Ресейдің қаржы жүйесі



Кіріспе

І. Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі
1.1 Мемлекеттің қаржы жүйесі
1.2 Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі
1.3 Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің ерекшеліктері

ІІ. Ресейдің қаржы жүйесі
2.1 Ресейдің қаржы жүйесі және оның буындары
2.2 Ресейдің негізгі әлеуметтік . экономикалық көрсеткіштері
2.3 Ресейдің бюджет жүйесі мен бюджет құрылымы

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Өзінің әлеуметтік–экономикалық қызметтерін атқару үшін мемлекет қажетті
көлемде ақша қорларын жасап, оларды мақсатты бағыттарға пайдаланады. Осыған
байланысты қаржы қатынастары және оларды қалыптастыратын институттар қаржы
жүйесіне жатады. Қаржы жүйесінде мемлекеттік бюджет басты орын алады. Ол
елдің әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін және мемлекеттің құрылысын
қамтамасыз ететін күрделі механизм. Бюджеттің құрылымы елдің мемлекеттік
құрылысына байланысты. Қазақстан Республикасы сияқты унитарлық құрылысты
елдерде бюджет қос деңгейлі болады, ол жалпы мемлекеттік және жергілікті
бюджеттен тұрады.
Қаржы мемлекеттің өркендеп, дамуының материалдық негізі және тірегі.
Қаржылық құралдар арқылы мемлекет еліміздің экономикалық дамуына белсенді
әрі пәрменді түрде ықпалын тигізеді. Енді осы қаржы жөнінде ғалымдардың
зерттеулеріне жүгініп көрейік. Қаржылық құқық саласының қазақстандық
көрнекті ғалымы Худяков А.И. қаржы термині латынның финис, яғни істің
бітуі, ақыры немесе төлемнің, жалақының төлену мерзімі деген сөзінен
туындаған дейді. Он сегізінші ғасырда француздар finance, яғни финанс
деп мемлекеттің кірісін және шығысын, мемлекет мүліктерінің жиынтығын
немесе мемлекеттік шаруашылықты айтатын болған. Қазіргі кезде финанс -
қаржы терминінің мағынасы ақшамен тығыз байланысты. Cондықтан көптеген
жағдайда азаматтар қаржыны қолда бар немесе құжат жүзіндегі ақша деп
түсінеді.
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі он жыл ішінде өте қарқынды
дамыды.
Ресей Федерациясының қаржысы өзінің экономикалық табиғаты жағынан және
жалпы принципиалды бірлігі жағынан біртұтас. Алайда, қоғамның сан – алуан
қажеттеріне қызмет ететіндігіне байланысты қаржы бірқатар салалардан
тұрады. Нәтижесінде өз ықпалымен бүкіл экономиканы қамтиды. Қаржы
қатынастарының саласы мен буындары тығыз байланыста және елдің бірыңғай
қаржы жүйесін құрады.
Мемлекет өз қызметі мен міндеттерін жүзеге асыру мақсатында қолданатын
ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру мен жұмсау деп таниды. Мемлекеттің
құрылымының түріне қарай мемлекеттің қаржы жағдайы, ақша ресурстары жалпы
әлеуметтік – экономикалық жағдаймен тікелей байланыста болады.
Курстық жұмысымның тақырыбы – Қазақстан Республикасы мен Ресей
Федерациясының қаржы жүйесінің ерекшеліктері.
Курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасы мен Ресей
Федерациясының қаржы жүйесі, олардың қаржы жүйесінің ерекшеліктері туралы
қарастырылған.
Ал курстық жұмыстың міндеті – екі елдің қаржы жүйесінің ерекшеліктері мен
айырмашылықтарын анықтау. Қазақстан Республикасында макро- және
микроэкономиканың қаржы жүйесін реттеліп отыратын қаржы қатынастары мен
ақша ресурстарының жиынтығы және оларды жұмылдыруды, ұлттық шаруашылықты
қаржыландыру мен несиелендіруге байланысты бөлуді жүзеге асыратын қаржы
мекемелері құрайды.
Бүгін де Қазақстанның қаржы жүйесінің құрамы қаржы қатынастарының
біршама дербес мына сфераларынан тұрады: мемлекеттік бюджет жүйесі, арнаулы
бюджеттен тыс қорлар, мемлекеттік несие, жергілікті қаржы.
Ресей Федерациясының қаржы жүйесі қаржы қатынастарының біршама дербес
мына салдарынан тұрады:
- мемлекеттік бюджет;
- сақтандыру қорлары;
- қор нарығы;
- мемлекеттік несие;
- шаруашылық жүргізушілердің субъектілерінің қаржылары;
- бюджеттен тыс қорлар.

І. Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі
1.1 Мемлекеттің қаржы жүйесі

Қаржы – бұл қоғамда қалыптасқан экономикалық қатынастар жүйесіндегі ақша
құрлысы қорының қалыптасуы, бөлінуі, қолданылуы. Экономикалық жүйеде
қаржылар деп мемлекеттің ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды
ұйымдастыру жөніндегі қатынастардың жиынтығын айтамыз. Бұл жерде былайша
түсіндіруге болады: ақшалардың өзіндік тұтынушылық құны жоқ болғандықтан
оларды пайдалану тек айырбастау қатынастарында немесе экономистер
айтқандай, А-Т, Т-А қатынастарында жүзеге асырылады. Яғни, бұл
қатынастар тауар-ақша қатынастары болғандықтан қатысушы екі жақтың заң
жүзіндегі тең құқықтылығына негізделеді. Ал қаржылық-экономикалық
қатынастардың бір жағында оның тұрақты субъектісі ретінде мемлекеттің өзі
немесе мемлекет уәкілдік берген өкілетті органы тұрады, әрі бұл қатынастар
қаржылық – құқтық нормалармен реттеледі.
Белгілі ғалым В.И.Белинский қаржыларды экономикалық категория және
қаржылық ресурстар ретінде қарастыру деген пікір айтады.Ал, кейбір
экономистер қаржыларға ақша қаражаттарын, натуралды ресурстарды, кіріс және
басқа игіліктерді немесе кіріс және шығысты, сондай-ақ ақша қорларын
жатқызады. Бұл жерде айта кететін бір жәйт, ақшалардың өзі немесе ақша
қаражаттары қаржылар жөніндегі ғылымның объектісі болып табылмайды.
Қаржылардың құрамындағы ақша қаражаттарының атқарар функциясы ақшалардан
бөлек болады. Сондықтан ақшалар және қаржылар өз алдына бөлектелген
экономикалық категориялар болып табылады. Негізінде қаржыларға тән
функциялар – бөлу, бақылау, жұмылдыру. Ал ақшалар тауар-ақша қатынастары
жағдайында бірнеше функциялар атқарады: құн өлшемі, төлем құралы, айналым
құралы, қазына құрау құралы, дүниежүзілік ақша ретінде. Ақша жалпыға бірдей
құндылық баламасы ретінде шаруашылық айналымына қызмет етеді және мемлекет
аумағындағы барлық айналымдар мен әр бір шаруашылық операцияларын тексеруге
мүмкіндік береді. Қаржыларды экономикалық категория ретінде ақшалардан
айырмашылығы - олар тек ақша қаражаттары қорларын құру, бөлу және
пайдалануға байланысты ақшалай, яғни, экономикалық қатынастардың ерекше
аясын көрсетеді. Алайда қаржылардың осы сипаттамасын олардың толық маңызын
айқындай алмайтын сияқты. Себебі, мемлекеттік бюджетте, кредиттік және
кассалық жоспарларда, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылық
жоспарларында қатынастар емес белгілі бір мөлшердегі ақша қаражаттарының
сомасы көрсетіледі. Бұл сомалардың қаржылық қызметтердің қаржылық нәтижесі
екені белгілі.
Танымал ресейлік ғалым О.Н.Гордунова қаржы жүйесін екі тұрғыда
қарастырған:
а) әрқайсысы тиісті ақша қорларын құратын және пайдаланатын қаржылық
институттардың жиынтығы.
ә) өздерінің құзірет шегінде қаржылық қызметті жүзеге асыратын
мемлекеттік органдар мен мекемелердің жиынтығы.
Ал, қаржылық институттардың жиынтығы мемлекеттің қаржы
жүйесін құрады. Қаржы жүйесі мынадай буындардан тұрады:
1) федералдық, федерация субъектілерінің бюджеттерінен және муниципалдық
бюджеттерден тұратын бюджет қоры;
2) бюджеттен тыс орталықтандырылған мақсатты қорлар;
3) бюджеттен тыс орталықтандырылмаған мақсатты қорлар;
4) шаруашылық субъектілері мен салалардың қаржылары;
5) мүлікті және жеке басты сақтандыру;
6) мемлекеттік және банктік кредит;
Ұйымдастырылуы бойынша қаржы жүйесін мемлекеттік қаржылық мекемелері,
яғни, қаржылық ведомостволар, салық органдары, мемлекеттік банктер,
мемлекеттік сақтандыру компаниялары құрайды.
Қаржылық органдар жүйесін әдетте қаржы министрлігі басқарады. Қаржы
министрлігі, қаржылық басқармалар, аумақтардағы қаржылық басқару органдары
қазынашылық органдарды басқаратын бірыңғай мемлекеттік басқару органдарының
жүйесі болып табылады. Ұлттық банк басқаратын кредиттік мекемелер,
қаржыларды жұмылдыруға ат салысатын салық органдары мен кеден мекемелері де
қаржылық қызметтерді жүзеге асырады.
Қазақстандық экономист В.Д.Мельников қаржылардың қаржылық қатынастарының
қалыптасуын және туындауын былайша көрсетеді: қоғамдағы ұдайы өндіріс
процесі бір-бірімен тығыз байланысқан және өзара тәуелді төрт сатыдан
тұрады - өндіру, бөлу, айырбастау, тұтыну.
Осы ұдайы өндірістің төрт сатысы арқылы қоғамдық өндіріс процесіне
қатысушылардың арасындағы тауарлық қатынастардың бар-жоғы анықталады.
Өйткені өндірілген өнімдер бұл жерде сату-сатып алуға жататын тауарға
жататын тауарға айналады. Бұл өнімдер тұтынудан бөлу және айырбастау
сатыларынан өту арқылы тек өнімді өндірушілердің ғана емес солармен қатар
қатынасқа қатысушылардың да талаптары мен мүдделерін қанағаттандыруға
тиісті. Осыдан байқайтынымыз өндірілген материалдық немесе материалдық емес
өнімдер қоғамдық өнім ретінде заттай және ақшалай түрінде көрсетіледі.
Қоғамдық өнімдердің әлгіндей екі формаға қалыптасуы, олардың әрбір
қоғамдық өндіріске қатысушыларды мұқтаждарын өтеу үшін ақша, баға, өзіндік
құн, жалақы төлеу және тағы басқа құндылық категорияларын пайдалануларына
жол ашады. Қаржылардың мағынасына жете түсну үшін кәсіпорынның өндірістік
қорларын өзіндік айналымынан шығарылатын өнімдерді өткізу кезіндегі ақша
түріндегі дербес қозғалысымен және құнның бөліну мезгілінен бастап
қарастыру қажет. Кәсіпорын өз өнімдерін өткізу барысында тиісті ақша
қаражаттарын немесе ақша қорларын құрайды. Бұл жерде оның ақша қорлары
ретінде айналым қорын, амортизациялық қорды, жалақы төлеу қорын, әлеуметтік
бағыттағы қорларға аударымдарын, пайда және т.б атап өтуге болады.
Тапқан пайданың немесе табыстың бір бөлігі орталықтандырылған қорларды
қалыптастыру үшін мемлекет қарамағында аударыладыда, ал екінші бөлігі
өндірушіде қалады. Бұдан басқа мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардан,
мемлекеттік емес заңды тұлғалардан, акционерлік, кооперативтік, қоғамдық
кәсіпорындар мен ұйымдардан түсетін (салықтар, алымдар және басқа міндетті
төлемдер түрінде) қаражаттар мен мемлекет тарапынан халықтан ерікті түрде
қабылданатын (мемлекеттік заемдар, мемлекеттік лотореялар, жинақ
банкісіндегі салымдар) аманаттар қаражаттар негізінде мемлекет деңгейіндегі
қаржылық қатынастар нысаны пайда болады. Осындай қаржылық қатынастар
орталықтандырылған ақша қаражаттары қорларын-республикалық және жергілікті
бюджеттерді, сақтандыру қорларын, бюджеттен тыс қорларды қалыптастырады.
Экономикада ақша қаражаттары әдетте, құнның балама негізінде, яғни, тауар
және ақша түріндегі құнның қозғалысы негізінде пайдаланылады. Баламалық
принцип басқа да экономикалық санаттарға – баға, өзіндік құн, жалақы төлеу,
несие және т.б. тән болып табылады. Қаржылық қорды басқа ақша
қаражаттарынан ерекшелендіріп тұратын өзгешелік, - олар экономиканы
басқарудағы қандай да болмасын деңгейіндегі ақша түріндегі құнның біржақты
қозғалысының негізінде құралады. Сонымен, қаржылардың айрықша экономикалық
категория ретіндегі өзіне тән ерекшеліктері ақша түріндегі құнның міндетті
түрде бір жақты, баламасыз қозғалысы болып табылатындығын айқындадық. Енді
осы жоғарыда айтылған барлық ғылыми көзқарастарды тұжырымдасақ қаржы
терминінің екі мағынасы бар екенін көреміз: 1) материлдық; 2) экономикалық.
Материалдық мағынада қаржы деп мемлекеттің өз қарамағындағы ақша
қаражаттары қорларының жиынтығын айтамыз. Экономикалық категория ретінде
қаржы деп мемлекеттің ақшалай ресурстарын жоспарлы түрде қалыптастыратын
және бөлетін, сондай–ақ олардың пайдаланылуын ұйымдастыратын экономикалық
қатынастар жүйесін айтамыз.
Мемлекеттік ақша қорлары әрқашанда мемлекеттің қаржылық қызметінің
түпкілікті объектісі болып есептелінеді. Қаржылық қызметі процесінде
қаржылардың үш функциясы жүзеге асырылады. Олар:
1) ақша қорларын жұмылдыру;
2) мемлекеттік кәсіпорындармен ұйымдарды ақшалай қамтамасыз ету;
3) бақылау;
Бірінші функцияның мәні мынада: әлгінде қаржылар туралы сөз қозғанымызда
мемлекеттің өз меншігіндегі ақша қаражаттары болмай мемлекет бола
алмайтындығымызды айтқанбыз. Ендеше осы функция арқылы мемлекет өз
мұқтаждықтарын өтеуге қажетті ақша қаражаттарын жиыстырады және осы ақша
қаражаттарды ақша қорларына қалыптастырады. Бірақ, біз мемлекеттің алға
қойған негізгі мақсаты – тек ақша қаражаттарын жиыстыру емес екенін
білеміз. Сондықтан екінші функция мемлекеттің өзіне және өз тарапынан
жасалатын қызметтеріне жұмсалатын шығындарды өтеуге байланысты ақша
қорларын пайдаланудан тұрады. Үшінші функция мемлекеттің ақша қорларын
қалыптастыру және бөлу, сондай–ақ қандай да болмасын шаруашылық
субъектілерінің осы қорлардан алған ақша қаражаттарын мақсатқа сай
пайдалануын және барлық әрекеттердің заңды болуын қамтамасыз етуге
бағытталған. Сонымен, қаржы жүйесі деп мемлекеттің ақшалай қорларын
қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру барысында пайда болатын
және әрқайсысы белгілі бір қаржылық – құқықтық институттардың материалдық
көрінісі болып табылатын қаржылық – экономикалық институттардың жиынтығын
айтамыз.
Ал, қаржылық – экономикалық институттар дегеніміз мемлекеттің ақша
қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру барысында пайда
болатын экономикалық қатынастардың жиынтығы. Қазақстан Республикасы қаржы
жүйесінің институттары орталықтандырылған және орталықтандырылмаған болып
екіге бөлінеді. Орталықтандырылған институттар мына төмендегідей болып
бөлінеді:
1) Жалпы мемлекеттік орталықтандырылған қаржылар. Бұлар республикалық
бюджет арқылы көрсетіледі.
2) Жергілікті орталықтандырылған қаржылар. Жергілікті өкілетті
органдардың бюджеттері арқылы көрсетіледі.
3) Мемлекеттік банкілердің қаржылары. Осы банкілердің судалық және басқа
ақша қорларымен көрсетіледі. Бұл қорлар мемлекеттің орталықтандырылған
несиелеу қорларын қалыптастырады.
4) Мемлекеттік мүліктерді және жеке міндеттерді сақтандыру қаржылары. Осы
сақтандыру қорларымен көрсетіледі.
Орталықтандырылмаған институттарға мыналар жатады:
1) ведомоствалардың және басқа да басқару орталықтарының
орталықтандырылған ақша қорларын көрсетеді. Бұл салалық орталықтандырылған
қорлар халық Мемлекеттік басқару органдарының қаржылары. Министрліктің,
шаруашылығы саласының немесе басқа да шаруашылық жүйелерінің орталық
басқару звенолары болғандықтан министрліктер мен ведомоствалардың
қарамағында берілген ақша қаражаттарынан тұрады.
2) Мемлекеттік шаруашылық субъектілерінің қаржылары. Осы субъектілерінің,
яғни, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың ақша қорларын көрсетеді.
Бұған өнеркәсіпті, ғылымды және техниканы дамыту, резервтік және т. б.
қорлар жатады.
3) Мемлекеттік бюджеттік ұйымдар мен мекемелердің қаржылары. Осы
субъектілердің ақша қорларымен көрсетіледі.
Қаржылық – экономикалық институттар түрлеріне және меншік нысандарына
байланысты былай топтастырылады:
Республика меншігінде ақша қорларын көрсететін институттар (республикалық
бюджет, республикалық бюджеттен тыс қорлар: ведомоствалардың
орталықтандырылған ақша қорлары, мемлекеттік банкілердің ақша қорлары).
Әкімшілік – аумақтық меншіктерге жататын ақша қорларын көрсететін
институттар.
Шаруашылықты толығымен жүргізуге немесе тікелей басқаруға құқтары бар
субъектілердің қарамағына жататын ақша қорларын көрсететін институттар
(мемлекеттік – комерциялық акционерлік банкілердің, мемлекеттік сақтандыру
компаниялардың, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың және мекемелердің
ақшалай қорлары)

1.2 Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі

Қазақстан Республикасында макро- және микроэкономиканың қаржы жүйесін
реттеліп отыратын қаржы қатынастары мен ақша ресурстарының жиынтығы және
оларды жұмылдыруды, ұлттық шаруашылықты қаржыландыру мен несиелендіруге
байланысты бөлуді жүзеге асыратын қаржы мекемелері құрайды.
Бүгін де Қазақстанның қаржы жүйесінің құрамы қаржы қатынастарының
біршама дербес мына сфераларынан тұрады:
мемлекеттің бюджет жүйесі;
арнаулы бюджеттен тыс қорлар;
мемлекеттік несие;
жергілікті қаржы;
шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы;
халықтың қаржысы.
Қаржы қатынастарының алғашқы үш бөлігі жапымемлекеттік, яғни
орталықтандырылған қаржыларға жатады және макродеңгейдегі экономика мен
әлеуметтік қатынастарды реттеу үшін пайдаланады. Шаруашылық жүргізуші
субъектілердің қаржысы орталықтандырылмаған қаржыларға жатады және
микродеңгейдегі экономика мен әлеуметтік реттеу және ынталандыру үшін
пайдаланылады.
Жергілікті қаржы мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды құрамы болып
табылады. Жергілікті қаржының әлеуметтік ролі, оның құрамы мен құрылымы
бүтіндей жергілікті органдарға жүтелінген функциялардың сипатымен, сондай-
ақ мемлекеттің әкімшілік-аумақтық құрылысымен және оның саяси экономикалық
бағыттылығымен анықталады.
Жалпы, қаржылардың бүкіл құрамы екі ірілендірілген бөлікке
біріктіріледі:
мемлекеттік және муниципалдық қаржы;
шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы.
Мемлекеттің қаржысы қаржы ресурстарының орталықтандырылған қорын
жасаудың экономикалық нысаны мен мемлекекттің негізгі қаржы жоспары ретінде
мемлекеттік бюджетте, қоғамдық құжаттарды мақсатты қаржыландырудың қосымша
көзі ретіндегі бюджеттен тыс арнаулы қорларда, мемлекеттік несиеде
көрінетін қаржы қатынастарын қамтиды.
Несие қатынастарының қаржы қатынастарынан айырмашылығы болғанымен
мемлекеттік несие қаржы жүйесіне қамтылады. Бірақ несиенің бұл түрі
мемлекеттің бюджеттің тапшылығын жабу мақсатына бағытталғандықтан, мемлекет
қаржысының тұрақтылылығын қамтамасыз ететіндіктен, ол бойынша есеп айырысу
бюджет қаражаттары есебінен болатындықтан – бұл буын қаржы жүйесіне де,
сондай-ақ несие жүйесіне де жатады деп есептеуге болады.
Қаржы қатынастары сфераларының әрқайсысының ішінде буындар бөлінеді,
оның үстіне қаржы қатынастарын топтастырып, мақсатты ақша қорларының құрамы
мен арналымына белгілі бір әсер ететін субъектк қызметінің сипатына қарай
жүргізіледі. Бұл белгі кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы сферасында
мынадай буындары бөлуге мүмкіндік береді: коммерциялық кәсіпорындар мен
ұйымдардың қаржысы; коммерциялық емес ұйымдардың қаржысы.
Қаржы жүйесінің әр буыны өз кезегінде буыншаларға(ондағы қаржының
өзара байланысының ішкі құрылымына сәйкес) бөлінеді. Мәселен, салалық
бғыныштылығына қарай коммерциялық негізде жұмыс істейтін кәсіпорындар
(ұйымдар) қаржысының құармына өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, сауда, көлік,
құрылыс және т.б. кәсіпорындарының қаржылары болып мүшеленеді. Мемлекет
қаржысының құрамында буындар ішіндегі қаржы қатынастарын топтастыру,
мемлекеттік басқарудың деңгейіне (республикалық, жергілікті) сәйкес жүзеге
асырылады. Сақтық қатынастары сферасында буындардың әрқайсысы сақтандырудың
түрлеріне (жалпы сақтандыру, өмірді сақтандыру) бөлінеді.
Мемлекеттердің көпшілігінде қаржы жүйесін құрудың қағидаты – фискалдық
(қазыналық) федерализм қағидаты.
Қаржы жүйесінің функциялық құрылысы мынадай негізгі қағидаттарды
қанағаттандыруды тиіс:
біріншіден, қаржы жүйесінің жеке алынған әрбір буыны ақша
қатынастарының аса кең шеңберін қамти алады, бұл жалпы категория болып
табылатын қаржыға ғана тән қасиет;
екіншіден, тұтастай алынған қаржы жүйесі әрбір нақты сәтте объективті
экономикалық категория ретінде қаржының қағидалы мәндік сипаттамаларына
және функциялық арналымына дәл сәйкес келуі тиіс.
Қаржы жүйесін құрудың негізіне мына қағидаттар қойылған:
Қаржы жүйесін ұйымдастыруға централизм мен демократизмнің үйлесуі.
Мемлекеттік қаржы органдары тарапынан болатын орталықтандырылған
басшылықпен бір мезгілде жергілікті қаржы органдарына және шаруашылық
жүргізуші субъектілергі кең құқық пен дербестік берілген.
Бұл қағидат жергілікті қаржы ограндарының тиісті жергілікті
әкімшілікке және жоғарғы қаржы органдарына екі жақты бағынышты жүйесін
алдын ала айқындайды.
Салалық қаржыларды басқарудағы дамократиялық негіз шаруашылық
жүргізуші органдарға капипалды (негізгі және айналым капиталдарын) бекітіп
беруге, оларға әр түрлі мақсатты арналымның ақша қорларын жасауға және
оларды пайдалануға құқық беріде көрінеді. Жоғары тұрған органдар өзінің
құзыры шегінде салалық қорлар мен резервтерге орналастырылатын
қаражаттардың бір бөлігін қайта бөлу туралы шешім қабылдайды, оларды
мақсатты пайдаланудың тәртібін анықтайды.
Кәсіпкерлік секторда қаржы дербестігі неғұрлым толық көрінеді: оның
қатысушылары мемлекеттің қаржы жүйесі алдындағы міндеттемелерді
орындағаннан кейін қаржы ресурстарын еркін иемденеді.
Ұлттық және аймақтық мүдделерді сақтау. Аймақтарды дамытудың
әлеуметтік жағынан қабылдауға болатын деңгейі сиялқы бұл қағидаттың
талаптары қаржы қатынастарында ұлттық теңдікті қамтамасыз етуге шақырады.
Қаржы жүйесін құрыдағы оның көрінісі мемлекеттік қаржы органдары
құрылымының ұлттық-мемлекеттік және әкімшілік-аймақтық құрылымына сай
келуі. Әрбір облыста, ауданда және қалада қыржы органдардың тиісті аппараты
бар. Төменгі құрылымдарда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ресей Федерациясының бюджет құрылымы
Ресейдің негізгі әлеуметтік – экономикалық көрсеткіштері
Қаржы рыногінің қалыптасуы: ахуалы,мүмкіндіктері, жағдайлары
Қазақтан Республикасының ақша - кредит саясаты
Ресейдің туристік формальділігі
Қазақстан территориясындағы кедендік істің қалыптасу және даму тарихы (1868- 1917 ж. ж. )
Ұлттық банкіге орналастырылған ақшалай қаражаттар
Қазақстанда жаңа әкімшілік - территориялық басқару жүйесінің ендірілуі және оған қазақтардың қарсылығы
Қазақстан территориясындағы кедендік істің қалыптасу және даму тарихы (1868-1917 жж.)
«Шет елдер экономикасы» пәнінің ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Пәндер