Қиын балалар туралы түсінік



Қазіргі кездегі педагогикалық өзекті және күрделі мәселелердің бірі – «қиын балалар» мәселесі. Соңғы уақыттағы статистика мәліметтеріне сүйенсек, оқушылар арасындағы нашақорлық, алкогольді пайдалану, адам өлтіру, ұрлық сияқты жағымсыз іс-әрекеттері жылдан-жылға күрт өсуде. Осыған байланысты коғамдық ақпарат құралдарында мақалалар жазылып, педагогикалық ғылыми-зерттеулер жүргізіліп жатсада, «қиын бала» мәселесі әліде күн тәртібінен түспей кледі. «Қиын бала» мәселесі, ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында «Мінез-құлықтағы қиындық және қиын балалар» ұғымында ғана, ғылыми тұрғыда зерттеу өрісіне енбеді, бірақ, әрдайым социолог, психолог, юрист, дәрігер, педагог мамандарының зейінін өзіне үнемі аударып отырды, сөйтіп, өткен ғасырдың орта шенінен бастап арнайы педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік ғылыми-зерттеулердің нысанасына айналды. Қиын балалардың жеке ерекшеліктерін, қоғамдық, әлеуметтік өмір жағдайымен, тәрбиелік факторлардың өзара әрекеттестігімен біртұтастықта алғашқы болып кешенді зерттеген П.П.Блонский (1936) болды. Зерттедің негізгі мақсаты – қиын балалардың мінез-құлық тарихын мектеп, отбасы арқылы ашып көрсете отырып, қиын балалардың өмірін анықтау. Сонымен қатар, қиын балаларға мұғалімнің қатынасы арқылы «қиын оқушы» терминін нақтылау еді. Блонский П.П.: «Қиын бала, бұл ең алдымен кәдімгі бала, оған табиғи қарапайым тұқымқуалаушылық тән. Айырмашылығы, ол педагогикалық қараусыз қалған. Сондықтан, оны дені сау қараусыз қалған бала ретінде тәрбиелеу керек» деп нұсқаулы ой қорытады. Психолог Л.С.Выготский «Қиын балалық шақтың педагогикалық клиникасы және дамудың диагностикасы» еңбегінде: «Жеке адамның күйзелісімен күресу, оның себептерін жою жолымен ғана емес, сонымен бірге адамды жөнге салудың белсенді жолымен, білім бірлігімен, дамуына жағдай жасау арқылы да нәтижеге жетуге болады» деп тұжырымдай отырып, «қиындықты тәрбие арқылы түзетудің», осы қайшылықпен күресудің нақты жолын анықтап берді. Қазіргі уақытта балалар мінез-құлқының бұзылу себеп-салдары
Пайдаланған әдебиеттер:

Степанов В.Г. Психология трудных школьников. -М,: Академия, 2004.
Баженов В.Г., Баженова В.П.. Психолого-педагогическая диагностика и коррекция девиантного поведения школьников. - Тараз, 2003.
Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі. - Алматы, 1994.
4. Кон И.С. Социология личности. – М., 1993.
5. Нұсқабаев О. Мектеп – жас ұрпақты әлеуметтендіру институты. – Алматы: Қазақстан, 1997.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қиын балалар туралы түсінік    
    Қазіргі кездегі педагогикалық өзекті және күрделі мәселелердің
бірі – қиын балалар мәселесі. Соңғы уақыттағы статистика мәліметтеріне
сүйенсек, оқушылар арасындағы нашақорлық, алкогольді пайдалану, адам
өлтіру, ұрлық сияқты жағымсыз іс-әрекеттері жылдан-жылға күрт өсуде. Осыған
байланысты коғамдық ақпарат құралдарында мақалалар жазылып, педагогикалық
ғылыми-зерттеулер жүргізіліп жатсада, қиын бала мәселесі әліде күн
тәртібінен түспей кледі.  Қиын бала мәселесі, ХХ ғасырдың 20-30
жылдарында Мінез-құлықтағы қиындық және қиын балалар ұғымында ғана,
ғылыми тұрғыда зерттеу өрісіне енбеді, бірақ, әрдайым социолог, психолог,
юрист, дәрігер, педагог мамандарының зейінін өзіне үнемі аударып отырды,
сөйтіп, өткен ғасырдың орта шенінен бастап арнайы педагогикалық,
психологиялық, әлеуметтік ғылыми-зерттеулердің нысанасына айналды. Қиын
балалардың жеке ерекшеліктерін, қоғамдық, әлеуметтік өмір жағдайымен,
тәрбиелік факторлардың өзара әрекеттестігімен біртұтастықта алғашқы болып
кешенді зерттеген П.П.Блонский (1936) болды. Зерттедің негізгі мақсаты –
қиын балалардың мінез-құлық тарихын мектеп, отбасы арқылы ашып көрсете
отырып, қиын балалардың өмірін анықтау. Сонымен қатар, қиын балаларға
мұғалімнің қатынасы арқылы қиын оқушы терминін нақтылау еді. Блонский
П.П.: Қиын бала, бұл ең алдымен кәдімгі бала, оған табиғи қарапайым
тұқымқуалаушылық тән. Айырмашылығы, ол педагогикалық қараусыз қалған.
Сондықтан, оны дені сау қараусыз қалған бала ретінде тәрбиелеу керек деп
нұсқаулы ой қорытады. Психолог Л.С.Выготский Қиын балалық шақтың
педагогикалық клиникасы және дамудың диагностикасы еңбегінде: Жеке
адамның күйзелісімен күресу, оның себептерін жою жолымен ғана емес, сонымен
бірге адамды жөнге салудың белсенді жолымен, білім бірлігімен, дамуына
жағдай жасау арқылы да нәтижеге жетуге болады деп тұжырымдай отырып,
қиындықты тәрбие арқылы түзетудің, осы қайшылықпен күресудің нақты жолын
анықтап берді.  Қазіргі уақытта балалар мінез-құлқының бұзылу себеп-салдары
әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық (М.А.Алемаскин, Л.М.Зюбин,
И.С.Кон, Г.П.Медведев т.б.), клиникалық (Г.А.Власова, В.Я.Гиндикин,
В.В.Ковалев, Г.Е.Сухарев т.б.), криминологиялық (М.М.Бабаев, К.Е.Легошев,
В.Н.Кудрявцев т.б.) аспектіде зерттелуде. Қиын балаларды әлеуметтендіруге
байланысты Отандық ғалымдардың еңбектері аса құнды. Соның ішінде мектеп
оқушыларын қазақтың халық педагогикасы арқылы этикалық-адамгершілік
тұрғыдан әлеуметтендіру мәселелері педагог-ғалымдар: Қ.Жарықбаев, С.Қалиев,
Ж..Наурызбай, Қ.Бөлеев, Қ..Қожахметова, Ж.Намазбаева, Ә.Қамақ, Н.Көшеров
т.б. еңбектерінде ерекшеленген. Біздің проблемамыз тұрғысынан
О..Нұсқабаевтың, Г.Аңламасованың ғылыми-педагогикалық еңбектерінің мазмұны
аса құнды. Қиын балалар мәселесінің тарихын айта келе, оның негізгі
терминдеріне, түрлері мен себептеріне тоқталған жөн. Жалпы, баланың қиын
тәрбиеленуі, қоғамда қалыптасқан нормалар мен ережелерді сақтамауын ғылымда
девиация (латынның deviatio тыңдамау, ауытқу деген мағынаны береді) деп
атайды. Соған орай көптеген әдебиеттерде қиын бала түсінігінің орнына
девиантты термині өте жиі кездеседі. Жалпы, қиын мінез-құлық,
девиантты мінез-құлық, ауытқыған мінез-құлық түсініктері синонимдер
болып табылады да, қай терминді алсақ та, қиын бала мәселесі туралы ұғым
екенін білеміз. Девиация бірнеше типтен тұрады: девиантты, делинквентті
және криминалды мінез-құлық. Девиантты мінез-құлық - әлеуметтік нормалар
мен ережелерге сәйкес келмейтін мінез-құлықты айтады. Ол ауытқыған мінез-
құлықтың бір түрі. Кейбір әдебиеттерде бұл типті антидисциплиналық деп те
атайды. Девиантты мінез-құлықтың көрсеткіштеріне:агрессия, демонстрация,
оқудан, еңбектен бет бұру, үйден кету, алкоголизм, наркомания, қоғамға жат
қылықтар, жыныстық жат мінез-құлық, суицид т.б. жатады. Девиацияның екінші
түрі - делинквентті мінез-құлық. Ол заң бұзушылықпен ерекшелінеді. Оның
мынадай типтері бар:
    1. Агрессивті-зорлаушылық мінез-құлық. Бұл жеке тұлғаға
көрсетілетін дөрекілік, төбелес, күйдіріп-жандыру сияқты жағымсыз іс-
әрекеттерде көрініс береді.
    2. Ашкөздік мінез-құлық (корыстное поведение): майда ұрлықтар,
қорқытып-үркіту, автокөлік ұрлау т.б. жалпы материалдық пайдакүнемдікке
байланысты жат мінез-құлық.
3. Анаша сату және тарату.
    Криминалды мінез-құлық заң бұзушылық болып табылады. Балалар сот
үкімі арқылы жасаған қылмысының ауырлығына байланысты жазаланады.
Девиацияның негативті формалары әлеуметтік патология болып табылады:
алкоголизм, токсикомания, нашақорлық, жезөкшелік, суицид, заң бұзушылық
және қылмыскерлік. Олар жалпы қоғамға, айналадағы адамдарға және ең бірінші
өздеріне үлкен зиян келтіреді.  Девиацияны зерттеуші көптеген ғалымдар
девиантты мінез-құлықтың пайда болу факторларын түрліше түсіндіреді.
Біріншілері оларды екі үлкен топқа ішкі және сыртқы факторлар деп бөлсе,
екіншілері оларды бөлмей:  
жанұяда берекенің болмауы;
ата-ананың ерекше қамқорлығы;
тәрбие берудегі кемшіліктер;
өмірде кездесетін қиыншылықтар мен күйзелістерді жеңе алмау;
өмірлік дағдының болмауы, айналасындағы адамдармен, құрбыларымен
жарасымды қатынасқа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеткіншек жастағылардың психологиялық ерекшеліктері
Бөлшекті бүтін санға көбейту
Бастауыш сыныптың математика сабақтарында шамаларды оқытудың деңгейлік тапсырмаларын қолдану
Ерекше білім алуында қажеттілігі бар балаларды сипаттау, салыстыру
Мектеп жасына дейінгі зиатында ауытқуы бар балаларға психологиялық – педегогикалық мінездеме
Уақытты оқытудың әдістемесі
Қиын бала тәрбиесі туралы
Мүмкіндігі шектеулі балалармен әлеуметтік жұмыс
ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ - ҚҰЛЫҚ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
Қиын балаларды тәрбиелеу туралы жалпы түсінік
Пәндер