Сезікті ретінде ұстаудың процессуалдық тәртібі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қазақ Гуманитарлық Заң Университеті Алматы Заң Академиясы

Қылмыстық іс жүргізу және Криминалистика кафедрасы

МАЗМҰНЫ

Кіріспе3

I. Тарау. Сезіктінің ұғымы және сезікті ретінде ұстаудың негіздері7

1. 1. Сезіктінің ұғымы7

1. 2. Сезіктіні ұстаудың негіздері14

II. Тарау. Сезікті ретінде ұстаудың процессуалдық тәртібі22

2. 1. Сезікті ретінде ұстаудың рәсімделуі22

2. 2. Сезіктіні жеке тінту тәртібі30

2. 3 Сезіктінің уақытша ұсталатын жері36

III. Тарау. Сезіктінің құқықтары және оларды қамтамасыз ету43

3. 1. Сезіктінің құқықтары43

3. 2. Сезіктінің құқықтарын қамтамасыз етудегі прокурорлық қадағалаудың орны55

Қорытынды60

Қолданылған нормативтік құқықтық актілер тізімі64

Кіріспе

Қылмыстық іс жүргізу құқығының субьектілерінің бірі - сезікті болып табылады. Сезікті қылмыстық іс әрекетті жасады деп күдік тудырған, күмән келтірген жеке тұлға. Осы сезіктінің қылмыстық іс жүргізудегі құқықтық жағдайларының негізі Қазақстан Республикасының Қылмыстық Іс Жүргізу Кодексінде тікелей бекітілген. Сондықтан да қылмыстық іс жүргізудегі өте маңызды субьекті болып танылады. Сезіктінің қылмыстық іс бойынша заңда көрсетілген негіздерде құқықтық реттеу өте маңызды болып саналады. Бұл жердегі басты мәселе сезіктіні ұстау сәтінен басталады. Соның ішінде, құқықтық құрал арасында, заңда көрсетілген құқық қорғау органдарының қылмыстық сот ісін жүргізудегі жұмыстарының ішіндегі - сезіктіні ұстау үлкен орын алады. Бұл тиімді шара, сезіктінің қылмысқа қатысы бар ма және оған жаза ретінде қамауға алатындығын көрсететін өте маңызды жағдай. Сезіктіні уақытында ұстау оған алдын ала тергеуден қашуын және қылмыстық істің шындығын ашуға қарсы келуінен, қылмысты әрі қарай жалғастыруын тоқтатуына себеп болады.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінде көрсетілген тәртіптер мен негіздерді сақтай отырып сезіктінің конституциялық құқықтарымен бостандықтарын заңды түрде рәсімдеу басты мәселе болып саналады. Бұл жердегі сезіктіні ұстау тікелей жеке адамның құқығына қол сұғушылыққа жатады, осыған байланысты бұл шара өте қатаң түрде тексеріледі. «Жалпы Адам құқығы» Халықаралық декларациясында «ешкім қамауға, ұстауға немесе қуылуға алына алмайды», - деп айтылған1.

Бұл қылмыстық әрекет бойынша ең алдымен сезікті деп тану мәселесін жан-жақты қарастырып заңда көрсетілген тәртіптерде прокурордан санкцияны алу негіздері мен дәлелді қаулы шығару кезеңінен басталады. Осы сәттен бастап қылмыстық іс бойынша іс қозғалып тергеу әрекеттерінің процессі жүргізіледі. Сезікті деп тану қаулысынан бастап сезіктінің қылмыстық іс жүргізу заңында көрсетілген құқықтар мен міндеттерді қатаң түрде сақтау басшылыққа алынады. Бұл жұмыстың негізгі мақсаты қылмыстық іс бойынша сезіктінің құқықтық мәртебесін жан-жақты, заңды тәртіптер мен негіздерде реттелуін талқылау болып танылады. Осындай мақсатты жүзеге асыру үшін жұмыстың мазмұнын қылмыстық істер жүргізу субъектілері мен іске қатысушылардың қылмыстық іс бойынша заңдарда бекітілген құқықтары мен міндеттері ашып көрсетуден бастауды негіз етіп отырмын. Сондықтан да сезікті қылмыстық іс жүргізу субъектілерінің екінші топ субъектілеріне, яғни қылмыстық іс бойынша өз мүддесін қорғап түсуші тұлғалардың бірі болып танылады. Осының әсерінен құқық қорғау органы заңда бекітілген сезіктіні ұстау процедурасын құқықтық тәртіптер мен негіздерде ұстауды іс бойынша субъектінің маңыздылығын айқындайды. Осындай ұстау процедурасын заңды түрде жүргізілу тәртіптерін, негіздерін прокурордың берген санкциясы негізінде бекітіледі, ал кейбір жағдайда кезек күттірмейтін мән-жағдайлар бойынша прокурордың тиісті санкциясынсыз сезіктіні ұстау орын алады. Дегенмен, бұндай процедура жиырма төрт сағаттан кешіктірілмей прокурорға хабарлануы тиіс. Осындай тәжірибе барысында туындайтын бірнеше келеңсіз оқиғаларды болдырмас үшін және олардың заңды түрде жүргізілуі үшін сезіктіні ұстау тәртіптері жан-жақты талдау негізінде қарастырылады.

Теоретикалық талдауда және тәжірибелік қолдануда ұстау нормасын саралау барысында бірнеше қарама-қайшылықтар туындайды. Сезіктіні ұстау мен тұлғаны ұстау екі үлкен мағынаны білдіреді. Себебі, сезіктіні ұстау оның қылмысқа қатыстылығын анықтау және оны қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы мәселені шешу мақсатында қолданылытын іс жүргізудегі мәжбүрлеу шарасы. Бұндай ұстау негіздері қылмыстық істер жүргізу кодексінің 132-бабының 2-ші тармағында көрсетілген жағдайларды жүргізіледі. Сонымен қатар сезіктінің тұрақты жері болмағанда және сезіктінің жеке басы анықталмаған жағдайларда ұсталады. Бұл кезеңде, заңды түрде іске қатысушы сезікті ретінде құқықтық дәлелді қаулы толық қабылданбаған. Сондықтан да, алдымен тұлғаны ұстау жүргізіліп құқықтық негізде дәлелденгеннен кейін сезіктіні ұстау ретінде қарастырылады.

«Қылмыс жасады деп сезік келтірген адамды ұстау тәртібі» деп аталатын бапқа тоқтала кетелік. Ұсталған адамды анықтау не тергеу органына әкелгеннен кейін үш сағаттан аспайтын мерзімде тергеуші немесе анықтаушы ұстаудың негіздері мен дәлелдері, жері мен уақыты (сағаты, минутын көрсете отырып), жеке тінтудің нәтижелері, сондай-ақ хаттама жасалған уақыт көрсетілген хаттама жасайды. Хаттамамен ұсталған адамды таныстырады, бұл ретте оған Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 68 - бабында көзделген сезік келтірген адамның құқықтары, соның ішінде оның қорғаушы шақыру және оның қатысуымен жауап беру құқығы түсіндіріліп, бұлар хаттамада көрсетіледі. Ұстау хаттамасына оны жасаған адам мен ұсталған адам қол қояды.

Жоғарыда көрсетілген негіздер мен алдыма қойған мақсаттарды жан-жақты ашып көрсету үшін бұл жұмыстың мазмұнын үш тараудан құрастырдым. Соның бірінші тарауында сезіктінің ұғымын, оны ұстаудың негіздерін заңды түрде тәртіптерін айқындап ашып, екінші тарауында сезікті ретінде ұстаудың процессуалдық құқықтық тәртібі мен негіздерінің реттелуін, оның ішінде ұсталудың рәсімделуі мен жеке тінту тәртібі қарастырылады. Сонымен қатар, сезіктінің уақытша ұсталатын жерінің заңда көрсетілген тәртіптерінің негіздері айқындалады. Үшінші тарауында сезіктінің құқықтары мен міндеттерінің қорғалу кепілдігі көрсетіледі.

Мен бұл жұмысымды жазу барысында көптеген ғалымдардың еңбектері мен мақалаларын пайдалана отырып, қазіргі таңдағы заңдар мен нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алдым. Мәселен, Б. Қ. Төлеубекованың, В. И. Силвесторовтың, Н. А. Власованың, еңбегін және көптеген заңгер ғалымдардың еңбектерін, мақалаларын пайдаландым.

I. Тарау. Сезіктінің ұғымы және сезікті ретінде ұстаудың негіздері

1. 1. Сезіктінің ұғымы

Сезіктінің процессуалдық тұлғасы қылмыстық сот ісін жүргізуде анағұрлым күрделі болып табылады.

Сезікті дегеніміз, Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 68 бабында көрсетілген, ол - тергеуші, анықтаушы қылмыс жасады деп күмән келтірілгені хабарлап, өзіне қатысты қылмыстық іс қозғалған не ұстау жүзеге асырылған, не айып тағылғанға дейін жолын кесу шарасы қолданылған адам. Яғни: 1) оған қатысты іс қозғалған; 2) қылмыс жасады деген күдікпен ұсталған адамды; 3) айыптау табыс етілгенге дейін бұлтартпау шаралары қолданылатын адамды білдіреді. Сонымен бірге сезікті дегеніміз - қылмыстық іс жүргізу құқықтық қатынастарының бірден - бір қатысушы, оның мәртебесі - адамды күдікті деп тану туралы қаулы шығарудың салдарынан емес, осы адамға процессуалдық мәжбүрлеу шараларын қолдану нәтижесінде немесе қылмыс жасады деп күдіктенуге байланысты оған қарсы қылмыстық іс қозғау нәтижесінде белгіленеді.

Сезіктінің процесте пайда болуының заң белгілеген негіздері оның әрбір қылмысгық іс тікелей қозғалған сәттен бастап қатысуын жоққа шығарады. Сонымен бірге нақты адамға қатысты қылмыстық істің қозғалуы оны, сөз жоқ, сезіктінің жағдайына қояды2.

Сезіктінің процессуалдық жағдайы істе жеке мүддесінің болуына байланысты. Бұл орайда адамдардың жеке және заңды мүдделері барлық уақытта бірдей сәйкес келе бермейді. Сезікті - өзінің құқықтары мен мүдделерін қорғайтын процеске қатысушылардың тізбесін ашатын маңызды процессуалдық тұлғалардың бірі. Сезіктінің мүдделерін қорғаудың іс жүргізушілік нысандары әр қилы.

Айыптау табыс етілгенге дейін сезіктіні ұстау жүзеге асырылған немесе оған бұлтартпау шараларын қолдану кезінде ол қорғаушымен қамтамасыз етілуге тиіс, әрі алғашқы жауап алу жүргізілгенге дейін қорғаушымен оңаша және құпия түрде кездесуге құқығы болуға тиіс. Қорғаушының болмауы ұсталған адамға қандай да бір айғақ бермеуге мүмкіндік береді. Қорғаушының болуы ұсталған адамға алғашқы жауап өткізілгенге дейін-ақ өзі үшін анағұрлым тиімді бағыт ұстануына мүмкіндік береді.

Алғашқы жауап алғаннан кейін сезікті мүмкін болатын тәсілмен (телефон арқылы, басқа да белгілі бір байланыс арналары бойынша) өзінің ұсталғандығы және тұрғылықты орны туралы хабарлауға құқылы.

Сезіктінің жағдайы ұстаудың шекті мерзімі - жетпіс екі сағатты сақтау туралы заң талабымен күшейе түседі. Сезіктіге бұлтартпау шараларын қолданған жағдайларда адам сезікті жағдайында он тәуліктен астам бола алмайды. Аталған мерзімдердің аяқталуы төмендегі шаралардың бірін қолдануды талап етеді:

сезіктіні қамаудан босату;

таңдап алынған бұлтартпау шараларын жоққа шығару;

адамды айыпталушы ретінде жауапқа тарту.

Сезіктінің процессуалдық мәніне қатысты ғылымда оны іс жүргізушілікті реттеудің аяқталмағандығы және қарама-қайшылығы сияқты фактіні танудан басқа біріңғай пікір жоқ. Төмендегідей екі түрлі көзқарас анағұрлым кең тараған.

1. Бірінші көзқарасқа сәйкес айыптау табыс етілгенге дейін ұсталған немесе бұлтартпау шаралары таңдап алынған адам емес, сондай-ақ іс жүргізушілік мәжбірлеудің кез келген шаралары (тінту, почта-телеграф хат-хабарларына тыйым салу, айдап жеткізу және т. б. ) қолданылатын адам, не сезікті ретінде жауапқа шақырылған адам сезікті деп танылады. Сезіктінің процессуалдық жағдайын осылайша түсінуді жақтаушылар (С. Бекешко, Э. Боровский, Е. А. Матвиенко) бұрын қолданылып келген Қылмыстық іс жүргізу кодексінің нұсқауларын жалған түсінудің жолына түсті, бұрынғы Қылмыстық іс жүргізу кодексінде адамды сезікті деп тану үшін негізсіз кең ауқымды түсінік береді. Атап айтқанда, С. Бекешко сезікті дегеніміз - «қылмыстың жасалуына ықтимал кінәлі, қылмыстық сот ісін жүргізу міндеттерін қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты іс жүргізушілік мәжбірлеу шараларын қолдану жолымен процесске тартылған немесе сезікті ретінде жауап беруге шақырылған адам» деп атап көрсетеді .

Егер мұндай көзқарас бұрын қолданылып келген қылмыстық іс жүргізу заңдарын қате түсіндіруді білдірсе және қабылдау мүмкін болмаса, онда екінші көзқарас «процесске қатысушылардың» категориясын теориялық - құқықтық талдауға байланысты және оның бойында қаралып отырған проблемаға доктриналық көзқарастың элементтері бар3. 2. В. М. Савицкий және Л. Д. Кокорев бастаған бір топ ғалымдар сезікті ретінде қылмыстық іс қозғалған кез келген адамды тануды ұсынады.

Идея назар аударуға және қылмыстық іс жүргізу заңдарына қабылдауға тұрады, өйткені:

- айып тағылғанға дейін қылмыстық іс қозғалған адам (ұстау орын алмаған жағдайда) бұрынғы қылмыстық іс жүргізу кодексінде ешбір белгіленбеген, яки оның құқықтық мәртебесі айқындалмаған (басқаша айтқанда құқыктары мен міндеттері жоқ) ; адам заң құкыктары белгіленген мен міндеттерінің жиынтығы нәтижесінде ғана құқықтық қатынастардың қатысушысы бола алатын белгілі, ал олардың болмауы тергеу мүдделі болып отырған адамға қатысты қылмыстық ізге түсуді бастау іс жүзінде мүмкін еместігін білдіреді; - мұндай адамның құқықтық мәртебесінің белгісіздігі жағдайында Қазақстан Республикасының Конституциясы және өзге де заңдары белгілеген азаматтардың заңды мүдделері мен құықтарын бұзуға жәрдемдесетін жағдай туындайды. Сонымен, қылмыс жасауы ықтимал адамнан іс жүзінде айып тағылғанға дейін куәгерден жауап алу ережелері бойынша жауап алынады, мұның өзі оның ақиқат айғақ беру міндетін білдіреді, керісінше жағдайда қасақана жалған айғақтар бергені үшін заң бойынша қылмыстық жауапкершілік туындауы тиіс. Егер кейін осы адамға айып тағылса, онда жауап беру оның құқығына айналады. Бұл жерде іс жүргізу құқығының ішкі қисынын дөрекі түрде бұзу басталады. Мәселе мынада, құқықтарды іске асырмау мен міндетерді орындаудың салдары әр түрлі тәртіптегі құбылыстар. Алғашқы жағдайда процессуалдық перспектива өзгереді, ал екінші жағдайда іс жүргізушілік және материалдық санкциялар қолданылуы мүмкін; - қылмыстық іс қозғалған адамды терминология тұрғысынан айқындау процессуалдық құқықтық қатынастарға қатысушы ретінде оның құқықтыры мен міндеттерін белгілеу қажеттігін заң шығарушының алдына қояды.

Қылмыстық іс қозғаған адамды терминологиялық тұрғыдан өзгеше белгілеу ұсынысы әдебиетте кездеседі. Мәселен, М. П. Шешуков мұндай, . адамды «күдік тағылған адам» деп атауды ұсынады4. Осы арқылы сотқа дейінгі кезеңдерде прцессуалдық мағынадағы белгілі бір жеке тұлға мынадай түрде езгеріске түсуі мүмкін: қылмыстық іс қозғалған сәттен бастап ол күдік тағылған болып саналады, айып тағылғаннан кейін айыпталушы болады. Күдік тағылған сезіктіге айналмайды. М. П. Шешуков ұсынысының тартымдылығына қарамастан оның кемшілігі де бар. Терминдердің фонетикалық үндестігі әр түрлі процессуалдық тұлғалардың мәртебелерінің айырмашылықтарын белгілеуде елеулі қиындықтар туындайды.

Осы айтылғандар В. М. Савицкийдің және оның ізбасарларының көзқарасы бойынша сезіктінің және қылмыстық іс қозғалған адамның процессуалдық жағдайлары теңдестіріледі.

Жоғарыда айтылған көзқарастарды талдай отырып, осы уақытқа дейінгі қолданып келген қылмыстық іс жүргізу кодексі бойынша сезіктінің прцессуалдық құқықтық мәртебесінің ерекшеліктері мынадай:

1) қылмыстық - прцессуалдық қатынастардың қатысушысы ретінде сезікті мынадай жағдайлар болғанда ғана пайда болады:

а) қылмыстық іс жүргізу кодексінің 109 - бабының тәртібімен адамды ұстауды жүргізу;

ә) қылмыстық іс жүргізу кодексінің 65 - бабының тәртібімен айыптау тағылғанға дейін бұлтартпау шараларын таңдау;

2) адам сезікті жағдайында қатаң түрде шектелген мерзімде болуы мүмкін:

а) 72 сағатқа дейін - ұсталған сәтінен бастап күзетпен қамауға алынғанға не босатылғанға дейін;

ә) он тәулікке дейін - күзетпен қамауға алынған сәттен бастап айып тағылғанға дейін;

3) сезіктіге заңда көзделген кез келген бұлтартпау шаралары таңдап
алынуы мүмкін;

4) сезікті елеулі құқықтары бар процестің белсенді қатысушысы болып табылса.

Мынаны есте ұстау керек. Адамның сезікті ретінде болуының мерзімі 10 тәулік деп белгіленген. Сонымен бірге Қылмыстық іс жүргізу Кодексінің 65 және 109 - баптарының тікелей мағынасынан адамның сезікті ретінде болуының мерзімі отыз тәулікке тең деген ұғым туындайды. Тап осы мағына Қылмыстық іс жүргізу Кодексінің 380 - бабының 7 - тармағында қаланған, онда былай деп жазылған, үкімді шығарған кезде оның қорытынды бөлігінде егер үкімнің қаулысына дейін сотталған адам қамауда болса, алдын ала қамауда ұстау мерзімі есепке алынады.

Заңның адамның қамауда болуына ерекше назар аударуы, түсінуге де мүмкіндік береді. Бұл орайда ұстаудың мәні (азаматтың заңды құқықтарын шектеу) және адамды қамауға алу сәйкес келіп тұр. Сондықтан, бостандықтан іс жүзінде шектеу отырғызу мерзімін белгілеген кезде негізге алынады. Осыған байланысты М. С. Строгович әділетті түрде былай деп атап өтті: «Сезікті ұсталған уақыт бұлтартпау шаралары болып табылатын қамауға алынған мерзімге есептелуге тиіс деп тану қажет, олай болса адам айыпталушы ретінде жауапқа тартылғанға дейін бар болғаны әрі кеткенде 10 тәулік қамауда болуы мүмкін»5.

Сезіктінің құқықтары жекелеген ерекшеліктерді есептемегенде айыпталушының құқықтарына сәйкес келеді (Қылмыстық іс жүргізу Кодексінің 22 - бабы) . Сезікті:

- қандай қылмыс жасағанына байланысты өзіне күдік таңылғандығын білуге;

- дәлелдер келтіруге;

- қалау - тілектерін мәлімдеуге және анықтаушының, тергеушінің, прокурордың іс - қимылы мен шешімдеріне шағымдар айтуына;

- ана тілінде әңгімелесуге және аудармашының қызметтерін пайдалануға;

- анықтаушыға, тергеушіге, аудармашыға, сарапшыға, маманға қарсылық білдіруін мәлімдеуге;

- жекелеген тергеу іс - қимылын жүргізуге қатысуға;

- өзіне ұстау хаттамасын немесе күзетпен қамауға алу түрінде бұлтартпау шараларын қолдану туралы қаулыны жариялаған сәттен бастап қорғаушы көмегін пайдалануға құқығы бар.

1. 2. Сезіктіні ұстаудың негіздері

Сезіктіні ұстау тәртібінің заңдылығы 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 4 - бөлімі 17 - тарауында нақты айтылған.

Қылмыс жасады деп сезік келтірілген адамды ұстау - оның қылмысқа қатыстылығын анықтау және оған қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы мәселені шешу мақсатында қолданылатын іс жүргізулік мәжбүрлеу шарасы6.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 132 - бабы бойынша көрсетілгендей, қылмыстық ізге түсуді жүзеге асырушы орган мына негіздердің бірі болған жағдайда:

1) ол адам қылмыс жасау кезінде немесе тікелей оны жасағаннан кейін ұсталғанда;

2) көрген адамдар, оның ішінде жәбірленушілер қылмыс жасаушы ретінде ол адамды тура көрсетсе;

3) ол адамда немесе оның киімінде, өзінде немесе оның тұратын үйінде қылмыстың анық ізі табылған кезде;

4) жедел іздестіру қызметінің заңға сәйкес алынған материалында ол адамға қатысты ол жасаған немесе дайындап жатқан ауыр немесе аса ауыр қылмыс туралы анық деректер болған кезде бас бостандығынан айыру түрінде жаза қолданылуы мүмкін болатын қылмыс жасағандығына күдік келтірген адамды ұстауға құқылы.

Адамның қылмыс жасағандығына сезіктенуге негіз беретін өзге де деректер болған кезде ол адам жасырынуға әрекет жасаған не оның тұрақты тұратын жері болмаған, немесе сезіктінің жеке басы анықталмаған жағдайларда ғана ұсталады.

Ал кейбір заңи әдебиеттердегі көзқарастар мен негіздерге зер салар болсақ. Сезіктіні ұстау қылмыс жасады деп сезік келтірілген адамды қысқа мерзімді қамауға алудан тұратын қылмыстық іс жүргізу шарасы ретінде сипатталады.

Заң әдебиеттерінде сезіктіні ұстаудың негізгі мәні жайында өзге де көзқарастар кездеседі. Олардың бірі: сезіктіні ұстау - адамды бостандығынан қысқа мерзімге айыратын және дәлелдемелерді жинауға бағытталған тергеу әрекеттерінен тұратын іс жүргізушілік мәжбүрлеу шарасы7. Мұндай түсініктеме бірқатар келіспеушіліктерді туғызады.

Сезіктіні ұстау - тергеу әрекеті деген көзқарас оның қылмыстық іс жүргізу заңында қылмыс оқиғасы орнын қарау, тінту, алу, беттестіру, сұрау алу секілді қылмыс іздерін анықтау және бекітуге бағытталған негізгі тергеу әрекеттерінің қатарына қосылуына байланысты негізделеді. Дегенмен, Қылмыстық іс жүргізу кодексінде бекітілген аталған әрекеттердің жүргізілуі тәртібіне талдау жасай отырып, олардың ерекшелігін байқауға болады.

Қарау, тінту, алу, беттестіру және жауап алу өзінің заңи құрылымы бойынша қылмыстық мән - жайы туралы дәлелдемелер алуға бағытталса, сезіктіні ұстау қылмыстық іс жүргізудегі бұлтартпау (немесе мәжбүрлеу) шарасы болып табылады. Бұл жағдай, әсіресе, «Қылмыс жасаған деп сезік келтірілген немесе айыпталушы тұлғаларды қарауылмен ұстау» заңның мәтінінен жақсы байқалады. Ұстау дәлелдеме жинаудың әдісі ретінде сипатталуы үшін, онда қылмыстық іс - жүргізу заңымен бекітілген тергеушімен жүргізілетін іздеу, тану және бекіту әрекеттері жүргізу арқылы іздердің белгілі бір ерекшеліктеріне сәйкес іздеу, алу және ондағы дәлелдемелік ақпаратты бекітуге бейімделген әрекеттерден тұруы тиіс»8. Дегенмен, ұстау өздігінен іздеу, тану, бекіту әрекеттерін қамтымайды.

Ішкі істер бөлімінің қызметкерлері тұлғаны қылмыс жасады деп ойласа, оны жақын маңдағы орналасқан қызмет бөліміне апарады не болғаны жайында қылмыстық - процессуалдық сұрақтарды шешу үшін9 .

Қылмыс болған жерде тергеу көп жағдайларда дұрыс болмайды. Техникалық құралдардың жоқтығынан сол жерден ақпарат алу үшін картотекадан, тез талдау (анализ) жүргізу үшін және басқа да тексеру әрекеттерін жасауға тиімді емес. Одан басқа сезікті деген немесе басқа да адамдарды пайдалана отырып өкімет басшыларына қарсы тексеру акцияларын жүргізілуі мүмкін. .

Тұлғаны полиция қызмет бөлімшесіне орналастыру мына әрекеттерден тұрады: жеткізілу негіздерін анықтау; тұлғаны қызмет бөлімшесіне жеткізу.

Осы әрекеттерді жасаған уақытта Ішкі Істер бөлімінің қызметкерлері өте жинақы, сақ, шешім қабылдағыш, шыдамдылық, уақиғаны тез түсініп және қатаң түрде заңда бекітілген тәртіптер мен негіздерді басшылыққа алып жұмыс жүргізуі тиіс.

Жеткізілу негіздерін анықтағаннан кейін, тұлғаның қылмыс жасағанына көз жеткеннен кейін оны басып алады. Бұл жерде әр - түрлі жағдайлар кездеседі:

егер, нақты тұлғаны қылмыс жасағаны үшін, қылмыстық істің талдау нәтижесінен немесе басқа да ақпараттардан көріп ұстаса;

аяқ асты табылған қоғамға қауіпті әрекеттерден көрінсе.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сезіктіні ұстаудың процессуалдық тәртібі мен негіздері
Сезіктіні ұстаудың жалпы сипаттамасы және маңызы
Сезіктіні ұстаудың процессуальдық құқықтары мен міндеттері
Бұлтартпау шарасын қолданудың негіздері мен шарттары
Қылмыскерді ұстау
Қылмыстық процестегі адамның жеке басына тиіспеушілік принципі
Бұлтартпау шарасын қолданудың бір қатар мәселелері және оларды шешу жолдары
Алдын-ала тергеу стадиясындағы сезікті мен айыпталушының конституциялық құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктері
Қылмыстық істі жүргізу
Бұлтартпау шараларының түсiнiгi және жалпы сипаттамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz