Латын және қазақ тілінің медицинадағы маңызы


Кіріспе
Тіл қарым-қатынас түрі ретінде адамның биологиялық эволюциясын жылдамдатқан шешуші фактор болды. Оның әсері денені тік ұстау факторынан да маңызды болып саналады. Тілсіз эволюцияда аса маңызды жетістіктердің таралуы өте жай болған болар еді. Барлық әлеуметтік жүйелер бір - бірімен хабарлау арқылы байланысады. Тіл жан-жақты байытылған ондаған ғасырлық тәжірибенің - дін, философия, ғылым, өнер және де басқа түйсік формаларының шынайы ағымы болып табылады. Бірақ бұл тәжірибе барлық тірі жүйелерге тән тұқым қуалаушылық механизмдер арқылы ұрпақтан ұрпаққа берілмейді. Ол - алмасып отырған адам баласы ұрпақтарының жасаған капиталы мен өндіргіш күштерінің капиталы ретінде тұқым қуалау үрдісінде сақталады
Invia est in medicina via sine lingua Latina. Латын тілінсіз медицинада жол жоқ. Латын тілін оқу үрдісінде тәжирибелік және ғылыми жұмыстарды орындауда студенттер медициналық терминологияны сауатты қолдану үшін латын тілін оқу міндетті. Оқыту курсы үш негізгі жүйеден тұрады: анатомиялық, фармацевтикалық (рецептура) және клиникалық терминология. Медициналық терминология жүйесінің әрбір бөлімі негізгі дифференциоалды грамматикалық және лексикалық ерекше сипаттамалары бар.
- - Когнитивті - тілдік құзыреттілік:
медициналық және жалпы ғылыми терминология туралы ұғымды қалыптастыру; медициналық терминді қазақ, орыс тілдерінен латын тіліне және керісінше аударма дағдыларының жүйесін қалыптастыру; дәрілік заттардың аттарындағы дәрілік бөліктерді анықтап үйрену және оқып қолдану; бағдарлама көлемінде латын тіліндегі жазбалар мен оқуларды оқып үйрену; рецепт жазуды сауатты үйреніп, қазақ, орыс тілдерінен латын тіліне және керісінше аударуды үйрену; терминэллемент, түбірсөз жұрнақтар бойынша клиникалық терминдерді құрастыруды қалыптастыру.
- - Сөйлеу дағдыларын қалыптастыру құзіреттілігі:
Әрбір сөз таптарын айыра білуін, анатомиялық және фармацевтикалық сол сияқты жалпы ғылыми және медициналық терминдерді сауатты қиыстыруын қалыптастыру.
- - Коммуникативтік құзіреттілік:
Медициналық терминологияны белсенді қолдану дағдыларын дамыту және қалыптастыру.
- - Құқықтық құзіреттілік: Деонтология негіздерімен танысу.
- - Өзін-өзі дамыту деңгейі: анатомиялық, фармацевтикалық және клиникалық терминдерді құрастыру дағдыларын, білу және ойлау қабілеттерін, кәсіби, қоғамдық және мәдени ой-өрісін кеңейтуін шыңдау.
Латын тілі тарихы
Ежелгі тілдер жайлы сөз көзғалғанда, ең алдымен еске латын мен грек тілдері келеді. Әрине, грек тілінде және оның әртүрлі диалектлерінде гректер сөйлейтіні түсінікті, ал латын тілі римдіктердің тілі болды. Бұнда енді: «неге римдіктер латын тілінде сөйледі?»-деген сұрақ пайда болады.
Латын тілі (Linqua Latina) - бұл ежелгі Лация (Latium) тұрғындарының тілі. Лация - сабиняндар жерімен, Этрурия және Кампаниямен шектескен Италияның ортасындағы кішігірім аймақ. Лацияның тұрғындары латындар (Latini), ал олардың тілі латын тілі (Linqua Latina) деп аталды.
Дәстүрлі римдік аңыз бойынша, нақты осы Лацияда гректермен жаулап алынған Троядан қашқан Эней пана тапты, ал оның ұрпағы Ромулға Римнің бірінші патшасы және оның негізін қалаушы (б. з. д. 753 жылы) болуға тағдыр жазған екен. Рим бірінші кезде тек Лация астанасы болды, өзінің экспансиялық саясаты арқылы бүкіл Италияны, ал кейін Жерорта теңізінің бассейінін жаулап алды, бүкіл Рим империясының астанасы болды, бірақ бұрынғыша латындық деп аталды. Бұл тіл, басқа тілдер сияқты, үлкен өзгерістерге ұшырады. Б. з. д. V-III ғасырларда латын тілі - Аппенин түбегінің көптеген тілдерінің ішіндегі жазба түрі бар тілдердің бірі болады. Б. з. д. IV-III ғасырларда ол Римнен тыс аймақтарға таралып, біртіндеп басқа тілдерді ығыстыра бастады, бұл б. з. д. I ғасырда жаулап алынған халықтардың ассимиляциясына әкелді. Бірінші латын жазба ескерткіштері - әртүрлі ыдыс-аяқтардағы және тастардағы жазулар, мадақтық әндер мен заңдар фрагменттері. Ғылымға белгілі ежелгі латын жазбалары б. з. д VII ғасырмен (күміс ыдыстағы жазулар) белгіленеді. Ең белгілі римдік жазу VII ғасырға жататын Римдік форумнан табылған тастағы жазу болып табылады. Небір сакральдік формуласы бар (ант немесе дұға) жазу ертедегі архаикалық әріптерімен жазылған, грек тіліне қарағанда унификацияланған, нәтижесінде, латын әдебиеттері пайда болғаннан кейін, жазулар латын жазуының ерекше түрі ретінде қала берді. Олардың мәні әртүрлі болуы мүмкін: бұл жасалған ерекшеліктері тізімдердегі мәзір тастарына жазылған жазулар, храмдағы рухани жазулар, қоғамдық ғимараттар мен ескерткіштердегі ресми мәнді жазулар, тұрмыс заттарындағы жазулар, қабырғаларда жазылған өлеңдер және т. б. Қазіргі уақытта 100 мыңға жуық әртүрлі дәуірдің латын жазбалары белгілі. Олар ежелгі фольклор, әдебиет шағармалардағы өлеңдер, дұғалар және әнұрандар. Римдік фольклор халықтың ауызша өнерінің бүкіл түрін біріктірді. Біз мұнда өлеңдерді, жоқтауларды, діни әнұрандар мен дұғаларды табамыз және де қалжың өлеңдер, пародиялық және мәнді өлеңдер кең тарағанын байқаймыз. Ел кезіп жүретін актерлер қолма - қол ойлап табылған көріністерді ұйымдастыратын. Әдеби тілдің тарихы тек б. з. д. 240 жылы ғана басталады, ол Римде әскери тұтқындар қатарында болған грек Андрониктің есімімен байланысты (құлдықтан босағаннан кейін ол Тит Ливий Андроник есімін алады) . Ол алғаш рет Римде грек шығармаларын өңдеп, латын тілінде трагедия мен комедияны қойған, сонымен бірге Рим поэзиясының негізін салып, «Одиссеяны» аударған.
Б. з. д. 80 жылға дейін созылған кезеңді архаикалық деп атайды. XII кесте заңдары - рим құқығының бірінші жазбаша ескерткіші үлкен маңызға ие. Заңдардың алғашқы нұсқасы сақталмаған, бірақ, әртүрлі рим жазушылары мен заңгерлердің жазбалары бойынша, қалыпқа толық келтірілген. Ежелгі заңдар және бұнда көрсетілген дамыған құқық қатынастарының ерекшеліктері бұл ескерткішті б. з. д. V ғасырға жатқызуға мүмкіндік береді. Көрнекті рим тарихшысы Тит Ливийдің айтуынша, XII кестелер заңдары римдік құқықтың негізгі дерегі болып саналды. Бұл I құқықтық Кодексте соттық процедуралар регламентацияланған, жекеменшік пен ұжымдық меншік, отбасы құқығы декларацияланады және жазалау жүйесі қалыптасады (Бұл Кодекс тек мемлекеттік құқықты қарастырмайды) . Классикаға дейінгі кезең (б. з. д. III-II ғасырлар) рим диалекті негіз болған әдеби тілдің қалыптасу кезеңі. Ежелгі латын жазуының кезеңі грек ықпалынан мүлде еркін болды. Латын әдебиетінің пайда болуы б. з. д. III ғасырда Римнің қоластында Италияның бірігуі кезеңімен сәйкес келеді. Классикалық грек үлгілерінің қатты ықпалында болған латын поэзиясы ерте пайда болды. III-II ғасырдың басындағы әйгілі болған латын ақындары- Ливий Андроник (шығу тегі жағынан грек), Гней Невий және Квинт Энний. Соңғысы «Анналы» эпикалық («Жылнама») поэмасымен әйгілі болды (бұнда римнің ежелгіден бастап тарихы суреттеледі) . Римнің өрлеу кезеңіндегі басты әдеби ескерткіштері болып әйгілі комедиографтар - Плавт пен Теренцийдің шығармалары саналды.
Тит Макций Плавт - (шамамен б. з. д. 250-184 ө. с. ) грек үлгілеріне сүйенген латын комедиясының негізін салушы. Плавт барлығы 130 комедия жазған, олардың жиырма бірі бізге жетті. Плавтың комедиясында фольклор кең пайдаланылған, осыған орай олар үлкен табысқа жетті.
Публий Теренций (шамамен 195-159 жылдарда ө. с. ) барлығы 6 комедияcы бізге жеткен. Бұнда Теренций адамның мінезін аша отырып, күнделікті өмірін суреттейді. Теренцийдің әйгілі «адамдылықтың еш нәрсесі маған жат емес» деген сөздері оның шығармаларының мәнін жақсы көрсетеді. Орта ғасырларда және Қайта өрлеу дәуірінде Теренций ең көп оқылатын автордың бірі болды. Оның комедиясының тілі әдеби латынның үлгісі деп саналады. Ең нақты ұлы өрлеудің латын әдебиеті б. з. д. I ғасырда Катуллдың, Лукрецийдің поэзиясында, Цицерон, Цезарь және Саллюстийдің прозаларында орын алады.
Гай Валерий Катуллдың, шамамен, 87-54 поэтикалық мұрасы, 116 лирикалық өлеңдері және аз мөлшерлі эпиграммалары болыпты. Олар оған махаббат лирикасының шебері атағын берді.
Лукреций Кар (шамамен 95-55 жылдарда өмір сүрген) - эпикурдың негізгі ілімдері баяндалатын «Заттар табиғаты туралы» философиялық поэманың авторы.
Марк Туллий Цицерон (106-43 жылдарда өмір сүрген) - әр жақты жазушы және шешен. Оған көптеген көркем өнер стилімен жазылған философиялық, саяси және риторикалық трактаттар, сонымен қатар хаттар жатады. Цицерон тілі әр замандарда латын прозасының қайталанбас үлгісі болып саналды.
Гай Юлий Цезарь (100-44 жылдарда өмір сүрген) ол ұлы мемлекет қайраткері мен әскери басшы ретінде ғана емес, сонымен қатар проза жазушысы ретінде де әйгілі. Цезарьдың шығармалары - «Галл соғысы туралы жазбалар», «Азаматтық соғыс туралы жазбалар» және т. б.
Гай Саллюстий (86-35 жылдарда өмір сүрген) саяси қайраткер және тарихшы, латын әдебиетінің тарихына өзінің тарихи еңбектері («Заговор Каталины», «Югуртік соғыс» және т. б. ) арқылы белгілі. Саллюстий тілі бейнелілік, классикалық дұрыстылықпен ерекшеленеді. Орта ғасырларда және кейінгі дәуірлерде Саллюстий беделді авторлардың бірі болды. Б. з. д I ғасырдың бірінші жартысындағы автордың шығармаларында латын тілі және латын әдебиеті өзінің хрестоматиялық мәнін алып, өрлеу дәуіріне кірді.
Қазақ медицина терминдік лексикасының тарихы
Медицинадағы терминдік лексика қоғам тарихымен, оның ішіндегі тіл тарихымен бірге қалыптасты. Тарих шежіресіне үңілсек Орта Азияның атақты дәрігерлері Әбу Насыр әл-Фараби, Әбу Әли ибн Сина медицина терминдерінің негізін қалыптастырды.
Өзінің қалыптасуы мен даму ерекшелігіне қарай қазақ медицина терминдік лексикасының тарихы өте ертеден басталады. Бұған дәлел бұдан бес ғасыр бұрын өмір сүрген шипагер Өтебойдақ Тілеуқабылұлының өз тәжірибесінен 1467 жылы медицина туралы жазған «Шипагерлік баян» атты еңбегі.
Қазақстанда тарих пен ғылыми медицинаның революцияға дейінгі кезеңі туралы материалдарды «Түркістан уалаятының газеті» (1870-1883), «Дала уалаятының газеті» (1888-1902), «Қазақ» газеті (1913-1918), «Айқап» (1911-1915) журналы сияқты мерзімді баспасөз беттерінен кездестіруге болады.
Сол кездегі оқу-ағарту мәселесімен бірге, халықтың денсаулығы туралы да көптеген жұмыстарды басқаруда Ж. Аймауытов пен М. Жұмабаев еңбектері ерекше болды. Ж. Аймауытов «Психология» атты еңбегінде ұлттық ғылыми психологиялық терминдерді бір ізге түсіріп, жалпы терминдер қорына енгізген. М. Жұмабаев алғашқы шыққан «Педагогика» атты ғылыми еңбегінде «қазақтың ұлттық тілінде қазақ мінездері көрініп тұрады» деген. Тәрбиені дене, жан, ақыл, сұлулық пен әдеп деп төртке бөліп, олардың бір-бірімен байланысты жолдарын түсіндіреді.
Республикада денсаулық сақтау ісі мен медицина ғылымының интенсивті дамуы соғыстан кейінгі жылдарда ерекшеленеді. Сол жылдары медицина ғылымының дамуына атақты ғалымдар А. Н. Сызғанов, Х. А. Барлыбаев, И. К. Қаракулов, С. Р. Қарынбаев елеулі еңбек сіңірді. 1950 жылдары дәрігер-ғалымдар Г. Тарабаева, Ш. Қарақұлов, С. Омаров «Медицина ғылымының терминдері» атты сөздікте 978 медициналық терминді қамтыған.
1960-70-жылдары анатомия терминологиясын лингвистика жағынан зерттеген диссертациялық еңбектер пайда болды. Соның бірі 1978 жылы К. Жидебаевтың «Анатомические названия в казахском языке» атты диссертация жұмысында анатомия терминдерінің шығу тегіне морфологиялық талдау жасаған. И. А. Алиев, М. С. Тыналиева, М. С. Мамбетов екі тілде медицина сөздігін құрастырған. 1960 жылы медицина терминіне үлкен үлес қосқан ғалым-дәрігер М. Исамбаевтын «Орыс-латын-қазақ терминология сөздігі» медицинадағы 10 мың клиника терминінен тұрады.
1977 жылы шыққан К. Жалмұхамедовтың «Көз ауруларының орысша-қазақша терминдер сөздігі» 400-ден аса лексиканы офтольмологиялық жағынан жинақтап, жүйелеуге игі ықпал етті.
Қазақ тіліндегі терминдердің дұрыс жолға қойылуына ҚҒА Тіл білімі институтының 1970-2003 жылдар аралығындағы жұмыстары айтарлықтай әсер етті. Терминге көптеген пайдалы принциптерді ұсынған академик Ә. Қайдаров «Қазақ тілі терминологиясына жаңаша көзқараспен қарайық» деген проблемалы мақаласында: «мемлекеттік әдеби тіліміздің бүгінгі күйі мен ертеңгі жағдайы терминологияның реттілігімен, жүйелілігімен, тұрақтылығымен және қолданыс аясының кеңдігімен өлшенеді», - дейді. Ғалым мақаласы лингвистерге термин туралы көрсетілген жол-жоба болып есептеледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz