Қазақстандағы ұлттық идеологияның негізгі мәселелері


1. 1 Иедологияның маңызы мен рөлі
Саяси әлемді идеологиясыз елестету мүмкін емес. Билікті ұстанушы саяси курс пен онымен байланысты билік түрлері, өздерінің қалыптасуынан бастап, билікті ақтап алуға, заңдастыруға, негіздеуге қажеттілікте болды. идеология тарихи кезеңдерде қалай аталмасын, дәл осы мәселені шешуге арналған болатын. Сондықтан да саяси ғылымда болсын саяси философияда болсын саясат пен идеология қатынасы туралы сұрақтың туындауы табиғи болып табылады. Оның маңыздылығына мына фактілер куә болады, ХХ ғасырды идеология ғасыры деп атайды, өйткені ол бір-бірімен келісімге келмейтін күрестің белгісі ғана емес, әртүрлі идеологиялық жүйелердің нақ соғысы болды. Дж. Ла Паламбердің ойынша, «идеология тарих философиясына, кейбір бағалаулары болашақ дамудың мүмкіндігін және алдын алудың комплексін, дамудың сол немесе басқа бағытын жылдамдауын, ақырындауын немесе модификациясын қарастыратын адамның сыртқы жағдайының көрінісін қосады»[1] .
Шартты түрде әлеуметтік философияны басқа да әлеуметтік және гуманитарлық пәндер тәрізді зерттеушінің сол және басқа философиялық-әлеуметік ойдың бағытына ұсталуына байланысты жекелей, идеологиялық және идеялқ саяси өлшемге ие. Кез-келген зерттеуші қаласын, қаламасын идеологиялық күйдің, таластар мен дискуссияның әсеріне ұшырайды, сондықтан да маңызды әлеуметтік шындқты жазғанда белгілі бір тенденциялылық пен идеялық-саяси ауытқушылықтан толық тәуелсіз бола алмайды.
Сондықтан да біз, сол және басқа ойшыл және зерттеуші өзінің бағдары, қондырғысы, симпатия мен антипатиялылығы жөнінен консерватор, либерал, социал-демократ, марксист, радикал және т. б. болып табылады деп айтамыз. Әрине нәтижесі кімге тиімді болатынына қарамай, ақиқатын іздеп жазған зерттеуші идеалды бола алады. Идеология, қандай да бір тап пен әлеуметтік топтың мүддесін білдіретіндіктен әділетсіз саналады.
Идеология сонымен қатар ұлттық және ұлттық мемлекеттің идеясының қалыптасуы мен институционалдануымен байланысты. Соңғы екі-үш жүзжылдықта идеологи мен ұлтшылдық бірін-бірі толықтырып, тұрақтандырады. Олардың үшінші таптың немесе буржуазияның мүдделерін көрсету үшін бір мезетте қалыптасуы кездейсоқ емес және олар алғашқы кезде мәні бойнша бір нәрсені көрсетті. ХХ ғасырда екі феномен де универсальды бейнеге еніп, құбылыстың кең спектірін айқындау үшін қолданылды. өткен жүзжылыдқта қалыптасқан «буржуазиялық ұлтшылдық», «ұлтшыл шовинизм» және т. б. түсініктер мәні бойынша, сәйкес әлеуметтік-саяси күштердің саяси-партиялық және идеологиялық бағдарламаларын негіздеуге және ақтап алуға қолданылды. Бұл тенденция өзінің шектен тыс формасын мемлекеттік идеологияның тірегінің бірін ұлтшылдық атқарған гитлерлік Германияда орын алды.
Тек идеологияда «дос-жау» дихотомиясы өзінің практикалық қамтылуын, әлемнің қайшылықты бастауының негіздемесі мен ақталуын айқын формада кездеседі. Идеологияны консолидациялау үшін срытқы жау оның алып жүрушілерінің мүдделерінің бірлігі кем емесмаңызға ие. Бұл жерде сыртқы жау осы мүдделерді кристалдаудың қуатты катализаторы қызметін атқарады. Ал егер жау жоқ болса, онда жасанды түрде олард туындатады. әсіресе мұндай принцип, ішкі және сыртқ жауларсыз жалпы жүре алмайтын радикалды идеологияларда көрініс табады. Бұл идеологияның мәні, жаулардың бейнесі көмегімен көрініс береді. Неміс зерттеушісі О. Ламбергтің айтуынша, берілген аспектідегі идеологияның қуаттылығы қалған қоршаған әлем дұшпандық күш ретінде көрініп, сәйкес топтың мүшелерінің қорғаныш, қорқыныш инстинктісін, агрессивтілігін оятатын жағдайда ерекше көрініс береді. Оның әрбір идеологиялық құрылымы антипод немесе дұшпан туралы теріс түсінікке ие. Дұшпанның бейнесінен көп жағдайда топтың интегралдылығы көрінеді.
Жалпы жүйеден кез-келген саяси философиялық немесе идеялық саяси ойдың ағымының ажыруы, берілген ой ағымының кез-келген түрленуі абстракцияның сол және басқа деңгейін анықтайды дегенмен тең. Ол өз кезегінде редукциямен қысаң байланыста болады, яғни қандай да бір немесе бірнеше базалық элементке көптеген қарама-қарсы элементтер мен компоненттерді балаумен тең. Ол жоғарыда көрсетілген саяси - философиялық элементтерге де тән. Бірақ идеологияда редукция саяси философияға қарағанда үлкен рөл атқарады. Нақ осының көмегімен идеологияның жоғарғы компактілігіне, белгілі бір бағдардағы орташа адам үшін қарапайымдылығына ыңғайлылығына ие болады.
Бірақ мұндай редукцияның деңгейі нақты идеологиялық жүйенің ашықтығы мен жабықтығына байланысты болады: әлсіз және орталықтықтағы минималдылықтықтан, шектен тыс радикалдылық пен революциялылыққа дейін. Сол немесе басқа идеологияның радикалдылығының деңгейінің оның негізгі элеметтерінің редукциясы деңгейіне тура пропорционалдылығына сәйкес өзіндік заңдылықтар болады. Редукция мен шабықтық феномендерімен байланыста басқа бөтен элементтерді жолатпайтын идеологияның тазалығы принципі жүреді.
Кез-келген идея, қаншалықты жетілген болса да абсолютке жеткеннен кейін өзінің қарама-қайшылығына айналады немесе нағыз тантық болып түрленеді. Оны практикалық жүзеге асыру негативті жақтарға апарып соқтырмай қоймайды. Ешқандай да армия өзінің ережесіндегі қатң тәртіппен әр уақытта табынды жұмыс істей алмайды.
Барлық радикалды идеологиялық құрылымдардың жағдайын осындай. Жарқын мысал ретінде тотилиторлы идеологияны алуға болады.
Жеке адам немесе қандай да бір ілімді ұстаушы барлық мәселелер де шешу мен үйлесімділікке жетудің универсалды кілтін тапқанына сенімді болса, олар ақиқаттың тапшылық құруы мен әдікдікке жетудің жақындығына сенетін болады. Нәтижесінде әлеуметтік-философиялық және саяси жүйелер жасанды бір өлшемді құрылымға негізделіп тұйықталған жүйелер құрады. Кез-келген идеяның бұқаралыққа, демократизация бет бұрды оның өзіндік дамуға қабілетін ұжымдық психологияға бейімдігін жояды ғылымдық пен сенімділігінің танымдық энтропия интенциясын жоғалтып алады. Билеушілердің қатарына қосылған кез-келген идея ресми оптималды тонға ие болып, өмір сүруші жүйеге қандай да бір сыншыллықа жөн бермейді. Оның төзімсіздігі мен тұйықтығы пропорцирналды өседі, біртіндеп әлде бір дінге айналады.
Сондықтан да тотальды мемлекеттердің ( СССР де ұлтшыл Германия да) өзінің барлық күшін жалғыз мүмкін дүниетаным ретіндегі өзінің идеологиясының мифологиясық нұсқасын нақтылау жұмсады. Ол істің мәні бойынша өзінің догматтырымен, қасиеттері кітаптарымен, опостолдарымен құдай-адамымен (көсемдердің, фюрердің бейнесіндегі, ) литургиясымен және тағы басқа көрінетін әлдебір мемлекеттік дінге айналдырылды. Бұл жерде мемлекет жоғарғы абыз- идеолог бір мезетте жоғарғы билеуші болып табылатын теократиялық билік жүйесін еске түсіреді. Бұл Н. Бердияевтің бейнелі сөзімен айтсақ « өңін айналдырған теократия»
Фашистік идеология, әсіресе оның ұлшылдық апостосы мистицизмнің, тіпті спиритуализмнің элеметтері бар діни сенім статусына иеленді. Оның қасиетті кітабы болып 1925 ж гитлерлік газет « Фельшер беобахтер» ұлшылдық қозғалыстың явангелиясы» деп атаған Х. С. Чемберленнің еңбегі «Он тоғызыншы ғасырдың негізгі», А. Роземберг пен тағы басқа « мыңжылдық рейхтің» саяси-идеялық негізі ретінде ұсынылған А. Гитлердің «Майн кампфі» тұрды.
Редукция принципі ереже бойынша, кейбір спецификалық ерекшеліктерді иделогияға негіздейді. Методологиялық жобада ол саяси сферада да діни сферададағыдай догматтар жүйесі рөлін атқарады. Онда да, мұнда да, сенім- біріншісінде секулярлы, екіншісінде діни рол басты қызмет атқарады. «Егер құдайларға табынсақ, ақырын да табамыз» -деп көне римдік ақын Гораций жырлаған болатын. Құдайлардың тұғырдан түсуі немесе өлімі ескінің өлімі мен жаңа өркениеттің құрылуына алып келеді, Ереже бойынша халықтар құдайлардың жоғалуын көтере алмайды. Г. Лебон : « Өлген құдайлардың күлінен асқан қаратушы күш жоқ»[2] -деп жазғанда дұрыс айтқан болады.
У. Джеймс бойынша адамға табиғатынан сенімге ұмтылу қасиеті тән. Сенім адамның тұңғиық қорын толтыра отырып, оны жоғары көтеріп, қозғалысқа келтіреді. Ол жануар тәрізді тек инстинктер мен материалды қажетіліктерге сүйеніп өмір сүре алмайды. Аристотельдің адамдарды жануарлардан не жоғары, не төмен тұратындығын айтуы тегін емес. Сенімнің негізгі доминантторы-Мәңгілі Құдай деп аталатын транценденттіктің өмір сүретіндігіне сену.
Дж. Дьюи құдыреттілікке сенімнің формасы ретіндегі дін мен қабылдау сферасы ретіндегі діниліктің арасындағы айырмашылықты аша отырып, соңғысының мәні мен мақсатын адамзат өмірінің әртүрлі фрагметтері ретінде қарастырды. Бұл жерде « Егер адамдар жағдайды нақтылық ретінде анықтаса, олар өзінің салдары бойынша нақты болып жабылады» деген томастық теориясын осы жерде келтіруге болады. Егер бұл ой шындыққа жататын болса, онда «өмір көркем жасандылыққа еліктейді» деген В. Набаковтікі де шындық болып табылады. Басқалай айтқанда, адамның өмірі, егер ол олардың нақтылығы мен шындығына сенетін болса, сол немесе басқа идеялардың, мифтердің, жасандылықтың аяснда құрылады.
Бұқаралық санада әртүрлі аңыздар мен мифтердің қалыптасуы тек жеңіл сенімділікке байланысты емес, нақты фактілер мен оқиғалар оның құндылығына айналып әсіреленуімен де байланысты. Тобыр образдармен ойлана отырып, объективтілік пен субъективтіліктің, шындық пен мифтің арасын ажыратпайды. Оның санасына біржақтылық пен әсірелеу тән. Юұл жағдайда негізгі рөлді стихиялы сезімдерді тудыратын мәжбүрлеу мен тұншықтыру, сөзді сол мезетте әдеттегі заттардың жүрісіне түсіретін инстинкт пен қанның қараңғы күштері атқарады. Тарихи тәжірибе көрсетіп отырғандай, әсіресе ХХ ғ. бұл сапалар салдарлары бүтіндей елдер мен халықтардың тағдырына таңба қалдырған жағдайларды қалыптастырды.
Бүтіндей алғанда идеология мынандай негізгі құрылымдық элементтерді қосады: 1) дәуірдің жалпы дүниетанымдық байланыс; 2) осы жүйенің сол немесе басқа жағдайларының негізінде құралған бағдарламалық қондырғылар; 3) бағдарламалық қондырғыларды жүзеге асырудың стратегиясы; 4) насихаттау; 5) бағдарламаны жүзеге асырудың нақты қадамдары. Идеологияны партияның, ұйымның, бірлестіктердің, биліктің және т. б. бейнесінде сол және басқа әлеуметтік саяси күштердің саяси стратегиясында қалыптасатын әлдебір құрылымдық жоба және эскиз ретінде қарастыруға болады.
Идеология бір уақытта интегративті және ажыратушы рөл функцияны атқарады. Біріншісі сол және басқа партиялардың мүшелерінің араласуы болса, екіншісіне - бұл партияның басқа партиялардан бөлінуі жатады. Ол адамдар арасындағы қатынасты саясаттың субъектісі ретінде нақты қоғамдық тарихи жағдайда саяси нақтылықты ақтау мен терістеуде, негіздеуге, мағына береді. Идеологияның маңызды қызметіне сол немесе басқа қуымдастық пен топты басқа қауымдастықтар мен топтардан шектеуі жатады. Сол уақытта идеологияның негізгі бөлігі ереже бойынша нақтылыққа қарама қарсы қойылып, анығында оның қандай болуындағы оның ақиқат және жалған деңгейінің қандайлылығынан тәуелсіз белгілі бір идеяға негізделеді. Адамдардың ертеден келе жатқан едәуір жетілген әлеуметтік тәртіп туралы өзінің нақты көрінісін көптеген жердегі жұмақ жайындағы утопиялар мен эсхатологияларда тапқан. Осындай идеалдардың көбінің негізінде кез-келген қарама-қайшылық, еліктіру мен күнәларды жоюға сүйенген адамдардың арасындағы фундаментальды үйлесімділікке жету туралы ой болды.
Идеологияда екі өзара қатынасты компонент болады, біруі логикалық шекке дейін жетіп, қалыптасқан жүйені қиратуды мақсат етіп алады, ал екіншісі - болжанған қоғамдық және мемлекеттік құрылымның позитивті моделі болады. әңгіме ең алдымен, айқын мысалы большевизм мен ұлттық-социализм бола алатын оңшыл және солшыл негіздегі радикалды идеология туралы болып отыр. Идеологиялық ағымдардың көпшілігі өздерінің жобалары мен бағдарламаларын өмір сүруші жүйедегі басқа саяси күштердің саяси курсына альтернатив ретінде ұсынып, осылардың арасында тербеліп жүреді. Әрқашан ұтып шығатын жағдайда өмір сүруші жүйеге оның мәселелерімен қоса алғандағы болашақ гипотекалық жетілген қоғамды қарсы қоя алғандағы болады. Идеологияның мәнін дұрыс түсіну үшін тағы бір кезеңді алу қажетті. Бұл жағдайда идеологиялық құрылым толықпай респектабельді болмайды - билеуші топтардың топтардық, класстардың идеологиясы өздерінің ұстанымдарының және биліктік жағдайларының заңдылығы мен обсалютті легитимділігіне терең сенімнің болғанына негізделеді, олар өздерінің елінде және қоршаған ортада болып жатқан өзгерістерге және заттардың айқын жағдайына саналылық көзқарасымен қарай алмайды. Осыған орай олар өздерінің ұстанымдарын кез-келген, соның ішінде күш қолдану құралдарымен ұстап тұруға дайын.
Өз кезегінде, қалыптасқан жағдайға қанағаттанбаған және оның өзгеруіне мұқтаж топтар, таптар, класстар басқа жаққа өтуге бейім тұрады. әрине, мұндай қанағаттанбаушылық әр сатыдағы азаматтарда сол және басқа әлеуметтік-экономикалық және саяси өмір аспектісін қайта құруды талап етумен, радикалды қиратуға дейінгі олардың бағдарламаларының кеңістігі әртүрлі болуы мүмкін. Радикалды және революциялық идеологияның жақтаушлары ерікті және еріксіз түрде көптеген өмірлік жағдайлардың және процесстердің әлемді өзіндік көруіне және сол арқылы заттардың нақты жағдайын бағалауына сақ қарауын жоғалтатын, өздерінің талаптарының дұрыстығы мен заңдылығы туралы санамен соншалықты уланады. Билікті иеленушілер қандай да бір шегініске бармаған және барғысы келмейтін жағдайлардың нәтижесінде, революция, радикалды төңкеріс барлық мәселелерді шешудің универсалд кілтіретінде қарастырылды. Бұның барлығы, К. Мюнхеннің ««идеология» сөзінде белгілі бір жағдайда белгілі бір топтардың ұжымдық бейсаналылығы өзінен де басқаларынан да қоғамның нақты күйін жасырады және сол арқылы оны тұрақтандырады деген имплициялы мазмұны бар»[3] деген көзқарастың дұрыстығын күәландырады.
Бұл жерде заттардың қалыптасқан күйінің сақталуына ұмтылған қоғамның бір бөлігі мен оны түгелдей өзгертуге ұмтылған екінші бөлігінің арасындағы қақтығыста көрініс беретін, идеалдылық пен нақтылық арасындағы мәңгілік антиномиялар әрекет етеді. Бірақ, қаншалықты билеуші институттар, заңдар мен құқықтық жүйелер жетілген болса да, уақыт өте келе олар өздерінің алғашқы мәнін жоғалтып, сол елдің тұрғындарының көпшілігінің түпкілікті мүдделеріне жауап беруден қалады. Жаңа нақтылықтар ескіліктің мазмұнының өзгеруін немесе жаңа заңдар мен нормалардың жасалынуын талап ете алады. Бірақ билікті иеленушілер нақты өмірдегі өзгерістерді айқын көре отырса да, барлық күшімен оны қорғауға бейім болады. Нәтижесінде ескірген заңдар мен жаңа нақтылықтар арасында қақтығыс туындайды.
Қарастырылып отырған контексте саясат әртүрлі идеологиялық жүйелердің, идеологиялық ағымдар мен бағыттардың қақтығыс аренасының көрінісін береді. Дегенмен бұл фактінің констатациясы өзімен-өзі көп нәрсені түсіндіре алмайды. өйткені «саясат дегеніміз мүмкіншіліктің өнері» деген танымал формула қазір жағдайда да өзінің дұрыстығын сақтап отыр. Бір жағынан «мүмкіншіліктің өнері» саясаттың идеологиялануының белгілі бір шегін қояды, бір жағынан идеология өз кезегінде сол немесе басқа саяси партия немесе өкімет өзінің саяси курсын жүргізу барысында өзінің саяси кредосының негізгі принциптерінен ешбір шығынсыз шыға алатын мүмкіндік шектерін анықтайды.
Ф. Ницщенің өзі, ХХ ғ. философиялық принциптердің атынан жүзеге асатын әртүрлі күштердің әлемдік билік үшін күресінің ғасыры болатындығын ескерткен. Ницщенің ескертпесі, пайғамбарлықтан дүниетанымдық бастаулардың барлық күрделілігі мен көптүрлілігі идеологиялық принциптер философиялықтан, соның ішінде саяси-философиялық принциптерден басым түскен айырмашылығымен орындалды.
ХХ жүзжылдықты «идеология» ғасыры деп атап біз жағдайды белгілі бір жеңілдетіп жібереміз. Сол кезеңдегі билік жүргізген негізгі идеялық-саяси ағымдар - либерализм, консерватизм, социал-демократизм, марксизм, ұлтшыл-социализм және т. б. - өткен дәуірдегі үлкен діни жүйелер - ислам, протестантизм, католицизм және басқалар сияқты мәні бойынша функционалды осындай осындай қызмет атқарады. Олар өзінше бір секулярлы діннің рөлін атқарады. Бірақ діни бастау оларда әртүрлі және әртүрлі мөлшерде көрініс береді. Дегенменде идеология өзінің нақты сөзінің мағынасында, әлемдік саясатты анықтайтын фактор ретінде және жетілген формасында ХХғ. көрінісін тапты.
ХХ ғасырды әртүрлі елдер мен халықтардың сарабы бойынша, адамдық болмыстың барлық жағы мен аспектісіне әсер еткен, созылған, парламентті қараңғы уақыт кезеңі деп айтуға болады нақ осы қуғн-сүргін мен жаралы уақытта жоғарыда көрсетілгендей қиял, утопия, әлемнің жетілген құрылымы туралы жобалардың әртүрлісінің қалыптасуына жағымды жағдай қалыптасады. Сондықтан да ХІХ ғасыр аяғы мен ХХ ғасыр басында қалыптасқан қоғамдық-саяси жүйенің қайта құру жолдарын іздеудегі жетекшілік ретінде ұсынылған жобаларды, ілімдердің, идеялардың бай болуы тегін емес. Осы жағдай көбіне саяси-философиялық ойды саясаттандыру мен идеяландыруға, ХХғасырда көп бөлігіне тон болған жүйелік қақтығыстың императивтеріне бағындырылуына әкелді. Саяси-философиялық ойдың екі магистралды бағытқа: реформалық (либерализм, консерватизм және социал-демократизм) және революциялық ) ленинизм және фашизм) жоғары немесе төмен деңгейде бөлінуі және қалыптасу процесі, бұл қақтығыстағы ажыратушы сызық ғасырдың басында қалыптасқан.
АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Швеция, Дания, Голландия және басқа алдыңғы қатарлы елдер капитализмнің біртіпдеп әлеуметтік-экономикалық және саяси қалыптасу жолын таңдап алды. Қоғамды қалыптастыру бағытындағы реформалық жолды ұстанушылардағы айырмашылықтардың барлығы нарықтың экономикамен саяси демократияның негізін мойындайтын басты әлеуметтік саяси бағдарламаларының негізіне либерализмнің консерватизмнің және социал-демократизмнің принциптерінің негізін алған күштер туралы болып отыр.
Ревалюциялық-тоталитарлық жолда таңдағандар Ресей, Италия, Германия және басқа да Еуропа және Азия елдері болды, оларға әлсіздік, дамымаушылық немесе құндылық, азаматтық қоғам нормалары, құқықтық мемлекет, консерватизм, парламентаризм және либералды демократияның атрибуттарының болмауы бейнесі тән болды. өздерінің мақсаттары (қалыптасқан қоғамдық-саяси жүйені мүлдем жаңа жүейленген радикалды ауыстыру) бойынша, және осы мезеттегі әдістердің (ревалюциялық төңкеріс, орныққан билікті күштеп құлату) қолдануында да тоталитаризмнің осы екі ағымы қалыптасқан жүейні күштеп құлату төмен радикалды өзгертуді ұсынған болатын. Тек айырмашылық Ресейде жүзеге асырылған әлеуметтік ревалюция теориялық түрде «прогрессивті» бейнеге ие, өйткені олардлың негізінде ұлтшылдықтың, расизмнің оң-радикалды, империялық ұлы держава, күштеу апалогиясы және тағы басқа жақтан болатын.
Бұл жерде жазылғандардың баолығы ревалюцияның қоғамдық-тарихи процесстегі позитивті рөлін терізтеуді білдірмейді. Ескі әлеуметтік-саяси күштержаңадан шыққан динамикалық күштерге жол бермеді, осы соңғыларының бұл тығырықтан шығар жалғыз жолы бүкіл, көтеріліс, ревалюция болды. Сонымен бірге, ревалюцияның болмыстың өзінің органикалық табиғатындағы татольды трансформатциясына түсіп кетуі жиі болып тұрды. Қоғамның органикалық бірлігіне сырттан формаларды әкелуі арқылы, олар бүтіннің ұсақ элементтер мен бөліктерге бөлшектенуіне жетеді. А. Н. Уайтхедтің жазып кеткеніндегі «Адамзаттың кемесі зәкірден ажыраған кезде, кейде бұл Жаңа әлемнің ашылуына әкеледі, кейде оның алдынан емес арбап кеменің апатына алып келеді»[4] Сол тәрізді, революцияда мақсаттарға әрқаша әкеле бермейді. Ондағы қиратушы бастама саналықпен араласын кетуі сирек кездесе бермейді.
1. 2 Идеологияның тарихи кезеңдері.
Әдебиетте және ғылыми зерттеулерде «идеология» түсінігі өзінің анықтамасының көптеген мағыналық белгілеріне ие. Бұл белгілі бір деңгейде терминнің шығу тарихы мен қолданылуына байланысты. Тарихта біз «идеология түсінігінің тариха-логикалық эволюциясының үш негізгі кезеңін көрсете аламыз;
тәжірибедегі қоғамның шығуы мен заңдылығының көрініс беруінің заңдылығын зерттейтін, идеялар туралы ғылым ретінде;
әртүрлі көзқарастардың, теориялардың, концепциялардың және т. б. мағынасы мен қоғамдық-саяси бағытын білдіретін және ерекшкелейтін түсінік ретінде;
идеология әлеуметтік ғылымдағы зерттеу пәні және құралдық түсінік ретінде.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz