Ақтаз -Әжем ұрпақтарының шежіресі


Жеті атасын білген ұл,
Жеті жұрттың қамын жер.
Өзін ғана білген ұл,
Құлағы мен жағын жер.
(Халық мәтелі)
Мен, қолыма қалам алып осы жазбаны жазғанда жазушылық немесе журналистік қабілетімнің асып . тасып бара жатқанынан жазып отырған жоқпын. Маған ондай қабілетті жаратқан ием берген жоқ және береді деп, түсіме де кіріп шықпады.
Бұны жазғанда бұрын бірнеше ата.бабаларымыз өтсе де, берде.береуі сауатты болып, бір нәрсе оқып, не бір нәрсе жаза білмепті. Бәрі де сауатсыз болған. Сондықтан да біздің ата шежіреміз белгісіз болып келген.
Осы ұрпақ жалғасының ішінде алғашқы азды . көпті сауаты баоы сауат ашқаны мен екенмін.
Сөз басында айтып кеттім. Менің білімімнің асып.тасып бара жатқан ештеңесі жоқ деп. Сонда да кейінгі ұрпақ ұрпақ біздің ата.бабларымыздың кім.кімдер екенін, рухымыздың кім екенін өзімнің қал.қадырымша айта кетуді өзімнің ұрпақтық борышым деп санадым. Менен кейінгі сауатты ұрпақтарым осының жалғасын әрі қарай жалғасытырар деген үміттемін. Үмітісіз шайтан.
Жетпіс жыл үстемдік құрып адыраған Кеңес өкіметінің орнына бірнеше тәуелсіз мемлекеттер орнады. Соның бірі Қазақ халқы егеменді ел болып, өз мемлекеттік құрып, өз ұлтының ұмыт қалған әдет.ғұрыптарын, тілін, дінін, ділн, ұлттық дәстүрын қайта қалпына келтіру де. Сондай дәстүріміздің бірі ата шежіре. Міне, осы орайда әрбір отбасы өзінің ата шежіресін білуге тиісті. Себебі, «жеті атасын білмеген.жетесіз» деген халық мәтелі бар. халық неге жеті атаны қастарлеген. Себебі жеті атаға толмай бірінің қызын біріне алдырмаған. Алған жағдайда тұқым бұзылады деп санаған. Бұл қағиданы қазіргі медицина да оң көзқараспен қарауда.
Сонымен, жеті ата деген кімдер:
1. Баба
2. Ата
3. Әке
4. Бала
5. Немере
6. Шөбере
7. Шөпшек
8. Туажат
9. Немене
Міне, осы аталардан кейін үйленіп ұрпақ жалғансын жалғастырған. Сондықтан кейінгі ұрпақтар білсін деп осы отбасылық шежірені жазып отырмын. Өз руын білмей рулас қыз бен жігіт тұрмыс құрғандары да болады. Кейін біліп олар өздерін «аты жоқ» руданбыз дегендері де болды.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі: Материал
Көлемі: 26 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 500 теңге




Жеті атасын білген ұл,
Жеті жұрттың қамын жер.
Өзін ғана білген ұл,
Құлағы мен жағын жер.
(Халық мәтелі)
Мен, қолыма қалам алып осы жазбаны жазғанда жазушылық немесе
журналистік қабілетімнің асып – тасып бара жатқанынан жазып отырған жоқпын.
Маған ондай қабілетті жаратқан ием берген жоқ және береді деп, түсіме де
кіріп шықпады.
Бұны жазғанда бұрын бірнеше ата-бабаларымыз өтсе де, берде-береуі
сауатты болып, бір нәрсе оқып, не бір нәрсе жаза білмепті. Бәрі де сауатсыз
болған. Сондықтан да біздің ата шежіреміз белгісіз болып келген.
Осы ұрпақ жалғасының ішінде алғашқы азды – көпті сауаты баоы сауат
ашқаны мен екенмін.
Сөз басында айтып кеттім. Менің білімімнің асып-тасып бара жатқан
ештеңесі жоқ деп. Сонда да кейінгі ұрпақ ұрпақ біздің ата-бабларымыздың кім-
кімдер екенін, рухымыздың кім екенін өзімнің қал-қадырымша айта кетуді
өзімнің ұрпақтық борышым деп санадым. Менен кейінгі сауатты ұрпақтарым
осының жалғасын әрі қарай жалғасытырар деген үміттемін. Үмітісіз шайтан.
Жетпіс жыл үстемдік құрып адыраған Кеңес өкіметінің орнына бірнеше
тәуелсіз мемлекеттер орнады. Соның бірі Қазақ халқы егеменді ел болып, өз
мемлекеттік құрып, өз ұлтының ұмыт қалған әдет-ғұрыптарын, тілін, дінін,
ділн, ұлттық дәстүрын қайта қалпына келтіру де. Сондай дәстүріміздің бірі
ата шежіре. Міне, осы орайда әрбір отбасы өзінің ата шежіресін білуге
тиісті. Себебі, жеті атасын білмеген-жетесіз деген халық мәтелі бар.
халық неге жеті атаны қастарлеген. Себебі жеті атаға толмай бірінің қызын
біріне алдырмаған. Алған жағдайда тұқым бұзылады деп санаған. Бұл қағиданы
қазіргі медицина да оң көзқараспен қарауда.
Сонымен, жеті ата деген кімдер:
1. Баба
2. Ата
3. Әке
4. Бала
5. Немере
6. Шөбере
7. Шөпшек
8. Туажат
9. Немене
Міне, осы аталардан кейін үйленіп ұрпақ жалғансын жалғастырған.
Сондықтан кейінгі ұрпақтар білсін деп осы отбасылық шежірені жазып отырмын.
Өз руын білмей рулас қыз бен жігіт тұрмыс құрғандары да болады. Кейін біліп
олар өздерін аты жоқ руданбыз дегендері де болды.
Мен бұл шежіреде барлық ата-бабаларымызды толық қамтыдым деп айта
алмаймын. Өйткені бұның бәрі атадан балаға жаттанды түрде жетіп отырған.
Ешкім қағаз бетіне түсірмеген.
Соның бәрі сауатсыздықтың кесірінен болған жағдай. егер, сонау Алаштан
бастап ата-баба жалғасын есептесе екі жүз, үш жүз, бәлкім одан да көп ұрпақ
жалғасы болмақ. Ал, мен небәрі жиырма бес (өзімді қоспағанда) атаны таптым.
Бұған да Аллаға шүкіршілік дедім. Бұны табуда мен көп әурешілікке түстым.
Себебі сұрайтын көне көз қариялар о дүниеслік болып кеткен. кеңес өкіметі
кезінде дүнеиеге келген үлкендер бұндай шежіремен айналыспаған. Айналысуға
жағдайлары болмаған, бір жағынан жұмыс басты болса, бір жағынан Кеңес
үкіметінің саясаты кедергі болған.

Әкем Бейсенбей әліпті таяқ деп білмейтін өте сауатсыз кісі еді.
Ақшаның мөрін ғана таниды. Әңгімемен әуестігі жоқ болатын. тек өзіне тиісті
жұмысына тиянақты жан болатын. сондықтын ол кісі әңгімені, шежірені, ата-
баба жалғасы туралы еш уақытта әңгіме қозғамайтын, соған қарағанда шежіре
туралы ештеңе білмейтін сияқты еді.
Мен есейіп, өзіме-өзім келген соң, әкемнен ата-баба, жеті ата туралы
сұрағанымда ол өзінің әкесі Омар оның әкесі Басан деген кісі дегеннен әріге
баоа алмады. Мен ол кісіге ешқандай да ренжігенім жоқ. Себебі әкем әкесі
Омардан сегіз жасында жетім қалған. Әкесі Омар қырық сегіз жасында дүниеден
өткен. Әкем 1910 жылы туылған болса, әкесі 1918 жылы қайтыс болған, яғни
Омар 1870 жылы туылған болып шығады.
Әкем әкесінен жастай жетім қалған. Омардың әйелі Жадыра әжемізді, Омар
өлгенен соң, Омардың немере інісі Сәрсанбай әменгерлік жолмен екінші әйелі
етіп алған. Сәрсенбайдың ол кезде бірнеше әйелінен (Қазынадан) ұл баласы
болмаған. Ұлды боламын ба деген ниетпен алса керек. Әкем Сәрсенбай және
нағашы атасы Ешпанның тәрбиесінде болған.
Әкем осылай біреудің қолында жүрып, әкеден әкелік тәлім-тәрбие
алмағандықтан, тұрмыстық қажеттіліктің нашарлығынан, ата-баб жалғасын білі
алмаған. Мен, бұл жөнінде көне көз қариялардан сұрастырдым. олар да жарытып
ештеңе айта алмады. Әкем бір сөзінде Омар мен Сәрсенбай немере ағайындар
яғни Басан мен Сәрсенбайдың әкесі Оразәлі туысқан ал, сол Басан мен
Оразәлінің әкесінің кім екенін білмеймін деуші еді. жеке бір сөзінде біз
көшім ұрпағы Көмек деген кісіден тараймыз. Көмек өзі заманыныда батырлық
құрып, қастарына тізесін көп батырған кісі болса керек. Сондай дуалы ауыз
қастарының бірі. Тұқымның он үйден аспасын - деп қарғаған көрінеді.
Сондай қарғысқұа ұшырағанбыз – деуші еді, әкем.
Халық арасы таусылмайтын кеніш дегендей, мен сол кенішті қайтсем де
табамын деп алдыма мақсат қойдым. Кейінгі жылдары көптеген қариялардан,
оқыған азаматтардан сұрастырып жүрып, ата-баба туралы ата шежіренің үш
түрлы жазылған нұсқасын таптым. Осы үшеуін бір жүйеге келтіріп отырып.
Әжем шежіресін жинақтады, ол осы жазбаның екінші бөлімінде толығымен
көрсетіледі. Бірақ, ол шежірелерден мен іздеген Басан атам жоқ болып шықты,
оның есесіне Сәрсенбайдың әкесі Оразәлі, оның әкесі Көшкінбай деген кісі
екендігі анық жазылған екен. Сонда әкемнің таппай жүрген Оразәлі мен
Басанның әкесі Көшкімбай болып шығады. Сонда менің ата-шежірем Ақтаздан
бері былай болып келеді:
1. Ақтаз
2. Әжем
3. Көшім
4. Көмек
5. Шоңбас
6. Сүгірәлі
7. Көшкімбай
8. Басан
9. Омар одан Бейсенбай, патыма
10. Бейсенбайдан Аршагүл, Амангелді:
11. Амангелдіден

1 2 3 4 5 6 7 8
Ләззат Нұрлан Бекзат Ерлан Бауыржан Сабыржан Перизат Жанат

1. Ләзаттан күйеуі Алмат:
1. Несібелі
2. Руслан
3. Тоғжан
2. Нұрланнан әйелі Гулжауһар:
1. Аслан
2. Ақжол
3. Мерей
3. Бекзаттан ұлы
1. Шерхан
4. Ерланнан әйелі Айжамал:
1.Салтанат
2. Думан
3. Мәдина
5. Бауыржан әйелі Рахия
1.Мұхтар
2. Бейбарыс
6. Сабыржан әйелі меруерт
1. Дарын
2. Дидар
7. Перизат – студент
8. Жанат – студент

Бабаларым мен аталарынм арасында ел басқарған, атқа мінген кісілер
туралы ешқандай мәлімет жоқ. Әкем Бейсенбай нағыз адал, еңбек адамы еді.
Өзі жетім болып өссе де, денесі зор алып кісі еді. жасынан қол жұмысымен
айналысқан. Аң аулауды тәуір көрген.
1928-30 жылдары колхоздастыру кезінде колхоз мүшесі болған. 1933 жылғы
ашаошылық кезінде Өзбекістанда түйемен кеңес армиясына азық-түлік тасыған.
1935 жылы елге қайта оралғып, Анам Күләндаға үйленген. бірнеше қызы Аршагүл
1937 жылғы, екінші қызы бапршагүл 1940 жылғы, мен 1942 жылғымын. менен
кейін Амангүл 1945 жылғы, Інім Аманжол 1947 жылғы. баршагүл, амангүл,
Аманжолдар 2-3 жасында қызылшадан шетінеген.
Сонымен Бейсенбайдан бір қыз, бір ұл қалдық.
Әкем колхозшы болып жұмыс істеп жүріп, соғысқа алынған. Соғысқа
өкпесінен жарамай оралған. ол қайтып келгенде мен үш айлық бала екенмін,
әкемнің аман оралған құрметіне маған Аменгелді деп ат қойыпты. Әкем
келісімен Шиеліде ашылған Красный-Чилинец деген балық артеліне балықшы
болып орналасқан, аол артельде 1957 жылға дейін балықшы болып жұмыс
атқарған. Кейін шардарада су қоймасы іске қосылып, су азайып, көлдер
тартылып, суда балық құрығане соң артель жабылған.
1958 жылы Төңкеріс колхозында сырдария бойына орналасқан ірі қара сиыр
фермасында бақташы, шешем сауыншы болып жұмыс атқарған. 1965 жылы, мен
Төңкеріс колхозының орталығынан екі бөлмелі үй салып, әке – шешемді
орталыққа көшіріп алдым. Ауылға келген соң әкем жүгері – көкөніс өндірістік
бригадасында жұмыс істеп, 1968 жылы зейнетке шықты. 1997 жылы 87 жасында
дүниеден өтті.
Шөлдесек сусыне берер бұлақ едің,
Адассақ жол көрсетер шыоақ едің.
Орныңды енді сенің кім толтырар
Торқа болсын әкешім топырағың.
Алланың рахымы, нұры жаусын.
Пейіштің ортасында болсын жаның.
Асқар тауым тірегім,
Сағынып Сізді жүремін.
Мына пәни дүниеде
Артта қалған біздерді
Қимай кеттің білемін.
Ардақтап әркез атыңды,
Еске алып мәңгі жүремін.
Рухыңмен жебеп біздерді,
Жүреріңді әке, білемін.
Алланың Рахымы, пайғамдардың шапағатиы тиісін саған, әке.
Омар атамыз бен Жадыра әжемізден Патыма деген қыз қалған. Ол кісі
әкемнен жасы үлкен, яғни әпшесі болған. Ақтаздың жұмық руының Мектеген
деген жігітіне тұрмысқа шығып, үш ұлды болған. олар Өзбекістан жерінде
қалған. патыма әкем үйленбей тұрып ерте дүниеден өткен. Мектеген басқа
әйелге үйленген. Әкем олармен қатысқысы келсе де, Мектегеннің қатысқысы
келмей, жиендері ұмыт болған. 1985 жылы бір жиеніміз іздеп келді, аты
Дәусары екен. мал сойып жақсы қарсы алдық, кетерінде жол-жрбаларымызды
жасап, риза етіп шығарып салдық, кейін келмей кетті.
Жоғарыда айтқандай Жадыра әжемізді Сәрсенбай деген қайынсіңілісіне
тұрмысқа шыққан.
Сәрсенбайдан Үсенбек, Патшагүл деген ұл, бір қыз перзент көрген.
Үсенбек 1922 жылғы, шегедектің бес бала руынан Жосанның Әдірейімнің қызы
Бибігүл жеңгемізге үйленген. Өзі 1957 жылғы дейін әкеммен бірге балық
артельісенде жұмыс істеп 1958 жылы Ақмая тұсындағы Полуказармада темір
жолшы болып жұмыс істеп, зейнетке шыққан. Әкем қайтыс болғаннан кейін 100
күн шамасында ол да қайтыс болды. Артында төрт ұл. үш қыз қалды.
Сәрсенбей мен Жадыра шешемізден туылған Патшагүл әпкеміз Бидайкөл
ауылнай Молдаберген ұлы Шәкірбек деген кісіге тұрмысқа шығып 2 ұл, екі
қызды болып, дүниеден өтті. Ұрпақтары сол Бидайкөл ауылында өсып өнып
отыр.
Сәрсенбай атамыздың бірнінші әйелі қазына шешемізден: Мырзакүл,
Ұлмекен, Асылбек деген үш перезенті болған. Қазына шешеміз туралы мен өте
аз білемін. Себебі, ол кісі дүниеден ерте өтіп кеткен. Сәрсенбей атамызды
да қандай кісі болғандығын онша біле-бермеймін. Білетінім өте жас шағынан
бастап әпшесінің күйеуі, жездесінің қолында саудамен айналысқан. Жездесі
асқан бай кісі болған. Айтуынша ол кісінің бес қалада бес сауда дүкені
болған. жас Сәрсенбайды өзіне ат айдаушы етіп қабылдаған. Өзінің ерн баласы
болмаған, өлерінде бір дүкенін Сәрсенбайға қалдырған, ол дүкен
конфисиацияға дейін жұмыс істеген. Сәрсенбайдың сауда жағына бейім болуы
сол жездесінің ықпалы тиген.
мырзакүл әпшесіз Тоқтыбайұлы Егізбай деген бес бала руының жігітіне
тұрмысқа шығып, балалы-шағалы болып, бері де дүниеден өтті. Үлкенмен
әпшемізден ұрпақ қалмады. Асылбек ағамыз менің кластасым Пернекүл деген
қызға үйленіп, балалы-шағалы болды. Өзі Ақмаяда ірі қара цехында
дәрігер, бақташы болып жұмыс атқарып, жақында дүниеден өтті. Ұрпақтары сол
Ақмаяда тұрады.
Енді осы Сәрсенбай атамның ұрпақтарын Ақтаздан бастап қалай тарайтынын
көрсетіп жіберейін:
1 Ақтаз
2. Әжем
3. Көшім
4. Көмек
5. Шоңбас
6. Сүгірәлі
7. Көшкінбай
8. Оразәлі
9. Сәрсенбай
1. Мырзакүлден күйеуі Егізбай:
1. Тұрсынбай
2. Тұрғантай
3. Бока (Шита)
4. Тұрғанкүл
5. Тұрсынкүл
2. Үлмекенде ұрпақ жоқ:
3. Асылбек әйелі Пернекүл:
1. Алтынбек
2. Мұрат
3. Марат
4. Сәуле
4. Үсенбек әйелі Бибігүл:
1. Ізбасар
2. Жағыпар
3. Әлиәкпар
4. Бақыт
2 Патшагүлден:
1. Назымбек
2. Нысанбек
3. Қыздары бар:
1. Дүйсенкүл
2. Базаркүл
3. Ажаркүл
1. Ізбасардан әйелі Бибауа
1. Айжан
2. Айнұр
3. Айдар
4. Ләйлә
5. Ержан
2. Жағыпардан әйелі Қалампыр:
1. Майра
2. Нұрлан
3. Индира
4. Назерке
5. Сұлтан
3. Әлижапардан әйелі Әсемкүл:
1. Ерлан
4. Бақыттан әйелі Анар:
1. Ердәулет
2. Салтанат
Енді Жадыра әжемнің төркіндері туралы айтайын. Жадыра бес бала руынан
Ешбан деген кісінің қызы:
Ешпаннан: Ахатай, Рахымет, Мырза, Мақым деген ұлдеры. Жадыра,
Алтынкүл, айшагүл деген қыздары тарайды. Бұл кісілердің бірі де бұл кезде
дүниеден жоқ кісілер. Ұрпақтары әр жерде жүріп жатыр. мысалы Ақатайдың
Сейдахмет, Сейтқасымының ұрпақтары, Төңкерісте. рахыметтің Қожеқмет,
Құлахмет, Құрахметі Түлкібастың Құландысында, Аймахан, Байман Алматыда.
Әлжаны Төңкерісте.
Мырзаның – Нұрахметінің ұрпақтары Шиеліде, Алматыда.
Мақымның Сүндеті Төңкерісте Ешпанның ұрпақтары 1933 жылғы ашаршылық
кезінде Өзбекістанға көшіп кеткен. Сол кезден 1960 жылға дейін әкем олардан
хабарсыз болған.
Мен 1960 жылы техникумға түскенен кейін, қазан айында қасымда бірге
жүретін жолдасым Әбділдаұлы Айтымахан бір күні Тәшкеннен 120 км әрі де
тұратын Велико-Алексеевка (Бақыт) станциясына барайық, онда менің немере
ағайым Шорабайұлы Дүйсен тұрады, сәлемдесіп қайтайық – деді.
Мен, оған келісім бердім, себебі әкем әруақытта нағашыларым В-
Алексеевкада тұруы мүмкін деп айта беретін, Екеуміз Дүйсеннің үйінее барды.
Дүйсен жарықтық қуана-қуана қарсы алды. Түнде дастархан басында отырып,
Дүйсекеңнен әкемнің нағашшылары туралы сұрадым. Ол кісі Мырза менің
көршім, ал Ахатаймен, рахмет осы жерден қашық емес жерде тұрады деді.
таңертең мені Мырзанікіне ертіп барды. мырза менің әкеме қатты ұқсайтын
кісі екен, түры де, сөзі де, мінезі де, айнмай қалға. қария менің кім
екемімді білгеннен кейін көңілі босап қалды. ол кісі мені Верхна - Волинек
деген жеоде тұратын Ахатайлардың ауылына ертіп баоды. Ахатайда менің кім
екенімді білген соң Жұрағат қой деп көңілі босап, әрі қуанып қалды.
Ас – аухаттан кейін Айтымахан екеуміз оқуымызға қайттық. Кейін оқу
біткенше қатысып тұрдым. 1970 жылдары өздері түгелімен Төңкеріске көшіп
келді. ұрпақтарының қайдап тұратынын жоғарыда айтқанмын. жадыра әжемнің
туыстары осылай тарайды.
Ендігі сөз кезегі өзщ нағашыларым мен шешем Күләнда туралы болмақ.
Шегеден руының Бидайлы аталығынан Өтебай деген кісіден Балахмет,
Рахымбай деген екі ұл тараған. Мекен жайлары Телкөлді жайлаған.
балахметтен (Рахым) Бекшай, Күләнде деген бір ұл, бір қыз тараған.
Бекшай мен Күләнданың шешелері Күләйім деген кісі, руы бес бала.
Балахмет шешем дүниеге келген соң көп ұзамай дүниеден өткенг. Ал, анасы,
Күләйім, шешем Күләнда үш жасқа толғанда ол де дүниеден өткен. Бекшай мен
Күләнданы ағасы Рахымбай мен әйелі Жұмакүл шешеміз тәрбиелеп өсірген, ер
жеткізіген. Рахымбайдан ұл бала болмаған, Сәрсенкүл, Ақжай деген екі қыз
тарайды. Жұмакүл шешемізді Бекшайда Күләнде шеше деп атап өтті және
барынша көмектерін көрсетіп, о дүниеге кеткенінше көмектерін аяған жоқ.
оахымбай атамыз өлгенше қой бағумен өткен. Қыздары Сәрсенкүлден Сәмиділда
деген ұл және бір қыз бар. Сәмиділда жақында бақытсыз жағдайға ұшырап,
қайтыс болды, артында ұрпақтары бар. шиеліде тұрады. сәрсенкүлдің өзі сол
немерелерімен бірге тұрады. Ақшайы ерте дүниеден өтті артында Батырбек,
Әуез деген екі ұл, бір қыз қалды.
Шешемнің нағашылары қазіргі Шиелідегі Арғымақ ЖШС – ті басқарып
жүрген Шиелінің Серісі талған ақын жігіт Оразәлі Байділда болыа келеді.
Оразәлінің әкесі Әбдіманап оның әкесі Әбілтай.
Нағашым Бекшай 1910 жылы туылған. Жастайынан байлардың қозысын бағып,
жетімдік тақсіретін татып өскен. Тарыншылық көріп өскен бала қайбір өсіп
жетілсін, бойы орта бойлы болғандықтан және жетімдігінен жеңгелері жетім
Тоқты, деп атап, келе- келе жетімі түсіп қалып, Тоқты атанып кеткен.
Бекшай атын көп кісілер біле бермейді. Бекбай (Тоқты) өскен соң ағайын
ағасының жесір әйелі Биқашар қызы Бибайшаға (жеңгесіне) үйленеді, одан бір
қыз (аты Рыстай) көреді. Ол қыз менімен жасты еді. рыстай 7-8 жасында
қайтыс болды. Бибайшаның руы жұмық еді. Қазіргі төңкерістегі Ермағанбетов
Пәтта, Мұхайларға жақын болатын.
Бибайша Бекшайға Қоңыраттың Құйысқансыз Қожамберді рйынан Шоқан
(ұста) деген кісінің қызы Бәтиманы (1925 жылы) алып береді. Бұл шамамен
1945-46 жылдар болса керек. Бәтима бірнеше құрсақ көтеріп, туған-туғанынша
балалары шетіней берген. Тек, 1955 жылы бір ұл туып атын Бақыт деп қойдық.
бақыттан кейін шара, Серік, бақтияр, Бақтыгүл деген үш ұл, екі қыз болды.
Серігі үйленгеннен кейін дүниеден өтті, артында ұрпақ қалмады. Бекшай
нағашым телкөлден Шиеліге көшіп келіп, шиелі темір жол депосында поровоз
кочегары болып жұмыс істеген, осы жұмысымен зейнетке шыққан. барынша
адалдықты өміріне ту етіп ұстаған адал кісі еді. Арамдыққа аяқ баспайтын.
Өзінің адал еңбегімен отбасына асырап өсірген кісі. Жаз айларында сыртқа
бақша салып, қысқа картоп, көк-өністерді өзі дайындап алатын. Көп жылға
ыстық-суық аралас жұмыста жүріп демікпе (астма) ауруына шалдығып, 1986 жылы
қарындасы Күләнда дүниеден өткен соң 100 күн шамасында бірден таңертең
намаз уағында дүниеден өтті. Нағашым Бекшайда анам Күләнда да Сауатсыз еді.
Шешем Күләнде 1920 жылы туылған жылы Мешін. Шешесі өліп жетім қалған соң
ағасы Рахымбай мен Жұмакүлдің тәрбиесінде болған. Жұмакүл шешеміздің мінезі
алуынды болғанмен, қайтымы тез, адамға мейір-шапағаты мол кісі еді. Шешем
Жұмакүлді өле-өлгенінше шешем деп атап өтті. Колхоз жұмысында көп жылдар
жұмыс істеп, зейнетке шығып, 1986 жылы 66 жасында дүниеден өтті. Қылтамақ
ауруынан қайтыс болды. Әкемніңде, шешемнің де бейіті ХХІІ разде (аялдама)
мен Полуказарма аралығында қорымға жерленген.
Қадіріңді анашым біле алмадым,
Қуанышқа кенелтіп жүре алмадым.
Бір өзіңнен айырылып ана жаным,
Бір Аллаға не жаздым, біле алмадым.
Өзіңізді жан анам іздеймін мен,
Кемпірлерді ұқсатып Сіз деймін мен
Сағынамын, аңсаймын бір өзіңді
Күлімдеген мейірімді көздеріңді.
Арман болды есіту енді маған
Қарағым деп айтатын сөздеріңді
Сағындым Анам өзіңді
Нұр толған ойшыл жүзіңді
Естуге зар боп қалдым – ғой
Құлыным келдің бе деген сөзіңді
Арамнда, арман, арманда.
Ажалға сірә тойым болған ба?
Кешегі жүрген анашым,
Алпыс алты жасында аттанда-ау о жалғанға!
Нағашыларым мен анам, әкем жатқан жерлердің жайлы болсын. Жайларың
Жәннәтта, жандарың рахатта болып, Алланың Рахымы, Пайғамбарымыздың шапағаты
Нұр болып жаусын. Имандарың Кәміл болсын, әмин.
Ескерту: Анама арналған өлең тексті әруақытта жазылғандықтан бір-
біріне ұқсас келе бермейді.
Жоғарыда айтқандай Бейсенбайдан бір қыз, бір ұл қалдық. Қызы Аршагүл
1937 жылғы, бастауыш сыныптың білімі бар. 1955 жылы анамның аталас төркіні
Сүлеймен деген кісінің Арын деген ұлынан туған пернебек (1932ж). деген
ұлына тұрмысқа шыққан. Ол тұрмысқа шыққанда көкем мен анамды тастап
кеттің деп, жылып, үйдің жанында өтіп жатқан тойына бармай қалғанмын,
балалық қой. Әпшемнің алғашқы бір – екі баласы жастай шетінеген. Кейін,
Тұрсын, Мұрат, Гүлсім, Марат, Болат, Баян деген үш ұл, үш қыз болды.
Маратты армияны бітіріп келіп дүниеден өтті. Үйленбеген. Болаты жастай
аурушаң болып 18 жасында қайтыс болды. Тұрсынды балалы –шағалы болып,
аурудан қайтыс болды. Пернебек жездеміз көп жыл теміржолда жұмыс істеген
және құрылыс мекемелерінде жұмыс істеген. Жоғарыдағы айтылған балалары
қайтыс болғанда ол сол ауру болып ауырып жатып, қайтыс болды. Осылардан
кейін Мұраттың келіншегі аурудан қайтыс болды. Сонымен бас-аяғы екі-үш жыл
көлемінде әпшем, Аршагүл бес өлікті жер қойнына берді. Бұл әпшеме ауыр
тиді. Уақыт емші
дегендей, шүкір, қазір есін жиып келеді. Мұраттың бір ұл, екі қызына өзінің
қалған ұрпақтарына ұйытқа болып отыр. Шиеліде тұрады, зейнеткер. Мені
жасында арқалап өсірген жалғыз бауырым осы – Аршагүл. Қазір мен есейіп,
Пайғамбар жасына келсем де, қызбала бауырым ғой, мен дегенде елжіреп
тұрады, ал мен оған інілік парызымды өтей алдым ба, Қайдам ?
Саған АЛЛА ұзақ ғұмыр берсін – Бауырым Аршаным.
Енді өзім туралы жазуды ыңғайсыз көріп отырмын, жазу қиын болып отыр.
Жазсам мен де бір ұрпақтың өкілімін ғой, жазғанның айыбы болмас, Жазайын.
Кейінгі ұрпаққа сабақ болар.
Мен, 1942 жылы 3 наурыз күні Төменарық елді мекенінің Қызылбайыр
деген бөлімшесінде дүниеген келіппін. Ол кезде Жаңақорған ауданы Шиелі
ауданына қарайды екен. Қоңыраттың құйысқансыз Қожамберді руының жігіті
Кәрен деген кісінің әйелі назым деген кісі менің кіндігімді кесіп, кіндік
шешем болыпты. Алла мені шыр етіп дүниеге келгеннен бастап қоңырат руымен
тағдырлас етіп жаратса керек. Әсіресе Қожамберді ұрпақтарымен мені етене
жақын болып кететінімді сол кезде-ақ маңдайыма жазса керек. Сол Кәрен мен
әкем көпке дейін силасып өтті. Назым шешемнен кейін табысып силадым. Жалғыз
баласы Орынбасары ағамдай болып, силап өтті. Кәрендер менің кемпірім
Гүлзаданың жақын ағайыны болып шықты. Менің қоңыратқа тағдырлас болуымның
бастамасы осылай болды.
Әкем соғыстан бронмен қайтқанмен олардың жұмысы өте ауыр еді. Үй бетін
бір неше айлап көрмейтін. Үйге өте сирек келетін. Шешем аурушаң еді. Кей
күндері үйімізде ішетін ас болмай қалатын. Менің 4-5, әпшемнің 9-10 – дар
кезінде екеуміз жаз болса, бидай еккен, орылып кеткен алқаптан масақ теруші
едік. Мен шөлдеп немесе шаршап жыласам, әпшем кейде жыладың деп ұратын,
кейде өзі де қосылып жалайтын, кейде масақ термесең апам аштан өліп қалады
– деп қорқытып, мен шынымен апам өліп қалады екен деп, тұрып масақ
теретінмін. Жаздай терген масағымыздан 1,5,2 қаптай таза бидай жинап
алатынбыз. Жаздай үй жанындағы қауындық жерімізге, қауын, қарбыз, жүгері,
асқабақ, добия егіп алатынбыз. Жүгеріге көк шегіртке (сапанча) өте өш
болатын, жүгері жапынағын жеп қоятын, шелек, легендерді даңғыратып жүгеріге
қонған шегірткені ұшырып жіберетінбіз. Жүгері, қауын піскесін аштықты
ұмытып кететінбіз. Қауыннан қақа, қауынқұрт дайындалатын. Қауынның тұқымын
жерге тастамай, шұжық қазын соған шопақты салып, су құйып, өңезіннен
арылтып, таза шопақты қуырып, келіге түйіп, қайнатып, майын қалқып алатын,
ол май біздің қыстайғы көже-қатығымыз болатын. Қауын-құртты қант есебінде
шәй ішетінбіз. Шәй орнына далада өсетін арпамедиен деген шөпті қайнатып
ішетінбіз. Ол көк шәй сияқты түссіз, қош иісті келетін. Малдан екі-үш ала
бел, бүйен желінді ешкілеріміз болатын. Ағарған мәселесі сол ешкілердің
сүтімен шешілетін. Жаз болса қамыс күркеде, қыс айларында кепеде
отыратынбыз. Нан мәселесі қиын еді, етті тіпті ойламайтынбыз. Бидайды
қуырып дастарханға шашып терәіп жеп, шәй ішетінбіз. Мен жас шағымдағы қиын
кезеңдердің бірін ғана жаздым. Бұл жағдай тек қана біздің басымыздағы
жағдай емес еді, соғыстан кейінгі бүкіл ауыл көркі тіршілігі осындай
болатын. Еразаматтардың көбісі мүгедек болып, соғыстан келген кезі еді.
Бірі қолынан, бірі аяғынан, денесінен жараланған, жаралары көпке дейін
жазылмай азап шеккендер, ағаш аяқпен, балдақпен жүргендер қаншама еді.
Бұндай жағдайлар әр үйден табылушы еді. Соғыстан қайтпай қалған азаматттар
қаншама еді. Азалы үйлер көп еді.
Мен, 1949 жылы 1 қыркүйегінде бірншы сыныпқа оқуға бардым. Шешем
байғұстың сондағы қиналғанын көрсеңші, әлі есімнен кетпейді, Маған мектепке
киетін көйлек тігетін мата таппай, Әкемнің жұмысқа киіп тастаған жұқа, сары
трезент комзолын бұзып, жуып, көйлек, стан тігіп беріп сонымен мені
мектепке ертіп апарды. Бір дәптер мен бір қалам саптан әперуге ақша таппай,
мұғалімнен қарызға алып бергенін ұмытқаным жоқ. Мен, бұның бәрін тәптіштеп
неге жазып отырмын, себебікейінгі ұрпақ соғыстың біздің ұрпаққа әкелген
зардабының қандай болғанын білсін, соғыс аты жер бетінен мүлдем өшше екен,
кейінгі ұрпақ соғыс зардабын көрмесе екен, деп, бір Алладан тілеймін.
Бірінші сыныпты 1,5-2 айдай оқығаннан кейін, үйіміз сырдария бойына
көшіп барды. Ол жерде әлі мектеп ашылмаған екен, келесі жылы мектеп
ашылады, бірінші сыныпты сонда оқыдым. Оқыды деген аты болмаса, оқу сапасы
өте төмен екен. Себебі, бізді оқытқан ұстазымыздың небәрі бастауыш мектепті
бітірген білімі ғана бар екен. 1953 жыл 1 қыркүйегінде Шиелі орталығындағы
№ 47 М.В.Ломоносов атындағы қазақ орта мектебіне 4-сыныптан түсып, нағашым
Бекшай (Тоқты) үйінде жатып оқып 1960 жылы 10 сыныпты бітіріп шықтым.
Нағашымда оның әйелі Бәтима да бірі әкем бірі анамдай болды. Өзқ анам сүтін
беріп бойымды өсірсе, Бәрима жеңгем үйінде 7 жыл жатқызып оқытып ойымды
өсірді. Жеңгемнің бойы жағын болғанмен, пейлі кең, көлемі дархан жан еді.
Жақында 80 жасында дүниеден өтті. Нағашыма да, Бәрима жеңгеме де Алланың
нұры жауып, ұрпақтарына Алла ұзақ ғұмыр беріп, өркендеп өсіріп, өрістерін
кеңейтсін деп тілеймін.
Бәтима жеңгем 1955 жылы бір ұл туып, оның атын мен осы үйдің бақыты
болсын, атын Бақыт қоялық дедім. Нағашым келісіп атын Бақыт қойдық. Шүкір,
бақыт шынымен сол үйдің бақыты бола алды. Жақында елу жасқа келгенін
тойладық. Жеңгем мені Ақжолтайым менің жолы болғыш, - деп дүниеден
өткенше жақсы көріп кетті. Балалары туралы айтып кеткенмін. Мектепте
алғашқы кезде өте қиналып жүрып оқыдым. Орыс тілінен ешнәрсе білмейді
екенмін, кіріп оқу мен үшін өте қиын еді, себебі жүргізіп оқи алмайтын
едім. Әйтеуір Алла сана берді ме, ешқандай қақаң-соқаңмен айналыспай,
зейінімді сабаққа аударып, әдеби кітіптарды көп оқудың арқасында, сыныптас
достарымның алдыңғы қатарында мектепті бірітіп шықтым. Арманым ұстаз болу
еді, кейбір себептер мен арманыма жете алмадым. Ауылшаруашылық техникумының
Техника-механик деген мамандығын алдым. Орал қаласында 6,5 ай болып
ауылға келіп малшыларға техника механигі, қырман механигі, гараж
меңгерушісі, жұмыстарын атқардым. 30 жыл коммунистік партия мүшесі болдым.
12 жыл парт бюро мүшесі, 12 жыл басқарма мүшесі болып, басқарманың техника
жөніндегі орынбасары болдым. 1697 жылы 13 мамырда Гүлзадаға үйлендім.
Ата-бабаларымыз қол еңбегімен, қара күшпен, тер төгіп еңбек етіп
күндерін көрсе, біздер, солардың ұрпақтары , сол ата-баба қол еңбегін
техника күшіне алмастырып, ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Орта жүз шежіресі
Ұлы жүз Суан тайпасының шежіресі
Тәуелсіз Қазақстан шежіресі: 1991 жыл
З.М.Бабырдың «Бабыр-наме» шежіресі әдеби туынды
Бастауыш сыныптарда халық дәстүрлерін тәрбие құралы ретінде пайдалану жолдары
Бастауыш сыныптарда халық дәстүрлерін тәрбие құралдары ретінде пайдалану жолдары
Ою - өрнегінің мәні мен мағынасы
Қазақ шежірелері – тарихи дерек ретінде
Қазақ халқындағы жүзге кірмейтін субэтникалық топтар: тарихи-этнографиялық зерттеу
Орта ғасыр мәдениеті туралы
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.

Байланыс

Qazaqstan
Phone: 777 614 50 20
WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь