Еңбек ақы бойынша есеп айырысудың есебi
Жоспар
I Еңбек және еңбек ақы бойынша есеп айырысудың мәнi
1.1Шаруашылықтың техникалық . экономикалық сипаттамасы
1.2 Шаруашылықтың есеп жүргiзу саясаты
1.3 Еңбек ақы бойынша есеп айырысуды ұйымдастыру
II Еңбек ақы бойынша есеп айырысудың есебi
2.1 Еңбек ақы түрi, жүйесi, нысаны
2.2 Еңбек ақы есептеу тәртiптерi
2.3 Еңбек ақыдан ұсталынатын ұсталымдар
2.4 Еңбек ақы бойынша есеп айырысудың аналитикалық, синтетикалық және жиынтық есебi
III. Еңбекақы бойынша есеп айырысу есебiнiң аудитi
3.1 Аудиттiң мақсаты мен мiндетi
3.2 Еңбек ақы бойынша есеп айырысу есебiне аудит жүргiзу тәртiптерi
3.3 Еңбек ақы бойынша есеп айырысудың талдауы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

1.1Шаруашылықтың техникалық – экономикалық
сипаттамасы

2.4 Еңбек ақы бойынша есеп айырысудың аналитикалық, синтетикалық және
жиынтық есебi

Кiрiспе
Нарықтық қатынастық экономикаға көшу барысында бухгалтерлiк есеп және
аудит қызметiнiң алатын орны және қажеттiлiгi артуда.
Нарық қатынастары жағдайында шаруашылық жүргізуші ұйымдарда
бухгалтерлік есептің маңызы ерекше зор.Шаруашылық ұйымдарында бухгалтерлік
есеп жұмысы Бухгалтерлік есеп туралы,Салық және бюджетке төленетін басқа
да міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес
жасалған бухгалтерлік есеп стандарты мен қаржы шаруашылық қызметі
бухгалтерлік есептерінің типтік шоттар жоспарына сай бекітілген ортақ
принциптер мен ережелері және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
бухгалтерлік есеп жөнінде шығарған нұсқаулары мен ережелері ,сондай-ақ
ұсыныстары негізінде ұйымдастырылады.Қазіргі кезде елімізде қолданылып
жүрген бухгалтерлік жүйесі халықаралық бухгалтерлік есеп стандартына
барынша жақындатылған.
Халық шаруашылы есептерінiң арасында бухгалтерлiк есептiң
шаруашылықтың қаржы- шаруашылық қызметінде алатын орны зор. Бухгалтерлiк
есептiң негiзгi мiндетi- халық шаруашылығының барлық салаларында нақты
тұжырымды мемлекеттiк талапқа сай есептеу жұмысын жүргiзу.
Бухгалтерлік есеп дегеніміз- кәсіпорынның шаруашылық процесіндегі бар
құбылысты, яғни айналмалы қорының айналымын құжаттармен негіздей отырып,
үздіксіз есептеу.Бухгалтерлік есепте ақшалай өлшем ерекше орын
алады.Себебі,ақшалай өлшем кәсіпорын жұмысының көрсеткіштерін жан-жақты
қамти отырып бір өлшем арқылы тұрақты жүйеге келтіріп қорытындылауға
мұмкіндік береді.
Есеп жұмысының мақсаты үкіметтің экономикалық саясатымен
анықталады.Әрбір қоғамның теориясында анықталған негізгі заңына сәйкес
шешіледі. Яғни,қоғамның бір қалыпты жоспарымен дамуы,есеп көрсеткіші
болмаса іске асуы мүмкін емес.Себебі мемлекеттік даму бағыты есеп
мәліметінің көрсеткіштерін негізге ала отырып жасалады.Онымен қатар
мүмкіншілігін немесе орындалмау себебін экономикалық талдау арқылы анықтап
отыратын да бухгалтерлік есеп.
Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының халқын жұмыспен қамтамасыз
етуде және өз еңбек күштерімен кәсіппен айналысуға көптеген заңдастырылған
жолдар қарастырылған.Соңғы 2005 жылы Қазақстан Республикасы Президенті
Н.Ә.Назарбаевтің жолдауында да еңбек етушілердің еңбек жалақысын өсіруге
де көп мән беріліп, ол жүзеге асу үшін біраз жұмыстар жасалуда.
Жолдауда 2005 жылдың 1 шілдесінен бастап бюджет саласының
қызметкерлерінің жалақысын 32 пайызға көтеру, ал 2007 жылдан бастап 30
пайызға көтеру көзделген. Сонымен қатар жалақы мемлекеттік ғана емес
жекеменшік секторларда да өсуге тиіс. Осыған орай 2005 жылдың 1 шілдесінен
бастап ең төменгі жалақы мөлшерін 9 200 теңгеге дейін көтеру көзделген.
Қазақстан Республикасының 1999 жылдың 10 желтоқсанындағы № 493-
1”Қазақстан Республикасындағы еңбек” туралы заңы 1999 жылғы 10
желтоқсанындағы сәйкес 2000 жылдың № 494- 1 заңына сәйкес 2000 жылдың 1
қаңтарынан күшiне енген. Осы заң азаматтардың Қазақстан Республикасындағы
еңбек бостандығына Конституциялық құқығын iске асыру процесiнде туындайтын
еңбек қатынастарын реттейдi.
Еңбек пен еңбекақы есебiнiң мiндеттерi:
1. Өндiрiлетiн өнiмдермен iстелiнетiн жұмысқа кеткен еңбек пен оған
төленiлетiн еңбекақы мөлшерiн дұрыс анықтау.
2. Еңбек өнiмдiлiгiнiң өсiмiн бақылау.
3. Жұмсалған еңбектiң саны мен сапасын бақылау.
4. Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеу үшiн еңбекақы қорынан,
қоғамдық тұтыну қорынан және тағы басқа қорлардан бөлiнетiн қаржыларды
бақылау.
5. Жұмысшы және қызметкерлермен уақтылы дұрыс есеп айырысу.
6. Өндiрiске жедел басшылық жасау үшiн тиiстi мәлiметтер алу.
7. Еңбек және еңбекақы жайлы статистикалық және бухгалтерлiк қорытынды
есеп беру.
Сонымен қатар еңбек пен еңбекақы есебiн ұйымдастыруды одан әрi жетiлдiру
үшiн мынадай жағдайлар қажет:
1. Еңбектiң өнiмдiлiгi мен орындалған жұмыстың көлемiн ұлғайтуға
ынталандыратын еңбекақының тиiмдi түрлерiн кеңiнен қолдану.
2. Еңбек пен өндiрiстi басқарудағы ғылыми жолмен басқарудың типтелген
прогрестiң құрылымын қолдану.
3. Еңбекақы төлеудiң сыйлық беру жүйесiмен басқа да түрлерiн жұмыстағы
жетiстiктермен тығыз байланыстыра отырып, дұрыс қолдану.
4. Еңбек пен еңбекақы есептеуде осы күнгi талаптарға сай есептеу мен
ұйымдастыру техникаларын қолдану, алғашқы есеп жүйесiн жетiлдiру мен
жеңiлдету.
I. Еңбек және еңбек ақы бойынша есеп айырысудың мәнi
1.1. Шаруашылықтың техника-экономикалық сипаттамасы
ЖШС Фуд-Мастер АйсКрим компаниясы Дзержинский атындағы тiгiн
фирмасының базасында 2002 жылы құрылған. Кәсiпорын территориясы - 1,82 га,
орналасқан мекен-жайы – Алматы қаласы, Жансүгiров көшесi 284. Компанияның
екi модульдi ғимараты балмұздақ шығаратын екi үлкен цехқа қайта
жарақтандырылған. Қолданатын шикiзаттың негiзгi түрi – құрғақ сүт,
майлылығы 25 %, майсыздандырылған сиыр сүтi. Дайын өнiм – балмұздақ.
Өндiрiсте “Тетра Пак Хойер” дат фирмасының технологиялары мен құрал-
жабдықтары қолданылады. Кәсiпорынның жұмыс режимi: жылына 260 күн, екi
ауысым, жұмыс ұзақтығы – 8 сағат, күнiне 9 тонна өнiм шығарады.
Кәсiпорын территориясында шикiзат пен қосымша материалдар сақтайтын
қоймалары бар. Дайын өнiмдi сақтау үшiн көлемi 150 тонналық мұздатқыш
камералар орнатылған.
ЖШС Фуд-Мастер АйсКрим компаниясының қызметiнiң негiзгi концепциясы –
Қазақстан нарығын жаңа технологиялар мен жабдықтарды қолдану арқылы жоғары
сапалы өнiммен қамтамасыз ету. Әр түрлi балмұздақ түрлерiн шығару үшiн дат
фирмасының “Стрейтлайн” және “Хайер КОМЕТ RS” жабдықтары орнатылған.
Балмұздақты отандық және шетел өндiрушiлерiнiң шикiзаттары негiзiнде
жасайды. Оның iшiнде отандық шикiзаттар:
- май – “Фуд-Мастер НС” еншiлес компаниясы, Астана қаласы;
- сүт – СПК Ауылшаруашылық кәсiпорын ат фермасы “Алматы”, Талғар
қаласы, жеке кәсiпкер “Мырзахметов”, ЖШС “МТФ”;
- қант – “Қант орталығы”, Алматы қаласы.
Шетелден келетiн шикiзаттар:
- стабилизатор – DANISE Services as (Denmark);
- глазурь - DANISE Services as (Denmark);
- жаңғақ - DANISE Services as (Denmark);
- джем - DANISE Services as (Denmark);
- құрғақталынған сүт майы – Corman as (EEC);
- орау қабы – Bakambalaj (Turkiye) or Danice;
- эскимо үшiн таяқшалар - Dan.
Фуд-Мастер АйсКрим компаниясының қаржы жағдайын талдау.
Компанияның қаржы жағдайын талдау үшiн 2003 ж активтерiнiң балансын
қарастырайық. Ол №1 кестеде келтiрiлген.
Кесте №1
ЖШС Фуд-Мастер АйсКрим компаниясының 2004 ж. баланс активтерi(мың т)
№ Көрсеткiштер Жыл басы Жыл соңы Ауытқу (+,-) %
1 2 3 4 5 6
1 Актив барлығы
соның iшiнде: 13359 439089 425730 89
1.1үзақ мерз актив 11245 390258 379013 46
соның iшiнде:
% 96,6 91,1 -5,5
Негiзгi құрал 11245 390258 492974 46
% 96,6 91,1 -5,5
қаржылық салым
2 Ағымдағы актив 2114 48831 46717 23
соның iшiнде:
% 3,4 8,9 +5,5
Өндiрiстiк қорлар 100 19000 18900 90
% 0,16 3,4 +3,24
Дайын өнiм 248 21440 21192 86
% 0,39 3,9 +3,51
Ақша-қаражатт. 1556 1000 -556 -64
% 2,5 0,18 -2,32
Дебеторлық қар. 210 7391 7181 35
% 0,35 1,42 +1,07
Баланс активтерiнiң құрамының өсу динамикасы мен құрылымының талдауы
компанияның барлық мүлiктерiнiң абсолюттi және қатысты өсу немесе кему
көлемiн анықтайды. Активтердi талдау барысында активтердiң қолда бары,
құрамы, құрылымы мен болған өзгерiстерi зерттеледi. Кестедегi мәлiметтер
бойынша активтердiң көлемi артқан, бұл компанияның жұмысына оң сипаттама
бередi. Баланс активi 425730 мың теңгеге немесе 89 пайызға артқан. Соның
iшiнде өндiрiстiк қорлардың үлесi жоғары 18900 мың теңге немесе 90 пайызға
артқан; сонымен қатар дайын өнiмнiң үлесi де 21192 мың теңге немесе 86
пайызды құраған; ұзақ мерзiмдi актив, яғни негiзгi құралдардың үлесi 379013
мың теңге немесе 46 пайызға артқан; бiрақ ақша-қаражаттары 556 мың теңгеге
немесе 64 пайызға кемiген және дебеторлық қарыздар сомасы 7181 мың теңгеге
немесе 35 пайызға артқан. Компанияның жалпы активтерiнiң артуы оның
жұмысына оң сипаттама бередi, бiрақ компанияның дебеторлық қарыздары артып,
ақша-қаражаттары кемiген, бұл компанияның қызмет етуiне керi әсерiн тигiзуi
мүмкiн, сондықтан қаржы директоры мұның пайда болу себептерiн анықтап,
қарыздарды жуық арада қайтару жолдарын қарастыруы керек.
Келесi есептейтiн көрсеткiш бұл мобильдiлiк коэффициентi, оның мөлшерi
мынадай болып келедi: жыл басында 0,03=2114101299; жыл соңында
0,09=48831446702. Яғни коэффициент мөлшерi 0,06 артқан. Бұл компанияның
өз жұмысын үздiксiз жүргiзуге мүмкiншiлiгiнiң бар екендiгiн көрсетедi.
Компанияның зерттелетiн келесi көрсеткiшi мобильдi құралдарының құрамы
мен құрылымы, өсу динамикасы мен кему тенденциясы. Ол үшiн төмендегi №2
кестеде мобильдi құралдар мәлiметтерi берiлген.
Кесте №2( жалғасы келесі бетте)
Фуд-Мастер АйсКрим компаниясының 2004 ж мобильдi құралдары
(мың т)

1 Мобильдi құралд. 2114 48831 46717 23
соның iшiнде:
% 100 100
Өндiрiстiк қорлар 100 19000 18900 90
% 0,05 39 + 38,95
Дайын өнiм 248 21440 21192 86
% 12 44 + 32
Ақша-қаражатт. 1556 1000 -556 -64
% 74 0,02 -73,98
Дебеторлық қар. 210 7391 7181 35
% 10 15 +5
Кесте көрсеткiштерiнен мобильдi құралдардың 23 пайызға, яғни 46717 мың
теңгеге артқандығын байқаймыз. Соның iшiнде материалдық қорлардың үлесiнiң
90 пайызға (18900 мың т), дайын өнiмнiң 86 пайызға (21192 мың т) артып,
керiсiнше ақша-қаражаттарының 64 пайызға (556 мың т) кемiгендiгiн және
дебеторлық қарыздардың 35 пайызға (7181 мың т) артқандығын көремiз. Бұдан
шығатын қорытынды: материалдық қордың артуы компания қызметiне оң әсерiн
тигiзгенiмен, дайын өнiмнiң және дебеторлық қарыздың артуы мен ақша-
қаражаттарының кемуi керi әсерiн тигiзедi. Өйткенi дайын өнiмнiң артуы
компанияда материалдық айналым қозғалысының баяулығын, дайын өнiмнiң
сатылмай қоймада шамадан артық мөлшерде тұрғандығын көрсетедi, бұл сауда
бөлiмiнiң қызметкерлерiнiң өз қызметтерiн дұрыс атқармайтындығын көрсетедi;
ал дебеторлық қарыздардың артуы компанияның қаржы директорының дебеторлық
қарыздармен жұмыс iстемейтiндiгiн көрсетедi. Ақша-қаражаттарының кемуiн бұл
ұзақ мерзiмдi активтердi сатып алуымен түсiндiруге болады.
Келесi зерттелетiн маңызды көрсеткiштердiң бiрi - авансталған
капиталды талдау. Ол үшiн төмендегi кесте мәлiметтерiн пайдаланамыз (кесте
№3- келесі бетте).
Кесте №3
Фуд-Мастер АйсКрим компаниясының 2004 ж авансталған капиталының құрамы мен
құрылымы
(мың т)
№ Көрсеткiштер Жыл басы Жыл соңы Ауытқу(+-) %
1 2 3 4 5 6
1 Аванст. Кап.
Соның iшiнде: 100184 174800 +74616 74
% 100 100 - -
1.1Меншiк капит. 97600 97600 - -
% 97,4 55,8 -41,6
1.2Тартылғ. кап 2584 77200 +74616 74
% 2,6 44,2 +41,6
Жоғарыдағы кесте мәлiметтерiнен Фуд-Мастер АйсКрим компаниясының
авансталған капиталының құрамы мынадай болып келген: жалпы авансталған
капиталының көлемi есептi мерзiмнiң соңында 74616 мың теңгеге немесе 74
пайызға артқан. Соның iшiнде
Меншiк капиталының үлесi жыл басында 97,4 пайызды құраса, жыл соңында 55,8
пайызды құрап, 41,6 пайызға кемiген. Керiсiнше тартылған капитал 74616 мың
теңгеге, яғни 74 пайызға артқан, сәйкесiнше авансталған капиталдағы үлесi
41,6 пайызға артқан. Қазақстанның бухгалтерлiк есеп стандарттары бойынша
меншiк капиталдың үлесi 50%-дан кем болмауы тиiс, яғни компанияның қазiргi
кездегi меншiк капиталының үлесi 55,8%-ды құрап отыр, ол компания қызметiне
оң сипаттама бередi.
Келесi зерттелетiн көрсеткiштер – тәуелсiздiк, тәуелдiлiк,
қаржыландыру коэффициенттерi.
Тәуелсiздiк коэффициентi:
жыл басында 0,9=97600101299;
Жыл соңында 0,2=97600446702;
Тәуелдiлiк коэффициентi:
Жыл басында 0,02=2584100184;
Жыл соңында 0,4=77200174800;
Қаржыландыру коэффициентi:
Жыл басында: 37,7=976002584;
Жыл соңында: 1,3=9760077200;
Тартылған капитал мен меншiк капитал қатынасының коэффициентi:
Жыл басында: 0,03=258497600;
Жыл соңында: 0,8=7720097600.
Компанияның тәуелсiздiк коэффициентi жыл басында 0,9 болып, жыл
соңында 0,2-ге түскен. Жалпы бұл коэффициенттiң мөлшерi 0,05-тен кем
болмауы керек. Бұл компанияның қаржылық жағдайының төмендегенiн көрсетедi.
Тәуелдiлiк коэффициентi жыл басында 0,02 тең болып, жыл соңында 0,4 тең
болған, тәуелдiлiк коэффициентiнiң мәнi 0,5 кем болса, бұл жақсы көрсеткiш.
Компания қаржылық жағынан тәуелсiз, бiрақ бұл коэффициенттiң тез өсiп келе
жатқаны компания үшiн тиiмсiз болып табылады.
Қаржыландыру коэффициентi жыл басында 37,7 болса, жыл соңында 1,3 тең
болған. Халықаралық тәжiрибе бойынша бұл коэффициенттiң мәнi 1-ден жоғары
болса, кәсiпорынның мүлкiнiң басым бөлiгi өз қаражаттарынан құрылғандығын
көрсетедi.
Тартылған капитал мен меншiк капиталының қатынас коэффициентi компанияда
жыл басында 0,03, жыл соңында 0,8 тең болған. Осы коэффициенттiң мәнi 1-ден
кем болса компания үшiн тиiмдi болып табылады. Бұдан зерттелiп отырған
компанияның қаржылық жағдайының тұрақты екендiгiн көруге болады.
Келесi зерттелетiн көрсеткiштер баланс өтiмдiлiк көрсеткiштерi: абсолюттiк
өтiмдiлiк, аралық өтiмдiлiк, жалпы өтiмдiлiк. Аталған көрсеткiштер
төмендегi кестеде берiлген.
Кесте №4
Фуд-Мастер АйсКрим компаниясының өтiмдiлiк көрсеткiштерi(жалғасы келесі
бетте)
№ Көрсеткiштер Жыл басы Жыл соңы Өзгерiстер
1 Ағымдағы активтер
Соның iшiнде: 2114 48831 +46717
1.1Ақша-қаражаттары
қаржылық салымдар 1556 1000 -556
1.2Дебеторлық қарыз және
басқа активтер 210 7391 +7181
1.3Тауарлы мат қорлар 348 40440 +40092
2 Қысқа мерз мiндетт: 4462 175960 +171498
2.1Қысқа мерзiмдi несиелер
, займдар 1722 167787 +166062
2.2Несиелiк қарыздар 1490 6435 +4945
2.3Басқа да ағымд мiнд 1250 1738 +498
3 Өтiмдiлiк көрсетк-рi
3.1Абсолюттiк өтiмд-к 0,348 0,005 -0,343
1.12
3.2Аралық өтiмд-к
(1.1+1.2)2 0,395 0,047 -0,348
3.3Жалпы өтiмд-к
(1.1+1.2+1.3)2 0,473 0,277 -0,196
Кесте көрсеткiштерiнен компанияның өтiмдiлiк коэффициенттерiнiң
төмендегенiн көремiз, соның iшiнде абсолюттiк өтiмдiлiк коэффициентi 0,5-
тен кем болмауы керек, яғни кәсiпорынның мiндеттемлерiн 10 күн мерзiм
iшiнде жаба алу қабiлетiн көрсетедi. Зерттелiп отырылған компанияның
абсолюттiк өтiмдiлiгi 0,05 тең, бұл өте төмен көрсеткiш, яғни ол өзiнiң
қысқа мерзiмдi мiндеттемелерiн уақытында өтей алмайды. Аталған коэффициент
жабдықтаушылар мен мердiгерлер үшiн қажет.
Аралық өтiмдiлiк коэффициентi жыл соңында 0,047 тең болған, бұл
коэффициенттiң мәнi 0,7-0,8 кем болмауы керек. Компанияның аралық өтiмдiлiк
коэффициентiн зерттеу банктер үшiн қажет, бiрақ талданып отырған компания
өз мiндеттемелерiн бiр ай мерзiм iшiнде жабу қабiлетi жоқ.
Жалпы өтiмдiлiк коэффициентiнiң мәнi есептеу нәтижесiнде жыл соңында 0,277
тең болған, жалпы бұл коэффициент 2-ден кем болмауы керек. Жалпы өтiмдiлiк
коэффициентiн зерттеу компания акционерлерi үшiн қажет, бiрақ талданып
отырған кәсiпорынның бұл көрсеткiшi де талапқа жауап бере алмайды.
Сондықтан қаржы директоры аталған коэффициенттердiң төмендеу себептерiн,
оларға әсер етушi факторлердi анықтап, көрсеткiштердi көтеру жолдарын
қарастыруы керек.
1.2 Шаруашылықтың есеп жүргiзу саясаты
ЖШС Фуд-Мастер АйсКрим компаниясының есеп саясаты.
Есеп және есеп беру
Компанияның бухгалтерлiк есебi мен қаржы есеп жүйесi келесi нормативтi заң
актiлерiне сәйкес жүргiзiледi:
- ҚР Президентiнiң 26.12.95ж. (01.01.04ж енгiзiлген толықтырулар мен
өзгерiстер) “Бухгалтерлiк есеп және қаржылық есеп туралы” Жарлығы;
- ҚР Бухгалтерлiк есептiң Ұлттық Комиссиясы бекiткен Бухгалтерлiк есеп
стандарттары (15.11.95ж);
- Бухгалтерлiк есептiң типтiк шот жоспары 01.01.04ж;
- Халықаралық бухгалтерлiк есеп саясаты;
- Бухгалтерлiк есеп стандарттарына Әдiстемелiк құралдар.
Бухгалтерлiк есеп және салық салу есептеу қағидасымен құрылған, яғни
табыстар мен шығыстар бухгалтерлiк есепте пайда болған немесе түскен
мерзiмiнде көрсетiлiп, қаржы есебiнде көрiнiс табады.
Фуд – Мастер компаниясының бухгалтерлiк есебiн орталық бухгалтерия
жүргiзедi. Орталық бухгалтерияның штаттық кестесiнде үш бухгалтер және екi
оператор, кассир бар: бас бухгалтер, еңбек ақы есебiн жүргiзушi бухгалтер,
қалған екi оператор мен бухгалтер материалдық стол есебiн, кассир касса
есебiн жүргiзедi. Компьютерлiк бағдарламалары жүйелендiрiлген және 1с-7.7
және 1с-торговля бағдарламасымен қамтамасыз етiлген. Бухгалтерлiк есеп
типтiк шоттар жоспарына ауыстырылған. Компанияның бухгалтерлiк есепте
болып жатқан жаңалықтарды жiбермей, бағдарламаларды үнемi жаңартып отыратын
программист мамандары бар. Бухгалтерия қызметкерлерi нарық талабына сай жыл
сайын бiлiктiлiктерiн жетiлдiру семинарларына қатысып отырады. Қазiргi
кезде олардың алдында тұрған ең үлкен мақсаты – қаржы есебiнiң халықаралық
стандарттарына 2005 жылдан бастап көшу.
Касса операциялар есебi.
Қолма-қол ақша-қаражаттарын сақтау және қолма-қол есеп айырысуларды
жүзеге асыру үшiн ЖШС Фуд-Мастер АйсКрим компаниясында касса құрылған.
Касса талапқа сай арнайы жабдықталған, жеке бөлме. Басқа тұлғалардың
кiрмеуi үшiн сигнализациямен, жанбайтын сейфпен, арнайы камералармен
жабдықталған.
Кассалық операцияларды кассир жүзеге асырады. Кассир келiп түскен ақша-
қаражаттарының сақталуына және кәсiпорынға қасақана iстеген немесе өз
қызметiн жауапсыздықпен орындауының нәтижесiнде келтiрiлген зияндары үшiн
толық жауап бередi. Ол үшiн кассирдi жұмысқа қабылдарда еңбек келiсiм-
шартынан басқа жеке толық материалдық жауапкершiлiгi жайлы келiсiм-шарт
жасалады.
Негiзгi кiрiс касса құжаты түбiршегi бар касса ордерi болып табылады.
Кiрiс ордер түбiршегi кассаға ақша қабылдағанын дәлелдеуi үшiн ақша
өткiзген тұлғаға бередi. Кассадан берiлген ақшаны шығыс касса ордерiмен
рәсiмдейдi. Аталған ордерлердiң мәлiметтерi касса кiтабы мен кассирдiң
есебiне енгiзiледi.
Касса операциялар есебi 451 “Ұлттық валютадағы кассадағы ақша” шотының
дебетi мен кредитi бойынша жүргiзiледi.
Тауарлы материалды қорлар есебi.
Тауарлы материалды қорларға:
Шикiзат қоры, материалдар, жартылай фабрикаттар, қосалқы бөлшектер,
өндiрiсте, жұмысты, қызметтi орындау үшiн қолданылатын басқа да материалдар
жатады.
Дайын өнiм – субъектiнiң қызметi нәтижесiндегi сатуға арналған
тауарлар мен өнiмдер.
ЖШС Фуд-Мастер АйсКрим компаниясының тауарлы материалдық құндылықтары
физикалық қасиеттерi мен олардың өндiрiстегi қолдану мақсатына қарай
сыныпталады. Өндiрiстiк қорларды физикалық қасиеттерi бойынша шикiзат және
материалдар, сатып алынған шикiзаттар, отын, ыдыс және ыдыстық материалдар,
қосалқы бөлшектер, құрылыс материалдары және т.с.с. деп бөлiнедi.
Тауарлы материалдық қорлардың қоймалардағы есебi.
Фуд-Мастер АйсКрим компаниясының қоймаларындағы тауарлы материалды
қорлар есебiн қойма меңгерушiлерi жүргiзедi. Қойма меңгерушiлерi материалды
жауапты тұлға болып табылады. Қоймашылар жұмысқа бас бухгалтердiң
келiсiмiмен қабылданады. Қойма есебiнiң мәлiметтерi карточкалардан алғашқы
құжаттарға жазылып, бухгалтерияға өткiзiледi. Лимиттiк карталар көрсетiлген
лимиттердi шегiнде қолданылып, келесi айдың 1 күнiнен кешiкпей берiледi.
Дайын өнiм есебi.
Дайын өнiм құрамына компанияның барлық технологиялық үрдiс
операцияларының өңдеуiне өткен және бекiтiлген стандарттарға сәйкес дайын
өнiмдерi жатады.
Дайын өнiм есебiнiң объектiсi – балмұздақ өнiмi болып табылады.
Дайын өнiм есебi бухгалтерлiк есепте 221-222 шоттар негiзiнде жүргiзiледi.
Дайын өнiм кәсiпорынның айналым құралдарының құрамына жатады және
бухгалтерлiк есеп стандарттарына сәйкес баланста нақты өзiндiк құнымен
көрсетiледi. Дайын өнiмнiң нақты өзiндiк құны есептi мерзiм соңында
есептелiнедi.
Еңбек және еңбек ақы есебi.
1. Атқаратын шаруашылық қызметтерiне байланысты ЖШС Фуд-Мастер АйсКрим
компаниясының қызметкерлерi келесi санаттарға бөлiнедi:
1. басқарушы қызметкерлер;
2. мамандар;
3. жұмысшылар.
2. Компания төмендегi мәлiметтердi өзi жасап, бекiтедi:
1. жұмысшылардың жеке топтарына еңбек ақы төлеу нысаны;
2. жұмысшылар қызметiнiң деңгейi;
3. құрылған ережелер негiзiнде жұмысшыларға сыйақы беру көрсеткiштерi
мен шарттары;
4. жұмыс разрядтары мен жұмысшыларға разряд тағайындау.
Компания қызметкерлерiне қажет болған жағдайда еңбек ақылары
сақталынбайтын қысқа мерзiмдi демалыстар бередi. Компанияның қызметкерлерi
мен жұмысшыларын оқу орындарына бағыттап, оларға стипендия төлеу
мүмкiншiлiктерi бар.
Негiзгi құралдар есебi.
Компанияға негiзгi құралдар өндiрiстiк ғимарттарды салу, машиналар,
жабдықтарды, көлiк құралдарын сатып алу, жабдықтар, мебель, инвентарьдi өз
күшiмен жасау нәтижесiнде келiп түсуi мүмкiн.
Негiзгi құралдар есебi компанияда 23 “Субъектiнiң есебi және есеп”
Бухгалтерлiк есеп стандарты негiзiнде жүргiзiледi.
Негiзгi құралдар бастапқы құны бойынша кiрiске алынады. Бастапқы құны
өзгередi, егер:
- қайта бағалау кезiнде;
- қосымша капиталды салымдар нәтижесiнде, объектiнiң жойылуы нәтижесiнде
негiзгi құралдардың пайдалы қызмет ету мерзiмi артады немесе кемидi.
Амортизация жаңа негiзгi құралдар жұмысқа орнатылған мерзiмнен келесi айдың
1 күнiнен бастап есептелiнедi және жойылған негiзгi құралдарға қызмет ету
мерзiмi тоқтатылғаннан кейiн келесi айдың 1 күнiнен бастап амортизация
есептелу тоқтатылады.
Сату шығындарының есебi мен сатуды рәсiмдеу.
Өнiмдi сатумен байланысты шығындар есебiн жүргiзу үшiн 811 “Өнiмдi,
жұмысты, қызметтi сату шығындары” шоты қолданылады. Бұл шотта сату
шығындарының келесi түрлерi жинақталады: өнiмдi сату шығындары, жеткiзу,
тасымалдау, комиссиондық төлемдер, делдалдық қызмет үшiн төлемдер, сату
қызметкерлерiнiң жалақылары, сатылатын өнiмдi сақтау, сатуда қолданылатын
негiзгi құралдардың амортизациялары, жарнама және т.с.с. шығындар.
Компанияда сауда нысандарына байланысты көтерме және бөлшек сауда болып
бөлiнедi. Көтерме сауда дайын өнiмдердi iрi партиялармен сатуда
қолданылады. Бөлшек сауда дайынөнiмдердi Алматы және Алматы облысы бойынша
сауда жүйелерi арқылы сатуда қолданылады.
Дайын өнiмдi компания қоймасынан босатуды құжаттауда әр түрлi бағалар
қолданылады:
Көтерме баға – көтерме сатып алушыларға сатылатын дайын өнiм бағасы.
Көтерме баға өзiндiк құннан, өндiрiс шығындарынан және сату шегерiмдерiнен
құралады.
Бөлшек баға – тұтынушыларға данамен немесе ұсақ партиялармен сатылатын
баға. Бөлшек баға құрамына көтерме баға мен өндiрiс шығындары кiредi.
Келiсiлген баға – компания мен сатып алушы арасындағы келiсiлген баға.
Дистрибьюторлық баға – компанияның өз дистрибьютерлерi үшiн бекiткен
бағасы.
Шығындар есебi мен өнiмнiң өзiндiк құнының калькуляциясы.
Өндiрiс шығындарының есебiн компания 7-шi Бухгалтерлiк есеп
стандарты, Салық заңы, осы Есеп саясаты бойынша жүргiзедi.
Шығындар есебiн жүргiзу үшiн 9 “Өндiрiстiк шыҒындар есебi” шоттар
бөлiмi қолданылады.
Өнiмнiң, жұмыстың, қызметтiң өзiндiк құнын құраушы шығындар
экономикалық мазмұнына қарай келесi элементтерi бойынша жiктеледi:
- материалдық шығындар;
- еңбек ақы шығындары;
- еңбек ақыдан әлеуметтiк аударымдар;
- амортизация шығындары;
- басқа да шығындар.
Материалдық шығындар (901,921 шоттар). Материалдық шығындар
элементiнде өнiмнiң құрамына кiретiн сатып алынған шикiзаттар мен
материалдар құны есептелiнедi.
Материалдық шығындар сатып алу бағаларынан (қосылған құн салығынсыз),
үстеме бағалардан, комиссиондық сыйақылардан, тауар биржасына, сыртқы
экономикалық ұйымдарға, делдалдарға төленген төлемдерден, көлiк
шығындарынан, сақтау, жеткiзу шығындарынан (егер басқа ұйым немесе тұлға
жеткiзсе), кеден төлемдерi шығындарынан тұрады.
Еңбек ақы төлеу шығындары 902, 922 шоттар бойынша жүргiзiледi. Еңбек
ақы шығындарына негiзгi өндiрiс қызметкерлерiнiң еңбек ақы шығындары,
қызметкерлерге, жұмысшыларға өндiрiстiк жетiстiктерi үшiн берiлген
сыйақылар, басқа да ынталандырушы төлемдер, бағалардың өсуi мен табыстардың
индексациялануына байланысты қосымша төлемдер жатады. Еңбек ақы шығындары
сол төленген есептi мерзiмiнде есептелiп, сол есептi мерзiмге жатқызылады.
Негiзгi өндiрiс қызметкерлерiнiң еңбек ақылары 902 “Өндiрiстiк
қызметкерлердiң еңбек ақылары” шотында есептеледi, көмекшi өндiрiс
жұмысшыларына еңбек ақыны есептеу 922 “Көмекшi өндiрiс қызметкерлерiнiң
еңбек ақылары” шоты арқылы жүзеге асырылады.
Еңбек ақыдан аударымдар (903, 923). Еңбек ақыдан аударылатын әр түрлi
әлеуметтiк аударымдар жатады.
Амортизациялық аударымдар 934 өндiрiстiк шотында жүргiзiледi.
Амортизация өндiрiстiк негiзгi құралдарға өндiрiстiк әдiс бойынша есептелiп
жүргiзiледi.
Басқа да шығындар (904,924). Бұл шығындарға кадрлердi дайындау,
жұмысқа қабылдауды ұйымдастыру, материалдық емес құралдардың амортизациясы
және т.с.с. шығындар жатады.
Жалға алынған негiзгi құралдарды жөндеуге кеткен шығындар есептi
мерзiмде шығындардың барлық баптары бойынша жинақталады.
Үстеме шығындар – 930 шот. Өндiрiстi басқару мен қызмет етуге байланысты
үстеме шығындар кәсiпорынның жанама шығындары болып табылады және өнiмнiң
өзiндiк құнына бөлiну жолымен енедi.
Үстеме шығындарға:
- кәсiпорынды материалдық қорлармен, соның iшiнде отынмен, электр қуатымен
және т.с.с. қамтамасыз ету шығындары;
- негiзгi өндiрiстiк қорларды жұмыс жағдайында ұстау шығындары;
- коммуналдық қызмет;
- электр қуаты;
- өндiрiстiк қызметпен байланысты iс – сапар шығындары.
Кезеңдiк шығындар
Есептi кезең шығындары:
- жалпы және әкiмшiлiк шығындар;
- тауарлы материалдық қорларды сатып алу шығындары;
- бекiтiлген шектен жоғары iс-сапар шығындары 821 шотқа жатқызылады;
- офис, типографиялық, почта – телеграф, телефон шығындары;
- кеңес қызметтерiн төлеу;
- сот шығындары;
- бюджетке төлемдер бойынша айыппұлдар мен пенялар;
- офис шығындары;
- жарнама шығындары;
- салықтар, алымдар және мемлекеттiк бюджетке мiндеттi төлемдер.
Компанияның қаржы есебi.
Компанияның мемлекеттiк органдарға тапсыратын қаржы есебiнiң нысандары:
- бухгалтерлiк баланс;
- қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижесi жайлы есеп;
- ақша-қаражаттарының қозғалысы жайлы есеп;
- түсiнiктеме хат.
Шаруашылық операциялар бағаланып, операциялар бойынша есептер ҚР-ң ұлттық
валютасында – теңгемен операция жүргiзiледi.
Қаржы есебi ҚР ұлттық валютасында жүргiзiлiп, өлшем бiрлiгi – мың теңге.
Шетел валютасында жүзеге асырылған операциялар сол операция болған күнi ҚР
Ұлттық Банкiнiң теңгеге шаққандағы бағамымен есептеледi.
Компанияның бас бухгалтерi немесе арнайы тағайындалған тұлға қаржылық
есептi мерзiмiнде мемлекеттiк органдарға тапсыруға жауапты болып табылады.
Қаржылық есеп ҚР Президентiнiң “Бухгалтерлiк есеп және қаржылық есеп
туралы” Жарлығының ((26.12.95ж) 01.01.03ж толықтырулар мен өзгерiстер), ҚР
Бухгалтерлiк есеп стандарттарының, Бухгалтерлiк есеп стандарттарының
әдiстемелiк құралдарының және компанияның есеп саясатының негiзiнде
жасалады.
Қаржылық есептi жергiлiктi статисика агенттiгiне және мемлекеттiк басқару
органдарына жылына бiр рет тапсырып отырады.
1.3. Еңбек ақы бойынша есеп айырысуды ұйымдастыру
Шаруашылық қызметiнiң процесiнде жұмысқа қабылдау және жұмыстан шығару
нәтижесiнде қызметкерлердiң саны өзгередi, жұмысы бойынша ауысулар
жүргiзiледi. Қызметкерлердiң құрамдық өзгерiсiнiң есебiн кадрлар бөлiмi
(кадрлар жөнiндегi инспектор немесе басшы осыған өкiлеттi етiп қойған басқа
бiр адам ) жүргiзедi, ол бүкiл субъектiдегi және оның құрылымдық
бөлiмшелерiндегi қызметкерлердiң санын және оның өзгеру себептерiн,
жынысын, жас мөлшерiн, категорияларын, кәсiптерiн, қызмет орындарын,
мамандықтарын бiлiктiлiгiн, жұмыс стажын, бiлiмiн және басқа белгiлерiн
есепке алады.
Жұмыс берушi жұмысқа қабылдаған кезде (заңды немесе жеке тұлға,
еңбеккер мен еңбек қатынасын қалыптастырады) еңбеккерлермен өзара тiкелей
жеке еңбек келiсiм-шарттарын жасайды.
Жеке еңбек келiсiм-шарты – жұмыс берушi мен еңбеккерлер арасындағы
жазбаша түрiндегi келiсiм, онда жұмыс орны,келiсiм-шарттың мерзiмi, еңбек
тәртiбiнiң жағдайы, демалысы, жалақысы, еңбектi қорғаудың басқа мәселелерi
туралы сұрақтар қарастырылады.
Әдетте, жалақысының деңгейiн жұмыс берушi белгiлейдi және ол жеке
еңбек келiсiмшартында белгiленедi.
Жеке еңбек келiсiм-шартында мыналар қарастырылады:
- белгiсiз мерзiмге;
- белгiлi мерзiмге;
- белгiлi бiр жұмыс орнына, белгiлi уақытқа;
- еңбеккерлер жоқ болған жағдайда оның жұмысын уақытша атқаруға.
Заңда келiсiм-шарттың максимальды және минимальды мерзiмi белгiленбеуi
мүмкiн. Егер де жеке еңбек келiсiм-шартында мерзiмi айтылмаса, онда ол
белгiсiз мерзiмге қабылданған болып саналады. Жеке еңбек келiсiм-шарты
екi данада жазбаша түрде жасалады және оған екi жақ та қол қояды. Оның
бiр данасы жұмысқа тұрушы еңбеккерге берiледi. Еңбеккер өз қызметiне
келiсiм-шартта көрсетiлген күннен бастап кiрiседi, онда оның нақты
жұмысқа шыққан күнi есептелiнедi.
Жеке еңбек келiсiм-шартын жасау үшiн жұмыс берушi жұмыскерден
(қызметкерден) еңбек кiтапшасын, жеке төлқұжатын, жеке әлеуметтiк
кодын, зейнеткерлiк келiсiм-шартын, бiлiмi туралы құжатын талап етуге
құқылы. Жеке еңбек келiсiм-шарты не қол қойылған соң, жұмыс берушi
бұйрық шығаруы тиiс.
Жұмысқа жаңадан қабылданғандарды Жұмысқа қабылдау туралы (№Т-1
нысанындағы) бұйрықпен (өкiммен) құжаттайды; кадрлар бөлiмiнiң бастығы
немесе жұмысқа қабылдауға жауапты адам бұрыштама қойылған бұйрықтың
(өкiмнiң) жобасы қажеттi жағдайларда келссөз жүргiзуге жолдама және
жұмыс жағдайларымен таныстыру үшiн құрылымдық бөлiмшелерге жiберетiн
рұқсат қағаз болып табылады. Құрылымдық бөлiмше бастығы (мастерi) оны
жұмысқа қабылдауға болатындығы туралы тұжырым жасайды: бұйрық (өкiм)
жобасының сыртқы жағында жалданушының қандай жұмысқа қабылданғаны
көрсетiледi. Осында сынақ мерзiмiнiң ұзақтығы да көрсетiледi.
Қызметкердiң жұмыс жағдайларымен келiсiмi, келiссөз, дәрiгерлiк көрiнiс
нәтижелерi, техникалық қауiпсiздiк, өрттiң алдын алу шараларының
минимумы бойынша нұсқаулар берiлгендiгi туралы және басқа да белгiлер
үлгiнiң сыртқы жағына соғылады (немесе жазылады). Жұмысқа алу туралы
бұйрықтың (өкiмнiң) жобасында кәсiпкердiң айлық жалақысы белгiленiп, бос
тұрған қызмет орны және штат кестесi бойынша белгiленген айлық ақысы
көрсетiледi. Кәсiпорын басшысы қол қойған бұйрық (өкiм) қызметтерге
хабарланып, одан қолхат алынады. Кадрлар бөлiмi жұмысқа қабылдау туралы
бұйрықтың (өкiмнiң) негiзiнде жеке карточкасын толтырады, жұмысқа
қабылданғаны туралы еңбек кiтапшасына белгi соғады, ал бухгалтерия
дербес шот ашады немесе соған сәйкес құжат жасайды.
Барлық категориядағы қызметкерлерге, оның iшiнде жоғары және
арнаулы орта бiлiмi бар мамандарға және училищелердi, кәсiптiк-
техникалық бiлiм беретiн мектептердi т.б. бiтiрген жас жұмысшыларға да
Жеке карточка толтырылады.
Жұмысқа қабылдануы, басқа бiр тұрақты жұмысқа ауысуы және
жұмыстан босатылуы туралы бұйрықтың (өкiмнiң) негiзiнде еңбек
кiтапшасына енгiзiлетiн әрбiр жазбаны әкiмшiлiк сол кiтапша иесiне
таныстырылып, карточканың тиiстi жерлерiне қол қойғызып отыруға
мiндеттi.
Еңбек кiтапшасы не жұмыс берушiде, не қызметкерлердiң өзiнде
сақталуы мүмкiн.
Жеке еңбек келiсiм-шартына және демалыстар кестелерiне сәйкес
қызметкерлеге берiлетiн жыл сайынғы және басқа түрлердегi демалыстарды
құжаттау үшiн Демалыс беру туралы бұйрық (өкiм) қолданылады. Екi дана
етiп толтырылады, бiрi кадрлар бөлiмiнде қалады, екiншiсi бухгалтерияға
берiледi. Оған құрылымдық бөлiмшенiң бастығы (мастерi) мен кәсiпорын
басшысы қол қояды. Демалыс беру туралы бұйрықтың (өкiмнiң) негiзiнде
кадрлар бөлiмi қызметкерлердiң жеке карточкасына белгiлер соғады, ал
бухгалтерия демалыс үшiн тиесiлi жалақысын есептейдi.
Жеке еңбек келiсiм-шартынан басқа жұмыс берушi қызметкерлермен
азаматтық-хұқықтық келiсiм-шарт жасауына болады. Олар жеке бiр нақты
тапсырманы орындау үшiн жасалады. Азаматтық-хұқықтық қатынаста қызметкер
белгiлi бiр тапсырманы орындаған кезде сол ұйымның iшкi тәртiбiне
бағынбайды.
Қызметкердi бiр цехтан (бөлiмнен, учаскеден) екiншiсiне ауыстырғанда
“Басқа жұмысқа ауыстыру туралы бұйрығы(өкiмi)”(№Т-5 нысанындағы) жазылады.
Оны кадрлар бөлiмiнiң қызметкерi бiр дана етiп толтырады. Бұйрыққа бұрынғы
және жаңа жұмыс кәсiпорын басшысы қол қояды. Басқа жұмысқа ауыстыру туралы
бұйрықтың негiзiнде кадрлар бөлiмi жеке карточкаға, еңбек кiтапшасына және
басқа құжаттарына белгiлерiн соғады. Үлгiнiң сыртқы жағына қызметкердiң
бұрынғы жұмыс орны бойынша жауапкершiлiгiнде тұрған, тапсырылмаған мүлiктiк-
материалдық және басқадай бағалы заттар туралы белгiлер қойылады.
Жыл сайын берiлетiн кезектi демалыстар мен басқа да демалыс түрлерiн
рәсiмдеу №Т-6 нысанындағы “Демалыс беру туралы бұйрық” негiзiнде жүзеге
асырылады. Бұйрық екi данада толтырылып, бiрiншiсi кадрлар бөлiмiнде қалып,
екiншiсi бухгалтерияға тапсырылады. Бұйрыққа мекеме басшысы мен құрылымдық
бөлiмше басшысы қолдарын қойып бекiтедi. Бұйрық негiзiнде кадрлар бөлiмiнiң
қызметкерi қызметкердiң жеке карточкасына кезектi демалыс берiлгендiгiне
байланысты белгi қояды, бухгалтерия қызметкерi өз кезегiнде тиiстi
еңбекақысын есептейдi.
Қызметкерлердi жұмыстан шығарғанда “Еңбек шартының тоқтатылуы туралы
бұйрықі” (№Т-8 нысанындағы) қолданылады. Оны кадрлар бөлiмiнiң қызметкерi
барлық қызметкерге екi дана етiп толтырады. Бiрi кадрлар бөлiмiнде
қалдырылады, ал екiншiсi бухгалтерияға берiледi. Оған құрылымдық бөлiмшенiң
бастығы немесе кәсiпорын басшысы қолын қояды. Бұйрықтың негiзiнде
кәсiпорынның бухгалтериясы қызметкермен есеп айырысады. Жұмыстан өз еркiмен
шыққанда қызметкер үлгiнiң бет жағына арыз жазады.
Жұмысшылар мен қызметшiлердiң жұмыс уақытының белгiленген кестесiн
сақтап жүруiн бақылау, жұмыс iстелген уақыт туралы деректер алу, еңбек
төлемi бойынша есеп айырысу, сондай-ақ еңбек жөнiнде статистикалық есеп
беру үшiн “Жұмыс уақыты есебiнiң табелiнде” жұмыс iстеп жүргендердiң барлық
категорияларының жұмыс уақытын пайдалану есебi жүргiзiледi. Табельдi
өкiлеттiгi бар адам бiр дана етiп жасайды, олар тиiсiнше құжатталған соң
бухгалтерияға берiледi. Жұмысқа келмеу себептерi туралы және басқа қалыпты
жұмыс жағдайынан ауытқушылықтар жөнiнде дұрыс толтырылған құжаттар (жұмысқа
жарамсыздық парағы, мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттердi орындағаны
туралы анықтамалар т.б.) негiзiнде ғана табельге белгi қойылады. Жұмыс
уақытын пайдалану есебi табельдерде қызметкерлердiң жұмысқа келген-
келмегендерiн жаппай тiркеу әдiсiмен немесе тек ауытқуларын (келмегендердi,
кешiккендердi т.б.) тiркеу әдiсiмен жүзеге асырылады.
Кәсiпорындарда табельдердiң мынадай түрлерi қолданылады:
- №Т-12 нысаны, жұмыс уақытын пайдалануды есепке алуға және есептiк
деректердi өңдеудiң механикалық әдiсi негiзiнде жалақыны есептеп шығаруға
арналған;
- №Т-13 нысаны, жалақыны есептеусiз жұмыс уақытын пайдалану есептерiн
есепке алуға арналған. Нысан бiр данада арнайы белгiленген тұлғамен
толтырылып, бухгалтерияға тапсырылады. Жұмысқа келмеген немесе толық жұмыс
iстемеген күндерi немесе басқа да жұмыс жағдайларының нормадан ауытқулары
жайлы белгiлер табельге арнайы рәсiмделген нысандар негiзiнде қойылады.
- №Т-14 нысаны, тұрақты айлық кесiмдi жалақысы немесе қойылымы бар
қызметкердiң жұмыс уақытын есепке алуға арналған.
Табель – бұл жұмыс жасаушылардың санаттары бойынша қызметкерлер
тiзiмi. Табельге жазуды және одан қызметкерлердiң фамилияларын алып
тастауды жеке құрамды есепке алу жөнiндегi құжаттардың негiзiнде жасайды.
Табель күн сайын жұмыс күнi аяқталған бойда мына екi әдiстiң бiреуiмен
толтырылады:
1 – әдiс. Мұндай кезде қалыпты жұмыс сағаты қойылады. Жұмысқа келмеу
әрiптермен немесе сандармен қойылады.
2 – әдiс. Бағандарға тек жұмысқа келмеу әдiстерi қойылады. Ал жұмысқа
келген күндер ұяшықтары бос қалады. Табельдi дұрыс толтыру үшiн жұмыс
уақыты үш топқа бөлiнедi:
1. Жұмыспен өтелген уақыт (жұмыс күнi iшiндегi жұмыс сағаты, жұмыс
уақытынан тыс жұмыстар, мейрам және демалыс күндерiндегi жұмыстар);
2. Жұмыспен өтелмеген, бiрақ төленген уақыт (ауырған күндер, демалыс,
жасөспiрiмдердiң жеңiлдiк сағаттары, нәрестелердi тамақтандыруға арналған
үзiлiс);
3. Жұмыспен өтелмген, төленбеген уақыт (бос жүру, қызметкерлердiң
кiнәсi бойынша тұрып қалу, кешiгу, жұмыстан ерте кетiп қалу ).
Жұмыс уақыты есебiнiң табельдерi деректердi автоматты түрде өңдеу
жағдайында қолданылады. Iшiнара реквизиттермен толтырылған табель
бланкiлерi компьютерлiк техника құралдарының көмегiмен жасалуы мүмкiн.
Мұндай реквизиттерге жататындар: кәсiпорынның құрылымдық бөлiмшлерi, цех,
қызметкердiң тегi, аты, әкесiнiң аты, кәсiбi, қызмет орны,табельдiк номерi
т.б. мұндайда табель үлгiсi деректердi өңдеудiң қабылданған технологиясына
сәйкес өзгередi. Бiрақ мұндай үлгiде жұмыс уақытын пайдалану есебi көрiнiс
табатындай етiп жүргiзiлуi керек. Жұмыс iстеген немесе жұмыс iстемеген
уақытын белгiлеу үшiн мынадай шартты белгiлер қолданылады:
(жалғасы келесі бетте)
№ код
Шартты белгiлерi
әрiптiк сандық
1 2 3 4
1. Жұмыс сағаттары, күндерi я 01
2. Түнгi жұмыс сағаттары н 02
3. Кешкi жұмыс сағаттары вч 03
4. Мерзiмнен тыс жұмыс сағаттары:
- кесiмдi қызметкер үшiн с 05
- мерзiмдi қызметкер үшiн сп 06
5. Кесiмдi қызметкердiң толық
сменалық мерзiмдi жұмысы ц 07
6. Қызмет бабындағы iс-сапарлары
к 10
7. Жыл айындағы демалыстар от 14
8. Жұмысқа уақытша жарамсыздығы б 17
9. Екiқабат болуға және бала
табуға байланысты берiлетiн р 18
демалыстар
10. Қызметкердiң кiнасынан болған
толық сменалық кiдiрiстер п 20
11. Қызметкердiң кiнасынан болған
сменадағы кiдiрiстер в 21
Толтырылған жұмыс уақытының есебiнiң табелi
Жұмыстың уақтылы басталуына және аяқталуына, жұмыс күнi iшiнде жұмыс
уақытының пайдаланылуына бақылау жасауды кәсiпорын басшысы жүзеге асырады.
Бақылау әдiстерi:
1. Карточкалық, бақылау сағаттарының көмегiмен;
2. Жетондық, табельдiк жетондар мен маркiлердi пайдалану арқылы;
3. Өткiзу, мұндай кезде кiрiп-шығуға рұқсат қағаз беру жұмыс күнiнiң
басында және аяғында жүргiзiледi;
4. Рапорттық-ведомостiк, бөлiмше бастығының рапорттары мен табельдiк
ведомостерiн пайдалану арқылы;
5. Бақылау - өткiзу қағаздарының көмегiмен.
Бiтiру жұмысына арқау қылып алып отырған Фуд-Мастер компаниясында
карточкалық- бақылау әдiсiмен жүргiзiледi. Мысалы, таңертең жұмысқа
келгенде карточкалық бақылау терезесiне әр жұмыскер карточкасын
көрсетедi. Сол арқылы жұмыскердiң келген және кеткен уақыты компьютердегi
табельге келiп түседi.
Техникалық нормалау, яғни жұмыс түрлерi, жұмыстың күрделiлiгi мен
қызметкерлердiң бiлiктiлiгi ескерiлiп, жалақының тарифтiк жүйесi арқылы
жүзеге асатын жұмыс уақытының шығындар нормасын әзiрлеу еңбектi есепке
алудың маңызды элементi болып табылады. Осы сетканың және разряд аралық
коэффициенттердiң негiзiнде есептелген тарифтiк ставкалар мен лауазымдық
кесiмдi жалақылар тарифтiк келiсiмдер мен ұжымдық шарттарды жасауға негiз
болады. Қызметкердiң айлық-тарифтiк ставкасы сол мезетте Қазақстан
Республикасында белгiленген ең төменгi жалақыны тиiстi разрядтағы
қызметкердiң тарифтiк коэффициентiне көбейту ретiнде анықталады.
II. Еңбекақы бойынша есеп айырысудың есебi
2.1. Еңбекақы түрi, жүйесi, нысаны
Еңбек төлемiнiң нысаны. Жалақы – бұл еңбек үшiн төлем, оны еңбек
келiсiм – шартында және қызмет нұсқауында белгiленген көлемiне сай
еңбеккерлер орындаған жұмысы үшiн алады.
Еңбек тиiмдiлiгiн арттырудың әртүрлi ынталандыру жолдары бар, атап
айтқанда: сыйлық, үстеме, кепiлдiк төлемдерi. Жұмыс берушi нақты жағдайын
ескере отырып, “Еңбек ақы төлеу туралы “ ережесiн дербес әзiрлей алады,
сондай-ақ онда еңбеккерлердiң категориясын, жұмыс уақытының тәртiбiн,
”Қызметкер туралы” ережесiн белгiлей алады. Аталған ереже жұмыс берушiге
еңбек тәртiбiн ұйымдастыру мен еңбек келiсiм – шартын жасау үшiн Қана емес,
сондай-ақ, ол шығыстар мен ұсталымдарды негiздеу үшiн де қажет. Төлем жеке
немесе ұжымдық еңбек нәтижесi бойынша жасалуы мүмкiн.
Бұл жағдайда жұмыс берушiнiң белгiлеген жалақысының деңгейi заңда
белгiлеген ең төменгi жалақының деңгейiнен төмен болмауы керек.
Жалақы екi түрге бөлiнедi:
- негiзгi;
- қосымша.
Негiзгi – бұл қызметкерлерге нақты жұмыспен өтеген уақыты үшiн,
орындаған жұмыстары мен өнеркәсiптiк өнiмдерiнiң саны мен сапасы үшiн
белгiленген бағалаулар мен қызметақы бойынша есептелетiн жалақы. Оның
құрамына:
- жұмыс iстеген уақытына тарифтiк ставкалар, қызметақы, кесiмдi
бағалаулар немесе орташа табыстар бойынша есептелген жалақы;
- қызметпен өткерген жылдар үшiн үстеме;
- жұмыс жағдайының өзгеруiне байланысты кесiмдi ақы алушыларға үдемелi
бағалаулар бойынша қосымша ақы;
- ақшалай және натуралды сыйақылар және сыйақы берудiң бекiтiлген
тәртiбiне сәйкес төленген сыйақылар, қосымшалар;
- мерзiмнен тыс уақыттағы жұмыс үшiн қосымша ақы;
- түндегi жұмыс үшiн қосымша ақы;
- жұмысшының кiнәсi жоқ тұрып қалуға төлемдер.
Қосымша – бұл қызметкердiң кәсiпорында жұмыс жасамаған уақытына
Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес есептелетiн жалақы. Қосымша
жалақының құрамына кiретiндер:
- балаларын тамақтандырушы аналардың жұмысындағы үзiлiс уақытына төлем;
- жасөспiрiмдердiң жеңiлдiк сағаттарына төлем;
- мемлекеттiк және қоғамдық мiндеттемелердi орындауға жұмсалған жұмыс
уақытына төлем;
- негiзгi және қосымша демалыстар уақытына төлем;
- пайдаланылмаған демалыс үшiн өтемақы;
- шыққанда берiлетiн жәрдем ақы.
Фуд-Мастерде еңбек ақыны ұймдастырудың екi негiзгi нысаны пайдаланылады
– кесiмдi (өнiм санына қарай ақы төлеу) және мерзiмдi (iстеген күнiне қарай
төлеу). Компанияның жалпы қызметкерлерiнiң саны – 140 адамды құрайды.
Мерзiмдi еңбек ақысы деп, нақты iстеген уақыты үшiн еңбек ақының
мөлшерi немесе тарифтiк мөлшерлемесi бойынша еңбеккерлерге есептелетiн
жалақының нысанын атайды. Мерзiмдiк еңбек ақының нысаны жай – мерзiмдiлiк
және сыйақылы – мерзiмдiлiк болып бөлiнедi. Компанияда мерзiмдiк еңбек
ақыны жалпы және әкiмшiлiк қызметкерлерi алады. Мерзiмдiк еңбек ақының
сомасы 30 262 342 теңге немесе компанияның ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz