

Мемлекеттер интеграциясының күшеюі мен олардың арасындағы өзара экономикалық байланыстылықтың ұлғаюы халықаралық қауымдастықта қабылданған мемлекеттер мен халықаралық құқықтың өзге де субъектілері арасындағы тәртіп ережелерін зерттеуді қажет етеді. Халықаралық экономикалық дауларды реттеу әдістерінің бір түрін таңдаған кезде, мемлекеттер ол әдістің дауға сәйкестігіне және тиімділігініе сенімді болуы керек.

Қазіргі кезде әрекет ететін халықаралық экономикалық дауларды реттеу әдістерінің көп түрлілігі, олардың барлығы дерлік халықаралық экономикалық сипаттағы дауларды шешуде қолданылады деп айтуға болмайды.

Қазақстанның экономикалық байланыстарының кеңеюі және оның ТМД, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық Ұйымы (ЕҚЫҰ), халықаралық валюта қоры (ХВҚ), Еуропалық даму және қайта құру банкі (ЕДҚБ), халықаралық даму және қайта құру банкі (ХДҚБ) сияқты халықаралық ұйымдарға қатысуы, елімізге халықаралық ынтымақтастық қағидалары мен осы ұйымдардың құрылтай құжаттарында көрсетілген талаптарын орындау міндеттерін жүктейді. Мұндай жағдайда, пайда болған экономикалық қайшылықтарды халықаралық стандарттарға сәйкес бейбіт жолмен реттеу, әсіресе оларды шешу тәртібі мен процедурасы өте маңызды. «Саясаттың фундаменті болып табылатын халықаралық экономиклық қатынастардан, мемлекеттер арасындағы сенімділік пен өзара түсінушілікке зиян келтіретін, әлемдегі жағдайды ушықтыратын қауіпті құбылыстар алынып тасталуы керек». 1

Жас егеменді ел болғандықтан және халықаралық экономикалық дауларды ретеуде жеткілікті тәжірибесі болмағандықтан, халықаралық экономикалық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық тәжірибені зерттеу Қазақстан үшін теориялық және практикалық маңызы өте зор. Қазіргі кездегі халықаралық құқықта әрекет етуші халықарлық дауларды бейбіт жолмен реттеу әдістеріне талдау жасау және жүйелеу, сондай-ақ экономикалық дауларды реттеуде қолданылатын әдістер мен тәсілдерді жан-жақты зерттеу қажет. Қазақстандық заңнаманда халықаралық экономикалық дауларды реттеу жөнінде кешенді зерттеулердің болмауы бұл мәселенің өзектілігін арттырады.

Бітіру жұмысының негізгі мақсаттары мен міндеттері. Бітіру жұмысының негізгі мақсаты халықаралық экономикалық дауларды реттеу механизмдерін қарастыру болып табылады. Бұл механизмдерді жан-жақты және терең зерттеу ұсыныстар жасауға және оларды жүзеге асырудың тиімділігін көтеруге әсерін тигізеді. Бұл Қазақстанның басқа мемлекетермен халықаралық экономикалық қатынастар аясындағы халықаралық дауларды реттеу кезінде, әсіресе, елімізлің халықаралық интегграциялық процестерге қарқынды қатысуы мен Әлемдік сауда ұйымыны (ӘСҰ) мүше болуға талпынысын ескерсек, бұл үлкен рөл атқарады.

Аталған мақсаттарды жүзеге асыру үшін келесідей міндеттер қойылды:

  • Халықаралық экономикалық дауларды реттеудің негізінде жатқан халықаралық құқықтың нормалары мен қағидаларын талдау
  • Халықаралық экономикалық дау түсінігін және оның түрлерін қарастыру
  • Халықаралық экономикалық дауларды дипломатиялық және келісімгершілікке келу арқылы реттеу тәртібін зерттеу
  • Халықаралық экономикалық дауларды реттеудің арбитраждық және сот процедураларын қарастыру

Жұмыстың объектісі мен пәні. Бітіру жұмысының пәні халықаралық экономикалық дауларды реттеу тәртібі болып табылады. Халықаралық экономикалық дауларды реттеу тәртібін қарау барысында шет елдердің, ресейлік және қазақстандық шарт жасасу тәжірибесі, сондай-ақ халықаралық экономикалық дауларды реттеудегі халықаралық арбитраж және сот тәжірибелері негізге алынды.

Бітіру жұмысының объектісі болып халықаралық құқықтың әртүрлі субъектілерінің арасындағы халықаралық дауларды реттеуге байланысты халықаралық қатынастар табылады.

Жұмыстың зерттеу әдістері. Жұмысты жазу барысында көзделген мақсаттарға жету үшін, белгілі бір нәтижелерге жету үшін салыстырмалы-құқықтық, формальді-логикалық, сондай-ақ жүйелі талдау жүргізу секілді әдістер пайдаланылды.

Қорғауға шығарылған негізгі ережелер. Мемлекеттердің экономикалық тұрғыда өзара тәуелділігі мен интеграциясы деңгейінің өсуімен сипатталатын, халықаралық экономикалық қатынастардың даму тенденциясы тығыз экономикалық ынтымақтастық жағдайында қарама-қайшылықтар анықтамасын квалификациялауды қажет етеді.

  1. Халықаралық экономикалық дау екі және одан да көп мәртебесі бойынша әртүрлі халықаралық экономикалық құқық субъектілерінің арасында туындайтын ерекше құқықтық қатынас болып табылады.

Осы анықтамаға сай, экономикалық дауларды өзге дау түрлерінен ерекшелейтін белгілері көрінеді:

  • Халықаралық экономикалық дау субъектісі болып тек халықаралық жария құқығының субъектілері ғана емес, халықаралық жария құқықтың субъектілері танылады
  • Халықаралық экономикалық даудың пәніне мемлекеттердің әртүрлі саладағы өзара іс әрекеттері барысында туындайтын қатынастар жатады.

Осыған байланысты экономикалық дауды өзге халықаралық дау түрлерінен бөлуге мүмкіндік беретін қосымша және көмекші критериилар енгізу керек.

  1. Соңғы жылдары халықаралық экономикалық дауларды шешу кезінде арбитраж бен сот өндірісі әдістерінің алдында қолданылатын келіссөздер, кеңес беру және келісім шаралары сияқты дәстүрлі дипломатиялық әдістер белсенді пайдаланылуда. Экономикалық даулардың пайда болуының алғашқы сатыларында кеңес беру мен келіссөздерге, ал кейіннен ad hoc арбитраждары мен халықаралық ұйымдар жанындағы арбитраждарға жүгіну тәжірибеде кең етек алуда. Экономикалық дауларды осылай реттеу тәртібі көптеген халықаралық экономикалық шарттар мен келісімдерде бекітілген.

Халықаралық экономикалық дауларды реттеудегі міндетті шаралардың ішінде ең тиімдісі болып арбитраж саналады. Экономикалық шарттарды түсіндіру мен қолдану кезінде, тараптардың арнайы шарты бойынша құрылатын арбитраж соты жиі қолданылады.

Халықаралық қатынастар жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылатын, халықаралық сот мекемелерінде де халықаралық экономикалық дауларды реттелінеді. Сондай БҰҰ Халықаралық соты, ЕО соты секілді сот мекемелерінің қызметі мен тәжірибесін қарау ТМД соты қызметін жетілдіруге септігін тигізеді. Дауларды реттеу әдістерінің тиімділігін арттыру қажет.

Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Бұл жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Бітіру жұмысының көлемі 45 беттен тұрады.

  1. Халықаралық дау түсінігі

1. 1. Халықаралық даулардың анықтамасы

Халықаралық дау негізінде экономикалық, әлеуметтік-саяси, идеологиялық, әскери және халықаралық құқытық сипаттағы факторлар жатыр. Жалпы халықаралық дауды бір не бірнеше халықаралық құқық субъектілерінің арасында пайда болатын ерекше саяси-құықтық қатынас ретінде қарастыруға болады.

БҰҰ Жарғысында қақтығысты қатынастарды квалификациялау үшін «дау» және «жағдай» деген түсініктер пайдаланылады.

Мемлекеттер арасында наразылыққа әкелетін немесе олардың арасында дау тудыратын және халықаралық бейбітшілік пен қауыпсіздікке қауіп туғызатын «халықаралық жағдай» түсінігі, «дау» түсінігі секілді БҰҰ Жарғысында анықталмаған.

Халықаралық құқық доктринасы мен Қауіпсіздік Кеңесі мен БҰҰ Халықаралық Сотының тәжірибелеріне сәйкес, мемлекеттер бір затқа байланысты бір-біріне наразылық қойған кезде дау туындайды. Ал, жағдай болса, мемлекеттер мүдделерінің қарсы келуі шиелініс тудырса да, бір-біріне наразылық қойылмайды. «Жағдай» «дау» түсінігіне қарағанда кеңірек ұғымда пайдаланылады. Екеуіне де ортақ белгі мемлекеттер мүдделерінің қақтығысуы болады.

Даулар мен жағдайлардың екі түрі қарастырылады: оның жалғасуы халықаралық бейбітшілік пен қауыпсіздікке қауіп төндіретін және жалғасуы мұндай қауіп төндірмейтін. БҰҰ Жарғысы даулар мен жағдайларды аталған екі критерии бойынша бөлуді қарастырмайды. Бұл мәселені шешуді Қауіпсіздік Кеңесіне тапсырады. Жарғының 34 бабында «Қауіпсіздік Кеңесі халықаралық шиеленіс немесе дау тудыратын кез-келген дау мен жағдайды, олардың жалғасуы халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қауіп тудыру мүмкіндігін анықтайды». 2

Халықарлық құқыққа сай әр мемлекет және өзге де халықаралық құқық субъектілері араларында туындаған дауды халықаралық бейбітшілік, қауіпсіздік пен әділеттілікке қауіп төндірмейтіндей етіп бейбіт жолдармен шешуге міндетті. Халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу қағидасы халықаралық құқықтың императивті қағидасы болып табылады. 3 Бұл қағида БҰҰ Жарғысының 3б. 2-б., Халықаралық құқық қағидалары туралы Декларацияда, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі Кеңестің Қорытынды актісінде және өзге де көптеген әмбебап, аймақтық пен екіжақты шарттарда бекітілген.

Халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу әдістерін қолдану жөнінде мәселе 1899ж. және 1907ж. Гаага конференцияларында талқыланған болатын. Ф. Ф. Мартенс атап өткендей, «халықаралық қақтығыстарды бейбіт жолмен шешу әдістерінің даму тарихында 1899ж. мамырда Билеуші Императормен шақырылған Гаага конференциясы әрқашанда ерекше орын алады». 1907ж. Конференция халықаралық қақтығыстарды бейбіт жолмен шешу жөнінде Конвенцияны мақұлдады. Конвенцияның 1бабында: халықаралық дауды бейбіт жолмен шешуді қамтамасыз ету үшін мемлекет мүмкіндігінше күш қолданбауы керек деп көрсетілген. Конвенцияда дауларды бейбіт жолмен шешудің бірқатар тиімді әдістері көрсетілген, соның ішінде ізгі қызметтер мен делдалдық, халықаралық тергеу комиссиялары, халықаралық аралық соттар және т. б. 4

Осылайша, халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу қағидасы екінші дүниежүзілік соғысқа дейін қалыптасып, бірқатар халықаралық шарттарда бектілді. Кейінірек бұл қағида БҰҰ Жарғысында нақтыланды. Мемлекеттер арасында туындаған даулар мен түсініспеушіліктерді шешудің заңды әдістері болып тек БҰҰ Жарғысында көрсетілген тізімдегі әдістер ғана танылды. Бұл әдістердің кейбірі тек декларативті-ұсынысты сипатта болады. 1989ж. 29 қыркүйектегі Бас Ассамблеяның 44-сессиясында КСРО халықаралық құқықтың рөлін көтеру жөніндегі Меморандумында халықаралық құқықтық тәртіпті нығайтуда әрекет етуші құрал болатын әмбебап халықаралық акт қабылдауды ұсынды.

Бұл шартты құжатта - дауларды бейбіт жолмен шешудің Бас актісі --БҰҰ Жарғысында бектілген мемлекеттер арасындағы даулардың барлық түрлерін тек бейбіт жолмен шешу қағидасы ары қарай дамып және нақтылануы мүмкін еді.

1970ж. халықаралық құқық қағидалары жөніндегі Декларация халықаралық даулар мемлекеттер егемендігінің теңдігі негізінде және дауды бейбіт жолмен шешу әдісін еркін таңдау қағидасына сай шешілетінін көрсетеді.

  1. Халықаралық даулар классификациясы

Халықаралық құқықта дауды саяси немемсе құқықтық деп бөлу мәселесі өте күрделі. Бұл мәселе халықаралық экономикалық дау түсінігіне анықтама беруде өте маызды рөл атқарады. Соңғы кездерге дейін халықаралық құқық теориясында халықаралық экономикалық дау термині құқықтық дау ретінде қарастырылған.

Ғалымдар дауды осындай түрлерге бөлу кезінде қарама қарсы көзқараста болды. Олардың кейбіреулері даудың негізгі және салыстырмалы маңыздылығы төмендеу құқықты бөліп көрсетуді қажет деп есептейді және осыған сәйкес олрды шешуге әртүрлі әдіс тәсілдерді қолдану керек. Басқа зерттеушілер субъективті құқықты танудан бас тарта отырып, құқықтағы мүдделерді ескеруді ұсынады.

Үшіншілері құқықтың анық нормалары бар болған кезде дау заңды немесе құқықтық болып есептеледі. Және керісінше, әрекет етуші құқық нормалары нысанында халықаралық құқық дамымаған кезде саяси дау деп саналады.

Г. Кельзиннің ұстанымы өте қызықты. «Кез-келген қақтығыс - деп ойлайды ол - экономикалық немесе саяси сипатта болса да дауды құқықтық деп санауға кедергі клтірмейді. Қақтығыстағы мүдделердің сипатына қарай экономикалық немесе саяси болып бөлінеді. Қақтығыс осы мүдделерді бақылайтын құқықтық тәртіпті қатысты құқықтық болып табылады». Осындай көзқарасқа сай, ол құқықтық дауларды екі жақ та өз талаптарын және талаптарынан бас тартуын өзге қағидаларға сүйеніп емес, позитивтік халықаралық құқыққа негіздеген кезде туындайды деп санайды. Бұдан даудың экономикалық та, саяси сипаты да оның құқықтық нысанын жоққа шығармайды деген түйінге келсе болады.

Дауларды саяси немесе құқықтық деп бөлуде ең объективті критерий, оның объектісі мен пәні болып табылады. Тараптардың мүддесі секілді критерийге сүйене отырып, дауды бөлу көптеген қиыншылықтарды тудырады, себебі даудың кез келген түрінде оның болуы міндетті. Халықаралық дауда тараптар үшін мүдделердің артықшылық деңгейін, құқықтық және құқықтық емес мүдделердің пайыздық не сандық қатынасын анықтау қиын. Егер осындай критерийді пайдаланатын болсақ, дауларды тек саяси не құқықтық деп қана емес, әлеуметтік, экология, медицина, денсаулық сақтау аясындағы даулар деп бөлуге болады. Сондықтан, мүдде секілді критерий қосымша және шартты сипатта ғана болады.

Р. А. Каламкарян даулардың саяси немесе құқытық болып бөлінуі негізделетін non-liquet теориясын сынға ала отырып, мұндай бөлу халықаралық құқық тұрғысынан басында қабылданған, туындаған дауларды толығымен реттеуді қамтамасыз ететін арбитраждық міндеттеменің маңыздылығы жоққа шығарады, өйткені тараптар дауды өз бұрмалауымен саяси не құқықтық сипатқа жатқызып жауапкершіліктен жалтаруы мүмкін дейді.

Заңгерлердің көбісі non-liquet теориясына тыйым салатын халықаралық құқық нормаларын жақтайды, себебі бұл тыйым кез келген халықаралық дауларды заң және әділеттілік негізінде шешуге мүмкіндік береді. Халықаралық арбитраждың қолданылатын құқық нормаларының жоқ болуы немесе анық болмағандықтан шешім шығарудан бас тартқан кезі болмаған тәжірибесі бұған дәлел болады. Халықаралық арбираж бен соттар тәжірибесі мемлекеттер өздері шарт жасасқан кезде даудың сипаты мен оны сот тәртібімен шешу мүмкіндігі қарастыратындығын көрсетеді.

Сонымен, дауларды құқықтық немесе саяси деп бөлуден бас тарта отырып, халықаралық заңгерлер кез келген «саяси» дауды халықаралық құқық негізінде реттеу мүмкіндігі туралы концепция ұсынады, яғни кез келген дау шығу сипатына қарамастан, заңды сипатта болады және арбитраж немесе сот тәртібімен реттелуі мүмкін.

Халықаралық экономикалық дауларды шешу ерекшелігі халықаралық экономикалық қатынастардың біртекті болмауына байланысты. Экономикалық даулар басқа халықаралық даулар секілді халықаралық құқық негізінде қарастырылады. Алайда, халықаралық экономикалық ынтымақтастық көбінесе мемлекеттердің жеке тұлғалары қарым-қатынасында жүзеге асырылғандықтан, олардың арасындағы дауларды шешу халықаралық экономикалық жүйенің тұрақтылығына айтарлықтай әсері бар.

Халықаралық дауларды классификациялау мәселесі ғалымдар арасында түрлі пікірлер туғызады, олар ең алдымен дауларды түрлі классификацияларға бөлудің нақты критерийлардың жоқтығына байланысты.

Халықаралық дауларды классификациялауда ең көп тараған критерий - халықаралық қауіпсіздік пен бейбітшілікті қамтамасыз етуге даудың қауіптілік сипаты. Бұл критерий Гаага конвенцияларында кездеседі, онда «халықаралық келіспеушіліктер», «маңызды түсініспеушіліктер мен қақтығыстар», «халықаралық даулар» бөлініп көрсетілген, сондай-ақ Ұлттар Лигасының статутында «даулар және жағдайлар», «өзара қатынастарды тоқтатуы мүмкін даулар» көрсетілген. Кейінірек бұл критерий БҰҰ Жарғысында көрініс тапты.

Біріккен Ұлттар Ұйымы жарғысында дауларды классификациялаудың негізгі критерийлары берілген:

  • Даудың халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қауіп төндіру деңгейі;
  • Даудың халықаралық қатынастардың әмбебап немесе аймақтық деңгейіне жататындығы;
  • Дауда құқықтық элементтердің болуы;

Осы критериилерге сай БҰҰ Жарғысы дауларды келесідей түрлерге бөледі:

  • Халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қауіп төндіретін және төндірмейтін даулар
  • Әмбебап және жергілікті даулар
  • Құқықтық және құқықтық емес сипаттағы даулар

БҰҰ Жарғысы ұсныған классификация мен критериилер негізінде халықаралық дауларды шешу тәртібін ұсынады. Жалғасуы халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қауіп төндіретін дауларды Бас Ассамблея мен Қауіпсіздік Кеңесі қарайды, жергілікті дауларды шешу процедуралары жергілікті ұйымдармен анықталады, ал құқықтық сипаттағы даулар БҰҰ Халықаралық сотына жіберіледі.

Халықаралық экономикалық дауларды шешу ерекшелігі халықаралық экономикалық қатынастардың біркелкі болмауына байланысты. Мемлекеттер арасындағы экономикалық даулар өзге де халықаралық даулар секілді халықаралық құқық негізінде реттеледі. Халықаралық экономикалық ынтымақтастық көбінесе әртүрлі мемлекеттердің жеке тұлғаларының өзара қарым-қатынасында жүзеге асырылатындықтан, олардың арасындағы дауларды шешу халықаралық экономикалық жүйенің тиімділігі, нәтижелігі мен тұрақтылығы үшін айтарлықтай маңызы бар.

Әртүрлі мемлекеттердің жеке тұлғалары мен заңды тұлғаларының арасындағы даулар ұлттық юрисдикцияға жатады. Олар мемлекеттердің жалпы юрисдикциялық сотында немесе арбитражында не халықаралық коммерциялық арбитражда қарастырылуы мүмкін. Халықаралық экономикалық қатынастың қатысушылары халықаралық коммерциялық арбитражға жүгінгенді жөн көреді.

Халықаралық коммерциялық арбитраж ұлттық заңнама бойынша құрылып, өз қызметінде сол заңнаманы қолданылады. «Халықаралық» анықтамасы тек қарастырылып отырған даудың сипатына ғана қатысты - жеке тұлғалар арасындағы халықаралық сипаттағы шарушылық даулар. Кейбір халықаралық коммерциялық арбитраждар халықаралық экономикалық дауларды қарайтын беделді орталықтарға айналды. Оларға халықарлық сауда палатасының Арбитраж соты (Париж), Лондон халықаралық третейлік соты, Американдық арбитраждар ассоциациясы (Нью Йорк), Стокгольм сауда палатасының арбитраж институты және т. б. Қазақстанда Қазақстан Республикасының сауда-өндіріс палатасы жанындағы Арбиражды коммисиясы, IUS, Қазақстандық халықаралық Арбитраж секілді арбитраж соттары қызмет жасайды.

Халықаралық экономикалық құқықтың халықаралық коммерциялық дауларды шешу аясында функциясы келесілерден тұрады: а) әртүрлі мемлекеттердің арбираждарында халықаралық коммерциялық дауларды қарау процедураларын бірыңғай ету мақсатында арбитражды процессуалды нормаларды унификациялау; б) бір мемлекеттің арбитражының шешімдерін басқа мемлекеттердің аумағында танылуы мен мәжбүрлі түрде орындалуы үшін халықаралық құқықтық негіз құру; в) коммерциялық дауларды қарастыратын арнайы халықаралық орталықтар құру.

Арбитраждық процессуалдық нормаларды унификациялау мақсатында БҰҰ шеңберінде дайындалған бірқатар халықаралық құқықтық актілер әрекет етеді. БҰҰ Еуропа үшін Экономикалық комиссиясының басшылығымен 1961ж. Женевада сыртқы сауда арбиражы жөніндегі Еуропалық конвенция қабылданды. Онда арбитраж құру, істі қарау тәртібі мен шешім шығару тәртібіне қатысты ережелер жазылған. Халықаралық сауда құқығы жөніндегі БҰҰ комисиясы (ЮНСИТРАЛ) 1985ж. БҰҰ Бас Ассамблеясының резолюциясымен қабылданған және мемлекеттерге ұлттық заңына үлгі ретінде ұсынылған халықаралық коммерциялық арбитраж жөнінде Заңды дайындады. Тәжірибеде ЮНСИТРАЛ арбитраждық регламенті көп қолданылады.

Халықаралық экономикалық дауларды шешуде іс бойынша шығарылған шешімді бір тараптың орындаудан бас тартуы көптеген қиындықтар туғызады. Мұндай мәселелер халықаралық экономикалық құқық арқылы шешіледі. 1958ж. БҰҰ Нью Йорктегі конференциясында шет ел арбитраждарының шешімдерін тану мен орындау жөнінде Конвенция қабылданды. Бұл конвенцияның маңыздылығын оған 102 мемлекеттің қатысуы дәлелдейді. Конвенция мемлекеттерге шет ел аумағында шығарылған арбитраждық шешімдер, сонымен қатар өзінің де арбитраждары шығарған шешімдерін тануға және орындауға міндеттейді. Бұл конвенция Қазақстан Республикасында 1996ж. 18 ақпанда күшіне енді.

1992ж. ТМД шеңберінде шаруашылық қызметті жүзеге асыруға байланысты дауларды қарау тәртібі туралы шартқа қол қойылды. Ол келісім шарт шаруашылық дауларды, сондай-ақ мемлекет және оның органдары қатысатын дауларды тек арбитражда емес, сотта да қарау жөніндегі кешенді мәселелерді шешеді. Шартта арбираж және сот шешімдерін өзара тану мен орындау жөнінде нормалар, орындаудан бас тартуға болатын негіздемелер тізімі берілген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДАУЛАРДЫ БЕЙБІТ ЖОЛМЕН ШЕШУ ЖӘНЕ ОНЫҢ СИПАТЫ
Дауларды БҰҰ шегінде бейбіт жолмен реттеу
Азаматтық процестегі татуластыру рәсімдерінің мәселелері
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАС ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЭТНОС АРАЛЫҚ ҚАҚТЫҒЫСТАР
Инвестициялық жоба - инвестицияларға негізделген экономикалық немесе әлеуметтік жоба
Мемлекетаралық экономикалық дауларды шешудің құқықтық аспектілері
Жамбыл облысы прокуратурасында өндірістік тәжірибеден өту
ҚАЗАҚСТАННЫҢ БҮКІЛӘЛЕМДІК САУДА ҰЙЫМЫНА КІРУІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық бірлестікті құқықтық реттеу
Халықаралық ұйымдардың құқықтық мәртебесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz