«Қорқыт», «Қойлыбайдың қобызы», «Оқжетпестің қиясында» поэмаларындағы этно психологиялық жақтары


Мағжан өлеңдерінде жиі ұшырасатын өлім мен өмір, махаббат, жамандық пен жақсылық, ізгілік пен зұлымдық т. б. мәңгілік тақырыптар проблемасын көтереді.
Мағжан өлеңдерін талдағанда да осы мәселе ерекше ескерілуікерек. Бір есте болатын жәйт, ақын өлеңіндегі интимдік суреттер анайылықты дәріптемейді, қайта адамдық сезімге қарай жол ашады. «Күміс нұрлы Ай. Жұлдыздар -алмас, жібек жел, Сыбырласып жас қайыңдар бұраң бел. «Қан қайнайды . Жас жүрегім ойнайды. Бір сүйейін жақында, жаным, бері » дейтін тіркестерді талдап көрейік.
Мұнда Фрейд ұғымындағы «бейсаналық » күй адамның өзіне сезілмегенмен сыртқа теппей тұрмайды деген ой « мен мұндалап » тұр. Мұнда ғашық жігіттің жан дүнйесіндегі өзгерісін «қан қайнайды», « жас жүрегім ойнайды» деп беру арқылы, түпсанада тұнып жатқан инстинктік әрекетті ақын шебер бере білген. Ал сен « сүйерсің, мен күйермін, жанармын, Құшақтарсың, мен есімнен танармын» деген жолдарда махаббаттың психикалық мәні, организмнің нейрофизиологиялық әрекетімен және сезімдік әсерімен байланысын табуға болады. Естен тану - адам өмірінде аса қуанышты, қайғылы сәттерде орын алатын стрестік жағдай, ал махаббат сезіміндегші құштарлықтың шарықтау шегі. Адамның мейірін қандыратын махаббат мөлдірлігінің басты шарты- ләззәт, әсіресе төсек ләззәті. Мағжан шығармаларындағы ләззәт ұшқалақ сипатта емес, тереңде, нәзік мәнге ие, «ыстық құшақ, отты сүйіс, балды тіл » - бұл шын сүйіскен жандардың ішкі жанқұштарлығының сыртқа шыққан түрі. Ол саналы түрдегі адамның интеллектік, моральдық принцптері негізінде құрылған махаббат сезімнің қажетттілігін қанағаттандырған түрі.
Махаббат сезімінің алғашқы белгілері - көзбен ұғысу. «Кей уақыт көзіңізге көзім түссе, ойнайды аласұрып неге жаным » дейтін жолдардан көрінеді. Бұл жолдарда инабаттылық ізеттілік бар да, сонымен қатар алай-дүлей ұйытқан сезім, құмарлық ынтығу бар.
Сүйіспеншілік, махаббаттың осындай ізгі сипаттарын бойына жинақтаған адамды Мағжан толық тұлға дейді. Адамның өзін - өзі сүйюі, туысқандарын сүйюі ғана жеткіліксіз, ол адамның құлық сезімнің төмен тұрғандығы, кісі бүкіл адамзатты сүюі қажет дейтін ұлы Абайдың «өзін ғана сүйген адам, өзі үшін оттаған хайуанмен тең» деген пікірмен үндесіп жатыр.
Мағжан аса мән берген эстетикалықт сезімнің түрі - әсемдік, сұлулық сезіміне қатысты. Бұл жөнінде ол: «Сұлулық сезімдері - адамның дұрыс ләззат іздеуіне, сұлу нәрсені сүйюіне, керексіз нәрседен жиренуіне, жақсылыққа ұмтылып, жауыздықтан тиылуына көмек көрсетеді», - дейді. Ал нағыз махаббат - бұл аса сұлу сезім.
« Жер бетіндегі әсемдік атаулының бәрі әйелге деген сүйіспеншіліктен туады» - М. Горький айтқандай, «әйел адам бойындағы әсемдік- әсем сезімнің кілті».
Мысалы, Мағжанның махаббат тақырыбындағы өлеңдерінің негізгі арқауына айналған Гүлсім бейнесін елестеткенде есіңе нағыз ботаның көзі дөңгелек, қара көз, кірпігі ұзын, мөлдірнген әдемі болатындығы ойға оралады. « Бота көз, сиқырлы сөз, ханым Гүлсім, Көктегі күн күлмесін, Гүлсім күлсін ! Гүлсім - күн, көкте ақырын жүзе біледі. Сүйдіріп, күйдіргенін қайдан білсін».
Мағжанның өзі тыңнан тапқан, сұлу сурет жасаған кездері өте көп. Онда адамның сыртқы суретін бергелі отырып, ішкі сырын, жан күйін ашатын бедерлер мол. Мәселен, « Шолпы» өлеңінде, бір жағы әзіл, бір жағы шын етіп, ақын киіз үйді айнала жүретін ауыл қыздарының шаштарына таққан шолпы сылдырының көңіл ынтықтырар әсерін былайша сипаттайды: « Сылдыр, сылдыр, сылдыр, қанымды қайнатты құрғыр. Шық- шық жүрекке тиеді. Күлпара талқан боп сынғыр», - деп келетін « Шолпы өлеңіндегі сылдыр бұлбұлдың сайраған үніндей қабылдайсың. Бұнда сұлулыққа табыну да, сезім сырының сұлулығына жан дүниесімен берілу де көрінеді. « Сылдыр, сылдыр, сылдыр, Өзекті өртеді құрғыр. Әдейі іргеден жүреді. Сұлу қыз санадан солғыр». Осы өлең жолдары дыбысымен, күйімен, ырғағымен қазақ даласын, ондағы тіршіліктіде көзге елестетеді.
Адам жанының шындығын, сезім сырын бұлайша суреттеу адам психологиясының қат- қабаттарына әбден жетік Мағжан секілді психолог - суреткер, ойшыл дарынның қолынан ғана келмек.
I -ші тарау бойынша ой - тұжырым.
Қазақ елінде айрықша із қалдырған, өзіндік үлкен өнер, өрнек тудырған, терең сырға, ұшқыр қиялға толы өлең дүниесін кейінгі ұрпаққа аман етіп қалдырған ақын- Мағжан Жұмабаев. Ғасыр басынан-ақ ел жұртына белгілі болған Мағжан Жұмабаев айдаудан көз ашпайды. Өзі де, өлеңі де қыйынқыстау тауқыметін көп кешкендіктен де ақын тағдыры бір сыдырғы емес, шытырманды, соқпақты тіпті аяқ шені трагедиялы десекте болады. Бүгіндері Мағжан есімі қайта оралып рухани байлық талантты сөздерін, халықтың игілігіне қайтаруға мүмкіндік туумен қатар асыл мұраларын жан-жақты зерттеуге жол ашылып отыр. Мағжан щығармалары соның ішінде лирикалық өлеңдері өте терең де шебер суреткерлікпен жазылған. Ақын әрбір табиғаттың тылсым құбылыстары мен күйлеріне мән бере оларды өз көңіл-күйімен астарластыра шумақтайды. Сол өзі өмір сүрген кезеңдей халық тағдырын, халық ансаған бостандық өмірін еш бұлтарыссыз ашық етіп жеткізумен бірге қара түнек езгі өмірден құтылу үшін халықты ауызбірлікті, білімді, мәдениетті болуын өлең жолдарымен жеткізеді. Мағжан Жұмабавтың лирикалық пірі, оқырман сезімінде ойнаңқырық түсу үшін ғашықтық пен құмарлықты жарыстыра, дәлірек айтсақ астарластыра жырлаған. Ақын өлеңдерінде махаббатқа соқпай кететін өлең жоқтың қасы. Анаға сүйіспеншілік, жарға құштарлық, Отанға перезенттік, туған топыраққа борыштылық сезімдердің бәрі махаббатпен байланысты. Сонымен Мағжан өлеңдерінде махаббат адамгершілік жақтары ерекше байқалады. Эстетикалық талғамы, таңдауы мықты осындай өлеңдердің бәрі адамның жаны мен тән сұлулығын, оның аса көркемдігін, жарасымдығын паш етеді. Мағжан өлеңдеріне ден қойып оқып, жалпы ауқымына көз жібергенде, аса қалап, сүйіп жырлаған тақырыбы адам «адамның кейбір кездері» деп Абай айтқандай, адамның ойы, ішкі көңіл - күйі екенін ұғымыз. Не жазса да ең алдымен өзи жүрегіне үңіледі, сол арқылы айналадағы әлемді білуге, өмір шындығын ұғуға ұмтылғандығын байқаймыз.
2. 2. М. Жұмабаевтың педагогика және психология
ғылымының дамуына қосқан ұлесі.
П сихология- жан туралы ілім ретінде 1000-нан астам уақыт бұрын Ежелгі Грек және Шығыс ойшылдарының негізі бойынша философиялық ілім ретінде пайда болған. Алғаш психикалық жүйеленуі Грек ғалым философы Аристотельдің(б. д. д. 384-322 ) « Жан туралы» трактатында психикаға байланысты ой-пікірлердің айтылуы бұл ғылымның негізінің қолдануының алғашқы жетістігі еді. Кейін келе Батыс және Шығыс елінде психиканың пайда болуы мен дамуы әр түрлі пікірлерде, әр түрлі ғылымдармен байланыстырылып қарастырыла бастады. Ал орта ғасыркезеңінде араб ғалым философтары әл-Фарабидің (870-950) , Ибн Синааның (980-930) , Ибн Рушдтің зерттеу еңбектері арқылы психика жайындағы ілім еуропада кең жайылып тарай бастады . Әрбір кезеңнің өзіндік ерекшеліктері мен ой- пікірлердің қалыптасып дамуына орай психология ғылымының негізі қалана бастады. X1X ғасырдың аяғында неміс ғалымы В. Вундтың эксперименті әлемге таралып, психология ғылымының ғылым болып қалыптасуы мен дамуының негізгі бастауы болды. Сонымен психология ғылымы өзіндік даму тарихы, зерттеу нысанасы, зерттеу әдістері, түрлі салалары мен тармақтары бар дербес ғылым ретінде қазірге дейін әртүрлі басқыштардан өтіп даму үстінде.
Ал қазақ топырағында психология жайлы арнайы еңбек жазбаса да ерте кезде өмір сүрген Шалкиіз, Қазтуған, Бұхар жыраулардың, А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин, Ш. Уалиханов сияқты данышпандардың, тіпті 30-шы жылдардың жазықсыз құрбаны болған А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаевтай бір туар тұлғалардың еңбектерінде -ақ қазақтың өзіндік психологиясы қалана бастаған. Өз заманының қиыншылығына қарамай, ұлтының болашағы, өскелең ұрпақтың келешегі үшін төл өлкемізде психология жайлы еңбек жазған Жүсіппек Аймауытов пен Мағжан Жұмабаев есімдерін ерекше атай кетуімізге әбден болады. Соның ішінде М. Жұмабаевтың еңбектеріне тоқталатын болсақ, алғаш қысқа мерзімді курстар үшін дидактика, педагогика әдістемесін оқытуға ыңғайлы «Бастауыш мектептегі ана тілі»(1923) , «Бастауыш мектептегі ана тілін оқыту жайында»(1922), «Обучение грамоте»(1926), «Букварь для взрослых»(1929) т. б. оқу құралдарын жазып ұсынған еді. Ал ұлы ақынның «Педагогика» (Ташкент 1922, Орынбор 1923ж) атты еңбегі қазірге дейін психология ғылымында маңызын жоймаған өзіндік орны ерекше ғылыми еңбек болып табылады.
Мағжан Жұмабаевтың «Педагогика»еңбегі негізгі он бес бөлімнен тұрады, басты бірнеше бөлімі ғана педагогика, тәлім -тәрбие жайлы, ал қалған он үш бөлімі жалпы психология мәселелеріне кеңірек тоқталады. Ол өзінің алғы сөзінде «Алдыма бір кітапты жайып бұрылмастан көшіре бергенім жоқ.
Тәрбие ғалымдарының пікірлерін таңдап алуға ұмтылдым. Шамам келгенше қазақ жанына қабыстыруға тырыстым» дей келе өзінің шетел және орыс ағартушылары мен педагог-психологтарының еңбектерін оқып, зерттеп өзінің дүниетанымына сай келетін ін ғана алып, оны қазақ халқының игілігіне айналдырғанын дәлелдейді. Сол кездегі шетел Грек, Рим, Батыс Еуропа педагогикасын жете меңгерумен қатар, орыс педогогтары С. Рубенштейн, Скварцов, Смирновтардың педагогикалық еңбектері мен орыс психологтары И. М. Сеченовтың, И. П. Павловтың және К. Д. Ушинскийдің орыс психологиялық мектептері ақынның психологиялық көзқарасының қалыптасып, өзіндік ой түйіндеуіне ерекше әсер етеді.
Өз халқының, өз болашақ ұрпағына шын жан тәнімен күйіне білетін ұлы ақын қазақ халқының мәдениетін жас ұрпаққа берер тәлім-тәрбиесінің келте болмауы үшін психология ғылымының ауадай қажет екендігін шын сезінеді. Сөйтіп, ол «Педагогика және психология жайлы жазылған әрбір еңбектерді қалдырмай әрбір сөзіне дейін мән бере саралап, талдаумен қатар өз ұлтының және де өзге ұлт ғалымдары мен ақын, жазыушыларының, тіпті ерте заманда өмір сүрген жыраулардың ой- пікірлерімен салыстыра отырып, жан-жақты ізденістер арқасында қазақтың болашақ ұрпағы үшін табылмайтын әрі өшпейтіндей етіп психология ғылымына өз үлесін қосты.
Мағжан Жұмабаевтың «Педагогика» еңбегінің алғашқы «Жалпы педагогика» атты бөліміне қысқаша тоқталатын болсақ, тәрбие деген не? Деген сауалға анықтама беріп, тәрбиенің түрлеріне, оларды қалай тәрбие қылу керек екендігі және де балаға тәрбие беруде ата -ананың ролінің әсіресе ана ролінің бәрінен басым тұратынын ерекше атап өтеді. Ал қазақтың болашақ үміт артар ұрпағы жас сәбиге тәрбие қылуда қазақ аналарының кейбір кемшіліктері мен қазақ киіз үйінің бала өміріне кері әсер ететін кейбір жайыттардың бар екенін еш жасырмастан ашық жазады . Сонымен Мағжанның пайымдауынша бұл бөлімде, баланы бесікке салған күннен бастап, тәй-тәй басқан әрбір қадамына елжірей көз салуы, қайтсе ол нағыз жігіт азамат болады, осы заманға өркениет өрісіне қол артады деген ата-ана үшін таптырмайтын ерекше құрал .
«Педагогика» еңбегінің келесі бөлімдері яғни психологиялық бөлімдерінде психологияға ерекше мән береді, ол ата-ананың тәрбиесінің басты парызы баланың жан дүниесін, психикасын, оның дамуы мен өзгеруін жақсы білуі деп санайды.
М. Жұмабаев «Психология» ұғымын «жан тілі» деп аударып, психология «жан туралы пән» дей келе «Болашақ жанын жақсы тәрбие қылу үшін жанды көзбен көріп, қолмен ұстамай -ақ оның істерін, көріністерін жақсы тексеру жетеді» дейді. Сонымен қатар психология пәні нені зерттейді, не үшін керек деген сауалдарға анықтама бере отырып, жан- жақты қамтылып, мына мәселелерге көңіл аударған «Жан көріністері оларды топқа бөлу, үйрену және бақылау, жүйке жүйесі оның қызметі, ми туралы және т. б.
Жан көріністерін үш топқа бөле отырып қарастырады. Олар : жанның білуі яғни ақыл көріністері, ішкі сезім көріністері және қайрат көріністері. Бұл үш топтың арасында берік байлам бар, яғни бір іс істегенде, осы үш топ жан көріністерінің үшеуі де қатысады. Адам жанының осы көріністерін бақылау арқылы ғана біле алатынын былай деп дәлелдейді. «Адам өз жанының көріністерін өзі бақыламаса жан көріністерімен таныс болмайды». « Сан рет естігеннен, бір рет көрген аттық» дегендей адам баласы күнделікті өміріде бірін - бірі бақылау арқылы бір адамнан, екінші бір адамның пішінінен, жүріс тұрысынан, ісінен, сөзінен ол адамның қандай мінез - құлықта екенін танып білуге болады.
Жан көріністері мен дене көріністері бір - бірімен тығыз байланысты яғни « Дене жанға, жан денеге байлаулы, біреудің біреуінсіз күні қараң». Ал жан көрінісінің дене көрінісінен айырмашылығы: жан көріністерін үйрену жолындағы өзін бақылау, жүйке жүйесінің қызметтері, мидың қызметтері т. с. с. ақыл және ішкі сезімдер арқылы ерекшеленеді.
Ақылы көріністері, яғни жанның білуі деп, оған әсерлеу мен сыртқы сезім әсерленуілерін, жатқызады. Әрбір дүниені танып біліу үшін ең алдымен түсіну қажет яғни Мағжанша айтқанда « ақиқат дүниенің адам санасында бейнеленуінің алғашқы баспалдағы әсерлену болып табылады»- дейді. Осы әсерленудің физиологиялық процесін былай деп береді: «Сыртқы дүниедегі бір зат біздің денемізге, яғни нервтің ұшына әсер қылады. Осы әсерді нерв миға алып барады. Мида осы келген әсерден түйсіну пайда болады. Міне осы нерв жүйесі алып келген әсерді жанның аңдауы әсерлену» деген.
Ал сыртқы сезімдерді көру, есту, иіскеу, тату, сипау, ет сезімдері деп алты айырыммен анықтап алып, оларды дұрыс жетілдіру тәрбиесіне арнайы назар аударады. М. Жұмабаевтың пікірінше бұл сезімдердің сау және берік болуына, оның өткір, дұрыс қалыптасуына тәрбие қылу керек. Бұлардың біреуі нашар болса жан тұрмысы да түзу болмайтындығын айтады. Осы әр сезімді психологиялық тұрғыдан қарастыра келіп, ақын олардың әрқайсысына өзінше анықтама беріп оларды қалай тәрбиелеу жолдарын да айта кетеді.
Сыртқы сезімдер адамның сыртқы дүниені танып білуге жан қызметі үшін аса қымбат болғандықтан, адамның сезім мүшелері білу, танудың көзі болып табылады.
Мағжан жан үшін ең қымбат нәрсе -адамның көзі ғана екенін «Әдемі түс, әдемі түр, жаратылыстың сұлу заттары, сұлу көріністері, адамның әдемілігінен ләззат» алуға мүмкіндік туғызатынын, егер адамның есту сезімі болмаса жанның терең түпкірінде жатқан ыстық сырларды ашып, шешіп беретін адам сөзінен, әдемі ән, сұлу күйден денені балқытып, ләззат алуға болмайтындығын, сол сияқты иіскеу сезімінің адамның басқа сезімдерін оятуға және одан адамның ләззат алуға мүмкіндік жасайтындығын дәлелдейді.
«Сыртқы сезім мүшелері арқылы қабылданған сыртқы дүниенің құбылыстарының дамуына әсер ететін, ойымыздың дұрыс, ашық болуы, ішкі сезімдердің жанды болуы, алдымен адамның зейініне байланысты» -дейді. Бала зейінді болмаса ешнәрсе үйрене алмайды. Егер «жанның» осындай қабілетінің дамуына көңіл аударылмаса, онда ол өзінің маңызын жояды. М. Жұмабаевша айтқанда «абай болмаса, біз сыртқы заттардан әсер алып, олармен таныса алмаймыз».
Ес дегеніміз- «суреттеулерді жанның жоғалтпай сақтай білуі» дейді Мағжан. Ал сақталып тұрған суреттеулерді бұрынғы түрі, бұрынғы ретімен жанның тірілтіп алып келе білуі еске түсіру деп аталады. Естің өсіп жетіліп дамуы үшін сыртқы сезімдер мен жаңа білімді бұрыңғы біліммен байлау және жаңа білімге көбірек көңіл аудару ерекше әсер ететіндігін айтады. Ал егер бұл шарттар адам бойынан табылмаса, кейбір нәрсені еске түсіру өте қынға соғады -дейді.
Естің адам жасына байланысты өзгеріске түсетіндігін айта келіп, әрбір жас кезеңдеріне байланысты естің күшті немесе ұмтылатын кездерін бөліп көрсетеді. Мәселен, Мағжан «Естің аса күшті болатын кезі жеті мен он бес жас арасы». Ал қартайған шағында ес бірте-бірте сөне бастайды»- дейді.
Мағжан «адам неғұрлым білімді, тәжірибелі болса, қиялы да сонша бай болады»- дейді. Жанның өзінде бұрыннан бар суреттерден жаңа суреттер жасай алуы қиял деп аталады. Яғни қиял терең, бай болу үшін суреттеулер көп болу керек. Бала қиялын тәрбиелеуде Мағжан былайша суреттейді, «жаратылыстың құшағында, меруерт секілденген көк шатырдың астында, хош иісті жасыл кілем үстінде күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеріп, желмен бірге жүгіріп, алдындағы малмен бірге өріп, сары сайран далада туып өскен қазақ баласының қиялы жүйкенің өткір, терең болуы тиіс. Ол үшін баланың қиялын қалыптастыратын ғылымдармен таныс болуы керек » . Яғни әдебиет, тарих, жаратылыстану сияқты ғылымдалға қызығушылығын оятып, соларға көбірек назар аударылу керек. Ал бала фантазиясының өркендеуіне ертегі мен ойыншықтардың ролінің ерекше ықпал ететінін айтады.
Ойлау - күрделі психологиялық процесс. «Ойлау болмаса адам жануар сияқты, заттарды, көріністерді құр есіне ғана алып, жат бір көрініс ұшыраса, оны шеше алмайтын, оған түсіне алмайтын бір жан иесі болар еді» дейді Мағжан. Адам баласы ойлау барысында ғана жинаған тәжірибесімен білімінен бір нәтиже шығарып, келешекті болжауға толық мүмкіндігі болады. Осы ойдың арқасында адам дүниесінің қыр сырын жақсымен жаманды, шындықпен өтірікті, залымдық пен мейрімділікті ажыратып өзінше ойланып бар ғылымды меңгерген толық қолды адам болып қалыптасады. Болашақ ойлауын жақсы жетілдіріп даму үшін тәрбиеші дұрыс ойлауына көп жұмыс жасауы керек.
Тіл «жанның жайын жарыққа шығару жолы » дей келе Мағжан «Тілсіз, жүрек түбіндегі бағасыз сезімдер, жұн түкпіріндегі асыл ойлар жарық көрмей, қор болып қалар еді». Шынымен де ойлап қарасаң алғаш танып біліп оны көзімізбен көріп, құлағымызбен естіп, есімізде сақтап, әр жақты ой елегінен өткізген әрбір нәрсемізді жүзеге асырып, игілігімізге пайдалану үшін тілдің маңызы ерекше зор . Баланың тілін дамыту үшін оны ешқашан сөзден тимау керектігі, және де өзі теңдес балалармен өзі түсінетін тілде сөйлесуі өте қажет екенін, тілдің нағыз дұрыс әрі байитын кезі мектепте болатынын айтады.
Мағжан жан тәрбиесін, ішкі сезім көріністерін былайша сипаттайды: ішкі сезімдер, сұлулық сезімдер, құлық сезімдері.
Сезім бұл адам баласының өмірінде ерекше рол атқарады. Әрбір адамның ішкі сезімі сол адамның жанының қандай күйде болуына, оның біліміне және денесінің қандай болуына байланысты. Мағжан ішкі сезімдерді екіге бөледі өзімшілдік яғни бұл адамның әлсіздігін немесе күштілігін көрсететін сезім болғандықтан бұған ұялу, қорқу, батырлық, ашу, жек көру, тәккәппарлық, күншілдік жатады. Ал басқа адамдар және жаратылыс үшін болатын ішкі сезімдер көпшілдік ішкі сезімдер деп атап оған достық, ояу сезімдерін жатқызады.
Осы сезім құбылыстарының барлығына Мағжан қысқаша түсініктеме береді.
Ұялу сезімі - егерде біз өзіміз қымбат көретін адамдарымыздан міндегендей бір мін іс істесек, біздің жанымызда ұялу сезімі болады. Жер жүзінде ұялмайтын адам жоқ. « Өлімнен ұят күшті» дейді қазақ. Қазақтың бұрынғы күнде нашар іс істеген адамдарға істеген жазаларының көбісі ұялту болған.
Қорқу сезімі - адам жанында бір баытсыздық күткенде болады. Қорқу сезімінің бірнеше басқышы бар. Жеңіл қорқу тынышсыздану деп, қаты қору үрей ұшу деп аталады. Қиялы бұзылған яки денесі ауру адам қорқақ болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz