Мемлекеттік тілге байланысты қабылданған заңнамалық құжаттардың сипаты және олардың жүзеге асырылу деңгейі



Кіріспе

1 "Мемлекеттік тіл" ұғымы және оның анықтамасы
1. 1 Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі қалыптасу жолдары, кезеңдері
1. 2 Мемлекеттік тілдің әлеуметтік қырлары
1. 3 Еліміздегі қазіргі кездегі тілдік жағдайдың әлеуметтік мәселелері
1. 4 Қазақ тілінің қоғамдық қызметі мен қолданыс аясы жайында
1. 5 Мемлекеттік тілмен басқа ұлттардың арақатынасы, қақтығыстар мен келісімдер

2 Мемлекеттік тілге байланысты қабылданған заңнамалық құжаттардың сипаты және олардың жүзеге асырылу деңгейі
2. 1 Тіл саясаты мен ондағы негізгі ұсыныстар
2. 2 Мемлекеттік тіл мәртебесін сақтауға байланысты жүзеге асырылуға тиіс іс . шаралар
2. 3 Мемлекеттік тілдің Қазақстандағы аймақтық дамуына ұсыныстар

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Жұмыстың жалпы сипаттамасы: Тіл – қоғамдық құбылыс. Ол адам баласының
ғана келбетін, даму сипатын көрсетіп қоймайды, сонымен бірге қоғамның да
ілгерілеуін, алға қадам басуын, көркеюін көрсетеді. Тіл – адам баласының
ғана емес, ұлттың, халықтың, қоғамның болмысын көрсететін құбылыс.
Адамзаттық құндылықтар қатарында тіл – ғылымнан да, мәдениет пен өнерден де
бұрын аталады. Ғылым да, мәдениет те өнер де материалдық игіліктер де,
саясат та тілдің қатысуымен жасалады. Тілдің адамның жан – дүниесіне
өлшеусіз әсер ете алатын құдіреті саяси тетік ретінде ертеден – ақ
пайдаланылған.
Ғалым – ұстаз Ш. Бектұров тілдің қызметі туралы төмендегідей ой –
пікір айтады: Жалпы тілдің қоғамдық қызметімен қатар, ойды жарыққа шығару
қасиеті де бар. Әрбір адам өз ойын басқа біреуге тіл арқылы айтып
жеткізеді, біреудің ойын тіл арқылы түсінеді. Сонымен тілге анықтама
беруде, тілдің әлеуметтік, яғни адам қоғамына қызме етуі және ойлаудың,
ойды жүзеге асырудың құралы екендігі негізге алынады. Тілдің қатынас құралы
болу қызметін қарым – қатынас коммуникативтік қызметі десе, ал оның ойды
жүзеге асыру қызметін көркемдеуші, бейнелеуші экспрессивтік қызмет дейді.
Тілдің бұл екі қызметі – қарым – қатынас коммуникативтік қызметі мен
көркемдеуші бейнелеуші экспрессивтік қызметі - өзара бір – бірімен тығыз
байланысты, бірі екіншісін тудыруға себепкер. Мысалы, басқа тілді үйрену
үшін адам, ең алдымен, сол тілде сөйлейтін адамдармен қарым – қатынас жасау
әрекетін бастайды. Әбден үйреніп алғаннан кейін ғана сол тілде ойлап, ойын
жарыққа шығарудың құралына айналдырады.
Әрбір құбылыстың өзінің шығу және даму тарихы болатыны тәрізді тілдің
де шығу тарихы бар. Кейбір тілдер ерте туып, бірақ кейіннен келе – келе
қолданудан шығып жатса, енді бірқатары ілгері басып дамиды. Осындай
қолданудан шығып қалған тілдерді өлі тілдер немесе көне тілдер деп атайды.
Бүгінгі таңда, күнделікті өмірде қолданылып жүрген тілдерді тірі
тілдер немесе қазіргі тілдер дейді. Әр мемлекеттің өз ішінде көбірек
қолданылып, мемлекеттік маңызы бар іс қағаздары негізінен осы тілде
жүргізілуі тиіс тілдерді – мемлекеттік тіл дейді. Мәселен, бұған қазіргі
қазақ тілін жатқыза аламыз.
Бітіру жұмысында қазақ тілінің әлеуметтік қырлары, қолданылу аясы
кеңінен сөз болады. Қазақ тілінің саласында тер төгіп жүрген ғалымдардың
нақты тұжырымдарына сүйене отырып, мемлекеттік тілдің заңдық тұрғыда
қолданылуын бағдарладық.
Жұмыстың көкейкестілігі: Мемлекеттік тіл тақырыбы қазіргі таңда ең
өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Өйткені мемлекеттік тіл – біздің
бүкіл халқымыздың ортақ тілі, тарихы талай ғасырлардан бері келе жатқан
құбылыс. Мемлекеттік тіл бірақ дәл қазіргі кездегідей бұрын – соңды
мүшкіл халді бастан өткеріп көрмепті. Ана тіліміздің бүгінгідей жағдайға
түсуі қазақ халқының ұлттық, отаншылдық сана – сезімінің қандай деңгейде
екенін көрсетеді. Бірақ мемлекеттік тілдің құлдырауы бұлай жалғаса беретін
болса, қазақтығымызды, елдігімізді мүлде жоғалтарымыз ақиқат. Сондықтан бұл
жұмыстағы негізгі ой қазақ тілінің өткір мәселелерін жан – жақты ашып
талдау болатын.
Зерттеудің пәні: Қоғамымыздағы мемлекеттік тілдің қолданылу, жұмсалу
аясы. Мемлекеттік тілдің қызметін ретке келтіруге бағытталған іс – шаралар
жиынтығы.
Зерттеудің мақсаты: Мемлекеттік тілдің бүгінгі таңдағы көрінісін,
бет – бейнесін анықтау. Мемлекеттік тілді нығайту жолында жасалып жатқан
жұмыстарға баға беру.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Мемлекеттік тілдің қалыптасу тарихы
тұңғыш рет ғылыми деректермен дәлелденді. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл
ретіндегі қызметі нақтыланды. Тіл саясатының негізгі тұжырымдары
айқындалды.
Жұмыстың құрылымы: Бітіру жұмысы кіріспеден, үш тараудан,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер, қосымша әдебиеттер тізімінен
тұрады.
Зерттеудің дерек көздері: Бақытжан Хасанұлының әр жылдары жарық
көрген мемлекеттік тілге байланысты еңбектері, энциклопедиялар, ел
Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мақалалары, басқа да ғалымдардың баспасөз
беттерінде жарияланған мақалалары.

1 "Мемлекеттік тіл" ұғымы және оның анықтамасы

Алдымен мемлекеттік тіл деген ұғым шеңберін қалыптастыру үшін оның
анықтамасына мән беріп кетейік. Әрі мемлекеттік тіл ұғымы кеңес одағы
кезінде бізге көп таныс бола қойған жоқ. Мұның да астарында бір саясат
жатқаны анық еді. Сол себептен, ең алдымен, кеңес одағының басылымдарында
мемлекеттік тіл ұғымы қандай мағынада қолданылды, соған үңілеміз.
"Мемлекеттік тіл" ұғымы жарты ғасырдан астам уақыт бойында кеңестік
республикалардың не конституцияларында, не заң ғылымдарында, не
лингвистикалық әдебиеттерінде жете зерттелмегені былай тұрсын, ол өз
мәнінде де қарастырылмады. Қарастырылғанның өзінде де ол бүгінгі күн
тұрғысынан қарағанда, қарама-қайшы мағынада түсіндірілді.
Мемлекеттік тіл идеясының өзі кеңестік идеологияға жат, қанау,
кіріптар ету немесе күштеп ассимиляциялаудың басты айыпкері ретінде
ұғындырылып, оны шет елдерге тән адамды алдымен қанауы, бір ұлттың екінші
ұлтқа билік жүргізу құралы деп түсіндірілді. Мысалы, Үлкен кеңестік
энциклопедияда оған: "Мемлекеттік тіл дегеніміз - бұл заңды түрде
мойындалған, сол елде міндетті болып табылатын және мекемелерде іс жүргізу
саласында, мектептерде сабақ өтуде қолданылатын тіл. Державалық
мемлекеттерде мемлекеттік тіл басқа қалған кіші ұлттардың өкілеттігін
шектеу арқылы және оларды ығыстыру арқылы үстем ұлттың өз тілін күштеп
енгізуі нәтижесінде іске асады ",– [ 1, 485 ] деп анықтама береді.
Бұл анықтамадан көріп тұрғанымыздай, кеңес үкіметі құрамындағы ұлттар
тіліне жасап отырған өз үстем саясаттарын дәл берген сияқты. Анығында олар
капиталистік елдердегі мемлекеттік тілдерді сипаттауға ұмтылған, бірақ
өздерінің жүргізіп отырған әрекеттерін жасырып қала да алмаған.
Осылайша біртіндеп мұндай анықтамалар арқылы "мемлекеттік тіл"
терминін кеңестік өмір саясатына сыйыспайтындай етіп көрсетуі өрши түсті.
Бұл сөз жүзінде тілдер теңдігін мойындаған, ал іс жүзінде орыс тілінің
үстемдігін жүргізуге бағытталған кертартпа тіл саясатының бүркеншігі еді.
Сондықтан мемлекеттік тіл проблемасын қозғауға батылы жетпеушілік немесе
бұл ұғымның осындай түсініктемелеріне үнсіз бас изеушілік түрлі саладағы
мамандардың (социолингвистер, тарихшылар, құқықтанушылар т.б.) еріксіз оны
аса маңызды қызметтік мәнін зерттеу аясынан шығарып тастады. Сол себептен
кеңес үкіметінің тұсындағы заң құжаттарында мемлекеттік тіл термині
кездеспейді деп айтылады. Мұның өзінің бір айқындалған себептері болды.
Төңкерістен кейінгі бірінші бесжылдықта Одаққа қараған республикаларда
мемлекеттік іс-қағаздары заңды түрде оларды мемлекеттік тіл деп арнайы
жарияламай-ақ, орыс немесе республиканың байырғы халқының тілінде
жүргізіліп отырды. Бұл кезеңдерде тілдердің еркін қолданылуы мен дамуына
біршама жақсы жағдайлар жасалды. Мысалы, бұған Қазақстан көлемінде
қабылданған мынадай заңды құжаттарды атауға болады:
1. 1919 жылғы шілденің 10-да Бүкілресейлік Атқару комитеті (ВЦИК) мен
Халық Комиссарлары кеңесінің (СНК) декреті негізінде қабылданған "Қырғыз
(қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы" (1920,
6- тамыз) декреті; 2. Қазақ КСР- і кеңестерінің 1-ші құрылтай съезі
қабылдаған ҚАЗССР еңбекшілер правосының декларациясы (1920ж,6- қазан); 3.
1921 жылы ақпан айының 2-сінде Қазақ АССР Халық комиссарлар Советі
қабылдаған "Қазақ, орыс тілдерінің мемлекеттік мекемелердеқолдану
жөніндегі" декреті; 4. 1923 жылы қарашаның 22- сінде қабылданған "Қазақ
тілінде іс-жүргізу туралы" деп аталатын Қазақ КСР Орталық атқару
комитетінің декреті; 5. 1924- жылы ақпанның 18-нде қабылданған Қазақ
АССінің Орталық Атқару комитеті қабылдаған Қазақстанның 1-ші Конституциясы.
Мұнан кейінгі жылдарда да, яғни 1924 жылы КСРО-ның жаңа Конституциясы
қабылданып, онда тілдердің мәртебелері айқындалды, бірақ мұнда "мемлекеттік
тіл" емес одақта республикаларда жалпы қолданылатын тіл туралы айтылады, ал
оның қандай мағына беретіндігі, қолдану аясы түсіндірлмейді.
Соңғы жарты ғасырлық уақыт (1938-1987) аралығында "мемлекеттік тіл"
ұғымы республика жұртшылығының өмірінде заң жүзінде көрініс бермейді. Бұл
тіл теңдігі мен ұлт тілінің дамыту мәселесі сөз жүзінде сақталған, ал іс
жүзінде саналы түрде тежеуге бағытталған саясаттың күш салған тұсы болды.
Осы кезеңде заңды түрде мемлекеттік тіл ретінде жарияланбай-ақ, орыс тілі
КСРО аумағында барлық өмір салаларында жеке дара "ұлы" тіл болып шыға
келді. Бұған белгілі дәрежеле түрткі болған 1938 жылдың 13 наурызындағы
КСРО Халық Комиссарлары Кеңесі мен БК(Б)П Орталық комитетінің "Ұлттық
Республикалар мен облыстардағы мектептерде орыс тілін міндетті түрде оқыту"
жөніндегі қаулы болды. Қаулының текісін көріп отырғанымыздай не жергілікті
тілдерге қысымшылық көрсету жөнінде, не орыс тілінің нақтылы мәртебесі
туралы ештеме айтылмаған. Алайда оның күнделікті өмірде, білім беру
саласында өзге тілдердің қызметінің жарты ғасырға тежелуіне және онымен
байланысты қалған өмір саларында да күйзеліске түсуіне әкелді. Осының
ізімен дәл осндай, яғни орыс тілді үйренуді міндеттеген арнаулы қаулылыр
1948, 1961, 1978, 1983 жылдары қабылданып, іс жүзінде іске асырылды. Бұл
ұлттық тілдердің өз сөйлеушілері үшін тастанды тілге айналуына, тіпті
кейбіреулерінің мүлдем тіл ретінде жойылуына әкеп соқтырды. Мысалы, Кеңес
үкіметі орнаған кезде РСФСР- да тұратын халықтар 193 тілде сөйлесе, 1937
жылғы көрсеткен көрсеткіш- 90. Ал 1998 жылғы дерек бойынша КСРО-да оқу
процесі небәрі 39 тілде жүргізіліпті. Сонда арадағы 51 жылда 51тіл
жойылыпты.
Осындай қатты күйзеліске түскен тілдердің бірі – қазақ тілі. Қазақ
тілі бұрынғы Одақтағы өзге тілдер сияқты өзінің қызметін көптеген өмір
салаларында қысқартылды, өз сөйлеушілерінің екінші тіліне айналып,
тұрмыстық жанұялық қатынасқа дейін ысырылды. Оған тағы бір себеп, бір
сөзбен айтқанда, Кеңес үкіметі мен Компартия жүргізген зорлап ұйымдастыру
саясаты кезіндегі халықтың аштан қырылуы мен жөн-жоқысыз өзге ұлт
өкілдерінің Қазақстанға жаппай қоныстандырылуы еді. Соның кесіріне қазақ
тілі өз этникалық Отанында көпұлттылық жағдайға душар болды. Ұлтаралық
қатынас құралы ретінде қазақтардың ықтиярынсыз икемделген орыс тілі өз
өктемдігін жұргізді. Ақырында қазақ тілінің табиғи ортасы бұзылды. Қазақ
жерінің солтүстігі мен орталығында, күллі қалаларда қазақтың азайуы желеу
етіліп, ана тілі шет қақпай көрді. Мысалы, 1938-1985 жылдар аралығында
қазақ мектептерінің саны 4391-ден 2400-ге дейін азайған, басқаша айтқанда
елу жылға толар-толмас уақытта 1901 мектеп жабылған екен.бұл қазақ халқының
тілдік мүддесі тіпті де ескерілмегенін көрсетеді.
Қазақ халқы есін жиып, 1986-1987 жылдардан бастап азаттық үшін ашық
күреске шықты., ол тілден басталды десек болғандай. Орталықтың тегеурінінде
әкімшілдігіне төтеп беріп, ана тілін дамыту мәселесі күн тәртібіне қойылды.
Осыған орай қазақ халқының зиялыларының талап етіуі бойынша 1987 жылы
Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті мен Қазақ ССр Министрлер Советінің
"қазақ тілін оқып-үйренуді жақсарту туралы" қаулысы қабылданды. Мұнан
кейінгі жылдарда КСРО-ның ыдырауы мен бұрынғы Одаққа қараған
республикалардың негізгі тілі мемлекеттік тілі болып жарияланды. Кейбір
республикаларда өз тіліммен қоса орыс тілін ұлтаралық қарым-қатынас құрал
тілі ретінде жариялады. Мысалы, Қазақстанның 1989 жылғы Тіл заңында: "Қазақ
ССР-інде орыс тілі ұлтаралық қарым-қатынас тілі болып табылады",–деп
көрсетілсе, сол заңның екінші бабында: "Қазақ ССР-і орыс тілінің
мемлекеттік тілмен бірдей еркін қолданылуын қамтамасыз етеді",– деп
жазылды. Бірақ қабылданған Конституцияларда да, шыққан заңдарда да
"мемлекеттік тіл" ұғымының түсініктемесі берілмеді. Айталық, сол тұстағы,
яғни 1989 жылы өз тілдері мен орыс тілін қатар мемлекеттік тілдер ретінде
жариялаған Прибалтика, Тәжікстан, Украина, Қырғыз, Өзбек, Қазақстан
республикаларының Тіл туралы заңдарынан мемлекеттік тілдің анықтамасын
табу қиын. Дегенмен олардың әрқайсысынан көмескі түрде болса да,
мемлекеттік тілдің анықтамасын табуға болады. Мысалы, Молдавия
Конституциясының 70-бабына сәйкес қабылданған. Тіл заңында Молдавия
мемлекеттік тілі – молдаван тілі деп жазылғаннан кейін оның түсініктемесі
ретінде мынандай сипаттама берілген: "Государственный язык действует
политической,экономической, социальной и культурной жизни и функционирует
на основе латинской графики",– делінген.
Орыс тілінің осы ресми тіл мәртебесі болуы кейінгі кезеңдерде егемен
мемлекеттердің заң құжаттарында әлі күнге дейін қолданыстан қалмай келеді.
Бұл қазіргі таңда өз тілін мемлекеттік тіл ретінде жариялаған
республикаларда көпшілік жағдайда "мемлекеттік тіл" және "ресми тіл"
дегендердің бір мағына беретіндігі ескерілмей, ара жігінің алшақтанып, бір-
бірінің қайшы қойылуына себеп болып отыр. Мысалы, Қазақстан Республикасының
Конституциясында "Қазақстан Республикасының мемлекеттілік тілі– қазақ
тілі",– деп анық көрсетілген. Ал орыс тілі жөнінде: "мемлекеттік
ұйымдардажәне жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми
түрде қазақ тілімен тең қолданылады",– делінген [2, 6].
Жалпы әлемдегі тілдік процеске назар аударсақ, онда "мемлекеттік тіл"
және "ресми тіл" дегендер өзара синоним сөздер. әрине "ресми тіл"
терминінің "мемлекеттік тіл" терминінен бөлек кездесетін сәттерде болады.
Мұндайда ол бір мемлекеттен тысқары елдер, мемлекеттер арасындағы
келісілген тіл қызметінде қолданылуы мүмкін. Мысалы, БҰҰ жұмыс тілі деген
сияқты реттерде [3, 196] .
Мемлекеттік тіл– көптілді қоғам айналып өте алмайтын, ас қажетті
құбылыс. Дегенмен, ол мемлекеттің саяси құрылымына өзіндік ұстаған ішкі,
сыртқы саясибағыттарына байланысты әр қалай сиппатталуы мүмкін. Мәселен,
Франция, Испания, Пакистан, Қытай сияқты елдерде мемлекеттік тіл– соны
жариялаған ел азаматтарының барлығы бірдей білуге тиіс болса, Индонезия,
Филиппинда мемлекеттік тіл– көпұлтты елдің түрлі халқын саяси-мәдени
бірлікке ұйымдастырудың тиісті құралы болып табылады. Сондай-ақ кей елдерде
мемлекеттік тіл қарсы шығуға болмайтын тіл болып есептеледі, тілге қарсы
шығу мемлекетке қарсышығу болып табылады (Пакистан).
Сонымен жоғарыдағыларды негізге алар болсақ "мемлекеттік тіл"
ұғымынының мәнін былай түсіндіруге болады:
– Қандайда тіл болмасын, егер мемлекеттік тіл болып жариияланса, ол–
сол елдің негізгі тілі. Сондықтан да, ол тіл әкімшілік-басқару
органдарының қызмет бабында қолданылатын тіл. Сондай-ақ сан алуан
өмір салаларында алдымен пайдалануға тиісті.
– Мемлекеттік тіл – оны жариялаған ел азаматтарының барлығы міндетті
түрде білуге тиісті тіл.
– Мемлекеттік тіл – Ту мен Елтаңба сияқты мемлекеттің рәмізі.
– Мемлекеттік тіл – көпұлтты елдің күллі халқын саяси-мәдени
бірлікке ұйымдастырудың тілі.
– Мемлекеттік тіл – елдің лингвистикалық бірлігін білдіреді.
– Мемлекеттік тіл – мелекет қамқорлығына алынған тіл, оған қарсы
шығуға болмайтын тіл.
Сонымен "мемлекеттік тіл" ұғымына нақтылай анықтама беретін болсақ:
Мемлекеттік тіл көпұлтты (көптілді) мемлекетте халықтың ұлттық
құрамына қарамай іс қағаздарын, мектеп пен жоғары оқу орындарында оқыту,
мәдениет, баспасөз бен байланыс (почта, телеграф т.б.) орындарында, құқық
қорғау мен оның қолдану аясын (сфера) кеңейту үшін мемлекет тарапынан
белгілі бір уақытқа жоспарланған жан – жақты бағдарламалар жасалады.
Мемлекеттік тіл әрдайым мемлекеттің қорғауында және оның қамқорлығында
болады. Демократиялық қоғамды белгілі бір тілге мемлекеттік мәртебе
(статус) беру оның басқа тілдерге қысымшылық көрсету болып табылмайды. Бұл
туралы Республикамыздың Тіл туралы Заңында (1997 ж.) анық айтылған. Кеңес
заманында КСРО – ның Конституциясында және басқа да мемлекеттік құжаттарда
ашық айтылмаса да, орыс тілі іс жүзінде (де - факто) Мемлекеттік тіл
функцияларын орындады. Орыс тілінің осындай ерекше ролі геральдикалық
әдіспен анықталады. Мысалы, КСРО – ның елтаңбасы мен ақша бірліктерінде
орыс сөздер үлкен әріппен беріліп, басқа ұлттық тілдердегі лексемалар кіші
әріппен берілгені дәлел бола алады. Кейбір көпұлтты (көпұлтты)
мемлекеттерде тілге берілетін мәртебе басқаша аталуы мүмкін: ресми тіл,
ресми түрде қолданылатын тіл, ұлттық, конституциялық және аймақтық тілдер.
Осыған байланысты көпұлтты және көптілді деген терминдердің синоним
сөздер ретінде қолданылуын сөйлеу тіліміздегі қателеріміздің бірі ретінде
қараған жөн. Кезінде КСРО (Югославия) көпұлтты мемлекет болатын, себебі
Одаққа өздерінінң белгілі бір территориясы, шекарасы, басқару органдары бар
субъектілер енген болатын. Ал Қазақстан жайында ол басқаша, мұнда жоғарыда
көрсетілген Одаққа тән ерекшеліктер болған жоқ, сол себептен де
Республикамыз әлеуметтік тіл білімі тұрғысынан қарағанда көпұлтты емес,
көптілді елдер санатына жатады деу шындыққа сәйкес келеді.
Көпұлтты елдердің қатарына жататын мемлекеттің субъектілері (ұлттық
республика, облыс, аймақ т.б.) өздерінің ұлттық тілдеріне мемлекеттік
мәртебе беруге құқылы болса, көптеген елдерде мұндай еркіндік жоқ. себебі
көптілді елдің құрамына диаспора ретінде енген ұлт – ұлыстардың қалыптасуы
солақай саясаттың, депортацияның т.б. нәтижелері болуы мүмкін., яғни бұл
құбылыстардың тарихи мән – мазмұны жоқ. сол себептен Қазақстанда
мемлекеттік қостілділік қабылданбай, қазақ тілі мемлекеттік тіл болып, орыс
тілі ресми түрде қолданылатын тіл болып жарияланған [4, 37].
Мемлекеттік тіл – қоғамдық функциялардың көпшілігінде қолданылатын
тіл, белгілі бір территорияға тараған және құқықтық мәртебеге ие болған,
мағыналық тұрғыдан ресми тілге бара-бар бірақ құқұқтық жағынан кейбір
елдерде ерекшеленеді [5, 3].
Мемлекеттік тіл – мемлекеттің басқа символдарымен (елтаңба, ту,
әнұран) қатар мемлекетті билік және басқару органдары тарапынан қоғамдық
ұйымдар мен кәсіпорындар, білім беру, ғылым және мәдениет, саласы және тағы
басқа тарапынан бекітіледі, қоғам өмірінің әр түрлі саласында интеграциялық
қызмет атқарып, мемлекетті нығайтудың негізгі құралы болып табылады, елдің
мәдени және шаруашылығын дамуын қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік тіл – мемлекеттің барлық халықтарының ұлтаралық қатынас
құралы ретінде тарихи қалыптасқан функциясын атқарады; мемлекетті басқару
тілі болып табылады, ресми ауызша және жазбаша қатынас құралы ретінде
қолданылады, заң шығару, атқару және соторгандарында, білім беру ғылым
мәдениет, бұқаралық ақпараттық құралдарында қолданылады.(ҚР. 7 бап.) [6, 3]

Мәдениеті мен тіліне үлкен көлемде мән беретін дамыған елдердің
қоғамындағы тілдік жағдайды ескере отырып, мемлекеттік тіл атауына ие
болған тілдің мынандай негізгі қызметтерді жүзеге асыратындығына көз
жеткізіп, оларды тізімдеп көрсетіп беруге болады. Олар:

Мемлекеттік басқару
тілі

Іскерлік қарым-қатынас
тілі

Заң шығару тілі

БАҚ-тың тілі

Саясат тілі

Мемлекеттік тілдің
қызметі

ҚР-ның қарулы күштер
тілі

Ғылым тілі

Өнер тілі

Білім тілі

Басқа ұлт өкілдерінің
үйрену тілі

1. 1 Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі қалыптасу жолдары, кезеңдері
Бүгінгі таңда қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қалыптасып,
тұрақтануы туған тілдің жүзеге асырылуын іс жүзінде бекітіп, қолданылу
көкжиегін кеңейтіп берді. Қазақ тілінің Қазақстан Республикасының
мемлекеттік тілі болып жариялануы қазақ халқының бұрынғы отарлық езгіден
ажырап, енді ұлы тілі деп орыс тіліне жалтақтамай, ана тілінде еркін
сөйлесуге, дәстүрлі үрдісті жалғастыруға мүмкіндік берді. Алайда
мемлекеттік тіл болып қалыптасқанға дейін қазақ тілінің қаншама
қиындықтарды бастан кешіргенін айтпай кетуге болмайды. Тіл тағдырының өз
иелері қазақ халқы сияқты сан қилы замандарды бастан кешіргенін тарихтан
байқай аламыз. Біздің қаншама ұлттық құндылықтарымыз жоғалып кеткен кезде
ана тіліміз асыл мұраның көзіндей болып сақталып қалды. Кемеңгер ақынымыз
Мағжан:
Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың
Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз бабам тілі сен қалдың, - деп айтқандай мемлекеттік тіл
болып нығайғанға дейінгі аралықта небір қиыншылықтарды өткерген қазақ
тілінің тарихын саралауымыз, мемлекеттік тіл ретінде қалыптасу жолдарына
назар аударуымыз қазіргі кезде басты мақсатымызға айналып отыр.
Қазақ тілі – қазіргі кездері жинақталып, бір ізге, бір нормаға түскен
тіл. Қазақ тілі, ең алдымен, қазақ халқының ана тілі. Оның мемлекеттік тіл
мәртебесін алып, өкілеттігін заңды түрде кеңейте бастағанына көп уақыт
өткен жоқ. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл болып қалыптасу тарихын
бағдарламас бұрын оның әлеуметтік сипатын қарастырып көрейік.
Қазақ тілі ғалым Баскаков жасаған тілдердің генеологиялық
топтастырылуы бойынша түркі тілдері тобына жатады: Түркі тілдері тобына
мына тілдер жатады:
Алтай тілі Құмық
тілі
Әзербайжан тілі Ноғай тілі
Башқұрт тілі Өзбек
тілі
Гагауыз тілі Татар
тілі
Қазақ тілі Түрік
тілі
Қарайым тілі Түркімен
тілі
Қарақалпақ тілі Ұйғыр тілі
Қарашай тілі Чуваш
тілі
Қарашай – балқар тілі Шор тілі
Қырғыз тілі Хакас
тілі
Қырым татарлары тілі Якут тілі, т.б.
ұсақ тілдер
Жоғарыда аталған тілдерді туыс тілдер деп атайды, өйткені бұлардың о
бастағы шығу төркіні бір болған.
Қазақ тілі өзінің шығу төркіні жағынан осы түркі тектес тілдерге,
соның ішінде Қыпшақ тобындағы тілдерге, ал сөз құрылысы (морфологиясы)
жағынан жалғамалы (агглютинативті) тілдер тобына жатады.
Қазіргі қазақ тілінің арғы тегін сан – салалы көне түркі жазба
ескерткіштерінен аңғарамыз. Қазақ тілі сонау ерте дәуірден, біздің жыл
санауымыздан бермен қарай халқымыздың дамуымен бірге алға басып келеді.
Жалпы, шетел ғалымдары Радлов, Мелиоранский, Бартольд және қазақтың
тіл мамандырының ғылыми тұрғыдан дәлелдеуі бойынша, қазақ тілі дамыған және
жан – жақты жетілген тілдер тобына жатады. Қазақ халқы – ежелден шешендікке
әуес, тіл өнеріне келгенде мүлт жібермейтін халықтың бірі. Қазақ – сөз
қадірін білген және аталы сөзге тоқтаған халық.
Зерттеушілердің пікірлеріне сүйенетін болсақ, қазақ тілі патша
өкіметі билеген тұста саяси – қоғамдық мәнде таныла алмаған. Ол Қазан
төңкерісіне дейін тек халық ауыз әдебиетінде, тұрмыс және от басында
ауызекі тіл дәрежесінде кең қолданылғаны болмаса, оның мемлекеттік тұрғыдан
алғандағы қызметі жоқтың қасы болды, баспасөз ретінде де өрісі өте тар
болды. ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы көркем әдебиет
өкілдерінің аздаған шығармалары болмаса, патшалық Ресейдің отаршылдық
заманында мемлекеттік заң, құжаттар қазақ тілінде жазылмайтын. Ол кезде
мемлекеттік мәні бар мәселелер ортаазиялық түркі жазба дәстүріндегі
қазақтың ескі жазба әдеби тілінде жазылатын. Бірақ оның қолданылу аясы кең
болмады, тек жеңіл – желпі іс қағаздарында ел билеушілердің өзара немесе
патша әкімдерімен жазысқан хаттарында, оларға жазған арыз –
хабарламаларында, ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы баспасөз беттерінде,
кейбір әдебиет өкілдерінің шығармаларында қолданылды. [7, 30].
Алайда бұл пікірмен толығымен келісуге болмайды. Қазақ тілі өз
деңгейінде қолданыла алмады деп бағалау тым ұшқарылық. Отаршыл саясат
өкілдері қазақ тілінің көркейіп кетуін қалап тұрмаса да, өз мақсаттарын
жүзеге асыру ниетімен қазақ тілін үйренуге байланысты, патшалық үкімет
шенеуніктерінің жергілікті ұлт тілдеріне сөйлеуіне байланысты көптеген
нұсқаулар беріп отырған. Әрі қазақ тілінде газет – журналдар болмады деу
мүлдем шындыққа жанаспайды.
ХІХ ғасырдың аяғында жүргізілген санақ бойынша, Қазақстанда
жергілікті ұлт үлесі – 81, 1% болған. Яғни Қазақстанда ол кезде біртекті
тілдік орта болған деген сөз. Бұл тілдік ахуалмен Ресей билеушілері де
санасуға мәжбүр болған. Қазақ даласында қызмет атқарған губернаторлар мен
оның төңірегіндегілер тілмаштар ұстаған. Қазақша білу қазақ даласында
қызмет атқаратын патша шенеуніктеріне қойылатын қатаң талаптар қатарына
жатқызылған [8, 37]. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы тілдік ахуал, яғни
жергілікті ұлт өкілдерінің 81, 1% болу және біртекті тілдік ортаның болуы
патша әкімішілігі үшін екі тілде (орысша, қазақша) газет шығару және сол
газеттерді (Дала уәлаятінің газет, Түркістан уәләятінің газеті)
қаржыландырылып тұру қажеттілігін туғызады.
Сібір тарихының білгірлерінің бірі Я. Ядринцев бұл ретте Әскер
тұрған жердің шетінде, бекет бойында казактар өз тілдерін ұмытты десе де
болады, ұдайы қырғызша (қазақша дегені ғой) сөйлеседі). Қырғыздармен
(қазақтармен) жиі араласқандықтан, бұл тіл, тіпті олардың үй – тұрмысына да
дендеп еніп алды. Стансаларда казак бикеші, казак шенунігінің қызы, өз
қызметшісіне қырғызша (қазақша) бұйрық беріп тұрғанын жиі кездестіру ге
болады, бұл ретте қырғыз тілі (қазақ тілі) француз тілінің орнына жүреді
десе де болады. Омбыда бізге даладан келген бір казак шенеунігін көрсетті,
ол істің жайын орысша баяндай алмай, орта жолда ұмытып қалып, ары қарай
қазақша жалғастыруға мәжбүр болды , - деп жазады [9, 9]
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында қазақ тілі өзінің қоғамдық
- әлеуметтік қызметін толық атқарған. Сол жылдары қазақ даласында болған
орыс ғалымы Г. Н. Потанин былай деп жазады: Бар жерде қырғыз тілін ғана
естисіз – жол шетінде жантайып, әңгіме соғып жатқан казактар да, стансада
өткінші шенеуніктің ат – арбасының маңында әбігерге түскен ат айдаушылар да
сол тілде сөйлейді. Кейде, тіпті сотта, қазақша сөйлесіп, тез тіл табысатын
адамдар жеткілікті.
Яғни ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында қазақ тілі өзінің
қоғамдық - әлеуметтік, керек десеңіз, мемлекеттік қызметін толық атқарған.
Бұл тілдік ахуалмен Ресей билеушілері де санасуға мәжбүр болған. Қазақ
қоғамына қоңсы қонушылар мен етене жақындасуға ниет еткендер қазақша
үйренсе, губернатор мен оның төңірегіндегілер тілмәштар ұстаған. Қазақша
білу – патша шенеуніктеріне қойылатын қатаң талаптар қатарына жатқызылған.
Мысалы, Түркістан өлкесінің губернаторы – генерал – лейтенант Д. И.
Субботин жергілікті отарлау басқармасы қызметкерінің тіл білмеуін мүлдем
төзгісіз жай ретінде бағалап, 1908 жылғы 7 ақпандағы шешімімен төтенше
комиссия құрады. Оған әкімшілік қызметкерлерін жергілікті тілдерді
үйренуге мәжбүрлейтін шаралар ойлап табу міндеті жүктелінген.
Граф Толстой өзінің 1876 жылғы 4 желтоқсанда патшаның атына жазған
мәлімдемесінде патшадан, біріншіден, әкімшілік орындарының қазақтарға
қатысты іс – қағаздарының баршасын орыс графикасымен қазақ тілінде жазуға,
екіншіден, осымен байланысты қазақ даласындағы татар тілмаштарын бара –
бара қазақтармен ауыстыруға жарлық етуін сұрайды.
Ал, әскери министр А. Ф. Редигерге жазылған хатта (1905 жылғы 28
көкек) отарлау әкімшілігінің басшысы байырғы тұрғындар тілін оқып –
үйренуге мүмкіндік беретін нақты шаралар ұсынады: Әкімшіліктің барлық
лауазымды қызметкерлері, уез басшыларына дейін жергілікті тілді білуі
керек; өз аймағының тілін бастапқы деңгейде игеруге бір жыл бөлінеді; тіл
білу деңгейі – аудармашыларды бақылай алатындай болуы керек; тілді білу
деңгейін одан әрі көтеріп, жетік үйрену үшін әкімшіліктің лауазымды
қызметкерлеріне тағы бір жыл қосып беріледі; бұл талап орындалмаған
жағдайда лауазым иелерін далалық аймақта қызмет бабында көтеру тоқтатылсын,
тіпті оларды іске жарамсыз деп қызметінен босатуға дейін бару керек
делінген. Н. С. Лыкошин деген автор газетте байырғы тұрғындар тілін білу
отарлау басқармасының қызметкерлері үшін ғана емес, барлық ведомстволардың
қызметкерелрі үшін қажет, сол сияқты сотқа да, тергеушіге де, дәрігерге де,
фельдшерге де керек деп ашық жазады. (Әйгілі шығыстанушы В. Бартольд тіл
мамандарының пікірін қолдап, байырғы тұрғындар тілін игеруге бір жыл әбден
жеткілікті деп есептеген).
Есесіне большевиктер басқаша ойлап, басқаша іс - әрекет жасады. Тілді
де ортақтандырып, орталықтандыруға өктем кірісті. Оған ішкі қызыл
миграция, ес жиғызбай әлденеше рет әліпби өзгерту, білім беру мен тәрбие
саласын орыстандыру, бүкіл тілдік кеңістікті бір ғана тілдің
бағыныштысына айналдыру арқылы жылдам – ақ қол жеткізілді. Ұлт
республикалары зиялыларының кейбір өкілдері өздерінің ана тілі үшін ұялатын
әсіре қызыл менталитет пайда болды (ол кейін мәңгүрттікпен ұласқаны
белгілі). Өйткені, қазақтың әдеби тілі жалпы халықтық тілджік негізінде
қазан төңкерісінен кейін пайда болды, қазақ тілі техникалық ұғымдарды
беруге қабілетсіз, ұлттық тіл – керітартпа нигилизм көрінісі, жарқын
болашаққа жалғыз тілмен баруымыз керек деген сияқты керемет пайымдаулар
ғылыми жаңалық ретінде жұртшылық санасына жүйелі түрде сіңіріле берді.
1920 жылдардан кейін қазақ тіліне деген көзқарас әр кезеңде әр түрлі
болды. Қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе беру туралы мәселесі Кеңес өкіметі
жылдарында бірнеше рет көтерілді. 1920 жылы Қазақ АССР – і кеңестерінің
бірінші құрылтай съезінде республикадағы әр ұл тбарлық мекемелер мен
мектептерде ана тілін қолдануға тең құқылы деген шешім қабылданды. 1924
жылы қабылданған Қазақстанның бірінші Конституциясы бойынша қазақ және орыс
тілдері республикада мемлекеттік тіл болып табылды.
Осы кезде 1925 жылы Якутияда соттық іс – қағаздар жүргізу якут
тілінде жүзеге асты. [10, 280]. Мұның өзі кеңес үкіметінде біршама аз
уақытқа болса да, аз ұлттардың тіліне еркіндік берілгенін байқатады. Сол
кездегі Қазақ АССР Орталық Комитеті 1927 жылы Орталық Комитеттің барлық
мүшелеріне қазақ тілін оқып – үйренуді тапсырды. [11, 48]. 1930 жылы
кеңестік тіл саясатын дамытудың ең басты элементі болған ұлттық – орыстық
қостілділік. Бұл саясат іс жүзінде орыстандыру саясатының бастауы болып
табылды (русификация). Орыс емес халықтардың орыстануына үлкен жол ашты.
КСРО құрамындағы халықтардың өз ана тілінен орыс тілінің басым болуы, елде
орыс тілін білмейтін адамдардың болашағы жоқ деген теріс пікір
қалыптасты[12,158]. 1921 жылдан бастап республикада мемлекеттік дәрежеге
екі тіл ие болды. Бұған дәлел ретінде мына құжаттарды көрсетуге болады:
Оның бірі – 1921 жылғы ақпанның екісінде Қазақ АССР Халық Комиссарлар
Советі қабылдаған Қазақ, орыс тілдерін мемлекеттік мекемелерде қолдану
жөніндегі декреті, екіншісі –1923 жылғы қарашаның 22-сінде қабылданған,
қазақ, орыс тілдерін Қазақ КСР-інде мемлекеттік тілдер деп тану жөніндегі
Қазақ тілінде іс жүргізу туралы деп аталатын Қазақ КСР Орталық Атқару
комитетінің декреті. Ал, үшіншісі – 1924 жылғы ақпанның 18-інде қабылданған
Қазақстанның біріншісі конституциясы. Оның 13 бабында қазақ, орыс тілдері
мемлекеттік тіл болып танылған.
1938 және 1978 жылдары қабылданған Қазақстан Конституцияларында
мемлекеттік тіл жайында ашып еш нәрсе айтылмаған. 1989 жылы қабылданған
Қазақ ССР – інің Тіл туралы Заңында, одан кейін Қазақстан Республикасының
1993 және 1995 жылдарда қабылданған жаңа Конституциясында қазақ тілі –
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып бекітілді. Тіл заңында
қазақ тілі мемлекеттік қамқорлыққа алынатыны атап көрсетілді.
1920 және одан кейінгі кезеңде қазақ тіліне деген көзқарас төменде
екі топқа топталып беріліп отырған әр кезеңде қабылданған құжаттардан да
анық байқалады. Құжаттардың бірінші тобы: 1919 жылы 26 желтоқсанда В. И.
Лениннің қолымен Халық Комиссарлар кеңесі еңбекші бұқараның сауатсыздығын
жою туралы шаралар белгіледі. Бұл қаулыда бұрынғы бұратана, езілген ұлттар
үшін олардың өз ана тілінде мектептер ашу, кеңсе жұмыстарын өз ана тілінде
жүргізу, газет – журнал, кітаптарды өз ана тілінде шығару шараларына көңіл
бөлінген.
Қазақ АССР Халық Комиссарлары комитетінің 1921 жылы 2 ақпанда жарық
көрген Республиканың мемлекеттік мекемелерінде қазақ және орыс тілдерін
қолдану деректері.
Қазақ АССР ОАК – нің 1923 жылғы қарашадағы Қазақ тілінде іс
қағаздарын жүргізуді ендіру туралы декреті.
Қазақ АССР ОАК Президиумының Қазақ тілінде іс қағаздарын жүргізуді
енгізу жөніндегі орталық комиссия туралы ережені бекіту туралы қаулысы.
Қазақ АССР Әділет Халық Комиссариатының 1923 жылғы 11 шілдедегі Сот
– тергеу органдарының халық соттары мен халық тергеушілерінің қазақ тілінде
іс жүргізуді ендіруге байланысты нұсқау хаты.
Қазақ АССР ОАК – нің қазақ тілін Қазақ ХКК – нің іс қағаздарына
ендіру жөніндегі Орталық Комиссияның аппаратын қазақ тілін білетін
қызметкерлермен жасақтау жөніндегі ұсынысы.
Қазақ АССР ХКК – нің 1924 жылғы 23 сәуірдегі өлкелік мекемелерді
қазақ тіліндегі жазу мәшіңкесімен қамтамасыз ету жөніндегі өкімі.
Қазақ АССР Еңбек Халық комиссариатының 1924 жылғы 21 шілдедегі Қазақ
тілінде іс қағаздарын жүргізуді енгізуге байланысты қызметкерлерді жұмыстан
босату және оларды қазақ тілінде сөйлеп жаза алатын қызметкерлермен
алмастырудың тәртібі жөніндегі қаулысы.
Қазақ АССА ОАК мен ХКК – нің 1927 жылғы 17 мамырдағы Қазақ уездері
мен өлкелік мекемелердің қазақ тілінде іс қағаздарын жүргізуге көшірудің
соңғы мерзімін белгілеу және аралас уездерде екі тілде қатар іс қағаздарын
жүргізу туралы қаулысы.
Қазақ АССР Халық ағарту комиссариатының 1930 жылғы 3 қаңтардағы
Барлық өлкелік халыққа білім беру бөлімдеріндегі орыс мектептерінде қазақ
тілін міндетті түрде оқыту жөніндегі нұсқау хаты сияқты көптеген ресми
құжаттар қабылданды. Бірақ көп ұзамай – ақ мемлекеттің негізгі қарым –
қатынас құралына айналдыру мүмкіншілігіне бұғалық салына бастады.
Енді (Л. Дүйсенбекованың Іс қағаздарын қазақша жүргізу оқу
құралында көрсетілген) төмендегі құжаттар тобына көз жүгіртейік.
Қазақ АССР Халық Комиссарлар кеңесінің 1921 жылғы 2 ақпандағы
Республиканың бүкіл орталық және губерниялық мекемелері іс – қағаздарын
және өзара қарым – қатынасты орыс тілінде жүргізеді деп жазылған.
1938 жылы 5 көкекте Қазақ мектептеріндегі орыс тілін мәжбүрлі оқыту
туралы арнайы қаулы шықты. Оны жүзеге асыруды жеделдетуге бағытталған
шаралар жүргізілді. Сол кездегі оқу – ағарту министрінің орынбасары А.
Аюповтың Республикадағы қазақ және басқа орысша емес мектептерде орыс
тілін оқыту жайы туралы баяндамасында қосымша оқулықтар шығару, орыс тілі
сабақтарының санын көбейту, жалақы төлеу тәртібін қайта құру, қазақ
мектептерінде орыс тілі бойынша арнаулы нұсқаушы қызметін енгізу сияқты
орыс тілін оқытуды жолға қою, орта білім беретін мектептер және жоғары оқу
орындарында орыс тілін оқытуды күшейту шаралары белгіленді.
Қазақ АССР ОАК – нің 1938 жылдың сәуір айында ұлттық мектептерді
қайта құру туралы қаулысы қабылданды. Соған сәйкес Қазақстандағы ұлттық
мектептер буржуазиялық – ұлттық идеологияның ошағы, балаларды Кеңес
үкіметіне қарсы тәрбиелейтін мекеме деп танылып, түгел таратылып
жіберілді.

1. 2 Мемлекеттік тілдің әлеуметтік қырлары
Мемлекеттік тілдің әлеуметтік қызметі Қазақстанда қай бағытта қалай
дамып жатыр деген сұраққа жауап берейік. Жалпы тілдің әлеуметтік көрінісі
көп нәрсені ұқтырса керек. Ғалым Ю. Д. Дешериев тілдің әлеуметтік қырларына
оның мынадай қызметтерін ұсынады:
1) сабақ жүргізудегі тіл қызметі: а) бастауыш мектепте, б) орта
мектепте, в) жоғары оқу орындарында;
2) қоғамдық – саяси өмірдің әр түрлі аясында қолданылатын тіл
қызметі: а) ауылдардағы, қалалардағы, зауыттардағы және фабрикалардағы
жиылыстарда; б) конференцияларда, съездерде; в) ғылыми сессияларда және
т.б.
3) көркем, қоғамдық – саяси және ғылыми әдебиеттердегі және т.б. тіл
қызметі;
4) мерзімді баспасөздердегі тіл қызметі (газет, журналдардағы және
т.б. ).
5) белгілі бір тіл иелерінің бір – бірімен өзара қарым –
қатынасындағы тіл қызметі, бұл ауыл, аудан, қала, мемлекет шектерінде
жүзеге асуы мүмкін;
6) белгілі бір тіл иелерінің басқа мемлекеттермен, көршілес
халықтармен қарым – қатынасқа түскен кездегі тіл қызметі, бұл салада
дипломатиялық мәнде жүзеге асады;
7) ұлтаралық қарым – қатынас кезіндегі тіл қызметі с.с т.б. [13, 55]
Мемлекеттік тілдің басым бағыттарын айқындайтын әлеуметтік қырлары
оның сипатына байланысты. Сондықтан бұл тарауды мемлекеттік тілде
жүргізілетін іс – қағаздардың қандай болу керек екендігін айтудан
бастағалы отырмыз. Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу мемлекеттік
тілдің қолданылуын тереңдететін аса қажетті құрал. Тілші - ғалым Бақытжан
Хасанұлының пікірі бойынша Іс жүргізу деген – қоғамдағы сөзбен берілген
ақпаратты белгілі бір кеңістікте нақты уақыт ішінде таңба жүйесімен белгілі
нысанаға жеткізу [14, 69].
Қазақ тілінде іс жүргізу үлгілері XVII ғасырдан бастап кездеседі. ХІХ
ғасырдың екінші жартысында қазақтың ұлы ағартушысы Ыбырай Алтынсарин мен
оның ізбасарларының істі қазақ тілінде жүргізу үшін күрескені белгілі.
Қазақ тілінде іс жүргізу 20 – жылдары дұрыс жолға қойыла бастады.
Қазақ тілінде іс жүргізуге байланысты Қ. Жұбанов бастаған тілшілер емле,
әліпби, терминология мәселелеріне ерекше мән берді. Кейінгі кезде кеңестік
заманның өзінде зерттеу нысанасына айналды. Профессор Нарима Ерғазиева 1972
жылы Қазақ тіліндегі ресми – іскерлік сөз саптаудың қалыптасуы мен дамуы
деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. Бірақ үкіметтің арнаулы
қаулысы болып тұрса да, соңғы қырық жыл ішінде қазақ тілінде іс жүргізу тым
нашарлап, төмендеп кетті. Сондықтан қазіргі кезде мемлекеттік тілде іс
жүргізуді енгізу қолға алына бастады. Алматы қаласының әкімі Иманғали
Тасмағамбетовтің бастамасымен 2006 жылы Алматы қаласы мемлекеттік тілде іс
жүргізуге көшірілді. Тіл саласы бойынша атқарылып жатқан ауыз толтырып
айтарлық жұмыстардың мазмұны осындай.
Мемлекеттік тілде іс жүргізу саласы Атырау, Қызылорда облыстарында
жаппай қолданылу үстінде, Оңтүстік Қазақстан аймағының қалалары да
мемлекеттік тілге көшті. Қалған облыстар мемлекеттік тілге әр қайсысының
жергілікті халқының ұлттық құрамы, тілдік жағдаяты сияқты он шақты
әлеуметтік – лингвистикалық факторлардың негізінде кезең – кезеңімен,
жоспарлы түрде туғызылған қажетті жағдайлар негізінде біртіндеп өтуі керек.
Бұл ретте жасалынған мемлекеттік бағдарлама нақтылануы тиіс.
Мемлекеттік мекеме басшыларының іс жүргізу үшін аудармашы ұстауына
тыйым салатын кез жетті.
Жалпы алғанда, қазақ тілінің жұмыс бабында, іс жүргізуде қолданылуы –
оның іс жүргізуде нақышты әрі ықшам, мәнерлі тіл болып берік қалыптасуының
нақты кепілі.
Қазақстанның беделі (имиджі) іскерлік салтымен (этикетімен) ғана
емес, мемлекеттік тілде іс жүргізу деңгейімен де сипатталса керек.
Баршамыз ұстанар бір қағида – тілдің қолданыста ғана тіл екендігі. Өз
этникалық Отанында іс жүргізуде қолданылмаған тіл, неше мәрте мәртебе
берілсе де, мемлекеттік тіл болу былай тұрсын, толыққанды тіл де бола
алмайды.
Әділі керек, сөз мәнісін білгендер іс жүргізу саласында мемлекеттік
тілді құлпыртып, өңін келтіріп – ақ қолданады. Бірақ кейбір олақ іс
қағаздарын қолдарынан шыққан іс қағаздары мемлекеттік тілдің қадірін
кетіріп, абыройына күйе жағуда.
Әрине, іс жүргізу саласында жарыса қолданылып келе жатқан қазақ
сөздері де аз емес (жарыса қолданылған 2 – 3 сөз семьяны алмастыру жолында
бәсекеге түсуде. Базар мен нарық рынокты алмастыра алмай келеді).
Қолданысқа толық түскен, бірақ болашағы күңгірттеу, қолайсыздау
сөздер қатары да баршылық (мысалы, құқ, құқық (право)) сияқты сөздер.
Өз аудармасын күтіп жүрген тілімізге орыс тілі арқылы енген сөздер
санатында реформа, эволюция, революция және трансформация сиқты көптеген
сөздерді атау керек.
Заман ағымына қарай, Қазақстанның халықаралық қатынастарының дамуына
орай шет тіл сөздері, терминдер мен кәсіби сөздерді қолдану қажеттігі анық,
бірақ бұларды де екі шұқып, бір қарап, қазақша баламасын табуға талпынған
дұрыс болмақ.
Мемлекеттік тілде іс жүргізу мәдениеті жан – жақты жетілуі тиіс. Ол
үшін қазақша іс жүргізу қазақ тілі заңдылықтарына сай жетіле түсуі қажет.
Бірақ түр жағынан әлемдік стандартқа жақындағаннан да ұтылмасақ керек.
Қазақстанда іс жүргізу қай тілде болмасын, бірыңғай сипат алғаны жөн.
1996 жылы 4 қарашада бекітілген Қазақстан Республикасындағы тіл
саясатының тұжырымдамасында елдегі тіл ахуалының баяу өзгеруі себептерінің
бірі ретінде мемлекеттік тілдің барлық жерде пайдаланылуын қамтамасыз
ететін тетіктің болмауы аталған еді. Кейінгі уақытта бірқатар жаңа құжаттар
қабылданды. Олардың арасында Қазақстан Республикасы Президентінің 1998
жылғы 5 қазандағы Жарлығымен бекітілген Тілдерді қолдану мен дамытудың
мемлекеттік бағдарламасы, 1998 жылғы 14 тамыздағы № 769 Мемлекеттік
органдарда мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999
жылғы 8 қаңтардағы № 16 қаулысымен бекітілген Тілдер туралы заңдардың
сақталуына бақылау жасаудың тәртібі туралы ереже бар.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 5 қазандағы №
4106 Жарлығымен бекітілген Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік
бағдарламасының қабылдануы мемлекеттік тіл саясаты саласындағы пәрменді
қадам болды. Оның 1989 жылғы бұрынғы бағдарламадан ерекшелігі – барынша
айқындығы мен нақтылығы, пәрменділігі.
Бағдарламаның құрылымы мемлекеттік тіл саясатының басты төрт бағытына
негізделген, олар:
- ел азаматтарының мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеруіне
қажетті қаржылық, ұйымдастырушылық, материалдық – техникалық жағдайлар
жасау;
- мемлекеттік тілді барынша дамыту, оның қоғам өмірінің барлық
салаларында әсіресе ғылым, білім, мәдениет, бұқаралық ақпарат құралдары,
мемлекеттік басқару, сот ісін жүргізу, халықаралық қатынастар салаларында
белсенді қызмет етуіне қажетті алғышарттар қалыптастыру;
- ресми іс жүргізуді мемлекеттік тілге кезең – кезеңімен көшірудің
нақты негізін жасау; [15]
- ел азаматтарының ана тілін қолдануына, олардың қарым –
қатынастәрбие беру, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдауы үшін қолайлы
жағдайларды сақтау мен дамыту.
Қазір қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін қамтамасыз етудің алғашқы
кезеңінің бағыт – бағдары айқындалып, бір жүйеге түсті. Қазақ тілінде іс
қағаздарын жүргізудің нақты алғышарттарын жасап қалыптастыру мемлекеттік
тілді нығайта түсуге жасалған қадам болмақ.
Мемлекеттік тілдің әлеуметтік қырының енді бір көрінісі баспасөзден,
яғни бұқаралық ақпарат құралдарының қолданысынан байқалады. Баспасөз
құралдары Қазақстандағы мемлекеттік тіл саясатын орнықтыруға қажетті аса
қуатты қару. Қазақ тіліндегі мерзімді баспасөз таралымдарының көбеюі қазақ
тілінің мәртебесінің өсуіне алып келмек.
Бүгінгі таңда мәдениет министрлігі тарапынан шығарылған 50 де 50,
яғни бұқаралық ақпарат құралдарында қазақ тілі мен орыс тілі тең болу керек
саясат көпе – көрінеу қазақ тілінің қолданылу аясының тарылуына әкелетін
қатерлі саясатқа әкеліп отыр. Мемлекеттік тілдің мүшкіл халін одан сайын
ауырлата түскенде түсетін пайда не деген сұрақ туады осы кезде.
Жасыратыны жоқ, Қазақстанның ақпарат кеңістігін орыс тілді
басылымдардың, орыс тілді телеарналардың жаулап алғанына қанша уақыт өтті.
Тіпті бүкіл бағдарламаларын мемлекеттік тілде жүргізіп, қазақы ұлттық салт
– дәстүрлерді қазақ тілінде кең насихаттауға мүмкіндік алған бірден – бір
ұлттық арна Қазақстан телерадиокорпорациясының бүкіл жұмысы тоқтатылып,
басшылығы ауыстырылды. Бағдарламалар түгелдей өзгеріске ұшырап, орыс
тіліндегі хабарлар қаптап кетті. Міне содан бері бір жыл өтті, ұлттық
мақтанышымызға айналар телеарнамыздың жағдайы адам көргісіз. Мемлекеттік
тілдің заңдық – құқықтық негіздері аяққа тапталып жатыр десе де болады.
Қазақстандағы БАҚ – тың бүгінгі хал – ахуалы осындай. Мемлекеттік
қызметшілердің қолынан істелер жақсылық жамандыққа ұласып бара жатқан соң
мемлекеттік тілдің жағдайы түзелмей ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының техникалық реттеу жүйесін дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Қазақстан Республикасында басқаруды құжаттамамен қамтамасыз ету: дамуы және проблемалары
Лизингтік операциялардың экономикалық мазмұны
Барлық адамдардың және заңды тұлғалардың заң мен сот алдындағы теңдігі принципі насихаттау жолдары
Салық жүйесінің реформасы
Салық бақылауын жүргізудің әдістері және салық тексерулері
Мамандыққа кіріспе
Ресми және жай сөздерді орыс тілінен қазақ тіліне аударма және қазақ тілінен орыс тіліне аударуда кездесетін стильдер
Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультеті
Ақпаратты қорғау үшін ұйымдастырылатын әрекеттері
Пәндер