Қазақстан Республикасындағы банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың құқықтық жағдайлары



Кіріспе

I Тарау Қазақстан Республикасындағы банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар қызметінің қалыптасу кезеңдері

II Тарау Қазақстан Республикасындағы банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың құқықтық жағдайлары
II.1 Қазақстан Республикасындағы несиелік серіктестіктердің құқықтық мәртебесі
II.2 Қазақстан Республикасындағы ломбардтардың құқықтық мәртебесі
II.3 Қазақстан Республикасындағы валюталық операцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың құқықтық мәртебесі
II.4 Қазақстан Республикасындағы банк операцияларының
жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін
қадағалау мен бақылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..36 . 40 б.

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 41 . 42 б.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..43 . 44 б.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   
РЕФЕРАТ
Бұл бітіру жұмысымыз екі тараудан тұрады. Бірінші тарауда банк
операцияларының жекелен түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың осы уақытқа
дейін келіп жеткен қызметтерінің түрлері мен қалыптасу кезеңдері
сипатталынса, екінші тарау, Қазақстанда қызмет атқаратын банк
операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың құқықтық
жағдайларына арналды. Бұл тараудың өзі төрт бөлімшелерге бөлініп отыр:
бірінші бөлімі еліміздегі несиелік серіктестіктердің құқықтық жағдайына,
екінші бөлімі ломбардтардың құқықтық мәртебесіне, үшінші бөлімінде
республика территориясында валюталық операцияларды жүзеге асыратын
ұйымдардың құқықтық мәртебесіне арналған. Бітіру жұмысымыздың соңғы
төртінші бөлімінде еліміздегі банк операцияларының жекелеген түрлерін
атқаратын ұйымдарды мемлекет тарапынан қадағалау мен бақылау мәселелері өз
мазмұнын табады.
Осы жұмысты жазу барысында “банктік операциялардың жекелеген түрлерін
жүзеге асыратын ұйымдар’’, “несие’’, “валюта’’ және “ломбард’’ сияқты
терминологиялар жиі кездеседі.

ЖОСПАР

Кіріспе

I Тарау Қазақстан Республикасындағы банк операцияларының
жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар қызметінің
қалыптасу
кезеңдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4 –
16 б.

II Тарау Қазақстан Республикасындағы банк операцияларының
жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың құқықтық
жағдайлары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
– 40 б.

II.1 Қазақстан Республикасындағы несиелік серіктестіктердің
құқықтық мәртебесі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17 – 27 б.
II.2 Қазақстан Республикасындағы ломбардтардың құқықтық
мәртебесі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
...27 – 30 б.
II.3 Қазақстан Республикасындағы валюталық операцияларды
жүзеге асыратын ұйымдардың құқықтық мәртебесі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..30 – 36
б.
II.4 Қазақстан Республикасындағы банк операцияларының
жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін
қадағалау мен бақылау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...36 – 40 б.

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .41 – 42 б.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...43 - 44 б.

Кіріспе
Еліміз егемендікке қол жеткізгеннен бастап Қазақстан Республикасының
экономикасы, шет елдермен қарым-қатынасы, яғни нарықтық жағдайы қалыптаса
бастады. 1991 жылға дейін ел экономикасы Ресей экономикасымен тығыз
байланыста болғаны баршамызға мәлім, сол себепті елдің қаржы нарығы тұтас
экономикаға қатысты күрделі де ауқымды өзгерістерге ұшырады. Бұл
өзгерістерде жекелеген кәсіропындар ғана емес, сонымен бірге қаржы нарығын
құрайтын банктер, сақтандыру, зейнетақы жинақтаушы қорлары, құнды қағаздар
нарығы қатысушылары осы уақытқа дейін бірде пайда болып, бірде өз
жұмыстарын тоқтатқандары да болды.
Жаңа тәуелсіз елдің экономикасын құру көптеген шаралар мен жұмысты
қажет етті. Мысалға, елдің банктік жүйесін құруда Ресейдің және т.б
нарықтық экономикасы дамыған елдердің банктік тәжірибелеріне сүйене отырып
қалыптасқанын айта кету керек.
Яғни, Қазақстан Республикасында орталық банкінің бөлініп шығуы,
сонымен бірге екінші деңгейлі банктердің пайда болуы да Ресей елі мен шет
ел экономикаларының даму тәжірибелерінің нысаны.
Соңғы он бес жыл ішінде Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі
тұрақтанып, көптеген жетістіктерге жетті деуіміз артық болмас. Бұған дәлел
ретінде қазіргі нарықтық экономикада бәсекелестікке төтеп бере алатын,
қаржылық жағдайы тұрақты көптеген коммерциялық банктер мен банк қызметінің
жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды атай аламыз.
Жалпы алғанда, экономиканы түпкілікті реформалауға бағыт ұстанып,
қысқа мерзімнің ішінде нарықтық реформалар жүргізілді, тиісті заңнама
жасалынды. Бүгінгі таңда Қазақстанда нақтылы жұмыс істеп тұрған нарықтық
экономика бар.
Егер осыдан он жыл бұрын жан басына шаққанда жалпы ішкі өнім жеті жүз
доллардан сәл ғана асса, 2004 жыдың соңында ол екі мың жеті жүз долларға
жетті, ендеше, биылғы жылы біздің жан басына шаққандағы жалпы ішкі өніміміз
енді үш мың доллардай болады деген болжамымыз бар. 2010 жылы жан басына
шаққанда жалпы ішкі өнімді бес мың сегіз жүз АҚШ долларынан асатын
мөлшерге, яғни Чехия, Венгрия, Польша, Малайзия сияқты елдердің бүгінгі
деңгейіне, ал 2015 жылы шамамен тоғыз мың АҚШ доллары мөлшеріне жеткізілуі
мүмкін.
Бүгін экономикалық өсудің негізгі көзі елдің шикізат әлеуетін
пайдалану болып отыр. Көмірсутегі шикізатын өндіру көлемін 1985 жылмен
салыстырғанда 225 пайызға ұлғайтылғаны мәлім. Экономикаға отыз миллиард АҚШ
долларындай тікелей шет ел инвестициясы тартылды. Бұл өте жоғары көрсеткіш
болғандықтан, бүгінгі Қазақстанның тұрақты, тиімді әрі сенімді әріптес
екені барша инвесторларға әлдеқашан аян, ақиқат.
Қазақстанның қаржы жүйесі топжарғандар қатарында танылады, мұны
жетекші халықаралық сарапшылардың өздері мойындап отыр.
Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып, тұрақты әлеуметтік-
экономикалық дамуды қамтамасыз ету, сыртқы қолайсыз факторларға тәуелді
болмау үшін Ұлттық қор құрды. Бүгінгі күні бұл қорда 5,3 миллиард доллар
жинақталып отыр, ұлттық қорды қоса есептегенде, еліміздің алтын-валюта
резервтері 14 миллиард долларын құрап отыр.
Еліміздің қаржы секторын одан әрі дамыту үшін қазір құнды қағаздар
нарығын дамыту мен 2005-2007 жылдары жинақтау зейнетақы жүйесін дамыту
бағдарламалары қабыданды.
Банктер мен банк опреацияларның жекелеген түрлерін жүзеге асыратын
ұйымдардың қызметтерінің ашықтықтың айтылуы өнегесі болуы тиіс. Ең алдымен,
бұлардың меншік құрылымы мен аффилирленген тұлғалар туралы мәліметтерге
қатысы бар. Банк және банк опреацияларының жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын ұйымдар қабылдайтын шешімдерге елеулі ықпалы бар барлық тұлғалар
уәкілетті органның келісімін ала отырып, өздерінің мәртебесін нақтылай
түсулері керек. Аффилирленген тұлғалармен жасалатын мәмілелер банктер мен
банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды тәуекелге
барғызбауы шарт болып табылады. Қаржылық қадағалау агенттігінің бұл
жұмысты батыл жүргізуі міндетті деп саналады.
Осы тақырыпты таңдап алу себебіміз, республика экономикасының
жекелеген секторларының қаржылық жағдайы мен құқықтық мәртебесін зерттей
отырып, қоғамға тигізетін әсері мен алатын орнын ерекшелеп көрсетуді мақсат
еттік.
Атап өтетін болсақ, банктер мен банктің жекелеген операцияларын
жүзеге асыратын ұйымдардың құқықтық мәртебесі қандай, қаншалықты қорғаныста
және оны жетілдіру мәселелеріне тоқталмақпыз. Себебі, қандай болмасын ұйым,
ең алдымен, оның құқықтық мәртебесі анықталып, ары қарай қандай қызмет
атқару керек екендігі белгіленеді.

I ТАРАУ
Қазақстан Республикасындағы банк операцияларының жекелеген түрлерін
жүзеге асыратын ұйымдар қызметінің қалыптасу кезеңдері.
Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың
пайда болуы мен түсінігіне тоқталмас бұрын, алдымен банк түсінігі мен оның
пайда болу тарихы мен Қазақстандағы банктік жүйеге, сосын банк
операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға келейік.
Банкілік қызмет алғаш рет қай елде пайда болғандығын қазір айту қиын-
ақ. Ертедегі отырықшыл халықтар табиғи шаруашылықтан ақшалайға ауысқан
сәттен бастап банкілік іс пайда болуы керек екендігі түсінікті. Тіпті
Ежелге Вавилонның өзінде Неоагиддин Эдисибиннің банкілік қызмет атқаратын
үйі қызмет еткендігі белгілі.Оның қызметі ауқымды да әр түрлі болған
деседі. Атап айтқанда, ордер бойынша төлемақы төлеген, қолхаттар мен
кепілдіктер ала отырып несиелер берген және ипотекалық несие берген
жағдайда проценттердің орнына кепілдікке салынған мүліктен бекітілген баға
бойынша түсетін табыстарды алу құқығын иеленген товарларды сатып алу
барысында делдалдық қызмет атқарған, тіпті клиенттің шотының жарты соммасын
төлеуді өз мойнына алатын болған.
Біздің дәуірімізге дейінгі екі мың жыл бұрын қытайлықтарда чек
айналымы жүрген. Ежелгі Грецияда, Египетте, Римде банкілік қызметтің жақсы
дамығаны анықталған.
Халықтардың көшіп – қонуы банкілік істің дамуына кері әсерін тигізді:
осы салада қол жеткен жетістіктердің барлығы жойылып, келмеске кетті.
Кәсіпкер банкілік қызметпен айналысатын адамдардың өкілі ретінде ақша және
құнды заттарды айырбастаумен айналысатындар ғана қалды. Бәрінен бұрын
банкілік іс Италияда қалпына келтірілді. Италияның ірі орталықтарында ақша
және құнды заттар айырбасымен ғана емес, сонымен бірге несиелік
операциялармен де айналысатын қоғам қайраткерлері, банкирлер пайда болды.
Ақшалай салымдар қабылдап отырған банкирлер өз клиенттерінің кассалық
айналымын меңгеріп, олардың арасында өзара есептесуді іске асырды. Италияда
дами бастаған банкілік іс он екінші ғасырдың соңынан бастап басқа елдерге
де, Францияда, Англияда және Германияда кең етек жая бастады.
Жаңа қоғамдық банктік қызметті атқаратын ұйымдар қашан пайда болды
деген сұраққа ғылымда ешбір тұрақты жауап жоқ. Ғалымдардың пікірінше ежелгі
қоғамдық банк Палерм банкі десе, 1401 жылы Барселонада ашылған Taula de
cambi қоғамдық банкі дейді, 1587 жылы Венецияда Banko de Rialto деп
аталатын қоғамдық банк ашылды. 1609 жылы жеке банкирлердің қиянат жасауына
тиым салу үшін Голландия үкіметі Amsterdamsche Wisselbank деп аталатын
қоғамдық банк ашылды[1].
Осылайша, қоғамдық банкілік ұйымдардың қызмет ету шеңбері тым шектеулі
болғандықтан олар төлемдік айналымды тәртіпке келтіріп, жеңілдетті және
өзінің клиенттерінің төлемін жай ғана кітаптарға енгізу арқылы жүргізетін
ерекше есептесу бірлігін бекітті. Европа үкіметтері жалған монета
жасауларын тыйып, монеталық айналымның шарттары жақсарғанда, қоғамдық жинақ
ұйымдары өзінің бұрынғы мәнін жоғалтып, бара-бара тиімді қызмет ететін
банкілік қызмет түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың жаңа формаларына орын
бере бастады.
Бұл жаңа формалар Англияда бастауын алып, одан әрі дами түсті және
Лондонның алтын істерінің шеберлері банкілік операциялармен айналыса
бастағанда басқа халықтар да осы жерден тәжірибе жинап, банкілік қызметті
іс жүзіне асырудың осы формалары кең тарады. Олар аздап болса да сенімге
кіргеннен кейін халықтың салымын сақтауға қабылдай бастады. Бастапқы кезде
салымшылардың сақтауға ақша қаражаттары мен сол банкілік қызметті атқаратын
ұйымда сақтаулы қаражаттың мөлшері тең болды, алайда, көп ұзамай банк
ісінің шеберлері өздерінде сақтаулы ақша қаражаттарының басым бөлігі бос
жатқандығын, олардың барлығы бірдей салым салған тұлғаларға
берілмейтіндігін байқап, осы бос қалатын ақша соммасын несиеге беруді
немесе өзінің айналымына қосуды шешеді. Бұл жүйеге тән жалпы белгілері
банкілік мекемелердің тікелей бақылаудағы акционерлік кәсіпорын формасында
негізделуі және сөздің тар мағынасында несиелік операцияларды жүргізуінде.
Олардың қызметінің негізі сақтауға салым алу емес, пайдалану және
қарапайым билеттер шығару үшін қарызға салым алу формасында болады. Бұл
банктік қызметті атқаратын ұйымдардың негізгі міндеті- несиелік
қатынастарда делдалдық қызмет атқару еді.
Сонымен бірге ежелгі банкілік ұйымдар несиелік операциялар жүргізумен
қатар салым иелеріне біртіндеп есеп айырысу қызметін де көрсетті. Есеп
айырысулар банкілік ұйымдардағы салым иелерінің бір шотынан басқа бір шотқа
аудару арқылы жүргізілді.
Банкілік ұйымдардың клиенттер қатары ақырындап ұлғая түсті. Банкілік
ұйымдар өз кезегінде клиенттер арасында жасалатын келісім-шарттарды құруда
сенім қызметтерін көрсетіп, сауда – саттықта делдал қызметін атқарды.
Кейінірек, есеп айырысуларды жеңілдету мақсатында ежелгі банктік ұйымдар
өздерінің билеттерін шығарды. Олар толық құнды ақшалармен қатар айналыста
жүрді. Ағылшын елінде алғашқы акционерлік банк – Ағылшын банкі 1694 жылы
құрылып, үкіметтен ақша банкнотын шығаруға құқық алды.
Қазіргі Қазақстанның экономикасы Ресейдің экономикасының бір бөлігі
ретінде әр деңгейде дамып келді. Қазақстанның шаруашылығы бір жағынан,
Ресейдің және әлем нарығының тауар айналысына, екінші жағынан, темір
жолдарын салу жұмыстарын жедел қолға алу тиімділігін қатар қарастыра
отырып, темір жолдарын жүргізу арқылы Қазақстанның ауыл шаруашылық өнімдері
мен шикізаттары (ет, тері, жүн т.с.с) сыртқа шығарылып отырды.
Қазақстанның Ресей нарығына енуі, нәтижесінде Ресейлік орталық -
өнеркәсіптік аудандарымен өзара экономикалық байланысы одан әрі кеңейді.
Банктік капиталының Қазақстанға енгізілу мерзімі 19 ғасырдың кезін
қамтиды. Революцияға дейінгі Қазақстанның көп сатылы экономикасында
несиенің әр түрлі формалары дамыған. Қазақстанның несиелік жүйесі негізінен
Ресей империясының несиелік жүйесінің бір бөлігі ретінде: Мемлекеттік банк
бөлімшелерінен, акционерлік, коммерциялық ұйымдар филиалдарынан, өзара
несие беру қоғамдарынан, қалалық қоғамдық банктерінен, ипотекалық несие
банктері немесе ұсақ несие мекемелерінен және жинақ кассаларынан тұрды.
Ресейдің мемлекеттік банкі 1860 жылы өз қызметін бастап, барлық несие
жүйесіндегі – орталық банк болып саналады және оның айналысқа қағаз
ақшаларды шығаруда монополиялық құқығы болды. Ресейдің мемлекеттік банкі
барлық акционерлік, коммерциялық банктердің есеп-ссудалық операцияларының
үштен бір бөлігіне жуығын, салымдар мен ағымдық шоттардың жартысынан көбін
тартып отырған. Басқа мемлекеттердің орталық эмиссиялық банктерінен Ресей
мемлекеттік банкінің айырмашылығы, ол тек банктерді несиелеп қана қоймай,
сол сияқты өнеркәсіп, сауда және дайындау ұйымдарын да қатар несиелеумен
айналысқан.
Мемлекеттік банктік бөлімшелері Қазақстан территориясында ірі сауда -
өнеркәсіп қызметтерінің орталығы болып саналатын Оралда 1876 жылы,
Қызылжарда 1881 жылы, 1887 жылы Семейде, 1895 жылы Омбыда, 1912 жылы
Верныйда ашылып жұмыс жасады.
Сонымен қатар, Ресей империясында ең ірі банктерге жататын Орыс-Азия
банкісінің филиалдары 1898 жылы Омбыда, 1903 жылы Верныйда және 1907 жылы
Семейде құрылды.
Жалпы, бірінші дүниежүзілік соғыстың бастапқы кезеңінде Қазақстанның
әр аудандарында Мемлекеттік банктің 6 бөлімшесі, акционерлік-коммерциялық
банктердің 18 филиалдары, 12 өзара несие беру қоғамдары, 8 қалалық қоғамдық
банктер және 345 несиелік және ссудалық серіктестіктер жұмыс істеді[2].
Қазақстанда, Ресейдің басқа аудандарымен салыстырғанда, өзара несие беру
қоғамы кейінірек пайда болды. Қызметінің сипаты жағынан өзара несиелеу
қоғамдарының коммерциялық банктерден айырмашылықтары болмады. Олар да
салым қабылдап, ағымдық шоттар ашып, вексельдерді есепке ала отырып, ссуда
берді және тауарлармен байланысты операциялармен айналысты. Жарғысына
сәйкес, өзара несие қоғамдарының капиталы үш көзден құралды: айналым
капиталынан (мүшелердің қосқан жарнасынан), қосалқы капиталдан (түскен
пайдадан 10 пайыз есебінде аудару негізінде), арнайы капиталдардан құралды.
Банкілік қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың өзара
несие беру қоғамдарынан айырмашылығы, олар ұйымдастырылу құрылымына
байланысты қалыптасты. Олар негізінен қалалық басқарманың негізінде
жүргізіліп, қалалық басқарманың қадағалауында бола отырып, олардың алдында
есеп берді. Бұларға негізінен сауда және өнеркәсіп буржуазиялары мен үй
иеленушілер қожалық етті. Бұл ұйымдардың жарғылық қорының ең төменгі
мөлшері 10 мың сом шамасында, ал міндеттемесі негізгі және қосымша
капиталдан бес мәрте мөлшерінде қалыптасуға тиіс.
Осындай ұйымдардың бірі болып ең алғаш 40 мың сандық жарғылық капиталы
бар 1871 жылы Қызылжар қалалық қоғамдық банкі құрылды. Оның басты
операцияларына салымдар қабылдау, вексельді есепке алу, бағалы қағаздар,
тауарлар, бағалы заттар және жылжымайтын мүліктерді кепілге ала отырып
ссуда беру жатты. Бұл ұйымның негізгі қатарының 78,6 пайызы саудагерлер мен
өнеркәсіпшілер, 25,1 пайызы үй иеленушілері, 21,4 пайызы ауыл шаруашылығы
клиенттерінің үлесіне тиді.
Қазақ ауылдарының капиталистік қатынастарға өтуі барысында көптеген
тауар өндірушілер және ауыл буржуазиялары үшін ұсақ несие беру
мекемелерінің тағы бір формасы несиелік кооперациялар болды. Бұл несиелік
кооперациялардың Қазақстан территориясында даму тарихын екі кезеңге бөліп
қарастыруға болады.
Бірінші кезең: 19 ғасырдың соңы мен 1909 ж. дейін материалдық базаның
жеткіліксіздігінен несиелік кооперациялар баяу дамыды.
Екінші кезең: 1909 ж. басталған өнеркәсіптік өрлеумен байланысты
несиелік кооперациялар қатары жылдам қарқынмен ұлғая түсті.
Несиелік кооперативтер ішінде несиелік серіктестіктер кеңінен дамыды
және олардың құрамы таза қазақтардан құралды. Несиелік кооперация негізінен
капиталы ауыл шаруашылығына, ауыл адамдарына тікелей қызмет көрсетті.
Несиелік кооперативтердің капиталы айналым қаражаттарынан (негізгі,
қосымша, арнайы капиталдар, пайда және пайыздар) құралды.
1917 жылы Қазан революциясынан кейін, қаржылық, банк ісінде мемлекеттік
монополиялық ұйымдастыру қағидалары жүзеге асты. Бастапқыда мемлекеттік
банк құрылып, жеке, коммерциялық және т.б. ұйымдарды ұлтшылдандыру
нәтижесінде мемлекетке тиісті салалық және аумақтық банк қызметін атқаратын
ұйымдар құрылды. Мемлекеттік банктермен бірқатар кеңес үкіметінің бастапқы
жылдарында мемлекеттік емес несиелік мекемелер: кооперативтік және жеке
меншікке негізделген, оның ішінде шетел капиталының қатысуымен құрылған
мемлекетік-капиталистік банктер қатары жұмыс істеді.
1922 жылы несиелік және ссуда-жинақ серіктестіктері және олардың
одақтары ұйымдасып, ауылды қалпына келтіру мақсатында қызмет көрсетті.
1924 жылы ауыл шаруашылық кооперацияларына несиелік операцияларды
жүзеге асыру барысында салымдар қабылдау, ссуда беру және есептесу
барысында делдалдық қызмет атқаруына рұқсат берілді.
1930-1932 жж. КСРО-дағы жүргізілген несиелік реформа нәтижесінде жаңа
қағидаға негізделген салалық банктер қатары ұйымдастырылды. Сонымен,
күрделі капитал жұмсалымдарын қаржыландыру мақсатында төрт мамандырылған
банктер құрылды.
Өнеркәсіп және электр шаруашылығында күрделі құрылысты қаржыландыру
банкі 1959 жылы Құрылыс банкі болып құрылды. Көптеген несиелік
серіктестіктермен республикалық ауыл шаруашылық банктері негізінде құрылған
Ауыл шаруашылық банкі 1959 жылы қысқарып, оның қызметі Мемелекеттік және
Құрылыс банктері арасында бөлініп берілді.
Кооперациядағы күрделі құрылысты қаржыландырудың банкі Внешкомбанк
1936 жылы жойылып, оның активі мен пассиві 1959 жылы қысқарған Сауда
банкісіне жүктеледі.
Коммуналдық және тұрғын-үй құрылысын қаржыландыру банкі
(Цекомбанк)1959 жылы қысқарып, оның қызметі де Құрылыс банкі мен
Мемлекеттік банк арасында бөлінді. Бұл құрылған салалық банктер
қызметтерінің басты бағыттары салаларды қаржыландыру және ұзақ мерзімді
несиелеуді көздеді.
1989 жылдан бастап, елімізде алғашқы коммерциялық банктер мен банкілік
қызметті іс жүзіне асыратын ұйымдар қатары жұмыс істеді. Сол жылы алғаш
құрылған коммерциялық банктерге Интеринвестбанк, Крамдсбанк және қазіргі
Казкоммерц банк және т.б.
1990 жылы Қазақстан Республикасы өз егемендігін жариялағаннан бастап
нарықтық қатынастардың талаптарына сай келетін меншікті банк жүйесін құруға
бетбұрыс жасады. Осы жылы желтоқсан айында қабылданған ҚазКСРО-ғы банктер
және банктік қызмет туралы алғашқы заң Қазақстандағы банктік реформаны
жүргізудің бастапқы кезеңдерін қамтиды.
Бұл банктік реформа Ұлттық банктің 1995 жылға арналған Қазақстандағы
банктік жүйені реформалау бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылды.
Ал ең алғашқы ломбардтар Англияда он үшінші ғасырда пайда болып, он
бесінші ғасырда Францияда Ломбардини атты қала адамдары бұл қызмет түрін
жүзеге асыра бастаған. Бастапқы кезекте ломбардтар несиелік ұйым ретінде
жылжымалы мүлікті кепілге ала отырып ақша қаражаттар айналысымен
шұғылданған. СССР одағы кезінде ломбардтар мемлекеттік кәсіпорын болып
есептеліп, біраз ақшаға халықтың күнделікті өмірде қолданатын құралдары мен
жеке меншік заттарын сақтай отырып, осы заттарды, құндылықтарды кепілге ала
отырып ссуда беріп отырған[3].
Қазақстан Республикасында ломбардтардың құқықтық мәртебесі Қазақстан
Республикасының Әділет Министрлігінен заңды тұлғаларды ломбард ретінде
мемлекеттік тіркеу нәтижесінде көрінеді. Ломбардтар банктік операциялардың
жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым болып табылады, олардың ашылуы
тәртібі, қызмет ету саласы мен реттелуі Қазақстан Республикасының қаржы
нарығы мен қаржылық ұйымдарды қадағалау мен бақылау Агенттігі бекіткен
нормативті құқықтық актілер негізінде және т.б. заңдарға қайшы келмейтін
нормативті актілермен сәйкес, соларға негізделе отырып өз қызметін
атқаратын ұйым болып табылады.
Нарықтық экономикаға өту барысында дағдарысты жоюда, макроэкономикалық
тұрақтылыққа қол жеткізуде Қазақстан Республикасының банк жүйесі маңызды
рөл атқарды.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының қаржы нарығы жүйесінің
қалыптасуын үш кезеңге бөледі:
Бірінші кезең. 1988-1991 жж. – мемлекеттік салалық мамандырылған банктер
қызметінің бір бөлігін республикадағы сол банктердің тиісті бөлімшелеріне
беру арқылы қайта түрлендіру; алғашқы коммерциялық банктер құру; КСРО
Мемлекеттік банкіне орталық банкінің жекелеген қызметтерін беруге
байланысты бастапқы қадамдар жасау кезеңі.
Екінші кезең. 1992 жылдың аяғы мен 1993 жылдары рубль аймағында бола
отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің орталық банктің бірқатар
қызметтерін орындауға біртіндеп кірісуі, коммерциялық банктердің қарқынды
түрде қалыптасуы және дамуы, ұлттық нормативтік базаның қалыптасуының
бастапқы кезеңімен сипатталады.
Үшінші кезең. 1993 жылдың қараша айынан бастап айналысқа Ұлттық валютаның
енгізілуіне байланысты Ұлттық банкінің ақша-несие аясының қызмет етуіне
толық жауапкершілік алу, бюджет және банктермен қарым-қатынас орнатудың
классикалық қағидаларын енгізу, банктердің қызметін реттеу жүйесін нығайту
кезеңін білдіреді.
Сонымен, қазіргі нарықтық кезеңде Қазақстан Республикасында банк жүйесі
екі деңгейден тұрады. Жалпы алғанда, несиелік жүйе-жалпы банктердің (ұлтық
және коммерциялық банктер) және банктік операциялардың жекелеген түрлерін
жүзеге асыратын банктік емес ұйымдардың жиынтығы болып табылады.
Несие жүйесі ұғымы банк жүйесіне қарағанда кеңірек, яғни мұнда өзге де
несиелік мекемелер қамтылады. Әр елдің өзіндік ерекшелігіне қарай несие
немесе банк жүйесінің құрылымы қалыптасады. Қазақстан Республикасындағы
несиелік жүйе екі буыннан тұрады: біріншісі – банктік жүйе болса, ал
екіншісіне – банктік емес мекемелер жүйесі болып табылады. Жоғарыда айтып
өткендей, несиелік жүйенің бірінші буынының өзі екі сатыдан тұрады: бірінші
сатысында – еліміздің барлық несие жүйесін реттеуші ұйым рөлін атқара
отырып, орталық банк экономикамыздағы басты орын алады. Орталық банк
еліміздің эмиссиялық және резервтік орталығы ретінде ақша-несие және валюта
саясатын анықтайды. Оның қызметінің басты мақсаты пайда табу емес, тек ақша-
несие саясатын, ұлттық валюта бағамын тұрақтандыру және еліміздің банк
жүйесіне жетекшілік етуге бағыталған. Ұлттық банк – бұл ақшалай резервтерді
құрайтын, оған қоса меншікті алтын валюта резервтерден, басқа да
материалдық бағалықтардан тұратын мүліктерге ие болып табылатын заңды
тұлға[4].
Коммерциялық банк банк жүйесінің екінші сатысын құрай отырып,
шаруашылық субъектілердің бос ақша қаражаттарын тарта отырып, бұл
қаражаттар есебінен кәсіпорындар мен ұйымдардың әр түрлі қажеттерін
қанағаттандыратын арнайы мекеме болып саналады. Бұл банктер сонымен бірге,
ақша қаражаттарымен болатын операцияларды, сондай-ақ, оған заңмен жүктелген
басқа да банк операцияларын жүргізу арқылы табыс табуды көздейтін мекеме
деп те атауға болады.
Ендігі кезекте Қазақстан Республикасында өз қызметтерін атқарып жүрген
банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың
құқықтық жағдайы мен жалпы оларға қойылатын талаптарға тоқталайық.
Банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым болып
– Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды қадағалау
мен бақылау Агенттігінің банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге
асыруға құқылы, яғни лицензиясы бар банк болып табылмайтын заңды тұлға[5].
Банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың
қызметі Қазақстан Республикасы Парламентінің Жарғысымен, Қазақстан
Республикасындағы банктер және банкілік қызмет туралы Заңмен, Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкі туралы заңмен, Несиелік серіктестіктер туралы,
Валюталық реттеу туралы, Құнды қағздар нарығы туралы, Акционерлік
қоғамдар туралы, Қазақстан Республикасы қаржы нарығы мен қаржылық
ұйымдарды қадағалау мен бақылау Агенттігі туралы заңдармен және т.б. заңға
қайшы келмейтін нормативті құқықтық актілермен реттеледі.
Бірде бір банктік емес ұйым жеке және заңды тұлғаларға және жинақтаушы
шоттарын ашып, оларды жүргізуге құқылы емес. Банктік емес ұйым мемлекеттің
міндеттемелері бойынша, керісінше, мемлекет банктік емес ұйымдардың
міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Банктік емес ұйымдар өзінің
филиалдары, өкілдіктері мен еншілес банктік емес бөлімшелері немесе
ұйымдарын ашатын болса, банктік емес ұйым оларды ашуға рұқсат бергеннен
кейін үш күн ішінде Қазақстан Республикасы қаржы нарығы мен қаржылық
ұйымдарды реттеу мен қадағалау Агенттігіне мәліметтер жеткізуі тиіс.
Банктік емес ұйым өз филиалдарын, өкілдігін, еншілес ұйымдарын ашуда
мынадай мәліметтерді көрсетуі керек:
- уәкілетті органның банктік емес ұйымға өз филиалдары, өкілдігін,
еншілес ұйымын ашуға рұқсат берген күні көрсетілуі керек.
- ашылатын филиалдың, еншілес ұйымның атауы мен орналасқан жері туралы
мәлімет.
- банктік емес ұйым атынан алған сенімділік қағазына негізделе
жүргізетін банктің жекелеген операцияларының түрлері көрсетілуі
қажет.
Банктік емес ұйым банктің жекелеген түрлерін жүзеге асыру барысында
нормативтік құқықтық актілермен бекітілген олардың үй-жайы мен
қызметкерлері ұйымдастырушы-техникалық және квалификациялық талаптарға сай
болуы керек.
Банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың
қаржылық жағдайын тұрақтандыру мен жетілдіру мақсатында Ұлттық банк
басқармасы мен Агенттіктің басқарма жиналыстарында бұл ұйымдарға өз
қызметін атқару үшін жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшерін бекітеді.
Төмендегі көрсетілген ұйымдардан басқа банктік қызметтің жекелеген
түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың жарғылық капитал сомасы – 5
000 000 (бес миллион) теңге құраса, банкнота мен құндылықтарды және
монеталарды жіберу мен инкассациялауды жүзеге асыратын ұйымдарға жарғылық
капиталдың ең төменгі мөлшері – 25 000 000 (жиырма бес милион) теңге
болады, ал ссудалық және ломбардтық операцияларды жүзеге асыратын ұйымдарға
жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшері – 40 000 000 (қырық миллион) теңге
шамасында болуы тиіс[6].
Банктік емес ұйымдардың жарғылық капиталын төлеуде сырттан тартылған
және несиеге алған, кепілдікке алған ақша-қаражаттарыны пайдалануға
болмайды.
Жаңа құрылған банктік емес ұйымның жарғысында көрсетілген жарғылық
капиталының елу пайызы мемлекетік тіркеуден өткен сәтте төленуі қажет. Ал
мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бір календарлық жыл ішінде лицензия
алуға өтініш берген кезден бастап жарғылық капиталы толық төленуі керек.
Банктік емес ұйымдар өндіруші кооперативтік формадан басқа
ұйымдастырушылық-құқықтық формада құрылып, өз қызметін атқара алады. Бұл
ұйымдардың құрылтайшылары ретінде Қазақстан Республикасының резидент,
резидент еместері, жеке және заңды тұлғалары бола алады.
Қазақстан Республикасы қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды қадағалау
мен бақылау Агенттігі Қазақстан Республикасы территориясындағы банктік емес
ұйымдарға банктердің жекелеген операцияларын жүзеге асыруға жалғыз ғана
лицензия беруші болып табылады.
Банктік емес ұйымдар Қазақстан Республикасының заңдарына сай өзінің
құрылтай құжаттары негізінде ашылып, қызметін атқарады. Құрылтай құжаттарын
қабылдаумен қатар оған енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар міндетті
түрде қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды қадағалау Агенттігімен келісіліп,
бекітілуі тиіс. Агенттік банктік емес ұйымдарға банктің жекелеген
операцияларының түрлерін жүзеге асыруға лицензия бере отырып, оны қайтарып
алу, қызметін тоқтату, лицензияның заңды түрде күші жоқ деп танитын бірден-
бір мемлекеттік орган болып табылады.
Берілген лицнзия ұзақ мерзімге беріледі және үшінші тұлғаға
берілмейді, сонымен қатар бұл банктік операциялардың жекелеген түрлерін
жүзеге асыратын ұйымдарға берілген лицензияда көрсетілген операцияларды
жүргізуге тек теңгемен жүргізуге рұқсат етіледі. Ал берілетін лицензия
түрлері немесе формалары Қазастан Республикасының Агенттігімен белгіленеді.
Банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым Агенттікке
лицензия беруге барлық құжаттарды тапсырған соң өтініш берген күннен бастап
бір ай ішінде қарастырылады. Агенттік банктік емес ұйымға лицензия беруге
рұқсат берген соң бұл лицензияда ұйымның жүргізетін нақты банк
операцияларының жекелеген түрлерінің тізімін көрсетеді.
Лицензия беруге өтінішпен қатар банктік емес ұйым келесі қосымша
құжатарды тапсыруы керек:
- мемлекетік тіркеуден өткендігі туралы куәлік
- Әділет Министрлігінен мемлекеттік тіркеуден өткен құрылтай құжаттарды
(қазақ және орыс тілдерінде)
- Агенттікпен банктік емес ұйымдар үшін бекітілген жарғылық капиталының
ең төменгі мөлшері төленгендігін куәландыратын құжат.
- құрылтайшылардың (қатысушылардың) құрылтай құжаттары – заңды
тұлғалардың соңғы есептік айға бухгалтерлік балансы; құрылтайшылардың
қаржылық жағдайы туралы аудиторлық фирманың қорытындысы, яғни заңды
тұлғаларға банктік емес ұйымның жарғылық капиталына қатысуына қажет
өзіндік қаражат пен құрал-жабдықтардың бар екендігін куәландыратын
құжат;
- егер құрылтайшылардың қатысушысының біреуі болмаса біреуі Қазақстан
Республикасының резиденті болмаса, резидент еместің мемлекеті атынан
банктік емес ұйымның жарғылық капиталына қатысуына рұқсат етілген
жазбаша келісімі болуы керек;
- егер құрылтай қатысушысы мемлекеттің жарғылық капиталының елу
пайызынан кем емес үлесін иеленуші немесе жеке ұйым иеленушісі болса,
сол ұйым немесе уәкілетті органның қатысушының банктік емес ұйымның
жарғылық капиталына қатысуға болады деген шешімі болуы керек.
Егер жарғылық капиталының елу пайызынан көбі мемлекетке қарайтын
мемлекеттік ұйым немесе жеке кәсіпорын банктің жекелеген операцияларын
жүзеге асыратын ұйымның құрылтай қатысушысы бола алмайды. Банктік емес
ұйымды басқарушысы мен бас бухгалтері туралы мәліметтер, яғни толық аты-
жөні, азаматтығы, мекен-жайы және басқа да заңды талаптарға сай екендігін
көрсететін мағлұмат Агенттікке қосымша мәлімет ретінде өткізілуі керек.
Сонымен бірге, банктің жекелеген түрлерін жүзеге асыруда банктік ұйымның
стратегиясы, атқаратын қызмет көлемі, тәуекелділікті бағалауды анықтайтын
лицензия алу үшін банктік емес ұйымның экономикалық негіздемесін тапсыру
керек. Бұл аталған құжаттар нотариалды тіркелген күйде тапсырылуына болады.
Лиценция алу үшін өтініш беруші келесі құжаттардың тізімін толық
қарастырып, уәкілетті органға өткізуі қажет:
- техникалық-ұйымдастырушылық талаптарға жауап беретіндігі туралы,
операциялардың жүргізетін түріне байланысты құрал-жабдықтар мен
орналасқан ғимараттың дайындығы мен банктің жекелеген операцияларының
түрлерін атқарушы тұлғалардың квалификациялық талаптарға сай келуін
қамтамасыз ету керек.
- бекітілген жарғылық капиталдың төленуі тиіс
- банкілік заңдылықтарға сәйкес банктік емес ұйымдардың ішкі саясаты
мен ережелерін, жүргізетін жекелеген банктік операциялардың тізімін
көрсету керек.
- Агенттіктің нормативті құқықтық актілерімен белгіленген басқарушы және
банктік емес ұйымның қызметін атқарушы тұлғалардың тізімі, олардың
қол қою үлгілері мен мөр таңба белгісін анықтап, қабылдануы туралы
құжаттар тізімі ескерілуі керек.
Банктік емес ұйымның басқарушысы ретінде банктік емес ұйымның төрағасы
және директорлар кеңесі, атқарушы органның басшысы мен бас бухгалтері болып
табылады. Банктік емес ұйымның бұл қатысушыларына өзіндік талаптар бар, бұл
лауазымды тұлғалар сайланбалы орындарға келесі жағдайларда сайлана алмайды:

- жоғары білімі жоқ болса;
- заңды тәртіппен аяқталмаған немесе жабылмаған сот алдында
жауапкершіліктері бар тұлғалар;
- бұрында заңды тұлғаның басшы қызметкері бола тұрып банкроттыққа
ұшыраған жағдайда немесе банктік емес ұйым болғанда уәкілетті орган
тарапынан заңды талаптарды орындамаған, сәйкес келмегеннің нәтижесінде
банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыруға лицензияны
бермеуі немесе оны қайтарып алуы және лицензияны жоққа шығарған
жағдайда кез-келген тұлға лауазымды атқарушы міндеттемені өз қолына
алуына болмайды.
Ал, банктік емес ұйымға заңдылықтарға сәйкес басқарушы тұлғаны анықтау
Агенттікпен келісе отырып, белгілі тәртіпте жүргізіледі. Бұл тұлғалар
Агенттіктен рұқсат алмайынша үш ай мерзімі ішінде өз міндеттемелерін
атқаруға тиым салынады.
Банктік емес ұйымға қосымша операциялар атқаруға лицензия берілгенде
олардың жүргізетін барлық операциялар тізімі осы жаңа лицензияда
көрсетілетіндіктен, алдыңғы банктік операция жүргізуге берілген лицензия
Агенттікке қайтарылады. Агенттік тарапынан берілген лицензия үшін төленетін
салым көлемі белгіленген, олар бойынша төлеу мөлшері мен тәртібі заңды
түрде белгіленген, ал берілген, тоқтатылған және күші жоққа шығарылған
лицензиялар бойынша Агенттік белгілі тәртіппен реестр жүргізіп отырады[7].
Егер банктік емес ұйым лицензиясын жоғалтып алған жағдайда Агенттікке
лицензияны жоғалтқанын куәландыратын құжаттар тізімі мен бұл мағлұматты кем
дегенде екі республикалық бұқаралық басылымдарда жария етіп, қайта өтініш
беруіне болады. Өз жұмысын тұрақты атқарып жүрген банктік емес ұйым қосымша
банктік емес операция түрін жүргізуге Агенттікке өтініш берген кезде
Агенттік сол ұйымның жүргізетін операция түрін орындауға қаншалықты дайын
екендігін тексеріп, анализ жасауға міндетті. Яғни банктік емес ұйым келесі
талаптарды орындауы тиіс, оларға соңғы үш есептік ай ішіндегі банктік емес
ұйымдарға негізделген лимиттер мен нормалар және нормативтер; бюджет
алдында банктік емес ұйымның қарызы болмауы керек; нормативті құқықтық
актілердің орындалуы тиіс.
Банктік емес ұйымның банктің жекелеген операциялар түрлерін немесе қосымша
операциялар түрлерін жүргізуге олар қызмет көрсететін ғимараттың техникалық
жағдайы, яғни қорғаныс және өртке қарсы, сондай-ақ қатерлі оқиға болған
кезде сигнализацияның жұмыс істеуі бұл ұйымның дайындығын айқындайтын
көрсеткіш болып табылады. Бұл көрсеткіштердің қаншалықты дайын екендігін
тексеру мақсатында Агенттіктен сәйкес құрылымдық бөлімшелерден немесе
облыстық филиалдарынан комиссия мүшелері қалыптасады. Банктік емес ұйымның
банктік операцияның жекелеген түрін немесе қосымша операция түрлерін жүзеге
асыруға толық дайын екендігі туралы қорытынды жазбаша мәлімет сәйкес
уәкілетті органға тапсырылады.
Банктік емес ұйымға банктің жекелеген операция түрін немесе қосымша
банктік операция түрін жүзеге асыруға лицензияны Агенттік құрылтай
құжаттарының заңды күші бар талаптарға сай келмегенде, жарғылық капиталдың
құрылымы, мөлшері және құрамы сәйкес келмегенде, құрылтайшылардың
(қатысушылар) немесе банктік емес ұйымның қаржылық жағдайы тұрақты болмаса,
бюджет алдында бұл ұйымның қарызы болуы және басқарушы және атқарушы
тұлғалардың заңдылық талаптарға сай келмеуі нәтижесінде қайтарып алуына
құқылы. Өтініш берушіге лицензия алуына рұқсат бермеуі туралы шешімді
уәкілетті орган заңды түрде белгіленген тәртіппен жазбаша түрде жеткізеді.
Банктік емес ұйым ссудалық және ломбардтық операцияларды тек сейфтік,
кассалық және есепке алу операцияларымен қатар жүзеге асыра алады. Банктік
емес ұйым құнды қағаздар нарығында (инвестициялық қорларды қоспағанда)
кәсіби қызмет атқара отырып, банктік емес ұйымдардың корреспонденттік
шоттарын ашу, олар бойынша ағымдық операциялар жүргізеді, аударым
операциялар: жеке және заңды тұлғалардың талаптары бойынша ақша аударым
операцияларын жүзеге асырады; клирингтік операциялар (есеп-айырысу):
төлемдерді жинау, сорттау және төлем операцияларының орындалуын қадағалау;
сейфтік операциялар: клиенттердің құндылықтарын, құнды қағаздары мен
құжаттарын сақтау, сонымен бірге сейфтік жәшіктерді, шкафтар мен
ғимараттарды жалға беру операциялары жатады. Банктік емес ұйымның аударым
операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы болған жағдайда екінші деңгейлі
банктерден корреспонденттік шот ашуына құқылы.
Банктік емес ұйым басқа банктік емес ұйымнан немесе банктерден несие
тартатын болса, өз активтерін заңды түрде бекітілген тәртіппен жіктеуі
тиіс.
Банктік емес ұйымдардың бухгалтерлік есеп және басқа есеп беру
формалары, тізімі және өткізу мерзімі Агенттіктің жекелеген нормативті
құқықтық актілерінде белгіленіп, орындалуын талап етеді. Бұл ұйымдар
Агенттіктің сұрауы бойынша өзінің қаржылық жағдайы немесе Қазақстан
территориясынан тыс кез-келген мәліметтерді жеткізуі міндетті. Банктік емес
ұйымның қызметін қадағалайтын тұлға бұл ұйым бойынша банктік немесе
коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтерді үшінші тұлғаға жария етуіне,
хабарлауына тыйым салынып, бұл талап орындалмаған жағдайда мәлімет
таратушы, мемлекеттік қызмет атқарушы тұлға заңды түрде жауаптылыққа
тартылады.
Банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыруға берілген
лицензияны Агенттік кез-келген төмендегі негіздерге сүйене отырып
тоқтатуына немесе күшін жоюға құқығы бар, оларға: Агенттіктен лицензия
бергеннен кейін дұрыс емес мәліметтерді тапса, жүйелі түрде (ағымдағы он
екі ай ішінде үш немесе одан да жиі) нормаларды орындамау кезінде,
нормативті құқықтық актілерге сай келмеуі, лицензияда немесе жарғысында
көрсетілген операциялардан басқа операцияларды жүзеге асыру барысында, яғни
шектен тыс операция жүргізссе, банктік емес ұйымның ерікті түрде қайта
құрылуы немесе тарауы салдарынан қызмет атқаруының тоқтатылуы, банктік емес
ұйымның банкроттыққа ұшырауы, сот шешімі негізінде банктік емес ұйымның
қызмет етуі тоқтатылады, лицензиясы қайтарылып алынады. Бір ай ішінде
Агенттік қабылдаған шешім бойынша, яғни банктік емес ұйымның қызметі
тоқтатылғаны туралы мәліметті заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу органына
хабарлайды.
Келесі тараудың бөлімдерінде осы банктік емес ұйымдардың құқықтық
жағдайына жеке-жеке тоқталмақпыз, яғни Қазақстан Республикасы
территориясында қандай банктік емес ұйымдар қызмет атқарады және оларға
қойылатын талаптар, жүргізетін операциялар тізімі мен қандай жағдайда
банктің жекелеген операциялар түрлерін жүргізуге берілген лицензия
қайтарылып алынады және т.б. мәселелер көрініс табады.

II ТАРАУ. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын
ұйымдардың құқықтық жағдайлары.

II.1 Қазақстан Республикасындағы несиелік серіктестіктердің құқықтық
мәртебесі
Несиелік серіктестік - жеке және заңды тұлғалар қатысушыларының
несиелерге және басқа қаржылық, соның ішінде банктік қызмет көрсетуге деген
қажеттерін және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа
да көздер есебінен қанағаттандыру үшін құрған заңды тұлға болып
табылады[8].
Несиелік серіктестіктер жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер
нысанында құрылтай шарты негізінде құрылады және өз жарғысына сәйкес әрекет
етеді. Несиелік серіктестік оның мемлекеттік тіркелген кезінен бастап
құрылды деп есептеледі. Несиелік серіктестіктің атауында "несиелік
серіктестік" деген сөз болуға тиіс. Несиелік серіктестік ретінде
тіркелмеген бірде-бір заңды тұлға несиелік серіктестік деп атала
алмайды[9].
Несиелік серіктестік қатысушыларының саны үштен кем болмауға тиіс.
Несиелік серіктестік өзінің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық
мүлікпен жауап береді және өз қатысушыларының міндеттемелері бойынша жауап
бермейді.
Несиелік серіктестік уәкілетті орган берген лицензия негізінде банктік
және өзге де операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын коммерциялық
ұйым болып табылады.
Несиелік серіктестіктің мүлкі оған меншік құқығымен тиесілі болып
және оның қатысушыларының міндетті салымдары мен қосымша жарналарынан,
несиелік серіктестік алған кірістерден, сондай-ақ Қазақстан Республикасының
заңдарында тыйым салынбаған басқа да көздерден құралады, бірақ - та
несиелік серіктестіктерге заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысуға
қатаң түрде тыйым салынады.
Несиелік серіктестіктің құрылтай құжаттарына келетін болсақ ол несиелік
серіктестіктің құрылтай шарты мен жарғысынан тұрады.
Несиелік серіктестіктің құрылтай шартында Қазақстан Республикасының заң
актілерінде көзделген мәліметтерден басқа несиелік серіктестікке кіру
кезінде төленуге тиісті міндетті салымның ең төменгі мөлшері; несиелік
серіктестік қатысушыларының міндетті салымды салу тәртібі мен шарттары;
несиелік серіктестіктің таза кірісін бөлу тәртібі жайлы мәліметтерді қамтуы
тиіс.
Ал несиелік серіктестіктің жарғысында Қазақстан Республикасының заң
актілерінде көзделген мәліметтерге қоса несиелік серіктестіктің фирмалық
атауы мен орналасқан жері; несиелік серіктестік қатысушыларының құқықтары
мен міндеттері; несиелік серіктестікке қатысу тәртібі мен шарттары;
несиелік серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшері туралы мәліметтер;
несиелік серіктестік қатысушыларының қосымша жарнаны салу тәртібі мен
шарттары; несиелік серіктестік органдары туралы ережелер, шешімдер
қабылдау, соның ішінде несиелік серіктестік қатысушыларының жалпы
жиналысына қатысушылар және өкіл болып отырғандар даусының төрттен үш айқын
басым көпшілігі қажет болатын мәселелер бойынша шешімдер қабылдау тәртібі;
несиелік серіктестік органдарының арасындағы құзыретті бөлу; несиелік
серіктестіктің ақшасын орналастыру тәртібі; несиелік серіктестіктің
жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі; несиелік
серіктестіктің резервтік капиталын құру және пайдалану тәртібі туралы
мағлұматтар болуы керек.
Несиелік серіктестік уәкілетті органға несиелік серіктестіктің
жарғысына енгізілген барлық өзгерістер мен толықтырулар туралы олар
қабылданған күннен бастап бір айдың ішінде кешіктірмей хабарлауы
керек[10].
Несиелік серіктестіктің банктік және өзге де операциялардың жекелеген
түрлерін жүзеге асыру жөніндегі қызметі Қазақстан Республикасының банк
зандарына сәйкес міндетті түрде лицензиялануға жатады.
Яғни, банктік және өзге де операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге
асыруға лицензия беру тәртібін Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен
қаржылық ұйымдарды бақылау мен қадағалау Агенттігі (бұдан былай уәкілетті
орган) белгілейді.
Жалпы алғанда, несиелік серіктестіктерге коммерциялық пайда табу
мақсатында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға тыйым салынады. Кез – келген
несиелік серіктестіктер үшін банктік және өзге де операцияларды жүзеге
асыруға лицензия алу үшін өтініш беруші Қазақстан Республикасының
лицензиялау туралы заңдарына сәйкес келесі құжат мәліметтерін уәкілетті
органға операциялар жүргізудің жалпы шарттары туралы ережелерді және
несиелік серіктестіктің ішкі ережелерін, сондай – ақ мынадай құжаттарды
тапсырып, осы құжаттарда көрсетілетін талаптарға сәйкес келуі керек:
- уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сай
келетін барлық ұйымдық-техникалық іс-шаралардың орындалғанын, соның ішінде
үй-жайлар мен жабдықтардың әзірленгенін;
- тиісті біліктілігі бар персоналдың бар екенін, төраға және басқарма
мүшелері, бас бухгалтер қызметіне ұсынылатын кандидаттарды уәкілетті
органмен оның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіп пен
жағдайларда келісілгенін;
- бастапқы жарғылық капиталдың төленгенін растайтын құжаттарды табыс
етуге тиіс.
Келесі құжатта, яғни операциялар жүргізудің жалпы шарттары туралы
ережелерде берілетін несиелердің шекті сомалары мен мерзімдері; несиелер
бойынша сыйақы ставкаларының шекті шамалары; қатысушыларға операциялар
жүргізу үшін шекті ставкалар мен тарифтер туралы мәліметтер көрсетілуі
керек.
Несиелік серіктестіктің ішкі ережелерінде несиелік комитеттің және
құрылымдық бөлімшелердің құрылымы, міндеттері, функциялары мен
өкілеттіктері, құрылымдық бөлімшелер басшыларының құқықтары мен міндеттері,
несиелік серіктестіктің лауазымды адамдары мен қызметкерлері несиелік
серіктестіктің атынан және оның есебінен мәмілелерді жүзеге асырған кездегі
олардың өкілеттіктері белгіленуге тиіс.
Лицензия беруден бас тарту Қазақстан Республикасының заң актілерінде
көзделген негіздер бойынша жүргізіледі. Операцияларды жүзеге асыруға
лицензия беруден бас тартқан кезде өтініш берушіге бас тарту себебі
көрсетіле отырып жазбаша нысанда дәлелді жауап беріледі.
Елімізде 2005 жылдың басында өз қызметін атқаратын 85[11] несиелік
серіктестіктер тіркелген. Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастар
жағдайында қаржы нарығының қатысушысы несиелік серіктестік жүзеге асыратын
операциялардың жекелеген түрлері несиелік серіктестікке лицензиясы болған
жағдайда өзінің қатысушылары үшін банктік және өзге де операциялардың
мынадай жекелеген түрлерін жүзеге асыруға құқылы: кассалық операциялар,
оларға банкноттар мен монеталарды қабылдау, беру, қайта есептеу, ұсақтау,
айырбастау, сұрыптау, буып-түю және сақтау; аударым операциялары, яғни ақша
аударымы жөніндегі тапсырмаларды орындау; қарызға беру операциялары, оған
төлем жасалу, мерзімділік және қайтарылу шартымен ақшалай нысанда несиелер
беру; несиелік серіктестік қатысушыларының тапсырмасы бойынша олардың
банктік шоттары бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру; сейфтік операцияларына
сейф жәшіктерін, шкафтар мен үй-жайларды жалға беруді қоса алғанда,
құжаттама нысанында шығарылған бағалы қағаздарды, құжаттар мен
кұндылықтарды сақтау жөніндегі қызметтер; несиелік серіктестік
қатысушыларының банк шоттарын ашу және жүргізу; несиелік серіктестіктің
қатысушыларына ақша нысанында орындауды көздейтін банктік кепілдіктерді,
банктік кепілгерлікті және өзге де міндеттемелерді олардың міндетті салымы
мен қосымша жарналары сомасының шегінде беру; шетел валютасымен айырбастау
операцияларын ұйымдастыру[12] опрецияларын жүргізуге құқылы.
Статистикалық мәліметтерге сүйенетін болсақ, жалпы алғанда, несиелік
серіктестіктердің активтерінің сомасы соңғы мәліметтерге қарағанда 10,2
млрд. теңгені құраса (бір жыл ішінде 121,7 пайызға өскен), міндеттемелері
5,7 млдр теңге (123,0 пайызға ұлғайғанын көреміз) болған, ал өзіндік
капитал бір жыл ішінде 120,1 пайызға өсіп, 4,5 млрд теңгені құрап отыр[13].
Ал несие қоржынының ішінде стандартты несиелердің үлесі, 2004 жылға
қарағанда, 66,8 пайыз болса, 2005 жылдың басына 82,4 пайызын құрайды; ал
күмәнді несиелер үлесі 30,7 пайыздан 17,4 пайызға төмендегенін көреміз;
үмітсіз несиелердің үлесі 20,5 пайыздан 0,2 пайызға дейін өзгергенін
байқаймыз.
Бұл көрсеткіштер қаржы нарығында несиелік серіктестіктер тұрақты
қалыпқа келгенін, сондай-ақ қоғамның оларға деген сенімділігінің артуын
көрсетеді.
Несиелік серіктестіктер өз қызметін үйлестіру, жалпы мүдделерін қорғау
және білдіру, бірлескен жобаларды жүзеге асыру және өзге де жалпы
міндеттерді шешу үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес несиелік
серіктестіктердің қауымдастықтар (одақтар) нысанындағы бірлестіктерін,
сондай-ақ бірлескен қызмет туралы шарт негізінде консорциумдар құруы
мүмкін.
Несиелік серіктестіктің қарыз операциялары несиелік серіктестік
қатысушыларының жалпы жиналысында бекітілетін ішкі несиелік саясат туралы
ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.
Ішкі несиелік саясат туралы ережелерде несиелерді қамтамасыз ету мен
өтеу мерзімдері, шарттары, несиелеу лимиттері, несиелік серіктестіктің бір
қатысушысына берілетін несиенің ең көп сомасы қамтылуға тиіс. Несие
несиелік серіктестік жарғысындағы ережелерге сәйкес төленген міндетті
салымға иелік ететін несиелік серіктестіктің қатысушысына ғана берілуі
мүмкін.
Несиелік серіктестіктің қатысушыларына жеңілдік шарттарымен несиелер
беру несиелік серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысының шешімі бойынша
жүзеге асырылады.
Несиелік серіктестіктің қатысушыларына несиелер, егер ішкі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктердің филиалдарын, өкілеттігін ашу тәртібі. Еншілес шетел капиталдарының қатысуымен банктерді құру
Банкілік қызмет анықтамасы және оның құқықтық жағдайлары
Банктік емес ұйымдардың түрлері және жүзеге асыратын операциялары
Қазақстан Республикасының банкілік қызметін мемлекеттік реттеу
Банкілердің құқықтық мәртебесінің өзгеруі
Қазақстан Республикасындағы банк жүйесі және банктік құқықтық қатынастар
Ломбардтар, олардың мәні мен маңызы
Орталық банк және оның қызметтері талдау
“Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы”
Банк және банкілік қызметі лекция тезистері
Пәндер