«Адасқандар». романнан повестке


РЕФЕРАТ
Бітіру жұмысының тақырыбы: Қ. Ергөбек Сәбит Мұқанов шығармашылығын зерттеуші
Бітіру жұмысының көлемі: 41 бет
Бітіру жұмысының құрылымы: Жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Негізгі тарауда Қ. Ергөбектің өмірі мен шығармашылығы жан-жақты жазылып, зерттеушінің әдебиет жолына түсудегі қадамы айқындалады.
Бірінші тарауда зерттеушінің ғылыми, сыни еңбектері талқыланып, жекелеген шығармалары аясында сөз қозғалады.
Екінші тарауда Сәбит Мұқановтың «Адасқандар» романының зерттеуші еңбегінен көрініс табуы мен жаңаша бағыт алуы айтылады.
Үшінші тарауда Қ. Ергөбек зерттеулеріндегі Сәбит Мұқановтың фольклор зерттеуші ретіндегі қыры баяндалaды.
Бітіру жұмысының мазмұнын сипаттайтын тірек сөздер: Шығармашылыққа адалдық, еңбекқорлық, шеберлік, рухани байлық пен биік талғам.
Бітіру жұмысына пайдаланылған әдебиеттер саны: 22
КІРІСПЕ
Қандай халық болмасын өзінің азаматтық тарихына енжар қарай алмаса керек. Әдебиет тарихы - халықтың азаматтық тарихымен сабақтас құбылыс. Адамның тынымсыз еңбегімен, зерек ақыл, ыстық жүректің жылуымен бірлікте ғана жасауы мүмкін таланттың қыр-сырына арнайы үңілу бұл жұмыстың мақсаты емес. Алайда шығармашылық және зерттеушілік болмысын талант пен еңбектің бірлігінен тыс түсіндіруге болмайтын, табиғатында талантты, ғұмырында еңбекқор, қазақ әдебиеттану ғылымының қазіргі белді өкілі, көрнекті сыншы, филология ғылымының докторы, профессор Құлбек Ергөбектің терең еңбек жолы, терең шығармашылық келбеті, терең ғылыми ізденістері туралы сөз бола қалған жағдайда алдымен талантты өз ғұмырында шығармашылықтың қиындығы мен қызығына бірдей жұмсап үлгерген Құлбек Ергөбек қазақ әдебиеттану ғылымының қыр сырына қанық бұл жолға таланты мен күш қайратын бірдей жаныған ғалым.
Әлеуметтік, танымдық-мазмұндық тұрғыдан алғанда да, эстетикалық, әдеби-көркемдік тұрғыдан алғанда да аса маңызды зерттеу еңбектерінің атына заты сай болуын қамтамасыз ететін принциптері. Мұның өзі зерттеушіге зор жауапкершілік нардың жүгін арқалатқан міндеттер. Іс жүзінде зерттей білу де - талант. Теңіздің түбінен інжу теріп алғандай көп оқып, ізденудің кірпияз талғампаздық жемісі. Сәбит Мұқанов жайлы көптеген сыни мақалалар, зерттеу еңбектері шын мәнінде де көп еңбек етіп, талғампаздық пен мұқияттылық танытқан. Құлбек Ергөбек әдеби-ғылыми мәселелерді мөлдіретіп жазған, Тіл оралымы бай, сөз саптасы шешен. Алайда ол татусыз тамсану, дәмсіз су сорудың жетегіне ешқашан ерген емес. Не айтса да деректермен, нақтылы пайымдаулармен, ұстамды ой-пікірлермен көрінді. Құлбек зерттеулерінде сарыла ізденген нәр бар, еленіп екшеленген ой бар.
Осыдан болар Қазақстанның халық жазушысы Әбіш Кекілбайұлының « . . . Сіздің ұлттық әдебиеттануыңыз бен әдебиет тарихының заманға лайық жаңа методологиясын жасақтау академиялық орнықтылығы мен кемелділігін қамтамасыз ету жолындағы тыңғылықты ізденістеріңізгн сүйсінемін», - деп пікір білдіруі кездейсоқ емес.
Иә, академиялық орнықтылық . . . Бұл қасиет қателеспесем Құлбекке кезінде біреу де болса бірегей болған Қазақтың Ұлттық Мемлекеттік университетінің ұстаздарынан дарыған деп ой түюге болады. Алайда сыншы, зерттеуші Құлбек Ергөбек шығармаларының кейінгі толқынға, артынан ерген ізбасарларына беймәлім қырлары бары анық.
Бітіру жұмысының негізгі мақсаты мен міндеті:
Қазақ әдебиетінің жарқын бейнелерінің бірі Сәбит Мұқанов шығармашылығын зерттеп, бүтін бір шеберханаға айналдырған сыншы, зерттеуші Құлбек Ергөбектің еңбегін тану арқылы оны қазақ әдебиетінің құнды беттеріне айналдыру. Жазылған шығарманы оқу бар да, оны кәсіби тұрғыдан тану бар. Осы ретте Құлбек Ергөбектің Сәбит Мұқанов туралы зерттеу еңбектерінің кейінгі әдебиеттанушылар үшін танымдық маңызы зор. Осы тақырыпты зерттеудегі біздіңі мақсатымыз да осы арнаға саяды.
Сондықтан бітіру жұмысымызды Қ. Ергөбек шығармашылығына, оның ішінде заманының заңғар жазушысы, әдебиетіміздің марқасқасы С. Мұқанов шығармашылығын зерттеген еңбектеріне арнағанды жөн көрдік. Әрине, бүкіл әдебиеттің жаңа бағытына айналған зерттеулердің бір бітіру жұмысының ауқымына сыйғызу мүмкін емес. Дегенмен сыншы, зерттеуші Қ. Ергөбек зеттеулерін ғылыми түрде қарастырып, талдап таразылаудың уақыты жеткен сияқты. Әрине біздікі тек тың соқпаққа сүре салу ғана. Қалай болғанда да, диплом жұмысымызға арқау болып отырған ауқымды еңбектер әдеби ортада өз бағасын алғанымен, ғылыми түрде сараланбағаны ақиқат. Осыны негізге ала отырып бітіру жұмысының мақсатын айқындап, саралай зерттеуді міндетімізге алдық.
Бітіру жұмысының өзектілігі:
Бізде сыншылар аз емес. Бірақ соның ішінде әдебиетке белсене араласатыны некен саяқ. Солардың бірі - сөз жоқ Құлбек Ергөбек. «Сыншы атану, сыншы міндетін сезіну - өз буыныңның жетістігін өзіңдікі санау, кемшілігін өз кемшілігің санау, сөйтіп жетістік - кемшілікті өз мойныңа көтеріп алудан басталған» дейді Құлбек Ергөбек. Б Майлин, Ж. Аймауытов, Б. Кенжебаев, Б. Соқпақбаев, Д. Исабеков, А. Сейдімбек, Ө. Нұрғалиев, Б. Қанатбаев, Қ. Түменбаев сияқты сыншыларымыздың пікірі, ой-толғамдары таразылауы қандай мәдениетті, қандай өтімді, тұщымды. Жазушыны жер бауырлататын сын бар, жазушыны көтермелейтін сын бар. Мұның екеуі де еренсіздің ісі. Сынның төресі - жазушыға көмектесетін сын. Әдебиетті көтеретін де осы сын. Құлбек Ергөбектің сыны да дәл осындай жазушыға көмектесетін әдеби сынның беделін өсіретін өміршең сын. Ұлы ақын А. С. Пушкин «Сын тарихы - ел тарихы» екенін айтқан. Демек, шығармашылығынғылыми зерттеумен байланыстырған біздің кейіпкеріміздің сыншылық көзқарасы бір әңгіме тарауы. Әрине, шығармада жәй оқырман байқай бермес бұрылыс-қалтарыстарды әдебиетші көзімен зерттегенде сынның қатар жүретіні заңды құбылыс. Сондықтан, бүгінгі әңгімеміздің өзектілігі деп Құлбек Ергөбектің сыншылық қырын алуымыз жайдан жай емес.
Бітіру жұмысының құрылымы:
Жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, үш тараудан, қортындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Алғашқы тарауды Құлбек Ергөбек қазақ әдебиетіндегі сыншы, зерттеуші деп алып, онда Қ. Ергөбектің сыншылық жолға келуі, жалпы әдебиетке бет бұруына ықпал еткен алдынғы буын ағаларының, ұстаздарының атап айтқанда Б. Кенжебаев пен Т. Кәкішевтердің берген бағыт-бағдары негізге алынады. Сонымен қатар, құлбек Ергөбектің шығармашылығының шыңына айналған Сәбит Мұқанов тақырыбына келу жолдары сараланады. Екінші тарауда Құлбек Ергөбек «Адасқандар» романын - романнан повестке деп атап, бұл тарауда сыншының Сәбит Мұқановтың «Адасқандар» романын негізге ала отырып, түпнұсқадан алыс кетпей, нақтылықты ұстандық. Айтулы шығарманың астарына иерең үңілуге тырыстық. Соңғы тарау, бүкіл бір дәуірдің бет-бейнесін ашатын Сәбит Мұқанов шығармашылығын тағы бір қырына арналады. Оның халық ауыз әдебиетін зерттеудегі еңбектері сыншы Құлбек Ергөбектің назарынан тыс қалмаған. Сәбит Мұқановты жаңа заманның жазушысы деп тану арқылы жеке зерттеу жұмыстары сараланады.
ҚҰЛБЕК ЕРГӨБЕКТІҢ ӨМІРІМЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ.
Қазақ әдебиеті өзінің қазіргі денгейіне жету жолында талай-талай даму сатыларынан өтті.
Аз ба, көп пе адам баласы Алла тағаланың берген ғұмыр жасын жасайды. Жасай жүріп оны өз тіршілігінің қам-қарекетімен, мән-мазмұнымен, мінез-құлқымен, ақыл-парасатымен, болымды-болымсыз іс-әрекетімен толтырады. Ал бұған өнерпаздық, суреткерлік, қайраткерлік сияқты табиғатынан туа біткен дара қасиеттер дарып жатса, бұл бір Алланың берген сыйы. Талант сыйы. Міне, осы сыйды кәдеге жаратып, дерексі қабілетті деректі мақсатқа ұластыру, өлшемі жоқ қабілетті шыңдап жетілдіру, әр адам баласының нақты ғұмырына, тағдыр-талайыны, әлеуметтік ортасына лайық өрілетіні айдан анық.
XVIII ғ. Өмір сүрген француз ойшылдарының бірі ұлы Вольтердің пікірлесі Люк де Вовенаргтың «Адам ақыл ойын тануға кіріспе» деген еңбегінде айтылған мына бір пікірді ғылым әлі теріске шығарған жоқ. Ол былай депті: «Мен талантты адамның іс-әрекетінен, қызметінен тыс ұғынуға болмайды деп есептеймін. Талантты біздің көптеген қабілетіміздің біріккен күш-қуатының нәтежесінде пайда болады және ол қабілет біздің таным-түсінігімізбен астыртын бірге жасайды. Егер осы қасиеттерінің бірі жоқ болса, онда талант та жоқ.
. . . Демек, талант табиғат берген сый ғана емес, ол ақыл мен жүректің ажырамас бірлігінің нәтежесінде қол жеткізетін қадір-қасиет, ерекше мәртебе». (Вовенарг. Размышления и максимы л. 1988. с27) . (әд. -1) .
Адамның тынымсыз еңбегімен, зерек ақыл, ыстық жүректің жылуы мен бірлікте ғана жасауы, алайда шығармашылық және зерттеушілік болмысын, талант пен еңбектің бірлігінен тыс түсіндіруге болмайтын, табиғатында талантты, ғұмырында еңбекқор, қазақ әдебиеттану ғылымының қазіргі белді өкілі, көрнекті сыншы, филология ғылымдарының докторы, профессор Құлбек Ергөбек керек (терең) еңбек жолы, керек (терең) шығармашылық қабілеті, керек (терең) ғылыми ізденістері туралы сөз бола қалған жағдайда алдымен талантты ғалымның толымды еңбегі тілге оралады.
Абай айтқан: Еждиһатсыз, михнатсыз,
табылмас ғылым сарасы. (2. 164б. )
Тәңір берген талантты өз ғұмырында шығармашылықтың михнаты мен рахатына бірдей жұмсап үлгерген Құлбек Ергөбек қазір әдебиеттану ғылымының қыр-сырына қанық, бұл жолға таланты мен күш-қайратын бірдей жұмсаған ғалым.
Құлбек Ергөбек Сәрсенұлы 1952 жылы 16 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан обылысы Отырар ауданында дүниеге келген. «Төрт жетім бала баққан анам Бибі-Айша өте ойлы кісі болған. Содан осы Құлбекті оқуға жіберсем бе, әлде шаруаға жексем бе деп көп ойланған. Сонда «Апа, Құлбекті оқуға жіберіңіші? бұдан бірдеңе шығады» - деп жалынған немере ағам, көрнекті сатирик Көпен Әмірбек. Өзі сонда студент. Өзін осы ҚазМУ - ге түсерде сүйемелдеген балалар ақыны Әнуарбек Дүйсенбиевке «Інімнің оқуға түсуіне жәрдем беріңізші» - деген тағы да сол Көпен. Ірі Түрколог -ғалым Мархаббат Томановқа «Сен де, мен де, қайбір жетісіп өстік! Туысым емес, құда-жекжатым емес, мына Құлбек жетім бала екен, оқуға түсірсек» - деген Әнуарбек Дүйсенбиев болатын», - дейді автор.
Міне осы кісілердің көмегімен 1970жылы Әл-фараби атындағы Қазақ Ұлттық Мемлекеттік Университетінің филология факультетіне оқуға түседі. Осы жылдардан бастап әдебиетке араласқан, оның қаламынан осы уақыт аралығында ондаған монографиялар, сын-зерттеу кітаптары, 500-ден астам мақалалары жарық көріпті. Бұл өз құрдастарының ішіндегі ең өнімді көрсеткіш. Әрине ғылым да, шығармашылық та көлеммен емес, көңіл ұйытып, ой тұндыратын қасиетімен құнды екенін айтар болсақ, мұндай қасиет Құлбек зерттеулерінде баршылық, талай ойдың, теориялық ізденістің жетегінде жүретін пайымдаулар туралы әдебиетіміздің кешегісі мен бүгінгісіне тиесілі тұжырымдар уақыт төрелігінің еншісінде . . . Құлбек әдеби-ғылыми мәселелерді қолынан келгенінше мөлдіретіп жазып келді. Тіл оралымы бай, сөз саптасы шешен. Алайда ол татусыз тамсану, дәмсіз сөз сорудың жетегіне ешқашан ерген емес. Не айтса да деректермен, нақтылы пайымдаулармен, ұстамды ой-пікірлерімен көрінеді. Құлбек зерттеулерінде сарыла ізденген нәр бар, еленіп елшенген ой бар. Осыдан болар Қазақстанның халық жазушысы Әбіш Кекілбайұлының « . . . Сіздің ұлттық әдебиеттануыңыз бен әдебиет тарихының заманға лайық жаңа методологиясын жасақтау академиялық орнықтылығы мен кемелділігін қамтамасыз ету жолындағы тыңғылықты ізденістеріңізгн сүйсінемін», - деп пікір білдіруі кездейсоқ емес.
Алдымен аға буын өкіл, әрі пікірлес досы Ш. Ыбыраев былай дейді: Құлбек Ергөбек Университет есігін менен бірер жыл кейін ашты. Алдымен іні, кейін пікірлес достарға айналып кетті. Сол жылдарда кішкене арық сары баланың қолынан атақты шығыстанушы Н. И. Конрадтың «Шығыс және Батыс», А. Мецтің «Мұсылман ренессансы», Г. Белинскийдің томдары түспейтін. Пендешіліктен гөрі осы кітаптар жайлы сөйлескенді ұнататын. Соған қарап түбінде осы сары баладан сарабдал сыншы, салиқалы зерттеуші шығатынын іштей сезетін едік. Қарап отырсақ, сонан бері уақыт Құлбектің шығармашылық ғұмырына мықтыап жұмыс істепті.
Иә, академиялық орнықтылық . . . Бұл қасиет қателеспесем Құлбекке кезінде біреу де болса бірегей болған Қазақтың Ұлттық Мемлекеттік университетінің ұстаздарынан дарыған деп ойлаймын. Профессорлар Б. Кенжебаев, Т. Нуртазин, М. Қаратаев, К. Аханов, З. Қабдолов, Т. Кәкішев, Р. Бердібаев, Р. Нұрғалиев - бұлар әдебиеттануда ешкімге дес бермейтін бір-бір тұлғалар еді.
Жазушының бойынан кейде Бейсекеңнің (Б. Кенжебаевтің) қайсарлығы, Зәкеңнің (З, Қабдоловтың) шешендігі, аракідік Тұрсекеңнің (Т. кәкішіев) бірбеткейлігі, Рекеңнің (Р. Нұрғалиев) сөз саптасы кездесіп қалып жатады. Ең бастысы олардың зерделі зерттеушілік мектебі Құлбек еңбектерінде кездесіп қалып, жаңаша формасын тапқан. Құлбек Ергөбек жазушы шеберханасына көп үңілген зерттеуші. Ал ол шеберханада нелер болуы мүмкін? Одан көркем шығарманың жаратылу тарихын, кәдімгі қоңыр тіршіліктің жазушы қорынан құлпырып шыға келу себептерін, өмірдің өнеге ұласу құпиясын ашатын бай деректердің шығуы әбден мүмкін. С. Мұқанов шығармашылыға осы бір ізденіске көп-көсір деректер ұсынады. Әлемдік әдебиетте оның ішінде орыс әдебиеттану ғылымында ХХ ғасырдың 60-70-ші жылдары басталған осы бір зерттеушішінің бағыттың қазақ әдебиетінде орнығуы Құлбек Есімімен байланысты. Әдебиеттану ғылымында қандай да бір теориялық ізденіс пен әдістеменің түпкі мақсаты көркем шығарманың табиғатын тану, өнер ретінде бітімін ашу. Ал бұған жетудің жолы алуан түрлі, қаншама әдіс-тәсіл, теориялық ағым, методологиялық ізденіс, зерттеу мектептері бар болса, көркем шығарманы танудың да сонша жолы бар деп түсінеміз. Салыстырмалы - типологиялық, құрылымдық, структуралистік, функциолистік, жүйені анаметикалық, тағысын тағылар . . . Қайсысы тиімді қайсысы тиімсіз, бұл бір түсінбес әңгіме айтпағымыз, жазушы шеберханасы, егер ол дерекке бай болатын болса, өмірдерек пен шығарма арасын, шындық пен жазушы тұғырын, өмір мен өнер парқын толығырақ пайымдауға мүмкіндік бермек. С. Мұқановтың «Балуан Шолақ», «Аққан жұлдыз», «Мөлдір махаббат» романының жазылу тарихындағы бұл сырдың құпиясын зерттеуші Құлбек Ергөбек зерттеулері арқылы танып білуімізге мүмкіндік алдық. Мүмкіндік қана емес елеулі зерттеу әдістемесін аса жемісті жолға қойдық. Жазушы шеберханасна үңілуі ігелі сипатталды.
Құлбек Ергөбектің келесі бір қомақты тындырған ісі. - Балалар әдебиетінің мәселесі. Асылы балалар әдебиетінің жазушысы ғана емес, сыншы мен зерттеушісі болу үшін де бұл әдебиетті әрі сүю, әрі жүрекпен сезу керек. Құлбекті өзі айтқандай: «Бөбек пен өбектеп өткен талаптар» Ө. Тұрмантайов, С. Омаров, Б. Соқбақбаев, Қ. Әбдіқадыров, М. Әлімбаев, Ә. Дүйсенбаев, Ж. Самақов т. б. туралы қалам тарту үшін зерттеуші өз арнасын тапқан. Бұл жанр адам таңдайды. Бұл бала дүниесін білу үшін дана болуды қалайтын жанр. Құлбек республикамызда қазақ балалар әдебиетінің көркемдік ізденістерін, шеберлік қырын, жанырлық түрлендіруін үнемі қадағалап, қалам тартып келе жатқан санулы сыншы, табанды зерттеушілердің бірі ғана емес, бірегейі.
«Мінез дегеніміз моральдық әрекеттердің жиынтығы» - деген екен А. Стендаль. Құлбек Ергөбектің мінезінде ұстазға деген құрмет айрықша. Әлбетте бұл адамның бүтіндей моральдық болмысынан туындап жатқан қасиет. Көрнекті түрколог Бейсенбай Кенжебаевтың қолынан дәріс алған шәкірті болғандардың үлкен бір шоғырын қазір қазақ әдебиеті мен ғалымында есімі танымал ғалымдар, жазушылар және қоғам қайраткерлері. Бәрі де ғылымға адал, пікіріне берік, тұжырымы мығым Б. Кенжебаевты үлкен құрметпен ұстаз тұтады. Оның қазақ әдебиетінің тарихын түрік дүниесінің бір тармағы ретінде ертеден бастаған ғылыми тұжырымдамасын әдеби жұртшылық жақсы біледі. Алайда ғалымның мол мұрасын шашау шығармай жинап бастыруда, зерттеп тануда, ұстаз ұлағатын ұрпаққа жалғастыруда осы Құлбектің атқарған ісі қыруар. Шын мәнінде адам сүйсінерлік Б. Кенжебаевтің рухани өнері Құлбектің еңбектерінде шынайы жалғасын тапты десек ешқандай да асыра айтқандық емес. Ол ғалымның әр жылдарда жазған зерттеулері мен мақалаларын жинап теріп «Жылдар жемісі» (1984), «Әдебиет белестері» (1987), «Асау жүрек» (1995) деген атпен кітап етіп жарыққа шығарды. Әдебиетіміздің озат пікірі үшін, мәдениетіміздің ұлттық мүддесі үшін, кішкене момын адамның үлесі идеологиялық майданда көрсеткен қайтпас-қайсар ерлігін зерттеуші ұлт пайдасы үшін болғандықтан да ерлікке балап, мұндай ерліктің санын он беске жеткізеді. Қазір Түркістанда Б. Кенжетаев атындағы түркология музейін ашу жұмысына біздің зерттеушіміз, Құлбек Ергөбек бірден-бір мұрындық болуда. Мәдениетіміз бен әдебиетіміздің жетістігін бейнелеуді мақсатына айналдырған құлбектің еңбектері бір қайырып, толымды жинақтауға келді.
Соның айғағы жарыққа шыққан тізбелі бес кітап. «Арыстар мен ағыстарды» автор «том» деп дабырайтпай тақырыптық кітап ретінде ұсынып отыр. Бірінші кітап - түп-түгелімен қазақ поэзиясына арналған, екінші кітап - қазақ прозасы туралы, үшінші кітап - балалар әдебиеті мәселесі, төртінші кітап - әдебиеттану, сын әлемі хақында, бесінші кітап - шығармашылық, лаборатория мәселесін қарастыруға бағытталған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz