Әбіш Кекілбаев


Әбіш Кекілбаев
1939 жылы
Әбіш Кекілбаев
Қазіргі қазақ әдебиетінің танымал суреткері Әбіш Кекілбаев 1939 жылы 6 желтоқсанда Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Оңды ауылында дүниеге келген. 1962 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітіргеннен кейін "Қазақ әдебиеті", "Лениншіл жас" газеттерінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болып істеген. 1964-1968 жылдары Қазақ КСР Мәдениет министрлігінде репертуарлық-редакциялық коллегия мүшееі қызметтерін атқарды. 1970-1975 жылдар аралығында "Қазақфильм" киностудиясында бас редактор, 1975-1984 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің мәдениет бөлімінің нұсқаушысы, сектор меңгерушісі. 1984-1986 жылдар аралығында Қазақ ҚСР Мәдениет министрінің орынбасары, 1986-1988 жылдары Қазақстан жазушылар одағы басқармасының 2-ші хатшысы, 1988-1990 жылдары Қазақ КСР тарихы және мәдениет ескерткіштерін қорғау қоғамы Орталық Кеңесі президумының төрағасы қызметтерін атқарған. 1990 жылдан бастап Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бөлім меңгерушісі. 1991 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің мәдениет, тіл және ұлтаралық қатынастарды дамыту жөніндегі комитетінің төрағасы. 1992-1993 жж. "Егеменді Қазақстан" газетінің бас редакторы, 1992-1993 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеңесшісі, 1994-1995 жылдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің төрағасы. 1996-2002 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, 2002 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты.
Алғашқы "Алтын шуақ" атты өлеңдер жинағы 1962 жылы жарық көрді. Проза, әдеби сын саласында елеулі еңбек етіп келеді. Сонау XX ғасырдың 60-жылдарынан бері күні бүгінге дейін оның әр кездегі жарық көрген "Бір шөкім бұлт", "Дала балладалары", "Тырау-тырау тырналар", "Бір уыс топырақ", "Үркер", "Елең-алаң", "Мартовский снег", "Плеяда-созвездие надежды", "Заманмен сұхбат", "Үш белес", "Талайлы Тараз" повестері мен әңгімелері, эсселері мен романдары, әдеби-философиялық, , "Абылай хан" - тәуелсіздік алған қазақ елінің жаңа әдебиетінің төлбасы туындысы, халықтық қаһармандық драмалық дастаны оқырмандарға жақсы таныс.
Л. Н. Толстой, К. Гоци, Г. Мопассан, Г. Ибсен, А. Чехов пен И. Буниннің бірқатар туындыларын қазақ тілінде сөйлеткен.
Немістің "Фольк унд Вельт" кітап баспасы жүргізген сауалнама хаттамасында оның есімі "XX ғасырдың таңдаулы жазушылары" тізіміне енгізілген.
"Үркер", "Елең-алаң" романдар циклі үшін 1986 жылы Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығына ие болды. "Құрмет Белгісі" орденінің, тәуелсіз "Тарлан" сыйлығының иегері (2003) .
Мемлекет және қоғам қайраткері, 1992 жылдан Қазақстанның Халық жазушысы. Қазақстан Республикасы президентінің Бейбітшілік және келісім сыйлығының иегері, Қырғызстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері. Таяуда тәуелсіз еліміздің рухани көркем ой-санасын және қоғамдық-мемлекеттік үрдістерін қалыптастырудағы, дамытудағы, өркендетудегі ұшан-теңіз суреткерлік әрі қайраткерлік еңбектері үшін "Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев" орденімен марапатталды.
ҚазҰУ -де Әбіш Кекілбаевтың
70 жылдығы атап өтелді
Әбіш Кекілбаевтың шығармалары
Әбіш Кекілбайұлының алғашқы өлеңдер жинағы «Алтын шуақ» 1962 жылы, «Бір шөкім бұлт» 1965 жылы жарық көрді.
Ауыл өмірінен жазылған повесть, әңгімелер жинағы «Дала балладалары» - Әбіш Кекілбайұлының кең тынысты эпик, суреткерлік болашағын танытады. 1974 жылы «Дәуірмен бетпе-бет» сын мақалалар жинағы, «Бір уыс топырақ»,
1979 жылы «Тырау тырау тырналар», Маңғыстау түбегінің өткені, бүгіні, болашағы туралы «Ұйқыдағы арудың оянуы» тарихи танымдық баян, 1982 жылы «Шыңырау» повестер жинағы, 1992-93 жылдары Таңдамалы екі томдық, 1995 жылы «Заманмен сұхбат» 1998 жылы «Азаттықтың ақ таңы», публицистикалық мақалалары, толғамдары, 1999 жылы 12 томдық шығармалар жинағы жарыққа шықты.
Әбіш Кекілбайұлының «Үркер» (1981), «Елең-алаң» (1984) романдары қазақ әдебиетінің үлкен табысы ретінде бағаланып, Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығын алды.
2001 жылы шыққан «Талайғы Тараз», 2002 жылы шыққан «Шандоз» тарихи тақырыпты ғылыми дәйекпен, дерекпен түсінікті ұғымды етіп жеткізудің жаңа бағыт-бағдарын белгілеп берді.
2009 жылы «Сыр десте» деп аталатын автордың көп жылдық ой-толғаулары, эссе, естелік, сөйлеген сөздерінің 5 томдық жинағы жарыққа шықты.
Әбіш Кекілбайұлының көптеген шығармалары ТМД халықтары мен шетел тілдеріне аударылған. Ол ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының 1986, Қазақстан Республикасы Президентінің бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының 1995, «Отан» орденімен 1999, Түркі елдері қауымдастығының шешімімен «Түркі дүниесіне сіңірген еңбегі үшін сыйлығын» алады. 2003 жылы «Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен марапатталды.
Әбіш Кекілбаевтың атқарған қызметі
- 1965-68 жылдары ҚазССР Мәдениет министрлігінде,
- 1968-70 жылдары Кеңес армиясының қатарында,
- 1970-75 жылдары «Қазақфильм» студиясында бас редактор,
- 1975-84 жылдары Қазақстан КП ОК мәдениет бөлімінде нұсқаушы, сектор меңгерушісі,
- 1984-86 жылдары ҚазССР Мәдениет министрінің орынбасары,
- 1986-88 жылдары Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының 2-ші хатшысы,
- 1989-90 жылдары ҚазССР тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамы Орталық кеңесінің төралқа төрағасы,
- 1990 жылы Қазақстан КП ОК бөлім меңгерушісі.
- 1991 жылы Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің Мәдениет, тіл және ұлтаралық қатынастарды дамыту жөніндегі комитеттің төрағасы,
- 1992-93 жылдары «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы,
- 1993-95 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі.
- 1994-95 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің төрағасы,
- 1996-2002 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып істеді.
- 2002 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты. Әбіш Кекілбайұлы Қазақстан Жоғарғы Кеңесіне екі рет, Мәжілісіне бір рет баламалы негізде депутат болып сайланады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz