Халық Ағарту Комиссариаты қоры құжаттарының Қазақстанның мәдени даму тарихындағы деректік маңызы


ЖОСПАР:
Кіріспе. (2-9)
1. Халық Ағарту Комиссариаты қорының пайда болуын сынау. (10-27)
1. 1 Халық Ағарту Комиссариатының тарихы. (10-19)
1. 2 Халық Ағарту Комиссариаты қорындағы құжаттардың құрамы мен сипаты. (20-27)
2. Халық Ағарту Комиссариаты қоры құжаттарының Қазақстанның мәдени даму тарихындағы деректік маңызы. (28-52)
2. 1 Халық Ағарту Комиссариаты құжаттары беттеріндегі Қазақстандағы XX ғасырдың 20-30 жылдарындағы ағарту мәселесі. (28-44)
2. 2 Халық Ағарту Комиссариаты құжаттары беттеріндегі мәдениет пен ғылым орталықтарының қалыптасу кезеңдері. (45-52)
Қорытынды. (53-55)
Пайдаланған әдебиеттер тізімі. (56-60)
Кіріспе.
Бітіру жұмысының өзектілігі. Казіргі уақытта халқымыз өркениетке ұмтылып, ұлттық сана-сезімді калыптастыруға кіріскен тұста және Қазақстан Республикасының бүкіл дүниежүзілік тарихи процесте алатын орны айқындалып жатқан кезде оның өткен тарихын жан-жақты оқып-үйрену мен зерттеудің қажеттілігі артып, оған үлкен мән берілуде. Әсіресе, мұндай қажеттілік Қазақстан тарихының кейбір күрделі кезеңдерін мұқият зерттеп, қалыптасқан көзқарастарды өзгертіп, қайта қарау да заңды құбылысқа айналды. Себебі, Кеңестік әміршіл-әкімшіл жүйе жағдайында қалыптасқан тарих ғылымы ел өміріндегі елеулі оқиғалар мен фактілерді көп жағдайда біржақты көрсетіп, ақиқатты бұрмалап, қисынсыз пікірлерге негізделген теориялық тұжырымдымалардың пайла болып, орнығуына жол ашылды. Ал Қазақстанның тәуелсіздік алуына байланысты тарихи оқиғаларды жаңа тарихи таным бағытында шынайы, төл деректер негізінде қайта зерттеп, зерделеу мүмкіндігі туды.
Қазіргі таңда оқу-ағарту мен мәдениет мәселесінің еліміз тарихындағы ролі бағалануы тиіс. Әсіресе, кеңестік мәдени-ағарту жүйесі туралы қалыптасқан көзкарастарды қайта қарау тарихшылар алдындағы үлкен міңдст. Мәселені шынайы, ақиқатты тұрғыдан зерттеу, төл деректерді пайдаланып, деректанулық талдау негізінде жүзеге асады. Кеңес билігі орнаған бетте-ақ Қазақстандағы білім, мәдениеттің дамуына баса назар аударылды. Бұл жағдай қоғамдық өмір мен мәдениеттің тоғысқан орны - Халық Ағарту Комиссариатын үлкен рухани орталыққа айналдырды. Қазақстандағы XX ғасырдағы 20-30 жылдардағы мәдениет тарихын Халық Ағарту Комиссариаты қорының құжаттарын деректанулық талдаудан өткізу арқылы зерттеу әлі де болса қолға алынбаған.
Бітіру жұмысында зерттеліп отырылған тақырып, бүгінгі таңда Отан тарихында өзекті мәселенің бірі ретінде көптеген зерттеушілердің қызығушылығын тудырып, зерттеу обьектісіне айналғаны тарихнамаға қосылған еңбектерден белгілі. Сондықтан, кез-келген зерттеуші зерттеліп отырған мәселенің өзектілігін ашу үшін мұрағат қойнауындағы деректерге жүгінеді. Деректанулық тұрғыдан айтар болсақ, тарихи деректанудың өзекті мәселесі - деректегі барлық сақталған ақпаратты ала білу жолдарын іздестіружәне сол ақпаратты тарихи зерттеулерде ғылыми пайдалана білу тәсілдерін жасау, ал сол тәсілдерінің ең бастыларының бірі - деректанулық сын. Деректік құжаттар зерттеу мәсеелесінің шынайы түрдегі ғылыми құндылығын арттырады. Тарихтың жемі болып табылатын кез-келген шынайы дерек өзінің табиғаты жағынан обьективті, өйткені ол белгілі-бір оқиғаның немесе қоғамдық құбылыс салдарынан пайда болды. Сондықөтан сол оқиға не қоғамдық құбылысөз бойында мәлімет сақтайды. Екінші жағынан, кез-келген дерек субьективті, себебі оны белгілі бір субьект жасайды. Жазба деректердің үлкен тобын құрайтын мұрағаттық құжаттарға, Соның ішінде Халықт Ағарту Комиссариаты қорының құжаттарына, Қазақстандағы XXғасырдың 20-30 жылдарының мәдени процестерге қатысты туындаған оқиғаларға обьективті баға беру үшін, дәл осындай талдаудан өткізу қажет. Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік Мұрағатында жиналған Халық Ағарту Комиссариаты қорының құжаттарын жүйелеп, оларды деректік талдаудан өткізу қажеттілігі зерттеліп отырған тақырыптың өзектілігін дәлелдей түседі.
Мәселенің зерттелу деңгейі. Халық Ағарту Комиссариаты қоры кұжаттарының зерттелуі 1920-30 жыдарда-ақ басталды. Оның себебі Комиссариат казақ зияллыларының ең көп топтаскан басты мекемелердің бірі еді. 1920 жылдардан-ақ, Қазақстандағы мәдени-ағарту мәселесі Халық Ағарту Комиссариатында қызмет еткен зиялылардың зерттеу объектісіне айналды. Халық Ағарту Комиссары А. Байтүрсыновтың ағарту саласындағы сіңірген еңбегі, алар орны белгілі казақ зиялыларының мақалаларыңда ашылды /1/. Сонымен катар, алаштық зиялылар мәселесін, олардың 20-30 жылдардағы мәдени құрылысқа сіңірген еңбектерін алғашқылардың бірі болып көтерген Т. Рыскүлов еді /2/.
Жиырмасыншы жылдардың бірінші жартысында Халық Ағарту Комиссариаты жылдық есептерін баспасөз бетінде жариялап отырды. Ағарту ісінін дәл сол кезде қалай дамып жатқандығын мекеме құжаттарының ашық жариялануы көрсетіп берді. Кейбір басылымдар Халык Ағарту Комиссариатының кұжаттарын пайдаланып, Комиссариаттың жұмыс барысы мен оның статистикалык материалдарын анықтай алды /3/.
Халык Ағарту Комиссариатының кұжаттарын партиялық және кеңестік қызметкерлердің пайдалануы кеңестік тарихнамада 30-шы жылдардан бастау алады. Халық Ағарту Комиссариатының қызметкері Г. Береза «Проблема кадров в Казахстане» атты еңбегінде әртүрлі салада даярланып жаткан маман кадрлар жағдайын, жоғары оқу орындарының мәселеге үлесін көрсетті /4/. Партиялық және кеңестік қызметкерлер де макалаларыңда 30-жылдар басындағы жалпыға бірдей білім беру мәселесін карап отырды /5/. Сонымен катар, Халық Ағарту Комиссарлары мен казақ зиялылары мәдени-ағарту саласының тарихының зерттелуіне өз үлестерін қосты. Авторлар макалаларында Халык Ағарту Комиссариатының материалдарын кең түрде пайдаланды /6/.
Казақ зиялыларының мерзімді басылымдардағы макалаларын пайдалану арқылы кеңес мектебінің кемшіліктерін М. Шоқаев ашып берді. Ол Халық Ағарту Комиссары К. Тоқтыбаев пен Ф. И. Голощекиннің газет бетіндегі материалдарын қарай отырып, «казақ халқының кеңес үкіметі тұсындағы ұлы жетістігі» деп есептелінген кеңес мектебін сынап өтті /7/. Халық Ағарту Комиссариатының кызметкері Д. Авксентьевский өз еңбегінде Казақ Мемлекетгік Унивсрситетінің ашылуын нақты құжаттармен баяндап өтеді /10/. Айтылып отырған кездегі мәдени-ағарту мәселесі, ондағы казақ зиялыларының қызметі бір-бірімен байланысты, үлкен тарихнамалық процесті құрайды.
1950-1960 ж. ж. 1920-30 жылдардағы мәдени құрылыстағы Кенес өкіметінің жетістіктерін керсеткен ғылыми жұмыстар пайда бола бастады. Алайда, бұл еңбектерді біржақты түрде карай алмаймыз. Себебі, олар мәдени құрылыстың кемшіліктерін де нақты бейнелеп отырды. Авторлардың негізгі мақсаты - Қазақстанда 1920-1930 жылдарда кең түрде жүргізілген мәдени құрылыс саясатын, сауатсыздықты жою ісін, кеңес органдарының ағарту саласындағы жстістіктерін кең талдау. Ғ. С. Сапарғалиев зерттеу жұмысында үкіметтің басшы органдарының қүжаттарын пайдалана отырып, кеңестік ағарту саясатына тоқталды /8/. Кеңес мектебінің тарихының негізін салушы ретінде біз А. И. Сембаевты айта аламыз. А. И. Сембаев өзінің монографиялық еңбегінде Халық Ағарту Комиссариатының Казақстаңдағы мектеп ісі тарихындағы рөлін фактологиялық материалдармен ашып, Казақ АКСР-і оқу ісін кең түрде баяндап өтті /9/. Кеңес тарихнамасынды мәдени-ағарту саласын терең зерттеген, монографиялық еңбектер арнаған Р. Б. Сүлейменов болды. Тарихшылардың ішінде бірінші болып, ол бүкіл мәдени-ағарту ісіне, сауатсыздықты жою мәселесіне кең тоқталған. Халық Ағарту Комиссариаты қорының материалдарын ішінара қолданып, терең зерттеулер мен методологиялық негіздер аркылы оқу ісінің тарихы, мәдени төңкеріс саясатын ашуда үлкен рөл атқарды /10/. Р. Б. Сүлейменов сонымсн катар, белгілі қазақ зиялысы, Халық Ағарту Комиссары болған Т. Жүргеновтің ғылым мен ағарту саласындағы еңбегін ашық көрсетті /11/. Кеңестік тарихнамада жоғарғы оку орындарының тарихын кеңінен зерттеген - белгілі тарихшы Қ. Жаманбаев. Ол өзінің зерттеу жүмысында Халық Ағарту Комиссариатында қызмет еткен казақ зиялыларының жоғары оку орнын ашудағы қызметтерін кеңестік заман түрғысынан кең баяндады /12/.
1970-80 жылдарда да Казақстанның мәдени құрылысы тарихынан көптегсн зерттеулер жазылды. Олар кеңестік рухта жазылған еңбектер болғандыкган, көбінесе мәдени-ағарту саласыңдағы жетістіктер баса айтылды. X. Хабиевтің, Ж. Өтебалдиевтың, М. Абдулкәрімовапардың диссертациялық жүмыстары мәдени-ағарту жүмысының дамуына арналды. Еңбектерде белгілі бір дәрежеде Комиссариат материалдары дерек ретінде алынып, Казақстанның ағарту саласының бастапқы кезеңі 1932 жылға дейінгі Кеңес өкіметінің мәдениет саласындағы кызметі ашылып көрсетілді /13/.
Қазіргі Казақстан тарихнамасында мәдени-ағарту мәселесі де зертгеушілер еңбектеріндс орын алды. Казақстанның 1920-30 жылдардағы мәдени-ағарту ісі, Кеңес өкіметінің сауатсыздықты жою бағытында жүргізген саясаты Халық Ағарту Комиссариатының қорын пайдалану арқылы зерттеуші Х. Табылдиевтің еңбегіңде кең түрде ашылды /14/. Халық Ағарту Комиссариатынын мемлекеттік мекеме ретінде калыптасуы Ш. Тәукебаеваның зерттеу еңбегінің өзекті мәселесіне айнадды. Автордың диссертациялык еңбегі Комиссариаттың кызметін Халық Ағарту Комиссариаты қорын пайдалану арқылы жан-жақты ашқан зерттеулер катарына жатады/15/. Көрнекті қазақ зиялылары О. Жандосов пен С. Сәдуақасовтың қоғамдық-саяси және Халық Ағарту Комиссариатындағы кызметтері зерттеушілер Г. Нұрымбетованың /16/, Р. Елмырзаеваның /17/ диссертациялық жұмыстарында кең түрде ашылды. Мәдени-ағарту саласының мәселелеріне тікелей араласып отырған қазақ зиялы қауымының көрнекті өкілі Ә. Бөкейхановтың қызметі А. Мамраеваның еңбегіне арқау болған. Автор көптеген деректерді ғылыми айналымға ендірді /18/. Қазақстанның 1920-30 жылдарындағы мәдени-ағарту тарихын зерттеуде М. Қойгелдиев /19/, Т. Омарбековтың /20/ қосқан үлесі зор.
Бітіру жұмысында Халық Ағарту Комиссариаты қорын деректанулық тұрғыдан зерттеген А. Мұсағалиеваның диссертациялық еңбегіне ерекше мән берілді /21/. Автор қор құжаттарына терең деректанулық талдау жасап, құжаттардың сыныпталуы, сақталу фомасы, деректерді сынау сияқты мәселелерге тоқталып өтті. Ол қор құжаттарына деректанулық талдау жасау арқылы Қазақстандағы мәдени-ағарту процестерге тоқталғанымен, оны толық ашпады деуге болады. Себебі жұмыстың негізгі бағдары - қор құжаттары арқылы қазақ зиялылырының қызметін ашу. Архив қорларына деректанулық талдау жасауда Г. А. Сексенбаева, С. А. Жакишеваның диссертациялык енбектеріне ерекше мән берілді /22/.
Бітіру жұмысын жұмысты орындау барысында деректанудың теориялық-методикалық мәселелеріне арналған Қ. А Атабаевтің /23/, және де Қ. А. Атабаев пен М. А. Қадыртаеваның /24/ бірлесіп жазған еңбектері, И. Д. Ковльченконың еңбетері /25/ кеңінен қолданылды. Іс жүргізу кұжаттарымен жұмыс жасауды Тихомировтың еңбектері ашып береді. Еңбектерде жазба деректердің спецификалық түрі іс жүргізу қүжаттарына дерекганулық теориялық-методологиялық негізінде назар аударылып көрсетілді /26/. Қазақстандық зерттеушілер ішінде іс жүргізу күжаттарын жазба деректердің түрі етіп пайдаланып, деректанулық диссертация жазған М. А. Қадіртаеваны айтуға болады /27/.
Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеттері . Жұмыстың мақсаты - Қазақ АКСР Халық Ағарту Комиссариаты қорының кұжаттарын Қазақстанда 1920-30 жылдарда мәдени тарихын обьективті түрде зерттеу үшін тарихи дерек ретінде пайдалану. Осы мақсатқа байланысты жүмыста мынадай міндеттер қойылды:
- қор кұжаттарының кұрылымына қарай отырып, Халық Ағарту Комиссариатының 1920-36 жылдар аралығындағы мәдени-ағарту саласындағы қызметіне байланысты кажетті деректердің кешенін бөліп алу және қор құжаттарын сол кезеңдегі мәдениет тарихының дерек көзі ретінде пайдалану;
- қор кұжаттарының негізінде Қазақ АКСР Халық Ағарту Комиссариатының тарихын жазып, оның XX ғасырдағы 20-30 жылдардағы мәдениет тарихындағы рөлін айкындау;
- қор кұжаттарын талдау арқылы Кеңес өкіметінің мәдени-ағарту саласындағы саласындағы саясатын көрсету, істелінген шараларға баға беру;
Бітіру жұмысының мерзімдік ауқымы. 1920-36 жылдар аралығын қамтиды. Себебі, Халық Ағарту Комиссариаты осы жылдар аралығында қызмет атқарды және де оның қызметіне сәйкес Қазақстанда осы кезеңде ғылыми-мәдени орындар қалыптасты, ағарту саласының негізі қаланды. Қазақ мәдениетінің дамуындағы жаңа бір сатысы осы кезеңде болды.
Бітіру жұмысының деректік негізі. Жұмыстың негізгі деректері ретінде, Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік Архивінде № 81 «Халық Ағарту Комиссариатының» қоры алынды. Қорда Халық Ағарту Комиссариатының 1920-36 жылдар аралығындағы қызметіне байланысты құжаттар жинақталған. Халық Ағарту Комиссариатына байланысты құжаттарды тағы да мына қорлардан табуға болады: Қазак АКСР Орталық Атқару Комитеті (№ 5 қ), Халық Комиссарлар Кеңесі (№ 30 қ) .
Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік Мұрағатында Халық Ағарту Комиссариатына қызметіне байланысты төмендегілей қорлар бар:
1) . 1201 қ. р. - ҚАКСР ХКК-інің жанындағы ғалымдарға көмектесу жөніндегі комиссия. (1932-1933 ж. ж. )
2) . 927 қ. р. - Орталық Атқару Комитеті жанындағы студенттердің жағдайын жақсарту жөніндегі комисия. (1924-1925 ж. ж. )
3) . 920 қ. р. - ХАК-ының кәсіби-техникалық білім беру Бас Комитетінің Индустриялық техникумы. (1917-1922 ж. ж. )
4) . 203 қ. р. - ХАК-ының кәсіби-техникалық білім беру Бас Комитетінің Политехникалық институты. (1921-1923 ж. ж. )
5) . 929 қ. р. - Қазақстанның Мемлекеттік баспасы. (1921-1940 ж. ж. )
6) . 1386 қ. р. - РСФСР-дің жалпы Мемлекеттік баспасының Қазақ Өлкелік баспасы. (1931-1936 ж. ж. )
7) . 1252 қ. р. - ҚАКСР Орталық Атқару Комитеті Президиумы жанындағы Ғылым Комитеті. (1933-1937 ж. ж. )
8) . 740 қ. р. - ҚАКСР Орталық Атқару Комитеті жанындағы жаңа Қазақ алфавиті жөніндегі Орталық Комитет. (1927-1937 ж. ж. )
9) . 1308 қ. р. - Қазақстанның Орталық Мұражайы. (1927-1934 ж. ж. )
10) . ҚАКСР Орталық Атқару Комитетінің балалар комиссиясы. (1921-1938 ж. ж. )
Бітіру жұмысының методологиялық жәие теориялық негізі. Бітіру жұмысының, методологиялық негізіне тарих ғылымының колданылып жүрген обьективтілік, тарихилық, жүйелілік жәнс даму принциптері алынды. Деректерді таңдаута құжаттарды жан-жақты және кешенді зерттеуді басшылыққа алынып, мәселені обьективті түрде ашуға тырыстық.
Бітіру жұмысының құрылымы. Бітіру жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдын және пайдаланған деректер тізімінен тұрады.
1. Халық Ағарту Комиссариаты қорының құжаттарының пайда болуын сынау.
1. 1 Халық Ағарту Комиссариатының тарихы.
Халық Ағарту Комиссариаты 1920 жылдың қазан айында Кирревкомның Халық Ағарту Бөлімі негізінде 4-12 қазан аралығында өткен І Бүкілқазақтық кеңестер сьезінің шешімімен құрылды /28/.
Құрылған күннен-ақ Халық Ағарту Комиссариаты жұмысы Кеңестік мәдени саясатында басты орын алды. Осыған байланысты, Орталық Атқару комитеті республикадағы барлық жұмысшыларды және ағарту бөлімдерін құрылған комиссариат қарамағына жіберу үшін керекті қаулылыр қабылдай бастады. Сонымен Халық Ағарту комиссариаты «республикадағы барлық мәдени және саяси-ағарту жұмысты анықтайтын және бағыттайтын орталық мемлекеттік мекемеге айналды» /29/.
Халық Ағарту Комиссариатының басты мақсаты төмендегідей болды:
1) . Халық ағарту ісіндегі теоретикалық, жобалық және идеялық басшылық.
2) . Халық арасында барлық саяси-ағарту жұмысына басшылық.
3) . Балалар мен жасөспірімдер арасында әлеуметтік тәрбие ісіндегі басшылық.
4) . Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылыққа қажетті жұмысшылар дайындау ісіндегі жалпы басшылық.
5) . Әдеби-баспа ісіндегі басшылық /15, 32б/.
1920 жылдың қараша айында ҚАКСР Халық Комиссарлар Кеңесінің мәжілісінде Халық ағарту Комиссариатының Коллегиясы құрылады. Оған А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, И. Акуловжәне т. б. зиялылар кіреді /30/.
Халық Ағарту Комиссариатын құру кезінде, осы кезеңнің басқа да мемлекеттік құру кезіндегідей көптеген қиыншылықтар туындады. Олардың бастылары, әрине, мекеме қызметкерлерінің жетіспеуі және жұмысқа ыңғайлы құрылымның болмауы. Бұл мәселені шешумен өкімет айналысты. Мысалы, Қазақстандағы білім берудің маңыздылығын ескре отырып ҚАКСР Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлар Кеңесі Халық Ағарту Комиссаритына әң жақсы мамандарды тарту және лорды тұрғын үймен, киіммен және тамақпен қамтамассыз ету туралы шешім қабылдайды/31/. Барлық білімді халықты мобилизайиялау жарияланады /31, 10б/. Білімді қазақтарды мобилизациялау жоспарын жасау А. Байтұрсыновқа тапсырылады.
Комиссариатты құру кезіндегі қиыншылықтар тек қана осымен шектелмеді. Оған, материалдық-техникалық базаның болмауы, жергілікті халықтың өзіндік ерешіліктері (көшпелі және жартылай көшпелі өмірі) және т. б. жатқызуға болады. Өлкенің әкімшілік-территориялық бытыраңқылығы және Қазақстанның ішкі саяси жағдайы да бұл прцеске кері ықпалын тигізді.
Құрылу кезінде Комиссариат жергілікті халық ағарту бөлімдерінің жиылыстарын шақырумен, саутсыздықты жоюмен, Сібір Халық Ағарту Бөлімі мен Түрікмен Халық Ағарту Комиссариаты арасындағы қарым-қатынасты нығайту мәсәләсімен айналысты. Осыған байланйсты 1921 жылы 25 қаңтарда өткен І Жалпы қазақ ағарту конференциясында резолюция қабылдады. Резолюцияда республикадағы мәдени және саяси-ағарту жұмысының біріккен жоспарының керек екендігі айтылды. Жоспарда тәрбие және білім беру мекемелерінің жүйесін қалыптастыру, халық арасында сауатсыздықты жою, мәдени күштенрді есепке алу және жұмысқа тарту мәселелері қаралды /28, 30б/.
Мұрағаттағы 1921 жылғы қаңтар айының материалдарына жүгінсек, біз Халық Ағарту Комиссариатының мемлекеттік мекеме ретіндегі алғашқы құрылымы туралы мәліметтерді көре аламыз /32/. Бұл кезеңде Комиссариат коллегиядан, істер басқармасынан және жалпы канцеляриядан, 4 сектордан, 2 басты комитеттен тұрды. Комиссариаттың 4 секторы:
1) . Әлеуметтік тәрбие секторы.
2) . Ұйымдастырушылық сектор.
3) . Ғылыми сектор.
4) . Көркем секторы.
2 басты комитеті:
1) . Саяси-ағарту жұмысы жөніндегі комитет.
2) . Кәсіби-техникалық білім беру комитеті.
Комиссариаттың әрбір комитеті мен секторларының өз канцеляриясы және бухгалтериясы болды. Комитеттер мен секторлар өз алдына бөлім мен бөлімшелерден тұрды. 1921 жылы олардың саны 20 бөлім мен 55 бөлімшеге жетті. Осы жылдың ақпан-наурыз мәліметтеріне жүгінсек, Комиссариатта 85 адам жұмыс істеді.
Әлеуметтік тәрбие беру секторының функциясы мектеп және балаларды қорғау бөлімдеріне өтті. Осы жылдары мекиеп бөлімінің басшылығында Б. А. Сарсенов тұрды. Сарсеновтың қол астында 4 бөлімше тұрды: жалпы канцелярия, жалпы білім беру, мамандарды даярлау, мектеп пен ақпараттық-инструкторлық. Бөлімде 7 қызметкер жұмыс істеді, кейін инструкторлардың көбеюіне байланысты, олардың саны 19-ға жетті /33/. Балаларды қорғау бөлімін А. К. Заозерова-Яковлева басқарды. Қарамағында 4 бөлімше болды: ақпараттық-инструкторлық, жалпы канцелярия, бухгалтерия және мамандарды даярлау. Қызметшілер саны - 4.
Көркем секторының басшысы, қарамағында 14 қызметкері бар, Ж. Аймауытов болды.
Ұйымдастыру секторы 13 қызметкер, 4 бөлім мен 5 бөлімшеден тұрды.
Ғылыми сектордың басшысы - А. П. Чулошников, қарамағында 4 бөлім болды: ғылыми, мұражай, мұрағат басқармасы және көркем комитеті. Ғылыми бөлім 2 бөлімшеден тұрды: ғылыми және ғылыми-кітіапханалық. Ғылыми сектор ғылыми комиссияның негізінде құрылды /34/.
Халық Ағарту Комиссариатының басты бөлімдерінің бірі - кәсіби-техникалық білім берудің бас комитеті. Кәсіби-техникалық білім берудің бас комитетінің құрылуы 1920 жылы қаңтар айында құрылған мектеп бөлімшесенің құрамына кірген кәсіби-техникалық білім беру секциясымен байланысты /35/. Бұл секция басқару-ұйымдастыру мәселелерін шешумен ацналысты және барлық кәсіби-техникалық білім беру мекемелерін басқарды. 1920 жылы маусым айында кәсіби-техникалық білім беру секциясы мектеп бөлімшесінен бөлініп, жеке бөлімше ретінде қалыптасты /35, 108б/.
Саяси білім беру мәселесіне жауап беретін келесі бір бөлімше - саяси-ағарту бас комитеті. Комитет басшысының қызметі А. Кенжинге жүктелді. Үстіне салынған міндеттердің көптігінен, бұл комитеттің құрылымы Халық Ағарту Комиссариатының басқа бөлімдеріне қарағанда, ең күрделі болды. Комитет қарамағына 6 бөлім, 13 бөлімше және 27 қызметкер кірді. Бірақ комитеттің осындай құрылымы көп уақыт сақталмады. 1922-1924 жылдары комитет бөлімнен тұрды. Олар: жалпы, үгіт және насихат бөлімдері.
1921 жылғы аштық нәтижесінде, Халық Ағарту Комиссариаты өз жұмысын дұрыс атқара алмады. Барлық күштер аштықпен күресуге бағытталды. Комиссариат қарамағында аштыққа ұшырағандарға қөмек беру мақсатында арнайы комиссия құрылды /36/. Бұл комиссия жұмысына А. Кенжин, Лазов, Пугачевская сияқты Халық Ағарту Комиссариатының белгілі қайраткерлері белсене араласты. Осы кезеңде, аштыққа байланысты мектептердегі сабақтар тоқтатылды /36, 10б/.
РСФСР Халық Ағарту Комиссариатының қаулысына сәйкес, ҚАКСР Халық Ағарту Комиссариатының Құрылымы 1921 жылы бірқатар өзгерістерге ұшырайды. Бұл мәселе 1921 жылы 18 мамырда ҚАКСР Халық Ағарту Комиссариатының коллегиясы мәжілісінде талқыланады. Жаңа қаулыға сәйкес, комиссариа енді 4 басты комитеттерден тұрды. Олар: әлеуметтік тәрбие; орталық кәсіби-техникалық білім беру; саяси-ағарту; мемлекеттік баспа. Сонымен қатар комиссариат құрамында тағы 2 орталық болды. Ұйымдастыру орталығы барлық әкімшілік-ұйымдастыру, қызмет көрсету мәселелерімен айналысса, Академиялық орталыққа республикадағы ғылыми-методикалық мәселелер қарасты болды.
ҚАКСР Халық Ағарту Комиссариатының жұмысының функциясын бәлірек анықтау және соған сәйкес құрылымын ұйымдастыру үшін ҚАКСР Халық Комиссарлар Кеңесі 1921 жылы тамыз айында комиссариатқа байланысты жаңа қаулы қабылдайды. Қаулы бойынша ҚАКСР Халық Ағарту Комиссариатының құрылымының жүйесі РСФСР Халық Ағарту Комиссариатының жүйесімен ұйымдастырылды. Енді, комиссариат құрамында 2 орталық, 4 басты басқарма және бас әдеби комитет болды. Комиссариат құрылымы төмендегідей жүйемен құрылды:
1) . Әлеуметтік тәрбие мен балаларға саяси білім беру бас басқармасы.
2) . Жоғарғы оқу орындарының кәсіби-техникалық білім берудің бас басқармасы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz