Қостанай облысындағы табиғат жағдайларын сипаттайтын жер-су аттарының ерекшеліктері



Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1. Топонимжасамдағы географиялық принц ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1. Аймақтарға тән географиялық терминдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10

2. Қостанай облысындағы табиғат жағдайларын сипаттайтын жер.су аттарының ерекшеліктері ... ... .12 2.2. Қостанай облысындағы ойконимдер мен атаулардың
ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18

2.3. Қостанай облысының топонимдерінің даму болашағы ... ... ... ... ... ...24

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28

Пән: География
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1. Топонимжасамдағы географиялық принц ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 5
1.1. Аймақтарға тән географиялық терминдер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..10

2. Қостанай облысындағы табиғат жағдайларын сипаттайтын жер-су
аттарының ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12 2.2. Қостанай облысындағы ойконимдер мен атаулардың
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18

2.3. Қостанай облысының топонимдерінің даму болашағы ... ... ... ... ... ...24

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 6

Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28

КІРІСПЕ
Адамзат қоғамы даму барысында, қарқынды шаруашылық әрекеттердің нәтижесінде географиялық ортаға айтарлықтай ықпал етті. Тіршілік үшін күрес барысында адамзат, оның ішінде қазақ қоғамы өзіне қажетті ресурстарды игеруге, табиғи ортамен түсінісе өмір сүруге бейімделді. Олар ғажайып Еуразиялық дала кеңістігінде табиғатпен өзара түсіністікте тіршілік етуге қол жеткізді. Қазақ халқының осы көп ғасырлық тәжірибесі географиялық атауларда - топонимдерде кеңінен сақталған.
Тарихи уақыт аралығында дәстүрлі мал шаруашылығына қажетті жануарлар мен өсімдіктердің жеке түрінің ареалын анықтау, ландшафт өзгерістерін зерделеу, табиғат пен табиғи ресурстарды қорғау сияқты күнделікті туындайтын іс-шаралар географиялық нысандардың айырым-белгілері болып табылатын атауларды өмірге алып келді. Нақты тарихи кезеңде және табиғи ортада қалыптасқан қандай да болмасын географиялық атаулардың көпшілігі жергілікті жердің физикалық-географиялық ерекшеліктерін сипаттайтын құнды тарихи мәліметтер болып табылады. Осы тұрғыдан алып қарағанда, көшпелі қазақ қоғамының сан ғасырлар бойы табиғатты пайдалану барысында жинақтаған географиялық білімі шаруашылықты тиімді ұйымдастыруға негіз болды. Қазақстанның жер-су атаулары ұлттық тіл мен этникалық мәдениеттің құрамдас бөлігі ретінде танылып, халықтың тарихи жадынан үлкен орын алды. Жер-су аттарының тіл білімі, тарих және география секілді ірі үш ғылым саласының түйіскен жерінен шығуы оның күрделі сала екенін көрсетеді.
Қостанай облысының топосистемасы осы уақытқа дейін тіл жөнінен жете зерттелген жоқ. Бұл аймақтағы топонимдер басқа түркі тілдес республикадағы топонимдермен лингвистикалық, әрі құрылымдық жағынан салыстыра берілді. Сонымен бірге Қостанай облысының топонимиясы жергілікті халықтың тұрмысымен, өткен уақыттағы көшпелі өмірімен, мал шаруашылығымен, аңшылықпен тығыз байланысты, және осы аймақта тұратын халықтың айнала қоршаған ортаны, жер бедерін көрсететін түсініктермен ұштас жатыр. Бұл жұмыста топонимдер, кейбір даулы топонимдердің этимологиясы түрік-монғол тілдерімен салыстырмалы түрде берілген. Олар архивтік материалдарға сүйене отырып талданды
Жұмыста ежелгі замандағы, орта ғасырдағы және қазіргі топонимдер беріліп отыр.
Облыстың топонимдері XVI ғасырдан бастап XX ғасырдағы ғалымдардың еңбектеріндегі тарихи-географиялық, топографиялық деректермен толықтырылып берілген.
Жұмыстың өзектілігі. Топонимдерді зерттеудің ғылыми маңызы жоғары. Жер, су, теңіз, өзен, көл, таулардың жалқы атаулары сол жерде ертеде өмір сүрген халықтың тілінен алынған. Бұл атаулар әлгі халықтар басқа жаққа кетіп, орнына басқа халық келсе де, алғашқы қалпында сақталып, ғасырлар бойы өмір сүреді десек, тарихы күрделі қазақ қоғамының құрамдас бөлігі болып табылатын Қостанай облысы аумағындағы географиялық атаулардың да тарихы тереңде жатыр. Зерттеудің өзектілігі Қостанай облысының топонимиясы тілдік тұрғыдан арнайы зерттелгенімен осы аумаққа қатысты арнайы географиялық топонимдер жайлы зерттеулер жүргізілген жоқ.
Мақсаты: Қостанай облысының топонимиялық кеңістігінің қалыптасу заңдылықтарын зерттеу және географиялық атаулардың қалыптасуын анықтау. Жер-су атауларының пайда болу ерекшеліктеріне тоқталу.
Негізгі зерттеу міндеттері:
* Қостанай облысы топонимиясының қалыптасуының тарихи-географиялық жағдайларына талдау жасау;
* Нақты деректер негізінде Қостанай облысының табиғат жағдайларының географиялық атауларында бейнелеу заңдылықтарына талдау жасау;
* Топонимикалық атаулардың қалыптасуында халықтың тұрмыс-тіршілігі мен шаруашылығының тигізген әсерін нақтылау;
* Жер-су атауларының пайда болу барысында белгілі бір заңдылықтардың бар екенін көрсету;
* Облыстағы қазіргі топонимикалық атауларды қолдану барысында күрделі мәселелер бар екеніне тоқталу;
* Аумақта кездесетін географиялық және халықтық географиялық терминдерді жүйелеп топтастыру;
* Аумақ топонимдерінің қазіргі кездегі жай-күйі, ондағы мәселелерді шешу жолдарын көрсету.
Зерттеудің теориялық негізі тақырып мәселесі бойынша Қазақстандағы, сондай-ақ, жергілікті авторлардың ғылыми-зерттеу еңбектері және ғасырлар бойы қазақ халқының жергілікті географиялық жағдайға өмір сүруге бейімделу барысында пайда болған таным-білімдерінің нәтижесі болып табылады.
Зерттеу жаңашылдығы: Қостанай облысының топонимдер жүйесі тарихи тұрғыдан арнайы зерттеліп, аумақтың табиғат жағдайларын бейнелейтін ақпарат көзі ретінде географиялық, экономикалық тұрғыда сипатталды. Жұмыста табиғи орта мен географиялық атаулардың өзара байланысы және топонимдердің табиғат жағдайларын бейнелеу заңдылықтары жөнінде тұжырым жасалды. Ізденіс жұмысы табиғи нысандарды, жергілікті жер-су атауларын айқындайтын арнайы құжаттар мен мәліметтерге, аймақтағы табиғатты зерттеушілердің тың деректеріне сүйене отырып құрастырылған.

1. Топонимжасамдағы географиялық принц

Топонимика - географиялық атаулар туралы ғылым (Е.П. Поспелов) деген анықтаманың өзі бұл екі саланың ажырамас бірлікте болатынын көрсетеді. Топонимика қазіргі кезде дербес ғылым саласы ретінде қалыптасып қалғанымен, ол әуел бастан тіл білімі, тарих және география ғылымдарына тәуелді болып келеді. Жер-су аттары осы аталған үш саланың да зертеу нысанасы болып саналады. Соның ішінде география - жаратылыстану ғылымына жататындықтан, атау мен нақты реалийді бірге қарауға мүмкіндік береді.
Г. Шухардттың зат-алғашқы, сөз-соңғы деген пікірін бізді қоршаған дүние (болмыс), оны география деп атаса да болады, алғашқы, бар нәрсе, ал сөз (атау) соңғы деп түсіну қажет. Ендеше географиялық нысан болмаса, онда оның аты да болмас еді деген қорытынды шығады.Лексиколог-ғалым, доктор А.Б. Джонсонның тастың шын, бар нәрсе екенін аяғымен теуіп көрсету арқылы дәлелдегені мәлім [1; 19].
Алайда топонимика ғылымын құрайтын үштағанның (тіл, тарих, география) біреуіне, көбінесе тіл біліміне, артықшылық беріліп жүргенімен, қалған екеуін төмендетуге болмайды. Топонимиканың көптеген мәселелері таза тіл білімі тұрғысынан шешіле бермейді, үнемі экстралингвистикалық зерттеулерге жүгінуге тура келеді. Бұл, өз кезегінде, топонимикамен айналысатын адамның тарихты да, географияны да, олардың құрамдас бөліктеріне дейін жақсы меңгеруін талап етеді. Бір ғана топонимнің этимологиясын ашып көрсету барысында үш сала жарыса араласып отырады. Мысалы, Арыс (Арыш) - көне жазбаларда Түркістанға жақын ағатын өзеннің аты. Арыс гидронимін С.П. Толстов, А.Н. Бернштам көне арси этнонимімен салыстырады. В.Н. Попова атаудың бірінші сыңары үндіевропа тіліндегі ар су, өзен мағынасын беретін сөз дейді де, екінші сыңары ас су, өзен мәніндегі кең тараған гидроформант дейді [2; 66]. Ә. Байбатша арыс сақ тайпаларының бірінің аты екенін айтады [3; 42]. Б.А. Байтанаев ортағасырда осы өзен бойында салынған Арсубаникет қаласының атындағы ас сыңары түрк.су болып калькаланатынын айтады (ар+су). Сонымен бірге XIV-XVI ғасырларда Арсубаникет Қарасман (Қараспан) аталғанын және А.М. Щербактың Арас, Арсу, ҺарасКарас нұсқалары болған деген пікірін келтіреді [2; 66].
Зерттеушілердің барлығы Арыс гидронимінің екі сыңары да су, өзен мағынасын беретінін мойындайды, бірақ екі сыңары да бірдей мәнде тұратын топонимдер күдік тудырады. Біздің ойымызша, атаудың бірінші сыңары ар көне түркі тіліндегі таза, мөлдір мағынасында тұр ару, аршу сөздері секілді) [4; 171]. Ал екінші сыңары ысісс фин-угор, түркі тілдерінде су мағынасын беретіні дәлелді. Сонда Арыс таза, мөлдір су мәнді гидроним болғаны. Кейінгі атауы ҚарасманҚарас та бұл пікірді нығайта түседі, өйткені қаз. қара таза, мөлдір+ас су екені белгілі. Қарасу аталған өзендердің барлығы дерлік мөлдір сулы болып келетіні біздің алдыңғы зерттеулерімізде дәлелденген еді [5; 94]. Арыстың басқы ағысы, тіпті болмағанда Ақсу өзені құятын жерге дейін, таза болуға тиіс, өйткені Ақсу атты өзендердің көбінесе лайлы болып келетіні тағы рас.
Қазіргі кезде ономастика тұтас тіл білімінің лексикология бөліміне қарағанмен, тілдің басқа салаларынан, мәселен фонетика, морфология, лексиканың өзінен, ерекшеленіп тұратын кешенді сала деп танылады. Географиялық оқулықтарда, карталарда жер бедері жан-жақты сипатталып, нақты көрсетіліп беріледі де, топонимдер тек таңба ретінде ғана қолданылады. Мысалы, Тұран ойпаты, Бетпақдала, Мұғалжар тауы т.б. Тарихшы болса, осы аталған жерлерде кімдер тұрды, олар не істеді деген сұрақтарға жауап іздейді. Сонда географ та, тарихшы да жалқы есімдерді қосымша, жанама түрде пайдаланады. Ал атаудың этимологиясын ашу, орфографиялық нормасын сақтап жазу, құрылымын талдау сияқты жұмыстар тікелей филология ғылымының аясында қаралады. Кеңес дәуірінің ғалымы Б.В. Горунунгтің: Жалпы алғанда барлық жалқы есімдер тілдің сөздік құрамының бір бөлігі және тілдік пән ретінде лексикологияның қарайтын саласы болып табылады. Тілшілердің топонимдерді ешкіммен бөліспей-ақ тек өздері ғана зерттейтін құқығын қалайша жоққа шығаруға болады? - деп жазуы осыдан келіп шығады [6; 37].
География ғылымы табиғи нысанды сипаттап, зерттеп беру арқылы, сөз жоқ, тілші-ғалымдарға тілдің аясынан тыс, бірақ аса қажетті мәліметтер береді. Мәселен, тілші Мұғалжар оронимінің мағынасын анықтау үшін, ол тауды барып көруі керек, болмаса географиялық сипаттамасына сүйенуі керек. Топонимика кешенді ғылым болғандықтан, тек тілдік тұрғыдан ғана қарастырып, сыртынан тон пішу ғылыми әдіске жатпайды. Сонымен, Мұғалжар тауының географиялық сипаты мынадай: Мұғалжар Орал тауының оңтүстігінде, Қазақстан жеріндегі табиғи жалғасы болып табылады. Мұғалжар тауының Орал тауынан айырмасы - оның шығыс беткейі көлбеу де, батыс беткейі тік болып келеді... Мұғалжар оңтүстікте төбелері тегіс аласа қырқаларға және жеке дара тұрған Шошқакөл таулы бұйратына жалғасады. Сарыарқа сияқты Мұғалжар да шөгінді және магмалық жыныстардан түзілген ежелгі таулы өлке (астын сызған - біз) [7; 63].
Тілдік тұрғыдан келгенде, атаудың бірінші сыңары мұқмоқмоқал-комалый (тұқыл, мұқыл) [4; 238] туынды түбірі мұқалған, мүжілген, аласа мағы-наларын береді. Ал екінші сыңары кәдімгі жар (жарқабақ) сөзі тау орографиялық терминін ауыстырып тұр, өйткені таудың шығыс беткейі көлбеу де, батыс беткейі тік (жарлы) болып келеді.
Сонымен, МұғалжарМұқалжар (Моқолжар) оронимі аласа, мұқыл, мұқыр жар(тау) деген ұғым тудырады демекпіз. Атауға уәж болып тұрған екі белгі бар: бірі - оның мүжілген, ескі тау екені, екіншісі - таудан гөрі жарға ұқсауы.
Топонимжасам барысында, егер бұрынғы аты ұмытылған (мүлде ат қойылмаған табиғи нысан жер бетінде қалмады десе де болады) немесе кірме атауды алмастыруды талап ететін географиялық нысан кездессе, ол жерді физика-географиялық тұрғыдан жан-жақты зерттеу қажет. Көшпелі халықтар жер-суға ат бергенде ұлттық, кәсіптік менталитетін пайдаланған және бір ғажабы қазіргі географиялық зерттеулермен салыс-тырғанда бірдей сәйкес келіп жатады. Ал географиялық нысандар көп өзгеріске түспейтінін ескерсек, ол жердің ерекше бір белгісін тауып, жаңа ат қойғанда, бұрынғы ұмытылған атауға сәйкес келіп қалуы да мүмкін. Бұл мүлде тарих қойнауына кеткен топонимді қайта өмірге әкелу деген сөз.
Географиялық нысанды жан-жақты зерттеу керектігінің тағы бір себебі - бір заттың бірнеше ерекше белгісі болатыны сияқты, табиғи нысанның да бірнеше белгісі болады. А.В. Суперанская жаңа таңдап алынған атау сол жаңа заттың мінездемесін беретінін айта келіп: ... Бірақ біз бір шағын төбені Корявый торчок деп атасақ, сол маңдағы дәл сондай екінші төбені тағы да сол атпен атай алмаймыз. Ол төбенің екінші бір белгісін байқаған басқа адамдар басқаша атау береді, - дейді [8; 239].
Біз Шығыс Қазақстан облыстық Ономастикалық комиссиясының мүшесі ретінде географиялық нысанның бірнеше белгісін салыстыра қарап, біреуін екшеп алу тәжірибесін бірнеше рет пайдаландық. Мәселен, Катонқарағай ауданындағы Черновая ауылының атын ауыстырғанда, орыс қоныс аударушылары таудан ағып түсетін қара сулы өзенді Черновая деп атағанын анықтадық. Тікелей аудару (калька) арқылы Қарасу атын ала салуға болатын еді, бірақ облыс көлемінде бірнеше Қарасу атты ойконимдер бар болып шықты. Ал атаулардың жиі қайталануы топонимнің қоғамдық қызметін қиындатып жіберетіні белгілі. Ол өзеннің тарихи атауы Шу болған деген дерек те бар еді, өкінішке орай Шу өзені, қаласы Қазақстанда бар болғандықтан, тағы қайталауға ұшырамауды көздедік. Ауылдың жанында қыста қар тоқтамайтын, желді Қарадала жер телімі бар болатын. Қарадала атауын жергілікті тұрғындар қолдамады (көпшілік қауымға атаудың нысанға сәйкестігі емес, әдемі, жарқырағаны қажет екен). Елді мекеннің тағы бір ерекшелігі ауылдың Бұқтырма өзені жағында көптеген қайнар, тұмалар бар болатын. Сол белгісі ескеріліп, ауыл атын Аққайнар деп ауыстыру туралы ұсыныс түсті. Сонда біз аталмыш елді мекеннің төрт түрлі ерекшелігінің біреуіне тоқтадық: 1) Қарасу - қыста қатпайтын мөлдір сулы шағын өзен; 2) Шу - бұл көне түркі тіліндегі су (М.: хак. чул су) болуы мүмкін немесе малдың шуына ұқсас шұбалаңқы, ұзын өзен; 3) Қарадала - қыста қарын үрлеп кететін желді жер; 4) Аққайнар - қайнар, тұмасы мол жер.
Адамдар дүниеге келіп, ат қойылады, жаңа заттар жасалып, оларға атау беріледі, бірақ енді жер өспейді, ашылмаған жаңа жер қалған жоқ. Адамзатқа мәлім құрлықтағы барлық топоним ойдағыдай қойылды деп айту қиын. Мәселен, ағылшынның атақты теңіз саяхатшысы капитан Джеймс Кук жолында кездескен аралдардың кейбіріне дәл атау беріп отырса, кейбіреуіне кездейсоқ атау бере салатын болған. Ол өз күнделігінде бір мүйіске тұлғасына қарап Тейбол-Кейп (Үстел мүйіс), - деп, енді бір аралға пиязға ұқсас жартасына қарап, Боу-Айленд (боу-пияз, айленд-арал), - деген атау бердім дейді. Ал Ульета, Отаха, Балабола аралдарының атын аборигендер қойған екен, басқа ат беруге болмайды деп шештім, - деп жазады. Бұлар теңізшінің өте дұрыс шешімдері еді. Енді бір мүйісті Хикстің мүйісі деп атадым, өйткені оны бірінші болып лейтенант Хикс байқап қалған болатын десе, тағы бір мүйісті түтін шығып жатқан соң, Смоки-кейп (Түтінді мүйіс) деп ат қойдым, - дейді [9; 36].
Азияны, Сібірді аралаған алғашқы саяхатшылар, геологтар қаншама топонимді қалтасынан суырып қоя салғаны карта беттерінде сайрап тұр. Мысалы, Сібірді зерттеп жүрген орыс геологтары экспедиция құрамындағы әйел адамның екі жасар қызының туған күніне тұтас бір тауды сыйлап, Татьяна атын бере салады. Ол жер қазір ресми түрде Татьянинское деп аталады [9; 45-46]. Таудың жергілікті халық қойған аты бар екені экспедиция мүшелерінің ойларына да келмеген.
Мұндай кездейсоқ атаулар Қазақстанда да толып жатыр. Кірме, кездейсоқ, саяси, кісі есімінен қойылған жер-су аттарын ауыстыру барысында қаншама қателіктерге кездесіп отырмыз. Мәселен, Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданындағы Южный ауылын Жаңатілекдеген атауға ауыстырды. Уәж: 1930-шы жылдары осы жерде Жаңатілек колхозы болған. Жарма ауданының орталығы Георгиевка кентінҚалбатау деп атауға шешім шығарылды. Оның тарихи атауы - Былқылдақ "сазды, былқылдақ жер" көпшілікке ұнамайды-мыс. Жарма ауданындағы Новореченск ауылын Жаңаөзен деп жолма-жол аудара салу, Ұлан ауданындағы Завидное аулына жанындағы Айыртау тауының атын қоя салу, әрине, жергілікті әкімшіліктерге басты қатырмайтын ең оңай жол болып табылады.
Біз ұсынып отырған геогра-фиялық принцип осындай келеңсіз, сауатсыз атауларды болдырмауды көздейді. Оның негізгі талабы - топоним жасау барысында географиялық нысанның табиғи жағдайын, жер бедерін толық зерттеп алу. Ол мақаланың басында айтылып өткен атау затқа қарай беріледі принципімен үндесіп жатыр, өйткені біз затты атауға қарай икемдей алмаймыз.
Жер бедерінің әртүрлі болып келуі, әрине Қазақстан топонимикасының құрамына да әсер етеді. Қазақстанның геотопонимдік жағдайын көрнекті ғалым Ғ. Қоңқашпаев кезінде дәл сипаттап берген еді: Қазақстанның алуан түрлі табиғаты: солтүстіктегі орманды далаларынан бастап оңтүстіктегі шөл далаларына дейін, оңтүстік-шығыстағы тік ауқымды биік таулары, барлығы шаруашылық жүргізудің, сондай-ақ көшпелі мал шаруашылығы тәсіліне әсер етті... Сондықтан да Қазақстанның алуан түрлі табиғатымен, ең алдымен шөл дала және таулы ландшафтармен байланысты қазақ терминологиясы өте бай, алуан түрлі болып келеді [10; 7-8].
Соған қарамастан көптеген ғалымдар Қазақстан топожүйесінің біршама біртектес болып келетінін мойындайды. Мәселен, В.А. Жучкевич республиканың кең аумақты қамтып жатқанын айта келіп: Алайда, Қазақстанның барлық аймағына тән бір ортақтық бар. Ол ортақтық барлық аймақта қазақ топонимдерінің бар болуы, - дейді [11; 234]. Расында да, Қазақстанның барлық аудандарында қазақ атаулары кездескенімен, олардың үлес салмағы, ареалы, тығыздығы әртүрлі болып келеді. Атау жасауға қатысатын географиялық терминдер біркелкі болмайды. Біздің мақсатымыз еліміздің географиясын түгел қайталап шығу емес, дәл осы географиялық терминдердің таралуына көңіл бөлу. Топоним жасау барысында әр ландшафты айқындап тұратын жергілікті географиялық терминдерді ескермесе болмайды.
Географиялық термин (қысқаша ГТ) - белгілі бір географиялық объектіні және географиялық ұғымдарды білдіретін сөз. Мысалы, қаз. өзен, көл, тау, саз, қала, ауыл т.б. Географиялық терминдер көбінесе топонимдер құрамына кіреді немесе топоним функциясында дербес қолданылады. Мысалы: Алатау, Ақөзен [12; 76]. Географиялық термин ұғымы тіліміздегі жалпы есім, апеллятив, номен, номенклатура, топонимикалық термин ұғымдарымен барабар қолданыла береді. Бұлардың барлығы жалқы есімдерге қарсы қойылады. Жалқы есім нақты затқа, нысанға берілетін атау (оним) болса, жалпы есім нақты затты емес, сол зат кіретін класты жалпы атайды. Мысалы, тау - бүкіл тауларды атап тұр, яғни жалпы есім, ал Алатау - жеке таудың аты, яғни жалқы есім. Екеуі тығыз байланысты және біріне-бірі айнала алады. Жалпы есімдер жиі және кең қолданысқа еніп немесе нақтыланып барып жалқы есімге айналады (онимденеді). Мысалы: тақыр - өсімдігі аз, жазық жерлер. Тақыр - Шығыс Қазақстандағы елді мекеннің аты. Керісінше жалқы есімдер нақты бір нысанды атау функциясын кеңейтіп барып, жалпы есімге өтіп кетеді (деонимденеді). Мысалы: Қарасу - нақты өзеннің аты, қарасу - қыста қатпайтын жерасты суларының жалпы аты.
Атаулар жасау барысында онимдену, деонимдену құбылыстарын орынды пайдаланып отыру керек. Мұнда жалпы есімдердің жалқы есімдерге айналуы сирек кездеседі. Егер жазық жердегі жалғыз тауды Тау деп атауға болатын болса, таулы жерде Тау оронимі жеке қолданылмайды. Оны басқа таулардан ажырату үшін, ерекше белгісін көрсету қажет болады. Мысалы: Айыртау, Үшкіртау т.б. Ал жалқы есімнің географиялық терминге айналуы ұзақ уақытты талап етеді.
Географиялық терминдер ландшафтың ерекшеліктерін біл-діретіндіктен, географиялық орта, әсіресе, топонимдерде айқын көрінеді, - дейді А.В. Суперанская [8; 39]. Барлық тілдердегі сияқты қазақ тілінде де өзіне тән, өз қажетін өтеуге жетерлік географиялық терминдері бар. Ғ. Қоңқашпаев, Е. Керімбаев, Ш. Дәулетқұлов, Ғ. Ермекбаевтардың ғылыми еңбектерінде 150-200 шамасындағы апеллятив қолданылса, 2002 жылы жарық көрген Инструкция по русской передаче казахских и казахской передаче русских географических названий Республики Казахстан атты кітапшада 730-ға жуық географиялық терминдер мен жалпы есімдер берілген [13; 26-63]. Бұл апеллятивтер қазақ тілді топонимдерді жасауға белсене қатыса отырып, лексикамыздың біршама тұрақты бөлігін құрайды. Олардың тұрақты болатын себебі де сол - өздері белгілеп тұрған болмыс, табиғи нысан салыстырмалы түрде тұрақты болып келеді. Сондықтан географиялық апеллятивтерді зерттеу халық пен оның тілінің тарихын қарастыруда үлкен мәнге ие болады, - дейді Л.В. Дмитриева [14; 130]. Осындай өзіндік ерекшеліктеріне байланысты оларды халықтық геогра-фиялық терминдер деп атау қалыптасқан.

0.1. Аймақтарға тән географиялық терминдер

Географиялық терминдер табиғи реалийді білдіре отырып, ландшафтар бойынша шоғырланған сипатта болады. Кез келген аумақтың жер бедері бірдей болмайтындықтан, терминдер де өзіндік ареалдар құрайды. Осы ерекшелік географиялық атаулардың алуан түрлілігін туғызады. Біз ендігі кезекте Қазақстанның қай аймағында қандай апеллятивтер жиі кездесетінін саралап өтеміз, өйткені топоним жасау барысында географиялық терминдерді пайдалануға ыңғайлы болады:
1) Алдымен Қазақстанның биік, орташа, аласа таулы үстірті орналасқан аймақтарына тән географиялық терминдерді қарастырамыз. Таулы ареал Алтай, Сауыр, Тарбағатай, Жоңғар Алатауы, Алатау (Тянь-Шань), Қаратау, Ұлытау, Көкшетау, Қарқаралы, Баянауыл, Шыңғыстау өңірлерін қамтиды. Таулы зонаға мынадай географиялық терминдерді (олардың көбі орографиялық терминдер болып келеді) жатқызуға болады: ағаш, айғыр, айдар, айналма (тау жолы), айыр, айрық, алаң, аңғар, арт (көне түркі. асу), арна, асқар, асу, асы, ауыз, аша, бас, бауыр, бел, бет, беткей, биік, бөктер, бөрік, бура, даба, дабан (моңғол. асу, кезең), дара, дарбаза, дөң, дулыға, дің (Қарадің), егіз, емел (моңғ. эмээл ер), емшек, есік, етек, ешкі, жайлау, жайпақ, жал, жалпақ, жамбас, жартас, жарық, жоғарғы, жон, жота, жуан, жылға, жыра, жырық, заңғар, ирек, кезең, кемер, кереге, күнгей, қабақ, қабырға, қайқаң(кейкең), қалқа, қапшағай(моңғ. хавцгай шатқал), қара(тау, төбе), қаратау, қия, қобы, қожыр, қойнау, қойын, қолат, қолтық, қорым, мұзарт, мұздық, мұзтау, мұрын, мүйіс, найза, науа, оба, ой, ола (моңғ. уул тау), орай (моңғ. орой тау басы), орқаш, орман, өр, өркеш, сай, сала, сан (парсы. сэнг тас), сандық, сантас (сынтас), сарқырама, сарымсақ, саты, сауыр, сеңгір, сораң, суыр, сүмбе (моңғ. сумбэр биік шың), сырт, таған, тазтау, тар, тарбаған (моңғ. суыр), тас, тау, таулы қырат, теке, тепе (түркім., өзб. төбе), теріскей, толағай (моңғ. толгой бас), томпақ, төбе, төбешік, төр, төс, төскей, тұйық, тұмсық, тұран, түйе, түйемойнақ, түрген (моңғ. түрген ағынды), тік, үкек (моңғ. ухэг кебеже), үйдене (моңғ. уудуд су ағып шығатын жартас), үлкен, үңгір, хамархамир (моңғ. мұрын, мүйіс, тұмсық), шағыл, шажа (тау басы диалект.), шақпақ, шаңырақ, шат, шатқал, шатыр, шоқы, шымылдық, шың, ық, ылди, ірге т. б [13; 26-66 ].
Тізімдегі географиялық терминдер көбінесе анықтауыш + ГТ моделі бойынша атау жасауға қатысып, соңғы позицияда тұрады: Сарыалқа, Ақбауыр, Мұзбел, Қарабөрік, Алтынемел, Қарасенгір, Қызылтас, Сұлутөр т.б. Сонымен бірге тау аттарын білдіруге анықтауыш ретінде қатысатын терминдер мен жалпы есімдер болады. Олар әдетте алдыңғы позицияда келеді: Айыртау, Айғыржал, Егізқара, Жалпақтас,Жуантөбе т.б. Кейде бір термин екі позицияда да тұра береді: Төрқуыс, Сұлутөр, Таскезең, Керегетас т.б.
Терминдер қосымшалы топонимдер жасауға да қатысады: Қаратастың биігі, Қайрақты, Қалқалы, Томпақша, Қыраш, Арқалық, Тастақ т.б. Бұл мысалдар географиялық терминдердің атау құрамындағы орны мен қызметін көрсету үшін ғана беріліп отыр, ал толық жасалым жолдары келесі тарауларда баяндалады.
2) Дала және орманды дала зонасына Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының солтүстігі, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары, Павлодар және Семей қалаларының маңы жатады. Бұл аймаққа тән жер бедерін білдіретін мынандай географиялық терминдер мен жалпы есім сөздер бар: ағаш, ақбайтал (боран диалект.), ақсай, аңғар, арна, ашық, ащы, әупілдек, байтақ, байыр (жатаған төбелер диалект.), бақа, бақанас, балқаш, балық, бастау, батпақ, бидайық, боз, бор (орыс. орман), боралдай (моңғол. жусан), боран, бұйрат, бұта, былқылдақ, дала, дауыл, дешт (парсы. дала), диқан, диірмен, домбақ, доңғал, дөң, дөңгелек, егін, егіндік, еспе, жаға, жазық, жайдақ, жайқын, жайма, жайық, жайылма, жал, жалаңаш, жалтыр, жар, жарма, жасылкөл, жел, жер жиде, жиек, жоса, жусан, жылға, жылым, жыңғыл, жыра, изен, иірім, кебір, кемер, кендір, кең, кешу, кит (моңғол. монастрь, пұтхана), киік, көгал, көкпек, көл, көлтабан, көмей, көтерме, күп, қағыл, қайың, қайыр, қақ, қайрақ, қамыс, қаңбақ, қараша, қараағаш, карағай, қараған, қарасу, қарасуық, қоға, қопа, қорыс, қотан, құба, құлан, құрақ, қырқа, қырман, майдан, мола, мұқыр, нұра, ой, ойпаң, ойпат, ойыл, ойыс, ор, орман, өзен, өлең, өңір, өткел, сабыр, саға, саз, сайын дала, саралжын, сары, сарыарқа, сарыдала, сарысу, сахара, сор, сораң, сортаң, суат, тақыр, тал, там, тарам, татыр, тегіс, тегістік, тоғай, томар, томпақ, төбешік, тұз, тыңжер, ұсақшоқы, үйік, үстірт, худзырқожыр (моңғол. қақ), шабарты, шағыр, шалғын, шалқар, шалшық, шаң, шет, ши, шоқ, шоқалақ, шоқат, шортан, шұбар, шұқанақ, шым т.б.
3) Шөлейт және шөлді зона. Шөлейт зонасы Зайсан ойпатынан бастап, Сарыарқаны (Орталық Қазақстан) қоса отырып, Ақтөбе, Орал облыстарының оңтүстігін қамтиды. Аталған аймақтардан оңтүстікке қарай жылжыған сайын шөл зонасына ауыса береді. Атап айтқанда, Алакөл, Балқаш бассейндері, Талдықорған, Алматы қалаларына дейінгі далалы аймақтар, Шу, Сырдария аңғарлары мен Арал теңізін айналып, Маңғыстау түбегі енеді. Шөлейт және шөлді табиғат зоналарына, көбінесе мынадай географиялық терминдер мен жалпы есімдер тән болып келеді: айтақыр, аққұм, апан, арна, арық, ауыт (әуіт кішкене тоған, диалект.), ащы, барқан, бөген, бұйрат (құм), дауыл, еспе (құм), жазық, жайдақ, жалаңаш, жел, жыңғыл, кебір, келте, көтерме (дамба), қайыр, қақ, қарақұм, қауға, қобы, қу, құба, құдық, құлақ, құлан, құм, құмайт, құмақ, құмдақ, құмдауыт, құмдасын, құмқайыр, құры, құрық, құю (құдық диалект. ), қызылқұм, лай, мақта, орпа, сахара, сексеуіл, соқыр, сор, сораң, сортаң, суат, сүтті құдық, тақыр, татыр, татырау, тоған, тұз, үрме (көшпелі құм төбелер), шағыл (құм), шағыр, шақат, шалшық, шаң, шеген, шеңгел, ши, шоқат, шөл, шөлейт, шұрат, шығыр, шыңырау (құдық), ыстық т.б.
Қазақстанның жер бедерін үлкен үш типке бөліп қарағанымызбен, географиялық терминдер қатаң үш топқа бөліне қоймайды. Жоғарғы топтастыруда да шарттылық бар. Өйткені бір табиғи зонаның ішінде басқа зонаның да белгілері кездесіп отырады. Мәселен, Шығыс Қазақстанда құмды, сортаң, далалы, шоқылы, таулы рельефтер кездеседі. Осы мәселеге байланысты Б.А. Будагов өзінің зерттеулерінде топонимдерді таралу ауқымына қарай 3 категорияға ажыратады:
А) локальды (жергілікті) топонимдер, олар ландшафтың бір тұрпатына (типіне) ғана сәйкес келеді;
Ә) тұрпатаралық топонимдер: олар ландшафт тұрпаттарының аралық зоналарында таралады;
Б) ортақ топонимдер: олар ландшафтардың көптеген тұрпаттарына тән болады [15; 7].
Алайда географиялық терминдердің басым көпшілігі жер бедеріне қарай шоғырланатыны айқын байқалады. Мәселен, В.А. Жучкевич ол туралы былай дейді: Орта Азия мен Қазақстан суға кедей. Қай жерде су болса, сол жерде өмір және елді мекен бар. Керісінше сулы Балтық бойында су мол. Бірақ дәл Орта Азия мен Қазақстанда көптеген жер-су аттары сумен байланысты болып келеді; Балтық бойында мұндай атаулар аз. Бұл Орта Азияда су - ерекше белгі екендігімен түсіндіріледі [15; 20-21 ].
Қорыта келгенде, жалпы есімдер географиялық атаулар жасауда аса маңызды рөл атқаратындықтан, оларды әр аймаққа тән ерекшеліктерін ескере отырып, атауларды реттеуге, ауыстыруға, жаңғыртуға, жаңадан жасауға орынды пайдалана білу қажет демекпіз.

2. Қостанай облысындағы табиғат жағдайларын сипаттайтын жер-су
аттарының ерекшеліктері

Бұрын да және қазір де Қостанай облысының жер - суының атауы әр кезде де сөз болып, оның шығу төркінін білсек деген ниет қойылып отыр. Қазақ халқының атам заманынан орнығып, өмір сүріп жатқан жерінің аумағы қандай көлемді де, кең екені бәрімізге мәлім. Қостанай облысындағы өзен, кол жер бедеріне меншіктелген атаулардың мыңдап саналатыны белгілі. Ертеде өткен ата-бабаларымыз солардың әр - қайсысына ат қойылып, айдар тағу жағынан жай ұқыпты ғана емес, шебер де тапқыр болғандығын байқаймыз.
Алға қойып отырған мақсатым - ғылыми ізденіс арқылы Қостанай аумағындағы бірқатар жер-су атауының сырын ашып. алғашқы мағыналарын ашу.
Аманқарағай - бұл Қостанай облысындағы Әулиекөл ауданының теміржол станциясы. Кейбір зерттеушілер мұны көне түрікше емен - қарағай мәніндегі атау - деп санайды. Ол Әулиекөл поселкісінен 5-6 шақырым жердегі қалың қарағайлы жер. Атаудың - аман және қарағай деген екі сөзден пайда болғандығы белгілі. Алғашқы аман сөзі біздің тілімізде де жиі қолданылады. Алайда оның төркіні - араб тілі. Онда аман сөзінің екі түрлі мағынасы бар: біріншісі - қауіпсіздік; тынжитық; екеншісі- рақымдылық, мейірімділік. Біріккен сөздің екіншісі - қарағай. Бұл - емен, қайың терек сияқты, ағаштың бір түрінің аты. Қарағай сөзінің өзінде екі сөздің қосындысы деп қарауға мүмкіндік мол. Алғашқысы - Қара (түске байланысты айтылатын сөз,) екіншісі - ағаш. Қосып айтсақ Қараағаш болып шығады. Қазіргі ұғымға сәйкес қазақшаласақ - қауіпсіздік қара ағаш немесе тыныштық қара ағашы болып шығады. [16;].
Арқа - батысы Торғай ойпатынан басталып, шығысы Тарбағатайдың батыс сілеміне дейін жалғасқан, солтүстігі Батыс Сібір жазығына, оңтүстігі Балқаш көліне ұласқан кең дала. Мұны Сарыарқадеп те атайды. Бұл тұралы әңгіме кейінірек болмақ. Ал қазір Арқа атауының бұрын қандай түсінік бергендігіне тоқталамын.
Арқа сөзінің бізге мәлім мағынасынан басқа да көптеген мағыналары бар.
Қазақ тіліне бір табан жақын қырғыздарда арка тұлғасы солтүстік, одан әрі якут тілінде арғғаа-батыс, батыс жақ, туваларда арга - бірде таулы, екінші жерді қылқан жапырақты ағаш, тунгус-маньчжур тобындағы тілдердің кейбіреуінде аргаа - батыс ол монғолдарда: ара + сөзі солтүстік сияқты ұғымдарды меншіктенеді. Осы мағыналардың ішінде мына жер атауы - Арқаға сәйкес келетіні батыс немесе солтүстік ұғымдары. Тарих шыңына бой ұрсам, түркі халықтарының көбірек шоғырланған қоныстанған мекені монғол даласы мен Алтай төңірегі деп танысам, мына сөз болып отырған жер, дұрысында да, олардың батыс, солтүстік жағында болғандығын аңғару қиын емес. Осымен байланысты бұл жерді сол кезде - ақ Арқа деп атаса керек. [17;]
Арқалық - Торғай облысының орталығы. Қала-орналасқан жерінің атауын меншіктенген. Бір зерттеушілердін пікірінше, жер атауы, мен жоғарыда көрсеткен солтустік, батыс, мағыналарын беретін арқасөзімен байланысты пайда болған. Мен бұған басқаша қарап, өзімше топшылау жасауды ұйғардым. Башқұрт тілінде арғышы сөзі таулы, ар арғышы урын тіркесі таулы жер деген мағына береді. Мұны хақас тілі дерегі қуаттай түседі. Оларда арғалығ дыбыстық құрамдағы сөздің екі түрлі ұғымы бар: 1) жоталы, 2) биік (жер туралы). Расында да, Арқалық қаласы мен Арқалық ауданының орналасқан жері үстіртті, шоқылы болып келеді: сол жерлерден боксит, қоңыр көмір кеңдері қазылып алынады. Шығыстан батысқа қарай аласара түсетін бұл қадірлі жерлердің теңіз бетінен биіктігі 250-300 метрдей болып келеді. Келтірілген тіл деректері мен жер бедеріне сүйене отырып, Арқалық өз атауын орналасқан жердің бедеріне байланысты иеленген. Дәлірек айтқанда, түркі тілдерінде ертеректе жоталы, үстіртті жерлер арқалық сөзімен аталған деуге болады.
Бүйрек - Торғай облысы, Жангельдин ауданында кездесетін жер атауы. Бұл өңірде Бүйректал деген де атау ұшырасады. Осы атаулар туралы пікір айтушылар бүйрек сөзін ертедегі түркі руларының бірі - бүйрекпен байланысты. Пікір иесінің бұл жорамалды қандай дерекке сүйеніп жазғаны беймәлім.
Менің шамалауымша, Бүйректал, Бүйрек деген атаулар жер бедеріне байланысты шықса керек. Қырғыз тіліндегі бөйрек сөзінің бір мағынасы - тау бөктеріндегі ойпан, еңіс жер. Егер мұны негізге алсам, Бүйректал - ойпақ жерге өскен тал, ал Бүйрек - тек қана ойпақ, ойпат, еңіс деген мағынаны аңғартады. [18;]
Қабырға - Торғай облысы, Жангельдин ауданы және Аманкелді аудандарының көлеміндегі өзен. Бірі - Жангельді ауданының оңтүстігі, екіншісі солтүстік жағында ағып жатады. Өзеннің бұл атауы жөнінде бірнеше жорамалға жол беруге болады. Біздің тілімізде қабырға - адам қабырғасы, үй қабырғасы деген мағына берсе, басқа түркі тілдерінде, әрігірек барсақ, тунгус-маньчжур тілдерінде өзгеше мағыналарға тап болады. Якут тілінде хабырға - жұтқыншақ, тамақ, алқым; ноғайларда кабырға - шет, шекара; татар-башқұрттарда кабыра - тау баурайы, қия қабақ; хакасша хабырға - шек, шет және тау баурайы іспеттес мағыналарда қолданылады. Тунгус-маньчжур тілдерінің кейбіреулерінде капурға тұлғалы сөз, біздің түсінігіміздегі сыну, бүліну, тозығы жету дегендерге нұсқайды. Осы деректерді сарайлай келіп, ой елегінен өткізгенде Қабырға өзенінің атауын татар, башқұрт, хақас тілдеріндегі Қия қабақ, тау баурайы сияқты мағыналарымен байланыста қараған қолайлы көрінеді. Өйткені, қандай өзен болмасын бастамасын биік, үстірт жерден шығатын бұлақ, су көздерінен алатыны мәлім. Демек, өзен атауы - өзі бас алып жатқан тау баурайының көптеген түркі тілдеріндегі ежелгі атауы - қабырға-мен байланысты туса керек. [19;]
Қорасан - Қостанай облысындағы Тобыл өзенінің бір саласы. Бұдан басқа мұндай атауды Батырлар жыры және ел аузындағы аңыз әңгемелерден ұшырастырамыз. Бұларда көбіне Қарасан тауы тіркесінде айтылады. Аты естер құлақтарға таныс, үйреншікті болғанымен, жеме-жемге келгенде, қорасан сөзінің дәл мағынасын әркім біле бермейді. Сөз төркініне түркі тілдерінен дерек кездестіре алмадық. Бірақ араб тілінде осы тұлғаға жақын, хорошун дыбыс құрамындағы сөз, қазақ тіліндегі - шың, биік тау екенін білеміз. Ал Тобыл өзенінің саласы Орал тауының бір биік шыңынан бас алғандықтан Қорасан аталуы ғажап емес.
Қызбел - Торғай облысы, Жангельді ауданы жеріндегі қырқа атауы.
Ел аузындағы аңыз бойынша, қыратты жерге алыстан қарағанда жатқан қыздың бейнесін елестетіп, орта шенінде жота жіңішкере келіп, қыз белін ұқсатудан Қызбел атауына ие болған. Қазақ совет энциклопедиясында - Қызбелтау болып аталған. Биіктігі 200 метрден астам ғана дөңес. Мұнда сарқырап ағып жатқан бұлақ суы да тапшы.
Осы сипатын еске ала және тілдік деректерге сүйене отырып, Қызбел атауының пайда болуына мынадай болжам айтамын.
Ертедегі түркі жазба ескерткіштерінде қыз сөзінің бірнеше мағынасы бар. Соның бірі - сараң, сығырдаң. Бізше Қызбел біріккен сөзінің біріншісіне осы мағына сәйкес көрінеді. Өйткені мұнда бұлақ көзі тапшы. Ал бел сөзіне келсем, ол қырат, төбе мағынасында тек бізде ғана емес, сарай, қойбол сияқты түркі тілдерінде де пел қалпында айтылып, төбе, төмпешік ұғымын иеленеді. Осыларға сүйене отырып, Қызбелді қазіргі түсінігімізге сәйкестесек, Сараң төбе болмақ. Жорамалым аталған жер табиғатына жуықтай түсер деген ойдамын.
Обаған - Қостанай облысындағы өзен, Тобылға құяды. Өзен атауының пайда болғандығы жөнінде пікір айту үшін мына бір тіл деректерін негізге алуға тура келеді. Түркі тілдері ішінде шор, сағай, қайбол тілдерінде оба тұлғалы сөз біздегі сияқты төбе, үйінді мағыналарында кездеседі. [20;]
Монғол тобына жататын тілдерде: қалмақта ова - тас үйіндісі, монғол тілінде овоолох - ою мағынасын білдіреді. Ал тунгус-маньчжур тобындағы маньчжурларда оба тау төбесіндегі шоқы, ал эвен тілінде оова ойпат, ойпаң жер, осы топтағы тілдің екінші біреуінде убгэн дыбыстық құрамындағы сөз - өзен табанында кездесетін тас мағыналарында ұшырасады. Обаған өзені ағып жатқан жерлерден тас үйіндісін немесе өзен табанынан тас кездестіру қиын. Осы ерекшелікті ескере отырып, өзен ағып жатқан жердің ойпаңдығын жорамалыма негіз етпекпін. Бұл ретте Обаған өзені дегеніміз Ойпат өзені болып түсіндірілмек.
Орсақ - Торғай облысы, Жангельді ауданының орталағынан оңтүстік бағытта 150 шақырым шамасында орналасқан жер аты. Қазіргі тілімізде бұл тұлғалас сөз кездеспейді. Алайда, басқа түркі тілдері туралы деректерден осы аттас жер, ру атауына тән сөздерді табамын. Хақастар мекендейтін төңіректе Арчақ сияқты жер атауы болса, қазіргі кезде тофалар деп аталатын халық ішінде Кида орчжак руы бар. Бірақ Торғай оңіріндегі жер атауын Орчжак руымен байланысты деуді жөн көрмедім. Сондықтан басқа деректерге бой ұрмадым. Түркі,монғол тобындағы тілдердің бір қатарында орсақ тұлғалас сөздер әр түрлі мағыналарға ұқсайды. Соларды көлденен тарта отырып, жер бедеріне негіз болатынын ғана іріктеп алдым. Түркі тілдері ішінде телеуіттерде орсок сөзі тістің сыртқа қарай шығып тұруы, солдақ деген мағына берсе, соғай тілінде орсах тіссіз ұғымына меңзейді. Монғол тобына жатын бурят тілінің жергілікті ерекшеліктерінің бірінде - орсохо ал монғол тілінде урсах дыбыстық құрамындағы сөздер ағу, ағып өту сияқты ұғымдарда қолданылады. Бұлардың қай-қайсысы болса да, мен әңгіме етіп отырған жер бедеріне дерек етіп алуға жарамсыз. Сондықтан ізденісті жалғастыра түссем, мына тәрізді деректерге кездесуге болады. Сағай тілінде арсак, пел сөздері тіркесе келіп, арсакпел қалпында біздің түсінігіміздегі - кішкене төбе, төмпешік ұғымын білдіреді, ал хақас тілінде арсах тұлғасы ойылы-қырлы мағынасын береді. Енді монғол тілі дерегіне жол берсем, оларда орсоих дыбыстық құрамындағы сөз хақас тіліндегіндей ойлы-қырлы мағынасына жолығады. Осы соңғы сағай тілінен монғол тіліндегі сөздер тек дыбыстық жағынан ғана емес, мағынасымен де мен сөз етіп отырған Торғай көлеміндегі жер бедерінің сипатына тіпті де алшақ емес. Осыған қарағанда орсақ атауы жер бедеріне байланысты туған деуге толық мүмкіндік бар.
Саға - Торғай облысы, Жангельді ауданындағы елді мекен атауы.
Саға сөзінің жер-су атауларына байланысты қазіргі кезде екі түрлі анықтамасы бар. Бірінші Қазақ совет энциклопедиясында - Өзеннің басқа өзенге, көлге, бөгенге құяр жері. Екіншісі Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде - Өзен, я болмаса тау сілемінің қабысып-түйіскен жері сөз тіркесінде сағаны - тау сөзімен байланыстыру, кейін бейнелеуден пайда болған туынды деп қаралады. Шындығына келсем, саға өзенмен ұштасып жатады. Тілімізде кейде саға сөзінің болмасы ретінде қолтық тұлғасы да қолданылады. Әрине, бұл ұқсату нәтижесінде келіп шыққан. Қазақ тілінде қолтық-тың нақты мағынасы - иықтың астынғы жағы екені белгілі. Біздегі осы қотық мағынасын монғол тілінде суга дыбыстық құрамындағы сөз меншіктенеді. Бұған қарағанда, біздегі саға монғолдардағы суга бір ғана дыбыстық өзгеріске ұшыраған (а - у) төркіндес сөздер. Бұл - саға сөзінің алғашқы мағынасы еместігіне тағы да бір тілдік дерек куә болғандай. Ежелден түркі тілдерімен туыстас монғол тілінде цуг тұлғасы біздің тіліміздегі қосу, қосылу сияқты түсініктерге меңзейді. Сол тілдегі қолтық мағынасындағы суга-ның түп-тамыры осы цуг болуы да мүмкін. Бұған адам денесіне қолдың қосылған жері - қолтық (бізде), суга (монғолдарда) аталуы айғақ болғандай. Шынында да, белгілі бір өзеннің теңіз, көлдерге келіп қосылуы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық географиялық терминдердің, өзге де кейбір сөздердің топонимдер құрамындағы мағыналық жүктемесі
Қостанай облысы аумағының топонимдеріндегі табиғат жағдайларының бейнелеу заңдылықтары
Қазақстан топонимиясы
Оңтүстік Қазақстанның геологиялық құрылысы мен жер бедерінің топонимияда бейнеленуі
Топонимдер сөздігі немесе топонимдер тізбегі
Ерте ортағасырлық топонимдер
Қостанай облысындағы жер-су аттары
Сарыарқа өңіріне тән оронимдер және орографиялық терминдер
Қазақстан топонимдері
Солтүстік Қазақстан аймағы топонимдерінің ерекшеліктеріне шолу
Пәндер