Балалар әдебиеті арқылы бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту



Кіріспе

1. Оқушылардың тілін дамытудың теориялық негіздері
1.1. Балалар әдебиеті арқылы оқушылардың тілін дамытудың психологиялық.педагогикалық негіздері
1.2. Балалар әдебиеті арқылы оқушылардың тілін дамытудың ерекшелітері

2. Балалар әдебиеті арқылы оқушылардың тілін дамыту әдістемесі
2.1. Балалар әдебиеті арқылы оқушылардың тілін дамытудың жолдары мен әдіс.тәсілдері

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   
М а з м ұ н ы

Кіріспе
1. Оқушылардың тілін дамытудың теориялық негіздері

1. Балалар әдебиеті арқылы оқушылардың тілін дамытудың психологиялық-
педагогикалық негіздері
2. Балалар әдебиеті арқылы оқушылардың тілін дамытудың ерекшелітері

2. Балалар әдебиеті арқылы оқушылардың тілін дамыту әдістемесі

2.1. Балалар әдебиеті арқылы оқушылардың тілін дамытудың жолдары мен әдіс-
тәсілдері

К і р і с п е

Зерттеудің көкейтестілігі: Елдік пен еркіндікті аңсаған қазақ елі
бүгнде іргесін бекемдеп, саяси-экономикаық, әлеуметтік жағынан өркениетті
елдер қатарынан орын алуда.
Өтпелі кезең өзгерістеріне орай халыққа білім беру жүйесі де,
реформалануда. Білім беруді қоғам мүддесіне сәйкес қайта құру, оқыту мен
тәрбиелеу мазмұнын жаңарту, әдебиет пен мәдениетті өркендету бағытында
бірсыпыра шаралар жзеге асырылып, жас ұрпаққа жаңа оқу бағдарламалары мен
оқулықтары, оқу-әдістемелік құралдары жасалып, мектеп өміріне енгізілді.
Мұнда көздеген ең басты мәелелердің бірі – болашақта қоғам мүддесін өтеуге
қабілетті, жан-жақты дамыған, өз еліне сүйіспеншілігі зор тұлғаны
қалыптастыру. Бұл міндеттер мемлекеттік құжаттарда Қазақсатн
Республикасының Конституциясында Тіл туралы Заңдарында т.б. атап
көретілген.
Қазақстан республикасының тәуеліздік алуы жаңа ұрпақты өз ана тілінде
оқытуға, білім беруге, әдеби, мәдени мұраларымзды танып-білуге мол
мүмкіндік тғызды. Ата-бабадан бүгінгі күнге жеткен тарихи мұраларды таныту
халық қазынасы ауыз әдебиеті, балаларға арналған көркем әдеби
шығармалардлы кеңінен пайдалану арқылы жүзеге аспақ. Бұл жөнінде ел
президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған үндеуінде: ... біз
тарихи мүмкіндіетерді, әдеби-мәдени мұраларды таныта тәриелеуді мектепке
дейінгі кезеңнен бастап, үзіліссіз жүзеге асыруға тиіспіз. Осы арқылы
жастарды адамгершілікке, өз еліне сүйіспеншілікке, патриоттыққа тәрбиелеуге
тиіспіз, - дей кле, бәріміз де бала кезімізде халық ауыз әдебиетінің баға
жеткісіз бай мұрасымен сусындап өтік. Қазақ ертегілерін батырла жырылары
оқөымаған қазақ баласы жоқ шығар деп есептеймін, - деен болатын.
Табиғат пен өмір әлемін поэзиялық өрмекпен біртұтас бейнеде сурттеп
көрсететін, балалардың ойын орныөьырып, игілігіне айналдыруда, олардың сөз
мәнісін түсінуге баулуда , тілін дамытуда балалар әдебиетінің тәлім-
тәрбиелік мәні ерекше.
Тәрбие – тарихи үрдіс, оған адамзат қоғамында талай ғасырды астьан
өткізіп, қасиетті мұраларға айналып, бүгінгі жас ұрпаққа жеткеніне,
Отанымызға оралған Күлтегін жазба ескерткіші әл арабилің философиялық,
педагогикалық, дидактикалық ой-пікірлері дәлел. Осы мақсаттақазақ халқының
ғұлама ғалымдары, ойшыл ағартушылары асыл мұралар қалдырған. Орта ғасыр
ойшылдары: Қорқыт ата еітабы, ұды бабамыз Ж.Баласағұнидың Құтты білік ,
М.Қащқаридың Диуани лұғат ат-түрік шежіресі, А.Жүйнекидің Ақмқат сыйы
ғылыми-философиялық, әдебитарихи еңбектеріінң келер ұрпақтытуған тілге,
әдеби-мдени мұраларды танып-білуе қызығушылыққа, туған жерге, Отанға
сүйіпеншілікке тәрбиелеуде басты құрал екені сөзсіз.
Біз зерттеу барысында қазақ философтары Д.Кішібеков, Ұ.Сыдықов,
А.Қасабк, Қ.Мұханбетәли, Ж.Алтай т.б. еңбектерін негізге алдық.
Қазақстанда психология ғылымының негізін қалаушы ғалым Ж.Аймауытов пен
психлогтар: Т.Тәжібеков, М.Мұқанов, Е.Суфиев, С.Балаубаев, А.Темірбеков,
Қ.Жарықбаев, Х.Т.Шерьязданова т.б. зерттеулерінде оқушылардың тілін
дамытуда ауыз әдебиетінің алатын орны туралы ой толғады.
Бала тілін дамытуда көркем әдебиеттің құдіретті күші туралы ой
түйіндеген Ресей психологтары В.В.Давыдов, Д.В.Эльконин, Л.С.Выготский,
А.В.Запарожец, А.Леонтьев т.б. еңбектері зертеуімізге өзек болды.
Қазақстан Ркспубликасы көлемінде балалар әдебиетінің дамуы туралы
Ш.Ахметов, С.Қалиев, Ә.Табылдиев, .Нұғыбаева, Б.Ыбырайымов, С.Ахметова,
К.Сейембаев, Н.Албытова т.б. зерттеулерінде балалар әдебиетінің бастауыш
сыны оқушыларлын оқыу және тәрбиелеу үрдісінлегі тәлімдікжәне білімдік
мәні, әдеби шығармаларды оқу-тәрбие үрдісінде қолдану тәсілдері жөнінде
келелі ой қозғағанына көз жеткіздік.
Ғылыми зертеу нәтижесінде бастауыш сынып оқушыларлының тілін дамыту
жөнінде С.рахметованың Бастауыш сынып оқушыларныың тілін дамыту,
Т.Әбдікәрімованың Мәтін арқылы бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту
атты монографиялық еңбектері жарияланып, оларды көркем әдебиет арқылы
оқушылардың тілін дамытудың маңыздылығын байқадық.
Десек те, балалар әдебиетінің баланың дамуындағы құдіретті күші туралы
зерттеу еңбектері болғанымен, оқушылардың тілін дамытуда балалар әдебиетін
пайдаланудығ әдістемеі жайында арнайынысана болған емес. Осының нәтижесінде
оқушылардың тілін дамытуда балалар әдебиетіінң педагогикалық мүмкіндіктері
мен оларды пайдаланудың қазіргі жағдайының арасыда қарама-қайшылықтар
туындап отыр. Аталған қайшылықтарды шешу мақсатыда жұысымызжың тақырыбын
Балалар әдебиеті арқылы бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту деп
алуымызға тура келді.
Зерттеудің мақсаты: Балалар әдебиеті арқылы бастауыш сынып оқушылраның
тілін дамутыдың териялық және әдітемелік жолдарын айқындау.
Зерттеу объектісі: Бастауыш сыныптағы оқу-тәрбие үрдісі
Зерттеудің ғылыми болжамы: Оушылар тілін дамытуда балалар әдебиетін
пайдаланудың тиімділігі артады, егерде оқу-трбие үрдісіндк балалр
әдебмиетініңілімдік және тәрбиелік мүмкіндіктері мен мазмұны ғылыми-
педагогикалық тұрғыдан неігзделе, оны і-тәжірибеде қолданудың тиімді әдіс-
тәсілдері айқындалып, оқу-тәбие үрдісіне енгізілсе, оа балалр әдеюиетін
пайдаланудың мүмкіндігі жоғары деңгейде боады.
Зерттеу мәндеттері:
- балалар әдебиеті арқылы басауыш оқушыларының тілін дамытудың
теориялық негіздерін айқындау;
- оқушылардың тілін дамытуда балалар әдебиетін пайдаланудың
мүмкіндіктері мен қазіргі жағдайын анықтау;
- балалар әдебиеті арқылы оқушылрадың тілін дамытудың моделін құру
өлшемдері мен деңгейлерін және тиімді педагогикалық әдістерін
айқындау.
Зерттеудің әдістері: Зерттеу мәселеіне байланысты теориялық және
әдістемелік әдебиеттерді ғылыми-әдістемедік тұрғыдан талдау, мектептегі
озық тәжірибелерді жинақтау, оны оқу-тәрбие үрдісінде қолдану, жүргізілге
сі-тәжірибені сараптау, экспеимент нәтижесін қорытындылау, оларды
математикеалық ұрғыда өңдеу.
Зерттеу нысанасы: Эксперименттік жұмыс Жаркен қаласындағы Ш.Уәлиханов
атындағы орта мектепте өткізілді. Экспериментке 30 оқушы қатысты.
Диплом құрылымы: Диплом кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан,
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Зерттеу жұмысында 5 кесте, 3
сурет берілген.

1. Оқушылардың тілін дамытудың теориялық негіздері.

1.1. Балалар әдебиеті арқылы оқушылардың тілін дамытудың психологиялық-
педагогикалық негіздері

Жаңа қоғамның тізгінін берік ұстайтын елдің ертеңгі болашағын оқыту мен
тәрбиелеу бесіктен, баланың нәрестелік шағынан басталып үздіксіз ұдай ыдаму
барысында қалыптамсады. Бұл білім беру жүйесінің барлық буындарында үлкен
міндеттер жүктейді. Ол міндеттер Қазақстан Республикасы Біілм туралы
аңында және басқа да мемлекеттік құжаттарда нақты көрсетілген.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі бңлім беруді дамыту
тұжырымдамасыда жаына және өзіне тән ерекшеліктерін ескере лотырып, оның
толқыққанды қалыптасуы үшін даму ортасын құрайтын үздіксіз білім берудің
бастапқы деңгейің анық белгілегген.
Бала тілін сәби кезінен астап дамыту олврдың ойын өрбіту, сол арқылы
жеке асының қалыптасуына жағдай жасау – оқу-тәрбие мәселесіндегі негізгі
мақсаттардың бірі. Бала өз ойын тіларқылы жеткізеді. Ал бала тілінің дамуы,
оның сөйлеу мүмкіндігінің қалыптасуы бірде пайда бллмайтын күрелі
психологиялық процесс. Ол жүйелі жүргізілетін жұмыс түрлерінің негізігнде
жүзеге амады.
Осы міндеттержі жүзее асыружың алғы шарты ретніде үздісіз тәрбие мен
білім берудің тұжырымдамалары жасалып, соның негізінде оқыту, тәрбиелеу
мазмұнын түбегейлі жақсарту көзделіп отыр.
Белгілі философтар Ә.Нысанбаев, Д.Кішібеков, Т.Әбжанов, т.б. адамның
рухани дамуы анатілі негізінде жүргізілетінін қарастырады. Филоофтардың ой-
пікірлеріне сүйене отырып, біз оқушының тілінің дамуы оны көркем әдебиетке
деген сезімін ойын тәрбиелеуге ықпал жасайды деген тұжырымға келдік.
Баланың тілді меңгеруі жайлы ғылыми зерттеулер жазған психолог-ғалымдар
(Л.С.Выготский А.Л.Имиадзе, А.Л.Леонтьев, Н.С.Рождественский т..) жас
кезінде баланың танымдық, қабылдағыштық қабілеттерінің ерекше болатынығына
байланысты тілді тез меңгеретіін ғылыми негізде дәлелдеп берді.
Баланың тілдік сезгіштік қасиеті оқушылардың мектептің бастауыш оқыу
кезеңдерінде өз ана тілінің ерекшелігін айыра білу қабілетін дамытып
отырады. Тіл арқылы ойды қабылдау және сезінудің жолдары әрүрлі екендігі
белгілі,яғни оқылған көркем шығарма мазмұнын есту, түсіну, сөйлеу қабілеті
практикалық жұмыстармен байланысты дамиды. Осымен байланысты белшгілі
психолог В.Б.Богословскийдың тұжырымдауынша біз тыңдаған мазмұны
санасмыздан ізсіз жоғалып ктпецдң. Ми қыртысында бейнелер түріңнде
сақталады, және қайта жаңыртып айту болып табылады.
Психикалық процестерді бір-бірімен тығыз байланыстыра қарастырған
С.Л.Рубинштейн шығарма мазмұнын адам саныснда дерексіздедіру, қорыту,
тұжырымдау олардың қатынастарымен байланыситарын анықтап, белгілеу ойлау
процесі екендігін дәлеледейді.
Қазақ халқының белгілі психологы Ж.Аймауытов тіл үйретуде оқушының өз
тәжірибесі, көрген-білгенін және балалар әдебиетінің орнын ереше бағалау
келе, сол балалр әдебиеті арқылы оқушының ойы қабылдауу, сезінуі
қадыптасып, тіл байлығы жетлетіндігін көрсеткен.
Ана тілінің баға жетпес құдіреті мен қуаты туралы тұңғыш ұлттық
педагогика пәнінің негізін қалаған М.Жұмабаев тілсіз ұлт, тілненайрылған
ұлт дүниеде ұлт болып жасай алмақ емес, ондай ұлт құрымақ.Ұлтының ұлт болуы
үшін бірінші шарт – тілінің болуы. Ұлт тілінің кеми бастауы, ұлттың құри
бастағанын көрсетеді. Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмауы тиіс. Бір ұлттың
тілінде сол ұлттың жері, тұрмысы, мінезі айнадай ашы көрініп тұратындығын
көрсете келе, ана тілін ұмытқан халықтың толыққанды ел болып өркендеп,
қанат жаюы мүмкін еместігін дәлелдеген.
Белгілі қоға қайраткері, тілші алым А.Байтұрсынов өз ана тіліндегі сөз
ақыл-ой дамуының асыл қазынасы дей келе, жас баланың лингвистикалық
тәрбиеснде өмірге келшен сіттен бастап өз ана тілінде жүргізілуі керектігін
ерекше атап көрсеткен. Сондай-ақ ғалымның тіл мен сөйлеу писхологиясы
жөнінде: Тілдің міндеті, - деп жазды ол, - ақылдың аңдауын аңдаңанша,
қиялдың меңзеуін меңхегенше, көңілдің түйінін түйгенінше айтуға жарау...
Сөз көңілге сипатын жағына көркемдігімен мағына жағының күштілігімн жағады
Тіл дәлдәг жеп ойлаған ұғымға сөз мағынасының сәйкес клуін айтады.
Бұдан шығатын қорытынды: ғылым ауыз әдебиетіінң бай мұраларын халықтың
рухани қазынасының сарқылмас көзі деп таныған. Әліпбидегі танымдық
материалдар ретіде ұсынылған ақырыптардың барлығы дерлік адамгершілікті,
еңбексүйгіштікті,ізгілік сияқты және тіл дамыту қасиеттерді насихаттайтын
дидактикалық мәні зор мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, өлең жырлар болып
келеді. Мұның өзі оқушырадың тілін дамытуда ауыз әдебиеті үлгіерін пайлауға
негіз боады деп тұжырымдаймыз.
Баланың жас кезінде таныдық, қабылдағыштық қабілеттерінің ерекше
болатындығына байланыты тілді тез меңгеретіндігі туралы психологтар
Ә.Алдамұратов, Ғ.Рақымбеков, т.б. ғыыми тұрғыда зернттеп, құнды тұжырымдар
жасаған.
Ғалым Ә.Алдамұратов баланың сөйлеуігің дамуын бірнеше \сатыда қарастыра
отырып, олардың психологиялық ерекшеліктерін көрсетсе, Ғ.Рақымбековтың
айтуыншща шығарма мазмұнын қабылдау жүйесінің ойлау процестерімен қатар
дамып, қабылдаған мәтіннің мазмұнын, мәнін білірп оытрады. Бұл – қабылдау
процеснің дамуы. Бастауыш сыныпта оқушышынң жүйелі қабылдауы тәлімтәрбие
мен жеке пәндеді оқып үйрету нәтижесінде ғылыми тұрғыдан дамып өрістейді.
Бұл пікірден біз, еге оқушы шығарма мазмұнын дұрыс қабылдаса, онда оның ол
турал білімі қалыптаса бастайтындығын пайымдаймыз.
Белгілі псизолог М.Мұқанов Жас және педагогикалық психология атты
еңбегінде: баланың психологиялық дамуына қойылатын талаптарды
атапкөрсеткен. Ода: біріншіден, мектепке кірген баланың оқуға деген
ықыласы болуы шарт. Кейде баал оқуға барама дегенмен, оған онша қызықпайды.
Балалар үшін мектепке тек партаға отырып, не арқасына сумканы салып жүруге
мәз болады. Ықыла дегеніміз – оқу процесніің зіне қызығуы. Екіншіден, оқу
ойынға қарағанда өзінше жаңаәрекет болғандыөтан, бала омыған төзе білуі
қажет, мектепке келгеннен кейін беленді түрде тапсырмаларды орындап,
мұғалімнің сөзіне 45 минут шыдап, құлағын салып отыруы керек. Бұл батапқыда
балаға қиын болса да, осыған орай баланың ерік-жігерін дамытып, өзінің
осындай ұзақ уақыт шыдамды болуына мектепке дейінгі кезеңде даярлау қажет.
Үшіншіден, сабақ үстінде мұғалімнің не өзге балалрдың сөзіне зейін қойып,
соны қабылдай алуы шарт. Сабақ үстінде сан алуан сөддер не мазмұндар
қамтылады. Солардың қайсысыс ең негізгісі, қайсысы екіншідәрежедегі мазмұн
екендіінгн ажырата білуі керек. Төртіншіден, оқу матеиалын ұғынып, оны
саналы түрде есінде қалдырып, қиын мәсклелрді шешуге бала ойлана бастауы
тиіс. Мектепке кірерде балалардың ойлдауға қабілеті іртүрлі: біреуінікі
наша дәрежеде кездеседі. Соынмен қатар, бала өзінің айтайын деген ойын ана
тілінде түсінікті етіп жеткізе алуыға дағдылануы қажет, - дейді. Психолог
ғалымныңпікіріне сүйеніп, оқушының тілін ұстартуда басшылыққа алуға болатын
талаптар деп білеміз.
Осы бағытта юелгілі психолог Т.Тәжібаев Қазақстанның ауылдары мен
мектептерінде қазақ балаларын тәрбиелеу атты еңбегінде: Қазақтардың
мәдени өмірінде фольклор, музыка, қосалқы өнер және халықтық тәрбие
дәстүрлері маңызды роль атқарады. Бастауыш сыынп оқушыларын тәрбиелеуде
және тілінждамытуда фольклор үлкен мәнге ие: батырлдар жыры, лирикалық
эпос, әртүрлі данрдағы ертегілер және т.б. Фольлрдың үлгілері ұрпақұтан-
ұрпаққа өтіп, адаидардың психологиясында байытылып, нығайып отырады.
Балалар әдебиетінің өсу, даму қарқыны олардың өзіндік ерекшелітері
туралы Қазақстан лқу комиссириатының Жас балалар кітабына қойылатын
шарттар атты (Жаңа мектеп, 1927) нұсқау хатыда бастауыш жастағы оқушылра
үші жазылатын әдебиетке мынадай талаптар қойылады: : Бала кітабы жай бір
қара тақпақ тілмен жазылмасын. Кітап балаға қызғылықты, ойын оятатын, тілін
байытып көркейтетін болсын, бірігіп жұмыс қылуға тартатын болсын. Бала
кітабындағы кейіпкерлер айқын болсын. Кітапты бала бал жалағанжай сүйетін
болсын. Кітап адам тұрмысын, жаратылыс, құбылысын түсіндірерлік,
араларындағы байланыстарын көзге елестетерлік болсын. Балаларға кітап
жазамын деген кісі ел әдебиетін, ел ертегісін зерттесін. Бұл жастағылар
нәрсенің сыртқы пішінінен көп әуескерлік болады. Сондықтан, суреттің әсері
мықты болады. Кітап суретті болуы керек. Суретпен бірге сөз болса, қысқа
және дауыстап оқылатын болсын. Бұл жаста баланың тілі байитын кезі. Тіл
байлығының қоры осы жаста жиналады.
Ы.Алтынсарин қазақ халқының ағартушы-педагогы, қазақ даласына ғылым мен
білімнің алғашқы қрңырауын соққан. Қазақ балаларына арнап көптеген
оқулықтар жазып, олардың жан дүниесіне әсер етіп, ұлттық дүниетанымын
қалыптастыру жолын ашты. 1879ай Қазақ хрестоматиясы атты кітап шығарып,
қазақ балалар жазба әдебиетінің атыс атанды. Ол қазақ балаларының табиғи
ерекшелдіктеріне байланысты өлең-жырлар, әңгімелер жазып, олардың жан
дүнмесінеәсер етіп, ұлттық көзқарасын өалыптамтыру жолын ашып брді. Огның
Таза бұлақ, Әке мен бала, Мақта қыз бен мысық, Асыл шөп, Екі
жолдас т.б. шығармалары жас ұрпақты еңбек етуге, шыдамдылыққа,
сабырлылыққа, лкеннің сөзін екі етпеуге, құрметтеуге, өз жолдастарына қол
ұшыпн беруге, қамқорлыққа т.б. тәрбиелеуде және әңгімелеп айтып беруде
маңызы зор.
Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев әдеби мұралары арқылы жас
ұрпаққа көптеген ағартушылық насихат қалдырған. Ұлы Абай баланың дүниеге
келген күннен бастап тәрбиеленетінін және оның тәрбиесіне бірден-бір
жауапты – ата-ана екендігін көрсетті. Сондықтан да, бала ес біле бастаған
күннен бастап, отбасында тәрбиеленуі керек десе, балаға білім берудің,
ғылым игерудің мәні жайында жан-жақты тоқталды. Қазақ халқының классигі
А.Құнанбаев әдебиеттің халықтығын ту ғып көтерді, поэзия алдымен халық
өмірінің айнасы болып, онда халықтық мәні бар келелі, шындықтар суреттелуін
талап етті. А.Құнанбаев адамның өсіп жетілуіндегі тәрбиенің роліне ерекше
тоқтала келе, өзінің 19-қара сөзінде: Адам ата-анадан туғанда есі
болмайды: көріп, естіп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы-жаманды
таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады.
Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады, - деп
ақыл-естің тәрбиенің жемісі арқылы жетілетінін ғылыми тұрғыда дәлелдеп
береді. Абайдың балаларға үлгі боларлық, өнеге тұтарлық 7-қара сөзінде жас
баланы тәрбиелеуден бастап, бүкіл ұлттық өмір-тіршілікте көбінесе жан
азығына (білімге, өнерге, әсемдікке) ерекше көңіл бөліп, елді надандықтан
арылтуды өсиеттейді. Ол жас баланың психологиясын еске алып, талдаған. Бала
тәрбиелеу ісінде Абай оларды тіпті жас шағынан тәрбиелеу қажеттігін
ескерткен. Баланың психологиясын еске алып, дұрыс тәрбие беріп отыру,
олардың болашағын қамтамасыз етуде ата-аналардың да жауапкершілігін естен
шығарған емес. Осындай ойды жинақтай келе Абай: тегінде адам баласы адам
баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады, - деген
қорытынды жасады.
Қазақ топырағында тұңғыш педагогика, психология ғылымдарына өзіндік
үлесін қосып, сүбелі ғылыми еңбектер жазған Ж.Аймауытов болды. Автордың
педагогика ғылымы саласына байланысты Тәрбиеге жетекші атты еңбегінің
маңызы зор. Аталған еңбекте автор: Баланы оқытудың белгілі ереже заңдарын
баяндайтын, оқытудың дұрыс жүйесін тауып, білімге тез жету шарттарын
көрсететін педагогиканың негізгі бөлімі – дидактикаға төмендегідей анықтама
берген: Дидактика мұғалімге жалпы жол-жоба көрсетіп, жетекшілік етеді...
сыннан өткен тиімді деген жолдарды ғана нұсқайды, - деп көрсете отырып,
оқытудың принциптері, әдіс-тәсілдердің тиімдісін шығармашылықпен мұғалім
қалай пайдалану керек дегенді меңзейді.
Оқу-ағарту саласында өзіндік қолтаңбасын қалдырған белгілі қоғам
қайраткері, жазушы, ағартушы-педагог А.Байтұрсынов болды. Ол ауыл
мектебінде бала оқытып, тәрбие жұмысын жолға қоюға ат салысты. Автордың
Әліпби, Тіл құралы, Әдебиет танытқыш атты еңбектері қазақ балаларының
ана тілінде сауатын ашудан бастап, мектеп және оған керекті құралдар
жөнінде, сонымен бірге, қазақ тілінде жаңа емле енгізуі, қазақ тілінің пән
ретінде оқытылуына ат салысты. Әліпби оқу құралының материалдарын
әріптерді өтіп болған соң, тақырыптық жүйеде ұсынылған. Мысалы: Ойын -
ойыншықтар, Кимідер, Дене мүшелері, Туысқан-туған іліктес, Ыдыс-
аяқ, Малдар аты, Құстар, Құрт-құмырсқа, Жаңылтпаш, Жұмбақ,
Мақалдар, Өтірік өлеңдер т.б. Оқу құралының басты ерекшелігі балалардың
жас ерекшелігіне сәйкес, оларға лайықты тілмен жазылуында, тәрбиелік мәні
бар жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтелдерді, шағын мәтіндерді жүйелеп, саралап
берілуінде.
Ахмет Байтұрсыновтың педагогикалық көзқарастары Қазақ газетінің 1914
жылғы 62-санында Мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан
хабардар оқыта білетін мұғалім. Екінші – оқыту ісіне керек қралдар қолайлы
һәм сайлы болуы. Құралсыз іс істелмейді. Һәм құралдар қандай болса, істеген
іс те сондай болмақшы. Үшінші – мектепке керекгі белгіленген бағдарлама. Әр
іс көңілдегідей болып шығуы үшін оның үлгісі я мерзімді өлшеуі боларға
керек. Үлгісіз я өлшеусіз істелген іс солпы я артық, я кем шықпақшы..., -
деп көрсеткен. Бұдан шығатын тұжырым: оқытудың дидактикалық принциптерін
тұңғыш ғылыми тұрғыда нақтылы белгілеп бергенін көреміз.
Балалар әдебиетінің қалыптасы, даму тарихын терең зерттеп, іргелі
еңбектер жазған белгілі академик-жазушы М.Әуезов, зерттеуші-ғалымдар
М.Ғабдуллин, Ш.Ахметов т.б. атауға болады.
Академик-жазушы М.Әуезов ауыз әдбиетінің тәлім-тәрбиелік мәнін зерттеу
отырып, халық санасындағы Отаншылдық езімді, халық ұғымындағы адамгершілік
гуманизмді, халықтың қанатты үміті – оптимизмді ... әдет-ғұрпын, халықтың
коллектившілдік тәрбиесінің жемісін көреміз, - деген болатын. Қорыта
келгенде, ауыз әдебиетін жасаған – халық. Сондықтан да, ел ертеңі,
келешегі, ұлттық ұрпақтың болашағы, - деп халықтың бала тәрбиесіне баса
назар аударғанын көреміз.
Халқымыз балағ деген ыстық сүйінісін, жұмсақ лебізін, жылы жүрегін,
тәтті қиялын өлең-жырмен жеткізген. Жас нәрестенің дүниеге келуін қуаныш
еткен. Баланы жұбату, ойнату, тәрбиелеу, мақсат-тілектер өлеңмен, жырмен,
көркем сөзбен айтылған. Ал, халық ауыз әдебиетін жастайынан естіп өскен
бала, өсе келе оны сүйіп оқып, қызыға тыңдайтын болған. Балалар әдебиеті
бала тәрбиелеудегі халықтық педагогикамен тығыз байланысты. Ауыз әдебиеті
балалардың даму ерекшелігімен, психологиясымен анасудан туған. Олай болса,
халық ауыз әдебиеті – халық педагогикасының тынық мұхиты.
Ұлт әдебиетінде халық мұрасы ерекше орын алады. Белгілі ұстаз-ғалым
М.Ғабдуллин мақал-мәтел жөнінде: қай мақалды алсақ та, оның мазмұнында
өмірде болған елеулі оқиға, әңгімелер жатады, мақал соларға берілген
даналық қорытынды, тұжырымды түйін болып отырады. Ал, мәтедерде бұл секілді
мазмұнды, оқиғалы әңгімелер өте аз кездеседі. Мәтелдерде көбінесе, сөз
айшығы, көркем теңеу, сөз образы ретінде қолданылады. Мысалы: Көппен
көрген ұлы той, Тілге тиек жасап т.б. Егер мақалда дәлелдеу мен
қорытынды пікір бірдей келіп отырса, мәтелде бұл екеуінің бірі ғана болады.
Мәтел айтайын деген ойын турасынан білдірмей, жанама түрінде, р түрлі
салыстыру, теңеу арқылы жеткізеді. Бұл мәтелді өзіне тән ерешелігінің бірі
болып табылады, - деген. Зерттеуші-ғалым халық мақалдарының тақырыптарын
былайша топтастырады: еңбек ету жайларына арналған, мал бағу, мал басын
өсіру, егіншілік-кәсіп жайында, ынтымақ-бірлік жайында, ерлік, батырлық,
қоғамдық қарым-қатынас, әлеуметтік-таптық мәселелер, оқу-білім, тазалық
тәрбие, мінез-құлық, әдт-ғұрып жайлары. Т.б.
Балалар әдебиетін кеңінен зерттеген ғалым Ш.Ахметов республикамызда
балалар әдебиетінің арнайы пән ретінде оқылуына, төл әдебиетіміздің үлкен
бір саласы ретінде насихатталуына айтарлықтай үлес қосты. Ғалым Ш.Ахметов
Қазақ халқының бала тәрбиелеу дәстүрі атты ғылыми мақаласында:
Қазақстандағы тәрбие ісі негізінен басты-басты сегіз түрлі мәселені
қамтығанын атап көрсеткен. Біріншіден, тәрбие басы адамды әдептілікке
үйретуді көздеген, әдепті бол дегенді басты міндет етіп қойған. Екіншіден,
мейірімді болуға тәрбиелеген. Үшіншіден, тіл алғыш елгезек бол деп
үйреткен. Бұл еңбекке баулудың алғашқы көрінісі болатын. Төртіншіден,
ададық пен шындыққа баулуды көздеген. Бесіншіден, білгір бол, ұстаз бен
ғалымның көпті көрген данышпан қарияның сөзін тыңда, ақпа құлақ болма,
құйма құлақ бол дегенді бойларына сіңіре берген. Алтыншыдан, үлкенді, ата-
анаңды сыйлауға үйретуді басты міндет етіп қойған. Жетіншіден, кісі айыбын
бетіне баспа – дйді халық тәрбиесі. Бұл кемшілікті айтпа деген сөз емес,
қаріп-қсерлердің табиғи кемдігін (мұрны пұшық, көзі қисық, аяғы ақсақ деген
сияқты) көрсетпе деген сөз. Сегізіншіден, ел қорғаны батыр бол, халық
алдында қызмет ет, бар өнеріңді соған жұмса дегенді үйретеді. Қорыта
келгенде, авор халықтық шығармалардың бала тәрбиесіндегі тәрбиелік
маңызының жан-жақтылығына тоқталып, оладың тұлға ретінде қалыптасуындағы
ролін көрсеткен. Сондай-ақ, автор халық ауыз әдебиеті үлгілері: бесік жыры,
тұсау кесер, ұлттық ойындар, төрт түлік жырлары, жаңылтпаш, ертегі және
т.б. бала тәрбиесіндегі алатын орнын көрсете келіп, оладың танымдық
маңызын, еңбекке, адамгершілікке, патриоттық, батырлық, ерлік, дене,
эстетикалық тәрие берудің көзі екенін айтып өткен. Біз өз жұмысымызда
ғалымның осы тұжырымын басшылыққа алдық.
Жас ұрпақ тәрбиесіне қазақ қаламгерлері де үлкен үлес қосты. Қазақ
балалар әдебиетіне үлкен үлес қосқандар – С.Сейфуллин, І.Жансүгіров,
С.Көбеев, С.Бегалин, С.Мұқанов, Б.Майлин, Ө.Тұрманжанов, А.Тоқмағамбетов,
Б.Соқпақбаев, М.Әлімбаев, Ә.Табылдиев, Ә.Дүйсебиев, М.Жаманбалинов,
Қ.Ыдырысов, Ж.Смақов, Қ.Мырзалиев, Қ.Баянбаев, Т.Молдағалиев халықтық
шығармалардың дәстүрлерін пайдалана отырып, балаларға арнап, өлең-
жырларжазған. Оладың шығармалары бала тәрбиелеудегі ізгі мақсаттарды дұрыс
түсініп, балалардың тілін ширатып, ойын дамыады, еңбекке, Отанды сүюге
тәрбиелейді. Сондай-ақ аталған ғұламалардың шығармалары, өлеңдері
балалардың түсінуіне жеңіл, ығымына сай, қысқа тұжырымды, тілі көркем
жазылған.
І.Жансүгіров қазақ балалар әдебиетіне үлес қосқан ақын. Ол тәрбие мен
білім баланың жас кезінен бастап беріуі тиіс, - деді. Осы мақсатта бесікте
жатқан балаларға өлең мен ән жазған. Сол арқылы баланың көңіл күйі мен
ойын, эстетикалық сезімін оятып тезірек жетілуіне, дұрыс өсуіне
жәрдемдеседі. Ілияс балал тәрбиелеудегі ізгі мақсаттарды дұрыс түсініп, өз
өлеңдері арқылы оны шеберлікпен айта білген. Елген естіер керек, ер жет,
есей ертерек деп, балалардың болашағынан зор үміт күтеді. Балаларға
арналған өз елі, өз жері, оның байлығы (Жазғытұрым, Күз, Қыс, Тау
суреті) мен сұлу табиғаты туралы көптеген өлеңдерінің тәрбиелік мәні зор.
Мезгіл суреттері деген өлеңінде табиғатты тануға, оны аялауға, құрметпен
қарауға, сонымен қатар табиғаттың әсемдігін аңғартуға үйретеді. Ілияс
жЖансүгіровтың Малта, Шәркей, Күн шыққанда, Бөбек бөлеу т.б.
шығармаларының танымдық-тәрбиелік маңызы зор. Малта деген өлеңі арқылы
төңіректегі заттардың сыр-сипатын білуге, еңбекқорлыққа баулыиды, оның
ынтызарлық сезіміне қозғау салады.
С.Сейфуллин – қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушы, балалардың
сүйікті жазушысы. Оның Балалар, Ананың хаты, Анаға жауап т.б.
өлеңдері бар. Еңбек еткен адамның сыйлы болып құрметке бөленетіні, Отанын
да, халқын да сүйсіндіріп, даңққа бөлеп отыратыны туралы айналысу баланың
ой-өрісін кеңейтіп, саналы да тәртіпті болуға баулиды. Балаларды еңбекке
тәрбиелеумен қатар, ересек адамдардың еңбектерін құрметтеу керектігі, сол
болашақ еңбекке, өмірге ат салысатын жасөспірімдепдің рухын жоғароы
дәрежеде көтеретіндей етіп суреттейді. Балалар деген өлеңінде таяқ мініп,
жалаң аяқ жүгірген дала баласына ақын ұлы Отаны, туған жері туралы
әңгімелейді. Олардың қылыш безеп, тез тізіліп, Отан үшін күрескер
болуын тілейді.
Қазақ классик жазушылары – С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин,
С.Мұқановтың қазақ даласындағы ұлы өзгерістерді мадақтаған алғашқы өлең-
жырларының балалар мен жасөспірімдерді жан-жақты тәрбиелеуде маңызы зор
екенін атап кетуге болады. Сәкен Сейфулиннің Балалар деген өлеңінде таяқ
мініп, жалаң аяқ жүгірген дала баласына ақын ұлы Отаны, туған жері туралы
әңгімелейді. Олардың қылыш безеп, тез тізіліп, Отан үшін күрескер
болуын тілейді. Сондай-ақ Кім басшы – аға халыққа? деген өлеңінде Сәкен
жөн білмей адасып, надандықта қалып отырған халыққа басшы болар адал,
ардагер ұлды аңсайды. Бұл өлеңдерде Жаңбыр, Бау-бақша өлеңдері ұғымына
жеңіл ойнақылығымен бейнелігімен қызықты.
Көбелектің көбін-ай,
Қызығын-айғ көгін-ай.
Бәрін ұстап алар ек,
Жолдастарды жоғын-ай, - деген бала ұғымының өзі қандай нанымды. Ал,
Қ.Ыдырысовтың Жаңбыр атты өлеңі арқылы табиғаттың қызықты көріністері –
аспанның ашу шақырып, найзағайдың бұлттарға атылуы, ақ жаңбырдың сабалап
құюы аяғында балағы,н түріп ап су сабалап жөнелген бала психологиясына
ұласады.
Ө.Тұрманжанов Көркем әдебиетті оқудың ерекшелігі атты еңбегінде:
Көркем әдебиет туындыларын оқу әрі ермек, әрі өрнек. Ермек дейтініміз: ол
ойнақы жеңіл оөқылады. Көркем әдебиет кітаптарындағы алуан-алуан, шым-
шытырық оқиғалар, сан қилы, сан түрлі адам мінездері мен әрекеттері,
күрестері мен күн көрістері, тіршілік тәсілдері, нені сүйіп, нені жек
көретіндері, неден жиреніп, неге ұмтылатындары көзіңізге көрініп,
көңіліңізге сезіліп, бойыңызға жеңіл сіңеді. Осыдардың жақсысына үйренесіз
де, жаманынан бой тартып жиренесіз. Өмірде қалай тұоуды, қалай өмр сүруді,
отбасынан, Отаныңызды қалай сүюді үйренесің. Отанға, өз ортаңа сүйікиті
болудан артық абырой бар ма? Осының бірн терең түсіінп, жақсы ұғынуыңа
көркем әдебиет кітабы зор көмегін тигізеді, - деп көһркем әдебиеттің ролін
атап көрсеткен. [98, -275 б.]. Жоғарыда зерттеуші ғалымдардың құнды ойларын
\, көзқарастарын бастауыш сыныпта көркесм шыармаларды оқу-тәрбие үрдісінде
пайдалануда, іріктеуде басшылыққа алдық.
Бұл бағытта ұлт қаламгерлері де ерен еңбек етті. Балалр әдебиеітн
кеңінен зерттеген ғалым Т.Иманжанов Бөбектерге арналған әдебиет туралы
атты ғылыми мақаласында балалар әдеиеінің міндетін көрсете отырып,
бөбектерге арналған әдебиет туралы атты ғылыми мақалаында балалар
әдебиетінің міндетін көрсете отырып, бөбектерге арналған көркем
шығармалардың өзіндік ерекшеліктерін ажыратып, олардың бала психологиясын,
жа ерекшеліктерін ескере отырып жазылу керектігін айтқан. Балалар
әдебиетіне өойылатын негізгі талаптарға тоқталады.
1. Оның оқушысы - өзі оқи алмайтын, әдебиетті біркцдң көмегімен
қабылдайтын оқушы. Әдебиет, оларға оқып беругенемесе мазмұнын айтуға
арналады. Балаларға арналып жазылатын шығарма мейлінше қысқа, әрі ұғымды,
әселі болып келуі керек. Бөбек ұғымы әрі саяз, әрі қалқамалы үстірт ұғым,
әрі жадына көп нәсені бірден қаюфлдай алмайды. Олаға жазылатын шығармалар,
міне, осыны қатты ескертетін болады. Сондыөтан, бөбектерге арналған шығарма
кілең қызықты іске, қимылға құрылуға тиісті.
2. Бөбектер ойы – бейнелі ой. Көбіне ол затты, құбылысты, сыртқы
түсіне,формасына қарап қабылдайды. Ендеше, жазушы оның көз алдына тұспалды
сөз, ұғым образын емес, нақты жанды образ әкелуі тиіс. Онсыз болмайды...
Оның ұғымының саяздығы тәжірибесіздігінің ғана жемісі екенін есте сақтау
керек. Оның ақылы түрлі ғибраттармен толтыра қоятиын қуыс ыдыс емес, лап
еткелі тұрған т, соны жанды сөзбен, бейнемен тұтата білуі керек. Шығарма
оның әрі ойын кеңейтуге көмектесіп, әрі тіл үйретсін...
3. Адамда болатын ыждаһатты (белсенділікті), енжар деп аталатын екі
түрлі зеденің бөбекте тек соңғысы бар. Ол көңілі соқағанда қинала, әдейі
өоранып, күш жұмсап омыны білейінші дегенге бара алмайды. Әдебиеттің
міндеті ересек бөбекті жаңа білімге, жаға сезімге еск ашатын ыждаһатты
зердеге бірте-бірте тәрбиелеуге көмектесу болып табылады. Бұл арада да өте
шеюерлік, үлкен психолгтік керек. Неге десеңдер, шығарма суытады, ол
жалығып кетеді. Ал, егер ылғи енжарлы зердеге азық ұсыныла берсе, келе-келе
бөбекте білугедеген талап сөгіп, бойкүйездікке салынады. Кейін қайта
тәрбиелеу қиынға соғады, -деп ескерте отырыпеғ автор көркем шығармалардың
балалардың психологялық лй-өрісіне, жас ерекшелігіне сай жазылуме бірге,
оның бала қиялын өрістетуіде таптырмайтыни құрал екенін атап көрсеткен
[99].
Белгілі әдебиет зерттеушісі Б.Ыбырайым Сырлы әлем атты ғылыми
еңбегінде фольклор жанрларының бірі мақал-мәтелдер туралы, жүйелі ой мен
алғыр зерденің, терең парасат пен ұшқыр шабыт, зерек зейіннің жемісі,
көрінісі, - деді. Ол аланың құлағына сіңіп, адамгершілік жолына бағыттап,
рухани есеюіе айрықша ықпал жасайды. Мақалдарың шындық өмірге жанасымы мен
болмыстың бенйнелеу, өмірлік мәселені, құбылысты байыптап, дәл де терең
тұжырым жасау менкөкейге қонымдылығына қарайхалытың ұлттық поэтикалық ойлау
ерекшелігін, автордың ой-өрісі мен рузхани өміолік тәжірибесін барлай
аламыз. Б.Ыбырайым бүгінгі балала прозасында көркемдік ойды бейнелеуді
төмендегідей қарастырады. Олар:
1) Балалардың өзіедік өмірін, өзіндік әлекметтік тіршілігіне зе
салу, олардың тыныс тірлігінің талай мәселелері ересектердің
әлеуметтік моральдық атмосфрасыме е байланысты екені ескеру;
2) Балалардың жан дүниесміне бойлауға ұмтылу, детальдарды,
штрихтарды, т.б. көркемдік құрал тәсідермен бояуларды
кейіпкердің психолгиясына тереңдеп тануға жетелейтін кілт
есебінде пайдалану, психологизмге ден қою;
3) Балалардың мінез-құлықтарынан туындайтын і-әрекетердің
эстетикалық-педагогикалық мәніне назар аудару;
4) Табиғат әлемі арқылы авторлық көркемдік ойды бейнелеу;
5) Таихи кезең, тарихи тұлғалардың сыр-сипатына үңіліп, тағылымдық
сәттерге назар аудару, жас ұрпаққа Отаншылдық тәрбие беруге
ұмтылу. Бүгінгі балалр прозасында, онң ішінде балалар
әңгімесіндегі көркемдік ойға құйылатын негізгі арналар осылар ,
- деп тұжырым жасайды.
Бұл секілді саланы әдебиет зерттеушілері өзіндік ізденістерімен дамыта
түсті. Белгілі ғалым Б.Адамбаев Тозған қазды топтаған қарға жейді атты
еңбегінде халық ауыз әдебиетіінң бір-біріне жақын, ұқсас екі жанрына
жататаны шешендік сөздер үлгілері мақал-мәтелдер жөнінде жүргізген
зерттеулер бойынша өзінің ой тұжырымдарын ұсынған. Автор онда мақал-
мәтелдердің маңызына тоқтала келіп: мақал дегеніміз – халықтың ғасырлар
бойы өмірден, табиғаттан көрген-білгендерін бейнелейтін шағын шығармасы сөз
өнері, - анытама берген. Халық шығармаларының басқа түрлері сияқты мақал-
мәтелдерді де әел баста жеке адамдар шығарады, оны біреуенестіп жаттап
жаңғыртады, өңдейді, өзгертед. Сөйтіп, олар біртебірте жалпы ортақ мұраға,
халық шығармасына айналады. Демек, мақал-мәтедді халықтың өмірден жасаған
қоыртындысы ақыл*ой түйңні деуге болады [50]. Бастауыш мектепте мақал-
мәтелдерді пайдалануда оныңмағынасын түсіндіруді, оқушылардың тіліне
дамытуда арнайы жүргізілген зерттеулер қорытындысына сүйендік.
Зерттеуші ғалым С.Қирабаев балаларға арналған поэзияның,я ғни өлеңнің
өзіндікерешкеліктерін; тілінің жатық, ижеясының анық болуында деп көрсетке.
Сонмен қатар ғалым өбектерге арнап кір\тап жэащу мәселесін де көтерген.
Онда: Оқушы жас болған сайын ол оқитын кітаптың да көркемдіук дәрежемінің
жоғары болуына, оның әр түрлі тақырыпқа жазыдуына, қоғамдық өмірімізідің әр
тұрі құбылыстарын жам жеткіншектерге жеткізіп айтып беуге қысымшылық
жасамуға ттиіс. Балаларға арналған кітаптың ерекшелігі – оның мейлінше
қарапайым, нақты, әдеби образға бөлене жазылуына байланысты. Бөбектердің
кітаптары оларды әрі көңілдендіретін, қуанышқа бөлейтін, жеңіл оқыолатын,
оның үстінебаланың санасын оятарлдыөьай ойға құрылу керек. Көркем
әдебиеттің бақа саласы сиқяты ол да қайнаған өмірден алынып, образды түрде
жазылуға тиіс, - деп көрсетті [101]. Шынмәнінде, балалар әдебиетіінң
көркмдік жағы басым болғанда ғана бастауыш сынып оқушыларын қызықтыра
алады. Біз зерттеу жұмысмысза көркем шығарманы іріктеуде автордың ұсынған
өлеңінің өзіндік ерекшеліктерін басты қағида етіп алдық.
Зерттеуші ғалым Қ.Матыжанов өз еңбегінде: ең алдымен балаларға
арналған халық шығармалары – балалар психологиясын. Көркемдік талғамын,
шығармашылық мүмкіндіктерін танытатын асыл мұра. Ол өзінің бала қабілетіне
лайықтылығымен, логикалық жүйелілігімен, тілінің нәрлілілігімен, музыкалық
сазымен, өнегеді мазмұнымен, ойындық жеңіл формасыме балалардың рухани
азығына айеалған бағалы тәрбие құралы деп ауыз әдебиетіінңпедагогикалық
құндылығын саралап бергенін көреміз [102].
Алым Ә.Табылдиев Халық тағылымы [103] атты еңбегінде Мақал мен
мәтелге өз тұрғысынан анықтама берген. Мақалдар – нақыл, өсиет түрінде
атйлатын философиялық ой түйіндері, сөд мәйекгі. Мақалдар көбінесе өлеңдік
өрнекпен, сабырлы, салмақты ырғақпен айтылады. Қара сөзбен яғни шешендікпен
айтылатын мақалдар да бар. Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей
тб.. Мәтелдер негізінен тұжырымы тұспалы өлеңде сыңар тармақты, қара сөзде
нұсқаулы сөз ретінде айтылады. Өлең сөздің патшасы т.б. Қазақ халқы –
сөз қадірін біліп, қасиетті сөзді қастерлеп, аузынан тастамай, өнеге
ретінде данышпандығын өлең өрнектерімен өрнектеп, зерлеп келе жатқына
халық. Сөз зергерлерінің аузынан шыққан мақалдар мен мәтелдерді оқу-тәрбие
үрдісінде үздіксіз пайдаланып, үлдгі етіп ұрпақ тәрбиесәне шарықтап
пайдалануды дәстүрге айналдырып отырмыз.
Балалар әдебиетінің теориясын алғаш жасаған орыстың ұлы жазушысы
М.Горький еді. Ол совет балалар әдебиетін жасауда жалпы педагогика мен
психологиясын басшылыққа алды. Балалар әдебиетінің басқа әдебиетке
қарағанда өзіндік ерекшелігіне тоқталады. Ол балалар әдебиеті талғамы, ойы,
қабілеті, тңлң, баланың даму ерекшелігіне сәйкес келетінін айтты. Ол өзінің
мақалаларында еңбекті суреттеу жас өсіпірімдерге арналған әдебиетітң
міндеті болуы керек деп көрсетті. Балалар әдебиетіне араласатын автор әр
алуан жастағы балалардың барлық өзгешеліктерін ескеруі тиіс. Бұлай етпеген
күнде оның кітабы балаларға да, үлкендерге керексіз, иесі жоқ кітап болып
шығады, - деді.
Балалр әдебиеті балалардың дасы кіші болған сайын анық көрінеді, ал
үлкейген сайын балалар әдебиеті мен ересектер әдебиетінің айырмашылықтарына
көрінбей, бірігіп кетеді. Сонай-ақ М.Горький балалар әдебиетіне үлке мән
бере келе, оның тәрбмие құралы екенін айтты. Балалар әдебиеті басқа
ғылымдармен (педагогика, психология, эстетика, музыка т.б.) тығыз
байланысты болуын талап етті.
М.Горький Әдеиет туралы еңбегінде : Бастауыш сынып оқушыларлына
ойын, санақ, әзіл-сықақ үшін материал боларлық әрі қарапайым, әрі өте шебер
жазылған көркем өлеңдер кере. Осы күнгі балалар кітабының шеберлерінің
өлеңдерімен қатар, фольлордың таңдаулы үлгілерінен құралған бңрнеше жинақ
шығару қажет, - деген [30, -350 б.].
Соынмен қатар, балаларға арнаған кітаптың құрылысы, мазмұны, сапасы
туралы да өзінің ой-пікірін айта білшен. Балаларға арналған кітаптардың
бәрі бірдей танымдық материал беруге тиісті деп ойлауға бомайды. Ол бейнелі
тілмен жазылған, көркем кітап болуы қажет. Бізге балалардың сықақшылдық
сезімін дамытатын көңілді, қызық кітаптар да қажет. Балалрға арналған
кітапшалар серияларының қаһармандары боларлық, күлкілі-сықақты кейіпкерлер
жасау қажет, - деп жасаған тұжырымы дәлел. Жазушының сол уақытта айтқан
құнды ой-пікірлері күгі бүгінге дейін өз мәнін жойған жоқ. Ол қазіргі ғылым
мен техниканың дамыған заманында да балаларға арналып жазылатын
кітаптарбасшылыққа алынады. Бастауыш сыынпұа арналған кәтаптардың суреттері
айшықты, көңілді баланың газарын бірден өзіне тартатындай қызықты болуы
тиіс. Әртүрлі тапсырмалардан, баланың жас ерекшелігіне лайықты көркем
шығармаларды дұрыс іріктеуде, осы бастауыш мектеп оқушыларын тәрбиелеу мен
біім бру мәселесімен айналысқан ғалымдар мен балалар суретшілері болғаны
дұрыс. Бұл заман ағымынан туындап отырған қажеттілік.
Орыс халқының ұлы сыншысы В.Г.Белинский Әдебиет деген сөздің жалпы
мағынасы туралы жазған еңбегінде ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетіінң
айырмашылықтарына тоқталған. Жазба әдебиеьің қандай туындысын алсақ та,
оның авторы белгілі болады. Соғын қоса, оның өмірбаяны, шығармаларының
қашан,қанлай тақырыпқа арналғандығы, қай кезде баспа жүзіне жарияланғаны
т.б. көпщілікке мәлім болып отырады. Ал, ауыз әдебиетіінң авторлары
белгісіз болады. Бұдан әрине, ауыз әдебиетінде автор болмайды дешен ұғым
тумаса куерек. Ертегі, әңгіме, жырлардың қайсысы болса да әуел баста жеки
авторлар шығарған. Бірақ, сол кезде жазу-сызу өнері болмағандықтан,
авторлардың өмірбаяны , аьы-жөні сақталмаған. Ал шығармаларды ауызша айту
түрінде туып, ел арасына ауызша айту ретімен тарап кеткен. Олардың авторы
халықтың өзі болған. Ауыз әдебиетін халық әдебиеті деп атаушылық, міне,
осылай туған, - деп көрсеткен [106]. Бұдан В.Г.Белинскийдің пікірінің қазақ
зерттеуші ғалымдарының ой-тұжырымдарымен сәйкес ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқының ауыз әдебиеті түрлері
Оқушылардың сөздік қорын дамыту
Көмекші мектептің жоғарғы сынып оқушыларының халық ауыз әдебиеті арқылы сөз қорын молайту
ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ ПӘНІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ӘРЕКЕТІН ДАМЫТУ
Балалар әдебиеті арқылы бастауыш сынып оқушыларының тіл дамытуы
Бастауыш сынып оқушыларынң сөйлеу тілін дамыту жұмыстарының әдістемесі
Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытудың теориялық негізі
Әдебиеттік оқу сабақтарында халық ауыз үлгілерін қолдану арқылы эстетикалық көзқарастарын қалыптастыру
Бастауыш сынып оқушыларына әдеби оқу сабақтарында рухани - адамгершілік тәрбие беру
Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда этнопедагогикалық материалдарды пайдалану
Пәндер