Қазақстан Республикасында жұмыспен қамтуды талдау және оны шешу жолдары



Кіріспе

1. Жұмыссыздықтың пайда болуы мен себептері

2. Қазақстан Республикасындағы еңбек биржасының қалыптасуы. Еңбек нарығы.

3. Қазақстан Республикасында жұмыспен қамтуды талдау және оны шешу жолдары

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер:

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
1. Жұмыссыздықтың пайда болуы мен себептері
2. Қазақстан Республикасындағы еңбек биржасының қалыптасуы. Еңбек
нарығы.
3. Қазақстан Республикасында жұмыспен қамтуды талдау және оны шешу
жолдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер:

Кіріспе

Осы уақытқа дейін біздің елімізде жетілген еңбек нарығы болмады.
Мамандарды қайта дайындаудың тым қарапайым жүйенің болуы тұрғындарды
толық, бірақ тиімсіз түрде жұмыспен қамтуға жағдай туғызды, өмір сүру
ресурстарын бөлуде теңгермешілдікке жол берді.
Жұмыссыздық - соңғы кезде қоғамымызда белең алып отырған осы бір
қолайсыз құбылысқа да бойымыз үйрене бастағандай. Бұрындары екі қолға –
бір жұмыс деп, алыстан жылтыраған шамның болар-болмас жарығындай көкейде
бір үміт сәулесі болғаны еді. Оның да әлсіз оты бірте-бірте сөнуге
айналған тәрізді. Қазіргі жағдайда халықты жұмыспен қамту түбегейлі
өзгерістерге түсуде. Оның басты себебі – экономиканың нарықтық қатынастарға
көшуіне байланысты: кімнің өнімі сұранымға ие, соның кәсіпорындарда жұмыс
орны болады.
Экономикалық әдебиеттерден адамның еңбекке деген ең жақсы ынтасы ,
яғни, талаптануы тек нарық, соның ішінде еңбек нарығы жағдайында ғана іске
асатындығымыз жақсы білеміз. Себебі, нарықтың басқа түрлеріне қарағанда
еңбек нарығының басты ерекшелігі – оның негізін құрушы тірі адамдар
екендігі.
Мемлекетсіздендіру мен жекешелендірудің нәтижесінде көп укладты
экономика орнығуда, ал ол өз кезегінде мемлекеттік секторда жұмыспен
тұрақты түрде қамтылған жұмыскерлердің босауын жеделдетуде. Кәсіпкерліктің
және де басқа шаруашылық нысандарының баяу қалыптасуы жұмыстан босап
қалған жұмыскерлерді жұмыспен қамтуға мүмкіндік бермей отыр. Қалыптасқан
шаруашылық байланыстарының үзілуі, соның салдарынан шикізаттың және
жабдықтардың қыруарлығы өндіріс қуатының толық пайдаланылмауына, көптеген
кәсіпорындардың банкротыққа ұшырауына әкеліп соқтыруда. Жұмыссыздық
нарықтық экономикаға тән құбылыс болып табылады. Бірақ оның әр елдің ішкі
жағдайына байланысты белгілі бір мөлшері болады. Егер жұмыссыздық мөлшері
асып немесе кеміп кетсе, нарықтық экономикаға залалын тигізеді, ал қажетті
деңгейде тұрса, онда экономиканың тиімді дамуына қолайлы жағдай жасайды.
Жұмыссыз қалу қаупі - әр ересек адам үшін үлкен мәселе. Адамдардың
көпшілігі үшін жалақы – жалғыз табыс көзі әрі жұмыс адамды моральдық
жағынан қанағаттандырады. Сөйтіп, жұмыссыз қалу материалдық жағдайды
төмендетіп қана қоймайды, сондай-ақ болашаққа сенімсіздік туғызады, адам
өзін өмірге жарамсыз сезінеді.
Жұмыссыздықтың әлеуметтік және саяси өткірлігін азайту үшін, нарықтық
қатынастары дамыған елдердің үкіметтері соңғы отыз жыл бойына
жұмыссыздарға жәрдем берудің әр түрлі жүйелерін қолдануда. Халықты
еңбекпен қамтудың мемлекеттік реттеудің механизмі құқықтық негізде әрекет
ететін мамандандырылған мекемелердің, экономикалық тұтқалардың жүйесін
қолданады. Мұндай жағдайда мемлекет қайта мамандандыру, жаңа жұмыс
орындарын құру және жұмыссыздыққа жәрдемақы төлеу сияқты әлеуметтік саясат
шараларын жүзеге асыру қажет.
Еңбек нарығы. Жалдау формасы біздің елге тән құбылыс екендігіне
күмән жоқ, бірақ ол іс жүзінде қалай болса, солай жүргізілді, яғни біз оған
немқұрайлы көзбен қарадық.
Еңбеккерлерге белгілі бір жұмыс орны бекітіліп, тіпті, оның зейнетке
шығуына дейін қамтамасыз етіліп отырды. Оларды жұмыстан шығаруда көптеген
жағдайлар тосқауыл болып отырды.
Ал қазіргі жағдай аз да болса да өзгеріп келеді. Меншіктің әр түрлі
формаларына көшуге байланысты қоғамның әрбір мүшесіне жұмыс орнын ерікті
түрде таңдауына ғана емес, сонымен қатар, өзінің жұмыс күшін өз еркімен
пайдалануына да кең жол ашуда. Олардың қоғамдастырылған өндірісте
(мемлекеттік немесе ұжымдық) жұмыс істеуі, жеке еңбек әрекеті, жалдамалы
еңбекпен айналысу құқықтары кеңейтілуде. Сонымен қатар, келешекте әрбір
адамның өз еліндегі орнын анықтауына, тіпті басқа елге кетуіне мүмкіндік
туды.
Нарықтық экономикаға көшуге орай, жұмысшы күшінің жұмыс орнынан
босау процесі өрістеуде. Болашақта жұмыс орны кепілдік түрде анықталмайды,
яғни еңбекке жолдау нақты түрде жүзеге асырлатын болады. Бұл жағдай, еңбек
өнімділігін арттыруға, еңбеккерлердің табысының өсуіне, ғылыми техникалық
прогресті тежейтін формаларды жоюға жол ашады.

1. Жұмыссыздықтың пайда болуы мен себептері

Жұмыссыздық – бұл жұмыс істегісі келетін еңбекке жарамды халықтың
өндірісте жұмыспен қамтылмауы. Жұмыспен қамтылмау өндірістің тиімділігін
арттыруы, сонымен бірге жұмысшы күшінің бір бөлігін жұмыстан босатуға
мүмкіндік жасайтын немесе оның құрылымына, сапасына жаңа талаптар қоятын
ғылыми – техникалық прогресстің салдары болуы мүмкін. Нарықтың экономикада
жұмыссыздық дағдарыстар кезінде көбейеді. Нарық жоқ жағдайда жұмыссыздықтың
көбею себебі мемлекеттің өндіргіш күштерді орналыстырудағы бұрыс құрылымдық
саясаты болуы мүмкін.
Жұмыссыздық – құбылыс, жұмысқа қабілетті адамдардың тұрақты
немесе уақытша жұмыс істемейтін бөлігі.
Жұмыссыздық нарықтық экономикада типтілік құбылыс. Себебі, жұмыс күшіне
сұраным, оны сатып алуға жұмсалатын капитал көлеміне тәуелді. Сондықтан
капитал көлемінің азаюы, жұмыс күшіне деген сұранысты төмендетеді. Мұндай
жағдай, нарықтық экономикадағы қорлану заңының іс-әрекетінің нәтижесі
объективтік заңдылық. Осы заңның нәтижесінде қосымша жұмыс күшін өндіріске
тарту жай жүреді және капиталдың органикалық құрылымының өсуінің әсерімен
өндірістегі жұмысшылар қысқарады – нәтижесінде жұмыссыздар армиясы пайда
болады.
Ағылшын экономисті А.Пигу “Жұмыссыздық теориясында” мынадай тезис
дәлелдеді, - “еңбек рыногында бәсекелестік жүреді ”. Бұл, еңбекке бағаның
көтерелуін әкеп соғады. Сондықтан көптеген экономистердің айтуы бойынша
кәсіпкерлер жоғары көлемді жалақыны білікті маманға төлеу, егер сол маман
өнімнің шығару құнын көбейтсе, соның есебінен еңбекке жоғары өнімділігі
нәтижесінде кәсіпкерлердің жұмысшы персоналын қысқартуға мүмкіндігі болады.
Бұл дәрежеде мынадай принцип жүреді:
“Ыңғайлысы, 1 жұмысшы ұстап, оған жақсы жалақы беру, 5-6 адамға төмен
жалақы беруге қарағанда. Пигу өз кітабында көп жақсы, нақты өз ойын былай
деп қарастырған: “Жалпы ақшалай жалақының қысқаруы жұмысбастылық жағдай
жасай алады. Мұндай трактовканы дәлелсіз деп қарастырамыз, ол жалақысы аз
жұмысшылардың жұмыссыздық армиясына қосылуы”, “толуы” дегенді растайды.
Тұрпайы саяси экономика жұмыссыздықты теңдік жағдайынан “кездейсоқ”
ауытқу деп қарастырады. Алайда, капитализм тарихындағы аса күйзелісті
болған 30-жылдардағы дағдарыс тұғызған шым-шытырық оқиғалардың ықпалымен
ағылшын экономисі Д.Кейнс капитализм тұсында жұмыссыздықтың лажсыз сипатта
болғанын мойындайды. Жұмыссыздықтың болуын ол өндіріс құрал-жабдықтары мен
тұтыну заттарына жиынтық сұранымның жеткіліксіздігінен байланыстырады. Бұл
ретте Д.Кейнс өндірістің объективті заңдылықтары мен қайшылықтарын елемей,
кәсіпкерлер мен тұтынушылардың психологиялық мінез-құлық дәлелдеріне,
жиынтық сұранымды мемлекеттің ынталандыруы арқылы “жұмыспен толық”
қамтамасыз етуге болады.
Кейнстің ізбасарлары оның концепциясының түрлі жақтарын соның ішінде
жұмыссыздыққа және оның бағасының серпінділігімен өзара байланысына қатысты
жақтарын дамытып, толықтыра түседі. Бір жағынан, нақты жалақы мен баға
дәрежесінің өзгеруі және екінші жағынан, жұмыссыздықтың абсолютті көлемі
арасындағы олар (арасындағы) анықтаған кері тәулділік “сұранымның
молшылығы” жөніндегі Кейнстің теорияның рухында түсіндіріледі.
Экономикалық сілкіністер, шиеленіскен экономикалық құрылымдық
дағдарыстар, кейнсшілдік түсініктерге қарамастан жаппай жұмыссыздықпен
ұштасатын, бақылауға келмейтін созылмалы инфляция кейнстің теориялық негізі
ретінде пайдаланған мемлекеттік монополистік реттеу практикасының да
негізсіз екенін ашып көрсетті.
Қазіргі кезде де даусыз болып қала береді. Қазіргі неоконсерватизмнің
жақтаушылары жаппай жұмыссыздықтың негізінде рыноктік бәсекеден тыс
факторлардың әсерінен болатын жалақының қатаң жүйесін жояды. Жұмыссыздық өз
еркімен де болуы мүмкін, жұмыс орны болса да жұмысшыға жалақы деңгейі
ұнамайды, немесе еңбек сипаты көңілдегідей емес (ауыр, қызықты емес),
еңбектің маңыздылығы, қызығушылығы төмен. Амалсыздан, болатын жұмыссыздық
жалақы белгілеудегі рыноктік тепе-теңдіктің сатысын белгілеумен байланысты,
мұнда жұмысшы күшіне деген сұраныс пен ұсыныстың арасында алшақтық болады.
Қазіргі экономикалық теорияда жұмыссыздықтың ерекше мынадай түрлерін
қарастырады; ерекше бөледі:
Фрикциондық жұмыссыздық - адамдар бір жұмыстан басқа жұмысқа, бір жерден
басқа жерге жұмыс іздеумен ауысуын айтамыз.
Құрылымдық жұмыссыздық - өндірістік қуаттың жетпеуінің нәтижесінде
болады: жеке саланың дамуының кері пропорционалды болуынан және ескі саланы
жабу мен жаңа саланы дамытудың нәтижесі ретінде қараймыз.
Циклдық жұмыссыздық - өндірістің құлдырауынан туындайды, яғни
экономикалық циклдің осы фазасымен байланысты.
Құрылымдық және фрикциондық (экономикалық) жұмыссыздықтар оның “табиғи”
деңгейін білдіреді. Бұл жағдайда инфляция орташа көлемде жүреді. Циклдің
факторлар жұмыссыздықты “табиғи” деңгейден жоғарылатады.
Егер, жұмысбастылық толық болған жағдайда жұмыссыздық деңгейі
“Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі” деп айтылады.
Және тағы бір жұмыссыздық түрі бір нақты аумақта жұмысшы күшінің сұраныс
пен ұсыныс арасындағы сәйкессіздік нәтижесінде туындайды. Ол тең емес
экономикалық аумақтың дамуына ықпал етіп қалыптасады, және де
демографиялық, тарихтық, мәдениеттік тағы басқа да өзгеше факторлар әсер
етеді.
Жалпы ең негізгі жұмыссыздық – фрикциондық, құрылымдық, циклдық болып
келеді.
Жалпы жұмыссыз деп статистиклық тексеру кезінде жұмыссыз болып, бірақ
жұмыс іздеп және жұмысқа кіруге дайын адамдарды айтады. Шетелдік мамандар
жұмыссыздықтың себептерін талдай отырып, оның әр түрлі нысандарын тудыратын
нақты факторларын қарайды. Жұмыссыздықтың мынадай нысандары болады: жасырын
функционалдық, маусымдық, құрылымдық, технологиялық, институтционалды,
ерікті, жасырын тағы басқа.
Жасырын жұмыссыздық - өндірісте және мемлекеттік ақпаратта артық
жұмысшылардың қолданылуы. Қазіргі болмыста олардың жұмыстарын аз
жұмысшылардың қолданылуы. Қазіргі болмыста олардың жұмыстарын аз жұмыс
күшімен атқаруға болады.
Институтционды жұмыссыздық еңбек рыногының институтынан, құрылысынан,
ұсыныс пен сұранысқа ықпал ететін факторлардан туады.
Ерікті жұмыссыздыққа әр себеппен, өз еркімен жұмыс істегісі келмейтін
адамдар жатады.
Маусымдық жұмыссыздық – жұмыс күшінің тек маусымдық кезеңде жұмыс жасауы:
бұл кейбір өндіріс саласында кездеседі, әсіресе қайта өрлеу өнеркәсібінде
т.б.
Технологиялық жұмыссыздық – адамдарды машинамен ауыстырудың нәтижесі,
біліктілікті өзгертуді немесе басқа мамандықты игеруді талап етеді.
Жұмыссыздық – экономикалық белсенді халықтың бір бөлігінің еңбек
рыногында талап етілмеумерінен туындайтын әлеуметтік-экономикалық құбылыс;
адамдар жұмыс істеуге қабілетті және жұмыс істегілері келетін, бірақ жұмыс
табылмайтын хал-жағдай.
Жалпы жұмыссыздық – үш критерийге қатар жауап беретін адам жұмыссыз болып
есептелетін кездегі жұмыссыздық, олар:
а) істейтін жұмыс (табысты жұмыс) жоқ,
б) белсенді түрде іздеп жүр,
в) белгілі бір уақыт аралығында жұмысқа кірісуге даяр (қағида бойынша,
екі аптаның ішінде)
Ресми жұмыссыздық – маусымдық ауытқуларға түзетусіз, мемлекеттік
органдарда тіркелген жұмыссыздардың жалпы саны.
Жасырын жұмыссыздық (бүркемелі) – жұмыс істеглері келетін, бірақ жұмыссыз
ретінде тіркелуді, әдетте, жәрдемақы алуға құқылы еместігінен пайдасыз
көретін жұмыссыздардың жалпы саны.
Созылыңқы жұмыссыздық – 12 айға және одан ұзақ уақытқа созылатын
жұмыссыздық.
Өнеркәсібі дамыған елдердегі жұмыссыздықтың себептерін талдай отырып
шетел авторлары олардың жекелеген түрлерін тудыратын нақты факторларын
қарастырады. Мысалы, АҚШ-ы Конгресі экономикалық статистика бойынша
комиссияның жүргізген зерттеуі жұмыссыздықтың 70 түрін атаған. Олардың
әрқайсысының өзінің ерекше “себептері” бар. Экономистер барлық
жұмыссыздықтың түрлерін негізінен екі топқа жіктеп қарайды. Жұмыссыздықтың
бірінші тобына – “жиынтық сұранымның жеткіліксіздігінен”туындауын
жатқызады, алдыменен циклдық жұмыссыздықты айтамыз. Жұмыссыздықтың екінші
тобына – “жиынтық сұраным өзгерісімен байланысты емес: фрикциондық,
құрылымдық, технологиялық және басқа түрлерін” жатқызамыз.
Кез келген жұмыссыздықтың болуы – қоғам үшін ең ауыр экономикалық және
әлеуметтік сілкініс. Батыс ғалымдарының пікірі бойынша, адамды жұмыссыз деп
есептегенде, ол тек жұмыстан айырылып қана қоймай, өзінің абыройын да
жоғалтады. Шетелде жұмыстан айырылуды психологиялық зақым ретінде бағалап,
тек ең жақын туысқаны қайтыс болғанда алатын стресс деңгейінде қаралады.
Жұмыссыздқ деңгейін есептеу төмендегідей формуламен анықталады:
ЖБ=ЖСЖК*100
Мұндағы – ЖБ – жұмыссыздық деңгейі;
ЖС – жұмыссыздар саны;
ЖК – жұмыс күшінің саны.
Жұмыссыздық қоғамға көптеген зиян келтіреді; инфляцияның өсуіне ықпал
жасайды, сондықтан еңбекке қабілетті адамдардың бар бөлігі өнім өндіруге
қатыса алмайды. Сөйтіп олар жұмыспен қамтылмағандықтан ақшалай
жұмыссыздыққа ақы алады, осыдан барып мемлекеттік бюджеттің шығыс бөлігі
өсе түседі.
Әйелдердің де, еркектердің де жұмыссыздықтарының негізгі себептері оқу
орнын бітіргеннен кейін жұмысқа орналасудың қиындығы және кез келген
жұмыстың табылмауы болып табылады. Әйелдердің салыстырмалы теңсіздігінің
себебі – олар еркектерге қарағанда штат қысқартуға байланысты жұмыстан
жиірек босатылады және үй шаруашылығын жүргізу қажеттілігі бойынша жұмысты
тастайды.
Жасқа қарай жұмыссыздық сипаттамасы да сондай-ақ еңбек рыногындағы
әйелдер мен еркектер арасындағы теңсіздікті айғақтайды.
Кесте 1
Жұмыссыздық себептері, 2007 жыл

Дерек көзі: Қазақстан Республикасындағы еңбек рыногы: 2006 жыл.
Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі Агенттігі, 2007ж.
Еңбек өндіріс факторы, ерекше тауар болып табылады. Оның тауарлық
формасының ерекшелігі мыналардан тұрады:
1. Бұл ресурс, әдетте, өзінің толық көлемінде сатылу обьектісі болып
шықпайды.
2. Жалдау формасындағы сату.
3. Шамалы жинақылық (аймақтық, өндірістік және т.б.)
4. Тұтас еңбектік бөлігі (элеуметтік формада) тұрақты өтімді таппайды.
Қорытындысында тұрақты құбылыс – жұмыссыздық туады.
Жұмыссыздық – бұл жұмыс істегісі келетін еңбекке жарамды халықтың
өндірісте жұмыспен қамтылмауы. Жұмыспен қамтылмау өндірістің тиімділігін
арттыруы, сонымен бірге жұмысшы күшінің бір бөлігін жұмыстан босатуға
мүмкіндік жасайтын немесе оның құрылымына, сапасына жаңа талаптар қоятын
ғылыми – техникалық прогресстің салдары болуы мүмкін. Нарықтың экономикада
жұмыссыздық дағдарыстар кезінде көбейеді. Нарық жоқ жағдайда жұмыссыздықтың
көбею себебі мемлекеттің өндіргіш күштерді орналыстырудағы бұрыс құрылымдық
саясаты болуы мүмкін.
Жұмыссыздық – құбылыс, жұмысқа қабілетті адамдардың тұрақты
немесе уақытша жұмыс істемейтін бөлігі.
Жұмыссыздық нарықтық экономикада типтілік құбылыс. Себебі, жұмыс күшіне
сұраным, оны сатып алуға жұмсалатын капитал көлеміне тәуелді. Сондықтан
капитал көлемінің азаюы, жұмыс күшіне деген сұранысты төмендетеді. Мұндай
жағдай, нарықтық экономикадағы қорлану заңының іс-әрекетінің нәтижесі
объективтік заңдылық. Осы заңның нәтижесінде қосымша жұмыс күшін өндіріске
тарту жай жүреді және капиталдың органикалық құрылымының өсуінің әсерімен
өндірістегі жұмысшылар қысқарады – нәтижесінде жұмыссыздар армиясы пайда
болады.
Жұмыссыздық негізгі себептері:
Неоклассикалық теория. Жұмысшылардың табыспен келіспеуі, төмен
жалақымен жұмыс істеуден бас тарту.
Кейнтік теория. Жұмысбастылық жиынтық ұсынысқа, тұтыну
бейімділігіне және инвестициялар көлеміне байланысты.
Маркстік теория. Қорланған капиталдың қажетті нәтижесінде, жанды
еңбекте машина мен жабдықтарға қарағанда аз өседі.
Жұмыссыздықтың мынандай түрлері) бар:
1. Ағымдағы немесе фрикциондық жұмыссыздар. Адамдар бір
жұмыстан екінші жұмысқа ауысады, бір жерден екінші жерге көшеді,
жұмыс іздейді, оны күтеді. Осы себептерге байланысты жұмыссыз
болады, оны фрикциондық немесе ағымдағы жұмыссыздар дейді.
Сонымен, фрикциондық жұмыссыздық жұмыс күшінің объективті
қажеттілікпен қозғалысына байланысты.
2. Құрылымдық жұмыссыздық – жұмыс күшінің құрылысына жұмыс
орнының құрылымының сай келмеуіне байланысты болады.
Өндірістегі технологиялық өзгерістер жұмыс күшіне сұраным
құрылымын өзгертеді. Жұмыс орнының жаңа құрылымы бұрыннан
келе жатқан (ескі технологияға сай) жұмыс күшінің құрылымына сай
келмейді, осыған байланысты жұмысшылардың белгілі бір бөлігі
өндірістен ығыстырылып, құрылымдық жұмыссыздарды құрайды.
Жұмыссыздықтың жоғарыда келтірілген екі түріде шарасыз,
сондықтан егер елде жұмыссыздықтың фрикциондық және
құрылымдық түрлері болса, онда жұмыссыздық жоқ деп есептелінеді.
3. Технологиялық жұмыссыздық – ғылыми – техникалық прогресспен
байланыты (ҒТП). ҒТП – жоғарғы қарқынмен дамыған кезде жұмыс
орындары босайды, оның саны тез көбейіп кетеді. Сонымен қатар ҒТП –
тің ерекшеліктері де бар. Технологиялық зерттемелердің еңбек
сыйымдылығы жоғары процестеріне қызмет жасау үшін жұмыс жасау күшін
тартады. Сайып келгенде ҒТП жұмыссыздықтың өсуіне алып келеді,
сондықтан мемлекет еңбек нарығын реттеуге әсер ететін шараларды
қарастыру қажет.
4. Циклдық жұмыссыздық – экономикалық дағдарыста өндірістің төмен
құлдыраған (спад) кезеңінде пайда болады. Жұмыссыздықтың бұл түрі
жалпы тұтынушы және инвестициялық шығындардың бірден қысқаруымен
сипатталады. Тауар мен қызметтерге жалпы сұраным қысқарып,
жұмыссыздық өседі. Сондықтан жоғарыдағы себепке байланысты, оны
сұраным ділгірлігіне (тапшылығына) (дефицит) байланысты
жұмыссыздық деп те атайды.
5. Көрінбейтін немесе маусымдық (сезондық) жұмыссыздық – белгілі бір
уақытта жұмыс істеп, қалған уақытында жұмыссыз (ауыл шаруашылығы,
құрылыс, туристтерге қызмет көрсету) немесе толық емес жұмыс
күнінде жұмыс жасау.
6. Аймақтық жұмыссыздық – жеке аймақтарда тарихи, демографиялық,
әлеуметтік – психологиялық жағдайлардың әсерінен қалыптасады.
Мысалы, көмір өндіретін өндірістің шоғырланған аймақтар. Әлемдік
тәжірибе бойынша жергілікті мемлекеттік мақсатты бағдарламалар
негізінде шешеді. (Сурет 1,Сурет2)
Қазіргі замандағы жұмыссыздықтың сипаттына бірнеше факторлар ықпал
етеді:
• Ғылыми – техникалық прогресс;
• Экономикадағы құрылымдық және аймақтық ілгері басушылық;
• Сыртқы экономикалық бәсекелестің күрт күшеюі.
Мұндай жағдайларда еңбек нарығы мынаған міндетті:
1. Өте жоғарғы жинақылыққа жетуге (кәсіпойлық, біліктілік,
аймақтық және халықаралық көзқарастар аясында)
2. Үлкен икемділікке барып, қазіргі заманғы жағдайларға сай өте
үлкен бейімділік танытуға.
3. Еңбекақы ставкаларын дараландыру (еңбекақыны нақтылы
жұмыскердің ағымдық еңбек үлесімен ғана емес, сонымен бірге
адамның жұмысқа лайықтылығын, әлеуметтік мүмкінділігін және
біліктілігінің өсуін есепке ала отырып құру керек).
Өнеркәсібі дамыған елдердегі жұмыссыздықтың себептерін талдай отырып,
шетел авторлары олардың жекелеген түрлерін тудыратын нақты факторларын
қарастырады. Мысалы, АҚШ Конгресі экономикалық статистика бойынша
комиссиясының жүргізген зерттеуі, жұмыссыздықтың 70 түрін атаған. Олардың
әрқайсысының өзінің ерекше себептері бар. Экономистер барлық жұмыссыздықтың
түрлерін негізінен екі топқа жіктеп қарайды. Жұмыссыздықтың бірінші тобына
– жиынтық сұранымның жеткіліксіздігінен туындауын жатқызады, алдыменен
циклдық жұмыссыздықты айтамыз. Жұмыссыздықтың екінші тобына – жиынтық
сұраным өзгерісімен байланысты емес фрикциондық, құрылымдық, технологиялық
және басқа түрлерін жатқызамыз.
Кез келген жұмыссыздықтың болуы – қоғам үшін ең ауыр экономикалық
және әлеуметтік сілкініс. Батыс ғалымдарының пікірі бойынша, адамды
жұмыссыз деп есептегенде, ол тек жұмыстан айырылып қана қоймай, өзінің
абыройын да жоғалтады. Шетелде жұмыстан айырылуды психологиялық зақым
ретінде бағалап, тек ең жақын туысқаны қайтыс болғанда алатын стресс
деңгейінде қаралады.
Жұмыссыздық оның деңгейімен өлшенеді.
Жұмыссыздық деңгейі – жұмыссыздар санының жұмысқа қабілеттер
санындағы үлес салмағы. Жұмыссыздық деңгейі жұмыспен толық қамтылғанда
“жұмыссыздықтың табиғи деңгейі” деп атайды.
Жұмыссыздық деңгейі экономикалық жағдайының негізгі көрсеткіштерінің
бірі, бірақ оны тура көрсеткіш деп толық айтуға болмайды. Себебі , ресми
статистикада, кім жұмыссыздыққа байланысты көмек алады, соларды ғана
есептейді.
Жұмыссыздық деңгейін есептеу төмендегідей формуламен анықталады:
ЖД = ЖСЖК* 100% Мұндағы: ЖД – жұмыссыздық
деңгейі;
ЖС –
жұмыссыздар саны;

ЖК – жұмыс күшінің саны;
Жұмыссыздық деңгейі оның нормасымен сипатталады. Оның нормасымен
жұмыссыздықтың жалпы санының жұмыс күші санына қатынасымен пайыз түрінде
есептеледі.
Экономикалық теорияда “жұмыссыздықтың табиғи деңгейі” – деген
ұғымды пайдаланады. Оның мөлшері өзгермелі, оның деңгейі әр елде әр түрлі
2 пайыздан 7 пайызға дейін. Мемлекет жұмыссыздықты осы табиғи деңгейден
асырмау бағытында іс-шаралар жүргізуге міндетті.
Жұмыссыздықтың экономикалық және әлеуметтік салдары:
1. ЖҰӨ-нің көлемі қоғамның өзінің бар потенциалды мүмкіншілігін
пайдаланғандағы көлемімен салыстырғанда төмендеуіне әкеліп соғады.
2. Халықтың әр түрлі топтарының арасында жұмыссыздық шығыны бірдей
бөлінбеуіне соқтырады.
3. Жұмысшылар мамандығын төмендетіп (ескіреді), тіпті айырылып та
қалады.
Жалпы жұмыссыздық мәселелерін шешуде экономикаға мемлекеттің
араласуы қажет. Мемлекет жұмыссыздықты реттеуді негізінен төрт бағытта
жүргізеді.
1. Жұмыссыздарды жұмыспен қамту, оларға мамандығын жоғалтпау үшін
еңбек биржасы арқылы кәсіби дайындықтардан және қайта дайындаудан
өткізуге көмек көрсету.
2. Әрбір әлеуметтік топтардың (әйелдер, зейнеткерлер, жастар)
ерекшеліктерін толық есептеу үшін икемді еңбек нарығын
қалыптастырып, оны осы жұмыстарды жүргізу үшін ынталандыру.
3. Еңбек қатынасын құқықтық қамтамасыз ету.
4. Жұмыссыздық зардабын шеккен адамдарды әлеуметтік қорғау.
Кез келген жұмыссыздың деңгейімен байланыста болатын экономикалық
зиянды анықтау үшін, әлемдік практикада Оукен заңы қолданылады. Бұл заң
американ экономисі Артур Оукеннің (1724-1780 ж.ж.) есімімен аталған. Осы
заң математикалық тұрғыдан жұмыссыздық деңгейі мен жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ)
көлемінің төмендеуі арасындағы байланысты көрсетеді. Егер жұмыссыздықтың
сандық деңгейі табиғи деңгейден 1%- ға асса, онда ЖҰӨ көлемінің төмендеуі
2,5% құрайды. Осы 2,5 санымыз – Оукен коэффициенті болып табылады. Мына
1:2,5 қатынасы, бұл жұмыссыздықтың ЖҰӨ көлемінің төмендеуіне қатынасы болып
табылады және жұмыссыздықпен байланысты өнімнің абсолюттік зиянын анықтауға
көмектеседі. Мысалы, жылына (1983 ж) жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі 9,5%
немесе 3,5 % - ке жетті, артық ұйғарудың табиғи деңгейі 6%. Осы 3,5% санын
Оукен коэффициентіне (2,5) көбейтсек, онда 1983ж. ЖҰӨ көлемінің көлемінің
төмендеуі 8,75% құрайды. Басқа сөзбен айтқанда, егер де 1983 ж. Жұмыссыздық
деңгейі толық қамтамасыз етілсе, ЖҰӨ нақтыға қарағанда 8,75% - тен көп
болар еді.
Қазақстан Республикасында тәжірибесінде енді ғана тұрғындарды
жұмыспен қамтудың нарықтық механизмге өтуі қарастырылуда. Қазіргі кезде
жұмыспен қамту қатынастары терең дағдарысты басынан кешуде. Оның себебі
әміршілдік экономика жағдайында жұмыспен қамту қатынастары тоталитарлық
орталықтан жоспарланған еді. Бұрынғы әміршілдік қоғам толық жұмыспен қамту
міндетін және тұрғындардың тиімді еңбекпен қамтылуын шеше алмады.
Ал енді тиімді еңбекпен қамту дегенді қалай түсінеміз?
Толық еңбекпен қамту дегеніміз халық шаруашылығы көлемінде еңбекке
қабілетті тұрғындарды жұмыс орнымен қамтамасыз ету.
Тиімді еңбекпен қамту дегеніміз қоғам қажеттілігін өте аз еңбек
шығынымен қанағаттандыра білу.
Қазіргі нарықтық экономикада жұмыскерлердің оңтайлы резерві міндетті
түрде болуы қажет, сөйтіп жұмыссыздықтың табиғи мөлшері сақталады. Оған тең
дәрежеде арифметикалық толық еңбекпен қамту және тым жоғары жұмыссыздықта
керіғар екендігі белгілі.
Жұмыспен қамту мәселесін экономиканы зерттеушілер әртүрлі көзқараста
қарастырады. Олардың негізгілеріне қысқаша тоқталып өтейік:
1. Ағылшын священнигі Мальтус “халықтың өсу” заңын қалыптастырды, ол
заңға сай өндірісте тамақ өнімдерін өндіру арифметикалық прогресспен
көбейеді (1,2,3,4,5, т.с.с), ал адамдардың өсуі геометриялық прогресспен
өседі (2,4,6,8, т.с.с). Мальтузиандықтар жұмыссыздықтың негізгі себебі осы
тамақ өндірісі мен адам өсуінің арасындағы тәуелділікте – деп, адам санын
“табиғи” әдістермен: соғыс, эпидемия, түрлі апаттар т.с.с. реттеуді ақтады.

2. Классикалық саяси экономия нарықты өзін-өзі реттейтін жүйе деп,
онда жұмыссыздыққа мәжбүр етпейді, жұмысшының өз еркімен жұмыс істемейді.
Жалақының төмендігінен, жоғарға жалақылы жұмыс іздейді т.с.с.
3. Маркстік теория жұмыссыздық капитализмге тән құбылыс, капиталдың
органикалық құрылымының өсуіне байланысты өндірістен жұмысшылар
ығыстырылады, солар жұмыссыздықтарды құрайды – деп түсіндіреді. Маркстік
экономикалық теория капитализмді жаңа қоғамдық құрылыспен ауыстыру қажет
деп тұжырымдайды. Олардың тұжырымдамасына сай жұмыссыздықтың ағымдағы,
тоқырау және көрінбейтін (аграрлық) түрлерін келтіреді.
4. Кенсиандық теория. Кейнстің тұжырымдауынша, біріншіден, еркін
бәсеке тұсындағы нарық өзін-өзі реттеуші бола алмайды, екіншіден, нарық
тепе-теңдігі толық жұмыспен қамтуға кепілдік бере алмайды.
5. Неоклассикалық теорияны жақтаушыларының айтуынша “жұмыссыздықтың
табиғи деңгейі” болу керек, одан құтылу мүмкін емес.
Ауыл шаруашылығында жұмыспен қамту АҚШ – да 1955 жылы 6,5 млн.
адамнан 1990 жылы 3,2 млн адамға қысқарды, ал қызмет көрсету саласында 1955
жылы 30,1 млн адамнан 1990 жылы 85,3 млн адамға артып, жалпы дұмыспен
қамтылғандардың 75% құрады. Кәсіби құрылымда ой еңбегімен айналысатын
жұмыскерлер арта түсті. Олар 1991 жылы барлық жұмыспен қамтылған жұмыс
күшінің 51% құрады.
Шымкент қаласы әкімінің еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және
жұмыспен қамту басқармасы кедейшілікпен күресті негізге ала отырып, 2003-
2005 жылдарға арнап іс-шаралар жобасын түзген болатын. Бұл түзілген іс-
шаралар жобасы негізінен үш бағыттан тұрады: біріншіден, адамдарды тұрақты
жұмыспен қамтамасыз ету, екіншіден, оларды кәсіби даярлау, яғни қайта оқу
курстарында оқыту және қоғамдық ақылы жұмыспен қамтамасыз ету.
Осы атап өткен бағыттарды негізге алған басқарма ұжымы өткен жеті
айда жоспар бойынша 1500 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасызету керек болса,
іс жүзінде бұл көрсеткіш 1514 адамға жетіпті. Қала бойынша қай жерге қандай
мамандық иелерінің қажеттілігін сараптама жасаған басқарма қызметкерлері
оқу мекемелерінің арасында тендер өткізіп, жеңіп шыққан мекемелерге
жұмыссыздар орталығына тіркелгендерді қайта оқу курсына жібереді.
Үстіміздегі жылы “Южказинтерэтнос”, “Маман-специалист” оқу-әдістемелік
орталықтары және аса қажетті білім беру орталығы жеңіске жетіп отыр.
Бүгінгі таңда 639 ваканция бар болса, оның басым бөлігі техникалық
қызметкерлерді қажет етеді. Ал мұнда тіркелгендер негізінен экономист
немесе заңгер болып келеді. Басқарма бүгінге дейін 205 азаматты осы аты
аталған мекемелерде оқытып, кәсіби мамандық әперген. Ал белгіленген жоспар
бойынша олар жыл соңына дейін 345 адамды аралас мамандықтар бойынша оқытып
шығаруы керек. Егер таратып айтар болсақ, есептеу машинасының
операторлығына – 80 адам, шағын және орта бизнес кәсіпкерлігіне – 10 адам,
аспаз-кондитер официант мамандығына – 20 адам, шаштараз – визажистке – 40
адам, секретарь-референтке (қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білумен қатар
компьютерді игеруі керек) – 20 адам, тігіншілікке – 40 адам, газбен және
электрмен дәнекерлеушіге – 20 адам, тұрмыс техникасының мастерлігіне – 10
адам, автомеханик және автослесарлыққа -10 адам, жүргізушілікке – 40 адам
(Д категориясына – 10, әуесқойлыққа – 30) мамандануы тиіс деп отыр.
Жылдан-жылға жұмыссыздық біртіндеп кеміп, кедейшіліктің шекпенінен
арылушылар саны артып келеді. Бірақ, әлі де болса қоғамға қажетті
мамандықтарды таңдай білмеуден жоғары, арнаулы оқу орындарын бітіруші жас
мамандар жұмыссыздар санын еріксіз толтыруда. Мысалы, биылдың өзінде
гуманитарлық мамандар бойынша – 2900, педагогикалық – 4680, экономист
мамандығы бойынша - 1500 жас маман диплом алғалы отыр. Бұған орта білім
беретін колледждерді бітіретін 2000 педагогты, 800 экономисті қосамыз.
Ашығын айту керек, заңгерлер мен экономистерге көше сыпыратын қоғамдық
уақытша жұмыстарға орналасудан өзге амал қалмады. Педагогтарды онша көп
деуге болмайды. Өйткені, ауылдық жерлерде әлі де болса мұғалімдерге деген
сұраныс бар. Өкініштісі сол, ауданда бірнеше бос жүрген химик, математик,
физик мамандардың зәру болып отырған екінші бір ауданға барып жұмыс
істемейтіні.
Жұмыссыздық проблемасын шешу барысында шетелдік арзан жұмыс күшіне
арқа сүйейтін фирмалардың да мәселе тудырып жататыны бар. Олар көбіне
“бізге бес тілді білетін маман керек” деген талапты көлденең тартады.
Осылайша шетелден жұмысшы алдыруға құмбыл. Облысымызда шетелден маман
әкеліп жұмыс істеуіне рұқсат берілген 44 компания бар екен.

2. Қазақстан Республикасындағы еңбек биржасының қалыптасуы. Еңбек нарығы.

Жұмыссыздық проблемаларын шешуде еңбек биржалары айтарлықтай орын
алады. Нарық қатынастары дамыған елдерде еңбек биржасы алғашқыда
жұмыссыздарға жәрдем беру максатында адамгершілік институттары ретінде
пайда болды. Уакыт өте келе еңбек қатынастарының дамуына сәйкес, оның
мақсаты мен кызметіде өзгереді.Еңбек биржасы бұл еңбекті жалдау барысында
жұмыскерлер мен кәсіпкерлердің арасында делдалдық келісім жасалатын,
тұракты жұмыс жасайтын мекеме. 1991 жылдың бірінші шілдесінен бастап
Қазақстанда барлык жерлерде тұрғындарды еңбекпен қамту қызметі жұмыс істей
бастады.
Еңбек биржаларының негізгі атқаратын қызметтері мыналар: еңбек
нарығындағы сұраным мен ұсынымды анықтау, жұмыссыздықты есепке алу және бос
жұмыс орындарын тіркеу, жұмысын ауыстыруға және жұмысқа тұруға тілек
білдіретін адамдарға ақпараттар беру, жұмыс істеп жүрген кадрларды оқыту
мен қайта дайындауды ұйымдастыру, жастар арасында кәсіптік бағдар беру
жұмысын жүргізу, адамдарды жұмысқа орналастыру үшін делдалдық қызмет
көрсету және жұмысқа, жұмыссыздыққа байланысты жәрдемақы тағайындау.
Мемлекет, кәсіпорындар мен ұйымдардың мүдделерін есепке ала отырып,
биржалар арқылы еңбек нарығына әсер етеді. Еңбек биржасы беретін жұмысқа
жолдама кәсіпкерлер үшін міндетті болмайды, ол тек кана ұсынымдылық сипатта
болады, себебі, олардың жұмыскерлерді еркін түрде алуға құқы бар және оны
өздерінің кадр бөлімі арқылы жүзеге асыруға тырысады.
Нарықтық экономикасы дамыған көптеген елдерде еңбек нарығындағы
әртүрлі категориялардыадамдарға, әсіресе жастарға дифференциалды түрде
қарау көзделген. Осы мақсатта жастар арасындағы жұмыссыздықпен күресу
арнайы бағдарлама жаслып, ол өмірге ендіріледі. Бұл бағдарламада
кәсіпкерлердің қатысуымен жастар үшін жұмыс орнын құру шараларына ерекше
орын берілген, кәсіпкер жалақыны төлеу шығындарын қаржыландырмаса, мемлекет
кәсіби дайындықта жұмсалатын шығындарды өз мойнына алады.
Жұмыссыздық мәселесін шешуде ерекше орынды еңбек биржалары
(тұрғындарды жұмыспен қамту орталығы) алады. Еңбек биржасы – бұл тұрақты
негізде қызмет жасайтын мекеме, мұнда еңбекті жалдау кезінде жұмыскер мен
кәсіпкер арасындағы делдалдық іс-әрекет жүзеге асады. Бұрынғы КСРО-да ең
соңғы еңбек биржасы 1930-шы жабылып, Жұмыссыздықтың көзі жойылғандығы
айтылды.
Бүгінгі қалыптасқан өмір шындығы, барлық еңбек нарығы элементтерін
қайтадан пайда болу қажеттілігін алға тартуда. Қазақстанда тұрғындарды
жаппай жұмыспен қамту орталығы 1991-ші жылдың 1-ші шілдесінен бастап жұмыс
істей бастады. Қоғамдық қатынастары дамыған елдерде еңбек биржасы алғашқыда
гуманитарлық институт ретінде пайда болып,оның мақсаты жұмыссыздарға көмек
көрсету еді. Уақыт өте келе бұл елдердегі еңбек қатынастарының даиуына сай
олардың міндеттері мен қызметтері өзгерді. Соңғы жылдары еңбек биржасы
еңбек нарығын реттеудің маңызды инструменті болып, жұмыспен қамту саясатын
жасап, әрі оны өмірге ендірді. Мұндай биржалардың бүгінгі кездегі негізгі
қызметтері мыналар болып табылады: еңбек нарығындағы сұраным мен ұсынымды
зерттей білу, жұмыссыздар санын есепке алу, бос жұмыс орнын тіркеу, жұмысты
ауыстыратын және жұмысқа тұрғысы клетін адамдарға ақпарат беру, жұмыс
іздеген мамандарды оқытуды ұйымдастыру және жаңа дайындықтан өткізу, жастар
арасында кәсіби бағдар жұмысын жүргізу, адамдарды жұмысқа орналастыру
кезінде делдалдық іс атқару және жұмыссыздарға жәрдем ақы төлеу болмақ.
Егер де жұмысы жоқ жұмысшылар бос жұмыс орындары туралы еш нәрсе
білмеген болса, онда олар істеуге тиіс жалғыз әрекет кездейсоқ және ешкім
бағыт бермеген жұмыс іздеуге әрекеттері болып табылады. Әр түрлі
кәсіпорындарда және әр түрлі мамандық бойынша жұмыс күшіне деген сұраныстың
салыстырмалы жағдайы туралы қандай да бір жалпы ақпарат бәрібір боолады.
Оны газеттердегі хабарландырулардан, достармен әңгімелесу барысында және
кәсіподақтардың аудандағы жағдай туралы баяндамаларынан алуға болады.
Бүгінгі таңда еңбек биржасы күшті ақпараттық агенттіктің де рөлін
атқарады. Олар кәсіподақтар атқаратын анықтамалық жұмыстарды кеңейтті және
жұмысшыға, оны өзінің жақын бөлімшесіне шақырып алып, бүкіл Лондон бойынша
оның мамандығы бойынша жұмыскерлерге қатысты қандай сұраныстар жасалғандығы
туралы танысуына мүмкіндік береді. Егер де әр түрлі қалалардағы еңбек
биржалары өзара байланыс ұстайтын болса, жұмысшыға одан да ауқымды ақпарат
беріледі.
Англияда байланыстың оқшауланған жүйесінен біріккен жүйеге көшу еңбек
биржасы туралы заңмен бекітілген. Осылай ұйымдастырылған жүйе жұмысы
күшінің бос жұмыс орындарына ауысуын тездетуге арналған қуатты құрал болып
табылады.
Бір қарағанда, егер де ондай жүйе ұйымдастырылған болса, онда басқа
ештеңенің қажеті жоқ сияқты болып көрінеді. Бірақ бұл қате пікір. Осы
сәтте белгілі бір фирмада екі бос жұмыс орны ашылыпты деген ақпарат, бұл
ақпаратты алған жұмысшылар сол жерге жұмыс іздеп барған кезінде де бұл
жұмыс орындарының бос болатындығы туралы ақпаратпен бірдей емес.
Егер де әр түрлі кәсіпорындарда немесе кәсіпорындардың бөлімшелерінде
бос жұмыс орнына қатысты ақпараттар орталығы бар жерлерде жұмысшылар шын
мәнінде осы кәсіпорындар үшін немесе бөлімшелер үшін жалдана алатын
орталықтар ұйымдастырылса. Егер де бұл бұған дейін жасалған болса, онда
жұмысшыларға тек белгілі бір жерлерде пәлен бос жұмыс орны бар деген
ақпарат қана емес, сонымен қатар бұл бос жұмыс орындарының олар сол жерге
барғанға дейін ашық болтындығы туралы ақпарат беріледі.
Мұндай бірыңғайландыру жолындағы кедергілер әр түрлі кәсіпорындар бір
компанияға тиесілі болғанда, олардың орналасқан жерлері тұрақты және олар
іс жүзінде бір-бірімен тығыз байланыста болған кезде аз болады.
Егер де жекелеген кәсіпорындар бір ғана компанияға және бір
кәсіпкерге емес, бірнеше компанияға немесе кәсіпкерге тиесілі болған кезде
бірыңғайландыру жасалатын кедергілер күшті болады, себебі бұл жағдайда
бірыңғайландыру үшін жұмысшылар алу жөнінде арнайы ұйым құру қажет болады.
Оны компаниялардың өздері немесе басқа бөтен орган құруы және осыдан кейін
көрсетілген мақсаттарға пайдаланылуы тиіс.
Тәжірибеге сүйенсек, егер де бұл биржалар кең ауқымды клиентура
тапқысы келсе, олар ниеті таза еместердің жеке ойынын білдірмей, қоғамдық
болуы тиіс; оларды кәсіпкерлердің де сондай-ақ, жұмысшылардың да өкілдері
басқаруы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықты жұмыспен қамтудың мәні мен құрылымы
ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
Халықты жұмыспен қамтуды жетілдіру жолдары (Қызылорда облысы материалдары бойынша)
Еңбек ресурстарын басқарудың теориялық аспектілері
Жұмыспен қамтуды құқықтық реттеу
Жастарды жұмыспен қамту жүйесін басқаруды жетілдіру жолдары
Ескерту нарығын үлгісі реттеу үлгісі
Еңбек нарығын мемлекеттік реттеу аспектілері
ҚАЗІРГІ ҚОҒАМДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР: ДАМУ ЖОЛДАРЫ
Жұмыссыздықтың экономикалық-теориялық негізі
Пәндер