Депоның басты жоспары


Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

анықталады.

Жолаушы ТМВ электр жабдықтарын жөндеу учаскесі жолаушы вагондарын электр жабдықтарын техникалық бақылау мен тексеру, деполық және ағымды жөндеуді орындауға арналған. Электр жабдықтарын түйіндерін иесіз әдіспен жөндейді, яғни бұзылған түйіндерді жанасымен немесе алдың-ала жөнделгенімен аустырады. Дайын өнімді вагонға жинау үшін жіберілетің қоймаларға бағыттайды.

Жөндеуден кейінгі стендке реттеу мен дайындауды қажет ететін электр жабдықтарын түйіндерін мен элементтерін вагон тек пломба салынған күйінде ғана береді. Пломбаның болмауы немесе бұзылуы ақау деп табылады.

Учаскіде электр машиналарын жөндеу, электр аппаратураларды жөндеу, радиоаппаратурамен бақылап-өлшеу құралдары, техникалық байқаулармен тексерулер, редукторды-карданды жетектерді жөндеу бөлімшелері бар. Бөлімшелердің тізімі жолаушы вагондары депосына тіркелген конструкциялардың ерекшеліктеріне байланысты өзгеруі мүмкін.

Жолаушы вагондарының тоңазыту қондырғыларын жөндеу учаскелері деполық және ағымды жөндеулер, жолаушы вагондарын тоңазыту қондырғыларын тексеру мен техникалық байқауға арналған.

Тоңазыту қондырғыларын жөндеу бұзылған түйіндерді және бөлшектерді алдың-ала жөнделгенмен және жанасымен ауыстыру принципі бойынша орындалады.

Жолаушы вагондарын жөндеуге арналған депоның бас өндірістік корпусының жоспары.

1-сурет.

1-сырлау бөлімшесімен вагон жинау учаскесі ; 2- автотіркегішті жөндеу бөлімшесі; 3- вагондардың электр жабдықтарын жөндеу учаскесі; 4- тоңазыту жабдықтарын жөндеу учаскесі; 5- жылыту және сумен жабдықтау құралдарын жөндеу бөлімшесін; 6- жабынды-қаңылтыр бөлімшесіне; 7-автотежегіштерді жөндеу бөлімшесіне; 8-столярлық бөлімше; 9-әйнек жабыстыру бөлімшесі; 10- электр мен пісіру; 11- слесарлық-механикалық бөлімше 12- қызметтік - бөлімшелер; 13- генератор жөндеу; 14- қойма; 15- аспаптық бөлімше; 16- полимерден жасалатын бөлшектерді дайындау және жасау бөлімшесі; 17- құлып пен сүзгіштерді жасау бөлімшесі; 18- ұстахана-серіппе бөлімшесі; 19- роликті мойынтіректерді жондеу учаскесі; 20- арбаша-доңғалақ учаскесі; 21- арбаша мен доңғалақ жұптарының паркі;

Жолаушы вагондарының тоңазыту қондырғыларының ақаусыз күйін қамтамасыз ететін жөндеу және профилактикалық жұмыстарды арнайы учаскелерде орындайды.

Жолаушы депосының жөндеп-жинақтау учаскесі қосымша келесі учаскіден тұрады.

Жолаушы вагондары арбашаларының тербелістерін гидравликалық өшірулерді жөндеу бөлімшесі; 3 жеке тербелісті өшіруді тазалау, бөлшектеу мен жөндеуге арналған стенд, бөлшектеуде жұмыс сұйықтығын жинақтауда арналған бөлімшесі бар.

Бөлімшеде келесі жабдықтар құрғақ тазалау үстелі, динамикалық сынақ стенді, тербелісті өшіргішінің бөлшектерін жуу машинасы, бөлшектеу мен жөндеуге арналған стенд, жинақтау стенді, бөлшектеу кезінде жұмыс сұйықтығын жинауға арналған бактар, және жаңа регенерациялары сұйықты сақтауға сақтауға арналған бактар, стендіңде оның жинақталуы кезінде қатаң белгіленген сұйық көмегімен толтырылған мөлшерлегіш, бояу камерасы, ақауы бар өшірушілері мен олардың бөлшектеріне арналған стелаждар, сондай-ақ қайта қалпына келтірілген бөлшектер мен жөнделген тербелісті өшірушіге арналған стелаждар.

Слесарлы-құлыптық бөлімше есік құлыптары, тұтқа, тиек, терезе есіктермен жиһаздар гарнитураларын жөндеуде орындайды. Бұл бөлімшеде слесарлы-қиылыстыру және жинақтау жұмыстарын орындайды, сондай-ақ құлып, тұтқа мен ілмектердің бөлшектерін дайындайды. Бөлімшеде верстактар үстел үстілік бұрғылау станоктар, беттік болатты кесуге, егеу станогы орнатылады. Жұмыс орындары электрлі және пневматикалық қол аспаптарымен жабдықталған.

Жылыту, сумен жабдықтау және желдету қондырғыларын жөндеу бөлімшесі ауа қыздырғыш, кеңейткіштер, жылыту және сумен жабдықтау құбырларын, крандарын, бактар, жұмысшы және қосалқы сүзгілер, сорғылар және жылыту мен желдету жұйесінің басқа түйіндері мен бөлшектерін жуып, тексеру мен жөндеуге арналған. Бөлімше жөндеуге келіп түскен құбырлар мен арматураларды салуға арналған стелаждармен, бөлшектер жуылатын, тат пен кірден тазалайтын ванамен, жөндеу көлемім анықтау мен тексеруге арналған верстактармен, құбырларда резьбаны кесуге арналған құрылғылармен қысқыштармен жабдықталған түрлі арматура мен крандар, вентильдерді жөндеуге арналған верстактармен, кеңейткіштермен су мен ысытқыштарды, бактарды сынау мен жөндеуге арналған стендпен, жөнделген түйіндер мен бөлшектерге арналған стелаждармен жабдықталған.

Сүзгілерді, әдетте жөнделген және бұзылған сүзгілер, сезіледі жууға арналған 2 камералы машина, оларды маймен дымқылдауға арналған ваннасы, артық майды жоюға арналған центрифугасы бар жеке бөлмелерді жуып, тексеріп, дымқылдайды. Осы жерде 50-60 0 с-ге дейін қыздырылған глицеринмен паронитті төсемдерді дымқылдайды. Оларды арнайы ваннада 4-5 сағ. көлемінде дымқылдайды.

1. 1. Депоның басты жоспары

Су қайнатқыштарды жөндеуге арналған бөлімше.

Стелаждармен, бөлшектеуге арналған верстактармен, ескі сыр мен кіруді кетіру ванасымен, қақтардан тазалауға арналған стендпен, ішкі бетерде сода ерітіндісі ағынды сумен жууға арналған ваннамен, ішкі бетерді қолайлауға арналған стендпен, жану қорапшасымен күйген бейнелегіштерді жөндеуге арналған стендпен, от жағатын жердегі люктермен ақаулы қайнағыштармен сынауға арналған стендпен жабдықталған.

Беттің метализациясын қолайлау орнына алюминиймен орындауға болады. Бұл жағдайда жуудан кейін қайнатқыштарды бөлшекті ағынды камерада тазалап, металдайды. Металдаудан кейін қайнатқыштарды жалпы жинау үшін қайтарады.

Электрмен жылыту жүйеде ақалары бар қайнатқыштарды жөндеуден кейін корпустар мен арматураларды вагондарының электр жабдықтарын жөндеу учаскесіне жібереді.

Слесарлы-жинақтау бөлімшесі арбаша түйіндердің; тежеу траверсалары, рычагты беріліс, аспасы бар башшактар, орталықты ілігу бөлшектері, сырғақтар ендірмесімен шылбырлар, КВЗ және КВЗ-ЦНИИ арбашаларын букса үстіңдегі фрикционды тербелісті өшірушілермен шпинтондарды жөндеу мен жинақтауға арналған.

Арбаша бөлшектері бөлімшеге кассетамен келіп түседі және тексеру, бақылау мен жөндеу көлемін анықтау үшін үстелге беріледі. Траверсалармен люлька астындағы арқалықтар ағымды-конвейер сызығының үстел жинағышына беріледі. 1-ші позицияда траверса тесіктерінің тозған құлақшаларын ерітіп дәнекерледі, жарамсыз құлақшаларды ауыстыруды орындайды. Ерітіп дәнекерленген траверсалар мен люлька астындағы арқалықтар жинақтағышта келіп түседі, одан өңдеу үшін механикалық бөлімшеге тасымалдауға үшін кассеталарға салынады.

Механикалық өңдеуден кейін көрсетілген бөлшектер инспекторлық ауданыңда бақылаудан өтеді, онда валик немесе төлке тұратын траверса құлақшалардан тесіктерде жасау орындалады, ал қажет болған жағдайда шпинт тұратын цапфада арнайы құрылғыда тесік жасалады. Позиция төлкелерде престеу мен траверсаларды сынауға арналған преспен жабдықталған.

Рычагты берілістің бөлшектердің жөндеу үшін бөлімшеде үстел жинақтағышы бар, онда рычагты берілістің тексеріп, бөлшектейді және жөндеу көлемін анықтайды, пісіру кабинасы бар, онда вертикальды рычагтар, кермелер, дәнекерлеуді қажет ететін аспалар мен басқа бөлшектер; рычагты берілістің бөлшектеуін жөндеу мен жинақтауда арналған үстел, тозған бөлшектерді ауыстырылған арналған пресс бар. Осы жерде сынауға арналған стендты бар тежеу тартымдарын жөндейді.

Аспалары бар баллактар, орталықты ілігу мен букса түйіндерінің бөлшектердің жөндеу арнайы үстелдерде орындалады. Ерітіп дәнекерлеуді қажет ететін бөлшектердің дәнекерлеу бөлімшелер дәнекерлеу бөлімшелеріне, содан соң өңдеу үшін механикалық бөлімшеге жіберіледі, осыдан кейін олар жинақтауға барып түседі.

Полимерлі бұйымдар мен резеңкелі бөлшектерді жөндеу бөлімшесі резеңке мен пластмассадан жасалған бұйымдардың жөндеу мен полимерлі материалдарды вагонның металл бөлшектерін жабуға арналған. Бөлімшеде компродан жасалған бөлшектерді қысыммен құю машинасы, бөлшектерді май және суда термоөңдеу қондырғылары, тозаңдыруда алдыңда және одан кейін металл бөлшектерін қыздыру пештері, белгісіз күйген қабатта бөлшеке полимерді жабуға арналған ванна, пресс-формадан бөлшектерді босатуға арналған пресс бар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жұмыс уақытының қоры мен жұмыс тәртібі
Жүк құрылғылары
ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ ӘДІСТЕРІ
Станцияның техникалық-пайдалану сипаттамасы
Арбашалар және доңғалақ жұптар жөндеу бөлімшелері
Телімдік станция
Акционерлік қоғамның жалпы түсінігі және оның экономикалық мәні
«Локомотив-2030» ЖШС-дегі локомотивтік бригадалардың локомотив машинисттер мен нұсқаушы-машинисттердің беделін көтеру іс шаралары
Станция мен тартым ауданының техникалық – экономикалық сипаттамасы
Материалтану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz