ХХ ғ. аяғы және ХХІ ғ. басындағы жаңа геосаясат және иран ұстанымы


КІРІСПЕ
Ислам әлемдік діндердің ішіндегі қуаттысы болып саналады. Өйткені ислам діні мұсылмандық Шығыста қашанда діни доктрина мен әлеуметтік ұйым ретінде Европадағы христиан дінінен өзгеше рөл атқарады. Христиан діні өзінің халықты толық билеген заманында болсын, катаң қудалау мен өркениеттің кұлдыраған жылдарында болсын еш уақытта зайырлы билікті толық ығыстырып шығармаған болатын. Ал ислам діні болса, мұсылман қоғамының барлык салаларында орын тапты, ол экономикалык қатынастар сипатын анықтады, саяси әкімшілік бағыт пен мұсылмандардың әлеуметтік құрылымын, мәдениеті мен тұрмыстық қатынастарын белгіледі. Ислам елдерінің рухани өмірі исламның бақылауында болуымен қатар сырткы қалыбы тәрізді ішкі негізі де исламдык сипат алып, ислам шеңберінде дамыды.
2003 ж. қыркүйек айында Астана каласында өткен Әлемдік және дәстүрлі-ұлттык діндер съезінің ашылу рәсімінде Н. Э. Назарбаев дін жайлы өз пікірін былай баяндайды: Дін - ғаламдану дәуіріне дейінгі әлемге гуманизм мен мәдени тілдесуге әкелетін жалғыз ауқымды кұбылыс. Рухани байлықтан өзге ; дін халықаралық әріптестіктің әрекетті институты болып табылады. Бұл этнодіндік сипаттағы локалды және аймактық шиеленістердің ұлғайған бүгінгі күні өте манызды 1
Диплом жұмысының жалпы сипаттамасы. Халықаралық қатнастардағы Иран факторы екі анықтаушы фактор-ислам және иран ядролық қаруы әсеріне байланысты болды. Бүл екі фактор бір бірімен тығыз байланысты болып отырды. Сондыктан диплом жұмысында халықаралық қатнастардағы Иран факторының пайда болуының маңызы такырыбы жеке зеррттелді.
"Персия" журналының бас редакторы Мехди Санои былай деп жазды: "Иран халқы өздерінің ежелгі дәстүрін жалғастырушы жақын, туыс ілім ретінде ислам дінін қабыл алды. Сол уақыттан бастап ирандықтардың барлық ғылыми, мәдени жетістіктері ислам атымен, ислам игілігі үшін жасалынды оның ары қарай гүлденіп, таралуынына мүмкіндік туғызды. Осы кезеңнен бастан Иранды исламсыз, исламды Ирансыз қарастыру мүмкін емес".
1979 ж. Иранда жеңіске жеткен Ислам ревюлюциясы, қазіргі заманның маңызды оқиғаларының бірі болғаны даусыз. Имам Хомейни басшылығымен жүзеге асқан бұл төңікеріс ислам өркениетінің тағы бір жеңісі болды. Иран коғамы бұрынғы революциялык қозғалыстардың тәжірибесін талдап-зерітеуден кейін батыстық ұлтшылдық пен шығыстық социализм негізімен терең таныстықтан соң, өз мемлекетіне қолайлы ерекше даму жолын таңдап алды. Бұл революцияның тамыры исламнан нәр алды, сондықтан ол дінді қайта жаңарту, қоғамда діни бағыттағы билік орнату мақсатымен жүзеге асырылды.
Диплом жұмысының өзектілігі.
Иран елінін геосаясат пен ислам әлемінде алатын орны ерекше.
Еліміздің сан саясат құрсауынан босап, тәуелсіздікке нық кадам басқан бүгінгі кезеңінде егеменді республика ретінде әлем халықтарымен тән дәрежелі катынаста болу үшін сол халықтардың тарихымен, мәдениетімен, рухани дүниесімен таныс болу абзал. Қазақстан үшін осындай елдің бірі, ислам әлемінде маңызды мемлекет саналатын - Исламдық Иран Республикасы. Кезінде артта қалған, дамушы саналатын алып Иран елі бүгінде біз үшін үш мың жылдық көне тарихы бар, мәдени, рухани тамырлас ел болып саналады.
- Одан өзге Иран елі мен Орта Азия халықтары тарихы мен мәдениеті түйісетін нүктелер біршама. Орта Азия мен Иран арасындағы катынас ислам, тіпті христиан діні пайда болуына дейінгі кезеңге жататынын дәлелдей отырып Мехди Санои былай деп жазады: "Үлы Жібек жолы бүкіл Орта Азия жерінде, әсіресе Бұхара мен Қаішар арасындағы қапаларда ирандық мәдениет, өмір мен тілдің дамуына ықпал етті. Нәтижесінде иран мәдениеті Мауренахрдың Иранға енген кезеңінде де, одан бөлініп шыққан кезеңінде де Орта Азия халықтарын өмірлерінде көрініс тапты деп пайымдауға болады. 2 Ирандық-исламдық мектептен шыққан ортақ ғалымдар мен ақындардың есімдерін атамағанның өзінде, ирандық стильде оңтүстік Қазақстан архитектурасында орын алған ұлы суфист Қожа Ахмед Яссауи және басқа да ондаған кесенелер, ертеде ата-бабаларымыздын "Шаннама", "Лейлі-Мәжнүннен" үзінділер оқуы, тіпті қазақ тіліне енген парсы сөздері - иран мәдениетінің казақ халқына қаншалықты ықпал еткендігінін дәлелі. Такырыпты зерттеу өз кезегінде Қазақстан тарихында да маңызды орын алатын ислам дінінің шығуы мен таралуы, исламның мемлекеттегі рөлі жайлы мағлүмат береді. Бұл өте маңызды. Еліміздің президенті Н. Ә. Назарбаев Сауд Арабиясына барған сапарында: "Ислам киелі орындарын барып көру менің осы заманғы үрдістерде діннің алатын орны мен қызметі жайындағы көзкарасымды өзгертуге мәжбүр етті" - деген болатын.
Бүгінгі күнде Иранның халықаралық қатнастардағы орнын, даму ерекшеліктерін түсіну үшін де зерттеу жүмысының көмегі бар.
Диплом жұмысының зерттеу нысаны халықаралық қатнастардағы Иран факторы және қазіргі Орталық Азиядағы Иранның ролін зерттеу
Диплом тақырыбын зерттеудегі басты мақсат тақырып аукымына сай қазіргі геосаяси жағдайдағы ИИР ролін және аймақтық қауіпсіздіктегі орнын анықтау болып табылады.
Осы мақсаттарды жүзеге асыруда төмендегідей міндеттерді шешу алға қойылды
- 20-ғасырың аяғымен 21 ғасырдың басындағы геосаяси жағдайды сараптау және ондағы Иран факторын қажете тоқталу
- Аймақтық қатнастардағы пайда болған жаңа проблемаларды шешудеге ИИР ролін айқындау
Диплом жұмысының деректік негізі . Ғылыми жұмыстың деректік негізі тақырып жағынан топтастырылды. Диссертация Иранда есімдері белгілі, беделді исламтанушы, тарихшы, философ ғалымдарының еңбектері толықтырылды. Олардың қатарында Мұхаммад Хосейн Табатабаи, Сейд Хосейн Джафари, Абдолрафих Хакиқат, Абдолла Рози, Мұхаммад Зейн Омели, Мұхаммад Хосейн Мозафар, Содек Айневанд, Абуфазл Шукури т. б
Дипломатиялық құжаттар деректердің ерекше тобын құрады. Оның ішінде ИИР мен ҚР арасындағы өзара келісім шарттарды да атап өткен дұрыс.
Диплом жұмысын жазуда мерзімді баспасөз бетіндегі материалдар да пайдаланылды. Шығыс елдерінің өткені мен бүгінгі тыныс тіршілігінен хабар беретін Новое время" (1989-1991 жж. ), "Азия и Африка сегодня" (1992-2002 жж. ), "Восток" (бұрынғы "Народы Азии и Африки'') (1986 ж. ), "Центральная Азия и Кавказ" (2000 ж. ), "Мировая экономика и международные отношения"
(2004 ж. ), "Қазақ тарихы" (2000 ж. ), "Қаз МУ хабаршысы" (1999-2002 жж. ), ''Континент" (2000 ж. ) басылымдарынан мағлұмат алынды.
Академиялық деректер , мемуарлық әдебиеттер және деректер ретінде Н. Назарбаевтың "Ғасырлар тоғысында", Аятолла Хомейнидің "Исламдык билік" [1 1] енбектері, Сейед Мохаммад Хатамидің "Авторитаризм билігіндегі дәстүр мен ой" кітабы, ислам әлеміндегі қазіргі көзқарастар ағымын сараптап, әсіресе бұл ағымдардың Ирандағы ислам революциясына арақатынасынан хабар беретін "Боран алдындағы қорқыныш" және ирандық-мұсылмандық және батыстық өркениеттердің бір-біріне ықпалы мәселеріне арналған "Ислам, сұхбат және азаматтық қоғам еңбсктері, М. Санаи естеліктері, одан басқа Имам Хомейнидің өлеңдер жинағы. Омар Хайам рубаяттары, Низами дастаны, Хафиз газалдары, Сағди шығармалары да дерек ретінде пайдаланылды.
Диплом такырыбының зерттелу дәрежесі . ИИР халықаралық қатнастардағы ролін дұрыс анықтау үшін, Иранның тарихына байланысты еңбектерді бірінші атау қажет. Олардың ішінде В. В. Бартольд, В. Ирзинг, О. Г. Большаков, Д. Еремеев, Г. Э. Грюнебаум, Е. А. Беляев, Р. Дозие, И. Крачковский , Соловьев, Ю. Скайлер, И. П. Остраумов, А. Крымский, X. Абдалати еңбектерін атауға болады.
Ресейлік шығыстанушы В. В. Бартолд Иранның Орталық Азиядағы роліне көңіл бөлген болса, Е. А Беляев араб әлеміндегі Иранның роліне байланысты жазған.
Шетелдік зерттеушілердің қатарында Иран тарихына байланысты Густав Зедмундты, еңбектерін ерекше атаған жөн.
Қазақстандық зерттеушілерінің қатарында Ислам мәселелерін зерттеуге. М. Үсенова мен С. Үсеновтарды атауға болады. Қазақстан халқын Құран, ислам діні қағидалары, мұсылмандык дәстүрмен терең таныстырған жеке тұлға ретінде - Халифа Алтай Ғақыпұлның есімін атауға болады. Сонымен бірге М. Қ Әбусейтова, О. И. Жигалина, К. К. Қожахметов, А. Чупековтарды атауға болады.
Диплом жұмысының методологиялық негізі мен әдістері.
Зерттеу барысында жаңа бағыттағы ғьлыми ой-пікірлер мен тұжырымдар, жаңа тарихи тұрғыдан жазылған көзқарастар басшылыққа алынды.
Дипломдық зерттеудің методологиялык және теориялык негізін диалектикалық даму заңдылықтары мен өркениеттілік, салыстырмалық, талдау, жинақтау және қорыту, жүйелік әдістері арқылы бердік. Сонымен қатар тарихи ұстанымдармен концептуалдық ережелер, танымдык теория негіздері алынды.
Диплом жұмысының құрылымы кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан тұрады.
ЖАҢА ӘЛЕМДІК ГЕОСАЯСАТ ЖӘНЕ ИРАН ФАКТОРЫ
- Жаңа әлемдік тәртіп мәселесі. Қауіпсіздік факторы
үгінгі таңда басты зерттелетін нәрселердін бірі, ол қауіпсіздік ұғымының әртүрлі аспектілерінің карастырылуы. Қазір көптеген гуманитарлық ғьлымдарда басты талқыланатын нәрселердің бірі ол жеке тұлға, қоғам және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі. Халықаралық қатынастар мен саясаттанудың теориясы бекітілмесе, қазіргі халықаралық саясат жағдайда кез-келген мемлекеттің болашақ дамуына, ғаламдану процесі өзіндік септігін тигізеді. Бұл үлттық қауіпсіздік пен ұлттық мүдденің жеке аспектілерінің дұрыс зерттелуі үшін қажет. Біздің еліміз саяси және экономикалық ғаламдану үрдісі туғызатын теріс, келеңсіз салдарды азайту немесе мүлдем жою қабілеттілігіне үйреніп ие болуы керек. Қазақстан өзінің әлемдік шаруашылықта орнын алу үшін экономикалық бәсекелестік қабілеттілігін арту кажет. Қазақстан өзінің бәсекелестік артықшылықтарын дүниежүзі шаруашылығында ебін тауып пайдалану ұлттық қауіпсіздікті камтамасыз етуде себепкер. Біздің пікірімізше, мемлекеттік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басты аспектілерінің бірі, ол - кадр даярлау проблемасы мен олардың тепе-тең жағдайда жетілдіруі мен сақталуы. Қазақстан Республикасының 1998 жылдың маусым айының 26 күні қабылданған "Ұлттық қаупсіздік туралы" заңында осы проблема айтылып кеткен. 3
Біздің пайымдауымызша, кез-келген мемлекеттін ұлттык қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуі халықаралык кауіпсіздікпен және әлемдік қауіпсіздікпен өзара тығыз байланыста. Теориялык мағынадалттык. аймактык және халыкаралык қауіпсіздікті бір-бірінен жеңіл айыруға болса тәжірибе жүзінде олардың күрделі диалектикалық өзара тәуелділігін көріп байқауға болады. Қазіргі жағдайда ұлттық (сыртқы) қауісіздікті тиімді түрде тек аймақтық деңгейде ғана, біздің ойымызша, камтамасыз етуге болады. Бүгін ұлттық қауіпсіздіктің кез-келген жүйесі ұлттық ұйымшылдыққа негізделу кажет. Қауіпсіздік ұғымы мазмұның түрлі аспектілерін белгілейтін көптеген анықтамалар бар. Мысалы, қауіпсіздікті қоғамның, халықтың, мемлекеттің, дүниежүзі қауымдастығының қауіп-катерлерді айкындау, алдын алу, әлсірету, тойтарыс беру қызметі деп түсінуге болады. Қауіп-қатерлерді алдын-алу қажеттілігі олардың кез-келген саяси субъектісін талқандау оның рухани құндылықтарына салмақты зиян келтіруі мүмкіндігінен туады. Қазақстандық зерттеуші М . Лаумулиннің пікірінше, кауіпсіздікті мемлекеттің конституциялық құрылымын, мемлекеттік егемендігін, тәулсіздігі мен территориялық біртұтатыстығын қамтамасыз ететін халықаралық және ішкі қоғамдық катынастар. 4
Осы себепте А. Уольферс, Б. Бьюкен және Р. Кеохэн сияқты батыс зерттеушілерінің теориялық ғылыми еңбектерін атап кету қажет. Олардың ғылыми еңбектерінде қауіпсіздік проблемаларының концептуалдық негізде зерделенуі орын алды.
Мысалы, л ибералдык ағымының өкілдері «кооперативті» қауіпсіздіктің халықаралық институттардың аса кажетті болғандықтан кауіпсіздік қоғамдастығының кен кұрамына көңіл бөлуде. Аталмыш қауіпсіздік қоғамдастығына мүше болуға келетін мүдделі елдерге қандайда бір себептермен шектеу койылмайды. 5
Ұлттық қауіпсіздіктің әртүрлі аспектілерін камтамасыз етуі әр уақытта көкейтесті мәселе. Ішкі саясат, көп мөлшердегі мемлекеттің географиялық жағдайымен, әлеуметтік-экономикалық дамудың деңгейімен және коғамдық-саяси жағдаймен, тарихи және мәдени дәстүрмен, ұлттық егемендігін камтамасыз етілуімен және мемлекеттің ұлттық мүддесімен анықталады. Кең көлемдегі өзіндік зерттеу нәтижелері мен қауіпсіздіктің категориялык белгілері басты үш кұрамды бөліктен тұрады: ұлттық, аймақтық және дүниежүзілік. Бұл үш құрамның байланыстылығы айқын және олардың қазіргі әлемде қауіпсіздік түсінігіне қайшылығы жоқ. Көптеген зерттеушілердің көзқарасы бойынша, ұлттық қауіпсіздік басты ұлт позицияның негізі болып табылады. Олар - жеке тұлғаның қауіпсіздігі, қоғамдық қауіпсіздік және мемлекеттік қауіпсіздік негіздері. Бұлар, яғни жеке тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің қажеттіліктері елдің ұлттық мүдделері ретінде ғана қарастырылса олар мемлекеттік саясат деңгейіне дейін көтеріле алады. Бұрынғы Кеңес Одағының кезінде «ұлттық қауіпсіздік» ұғымы саясаттану ғылымында өз дәрежесінде қолданылмады. Кеңес заманындағы кең қолданылып түсіндірілген «мемлекеттік қауіпсіздік» ұғымы көптеген себептермен қолданыстардан шығарылуда. Бүгін ұлттық қауіпсіздік термині көптеген жаңа терминдермен бірге пайдалынылады, және «экономикалық қауіпсіздік», «экологиялық қауіпсіздік», «демографиялық қауіпсіздік», «ақпараттық қауіпсіздік», және тағы да басқа терминдермен жиі ауыстырылуда. 6
Кеңес Одағы заман кезінде «геосаясат» ғылымының тағдыры онша мәз болған жоқ. Оның қауіпсіздікті зерттеу мәселесіне жақын болғанымен тек 20-ғасырдың 90-ші жылдарынан бастап түрлі геосаяси факторларды қарастыратын ғылыми еңбектер жарық көруді бастады. Геосаясат-мемлекеттердің кеңістік пен территориялық ерекшліктерін, тарихи оқиғаларды бағалайтын және әлемдік саясатта орын алатын түрлі факторларды қарастыратын ғылым.
Қоғамдық ғылымдарда қолданылып жүрген «геосаясат» үғымы көптеген кауіпсіздіктерді қамтамасыз етуге қолайлы.
Қазірде бұрынғыша, табиғат әсерінен және географиялык себептерден туындайтын мәселелерді шешуге жол іздеу геосаясат ғылымының негізін құрайды. Классикалық геосаясат негізін қалаушылар Р. Челлен, Н. Спайкмен, К. Хауэсхоффер, Х. Маккиндер және А. Мэхэн табиғи және географиялық факторларды ескере отырып, әскери және саяси каутіздікті қамтамасыз ететін тұжырымдамаларға тірелді. 7
«Ұжымдық қауітісіздік» термині 1922 жылдан бастап халықаралық катынастар тәжірибесіне Ұлттар Лигасы қызметі шеңбері қолдануынан кірді. Ұжымдық қауіпсіздік Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысына сай халықаралық бейбітшілік пен қаупсіздікті сақтауға және басқыншылық (агрессия) шараларын алдын алуға бағытталған бірлескен әрекеттер жүйесі болып табылады. Ұжымдық қауіпсіздік қағидасы БҰҰ-ның Жарғысымен бірге көптеген басқа көпжақты халықаралық келісім-шарттарда (мысалы, 1975 жылғы Хельсинки қорытынды акті) бекіттілген. Ұжымдық қауіпсіздік жүйесін екі негізгі белгілер сипаттайды. Қатысушы-мемлекеттер барлық өздерінің арасындағы туған дау-дамай, шиеленістерді бейбіт жол арқылы шешу, басқа елге қарсы күшті пайдалануға тыйым салу, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке төнген қауіп-катерлерді өзара ынтымақтастық арқылы азайту не болдырғызбау сияқты міндеттемелерді алу бірінші белгі болып табылады. 8 Ал екінші белгі ол қатысушы мемлекеттердің ұйымдық бірлігі, яғни олардың үкіметаралық үйлестіру органдарын кұруы мен келіссөздер жүргізілетін кездесулерді тұрақты негізде өткізіп іске асыру процесі болып келеді. Халықаралық құқық әдебиет көздерінде түрлі авторлар ұжымдық қауіпсіздік жүйесін екі түрге бөледі: жалпыға ортақ (әмбебап) және аймақтық қауіпсіздік қамтамысыз ету жүйесі. Жалпыға ортақ (әмбебап) қауіпсіздік қамтамасыз ету жүйесі Біріккен Ұлттар Ұйымы шеңберінде құрылып, қалыптасып кызмет етеді.
Американдық зерттеуші Б. Бьюзанның есімі халықаралық қатынастар теория ғылымына «кешенді қауіпсіздік» деген терминді еңгізгені арқылы кең танымалы болды. Кешенді қауіпсіздік атты ұғымды ол географиялық тұрғыдан өз-өзіне жақын және олардың ұлттық қауіпсіздік мүдделері бір-бірінен жеке қарастыруға болмайтын мемлекеттер кұрастыратын бөлек топты түсінеді. Б. Бьюзан кешенді қауіпсіздікті айыратын төрт факторлар тобын қарастырады. Бірінші топқа ол елдердің кеңістік және географиялық жақындығын анықтайтын факторлар жиытнтығы жатқызады. Екінші топқа ол мемлекеттерді өзара қауіпсіздікті қамтамасыз ету негізінде жақыңдастыратын және байланыстыратын факторларды кіргізеді. Факторлардың үшінші тобы мемлекеттер арасындағы күш, қуат негізінде кұрастырылған және сол мемлекеттердің ұлттық мүдделері бір-бірімен өріліп байланысқан екіжақты немесе көпжақты қарым-катынастар. Ал соңғы төртінші топқа кіретін факторлар: мемлекетаралық қатынастарда туындайтын қолдау, түсіністік, күдіктену, қаймығу сияқты қарым-қатынастар жиыны.
«Ұлттық мүдде» категориясын зерттеуінің арқасында саяси реализм мектебінің жақтаушылары ғылыми дәйектемелер келтіріп халықаралық қатынастар теориясын жеке ғылым ретінде қалыптасуының негізін қалады. Қазіргі кезде саяси реализм ағымының көптеген позициялары өзекті екендігін көрсетіп халықаралық қатынастар ғылымының басты және құрама бөлігі екенін дәлелдеп айкындады. Саяси реализм мектебінің негізін қалаушылардың бірі Ганс Моргентаудың ойынша, белгілі бір мемлекеттің ұлттық мүдделері оның географиялык орналасуына және сол елдің саяси, экономикалық, мәдени даму жолының ерекшеліктеріне негізделу қажет, Оның пікірінше, мүдде деп аталатын ұғым ұлттық және қоғамдық екі ірі топқа бөлінуі ықтимал. Яғни «қоғамдық мүдде» мемлекеттің ішкі саяси саласына жатады, ал «ұлттық мүдде» түсінігі мемлекеттің сыртқы саясатына және жалпы алғанда халықаралық қатынастардың түрлі аспектілеріне қатысты болып келеді. Мемлекетаралық қатынастарды егжей-тегжейлі қарастырып, Г. Моргентаудың келетін қорытынды ойы, ол ұлттық мүддені» мемлекеттің бірден-бір үзілді-кесілді саяси бағыты, ойланып толғанудың бірден-бір қағидасы ретінде тануы9.
Ұлттық қауіпсіздіктің түрлі аспектілерінің зерттелуі кезінде ұлттық мүдделер түсінігіне жиі назар аударылады. Айта кететін жайт ол ұлттық қауіпсіздік тұжырымдамасын анықтау кезінде ұлттық мүдделер түсінігі міндетті түрде қарастырылады. Ұлттық қауіпсіздік тұжырымдамасын қалыптастыру кезінде көптеген жағдайларда бірінші белгілі бір елдің ұлттық мүдделері анықталады, сосын бар және келешекте пайда болуы мүмкін қауіп-катерлер белгіленеді, ал ең аяғында сол елдің ұлттық қауіпсіздік саясаты анықталуға түсіп іріктеленеді. Кейде арнайы әдебиетте ұлттық қауіпсіздікті анықтауда «алдын ала» белгілеу тәсілі кездеседі. Осы тәсіл бойынша, кез-келген ұлттық қауіпсіздік сол елдің, ұлттық мүдделерінің қорғалған жағдайына тікелей байланысты да, содан туындайды да. Осындай аталмыш тәсіл Қазақстан Республикасының «Ұлттық қауіпсіздік туралы» Заңында қолданылған. Ұлттық мүдденің күре тамыры негізгі (базалық) мүдде ұғымы болып табылады. Негізгі мүддеге конституциялық құрылымының бекемдігі, ұлттық тәуелсіздік, территориялық тұтастық және тағы да басқа солар сияқты бөлімдер жатады. Әдебиеттерде ұлттық мүдденің салаларын ашуда өте көп анықтамалар кездеседі. Ұлттық мүддені зерттеушілердің пікірінше, бұл халықтың талабы, ұлттық саясаттың канағаттануы мен және оның дәйекті жүзеге асуы және елдің дамуы, Ұлттық мүдделер мәселесін зерттеушілер оның көптеген жікгеу, топтастыруларын ұсынады. 10 Ұлттық мүдделердің сұрыпталуын бірнеше негіздерде жасауға болады: күрделілігі бойынша, ұзақтылығы бойынша, көлемділігі бойынша және т. б. Ұлттық мүдделердің маңыздылығына сай олар қарапайым (жай) мүдделер, маңызды мүдделер, өте маңызды мүдделерге сұрыпталуы мүмкін. Ұзақтылығы бойынша ұлттық мүдделер қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді мүдделерге бөлінеді. Кейбір ұлттық мүдделер жуық арада орындалса, ал басқа ұлттық мүдделер қалыптасатын жағдайға байланысты тек алды болашақта ғана жүзеге асырылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz