Ақша жүйесінің құқықтық негіздері


РЕФЕРАТ
Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы “ ҚР ақша жүйесінің құқықтық негіздері” деп аталады. Дипломдық жұмыстың көлемі 65 бетті құрайды. Дипломдық жұмысы екі тараудан, кіріспеден және негізгі бөлім мен қорытынды бөлімдерінен тұрады.
Бірінші тарауда ақшаның мәні, қызметтері және түрлері, ақшаның металдық теориясы және металл ақша айналысы, ақша айналысы және ақша жүйесі баяндалған.
Екінші тарауда ақша жүйесінің құқықтық негіздері, Қазақстан Республикасының ақша жүйесінің құқықтық аспектілері, мемлекеттің ақша-несие саясаты, Қазақстан Республикасындағы ақша аударымын құқықтық реттеу мәселесі қарастырылған.
Дипломдық жұмысты жазу барысында пайдаланылған әдебиеттер тізімі көрсетілген. Яғни дипломдық жұмыс Қазақстан Республикасының Конституциясына, «ҚР банк және банктік қызмет туралы», «ҚР Ұлттық банк туралы», «ҚР Бюджет кодексі» т. б. Заңдарына сүйене отырып жазылған.
Сонымен қатар, дипломдық жұмыста ғылыми әдебиеттер және Қазақстан Республикасындағы нормативтік - құқықтық актілері және Қазақстандық, шетелдік ғалымдардың ғылыми еңбектері қолданылды.
Дипломдық жұмысында көп кездесетін сөздер: банк, қаржы, ақша жүйесі, ақша айналысы, және т. б.
ГЛОССАРИЙ:
АҚША - жалпы балама ретінде, яғни барлық тауар құнын нақтылы түрде көрсету және айырбастаудың жалпы құралы қызметін атқаратын ерекше тауар.
АҚША ЖҮЙЕСІ - елдегі тарихи қалыптасқан және ұлттық заңдармен бекітілген ақша айналысын ұйымдастырудың түрі.
АҚША АЙНАЛЫМЫ - қолма - қол ақша айналымы мен қолма - қол ақшасыз айналымның жиынтығы.
АҚША АЙНАЛЫСЫ - тауар айналымына, сондай-ақ өндіріс үдерісіндегі тауарлық емес есеп айырысу мен төлемдерге қызмет көрсететін қолма - қол және қолма - қол емес ақша түріндегі ақша қозғалысы.
АҚША МЕТАЛЛ - ақшаның рөлі жалпыға ортақ эквивалент ретінде бекітілетін асыл металл.
МОНЕТА - салмағы мен формасы заңмен белгіленген, металдан немесе қорытпадан жасалған құйма; елдегі төлем мен айналыстың құралы болып табылады.
ҚАРЖЫ - ақшалай қаржат қорларын құру және пайдалану үдерісінде экономикалық қатынасты көрсететін экономикалық санат.
АҚШАЛАЙ ҚАРАЖАТ - шаруашылық жүргізіші субьектілердің, ұйымдардың және мекемелердің ұдайы айналыснда болатын және олардың жеке мақсаттарына пайдаланатын немесе ресурс түрінде банкіге орналастырған банк шоттарында ақшалай шоғырланған әр түрлі кірістер мен түсімдері.
БАНКНОТТАР - орталық эмиссиялық банк айналысқа шығарған ақшалай белгілердің әр алуан түрі.
ҚАЗЫНА - мемлекеттік мүлік, ақшалай және өзге қаражат; мемелекет сол қаражаттың иесі ретінде.
ЭМИССИЯ - ақша бірліктерін айналысқа шығару.
ВЕКСЕЛЬ - оның иесіне міндеттіліктің мерзімі өткенен кейін борышқордан вексельде көрсетілген ақшалай соманы қайтаруды талап етуге талапсыз ерік беретін қатаң түрде жасалынған борышқорлық міндет.
ЧЕК - чек берушінің кредиттік мекемеге чектегі көрсетілген соманы чек иесіне төлеу туралы сөзсіз бұйрығы бар белгіленген формадағы ақшалай құжат.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 5-7
1. Ақшаның мәні, қызметтері және түрлері
1. 1. Ақша жүйесінің қалыптасу ерекшеліктері 8-11
1. 2. Ақшаның металдық теориясы және металл ақша айналысы 11-20
1. 3. Ақша айналысы және ақша жүйесі 20-29
2. Ақша жүйесінің құқықтық негіздері
2. 1. Қазақстан Республикасының ақша жүйесінің құқықтық аспектілері 30-44
2. 2. Мемлекеттің ақша-несие саясаты 44-45
2. 3. Қазақстан Республикасындағы ақша аударымын құқықтық реттеу 45-60
ҚОРЫТЫНДЫ 61-64
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 65
КІРІСПЕ
Осы кезеңде қаржы секторы өз дамуының сапалы жаңа деңгейiнде тұр және алдағы уақытта оның табысты жұмыс iстеуi үшiн негiз жасауға бағытталған жүзеге асырылды. Қазақстанның кредиттік рейтингiнің инвестициялық деңгейге дейiн жақсаруы Қазақстанның қаржы секторының табысты дамып келе жатқанын растайды. ТМД елдерінің қаржы жүйелерінің iшiнде ол әлдеқайда реформаланған болып табылады. Осылайша, қаржы секторының даму деңгейi бойынша Қазақстан ТМД елдерiнен бiрнеше жыл алда келедi. Соған қарамастан, Қазақстан Республикасының Үкiметi (бұдан әрi - Үкiмет) және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (бұдан әрi - Ұлттық Банк) қол жеткiзгендерге тоқталып қалмай, мынадай кезеңнiң мiндеттерiн шешуге көшудi бастауды дұрыс деп есептейдi: таяу жылдарда қалыптасатын макроэкономикалық үрдiстердi және валюта заңдарында болатын өзгерiстердi ескере отырып, орташа мерзiмдегi болашақта дамыту бағыттарын айқындау қажет. Үкiмет пен Ұлттық Банк валюталық қатынастарды одан әрi ырықтандыру және жекелеген елдермен бiрге бiрыңғай валюта кеңiстiгiн енгізу мүмкiндiгi жағдайында қаржы секторының барлық бөліктерiн халықаралық стандарттарға сәйкес келтiру арқылы оның алдағы уақыттағы дамуын байланыстырады. Тұжырымдаманың мақсаты экономиканың нақты секторының қаржы ресурстарын қажетсінуін қанағаттандыратын және қаржы институттарының еркiн бәсекелестiк жағдайында сапалы қызмет көрсететiн тұрақты және тиімдi жұмыс iстейтiн қаржы жүйесiн қалыптастыру болып табылады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан-2030» атты халыққа Жолдауында үшінші ұзақ мерзімді басымдық ретінде «шетел инвестицияларының деңгейі жоғары, дамыған нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсуді» көрсетеді. Бұл басымдықты жүзеге асыру үшін «инфляцияны қолайлы деңгейге түсіре отырып, стратегиялық күшті ілгерілуге бағыттау» белгіленген. «Бұл орайда, таяудағы жылдарда біз назарымызды экономиканың нақты секторына, оны сауықтыруға, фискальды және монетарлық қатаң шектеулер жағдайындағы өсу мен күшті әлеуметтік саясатқа аударамыз» деп айтылған. [1]
Ақшалар өте көне заманда, тіптен мемлекеттер құрылғанға дейін пайда болғанын білеміз. Ең бірінші төлем құралы ретінде біздің дәуірімізге дейінгі 2000 жылдары Крит аралында (Грекия) жүрген мыстан жасалған «талантты» атауға болады. Оның формасы жайып қойған өгіз терісіне ұқсас, ал салмағы 52кг болған. Көне Грекияда талант (талантон) деп өте ірі салмақ бірлігі мен ақша өлшемін айтқан. 1 талант = 6000 драхмға тең болған, салмағы 26, 2кг жеткен.
Ал ең бірінші монеталар (ақшалар) біздің дәуірімізге дейінгі VII ғасырда көне Лидия патшалығы мен Қытайда жасалынған деп есептелінеді.
Қағаз ақшалар біздің дәуіріміздің VII ғасырында Қытайда шығарыла бастаған. XIII ғасырдағы Шыңғыс хан мемлекеті қағаз ақшаларды алтынға еркін ауыстыратын болды. Сондықтан жалған ақша жасаушыларға сол кезден бастап өте ауыр, қатал жазалар қолданылған.
1500 жылы Қытайда ақша айналымдағы қағаз ақшалардың көбейіп кетуіне, инфляцияның көтерілуіне байланысты қағаз ақша шығару тоқтатылған болатын. Бірақ Қытайда мемлекеттік банктермен қатар жекеменшік банктердің болуына байланысты, соңғылары қағаз ақша шығару ісін жалғастыра берген. Бұл банктер шығарған ақшалар мен құнды қағаздар айналымда мемлекеттік ақшалармен бірдей жүрген және оларға сол шығарған банктер кепілдік беретін болған.
Қазіргі кезге дейін қолданылып келе жатқан ақша белгілері екі түрден, яғни қазыналық және банктік билеттерден тұратыны сол өткен замандардың айғағындай. Бұл жерде эмитент ретінде мемлекеттің өзі және мемлекеттік банктер болған. Осы кезеңге, яғни өз валютамызды енгізгенге дейін біздің ақша жүйемізден орын алып келген одақтық, одан қалды Ресей ақшалары, осындай екі түрден тұрған болатын.
Қазыналық билеттер мемлекет атынан шығарылып, мемлекеттің байлығымен қамтамасыз етілетін болған. Ал банктер шығаратын банктік билеттер банктердің қорларымен қамтамасыз етілген. Бірақ бұл екі жағдайда да эмитент тек мемлекет болады. Өйткені мемлекеттік банктер, олардың қандай да болмасын алтын және басқа да ақша қорлары мен активтері мемлекеттің меншігі болып есептелінеді.
Қазіргі кезде банкноттар мен тиындарды шығару құқығы тек Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісіне берілген. Бұл жөнінде «Қазақстан Республикасының ақша жүйесі туралы» Заңының 5 бабында: «Қазақстан Республикасы аумағында нақты ақша қаражаттарын шығару, оның айналысын ұйымдастыру және айналыстан алынып тасталуын . . . Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі жүзеге асырады» деп айтылған.
Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заңының 19 бабында «Нақты ақша қаражаттарын шығару Ұлттық банкінің банктерге банкноттар мен теңгелер сатып, баламасын қолма-қол алмау түрінде жүзеге асырылады» деп белгіленген.
Айналысқа ақшаларды шығару, ақша жүйесін ұйымдастыру, ақша бірліктерін қамтамасыз ету және ақша айналысын басқару мемлекет тарапынан Ұлттық банкіге жүктелген. Ұлттық банк мемлекеттің ақша-несие саясатының негізгі бағыттарын белгілеп, оны тікелей жүзеге асырады.
Қазақстан көп тарапты халықаралық экономикалық жобаларға белсене қатыса алады. Және қатысуға тиі, мұның өзі біздің жаһандық экономикаға кіруімізге жәрдемдеседі, әрі біздің экономикамызға қолдау көрсетеді. Сонымен қатар Бүкілдүниежүзілік банк, Еуропа қайта құру және Даму Банкі, Азия Даму Банкі және тауяда құрылған Еуразия Даму Банкінің жобаларына баса назар аудару керек.
Дипломдық жұмыс ақша жүйесі туралы мәліметтерді қамтыған еңбек болып табылады. Бұл еңбегімде ақша жүйесі, оның элементтері мен типтері қамтылады. Сонымен қатар, бұл жұмыстың өзіндік ерекшелігі, ол тек қана ақша жүйесіне арналмайды, сол сияқты ақшаның мәніне, олардың қызметтері мен түрлеріне де арналады. Ақшаны тек қана қазіргі тұрғыдан сипаттап қоймай, оның тарихи даму тұрғысынан көрсетеді және ақшаның қажеттігі мен шығу тегі қарастырылады. Сонымен қатар, ақша айналысы туралы ұғым қарастырылады.
Жұмыс тек қана ақша қатынастарын теориялық бағытта қарастырып қоймай, сондай-ақ олардың практикалық жақтарын қарастырады.
Бұл жұмыстың негізгі мақсаты ақша жүйесі тақырыбын толық ашып көрсету болып табылады. Негізгі мақсаттарға сәйкес келесі міндеттерді ашып көрсету алға қойылған:
- ақшаның қажеттігі мен шығу тегін қарастыру
- ақшаның түрлерін қарастыру
- ақшаның қызметтерін және экономикадағы рөлін қарастыру
- ақша айналысын қарастыру
- ақша жүйесін: элементтері мен типтерін қарастыру.
Қаржы секторын дамытудың тұжырымдамасы 2007-2009 жылдар аралығындағы кезеңге негiзгi мiндеттер мен дамыту бағыттарын анықтауды болжайды және ақша-кредит саясатын дамыған елдерде қабылданған стандарттарға (мысалы, Еуропалық одақ стандарттарына) барынша жақындатудың басым бағыттары ретiнде айқындайды. 2009 жылға дейiнгi кезеңге Ұлттық Банк өзінің алдына тұтыну бағаларының индексiмен өлшенетiн инфляцияның орташа жылдық деңгейiн жылдық 4-5%-ға дейiн төмендету мiндетiн қойды. Мұндай мiндет қоюға Ұлттық Банктiң құралдар қолдану ережелерiнен ақша-кредит саясатының инфляциялық таргеттеу қағидаттарына көшу қажеттігiн негiздейдi. Инфляциялық таргеттеу кезiнде мақсатты көрсеткiш ретiнде инфляция қарастырылады, ал негiзгi жедел көрсеткiш ресми қысқа мерзiмдi пайыздық ставканың бiрi ретiнде қызмет етедi.
Ақша-кредит саясатын таргеттеу кезiнде алға қойылған мақсатқа мiндеттi түрде жетудiң мүмкiндігі үшiн мақсатты көрсеткішке жедел көрсеткiш әсерi қалай өзгертетінін бiлу қажет. Басқару сигналдарын беру әртүрлi арналар бойынша жүредi. Олардың iшiнде жиынтық сұраныс, жиынтық ұсыныс, валюталық және пайыздық тепе-теңдiк және басқа арналар. Осы беру арналардың жиынтығы және олардың өзара байланыстары трансмиссиялық тетiк деп аталады. Сонымен, трансмиссиялық тетiк - бұл басқару сигналдарын берудің мақсатты көрсеткiшке ықпал ету тетігі. Инфляцияны таргеттеуге көшумен алға қойылған мақсатқа жету жөніндегі міндеттемелердi қатаң сақтауды қамтамасыз ететiн тетік құрылатын болады, бұл жүргiзілетiн ақша-кредит саясатына деген сенімдi арттырады.
Айта кетейік, Үкіметтің, Ұлттық банк пен Қаржы ұйымдары және қаржы нарығын бақылау агенттігінің бірлескен мәлімдемесінде 2009 жылдағы инфляцияның деңгейі 9 пайыз болып белгіленді. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтік құқықық актілердің, Республиканың халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелерінің, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады. [2]
1. Ақшаның мәні, қызметтері және түрлері
1. 1. Ақша жүйесінің қалыптасу ерекшеліктері
Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден бір шарт және өнім болып табылады. Тауар бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнімі, оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды. Бірақ кез келген зат тауар бола алмайды. Егер тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуә болғаны, мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткені оның қоғамға қажеті шамалы. Сондықтан да әрбір тауар қажетті тұтыну құнын алу құралы бола отырып, өзінің өндірушісінің қатынасы бойынша айырбас құны ретінде көрінеді. «Айырбас құн тауарлардың өзінен бөлініп шыққан және олармен бірге өзө бетінше өмір сүретін тауар, ол ақша».
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтік құқықық актілердің, Республиканың халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелерінің, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады. [3]
Әрбір ерекше тауар міндетті түрде тұтыну құны ретінде көрінеді. Оның құны жасырын түрде болады және тек қана ақшаға теңестіру жолымен табылады. Тауарлар және ақшалар бір және осы тауар формасының нақты қарама-қарсы жақтары бола отырып, айырбас процесінде бір - бірін табады және өзара бір біріне ауысады.
Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде бір тауардың басқа бір тауарға кездейсоқ айырбасталынуы барысында, айырбас құнның жай немесе кездейсоқ формалары қолданылады.
Тауар өндірісінің дамуы барысында кездейсоқ айырбас жиіленді. Жалпы тауар массасының ішінен барынша жиі айырбасталатын тауардың бөлініп шығуымен құнның жай формасы толық формаға өте бастады. Мысалы, бидайды етке, майға жүнге және т. б. айырбастауға мүмкін болды.
Тауар өндірісінің өсуіне байланысты неғұрлым жиі айырбасталатын тауар барлық басқа тауарлардың бір - бірімен өзара айырбастау құралы бола бастады. Осыдан келіп, құнның толық немесе кең көлемді формасынан жалпы құндық формасына жасырын түрде өту басталды. Бірақ оның ролі бір тауарға нық бекітілмеген еді. Біртіндеп жалпы құндық эквивалент ролін белгілі бір тауралар көптеп атқара бастады және осы тауарлар ақша деп аталынды. Құнның жалпы құндық формасына айналды.
Тауар айналасының тарихи эволюциялық даму процесінде жалпы құндық эквивалент немесе ресімделінбеген ақша формасын әр түрлі тауарлар қабылдады. әрбір тауарлы-шаруашылық уклад өз эквивалентін алға тартады. Бір халықтың өзінде әр түрлі уақыттарда және әр түрлі халықтарда бір мезгілде әр түрлі эквиваленттерболды. Сонымен бірінші ірі еңбек бөлінісінің нәтижесінде мал бағушылардың бөлініп, шығуымен мал айырбас құралына айналды. Олардың белгілі түрлері табиғи климаттық жағдайларға байланысты нақты сол ортада айырбас құралы болды. шалғынды аудандарда жалқы, сиыр және қой, ал шөп және шөлейт аудандарда түйе, тундрада бұғы жалпықұндық эквивалент қызметін атқарады. Малды жалпы эквивалент ретінде пайдаланғаны туралы нақты дәлелдер әр түрлі қолжазбаларда, қазба ұмыстарының нәтиелерінде табылған заттарда, поэзияларда кездеседі. Гомердің көне Троя батырлары туралы поэмасында өгізді құн өлшемі ретінде пайдаланғаны жайлы айтылады. Осы уақыттарда металдан жасалынған ақшаларда «өгіз» деген атаау ойып өрнектеліп жазылып жүрді. Латынның сөзі «пекуния» (ақша) «пекус» («мал») сөзінен шыққан. «Рупа» («мал») сөзі үнділердің ақша бірлігінің атауы «рупия негізінде жатыр. Ежелгі Русьтарда да ақша металл ақшаларға ауысқаннан кейін де «мал» деген атауға ие болды. Ярослав Мудрый 1018 ж былай деген «біздің жинаған малдарымыз: ерлерден 4 күн, старостылардан 10 гривен және боярлардан 18 тұрады». Ол кездегі қазынашы «малшы», қазына жинау орны - «мал» ұстайтын орын» аталынды.
«Капитал» сөзінің шығуы да малменен байланысты өйткені ескі гермен тілінде бұл сөз мал басы санының көптігін білдіре отырып, меншік иесінің байлығын көрсетті. [4]
Солтүстік халықтары ең бірінші тауар ретінде айырбас үшін жүнді пайдаланды. Ежелгі скандинавтар көлемі бойынша әр түрлі тауралар сатып алу барысында құстардың аңдардың жүндерін пайдаланды. Құс жүндері Солтүстік Сібір халықтарында, ал аң жүндері Солтүстік америка халықтарында жалпы құндық эквивалент ретінде қолданылды. Жүн ақшалар Монғолияда, Тибетте және Памир аудандарында кең көлемде таралды. Ежелгі Русьтардың арабтармен, хазарлармен Византиямен сауда саттық жасауы барыснда жүн ең басты құралдардың бірі болды. ежелгі, Русь елінде ақша жүйесінің бүгіні болып саналады. 1610 жылы жаулап алынған орыстардың әскери кассасында 5450 руб. Күміс пен 7000 руб. Жүн табылады.
Жылы теңіздердің жағасын мекендеген тайпалар айналыс құралы ретінде бақалшақ ақшаларды пайдаланды, тарихта бақалшақ алқалардың келесі атаулары сақталынды бұлар: чангос, цимбис, бонгез, хайква және т. б. Көлемі түймедей ақшыл қызғылт бақалшақ Кари көптеп таралды. Безендірулер түрінде жіпке тізілгендері Ежелгі Үнді елінде, Қытайда, Үндіқытайда, Африканың Шығыс жағалауларында Цейлонда және Филиппин аралдарында алғашқы ақшалардың қызметін атқарады. Американдық үнділердің белдіктерін бақалшақ ақшалар құсмтардың жыртқыш аңдардың келбет кескінін көрсете өрнектеліп былғары белдіктерге көрік берді. Бақалшақтарды Солтүстік американың Тынық мұхит жағалауларында, Полинезияда, Каролин және Соломон аралдарында айырбас құралы ретінде пайдаланылды.
Бақалшақ ақшалар тауар ақшалардың ең бір тұрақты формасы болып табылады. Біздің бүгінгі күндерімізге дейін өмір сүре отырып, олар ешқандай өзгеріске ұшыраған жоқ. ХХ ғасырдың 70 жылдарының басында Соломон аралдарының кейбір тұрғылықты тұрғындарының ақша айналысы ретінде бақалшақтардың үш түрі: ең арзаны - қара түсті, ақ түсті, аса қымбат - қызыл түсті пайдаланылды.
Әлемде әр түрлі «экзотикалық» ақшалар болған. Каролин аралдары тобына кіретін Яв аралында осы күнге дейін феи ақша айналысында қызмет етеді. Олардың формасы дөңгелекше тас түрінде келе отырып, диірменнің тасын еске түсіреді. Мұндай «монеталардың» диаметрі бірнеше метрге, ал массасы тоннаға дейін жетеді. Сауда мәмілесі орындалғаннан кейін сатушы феяға бұрынғы иесінің белгісін өшіріп, өзінің белгісін соғады.
Юлий цезарь патшалығының тұсында ақша ретінде құлдарды пайдаланды. Сонымен бір құлдың құны үш сиыр, алты бұзау он екі қойға теңестірілді.
Қайта құру кезеңінде дейін «ақша айналымы» мен «ақша айналысы» ұғымдары арасында айтарлықтай шек қойылатын Ақша айналысы деп қолма-қол ақшаның қозғалысы танылды. Ал ақша айналымы ұғымы одан кең мағына бергендіктен ол қолма-қол және қол-қолсыз айналым мағынасын сипаттады. Бұл жағдайда қолма-қол ақша қозғалысы тұрғындардың ақшалай табыстарының бөлінуін қарастырса, қолма-қолсыз ақша өндіріс қаражаттарының бөлінуін қарастырады.
Ақша белгілері әр түрлі жағдайда қамтамасыз етіледі. Қолма-қол рубль тұтыну заттары және қызметтер жиынтығы мен қамтамасыз етілсе, қолма-қолсыз рубль бөлуге арналған өндіріс құралдарының жиынтығымен қамтамасыз етіледі.
Мұндай жүйе тек қана орталықтандырылған жоспар экономика жағдайында ғана мүмкін болады, себебі уақытта кәсіпорындар мен халықтың қолында қанша ақша қанша тауардың болатыны және олардың қандай бағада сатылатын белгілі болған. КСРО-ның таратылуына, бағаның босатылуына меншіктің мемлекет иелігіне алынуына және т. б. байланысты жүзеге асыру мүмкін емес болып қалды.
Ақша айналысы мен ақша айналымы арасындағы шек жойылды. Тауар айналысы процесіндегі қолма-қол ақша қозғалысы және төлемақыны жүзеге асыру кезінде қызмет көрсету. Сонымен бірге кәсіпорындар мен қаржы несие мекемелерінің арасындағы ақшалай қаражаттардың алмасуы ақша айналысы деп аталады.
Ақша айналысының обьективті негізі тауар өндірісі мен тауар айналысы болып табылады. Құн формасының өзгеріп отыруы, яғни тауардың ақшаға және ақшаның жаңа тауар астып алу үшін қолданылуы ақшаның әрдайым қозғалыста яғни айналыста болуына мүмкіндік жасайды.
Бірақ ақша айналысы тауар айналысын қайталап қоймайды. Бұл екі процесс бір бірінен жекешеленіп жүреді. Тауарлар, оларды сатып алғаннан кейін айналыстан шығады және тұтынылады. Ал ақша айналыста әрқашан жүреді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz