Қазақстанның биік таулы аймақтары



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

Қазақстанның биік таулы аймақтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.1 Қазақстанның биік таулы аймақтарына жалпы шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2. Қазақстаның биік таулы аймақтарының геоморфологиялық бөлінуі ... ... ...6

2. Қазақстанның биік таулы өлкесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
2.1. Алтай таулы өлкесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
2.2. Тәңір шыңы . Тянь.Шань ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
2.2.1 Тянь.Шань тауының ірі тау жүйелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.3. Сауыр.Тарбағатай тау жоталары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
2.4 Жоңғар Алатауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26

Пән: География
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Қостанай Мемлекеттік Педагогикалық Институты

Курстық жұмыс

Қазақстанның биік таулы аймақтары

Ғылыми жетекшісі: Баймағанбетова Қ. Т.
аға оқытушы

Қостанай 2008

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1. Қазақстанның биік таулы
аймақтары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.1 Қазақстанның биік таулы аймақтарына жалпы
шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2. Қазақстаның биік таулы аймақтарының геоморфологиялық
бөлінуі ... ... ...6
2. Қазақстанның биік таулы
өлкесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
2.1. Алтай таулы
өлкесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..9
2.2. Тәңір шыңы - Тянь-
Шань ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
12
2.2.1 Тянь-Шань тауының ірі тау
жүйелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
2.3. Сауыр-Тарбағатай тау
жоталары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.18
2.4 Жоңғар
Алатауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...19
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26

Кіріспе
Қазақстан жер беті жалпы алғанда жазық болып келеді. Тек
оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығысында ғана, басында мәңгі қары бар биік
таулар жатыр. Сондықтан Қазақстанның территориясындағы гипсометриялық сызық
бейнесінің солтүстікке және батысқа қарай өзгеріп, бірте-бірте
аласарайтынын байқауға болады.
Аймақтың қазіргі рельефінің қалыптасуына Орал-Тянь-Шань
геосинклиналының оңтүстік бөлігінің көтеріліп, құрлыққа айналу тарихымен
байланысты. Қазақстан территориясы геологиялық дәуірдің белгілі
кезеңдерінде не көтерілу, не шөгу процестеріне кенеліп отырған. Бұл фактор
аймақ территориясының орографиясына біршама ықпалын тигізді.
Аймақтың территориясының көп бөлігі ойпаттардан, жазықтардан,
үстірттерден және биіктігі 500 метрге жететін қалдық аласа таулардан
тұрады. Пайыздық үлесі бойынша Қазақстан территориясының тек 10% ғана биік
таулы облыстарға, ал қалған 90% жоғарыда көрсетілген геоморфология
бірліктерінің үлесіне тиеді. Республикадағы негізгі тау жүйелері Орта
Азияның басты тау жүйелерінің бір бөлігі: Алтай, Сауыр-Тарбағатай, Жоңғар
Алатауы және Солтүстік Тянь-Шань таулары. Және бұл таулар Орта Азия
тауларының бір бөлігі бола отырып, осы таулардың шеткі нүктелерінің
тізбектерін құрайды.
Жұмыстың негізгі мақсаттары мен міндеттері:
✓ Қазақстанның басты биік таулы облыстарының физикалық қасиетін, оның
табиғат ерекшеліктеріне, зоналық ерекшеліктеріне және аймақтық
орографиялық қасиеттеріне толық сипаттама беру;
✓ рельеф құраушы факторларды анықтап, олардың геологиялық тарихымен
байланысын көрсету;
✓ жұмыс арқылы экологиялық мәселелерді көрсете білу,
✓ тау етектерінде орналасқан қорықтарға жалпы сипаттама беру.

1. Қазақстанның биік таулы аймақтары
1.1 Қазақстанның биік таулы аймақтарына жалпы шолу

Орографиясы: Қазақстанның шығысында және оңтүстік – шығысында жатқан
таулы аймақтары Орталық Азияның шеткі тау тізбектерінің жүйесіне
жатады. Олар бір – бірінен едәуір кең тау аралық ойыстары арқылы
бөлінген жеке тау жүйелерінен тұрады. Бұл таулы аймақтар солтүстіктен
оңтүстікке қарай мынадай тау аралық ойыстармен кезектесіп отырады:
Алтай, Зайсан қазан шұңқыры, Сауыр- Тарбағатай, Балқаш-Алакөл ойысы,
Жоңғар Алатауы, Іле ойысы, Солтүстік Тянь –Шань, Шу –Талас ойысы,
Батыс Тянь –Шань.
Қазақстанның шығысындағы және оңтүстік – шығысындағы барлық тау
жүйелерінің кейбір жалпы орографиялық ерекшеліктері бар.
Біріншіден, бұл әрбір тау жүйелерінен батысқа және солтүстік-
батысқа қарай созылып жатқан үлкенді кішілі тарамдары (жоталары)
байқалады: Алтайдан, Қалба жотасы, Сауыр –Тарбағатай Қазақтың қатпарлы
өлкесімен жалғасады, Жоңғар Алатауынан Үшкөл жотасы, Солтүстік Тянь
–Шаньнан Шу –Іле таулары, Батыс Тянь –Шаньнан Қаратау жотасы. Осы
жоталардың бәрі де негізгі жүйеден қашықтаған сайын бірте –бірте
аласырып, жазықтармен ұласады. Бұл жоталар Альпі орогенезіне аз
ұшыраған. Олардың қазіргі бағыты (солтүстік, солтүстік – батыс) ежелгі
жоталардың орналасу бағытына сәйкес келеді, бұл жағдай Орал-Тянь –Шань
геосинклинальының жалпы ішкі байланыстығын көрсетеді.
Екіншіден, Қазақстанның шығыс, солтүстік-шығысындағы таулы өлкелердің
төменгі палеозой жыныстарынан құралған солтүстік бөліктерінде төбесі
тегіс биік тау қыраттары көп, ал жоғарғы палеозой жыныстарынан
құралған оңтүстік бөліктерінде тау қыраттары сирек кездеседі және олар
едәуір биік, ауданы жағынан кіші болады. Таулы өлкелердің барлық
жоталарының солтүстік беткейі көлбеу, оңтүстік беткейі тік келеді. Бұл
ерекшелік таулы өлкелердің солтүстік бөлігінің ертерек және бірнеше
рет көтеріліп, альпі тау жасалуында жалпы көтерілу күшінің
оңтүстіктен солтүстікке қарай баяулаумен байланысты. Республикамыздың
биік таулы аймақтарының орографиялық, ұқсастығы – тек жалпы ұқсастық.
Ал шынында, әрбір таулы аймақтардың өзіне тән орографиялық
ерекшеліктері бар.
Рельефі. Қазақстанның биік таулы аймақтарының қазіргі рельефі өте
күрделі және әр түрлі. Қатар орналасқан бір ауданның өзінде бір –
бірінен өте үлкен айырма жасайтын рельефтің формалары кездесіп
отырады. Биік таулы аймақтардың рельефі нағыз альпілік формада болады.
Мұнда терең әрі тар әр түрлі шатқалдармен бөлініп жатқан биік
шыңдар кездеседі. Шыңдардың салыстырмалы биіктігі 1000 м-ге дейін,
құламасының еңістігі 90° жетеді. Сонымен қатар мұнда төбесі жазық кең
тау қыраттары кездеседі. Бұлар жазда мал жайылымына пайдаланылады.
Қазақстанның таулы аймақтарының төменгі және орта белдеулерінде
доғалданған жоталар жатыр, олардың төбелері жұмыр немесе жатыңқы,
беткейлері көлбеу келеді, онда орманды – шалғын өсімдіктері өседі. Бұл
жоталар тау алды қыраттарымен немесе көлбеу жазықтарымен жалғасады.
Одан бірте – бірте төмендей келе генезисі жағынан таулы аймақтармен
байланысты тау алды жазықтармен қосылып кетеді.
Қазақстанның биік таулы аймақтарының рельефінің мұндай күрделі
және әр түрлі болып келуі оның соңғы геологиялық тарихына, рельеф
құрушы факторларына байланысты.
Рельеф құрушы факторлар: Қазақстанның биік таулы аймақтарының
қазіргі рельефі негізінен альпі тау жасалу қозғаласының әсерінің
нәтижесінде қалыптасқан. Бұл жерлерде ертеде жеміріліп, жазықтыққа
айналған таулар неогеннің аяғымен төрттік дәуірдің бас кезінде болған
күшті тектоникалық қозғалыстардың нәтижесінде қайтадан көтеріліп, биік
тауларға айналған.
Қазақстанның оңтүстік-шығыс таулы аймақтары палеозойда бірнеше
рет көтерілуге ұшырағандықтан қатты участоктарға айналған болатын.
Сондықтан бұл аймақтарда соңғы тектоникалық процесс негізінен
дизъюнктивтік дислокация түрінде болды. Тау жоталары радиусы кең, ірі
антиклиналдар түрінде күмбезденіп көтеріледі. Олар көтерілген кезде
жер қабығының көптеген шытынап жарылулары да болды. Тектоникалық
жарықтардың бойымен мезазой – кайнозой пенеплендері вертикаль бағытта
ығысты. Соның нәтижесінде тауларда өте көп кездесетін жайлаулар
немесе тау қыраттары пайда болды. Таулар әлі де көтерілуде, оны
мезгіл- мезгіл болып тұратын, кейде, тіпті күшті болатын жер
сілкінулер дәлелдейді.
Қазақстанның биік таулы аймақтары төрттік дәуірдің басында бірнеше
рет мұз басуларға ұшырады. Ол кездегі мұздар өте қалың болды және
биік таулардың қазіргі рельефінің қалыптасуында зор роль атқарады.
Мұз басулардың іздері болып есептелетін мұзды қарлар, торгты
аңғарлар, мореналы төбелер т.б. биік таулы өлкелердің кез келген
жерінде байқалады.
Төрттік дәуірдің ортасында климаттың ылғалды болуынан
гидрографиялық тораптың суы молайып және өзендерінің эрозиялық
әрекеті күшейіп, жер беті тілімдене бастайды.
Қазіргі кезде биік таулы аймақтарда рельеф құрушы факторлардың
бірі мәңгі мұздықтар мен механикалық үгілу процесі. Сонымен бірге
таулардың орта және төменгі бөліктерінде атмосфералық жауын шашын
мен ағын сулардың, мұнымен қатар деллювиалдық және аллювиалдық
процестердің, лайлы тасты селдердің де рельеф құрушы ролі күшті.

2. Қазақстанның биік таулы аймақтарының геоморфологиялық бөлінуі

Қазақстанның биік таулы аймақтарында тектоникалық және экзогендік
процестердің бір дәрежеде болмауының салдарынан рельефтің белгілі бір
типтері және формаларымен бейнеленетін вертикальдық геоморфологиялық
белдеулер мен ярустардың қалыптасуын байқаймыз.
Қазақстанның биік таулы аймақтарында, әдетте геоморфиялық белдеудің
үш түрі (тау етегі, тау алды және тау) кездеседі.
Тау етегі белдеу тау етегіндегі жазықтарды қамтиды. Олардың қалыптасу
тегі негізінен экзогендік процеспен байланысты. Бұлар: а) жоғары төрттік
дәуірдің шөгінділерінің құралған өзен аңғарларындағы жас аллювиалдық
жазықтар.
б) Ертедігі тегіс жазықтар. Бұл жазықтарға ертедегі төрттік дәуір
шөгінділерінен құралған өзен аралықтары жатады.
Тау алды бедеу тау алды аймақты қамтиды. Оның рельефінің қалыптасу
тегі экзогендік және эндогендік күштерінің арақатынасының
тұрақсыздығымен байланысты. Бұл жерде рельефтің мынадай негізгі типтерін
айыруға болады:
1. Тау алды қыраттар. Жергілікті жерде оларды өрлер деп атайды. Тау
алды қыраттар рельефтің ең жиі кездесетін түрі. Олар әдетте
мезозой – кайнозойдың борпылдақ шөгінділерінен, ал кей жерлерде
неогеннің саздарынан құралған. Бұларды адыр деп атайды. Адырлар
ұсақ жырлармен өте көп тілімденген.
2. Тау алды еңіс жазықтар. Бұл жазықтар борпылдақ жас
шөгінділерден құралған өзен аралықтарында жатады.
3. Белесті – дөңді, төбелі жазықтар. Олар беті жұқа делювий
қабатымен жабылған ертедегі палеозой дәуірінің қатты жыныстарынан
құралған.
4. Рельефтің қарқаралы –аңғарлы түрі. Бұл тау алды рельефінің
айырықша түрі. Мұндай рельеф өзен аңғарларының таудан шығар жеріне
тән.
Тау белдеуі – биік таулы аймақтың негізгі бөлігі. Оның рельефі
эндогендік күштеріндің басымырақ әрекетінің нәтижесінде қалыптасқан. Бұл
белдеу аласа, орта, биік таулы болып үш геоморфологиялық ярусқа
бөлінеді. Кей жағдайда өте биік жоталардың су айырық жерлерін альпілік
ярус деп ерекше бөледі.
Тау белдеулерінде эндогендік және экзогендік күштердің қарама-қарсы
әрекеті анық байқалады. Сондықтан бұл белдеудің рельефі өте күрделі.
Мұнда кездесетін рельефтің мынадай негізгі түрлерін көрсетіруге
болады:
1. Рельефтің альпітік немесе тік беткейлі, тілімденген түрі. Ол
көбіне Қазақстанның биік таулы аймақтарына тән, әсіресе биік тау
жоталарының су айрығы бөліктерінде көп кездеседі. Оның ерекшелігі
өте тілімденгені мен салыстырмалы биіктігінің үлкендігінде (1000
м). Беткейлердің құламасы (90°), ертедегі мұз басу іздері
кездеседі. Бұлар мұз қарлары, торгты аңғарлар және мореналы
төбелер түрінде орналасқан. Рельефтің альпілік түрі таулы
аймақтарымыздың барлық жерлерінде кездеседі (бұған Оңтүстік Алтай,
Жоңғар Алатауының оңтүстегі бас жотасы, Батыс Тянь –Шань жоталары
жатады).
2. Тау үсті жазығы немесе бізше кәдімгі жайлау соңғы оргенез
тұсында биікке көтерілген ертедегі пенеплендік жазықтың қалдығы
болып табылады. Рельефтің бұл түрі кейде тегістелген жазық деп
те аталады. И.С.Щукин оны рельефтің жоңғарлық түрі деп
ерекше бөледі.
Осы атап отырған рельефтің жоңғарлық түріндегі тегістелген
жазық бетінің көпп тілемденуіне қарамастан, үсті теп – тегіс
болып альпілік рельефтен үлкен айырма жасайды. Тау үсті жазығы
Алтайдың шығысында, Солтүстік Жоңғар мен Орталық және Солтүстік
Тянь –Шаньда кең тараған.
3. Жатық таулар. Оның ерекшелігі – төбелері жұмырлана тегістелген,
беткейлері біршама көлбеулеу. Рельефтің бұл түрі көбіне орта
және аласа тауларға тән.
4. Бойлық аңғарлар мен тау аралық қазан шұңқырлар. Бұлар биік
таулы аймақтардың бірнеше рет көтеріліп, биіктеу нәтижесінде
пайда болған. Олардың табаны кең, тегіс немесе сәл адырлы,
дөңестеу келеді, беткейлері көлбеу болады. Олар Қазақстанның
биік таулы аймақтарының көптеген жерлерінде, әсіресе Орталық
Тянь –Шаньда кездеседі. Мысалы, Кеген –Текес аңғарлары т.б.
5. Тектоникалық көлденең аңғарлар мұздықтардың әсерімен өзендердің
эрозиялық әрекетінен пайда болған. Олардың беткейлері тік және
өте тілімденген болады, табаны тар болып келеді. Көлденең
қимасының көрінісі алуан түрлі формада болады.

2 Қазақстанның биік таулы өлкесі
2.1. Алтай таулы өлкесі
Алтай Зайсан ойпатынан басталып, Байкал көліне дейінгі аралықты алып
жатқан Алтай-Саян таулары деп аталатын аса үлкен тау жүйесінің бір бөлігі.
Қазақстаннға оның оңтүстік-батыс шегі ғана кіреді. Оның оңтүстігі Қара
Ертіс өзені мен Зайсан көлі, батысы Қалба жотасы. Сарыарқадан – Алтай тау
жүйесінің Ресей жеріндегі ең биік шыңы 4506 метрге жетеді.
Бұл тау жүйелері негізінен ТМД территориясынан тысқары орналасуымен
ерекшеленеді. Шет мемлекеттер территориясында Моңғол Алтайы, Гоби Алтайы
Моңғолияның солтүстік-батысында орналасқан таулар мен су қоймаларды да
айтып кетуге болады. Солтүстіктегі таулар жүйесінің шекарасы жақсы
тілімделіп, көрсетілген. Батысында Қазақтың ұсақ шоқысымен
морфоструктуралық белгісімен, шығысында Байкал тау жүйесі – Тунка ойпаты
арқылы өтеді.
Алтай тау жүйесі солтүстік-батыстағы тілімденген тау-аралық
суқоймалар бөлігімен, негізінен орташа және биік таулармен, ал ТМД
территориясынан тысқары орналасқан тау сілемдерінің орографиялық құрылысы
күрделеніп келуімен ерекшеленеді. Тау жүйесінің толық батыс бөлігін Алтай,
ал шығыс бөлігін Саян және Тува таулары алып жатыр.
Алтай тауы солтүстік – батысында Батыс Сібір жазығынан басталып,
оңтүстік шығысында Гоби шөліне дейінгі аралықта жатқан ірі тау жүйесі.
Алтай таулы өлкесінің Қазақстанға оңтүстік батыс бөлігі ғана кіреді. Обь,
Ертіс, Енисей өзендерінң суайрығы Алтай тауынан бастау алады.
Барлық Алтай тау жүйесі, сонымен қатар оның Моңғолия
территориясындағы бөлігі де герцин тау жасалу кезеңінде пайда болған.
Кайназой эрасында жарылыс жүйелеріне, жоталарға және тау аралық ойыстарға
тілімделген. Қазір Альпі типтес жер бедері пішініне жатады. Алтай
тауларының Қазақстан жеріндегі тау жоталарының көпшілігінің биіктіктері
3000-3500 метрден асды. Алтай тауларын Оңтүстік Алтай, Орталық Алтай немесе
Кенді Алтай және Қалба жотасы деп үшке бөлуге болады. Ең биік шыңы – Мұзтау
(Белуха-4506метр).
Алтай тауы негізінен палеозой шөгінділері мен метаморфты жыныстарынан
түзілген. Кембрийге дейінгі кристалды тақтатас Қатын жотасының негізін
құрайды. Кембрийдің әктасы, саздақты тақтатасы, ордовиктің туф шөгінділері
және силурдың құмтасы мен туфтары кездеседі.
Оңтүстік Алтай солтүстігінде Бұқтырма өзені мен Қара Ертіс,
оңтүстігінде Зайсан көлінің аралығында орналасқан. Батысында Ертіс өзені
мен шығысында Табын-Богда-Оло тау жүйесімен ұштасып жатады. Сол жерден
батысқа және оңтүстік-батысқа қарай Сарымсақты, Нарын және Оңтүстік Алтай
(3450метр) жоталары тарайды. Бұл жоталар шығыс бөлігінен батыс бөлігіне
қарай біртіндеп араласып, қыратқа айналады. Оңтүстік Алтайдың басты
жоталары – Оңтүстік Алтай, Сарымсақты, Күршім және Азутау. Оңтүстік Алтай
тауларының оңтүстігі мен Тува таулары негізінен шөлейтті зонаға ұласады.
Кенді Алтай – атына сәйкес полиметалл кен орындарына өте бай.
Олар – Лениногор, Зырян, Белоусовка және т.б. кен орындары. Полиметалл
кендеріне тән сипат – кен құрамында түрлі заттардың болуы. Мысалы, негізгі
материалдарға қосымша мырыш, қорғасын, мыс, алтын, күміс, сурьма, күкірт
және т.б. кездеседі. Нарын, Күршім жоталары – алтын және сирек кездесетін
металдарға бай. Кенді Алтайдың байлығын жергілікті халық өте ерте заманнан
біліп, қажетті бұйымдарын мыстан, қалайыдан жасап пйдаланған. XVIII
ғасырдың екінші жартысынан бастап Кенді Алтай байлығы Ресей патшасының
меншігі деп танылады. Сол кезден XIX ғасырдың аяғына дейін 130 жылда 2650
тонна күміс, 150 мың тонна қорғасын, 31 мың тонна мыс, 3 тонна таза алтын
өндіріліп, патщаның қазынасына берілді.
Орталық Алтайдың Қазақстанға батыс жоталары кіреді. Олардың
бастылары – Листвяга және Холзун жотасы. Листвяга Қазақстанның шекарасында
орналасқан Қатын жотасындағы Алтайдың ең биік шыңы Белуха (4506) тауына
жақын жерден басталады. Холзун жотасының жер бедері Көбірек тілімделген,
бірақ тау басы жалаңаш, аздаған белесті, үстіртті келеді.
Қалба жотасы – Ертіс өзенінің сол жағасында өзінеше бөлек орналасқан.
Абсолют биіктігі 400 метрден 1600 метрге дейін. Оның ең биік нүктесі
–Сарышоқы (1558 м). Ұзындығы 300, ені 120 шақырым. Қалба жотасына сирек
металды белдеу бар. Онда қалайы мен вольфрам өндіріледі. Қалба жотасы
батыс жағында шар аңғары арқылы Сарыарқамен шектеседі. Тау төбелері
жұмырлау, беткейлері әбден тілімденген, кей жерлері жазық келеді
Алтай тауларының климаты негізінен қоңыржай континентті. Тауда
биіктік белдеулік байқалады. Жыл бойы континентті ауа массалары әсер етеді.
Алтай тауына батыстан және оңтүстік батыстан соққан желдер ылғал әкеледі,
сондықтан тау беткейлерінде жылына 600 мм дейін жауын-шашын түседі. Тауға
биіктеген сайын жауын – шашын мөлшері көбейеді. Убі , Үлбі өзендері бастау
алатын таудың жоғарғы бөлігінде 1800мм –ге дейін жауын-шашын түседі. Тау
етегінде жауын-шашын мөлшері 250-300 мм. Қар жамылғысы тау етегіне 20-30,
ал тауға биіктеген сайын 2 метрге дейін қалыңдайды. Ал тұйық
қазаншұңқырларда қар жұқа юолады. Сел тасқындары, қар көшкіндері жиі
байқалады.
Қазақстан жеріндегі Алтайда өзеңдер көп, олардың жиілігі 1 шаршы
шақырымға 0,7-0,8 шақырымнан. Басты өзендері – Ертіс және оның салалары (
Бұқтырма, Убі, Үлбі, Қалтыр, Күршім, Нарын). Өзендері мұздық және қар
суымен, жер асты, жауын – шашын суларымен қоректенеді. Өзендерінің сулары
мол, ағысы қатты. Қара Ертіс өз бастауын Қазақстаннан тыс Моңғолия жерінен
алады да, Алтай тауын қақ жарып, Қазақстан жерінде ағыны қатты тау өзенінен
біртіндеп жазық жерде ағатын Ертіске айналады, Ертіс өзенінің жылдық су
ағыны Бұқтырма, Өскемен су қоймалары арқылы реттеліп отырады. Бұқтырма,
Өскемен су қоймаларына бірнеше СЭС салынған.
Өзендері Қазақстандағы су энергетикалық байлықтардың жартысынан
көбін құрайтын Алтай көлге де бай. Қазақстан жеріндегі ең ірілері – Зайсан,
Марқакөл көлдері. Марқакөл көлі тау ішінде абсолюттік биіктігі 1450 метр
жерде орналасқан. Суы тұщы. Оның өзіндік қайталанбас әсем табиғаты мен
табиғи байлығын қорғау үшін 1970 дылы қорық ұйымдастырылған. Зайсан көлінің
табиғи жағдайы Бұқтырмамен жалғасып жатыр. Алтай тауының табиғаты әсем,
көрікті, адамдардың дем алып, денсаулығын түзейтетін жерлері көп. Солардың
бірі – Рахманов бұлағы, одан радонды су шығарады.
Қазақстандағы Алтай тауында 328 мұздық бар, олардың жалпы ауданы 89,6
шаршы шақырым. Мұздықтар негізінен 2600 метр биіктіктен жоғары орналасқан.
Мұздықтар Қатын, холзун, Иванов, Оңтүстік Алтай, Сарымсақты жоталарында
шоғырланған.
Алтай тауында биіктік белдеулік айқын байқалады. Алтайдың
солтүстік, солтүстік-батысы мен оңтүстік тау етегіне және аласа тауларында
– бозды бетеге, құнарлы қара топырақты, далалық ландшафтында - әр түрлі
шөптесін өсімдік, ал Зайсан қазаншұңқыры мен Ертіс аңғарында шөлейт пен
құрғақ даланың сортаң өсімдіктері өседі. Алтайдың тау орманының күлгін
топырағында майқарағай, қарағай, самырсын өседі. Тоғайларында итмұрын,
қарақат, тау аралық алаңдарында кәдімгі тарғақ шөп, қоңырбас шөп т.б.
өседі. Оңтүстік Алтайдың қоңыр күлгін топырағында балқарағай өседі. Биік
таулы альпі шалғындығында шегіргүл, жидек, сарғалдақ, атқонақ кездеседі.
Альпілік шалғындықтан соң 2800-3000 метр биіктікте тау тундрасы басталады.
Алтайда қоңыр аю, марал, таутеке, солтүстік бұғысы, қар барысы, құстардан
саңырау құр, шіл, тоқылдақ, кекілік, ұлар, т.б. мекендейді. Терісі бағалы
кәсіптік маңызы бар аңдардан бұлғын, ақкіс, қаракүзен, Сібір күзені
кездеседі.
Қазақстан жеріндегі Алтай жоталары дала мен шөлейт зоналарының
шекарасында жатыр. Сондықтан тау бөктерінің төменгі белдеуі дал зонасына
ұқсайды. Топырағы қара топырақта. Алтай тауының 1000 метр биіктігіне дейін
әртүрлі дала өсімдігі өскен шөпті дала зонасы орналасады. Мұнда боз,
бетеге, айрауық қоңырбас шөптері, итмұрын, үшқат, долана, тобылғы
бұталарымен араласа өседі. Алтайдың батыс жағында 1000 метрден, ал
шығысында 500 метрден жоғары таудың күлгін топырақты аймағында орманды дала
зонасы басталады. Ағаштардан қайың, көктерек, терек, өзен аңғарларында тал,
долана, итмұрын , сарыағаш өседі. Орманды дала зонасының жоғары батыс,
солтүстік – батыс беткейінде қылқан жапырақты орман зонасы басталады. Онда
қарағай, самырсын, майқарағай, сібір шыршасы өседі. Таудың оңтүстік,
оңтүстік шығысында қылқан жапырақты қарағайлар мен балқарағай өседі. Орман
белдеуінің жоғары шегі аласа самырсын ағаштарымен аяқталады.
Солтүстік – батысында 2000 метрден, ал оңтүстік – шығысында
2400 метрден жоғары субальпілік және альпілік, шалғындық белдеулері
басталады.
Субальпілік шалғындық беледуінде шөптер әсем кілем тәрізді
көріністе жайқалып өседі. Шөптерден көп тарағаны – қазтамақ, сарғалдақ,
көк шегіргүл, қоңыраубас.
Альпілік зонадан жоғары биік тау тундрасы басталады. Онда қайың мен
бұта тәрізді тал , мүк, қына өсімдіктері өседі.
Алтай тауы жануарларға да бай. Әсіресе орман зонасының жануарлары
басқа зоналарға қарағанда анағұрлым көп. Алтай ормандарында Сібір
тайгасының көптеген жануарлары мекендейді. Онда қоңыр аю, қылқан жапырақты
орманында елік, мүізсіз бұғы, сілеусін, бұлғын, сусар көп кездеседі. Алтай
тауының баурайында марал мен теңбіл бұғы өсірілетін аранайы щаруашылықтар
бар. Олардан аса бағалы бұғы мүйізі –панта өндіріледі. [1,2,9]

2.2. Тәңір шыңы - Тянь-Шань
Тянь-Шань таулы өлкесі Азия материгіндегің ірі таулардың бірі. Тянь-
Шань деген сөзді қытай тілінен аударғанда Тәңір шыңы, Аспан тауы деген
мағынаны білдіреді. Тянь-Шань тау жоталарының орналасуы бағытына қарай:
Солтүстік Тянь-Шань, Орталық Тянь-Шань, Шығыс Тянь-Шань деп бөлінеді.
Солтүстік Тянь-Шаньға Ыстықкөлдің тау жоталары – Тарбағатай, Сауыр,
Шу-Іле таулары, Жоңғар және Іле Алатауы, Күнгей Алатауы жатады.
Орталық Тянь-Шаньға Қырғыз жотасы, Теріскей Алатауы, Көкшалтау,
Ферғана жоталары жатады.
Батыс Тянь-Шаньға ендік бойымен орналасқан Талас Алатауы, Өгем,
Піскем, Сондалаш, Шатқал, Алай, Түркістан, Қаратау жоталары кіреді.
Шығыс Тянь-Шань ТМД-елдерінен тыс жерлерде орналасқан.
Тянь-Шаньның тау жоталары ендік бағытта орналасқан. Қазақ жеріндегі ең
биік шыңы – Хан-Тәңірі (6995метр). Тянь-Шань тауының геологиялық дамуын екі
кезеңге (ежелгі және жас) бөлуге болады. Ежелгі даму кезеңі палеозой эрасы
кезіндегі ертедегі тегістелген беткейлері осы уақытқа дейін Тянь-Шаньнің
шығыс бөлігінде сақталған.
Қазіргі биік тау бедері жас даму кезеңіне төрттік альпілік
тектоникалық қозғалыстарға байланысты.Солтүстік Тянь-Шаньнің бір бөлігі
Қытай жерінде орналасқан Кетпен жотасынан басталады. Жотаның солтүстік
беткейі оңтүстігіне қарағанда келбеу. Екі беткейінде де өзен көп, олар Іле
өзенінің салалары. Тянь-Шань тау жоталары – батыстан шығыс бағытта 2450
шақырымға созылып жатқан күрделі тау жүйесі. Тянь-Шань жоталары палеозой
және палеозойға дейінгі тау жыныстарынан, ал тау аралық аңғарлары кайназой,
кей жерлерде мезозой шөгінділерінен түзілген. Тянь –Шань тау жоталары
каледон мен герцин тау жасалу кезеңінде пайда болған, бірақ мезозой
эрасында болған өзгерістердің нәтижесінде мүжілген аласа тауға айналып,
кейіннен альпілік тау жасалу кезінде қайта көтеріліп, қатпарлы-жақпарлы
биік тауға айналған. Қазіргі уақытта жоталарының биік бастары мәңгі қарға
жамылып, әлсін-әлсін жер сілкінуі болуы Тянь-Шань тау жоталарында әлі де
альпілік тау жасалу процесі жүріп жатқанын байқатады. Тянь-Шань тау
жоталары пайдалы қазбаларға, оның ішінде полиметалл рудаларына өте бай. Бұл
тау жоталарының пайдалы қазбалары әлі толық зерттелмеген.
Тянь-Шань тау жоталары дүниежүзілік мұхиттан алыс, Еуразия
материгінің орталық бөлігінде орналасып, жан-жағын шөл дала қоршап
жатқандықтан, оның ауа-райы өте құрғақ, әрі құбылмалы. Биік тау жоталары
мен жер бедерінің әртүрлі болуы жылу мен ылғал мөлшеріне әсер етеді. Тау
беткейлерінде шілдедегі орташа температура +20о +25оС болса, мұздықтар
етегінде +5о, кейде одан да төмен. Жылдық жауын-шашын мөлшері тау
жоталарының етегінде 150-300мм., тау бөктерінде 300-450мм., биік жоталарда
800-1600мм. шамасында. Жазда тау жоталарында абсолюттік биіктік жоғарылаған
сайын температура біртіндеп төмендейді. Сонымен қатар атмосфералық жауын-
шашын мөлшері мен ауаның ылғалдығы биіктеген сайын артып отырады. Мұндай
өзгерістердің бәрі биік таулы аймақтарда биіктік белдеуліктердің пайда
болуына әкеліп соғады. Биік таулы аймақтардың климаты жалпы заңдылыққа сай
биіктікке байланысты өзгеріп қана қоймайды, географиялық ендікке байланысты
солтүстіктен оңтүстікке қарай да өзгереді.
Тянь Шань тауларының табиғат зоналары биіктік белдеулігімен
ерекшенеді. Ол белдеулер тау жоталары мен оны қоршаған орографиялық
жағдайымен байланысты қалыптасқан. Табиғи ортасына, әр тау жотасының
өзіндік ерекшеліктеріне қарай биіктік белдеулері Тянь –шаньның барлық
жерлерінде бірдей емес, бірінде биіктік белдеу жоғары болса, бірінде
төмен жатады.
Солтүстік Тянь –Шаньдағы биіктік белдеулері ең жоғарыдан санағанда
мұз жатқан, мәңгі қар басқан альпілік жер бедерінен басталады. Оның
өзі кей жерде 2600-2800 м –ден, кей тауда 3300 м биіктіктен басталады.
Мұнда жалағаш жартастарды қорша,ан қыраттар, кең алағдар кездеседі.
Онда субальпілік, альпілік шалғындар өседі, құз басында барыс,
таутеке, ұлар, тау бүркіті мекендейді. Іле Алатауының орталық тұсында
альпілік жер бедері қатты тілімденген күйінде көрінеді. Табиғи
күштердің әсерінен мұнда жартастар жарылып үшкір шыңдар қалыптасқан.
Сайлары тар шатқалды, құламалы тік келеді.
Бұдан кейінгі биіктік белдеу орташа биіктіктегі таулардың жер
бедерін анықтайды. Олар 1500-1600 м-ден 3200-3300 м биіктікеке
созылады. Бұл зонаның биік шыңдары бірқалыпты күйінн сақталған. Тау
аралық жазықтарда да жер беткейінің тегістігімен ерекшеленеді..
Таулардың терістік беткейінде көбінесе қылқан жапырақты орман
өседі.. Жазықта шалғынға ауысады, күнгей беткейде шалғынды дала
зонасының белгілері байқалады. Ормандар тау беткейлері мен ойыстарда
өседі. Тау жануарларынан аю, қабан, елік кездеседі.
Аласа таулы белдеуі 900 -1100 м-дің шамасынан басталады. Бұл Іле
Алатауының Сөгеті, Торайырғыр тауларының аймағында анық байқалады.
Мұндағы жоталар Орталық Қазақстанның ұсақ шоқылы таулардан еске
түсіреді. Бұл жерлердің қара, қара қоңыр топырағында әр түрлі
өсңмдіктер, шөптесін, қарағайлы, тобылғылы бұталар өседі.
Биіктік белдеулердің ең төменгісі тау етегіндегі, тау ішіндегі
жазықтарды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адам әрекеті нәтижесінде табиғи кешендердің өзгеруі туралы ақпарат
Тау жоталары
Алтай таулы өлкесі
Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи аймақтары
Ақсу - Жабағалы қорығының эндемик өсімдіктері мен жануарлары
Қазақстан Республикасының климаты
Шығыс Қазақстанның географиялық орны мен геологиялық уақыт ішіндегі табиғатының даму тарихы
Қазақстанның негізгі топырақ аймақтары
Weekend турлары
Геоморфология пәнінің оқу-әдістемелік кешені
Пәндер