Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік орталық музей қорындағы монеталардың сакталуы


1 Қазақстан жеріндегі ақша соғу ісінің тарихы және музей
материалдары
- Ақша соғу ісінің дамуы және музейдегі нумизматикалық
материалдар
Нумизматика термині латынша “numizma” - “монета” деген сөзден шыққан. Нумизматика ақша айналымының материалдық қалдықтарына қарап, оның тарихын зерттейтін ғылым. Сондай - ақ нумизматика монета ісі техникасының тарихы, медаль өнерінің дамуы, сонымен қатар ақша - систамасын және олардың тарихи даму процесіндегі эволюциясын, және де қағаз ақшаларды зерттеумен шұғылданады.
Нумизматикалық зерттеулердің аса маңызды методына: ежелгі заманғы сауда жолдарын анықтау, табылған көмбелер мен кейбір монеталардың топографиясын жасау, кейбір монета типтерінің кімге жататындығын, монеталардың және олардың техникалық ерекшеліктерін, штемпельдерін салыстыру жолымен анықтау жатады.
Монета соғу ісі, ақша айналымын енгізу және оны белгілі бір қоғамда
төлем құралы ретінде пайдалану - сол қоғамның әлеуметтік - экономикалық және саяси дамуының белгілі бір сатысында табысқа жеткенін көрсетеді. Монетадағы белгілер мен жазулар арқылы мемлекетті басқару түрлерін, патшаның ауысуын, әулет шежіресін, мемлекеттік төңкерістерді т. б. анықтауға болады. Олар көбінесе саяси және қоғамдық өмір оқиғаларын, соғыстар, жаулап алушы мемлекеттегі ішкі күрестер, мемлекеттік немесе діни формаларды да көрсетеді. Қоғамның экономикасын, тарихын, қолөнерін, техника және өнер тарихын зерттеуде нумизматика материалдарының маңызы айрықша / 1, 16 /.
Теңгелерді белді тайпалардың атақты адамдары шығартып, оған өз таңбаларын бастыратын болған. Таңбаға қарап оның иесінің қай әулеттен екендігін, қай рудан екендігін ажыратуға болады.
Қазақ жерінде байырғы заманнан бері далалық көшпелі болмысына тән мал тауар айырбастауы, сауда-ақша айналымын жүргізу секілді шаруашылық-экономикалық қарым қатынастары өзіндік ерекше бітімінде қалыптасып келген.
Қазақстан тарихында сонау ежелгі дәуірден бастап ішкі-сыртқы сауда қатынастарының, оның ішінде көне қалалардағы ақша айналымының алатын орны ерекше. Әсіресе, Қазақ жерінде оңтүстік өңірінде ақша айналымы қарқынды дамығандығын қазіргі археологиялық қазбалардан табылған тиын ақшалар растайды. Табылған мыс теңгенің бетінде төрт бұрыш және садақ бейнеленген ру таңбасы бар. Бұл түркі билеушісінің белгісі екендігі анықталды. Мұндай таңбалар түркеш таңбаларында кездеседі. Таңбалардың ұқсастығы Сырдариядағы түркі билеушлері мен Жетісудағы атақты адамдардың бір әулеттен тарағандығын көрсетеді. Түркеш тиындары “Түркеш Каган Бай Бага 740-766” деген жазуы бар. Акт № жоқ. КП 795577 бойынша музей қорында сақтаулы.
Ежелгі дәуірден қалыптасқан шығыс пен батысты ұштастырған жібек жол торабы Қазақстанның оңтүстік аумағын толығымен қамтыды, сондай-ақ осы жол арқылы Орталық Азия елдерінің сауда-ақша қатынастары дәнекерлене байланысып келді. Осыған байланысты Қазақстан жерінің Орталық Азия елдерінде ақша қатынастарының қарқынды дамығанын музейдегі Орта Азия жерінен табылған мыс тиындардан көруімізге болады. Бұл тиындар Түркістан қаласы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің жанында жүргізілген қазба жұмыстары кезінде Балтакөл ауылының орта мектеп мұғалімі А. Есерковтың және оқушылардың көмегімен 1961 жылы табылған. Музейге мұғалім Алтаев деген кісі өткізген . КП9944 , Акт № 48, 23. 01. 1962 ж. қабылданған.
Ақша жалпыға бірдей балама ретінде барлық басқа тауарлардың құнын көрсететін ерекше тауар. Ақша барлық тауар өндірушілер, сатушылар, тұтынушылар арасындағы экономикалық байланысты қамтамасыз етеді.
Көптеген халықтарда ішкі сауда-саттық жүргізу үшін ақша рөлін айырбас құралы ретінде белгілі бір зат атқарғандығы баршамызға аян. Ал Орта Азия халықтарының арасындағы онын iшiнде ақша рөлін Африканың әр түрлі аймақтарында - тастар, тасбақа қабығы, маржан моншақтар, піл сүйектері, темір, жез, латунь кесектері, Канада аралдарында - түрлі - түсті шыны сынықтары, эмальданған моншақтар, Америка үндістері арасында - ұлу қабықтары, Диджи аралдарында - акула мен кашалот тістері атқарған / 2, 67-68/.
Ал Қазақстан жерінде тиын жасау әдісі әр жерде әркелкі дамыған.
Ежелгі дәуірлерде тиын соғылымы:
1- тиын соғып жасау әдісі: Тиын соғу қолмен атқарылатын. Әміршілер мен билік иелерінің бұйрығымен арнайы қалып ( штемпель) дайындалады. Бұл аса күрделі әрі жауапты іс. Тиын ақшалардың екі жағы болады. Яғни бет жағы және артқы жағы. Сондықтан екі қалып дайындалатын. Арнайы дайындалған осындай қалыппен алтын, күміс және мыс қоспалы металл дөңгелектерді немесе пластинкаларды соғып тиын шығарылады. Сондықтан тиын жасаушылар тиын қалыбын бірде толық, бірде жартылай соғу тұстары кездеседі.
2- тиын құйып жасау әдісі: Алтын, күміс және мыстан арнайы ерітінділер дайындалады. Оны тиын теңгенің пішіні ойылып жасалған арнайы құйма қалыпқа құю арқылы тиын жасалады / 3, 214-215/.
Б. з. II-V ғасырда қаңлылар шаруашылығының өсуіне байланысты қала орталықтары қалыптасты. Осыған байланысты ішкі базардың құн төлеу қызметін атқару үшін теңгелер соғып шығара бастады. Бұған дәлел қазіргі кезде табылған салмақтары әр түрлі 1300-ден астам мыс теңгелер табылды. Негізгі үлгісі - билеушінің портреті қырынан бейнеленген. Мұндай теңгелердің табылған басты аймақтары Өзбекстандағы Ташкент алқабы. ҚР Орталық Мемлекеттік музей қорында жалпы мыстан жасалған ақшалардың саны - 1043 бірлік. Ал, 1938 жылы Тараз қаласынан археологиялық қазба негізінде табылған мыс тиындар. КП 7973/1-27 бойынша сақтаулы, музейге 12. 08. 1939 жылы тапсырылған.
Б. з. б. III ғасырдағы ғұндар ақша орнына күміс пышақты пайдалапып келсе, б. з. I ғасырында салық есебіне алтын, күміс құймаларды алып тұрған. Ақ ғұндар бір бетіне пехлеви, екінші бетіне эфталит жазуы бар теңгелер (б. з. V - VI гасыры) жасап сауда айналымына кіргізген. Ежелгі көшпенділердегі тауар айналымы айырбас ( мал, аң терісі, кен орындарында қорытылған алтын, күміс, металл кесектері, сәндік т. б. заттар ) түрінде өтті. Сақтарға қытай жібегі, ежелгі парсы кілемдері сатылып тұрды. Көшпелілер мен отырықшы елдер арасында сауда-саттық қатынастары Ұлы жібек жолы бойымен қарқынды дамыды /4, 25/.
Б. з. III ғасырда қаңлылардың ыдырауына байланысты осы елдің территориясы болып қалды. Бұл дерек жөнінде В. М. Массон: «Грек - Бактрия билеушісі Евкрадиттің кейіннен қаңлылар теңгелерінің соғылуына ұқсас таңба соғылған күміс теңгесін атап өткен». Музейде КП4282 бойынша; Император Динария (213-217), адамның басы бейнеленген. Екінші бетінде табыт бейнесі бар тиындарды кездестіруімізге болады.
VІ-VШ ғасырларда Оңтүстік Қазақстандағы сауда жолында орналасқан ең ірі саяси-экономикалық орталықтың бірі - ежелгі Отырар болды. Соның ішінде Тараз, Испиджаб қалаларынан табылған шағатай дәуіріне жататын теңгелер XIV ғасырларға жатады. КП 11063/ 217 , салмағы - 1. 880, диаметрі - 21мм. Аверсіндегі жазу анықталмаған, Реверсінде: . . . тараз ? 20 деген жазулары анықталған.
Ерте орта ғасырларда Отырар алқабында ақша айналымы болғандығын Отырар төбе жұртын, Мардан-күйік, Құйрықтөбе қорымдарын қазғанда табылған түрлі қола теңгелер дәлелдеп отыр.
Отырар алқабында да бірнеше түрдегі қола теңгелер шығарылды. Бұл теңгелердің бет жағында шаршылы садақ және аяқтары бар, конус тәрізді құрбан шалатын орын түріндегі, «Х» нысанды таңбалар сияқты белгілер бейнеленген /2, 69/.
Жергілікті теңгелердің Отырар жиынтығы Жетісудағыға қарағанда неғұрлым ертеректе қалыптасқан. Алайда ол Жетісуда неғұрлым көп таралған. Мұнда жүздеген теңге табылды. Ал Отырардан оншақтысы ғана табылған еді. Жетісу теңгелері мейлінше алуан түрлі: мұнда түркештер теңгелерінің алтауын, тухустар теңгесінің төрт түрін, құны әр түрлі бір тектес даналардан тұратын бірнеше сериясы айналысқа түскен.
Отырар жиынтығына кіретін теңгелер Сырдарияның орта ағысындағы қалалардан ғана табылса, Жетісудің түркеш теңгелері Отырарда, Шашта, Ферғанада, Соғдыда, Батыс Сібірде, Шығыс Түркістанда кездестірілді. Алғашқылары аймақтық ауқымдағы ақша бөлінісі болса, Жетісу теңгелері аумақаралық ауқымдағы ақша бөлінісі болған. Бұдан Жетісуға қарағанда, Отырар алқабынан халықаралық және аумақаралық ауқымдағы ақша бөлінісі болған. Бұдан Жетісуға қарағанда, Отырар алқабынан халықаралық және аумақаралық саудада пайдаланылған шетелдік теңгелер әлдеқайда көп табылды /4, 32-33/.
VI-VIII ғасырларда Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу өңірлерінде жаппай өз теңгелерін соғу басталды, олардың бір бөлігі халықаралық, аймақаралық саудада қолданылса, екінші бөлігі жергілікті саудада қолданылды.
VIII ғасырдың аяғы IX ғасырдың басы Саманидтер кезіндегі теңгелер араб жазуымен ерекшеленеді. Ол теңгелердің бетінде мемлекет билеушінің мүсіні берілген. Бұл кезеңдегі нумизматикалық әдебиеттерде «Бухархудаттар» немесе «қара дирхемдер» деген атау кездеседі. Саманид дәуірінің тиындары КП4412 , Акт № жоқ, 1947 жылы түскен уақыты ғана белгілі. Зерттеуші М. Е. Массон «қара дерхем» туралы шетел, орыс ғалымдарының пікірлеріне шолу жасай келіп, оны үш кезеңге бөледі.
Бірінші кезеңі Махди Халифтің (775-785 ж. ж. ) билік құрған жылдары.
Екінші кезеңі 792 ж. өте жоғарғы сапамен соғылған алтын металл, оның ішінде күміс дирхемдері мен алтын динарлары.
Үшінші кезеңді ұзақ уақыт мыс дирхемдердің соғылуы деп бөлді. «Қара дирхем» кезеңі XII ғасырдың ортасына дейін созылды. Бұл кезеңнің мыс дирхемдері 90 сақтау бірлік. Акт № жоқ. КП 7579/1-84 бойынша, музейге тапсырылған.
Саманидтер кезеңіндегі теңгелерді зерттеуде Е. А. Давидович үлкен еңбек сіңірген.
Шу аңғарының қалаларында ақша мен сауда жасаудың дамығанын VII- VIII ғасырларда шығарылған түркеш теңгелері дәлелдейді.
Жетісу теңгелерінің диаметрі 12 мм-ден 28 мм-ге дейін жететін, ортасында шаршы тесігі бар мыстан құйылған дөңгелек болып келеді. Түркеш теңгелері қаған атынан шығарылған, мұны оның сыртқы бетіндегі бір ғана жазу «көктегі түркеш қағанның ақшасы» деген сөз дәлел / 5, 138/
VIII ғасыр Навакет қаласы Түркеш қағанатының астанасы болған. Осы жерден 45 дана тиын жиынтығы табылған. Навакет қамалы (Қызылөзен қаласының жұрты) қазған кезде осындай теңге табылды: «Арслан - білге - қаған мырза. Фан (Чаглан) », - деп түсінік берілген /6, 91-92/.
Археологиялық қазбалардың деректеріне қарай отырып Навакет қаласы сауда - саттық, ақша айналымының орталығы болғандығын көруге болады.
IX-X ғасырларда Қазақстанның оңтүстігінде, осы аймақ Саманид империясының құрамына кіргендіктен, негізінен саманидтік әміршілердің мыс - фельстері шығарылды. Теңге сарайлары Отырарда (Фарабта) және Испиджабта жұмыс істеді. Ақша айналысында негізгі жүкті дирхемдер - муссеяби, мұхаммеди мен гитрби деген түрлері атқарды /7, 178-179/. Осы Отырар теңге сарайында соғылған алтыннан жасалған монеталар музей қорында КП 4365 , салмағы -2, 640 мг диаметрі 20-24 мм Хиджра жылы көрсетілмеген, жазулары оқуға келмейді. Көбісі өшірілген. Аверсінде: . . . л . . . алл . . . му . . . аллах (ла-илла-аллах мухаммед расул-аллах) . Реверсінде: ал-ха . . . аллах . . . деген жазулар кездеседі.
Ақша тауар өндірісімен тауар айырбасының тарихи дамуы нәтижесінде пайда болды. Алғашқы кезде бір еңбек өнімі екінші еңбек өніміне тікелей айырбасталады. Кейінірек айырбас сауда дамуының барысында құнның жай формасының орнына құнның толық және жайылыңқы формасы келді. Одан әрі өндіріс пен айырбастың нәтижесінде тауарлар арасынан бір тауар бөлініп шығып, басқа тауар осы тауарға айырбасталды. Сөйтіп құнның толық және жайылыңқы формасы құнның жалпылық формасына орын берді. Құнның ең жоғарғы ақша формасындағы жалпыға бірдей балама ролі бір тауардың еншісіне тиді, яғни ерекше түрі ақша пайда болды. Осы кезде әр түрлі тайпалар мен халықтар арасында ақша ретінде ішкі және сыртқы сауда саттықтың басты заттары болып табылатын тауарлар бөлініп шықты. Ақша ролін кейбір халықтарда (гректер, римдіктер, славяндар, моңғолдар т. б) мал ертедегі Русьте, Скандинавияда - аң терісі, Қытайда - шэй, Абиссинияда - тұз атқарды /7, 156/.
Қазақстанда ішкі сауда саттық жүргізу үшін жалпыға бірдей балама ретінде тоқты немесе саулық қой пайдаланылды. Бертін келе тауар өндірісі мен тауар айырбасының дамуы және халықтар арасындағы қарым- қатынастың ұлғаюы нәтижесінде ақша ролі түрлі металдарға ауыса бастады. Өйткені металл (әсіресе алтын, күміс) өзінің табиғи қасиетінің арқасында ақша ролін атқаруға өте қолайлы болды. Алтын мен күмістің жалпыға бірдей балама ролін атқаруына байланысты құнның жалпылық формасы ақша формасымен айырбасталды. Ол кез - келген тауарға айырбасталды /8, 196-197/.
Жалпы ақшаның пайда болуы, ақша айналымының тарихы сонау ежелгі замандардан бастау алады. Ол кездері теңіз каури қабыршақтары, металл кесектер, құймалар, кола балта, қару жарақ, мал және т. б. заттар ақша орнына қолданылды, өздері өндірген өнімдерін екінші бір затқа алмасуы арқылы бағалады. Азия, Африка, Мұхиттық елдерде теңіз қабыршағы ұзақ уақыт ақша ретінде баланып қолданылды. Әсіресе ежелгі Қытай, Үндістан, Жапонияда теңіз қауыршықтары ақшаның ерекше міндетін атқарған еді. Үндістандық каури қабыршағынан жасалган шамамен XI ғ. жататын монеталар Орталык музей корында КП 12244 бойынша сактаулы. Уақыт өте келе адамдар алтын, күміс, мыс сияқты түрлі түсті металдарды қорыта білудің нәтижесінде аталмыш металдарды өзара тауарға балап алмасуы кең етек жайды. Сөйтіп металл ақша пайда болды, оның белгілі өлшемі, металдың қоспалық құрамы, салмағы т. б. ерекшеліктері де ескерілді. Қолданыстық тұрғыдан дөңгелек пішінді металл өте ыңғайлы болды. Жалпы дүние жүзі тарихында алғаш рет металл тиын ақшаларды ежелгі Грецияда, атап айтқанда Лидия мен Эгине қалаларында б. з. б. VПІ-ХІІ гасырларда соғып шығара бастаған. Қаза0стан Республикасы Орталық Мемлекеттік музей қорындағы мыстан жасалған ақшалардың саны - 1043 сақтау бірлік, ал күмістен жасалған ақшалардың жалпы саны - 2897 сақтау бірлік. Ондағы Қытай Жапон мыс тиындарында дракон және иерогливтер бейнеленген. КП 8084/6 бойынша сақтаулы /10, 68/.
Ежелгі грек аңызында Римдағы Капитолий төбесінде Юнона («тиын») құдайының пұтханасы бар еді. Ел жұрт Юнона құдайды оның ақылы мен кеңдігіне сай «ақылшы, кеңесші» ретінде құрмет тұтатын. Римдіктерге Пирр бастаған жауынгерлерімен соғысқан кездерінде көмек көрсеткен Юнона болды. Пирр де жеңіліске ұшырайды. Юнонаға деген шексіз алғысының белгісі ретінде оның пүтханасына тиын соғатын орын салады. Сөйтіп алғашқы тиындарда Юнонаның бейнесі соғылатын болды. Бұған дәлел музей қорындағы рим тиындары КП 7974 / 24 бойынша сақтаулы/ муз. қорынан/.
Ежелгі Қытай мен Үндістанда ақшаның пайда болуы, даму тарихы ерекше, жолы ала бөтен болды деуге келеді. Б. з. б. I мыңжылдықтарда Қытайда ерекше бітімді шағын шақа ақшалар шығарылды. Бұл жайында қысқаша мынаны айтуға болады: « Ежелгі Қытайда тиындар әуелгі дөрекі
( каури қабыршағы, олардың қола көшірмелері, пышақша-ақша, кетпенше- ақша т. б. алуан ) түрінен бастап б. з. б. IV-ІІІ ғасырдан б. з. XX ғасырдың басына дейін өз формасын өзгертпей келген төртбұрыш тесікті дөңгелек құйма цянға жетті ( В. А. Беляв ) » Қытай тиыны. Цин патшалығы. ХУІП-ХХ ғ. Сяньфэн дәуірі . 100 цян. С: 37, 01 г. ҚР МОМ КП 4101 , Қытай таяқша-ақшалары ҚР МОМ КП 10226/9 бойынша сақтаулы.
Қазақстанда ежелгі сақтар, үйсіндер, қаңлылар жэне ғұндар қолданған немесе өздері шығарып тұрған нумизматикалық жәдігерлер әзірше табыла қойған жоқ. Ғұндар «пышақ іспетті» тиындарды қолданғаны туралы деректер бар. Дегенмен Рим, Парфия, Кушан, Қытай сияқты елдерімен экономикалық, мәдени байланыстарда болған ежелгі көшпелілерде ақша қолданбады деп айтуға болмас, тіпті сол елдердің ақшаларын пайдаланбағанын жоққа шығара алмаймыз. Кушан тиыны « тетрадрахма». Б. з. ПІ-І ғ. ҚР МОМ КП 24397/1.
Түрік қағандығы (V -ІХ ғ. ) дәуірінде металл ақшалар жасалды, олар ұлан байтақ жерде кең қолданыста болды. Түріктерде қытай, соғды, т. б. елдердің тиындары да ішкі-сыртқы саудалар үшін теңгеріліп қолданды. Орталық Азияда Түрік дәуірінің көне түрік жазуы бар бірнеше тиындары да табылып отыр. Ол тиындарда « ақча, бақыр» деген атаулар кездеседі. Дәл осы кезеңдерде соғдылықтар жібек жолы торабыныц дәнекері транзиттік сатушылары болды. Олар Византия, Сасанид парсылар мен Қытай аралығындағы сауда-саттықты Түрік империясының құзырында орындап келді /муз. қорынан/.
ІХ-Х ғасырларда Түргеш мемлекеті Жетісу алқабында билік жүргізген кездерде алтын ақша, мыс тиындар соғылып ақша айналымына енгізіліп тұрды. Түргеш билеушілерінң ордасы Суяб Ақбешім қалашықтарында тиын соғатын. Соғдылықтардың VІ-VІІІ ғасырларда Жетісуге кіруіне байланысты түрік билеушілерінің, түргеш әміршілерінің таңба-мөрлері және көне соғды курсив жазулы мыс тиындар кең айналымға шығарылды /10, 212/.
Қазақ елі қазақ халқын құраған негізгі тайпалар баба түркілер Ұлы Жібек жолында орналасқандықтан ақша жасау, оны айналымға енгізуді өмір қажеттілігі деп тым ерте қолға алған. VІ-VІІІ ғасырда билеуші рулардың таңбасы қашалған, ру рәмізін бейнелеген теңгелер құя бастаған. Сырдарияның орта алабында өмір сүрген тайпалардың қола теңгелері, VІ-VIII ғасырдың 1-ші жартысына дейінгі аралықта қолданылған.
Бұл теңгелерде Ашиде әулетінің рәмізі болған арыстан бейнеленген. Мұндай теңгелерді Суяб, Тараз қалаларындағы арнаулы шеберханаларда құйған. Сонымен қатар, Отырар маңындағы қалаларда да түрлі теңгелер жасалған. Біріншісі, сәл ұмтылып, секіргелі түрған арыстан бейнеленген мыс теңгелер, екінші бетінде садақ және шаршы түрінде түркілердің тайпалық таңбасы (дүниенің төрт бұрышын мегзеген рәміз) бейнеленген. Екіншісі, үшбұрыш таңбалы (түркінің ана әулетінің таңбасы) теңгелер. Мұнда Соғды жазуымен жазылған сөздерді бедері өшкендіктен ғалымдар оқи алмай келеді. Бүлардың да бір бетіне арыстан бейнесі салынған. Б. з. 704 -766 ж. Таразда құйылып, айналымға енген теңгелердің бетінде «Түргеш қаған теңгесі» немесе «Түркінің көк ханының теңгесі» деген анықтама жазулар бар. Бұл-тайпалық дәрежедегі теңге емес, бүкіл мемлекет дәулетін, мүлкін, ел ырысын куәландыратын кепілдеме. Осы сияқты VI-VIII ғ. аралығына жататын мыс, қола, күміс теңгелер Суяб, Ақбешім қалаларында да шығарылып түрған. Х-ХІ ғасырлардағы қалалар халықаралық және жергілікті сауданың орталығы болды. Қала мен даланың арасындағы сауда қызу жүрді. Испиджаб, Иасы, Тараз және Баласағүн қалаларында теңге сарайлары жұмыс жүргізді /11, 145-146/.
Осы деректерге қарап, Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азия аймақтарында өзара экономикалық, мәдени дамудың болғандығын, халықтар арасындағы байланыстың болғандығын көруге болады.
- 2 Орта ғасырлық дәуірдегі монета жасау ісінің дамуы және
олардың музейдегі сипаттамасы
XII ғ-дың 2-жартысы XIII ғ-дың басында Отырарда шыққан Мүхаммед ибн Текештің теңгелері Қазақстан жеріндегі сауда-саттықта ерекше міндет атқарды. Ол дәуірдегі мыс, күміс, алтын ақшалар өзінің салмағы бойынша алтынмен бағаланып, сауда айналымына енді.
Бұл тиындар Ұйғыр қағандығы дәуірінде де соғылып шығарылған еді. Ондай тиындарда көне үйғыр жазуымен: «Күл Білге Тәңірі ұйғұр Бөкүк қаған Ел тұтқан жарлығымен соғылды» ( 795 -808ж. ) деп безендірілген, КП 3144 бойынша музей қорына түскен.
Қазақ жерінде түргештердің саудалық әрі жәрмеңкелік қалашықтары Суяб пен Тараз сол дәуірлерде қарқынды өркендеді. Сонымен қатар Отырарда да мыс тиындар соғылған деп айтуға болады. Ерте орта ғасырларда билік қүрған тайпалардың атақты адамдары теңге шығартып, оған өз таңбаларын бастыратын /12, 10/.
ІХ-ХІ ғасырларда Қазақстан көлемінде соғды, саманид фельстері айналымга кең таралды. Сол кезде күміс дирхемдері «исмаили» деп аталатыи. Оған қоса алтын динар, күміс фулстерімен қатар бұқара - худаттық - мусейяби (ең жогары қоспалы күміс), мухаммади (аз қоспалы күміс), гитрифи (мыстан немесе бағасыз металл) ақшалары, қытайлық т. б. тиындары ақша айналымында болды. Араб жазуы бар дүтін және мыс дирхемдер - 90 сақтау бірлік. Ондағы музейге тапсырылған КП 75179/1-84 бойынша сактаулы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz