Қазіргі қазақ фалеронимдері: тарихы мен қалыптасуы



Кіріспе
Негізгі бөлім

1 Қазақ фалеронимдері қалыптасуының тарихи.ономасиологиялық негіздері
1.1 Фалеронимдердің шығу тарихы
1.2 Қазақ фалеронимдерінің қалыптасуы

2. Қазіргі қазақ фалеронимдерінің сипаты
2.1. Қазіргі қазақ фалеронимдерінің құрылымы мен өзіндік ерекшелігі
2.2. Қазақ фалеронимдерінің атаулық табиғаты
2.3 Қазіргі қазақ фалеронимдерінің қоғамдық.саяси қызметі, мемлекеттік мәртебесі

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ФАЛЕРОНИМДЕРІ: ТАРИХЫ МЕН ҚАЛЫПТАСУЫ

Реферат

Бітіру жұмысының тақырыбы: Қазіргі қазақ фалеронимдері: тарихы мен
қалыптасуы
Бітіру жұмысының көлемі:
Бітіру жұмысының пайдаланылған әдебиеттер саны: 23
Бітіру жұмысының нысаны: Қазіргі қазақ фалеронимдерінің сипаты.
Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеттері: Бітіру жұмысының негізгі
мақсаты – Қазіргі қазақ фалеронимдері: тарихы мен қалыптасуын анықтау.
Алға қойған бітіру жұмысының мақсатынан төмендегідей міндеттер тарайды:
- фалеронимдердің шығу тарихына шолу;
- қазақ фалеронимдерінің қалыптасуын анықтау;
- қазіргі қазақ фалеронимдерінің құрылымы мен өзіндік ерекшелігін
көрсету;
- қазіргі қазақ фалеронимдерінің атаулық табиғатын ашу;
- қазіргі қазақ фалеронимдерінің қоғамдық-саяси қызметі мен
мемлекеттік мәртебесін көрсету.
Бітіру жұмысында пайдаланылған тірек сөздер: ономастика, жалқы есім,
прагматоним, фалероним, орден, медаль.
Бітіру жұмысының құрылымы: бітіру жұмысы кіріспеден, негізгі екі
бөлімнен, қортындыдан және пайдаланылған ғылыми әдебиеттер тізімінен
тұрады.
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4- 5
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..
Негізгі бөлім
1 Қазақ фалеронимдері қалыптасуының тарихи-ономасиологиялық
негіздері
1.1 Фалеронимдердің шығу 6-8
тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.2 Қазақ фалеронимдерінің 8-14
қалыптасуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2. Қазіргі қазақ фалеронимдерінің сипаты
2.1. Қазіргі қазақ фалеронимдерінің құрылымы мен өзіндік
ерекшелігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14 -22
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...
2.2. Қазақ фалеронимдерінің атаулық 22-27
табиғаты ... ... ... ... ... ... .. ...
2.3 Қазіргі қазақ фалеронимдерінің қоғамдық-саяси қызметі,
мемлекеттік 27-35
мәртебесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 36 -39
... ... ... ... ... ... ... ... ..
Пайдаланылған әдебиеттер 40-41
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Кіріспе

Жұмыстың жалпы сипаттамасы.
Бітіру жұмысында қазіргі қазақ фалероимдерін, тарихы мен қалыптасуын
қарастыра отырып, фалеронимдердің шығу тарихы, қазақ фалеронимдерінің
қалыптасу кезеңі, қазіргі қазақ фалеронимдерінің сиапты ашылып, қазіргі
қазақ фалеронимдерінің құрылымы мен өзіндік ерекшелігі, атаулық табиғаты,
саяси әлеуметтік маңызы мен мемлекеттік мәртебесі атап көрсетіледі.
Жұмыстың өзектілігі. Қазіргі қазақ фалеронимдері еліміз егемендік
алғаннан кейін қалыптаса бастады. Сондықтан да фалероним ұғымы қазақ
тілінде бұрын-соңды зерттелмеген. Адамдарда “фалероним” (награда) ұғымы
туралы түсінік болғанымен, оның құрылымын, түрлерге жіктелетінін,
семантикасын, қоғамдағы қызметін, саяси әлеуметтік маңызы мен мемлекеттік
мәртебесін түсінбеуі, білмеуі мүмкін. Жұмыста қазақ фалеронимдерінің сипаты
өз шешімін тапқан.
Жұмыстың нысаны. Қазіргі қазақ фалеронимдерінің сипаты болып табылады.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Бітіру жұмысының негізгі мақсаты –
қазіргі қазақ фалеронимдерін, тарихы мен қалыптасуын зерттеу.
Алға қойған диплом жұмысының мақсатынан төмендегідей міндеттер
тарайды:
● фалеронимнің шығу тарихына шолу;
● қазіргі қазақ фалеронимдерінің қалыптасуы анықтау;
● қазіргі қазақ фалеронимдерінің құрылымы мен өзіндік ерекшеліктерін
көрсету;
● қазіргі қазақ фалеронимдерінің атаулық табиғатын ашу;
● қазіргі қазақ фалеронимдерінің қоғамдағы қызметін, саяси-әлеуметтік
маңызы мен мемлекеттік мәртебесін атап көрсету;

Жұмыстың дереккөздері. Қазақстан Республикасының мемлекеттік
наградалары туралы Қазақстан Республикасының Заңы, тарихи, этимологиялық,
түсіндірме т.б. сөздіктер, осы тақырыпқа қатысты жарық көрген мақалалар.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы.
● Алғаш рет қазақ фалеронимдеріне ономасиологиялық зерттеу жүргізілді.
● Қазақ фалеронимдерінің құрылымы, түрлері, өзіндік ерекшеліктері
көрсетілді.
● Қазақ фалеронимдерінің семантикасы қаралып, атаулық табиғаты ашылды.
● Қазақ фалеронимдерінің саяси-әлеуметтік маңызы, мемлекеттік
мәртебесі туралы мағлұмат берілді.
Жұмыстың әдісі: сипаттамалы әдіс, лексика-семантикалық құрылымдық талдау
әдісі, жаппай іріктеу әдісі.
Жұмыстың құрылымы. Зерттудің мақсаты мен міндетіне байланысты жұмыс
кіріспеден, екі тараудан, қортынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен
тұрады.

1 Қазақ фалеронимдері қалыптасуының тарихы – ономасиологиялық негіздері.

1. Фалеронимдердің шығу тарихы.
Адамның ерекше сіңірген еңбегін елеп, мойындаудың белгісі болып
табылатын марапат белгілері көне заманда шыққан. Марапаттау жүйелері алғаш
рет антика дәуірінде көне Грецияда фалералар мен лавр өрмектері түрінде
пайда болды. Көне Римде марапат түрлері бір кезде өрмек, таспа, ту, бір
кезде мойынға тағатын шынжыр, алқа, монета – медаль түрінде болып келеді.
ХІV-XVІ ғасырларда ордендер мен медальдар кең тарады. Подвязка Ордені
– Еуропаның алғашқы зайырлы ордені. Англиядағы жоғары рыцарь ордені. Оның
негізін 1350 жылы король ІІІ Эдуард қалады. Орденнің тарихы қызық. Ол
бойынша, орден король сарайында орын алған бір оқиғаға байланысты пайда
болды. Король графиния Сэлисберимен билеп жургенде, оның байлам жібі жерге
түсіп кетіпті. Король байлам жіпті көтеріп, өз аяғына байлап алған. Сөйтіп
былай деген екен: Бұл жөнінде жаман ойлағандар қара бет болады. Бұл сөз
орденнің ұранына айналып кетті. Ресми эмблема – алтынға қондырылған қою
көгілдір таспа, оның бет жағына ұран сөзі алтынмен жазылған; таспаны сол
тізеден сәл төменірек тағып жүретін (1, 40-41).
Алғашқы кезде Орденге 26 адам ие болған: 12 рыцарьға король Эдуард
басшылық етсе, 12- сін Уэльс ханзадасы басқарады. 1786 жылы Орден басқа
мүшелерді қабылдау туралы шешімге келді. Қазіргі кезде Орденнің басшысы мен
он екі канонигі бар.
XVІІІ жүзжылдық – Еуропа елдеріндегі марапат жүйелерінің түзілу кезі.
Бұл кезеңде марапат белгілерін тағып жүру регламенті пайда бола бастады.
Ордендер белгілер ретінде көп жылдық сіңірген еңбек және мүлтіксіз қызмет
мәртебесіне ие болды. Орталық марапат мекемелері құрыла бастады. Марапаттау
жүйелері бір тәртіпке келтіріліп, ордендердің иерархиясы бекітіледі. Сол
кезде франциядағы Ұлы француз революциясы жаңа республиканың басшылығымен
республикаға сіңірген еңбекті елеуге болатын медаль немесе орден мәртебесі
бар қандай да бір құрмет белгісін бекітуді қажетсіз деп тапты. Өйткені,
республика азаматтарын ордендермен немесе белгілермен марапаттау барлық
адамның теңдігі қағидасын бұзады деп саналды.
Он жылға жуық республикада ешқандай марапат белгілері болған жоқ.
Сондықтан да, бірінші консулдың Құрметті легион орденін құру туралы заңын
республика азаматтары ерекше қанағаттанғандық сезімімен қабыл алды – бұл
ұғымның құрылуы көп адам үшін республиканы нығайту жолындағы ірі қадам
болды.
Ресейде медальдар мемлекеттік марапат ретінде алғаш рет І Петр тұсында
XVІІІ ғасырдың басында бекітілді. Кейінен алтын медальдармен, әдетте,
офицерлер, ал күміс медальдармен солдаттар мен матростар марапатталатын.
Олардың ішінде орыс армиясының офицерлеріне берілетін ең жоғары
жауынгерлік мәртебе - Әулие Георгий ордені ерекше орын алады.
Әулие Георгий орденін бірінші алған орыс офицері 1-ші Гренадер
полкінің (кейінен Лейб – Гвардияның Гренадер полкінің) подполковнигі Ф.И.
Фабрициан болды. Ол 1769 жылғы 8 желтоқсандагалощты жаулап алу кезінде
ерекше көзге түскен (Ол бірден 3-ші дәрежелі орденге ие болды).
Орденнің бүкіл тарихында бар болғаны төрт адам ғана орденге ие болған.
Бұлар: Генерал - фельдмаршал М.И.Гаянищев – Кутузов-Смоленский, князь
М.Б.Барклайде - Толли, граф И.Ф.Таскевич- Эриванский, князь Варшавский және
граф И.И. Дибич – Забалканский.
Алғашында ер адамдарға ғана арналған бұл орденмен екі әйел
марапатталды (орденді қалған ІІ Екатеринадан басқа): Қос сицилияның
королевасы Мария София Амалия, ол 1861 жылы Гарибальдиге қарсы жорыққа
қатысқаны үшін 4-ші дәрежелі орденге ие болды, және мейірбике раиса
михайловна Иванова, ол Дүниежүзілік соғыс кезінде мерт болғаннан кейін 4-
ші дәрежелі орден алды (ол барлық командирлер қаза тапқан соң ртаны өзі
басқарды; шайқас кезінде алған жарақаттан көз жұмды). Ресей патшаларының
ішінде орденге ие болғандар: Императрица ІІ Екатерине – 1-ші дәрежелі
орден, Император І Александр – 4-ші дәрежелі орден (1805) жылы әскери
орденді қатты сыйлайтындығының дәлелі ретінде 4-ші дәрежелі орденді қабыл
алғанды жөн деп тапты , ал оған 1-ші дәрежелі орден ұсынылған болатын).
Император І Николай 4-ші дәрежелі орденмен марапатталды(1838 жылғы тамызда
өзінің іс жүзіндегі әскери қызметінің аяқталуына орай 4-ші дәрежелі орденге
ие болуды қалады), Император ІІ Александр 1-ші және 4-ші дәрежелі
ордендермен, Император ІІІ Александр 2-ші дәрежелі орденмен, Император ІІ
Николай 4-ші дәрежелі орденмен марапатталған болатын.
Ресей Федерациясының 2000 жылғы 8 тамыздағы жарлығымен Әулие Георгий
ордені қалпына келтірілді.
КСРО-да Қызыл Ту, Еңбек Қызыл Ту ордендері, Ленин ордені, Қызыл
Жұлдыз, Ұлы Отан соғысы ордендері, Суворов, Кутузов, Александр Невский,
Богдан Хмельницкий, Жеңіс, Даңқ, Ушаков, нахимов, Батыр ана, Ана
даңқы, Октябрь революциясы, Халықтар достастығы, Еңбек даңқы, КСРО
Қарулы Күштерінде Отанына борышын өтегені үшін ордендері болды.
КСРО-да медальдар тағайындау және марапаттау құқығы КСРО жоғарғы
Кеңесінің Президиумына берілген болатын. Кеңес Одағының батыры атағына ие
болғандарға берілетін ерекше белгі Алтын Жұлдыз 1940 жылы Социалистік
Еңбек Ерінің айырым белгісі ретінде Орақ пен балға алтын медалі
тағайындалды. Сондай-ақ жауынгерлік ерлігі үшін (мысалы, Ерлігі
үшін,1939), Ұлы Отан соғысы кезеңінде қорғаныста көрсетсек ерлігі үшін
(Мәскеуді қорғағаны үшін, 1944, т.б.), қалалар мен аймақтарды азат еткені
үшін (мысалы, берлинді алғаны үшін, 1945; Белградты азат еткені
үшін,1945 т.б.), еңбектегі үздік жетістіктері үшін ( мысалы, Тың жерлерді
игергені үшін, 1956; Еңбек ардагері,1974 т.б.) кеңес халқының
тарихындағы аса маңызды оқиғаларды мерекелеу күндеріне арналған (мысалы,
Ленинградтың 250 жылдығы құрметіне, 1957 т.б.), көп балалы аналарға
арналған ( мысалы 1-ші және 2-ші дәрежелі Ана медалі1944), т.б. көптеген
медальдар шығарылды. Ғылым, мәдениет, экономика саласындағы жетістіктері
үшін мысалы, Нобель сыйлығының лауреаттарына, халықаралық конкурстардың
жеңімпаздарына медальдар тапсырылады.
Жалпы алғанда, Кеңес Одағы тұсында 21 орден болған, оның 5- і Ұлы Отан
соғысына дейін 11-і Ұлы Отан соғысы кезінде шығарылған. Олардың 6-ы ІІ, ІІІ
дәрежелі. Бірінші орден Қызыл Жұлдыз ордені 1924 жылы 1 тамызда
белгіленген. Және 40-тан аса медаль болған, оның 1-і ІІІ дәрежелі, 7-і Ұлы
Отан соғысына дейін, 19-ы Ұлы Отан соғысы кезінде шығарылған. Бірінші
медаль ХХ лет РККА (Жұмысшы, шаруа Қызыл армиясына 20 жыл) 1938 жылдың 24
қаңтарында белгіленген.
Фалеронимдердің шығу тарихын сөз еткенде ең алғаш көне Грекиядан
бастау алатынын, одан кейін Батыс Еуропада қалыптаса бастағанын, кейін
барып Ресейде пайда болғанын және КСРО кезінде де өз фалеронимдері болғанын
ұғынып отырмыз. Еліміз КСРО құрамында болғанда, азаматтарымыз ерекше
сіңірген еңбектері үшін КСРО фалеронимдерімен марапатталды. 1991 жылы
мемлекетіміз өз тәуелсздігін жариялады. Қазақстан дербес, тәуелсіз елдер
қатарынан орын алды.
Қазақ фалеронимдері ұлттық нақышта, ұлттық бояумен еліміз тәуелсіздік
туын желбіреткеннен кейін пайда бола бастады.
Жұмысымыздың келесі тараушасында қазақ фалеронимдерінің қалыптасуы
туралы сөз етіледі.

1.2 Қазақ фалеронимдерінің қалыптасуы.
Кез-келген елдің өзіндік салт-дәстүрі болатыны сияқты, әрбір дербес
мемлекеттің өзіндік бет-бейнесін білдіретін рәміздерімен қатар, тек өзіне
ғана тән марапаттау жүйесі мен ерекшелік белгілері болады. Солардың бір
қатары елдің ардақты азаматтарын құрметтеуге қатысты қалыптасқан.
Әрине, ұлтты ұлықтаған ұлағатты ұл-қыздарына халық өзі қазы. Олардың
есімдері аңызға айналып, жұрт жадынан мәңгі өшпейді. Сондықтан да, тиісті
үкіметтер ондай адамдардың аттарын қалаларға, көшелер мен еғлді мекендерге
беріп, оларға ескерткіштер тұрғызады. Ақын-жазушылар өз кейіпкерлеріне
айналдырып, ән-жырға қосады, өнер туындыларында бейнелейді.
Ал абзал азаматтардың елі үшін сіңірген ерен еңбегі мен ерлігін
марапаттау жүйесі, мемлекеттік шарапат белгілері Қазақстанда Республика
тәуелсіздік алғаннан кейін белгіленді.
“Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы” Қазақстан
Республикасы Президентінің заңдық күші бар жарлығына (23.01.1996) сәйкес
мемлекеттік наградалармен Қазақстан Республикасының Президенті
марапаттайды. Ең жоғары наградалар: “Алтын Қыран” ордені мен “Халық
қаһарманы” атағы. Осы Жарлықтың 3-тарауында мемлекеттік, қоғамдық қызметтің
саналуан саласында айрықша еңбектерімен танылған азаматтарды Қазақстан
Республикасының “Отан”, “Даңқ” (2 дәрежелі), “Айбын” (3 дәрежелі),
“Парасат”, “Достық” (2 дәрежелі), “Құрмет” ордендерімен марапаттау
белгіленген. Сондай-ақ “Ерлігі үшін”, “Жауынгерлік ерлігі үшін”, “Ерен
еңбегі үшін”, “Шапағат” медальдары, “Қазақстанның халық ақыны”,
“Қазақстанның халық әртісі”, “Қазақстанның халық жазушысы”, “Қазақстанның
ғарышкер-ұшқышы”, “Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника
қайраткері”, “Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері” деген құрметті
атақтар бекітілген.1999 жылы 26 шілдеде қабылданған “Қазақстан
Республикасының мемлекеттік наградалары туралы” заң күші бар жарлығына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының арнаулы
заңына сәйкес “Қазақстанның ғарышкер-ұшқышынан” басқа құрметті атақтардың
орнына “Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері” атағы белгіленді. Бұл
құрметті атақ көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлеріне, ғылым,
мәдениет, өнер, өндіріс және әлеуметтік сала өкілдеріне республикаға
сіңірген зор еңбегі үшін беріледі. Алтын алқа, Күміс алқа белгілерін
көп бала туып, тәрбиелеп өсірген аналар марапатталады. Қазақстан
Республикасының Құрмет Грамотасымен экономикадағы, оқу-ағарту ісіндегі,
әскери және өзге мемлекеттік, қоғамдық қызметтегі елеулі жетістіктерге
жеткен азаматтар, сондай-ақ, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты
нығайтуға ықпал еткен шығармашылық ұжымдар марапаталады.
Қылмыстық іспен сотталған адамдар заңда белгіленген негізде және
тиісті тәртіппен соттың ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының
Президентінің бұйрығымен наградасынан айырылады. Заңсыз сотталған және
толық ақталған азаматтардың мемлекеттік наградаларын соттың шешімімен
Қазақстан Республикасының Президенті қайта қалпына келтіреді. Қазақстан
Республикасының орденін, медальдары мен құрметті атаққа берілетін белгісін
сатып алу, сату, айырбастау немесе өзге де өтеуге беру, сондай-ақ
мемлекеттік наградаларға қатысты басқа заңсыз іс-әрекет жасау заң бойынша
жауапқа тартылады (2, 371 б.).
Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы заң күші
бар Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан
Республикасының жоғарыда аталған арнаулы заңына сәйкес мемлекеттік жаңа
награда – Барыс орденімен (3 дәрежелі) марапаттау туралы бап енгізілді.
Бұл орденмен Қазақстан Республикасының мемлекеттігі мен егемендігін
нығайтуға, бейбітшілікті, қоғамның топтасуы мен Қазақстан халқының бірлігін
қамтамасыз етуге, мемлекеттік, өндірісітік, ғылым, әлеуметтік, мәдени және
қоғамдық қызметке, халықтар арасындағы достық қарым-қатынастарды орнатуға
ерекше еңбек сіңірген адамдар марапатталады. І дәреже орденнің жоғары
дәрежесі болып саналады. ІІІ дәреже, ІІ дәреже және І дәреже ретімен
марапатталады. Айрықша реттерде ерекше көзге түскені үшін мемлекет
басшысының шешімімен, реттілік ескерілмей марапаттау мүмкіндігі де
көзделген.
Әрине, әр награданың өз орны, марапаттау реті бар. Әйтсе де дана
халқымыз Еңбек – ер атандырады дегені де бекер айтпаған. Ендеше, қандай
марапаттың да негізінде Отанға, мемлекетке, халыққа сіңірген адал еңбек
жатады. Ол өндірістегі табыс па, ғылыми ізденіс пе, спорттық көрсеткіш пе –
бәрібір, жасампаз істің жемісі болуға тиіс.
Әр фалеронимнің өз орнын марапаттау ретін білу үшін Қазақстан
Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы Қазақстан
Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы № 2676 Заңындағы ережелерге
назар аударайық.
8-бап Алтын Қыран (Золотой орел) ордені Қазақстан Республикасының ең
жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі болып табылады. Орден 1995 жылы
белгіленді.
Алтын Қыран орденімен азаматтар Қазақстан Республикасына сіңірген
мемлекеттік ерекше еңбегі үшін наградталады.
Алтын Қыран бұрынырақ Қазақстан Республикасының немесе КСРО Одағының
ордендерінің бірімен наградталған азаматтар наградталады.
9-бап. Қазақстан Республикасының Президенті лауазымы бойынша айрықша
үлгідегі Алтын Қыран орденінің иегері болып табылады.
10-бап. Халық қаһарманы (Народный герой) атағы Қазақстан
Республикасына сіңірген аса үздік еңбегі, оның бостандығы мен тәуелсіздігі
жолындағы азаматтық және жауынгерлік ерліктері үшін беріледі.
Халық қаһарманы атағына ие болған дамдарға айрықша ерешелік белгісі
– Алтын жұлдыз және Отан ордені тапсырылады.
11-бап. Қазақстан Республикасының ордендері мыналар:
- Отан (Отечество)
- Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев
(Первый Президент Республики Казахстан Нурсултан Назарбаев).
- Барыс (Барс)
- Даңқ (Слава)
- Айбын Доблесть
- Парасат (Благородство)
- Достық (Дружба)
- Құрмет (Почет).

12-бап. Отан орденімен азаматтар:
- мемлекет және қоғамдық қызметтегі;
- экономиканы, әлеуметтік саланы, ғылым мен мәдениетті дамытудағы;
- мемлекеттік, құқық қорғау және әскери қызметтегі, демократия мен
әлеуметтік прогресті дамытудағы айрықша еңбегі үшін наградталады.
12-1-бап. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан
Назарбаев орденімен Қазақстан Республикасының қалыптасуына, көркеюіне және
даңқ шығаруға жәрдемдескен, мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі айрықша
еңбегі үшін Қазақстан Республикасының азаматтары наградталады.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев
орденімен Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін шет
мемлекеттер мен олардың үкіметтерінің басшылары наградталуы мүмкін.
12-2-бап. Барыс орденімен наградтау:
- Қазақстан Республикасының мемлекеттігі мен егемендігін нығайту ісіндегі;
- Бейбітшілікті, қоғамның топтасуы мен Қазақстан халқының бірлігін
қамтамасыз етудегі;
- мемлекеттік, өндірістік, ғылыми, әлеуметтік-мәдени және қоғамдық
қызметтегі;
- халықтар арасындағы ынтымақтастықты нығайтудағы, ұлттық мәдениеттерді
жақындастыру мен оларды өзара байытудағы, ұлттық мәдениеттерді жақындастыру
мен оларды өзара байытудағы, мемлекеттер арасындағы достық қатынастарды
нығайтудағы айрықша еңбегі үшін жүргізіледі.
Барыс ордені үш дәрежеден тұрады:
- І дәрежелі Барыс
- ІІ дәрежелі Барыс
- ІІІ дәрежелі Барыс
І дәреже орденнің жоғары дәрежесі болып табылады. Наградтау ІІІ
дәреже, ІІ дәреже, І дәреже ретімен жүргізіледі.
13-бап. Даңқ ордені 1995 жылы белгіленді. Орденмен Қарулы Күштердің,
басқа әскерлердің және әскери құрамалардың жоғары офицерлік құрамдағы,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі
істер органдарының және Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесінің
басшы құрамдағы адамдары:
- әскерлерге басшылық жасау және оларды басқару ісіндегі табыстары,
әскерлердің жоғары жауынгерлік даярлығы және елдің қорғаныс қабілетін
қамтамасыз еткені үшін;
- әскери, шекаралық және ішкі қызметті үздік ұйымдастырғаны, ұлттық
қауіпсіздікті қамтамасыз еткені, заңдылықты және қоғамдық тәртіпті сақтауды
нығайтқаны үшін наградталады.
Даңқ ордені екі дәрежеден тұрады:
- І дәрежелі Даңқ;
- ІІ дәрежелі Даңқ.
І дәреже орденінің жоғары дәрежесі болып табылады. Наградтау ІІ дәреже
және І дәреже ретімен жүргізіледі.
14-бап. Айбын орденімен Қарулы Күштердің, басқа әскерлердің және
әскери құрамалардың әскери қызметкерлері, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер органдарының
және Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері:
- жауынгерлік әзірлікте, әскерлерді жоғары жауынгерлік әзірлікте
ұстауда және жаңа әскери техниканы игеруде, заңдылықты және қоғамдық
тәртіпті қамтамасыз етуде қол жеткізген табыстары үшін;
- әскери және қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен батылдығы мен
жанқиярлығы, сондай-ақ мемлекет мүддесін қорғау кезінде жасаған ерлігі үшін
наградталады.
Айбын ордені үш дәрежеден тұрады:
- І дәрежелі Айбын;
- ІІ дәрежелі Айбын;
- ІІІ дәрежелі Айбын.
Айбын орденінің ең жоғары дәрежесі – І дәреже. Марапаттау бірте-
бірте жүргізіледі: ІІІ дәреже, ІІ дәреже және І дәреже.
І және ІІ дәрежелі Айбын орденімен кіші және аға офицерлік
құрамдағы тұлғалар марапатталады. ІІІ дәрежелі Айбын орденімен солдаттар,
матростар, сержанттар, старшиналар, пропорщиктер мен мичмандар
марапатталады. Наградтау: ІІ дәреже және І дәреже ретімен жүргізіледі.
15-бап. Парасат орденімен ғылым мен мәдениет, әдебиет пен өнер
қайраткерлері, сондай-ақ Республиканың рухани және интеллектуалдық әлеуетін
дамыту мен молайтуға зор жеке үлес қосқан не адам құқықтарын және оның
әлеуметтік мүдделерін қорғау жөніндегі белсенді қызметі үшін азаматтар
наградталады.
16-бап. Достық орденімен азаматтар қоғамда өзара татулықты сақтау
жөніндегі жемісті жұмысы, халықтар арасында бейбітшілікті, достық пен
ынтымақтастықты нығайтуға сіңірген еңбегі үшін наградталады.
Достық ордені екі дәрежеден тұрады:
- І дәрежелі Достық;
- ІІ дәрежелі Достық.
Наградтау реттілік ескерілмей жүргізілуі мүмкін.
17-бап. Құрмет ордені 1993 жылы белгіленді. Құрмет ордені
республика азаматтары экономика, әлеуметтік сала, ғылым мен мәдениетті,
білімді дамыту ісінде сіңірген еңбегі үшін, мемлекеттік органдардағы
мүлтіксіз қызметі үшін марапатталады.
18-бап. Қазақстан Республикасының медальдары мыналар:
- Ерлігі үшін (За мужество)
- Жауынгерлік ерлігі үшін (За воинскую доблесть)
- Ерен еңбегі үшін (За трудовое отличие)
- Шапағат (Милосердие).
19-бап. Ерлігі үшін медалімен азаматтар:
- адам өмірін сақтап қалуға байланысты қиын-қыстау жағдайларда (суға кету,
өртке душапр болу, дүлей апаттар кезінде);
- қылмыстқа қарсы күресте көрсеткен ержүректігі мен жанқиярлығы үшін
наградталады.
Ерлігі үшін медалі 1993 жылы белгіленді.
20-бап. Жауынгерлік еңбегі үшін медалі 1995 жылы белгіленді.
Жауынгерлік ерлігі үшін медалімен Қазақстан Республикасының Қарулы
Күштерінің, өзге әскерлері мен әскери құрамаларының жоғары офицерлік
құрамындағы тұлғалар, сондай-ақ прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер
органдарының және Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесінің
қызметкерлері;
- әскери бөлімнің жауынгерлік міндетті табысты орындауына септігін
тигізген ұрыс кезіндегі, сондай-ақ қылмысқа қарсы күрестегі
білікті, бастамашылық және ерлік әрекеттері үшін;
- мемлекеттік шекараны қорғау кезіндегі ерлігі үшін;
қызмет өткеру кезіндегі ерлігі үшін наградталады.
21-бап. Ерен еңбегі үшін медалі 1993 жылы белгіленді. Медальмен
азаматтар экономика, әлеуметтік сала, ғылым, мәдениет пен мемлекеттік
қызмет кезінде еңбек жетістіктеріне қол жеткізген азаматтар марапатталады.
22-бап. Шапағат медалі 1993 жылы белгіленді. Шапағат медалімен
қайырымдылық қызметі мен шапағаты үшін республика азаматтары марапатталады.
23-бап. Қазақстан Республикасының ордендері мен медальдарының
мәнділігі жағынан реттілігі осы Заңда баяндалға тәртіп бойынша белгіленеді.

24-бап. Қазақстан Республикасында мынадай құрметті атақтар
белгіленеді:
- Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (Заслуженный деятель
Казахстана);
- Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы (Летчик-космонавт Казахстана).
25-бап. Қазақстан Республикасының құрметті атақтары:
- Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағы мемлекет және
қоғам қайраткерлеріне, ғылым, мәдениет, өнер, өндіріс пен әлеуметтік сала
өкілдеріне;
- Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы құрметті атағы ғарышта ұшудың белгілеген
бағдарламасын табысты орындаған, алдына қойылған ғылыми-техникалық, зерттеу
және тәжірибе міндеттерін мінсіз орындаған азаматтарға беріледі.
26-бап. Қазақстан Республикасының құрметті атақтарына ие болған
адамдарға белгіленген үлгідегі омырауға тағатын белгі табыс етіледі.
27-бап. Көп балалы аналарға арналған наградалар мына алқалар:
- Алтын алқа (Золотая подвеска);
- Күміс алқа (Серебряная подвеска).
28-бап. Алтын алқа алқасымен он және одан да көп бала туған және
тәрбиелеп өсірген аналар наградталады. Алтын алқамен марапаттау сы ананың
оныншы баласы бір жасқа толғанда және осы ананың қалған балалары түгел тірі
болған ретте жүргізіледі.
Алтын алқамен марапаттау кезінде, сондай-ақ:
- заңмен белгіленген тәртіпте анасы асырап алған балалар;
- Қазақстан Республикасының мүдделерін қорғау кезінде немесе қызмет
міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан немесе хабар-ошарсыз кеткен, табиғи
апатта немесе адам өмірін немесе материалдық құндылықтарды сақтап қалу
жөніндегі азаматтық борышын орындау кезінде, қылмысқа қарсы күресте және
қоғамдық тәртіпті сақтау кезінде, сондай-ақ көрсетілген жағдайларда жарақат
алуы, зақым келуі немесе дертке шалдығуы немесе еңбекте зақымдануы немесе
кәсіби ауру салдарынан қайтыс болған балалар ескеріледі.
29-бап. Күміс алқасымен сегіз және тоғыз бала туып, тәрбиелеген
аналар сегізінші бала бір жасқа толғанда және қалған балаларының бәрі тірі
болған ретте наградталады.
Күміс алқамен марапаттау кезінде, сондай-ақ осы заңның 28-бабының
үшінші бөлігінде көрсетілген балалар да ескеріледі.
30-бап. Алтын алқа және Күміс алқа алқаларының Қазақстан
Республикасының ордендері мәртебесі болады.
31-бап. Қазақстан Республикасының құрмет грамотасымен экономика,
әлеуметтік сала, ғылым, мәдениет, халық ағару ісінде, әскери және өзге де
мемлекеттік қызметте елеулі жетістікке жеткен азаматтар марапатталады.
Құрмет грамотасы шығармашылық ұжымдарға олардың халықтар арасындағы
мәдени байланыстарды, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға септігін
тигізген гастроль сапарының нәтижелері бойынша наградталуы мүмкін.

Қазіргі қазақ фалеронимдерінің сипаты

2.1 Қазіргі қазақ фалеронимдерінің құрылымы мен өзіндік ерекшелігі.
Қазақстанда өз еліміздің азаматтарына және шетелдік достары мен
әріптестерінің сіңірген еңбегін лайықты бағалауға мүмкіндік беретін
мемлекеттік наградалардың осы заманғы, икемді жасалған. Бүгінде ол тәуелсіз
Қазақстан республикасының аса маңызды Елтаңба, Ту, Әнұран сияқты
рәміздерінің ажырамас құрамдас бөлігі болып отыр. Осыған сәйкес, қазіргі
қазақ фалеронимдері төмендегідей түрлерге жіктеледі:

1.Қазақстан Республикасының жоғары дәрежелі марапат белгілері.

Алтын Қыран орден жұлдызы
Алтын Қыран белгі ордені
Халық Қаһарманы алтын жұлдызы

2. Қазақстан республикасының ордендері.

Отан ордені
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев
ордені
І дәрежелі Барыс орден жұлдызы
ІІ дәрежелі Барыс белгі ордені
ІІІ дәрежелі Барыс ордені
І дәрежелі Даңқ орден жұлдызы
І дәрежелі Даңқ белгі ордені
ІІ дәрежелі Даңқ ордені
І дәрежелі Айбын ордені
ІІ дәрежелі Айбын ордені
ІІІ дәрежелі Айбын ордені
Парасат ордені
І дәрежелі Достық орден жұлдызы
І дәрежелі Достық белгі ордені
ІІ дәрежелі Достық ордені
Құрмет ордені

3. Қазақстан Республикасының медальдары

Ерлігі үшін медалі
Жауынгерлік ерлігі үшін медалі
Ерен еңбегі үшін медалі
Шапағат медалі

4. Қазақстан Республикасының құрметті атақтары

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атақтар
Қазақтанның ғарышкер ұшқышы құрметті атақтар

5. Көп балалы аналарға арналған марапат белгілері

Алтын алқа алқа
Күміс алқа алқа.

6. Қазақстан Республикасының құрмет грамотасы
Республикамызда жоғарыдағы мемлекеттік наградалардан басқа мерейтойлық
және естелік медалдары бар. Олар мынадай болып бөлінеді:
Қазақстан Тәуелсіздігіне 10 жыл мерейтой медалі
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 10 жыл мерейтой медалі
Тыңға 50 жыл медалі
Қазақстан Конституциясына 10 жыл медалі
Қазақстан Республикасы Парламентіне 10 жыл медалі
Астана медалі.
Қазіргі қазақ фалеронимдері

Жоғарыда көрсетілген кесте бойынша қазіргі қазақ фалеронимдерін
жіктеп көрсеттік. Осылай жіктеу нәтижесінде, қазір Қазақстан
Республикасында барлығы 12 орден бар екенін, оның 2-і аналарға арналған, 4-
і ІІІ дәрежелі және 10 медаль бар екенін, оның 1-і естелік, 5-і мерекелік,
3-і Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері медалінін анықтап отырмыз.
Әдетте, жалқы есім қатарына обьектілерден бір обьектіні жекелеп атау
қызметін атқаратын барлық сөздер, тіркестер мен сөйлемдер енеді. Біз
қарастырып отырған жалқы сөз түрінде (Барыс, Даңқ, Айбын, Достық, Құрмет,
Парасат, Отан т.б.), сөз тіркесі түрінде ( Жауынгерлік ерлігі үшін, Ерен
еңбегі үшін. Қазақстанның ғарышкер – ұшқышы, Алтын алқа т.б.) және сөйлем
түрлерінде (Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан
Назарбаев) де кездеседі.
Кез келген сөз, басқа сөздермен тіркесіп немесе қосымша жалғануы
арқылы граматикалық қатынасқа түсетіні белгілі. Тіл білімінде граматика екі
салаға бөлінеді: морфология және синтаксис. Қазіргі қазақ фалеронимдерінің
құрылымын осы салалар аясында ашып, нақты көрсетуге болады.
Синтаксис граматикалық ілім ретінде мынадай негізгі екі салаға
бөлінеді. 1. Сөз тіркесінің синтаксисі онда сөздердің өзара тіркесу
қабілеттілігі, тіркесу тәсілдерімен формалары, сөз тіркестерінің құрамы,
олардың түр-түрі қарастырылады. 2. Сөйлемнің синтаксисі онда
сөйлемніңқұрылу принциптері, сөйлемнің құрамы, олардың түр-түрі
қарастырылады.
Біріншіден, қазіргі қазақ фалеронимдерін сөз тіркесінің синтаксисінде
қарастырамыз. Мәселен, Алтын Қыран ордені. Осындағы Алтын Қыран тіркесін
сөз тіркесіне талдаймыз.
Алтын Қыран – қабыса байланысқан анықтауыштың қатынастағы есімді сөз
тіркесі. Сол сияқты, келесі фалеронимдерді (сөз тіркесінде келетін) де сөз
тіркесіне талдаймыз. Халық Қаһарманы – қабыса байланысқан анықтауыштық
қатынастағы есімді сөз тіркесі.
Жауынгерлік ерлігі үшін – қабыса байланысқан анықтауыштық қатынастағы
ортақ басыңқылы сөз тіркесі.
Ерен еңбегі үшін – қабыса байланысқан анықтауыштық қатынастағы ортақ
басыңқылы сөз тіркесі.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – қабыса байланысқан,
анықтауыштық қатынастағы есімді сөз тіркесі.
Қазақстанның қайраткері – матаса байланысқан, анықтауыштық қатынастағы
есімді сөз тіркесі.
Еңбек сіңірген қайраткері – қабыса байланысқан, анықтауыштық
қатынастағы есімді сөз тіркесі.
Қазақстанның ғарышкері-ұшқышы – матаса байланысқан, анықтауыштық
қатынастағы есімді сөз тіркесі.
Ғарышкер-ұшқышы – қабыса байланысқан, анықтауыштық қатынастағы есімді
сөз тіркесі.
Алтын алқа – қабыса байланысқан, анықтауыштық қатынастағы есімді сөз
тіркесі.
Күміс алқа – қабыса байланысқан, анықтауыштық қатынастағы есімді сөз
тіркесі.
Қазақстан Тәуелсіздігіне 10 жыл – меңгеріле байланысқан толықтауыштық
қатынастағы есімді сөз тіркесі.
10 жыл – қабыса байланысқан, анықтауыштық қатынастағы есімді сөз
тіркесі.
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 10 жыл – меңгеріле
байланысқан толықтауыштық қатынастағы есімді сөз тіркесі.
Қазақстан Республикасының қабыса байланысқан, анықтауыштық қатынастағы
есімді сөз тіркесі.
Қарулы Күштеріне – қабыса байланысқан, анықтауыштық қатынастағы
есімді сөз тіркесі.
Тыңға елу жыл – меңгеріле байланысқан толықтауыштық қатынастағы
есімді сөз тіркесі.
Елу жыл – қабыса байланысқан, анықтауыштық қатынастағы есімді сөз
тіркесі.
Қазақстан Конституциясына 10 жыл – меңгеріле байланысқан
толықтауыштық қатынастағы есімді сөз тіркесі.
Қазақстан Конституциясы – қабыса байланысқан анықтауыштық қатынастағы
есімді сөз тіркесі.
Екіншіден, қазіргі қазақ фалеронимдерін сөйлемнің синтаксисінде
қарастырамыз. Мәселен, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті
Нұрсұлтан Назарбаев ордені. Бұл фалероним синтаксистік бірлікте құрылған
сөйлем. Осы фалеронимді сөйлемнің синтаксисінде талдаймыз.
1. Айтылу мақсатына қарай хабарлы сөйлем.
2. Құрамына қарай – жай сөйлем.
3. Бастауыштың қатысына қарай – жақты сөйлем.
4. Тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелердің қатысуына қарай – жайылма
сөйлем.
5. Ойға қатысты мүшелердің толық қатысуына қарай – толымды сөйлем.
6. Сөйлем мүшесіне талдасақ: Қазақстан Республикасының Тұңғыш
Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Нұрсұлтан Назарбаев – кім? – баяндауыш.
Президенті – несі? –бастауыш.
Тұңғыш - қандай? – анықтауыш.
Қазақстан Республикасының – ненің? – анықтауыш.
Фалеронимдер құрылымын синтаксис саласында талдап қарастырғанымызда,
қазіргі қазақ фалеронимдері сөз тіркесі түрінде көп болғанымен, сөйлем
түрінде бір ғана фалеронимдер көптеп кездеседі. Сондықтан да, фалеронимдер
құрылымын морфология саласында да қарастырғанымыз жөн. Алдымен жеке сөз
түрінде келетін фалеронимдер құрылымына назар аударайық. Олар: Отан, Барыс,
Даңқ, Айбын, Достық, Құрмет, Парасат, Шапағат, Астана.
Отан – түбір сөз, зат есім.
Барыс – түбір сөз, зат есім.
Даңқ – түбір сөз, зат есім.
Айбын – түбір сөз, зат есім.
Достық – түбірі - дос, - тық- зат есімнен зат есім тудыратын жұрнақ.
Құрмет – түбір сөз, зат есім.
Парасат – түбір сөз, зат есім.
Шапағат – түбір сөз, зат есім.
Астана – түбір сөз, зат есім.
Көріп отырғанымыздай, жеке сөз түрінде келетін фалеронимдер атауыш
мағынада тұрған түбір сөздер Достық фалеронимнің түбірі дос болғанымен,
оған жалғанған – тық қосымшасы зат есімінен зат есім тудырып, атауыш
мағынадағы сөз болып тұр.Сөз тіркесі түрінде келетінфалеронимдер: Алтын
Қыран, Халық қаһарманы, Жауынгерлік ерлігі үшін, Ерен еңбегі үшін,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы, Алтын
алқа, Күміс алқа, Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл, Қазақстан
Республикасының Қарулы Күштеріне 10 жыл, Тыңға елу жыл, Қазақстан
Конституциясына 10 жыл, Қазақстан Республикасы Парламентіне 10 жыл.
Алтын Қыран. Алтын – түбір сөз, сын есім. Қыран – түбір сөз, зат
есім. Халық қаһарманы. Халық – түбір сөз, сын есім. Қаһарманы – түбірі -
Қаһарман, -ы- тәуелдік жалғауының ІІІ-жағы.
Жауынгерлік ерлік үшін. Жауынгерлік – түбірі – жауын, зат есім; -гер-
зат есімнен зат есім тудыратын жұрнақ; - лік – зат есімнен сын есім
тудыратын жұрнақ ерлігі- түбірі- ерлік, зат есім; -і- тәуелдік жалғауының
ІІІ жағы. Үшін – септеулік шылау.
Ерен еңбегі үшін. Ерен – түбір сөз, сын есімі; еңбегі – түбір –
еңбек, зат есім, -і- тәуелдік жалғауының ІІІ- жағы; үшін – септеулік шылау;
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Қазақстанның – түбірі –
Қазақстан, -ның- ілік септігінің жалғауы; еңбек – түбір сөз, зат есім.;
сіңірген- түбірі – сіңір, етістік, -ген- есімшенің жұрнағы; қайраткері –
түбірі – қайрат, зат есім тудыратын жұрнақ, -і- тәуелдік жалғауының ІІІ-
жағы.
Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы. Қазақстанның – түбірі – Қазақстан, -ның-
ілік септігінің жалғауы; ғарышкер- түбірі- ғарыш, зат есім, - кер – зат
есімнен зат есім тудыратын жұрнақ; ұшқышы – түбірі – ұшқыш, зат есім, -ы-
тәуелдік жалғауының ІІІ жағы;
Алтын алқа. Алтын - түбір сөз, зат есім; алқа- түбір сөз, зат есім;
Күміс алқа. Күміс - түбір сөз, зат есім; алқа- түбір сөз, зат есім;
Қазақстан Тәуелсіздігіне он жыл. Қазақстан - түбір сөз, зат есім;
Тәуелсіздігіне- түбірі - Тәуелсіз; сын есім, -дік- сын есімнен зат есім
тудыратын жұрнақ, -і- тәуелдік жалғауының ІІІ-жағы, -н- табыс септігінің
жалғауы, -е- барыс септігінің жалғауы; Он- түбір сөз, сан есім; Жыл- түбір
сөз, зат есім;
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 10 жыл. Қазақстан - түбір
сөз, зат есім; Республикасы – түбірі Республика,-сы – тәуелдік жалғауының
ІІІ жағы; Қарулы –түбірі- қару, зат есім, -лы- зат есімнен сын есім
тудыратын жұрнақ; Күштеріне – түбірі – күш, зат есім, -тер – көптік
жалғауы, -і- тәуелдік жалғауының ІІІ жағы; -н- табыс септігінің жалғауы, -е-
барыс септігінің жалғауы; он – түбір сөз, сан есім, жыл – түбір сөз, зат
есім.
Тыңға елу жыл. Тыңға – түбірі – тың, зат есім, -ға- барыс септігінің
жалғауы; елу – түбір сөз, сан есім; жыл – түбір сөз, зат есім.
Қазақстан Конституциясына 10 жыл. Қазақстан – түбір сөз, зат есім;
Конституциясына – түбірі- Конституция, зат есім, -сы – тәуелдік жалғауының
ІІІ жағы, -на – барыс септігінің жалғауы; он - түбір сөз, сан есім; жыл-
түбір сөз, зат есім;
Қазақстан Республикасы Парламентіне 10 жыл. Қазақстан- түбір сөз, зат
есім; Республикасы – түбірі Республика,-сы- тәуелдік жалғауының ІІІ жағы;
-ның – ілік септігінің жалғауы; Парламентіне – түбірі – Парламент, зат
есім; -і- тәуелдік жалғауының ІІІ жағы, -не – барыс септігінің жалғауы; он
– түбір сөз, сан есімі; жыл –түбір сөз, зат есім;
Сөйлем түрінде келетін фалероним – Қазақстан Республикасының Тұңғыш
Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан - түбір сөз, зат есім;
Республикасы- түбірі Республика, -сы- тәуелдік жалғауының ІІІ жағы; -ның-
ілік септігінің жалғауы; Тұңғыш – түбір сөз, сын есім; Президенті – түбірі-
Президент, -і – тәуелдік жалғауының ІІІ жағы; Нұрсұлтан- түбір сөз, зат
есім; Назарбаев - түбір сөз, зат есім.
Жоғарыда қазақ фалеронимдерінің құрылымын талдап өттік. Фалеронимдер
жеке сөздер түрінде де, сөз тіркесі түрінде де кездеседі. Бірақ олардың
құрылымы әртүрлі болғанымен, атқаратын қызметі бірдей. Барлығы да сөйлемде
обьектіні жалпылай емес, жекелей көрсететін атауыштық қызметке ие.
Әдетте, жеке тұлғаларға немесе ұжым, топтарға айрықша атқарған қызметі
мен ерекше сіңірген еңбегіне қарай фалеронимдер белгіленді. Осыған сәйкес,
әрбір фалеронимнің қоғамдағы мемлекеттік мәртебесі атқаратын қызметіне
қарай өз дәрежесі бар. Мейлі медаль болсын, мейлі орден болсын олардың
белгісінде бір-бірінен ажыратылатын өзіндік ерекшеліктерін көрсететін өз
дәрежесіне сай белгіленген бейнелерде жасалады.
Мәселен, Қазақстан Республикасындағы ең жоғары дәрежелі орден Алтын
Қыран. Алтын Қыран орденімен Республикаға ерекше еңбек сіңірген
азаматтар марапатталады. Алтын Қыран ордені ақ, қызыл және сары түсті 585
және 750 нысаналы (пробалы) алтын құймасынан жасалған, орденнің негіз
тақшасы біріктіргелі шынжырмен бекітілген алқа түрінде жасалған. Негізгі
тақшаның артқы жағында күрделі құлыпты түйреуіш түріндегі бекіткіші бар.
Орден ұштары қырлы жұлдыз пішінінде жасалған. Оның ортасында, шеңбер ішінде
шығып келе жатқан күннің бетіне желпуіш тәрізді қанаты бар, сары түсті
Алтын Қыранның бедері бейнеленген. Төменгі жағына, қыранның астына,
айналасына Алтын Қыран деп жазылған. Қыранның жоғары жағына 3 лағыл тас
орнатылған. Негіз тақшаға бекіткіш пластина арқылы құлпырмалы жібек таспа
тағылған. Негіз тақшаның көлемі 36,5*38 мм, орденнің диаметрі 58 мм,
құлпырмалы жібек таспаның ені 34 мм (көгілдір түсті) 10 мм (қызыл түсті).
Қызыл, көгілдір, жасыл түсті Эмаль пайдаланылған (4; 313,314 бет).
Алтын Қыран орденінде бейнеленген бедерді осы түсініктеме арқылы көз
жеткізуге болады және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, әскери
бөлімдерінің жоғары шенді офицерлері, сондай- ақ прокуратура, ұлттық
қауіпсіздік, ішкі істер органдарының басшылары үздік еңбектері үшін
марапатталатын орден Даңқ орденінің белгісінде бейнеленген бедерді
төмендегі түсініктеме арқылы тануға болады. Даңқ ордені екі дәрежелі
болып бөлінеді. Оның 1-дәрежесі жұлдыздан, аспалы лентаға тағылатын
белгіден тұрады. Өрнектелген сегіз бұрышты жұлдыздың жоғары жағына сатылы
түрдегі күн сәулесі бейнеленген, оның 8 үшкілдеу шапағы лағыл тастармен
безендірілген. Жұлдыздың ортасында қару мен дөңгелек қалқанның бейнесі бар.
Қалқанның оң және сол жағын жиектеген аспаннан көк жолақты лавр бұтағы
көмкеріп тұр, ал лағыл түсті төменгі жиекшесіне Даңқ деген сөз жазылған.
Қалқанның ортасындағы ақ түсті бөлікке 3 жебелі садақ бедершесі орналасқан.
Жұлдыздың диаметрі 67 мм. Жұлдыздың артқы жағында күрделі құлыпты түйреуіш
түріндегі бекіткіші бар. Орден белгісі құлақша мен шығыршық арқылы құлпырма
түкті аспалы таспаға біріктірілген. Сары, жасыл және көк жолақтары бар
қызыл таспаның ені- 100 мм. 2- дәрежелі Даңқ орденінің сипаты да осыған
ұқсас. Тек мұнда орденнің белгісі құлақша мен шығыршық арқылы бесбұрыш
пішіндегі тақшаға біріктірілген. Жұлдызша мен орден белгілері алтынмен
апталып күмістен жасалған. Марапаттау рәсімі реттілікпен яғни әуелі 2-
дәрежелі, содан соң 1- дәрежелі Даңқ орденін беру тәртібімен жүзеге
асырылады (5, 147 бет).
“Достық” ордені. Онымен елдегі қоғамдық келісімді сақтауға, халықтар
арасындағы бейбітшілікті, достық пен ынтымақтастық ахуалын нығайтуға үлес
қосқан азаматтар марапатталады. Достық ордені екі дәрежелі болып
белгіленеді. Оның 1- дәрежесі өрнектелген сегіз бұрышты жұлдыздан және
аспалылентаға тағылған орден белгісінен тұрады; Сатылы түрде шұғыла шашқан
сәуле шапақтарының бетіне орналасқан жұлдыздың ішкі бедері лағыл тастармен
безендіріліп, төменгі бөлігіне алқызыл түспен Достық деген сөз жазылған.
Жұлдыздың ортасына шеңбер түріндегі картаның – Қазақстан шекарасы
айшықталған Еуразия құрлығының кескіні көгілдір және алтын түстес эмальмен
бейнеленген. Жұлдыздың диаметрі – 67 мм. Оның артқы жағында күрделі құлыпты
түйреуіш түріндегі бекіткіші бар. Орденнің белгісі құлақша мен шығыршық
арқылы құлпырма түкті аспалы таспаға біріктірілген. Екі сары, жасыл және
көк жолақтары бар қызыл таспаның ені – 100 мм. 2- дәрежелі Достық
орденінің сипаты да осыған ұқсас. Тек мұнда орденнің белгісі құлақша мен
шығыршық арқылы бесбұрыш пішінді тақшаға біріктірілген. Тақшаның ені – 34
мм, биіктігі – 50 мм, екі сары, жасыл және көк жолақтары бар қызыл түсті
құлпырма жібек таспамен қапталған. Орден белгісінің диаметрі – 45 мм.
Жұлдызша мен орден белгілері алтынмен апталған күмістен жасалған. Достық
ордені мен марапаттау рәсімі реттілік тәртібін сақтамай жүзеге асырылуы
мүмкін (5, 281 бет).
Шапағат медалімен азаматтар белсенді де жемісті қамқоршылық қызметі
мен қайырымдылық ісі үшін марапатталады. Бұл медальдің белгісінде Қамқоршы,
мейірбан, адал құс қарлығаштың бейнесі бедерленген. Қазақта: Қарлығаштай
қанатымен су сепкен деген мәтел сөз бар. Яғни бұл сөздің төркіні
адамгершілік қасиеті жете дарыған, қамқоршы, адал, мейірбан жандардың
жақсылық, ізгі амалдарын дәріптейді.
Жалпы айтқанда, қазақтың қазіргі фалеронимдерінің әрқайсысының
өзіндік белгісі мен өзіндік ерекшелігі бар. Барлығы да ұшқыр ойдың жемісі,
әсіре ойталқының нәтижесі, халықтың сан ғасыр тарихы мен саналы салт-
дәстүрінің негізінде сараланған, халық болмысымен байланыстырып,екшеліп
алынған мәнді, мағыналы сөздер.
Жалқы есімнің табиғатын зерттеу, олардың ерекшеліктерін анықтау,
семантикасы мен этималогиясын ашу, әр халықтың, әр аймақтың жалқы есімін
сөзжасамдық құрылымын талдау зерттеушілерді жалқы есімді тарихы ғана емес,
ұлттық та деген тұжырым жасауға итермелейді. Ұлттық ономастиканың
ерекшеліктері олардың белгілі бір ұлттық тілге қатыстылығында ғана емес,
сонымен қатар ұлттық онимия жасалып, қалыптасқан ұлттық мәдениетке де
байланысты [Қайдаров, Керімбаев 1990]. Сол себептен жалқы есімнің ұлттық
ерекшелігі жөніндегі деректі халықтың ұлттық мәдениетінен іздеу керек. Бұл
тұлғадан жалқы есімге қатысты Ұлттық- мәдени ерекшелік дегеніміз халықтың
біртұтас әлемге деген көзқарасы, әлеуметтік және материалды мәдениеті,
сонымен бірге олардың жалқы есімнің семантикасында көрініс табуы (6, 124
бет).
Қазақ фалеронимдерінің ұлттық – мәдени ерекшелігіне, семантикасына,
атау беру табиғатына жан- жақты сипаттама келесі тарауша Қазақ
фалеронимдерінің атаулық табиғатында айтылады.

2.2 Қазақ фалеронимдерінің атаулық табиғаты.
Тәуелсіздік туын желбіреткен қазақ елінің еңсесін тіктеп, егемендік
алғанына міне биыл он алты жылға жуықтады. Мемлекеттік тіл қазақ тілі деп
ата заңымызда бекіткен жылдардан күні бүгінге дейін ана тілі қазақ тілінің
қолдану аясын кеңейтуді көздеген түрлі қаулықарар, заң актілері қабылданып
келеді.
Біздің бүгінгі зерттеу жұмысымызға арқау болып отырған марапат
белгілерін беру мәселелеріне де қатысты 1995 жылдың желтоқсанының 12-де
арнайы бекітілген заң бар. Қазақстан Республикасының мемлекеттік
наградалары туралы деп аталатын заң негізінде Қазақстан Республикасындағы
мемлекеттік наградалар туралы ереже қарастырылады.
Бұл нормативтік актілер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының құрмет
белгілері. Қазақстан Республикасы президентінің 1994 жылғы 2 наурыздағы
жарлығымен белгіленгенін ескерсек мемлекеттік марапат белгілерімізде Ұлттық
нақыш, Ұлттық ерекшеліктің болуы заңды. Мәселен, Қазақстан Республикасының
ең жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі Алтын Қыран – деген атауының
астарына үңілсек, бұл сөз тіркесі қазақ халқына түсінікті ұғымдармен
құрылған.
Ежелден-ақ төрт түлік малын тіршіліктің кілті еткен халқымыздың
тұрмысында аңшылық пен құсбегілік өнер де ерекше үрдіске айналды.
Қансонарда бүркітші шығады аңға деп ақын өлеңінде көрініс тапқандай,
қыран сөзі қазақ үшін бейнелі, кестелі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әдістемелік нұсқау
Қазақстанның қазіргі заман тарихы
Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі
Қазақстанда оқушыларға этномәдени білім берудің қалыптасуы мен дамуы
Әдеби сын жанрындағы сыншылдық көзқарастар мен сынның жанрлық формасы
Шетелдегі этникалық қазақ қауымының қалыптасуы мен қазақтардың репатриациясы тарихын зерттеудегі негізгі тұжырымдар
Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы пәні және оның міндеттері
Қазақстанда тарихи білімнің қалыптасуы мен дамуы: тарихи-теориялық зерттеу (1920-2001 жж.)
«Түркі халықтарының тарихы» пәнінен оқу-әдістемелік кешен
ОРТА ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАҢДАҒЫ ТӘРБИЕ, ОҚЫТУ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЙ-ПІКІР (ҮІ-ХУІІ ғ.ғ)
Пәндер