Көне түркі тілі – түркі халықтарының алғашқы жазба - әдеби тілі



Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І Тарау
1.1 Көне түркі жазба әдеби тілі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2 Түркі тілдерінің туыстастығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.3 Тілдердің туыстық қатынастарын анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10

ІІ Тарау
2.1 Түркі тілдерінің дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .38
2.2 Түркі тілдерінің қалыптасуындағы дәуірлер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..43

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..51
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..52

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттіқ университеті

ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

ЖАЛПЫ ТІЛ БІЛІМ КАФЕДРАСЫ

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

КӨНЕ ТҮРКІ ТІЛІ – ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖАЗБА - ӘДЕБИ ТІЛІ

Орындаған:
4 курс студенті Сарыбаев К.А.

Ғылыми жетекші:
ф.ғ.д., проф. Аманжолов А.С.

Норма бақылаушы:
ф.ғ.к.,
Таусоғарова А.

Қорғауға жіберілді
_______ ____ 2006 ж.
Жалпы тіл білімінің
кафедрасының меңгерушісі
Сулейменова Э.Д

Алматы 2006

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І Тарау
1.1 Көне түркі жазба әдеби
тілі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
4
1.2 Түркі тілдерінің
туыстастығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...9
1.3 Тілдердің туыстық қатынастарын
анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
ІІ Тарау
2.1 Түркі тілдерінің
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..38
2.2 Түркі тілдерінің қалыптасуындағы
дәуірлер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...43
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .51
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..52
РЕФЕРАТ
Жұмыстың тақырыбы: Көне түркі тілі – түркі халықтарының алғашқы жазба
- әдеби тілі.
Жұмыстың құрылымы: Кіріспеден, екі тараудан және пайдаланылған
әдебиеттен тұрады.
Жұмыстың көлемі: 53 бет
Пайдаланылған әдебиеттер саны: 36
Тірек сөздер: фонема, грамматика, салыстырмалы тарихи тәсіл, руника,
фонетикалық сәйкестік, типологиялық ұқсастық, артикуляция,
реконструкция т.б.
Зерттеудің нысаны: Түркі халықтарының жазба әдеби тілі.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Көне түркі халықтарының жазба әдеби
тілін зерттеу. Жазу ескерткіштерін салыстырмалы тарихи тұрғыда талдау. Көне
түркі тілдері фонетикасына, лексика жалпы грамматикасына салыстырмалы
жұмыс жүргізу.
Зерттеу жұмысының әдіс-тәсілдері Көне түркі халықтарының жазба әдеби
тілін зерттеу салыстырмалы тарихи әдісті пайдалануды қажет етті.
Жұмыстың мазмұны: Көне түркі жазба ескерткіштер тілінің грамматикалық
ерекшеліктерін жан-жақты сипаттау.
Жұмыстың мазмұны: Жұмыстың өзектілігі, нысаны, мақсаты мен міндеттері,
әдіс-тәсілдері жайлы мәлімет беріледі. Негзгі бөлім екі тарауды қамтиды.
Мұнда салыстырмалы – тарихи зерттеулердің әр тілдің ішкі заңдылығы есепке
алынады. Қорытынды бөлімінде жұмыс барысында тәсілдерді салыстыру арқылы
қарастырылған.
Кіріспе

Жұмыстың өзектілігі: Тіл қоғамдық құбылыс болғандықтан, ол қоғам
мүшелерінің қатынас құрамы ретінде қызмет өтеп, сол қоғаммен бірге өтіп,
дамып отырады. Сондықтан да әрбір тілдің өткен тарихи, қазіргі кездегі
қалпы және болашағы бар. Тіл материалын салыстырғанда оның қазіргі жайын
өткендегі тарихымен байланыстыра қараған жөн. Осыған орай ең көне түркі
тілдерінің формасын анықтау. Жұмыстың өзектілігі болып табылады.
Тарихи зерттеулердің көбірек тілге тиек ететін, табан тірейтін
фактілері - дыбыстар мен оның заңдылықтары, морфологиялық тұлғалар, сөйлем
жүйесі және сөздердің лексикалық, грамматикалық мағыналары. Дыбыстар
сөздердің, грамматикалық тұлғалардың материалдық негізі болып саналады.
Бірақ олар да өзгермейтін дүние емес. Уақыт озуына, тіл дамуына байланысты
сөздердің дыбысталуы да, мағынасы да өзгеріп отырады. Бірақ олардың (ескі
мағына мен жаңа мағынаның; сөз жүйесінде өзгерген дыбыс пен о бастағы
дыбыстың) арасында заңды байланыстар болады. Соңдықтан да салыстырылатын
сөз бен грамматикалық тұлғалар түркі тілдеріне ортақ дәстүрлі заңдылық
негізінде ғана қарастырылады.
Грамматикалық формалар мен сөйлемдердің қалыптасу, даму заңдылығын да
осы тәсіл арқылы анықтауға болады. Бірақ бұл процесс өте күрделі талдауды,
көп материалды салыстыруды талап етеді. Тіпті кейбір ерекшеліктерді анықтау
қажетті материалдың жеткіліксіздігінен қиынға соғады.
Тілдің ішкі заңдылығы есепке алынуы керек. Жеке-жеке тіл болып
саналатын түркі тілдері өзара ортақ заңдылықтармен астарласып, байланысып
жатады. Ондай заңдылықтар тілдің фонетика және лексика саласыңда көбірек
байқалады. Лексикадағы ерекшеліктер өзінің тез өзгеруімен (басқа салаларға
қарағанда), ал фонетикалық ерекшеліктер баяу өзгеруімен көзге түседі.
Сондықтан да олардың арасындағы заңдылық ұзақ сақталады.
Дереккөздер: Жұмыста М. Қашқари Түбі бір түркі тілі, Көне түркі
қазба ескерткіштерінің тілі, сонымен қатар Баскаков, Щербак, Кононов,
Радлов, Рамстедт сияқты орыс ғалымдарының еңбектері негізгі алынып түркі
тілдерін салыстырып, олардың тарихи әдіс-тәсілдеріне әдеби жазба
ескерткіштеріне айтқан пікірлері қарастырылды.
1 КӨНЕ ТҮРКІ ЖАЗБА ӘДЕБИ ТІЛІ
1. Түркі тілдерінің туыстастығы

Жазба ескерткіштерін ғылыми зерттеу қоғамының рухани мәдениетінің
тарихын, тілін терең танып, байыпты білуге жол ашады. Осы мәреден қарасақ,
түркітану ғылымының өнімді бір саласы - түркі филологиясы дербес пән
болып қалыптасты. Оның зерттеу объектісі - әр түрлі түркі жазба
текстерінің ертеден бүгінге дейін жасалған нұсқаларындағы тілідік,
графикалық ерекшіліктерін анықтап, мәдени, әдеби және тарихи мәні мен
мазмұнын көрсету екені бәрімізге аян. Қашанда халықтың рухани мәдениетін
оның тілі мен жазба ескерткіштерінсіз, сондай-ақ заманадан замананы
көктей өткен ауыз әдебиетінсіз толық тану да, түсіну де мүмкін емес.
Бұлардың бір – бірімен іштей қабысып, кірігіп жатқандығын да естен
шығармағанымыз абзал.
Түркі халықатарының әлденше ғасырға созылған жазу дәстүрлі мен жазба
тіл тарихын сөз еткенде, ең алдымен тілге тиек болатыны көне түркі жазуы
ескерткіштері. Мұндағы көне түркі руникалық (Орхон - Енисей) алфавиті
графикалық жүйелігі жағынан аса бай жетілген жазу болғандығы мәлім.
Көне түркі руникалық жазу ескерткіштерінің кең қанат жайған аймағы -
Оңтүстік Сібір. Моңғолия, Қазақстан мен Қырғызстанның - далалары мен тау
шатқалдары. Сөз болып отырған жазу нұсқаларының ішінде екі жүзге жуығы
тасқа қашалған, ал ондаған нұсқасы түрлі қорғандардан табылған металл,
күйдірілген саз балшықтан жасалған бұйымдарға ойылса, сондай-ақ сиректе
болса, ағаш пен сүйек сияқты заттар да қолданылғаны айқындалып отыр.
ҮІІ-ІХ ғасырларда көне түркі тайпалары руникалық жазуды кең түрде
пайдаланған.
Сондықтан да осы дәуірден бастап түркі тілдерінің материалдарын
салыстырмалы-тарихи зерттеулерге арқау етуге болады. Осы екі дәуір
материалымен салыстыру нәтижесінде түркі тілдерінің әр дәуірдегі даму
дәрежесін анықтауға болады. Түркі халықтары тарихына зер салар болсақ ру
мен тайпалар одағы бірде қосылып, араласып жатса, бірде бөлініп шығып, өз
алдына отау тігіп жататындығын байқауға болады. Түркі тайпалары да нақ
осындай, кейде бірігіп, бір-бірімен араласып, тайпалар одағын жасап жатса,
кейде жауласып, аралары алшақтап, алыстап кететін де болған.
Түрлі ру-тайпалардың бірігіп, тайпалар одағын құруы келешекте халықтың
қалыптасуына негіз жасаған, осының нәтижесінде сол ру-тайпалардың тілдік
ерекшелігі өзара жақындаса келіп, бір тұтас тілге айналады, яғни әр басқа
тілде сөйлейтін ру мен тайпалардың бір тілде сөйлеуіне мүмкіндік туады.
Әрине, бұл процесс түрлі әлеуметтік, экономикалық және тарихи жағдайлармен
тығыз байланысты. Ал, тайпалар одағының ыдырауы өз ретімен жеке тайпалардың
бөлініп шығуына және жеке тайпалық тілдердің жасалуына негіз болады. Кейде
бұл сияқты қосылу, ыдырау — дифференциация, интеграция процестері бірнеше
қайталанып отыруы да мүмкін. Тайпалар одағаның тұрақтылығын сақтағандығы ал
кей тайпалар одағының тез ыдырап, бірнеше бөлініп кеткендігі тарихтан аян.
Мысалы, оғыздар ұзақ уақыт бойына өздерінің Жетісу, Сырдария бойларындағы
одағын бұзбай сақтап келіп, тек IX ғасырдың соңында ғана екіге (батыс және
шығыс оғыздар болып) бөлінген. Тайпалар одағының ұзақ өмір сүруі сол
тайпалардың этникалық құрамымен де, тарихи жағдайларымен де тікелей
байланысты.
Түркі халықтарының көне тарихына көз жіберетін болсақ, олар бірнеше
тайпа және тайпалар одағынан құралған; олар бірде одақтасып бірігіп отырса,
бірде жауласып, араларын алшақтатып отырған. Алтай, Саян таулары мен
қазіргі Монғолия жерінде орналасқан түркі тайпалары сөздік қоры мен
грамматикалық құрылымы бір, негізі бір тілде сөйлеп, қарым-қатынас жасап
келсе де, уақыттың озуымен байланысты өзіндік ерекшеліктері бар жеке-жеке
түркі тілдеріне жіктеле бастайды, бірақсатылай байланысып, туыстығын
сақтайды.
Туыстас тілдердің сатылай байланысуы, алыстауы мен жақындауы сол
қауымдағы әрбір халықтың тарихына тікелей қатысты. Алғашқы ру, тайпа,
тайпалар одағының қосылуы тарихи-қоғамдық процесс болса, әрбір ру мен
тайпалардың қалыптасуы да сондай процесс. Кейбір тайпалар жеке рулардың
бірлестігі негізінде құралады да, олардан бірте-бірте қол үзіп кетеді.
Осыған орай тайпалар одағы қолданған жалпы тілде жеке рулар тіліндегі
ерекшеліктердің сақталуы да, сақталмауы да мүмкін. М.Қашғари Сөздігінде
кездесетін тайпалар тіліндегі ерекшелікті осы тұрғыдан түсіну керек.
Түбір сөздерде өзгерістер аз болады. Өзгерістер түбірдегі кейбір
әріптердің алмасып айтылуытүкіп қалуы әріптердің алмасып айтылуы әрпімен
басталған айтулар мен етістіктердің басқы ж әрпіне айналдырады. Сол
себептен түріктер дейді; Түріктер йылығ сув-жылы су десе, олар жуғду десе,
олар жұғду дейді.
Сөз ортасында немесе соңында келген й әрпін орғулар н әрпіне алмастырып
айтады. Мыс: түріктер қой десе, олар чығон дейді. Түріктер қойу НЭҢ – қай
нәрсе десе, олар қону НЭҢ дейді: Сөз басындағы м әрпін оғыз, қыпшақ және
суворлар б әрпіне айналдрып олар бэн бордум дейді, түріктер сорпаны мун
десе, олар бун дейді. Сөз құрамындағы т әрпін оғыздар мен оған жақын
тойпалар д әрпіне алмастырып айтады. Мысалы, түйені түрікте тэвэй десе,
оғыздар дэвэй дейді, түріктер өт десе, олар өд дейді.
Түркі тайпаларының көптеген сөздеріндегі д әрпі оғыздарда т болып
айтылады. Мысалы, қонжарды түріктер буғду десе олар буктэ дейді, жидені
түріктер йігдә десе, оғыздар йіктә дейді.
Түркітанушы ғалымдар түркі тілдерінің даму кезеңдерін белгілі
кезеңдерге бөліп, әрқайсысының өзіндік ерекшелігін анықтауға әрекет етіп
келеді. Мысалы, Н.А.Баскаков түркі тілдерін дамуы мен қалыптасуына қарай әр
кезеңге бөлген: 1) Алтай дәуірі; 2) Хун дәуірі (V ғасырға дейін); 3) Көне
түркі дәуірі (Ү-Х ғасырлар); 4) Орта түркі дәуірі немесе негізгі түркі
тайпаларының дамуы мен қалыптасу дәуірі (X-XV ғасырлар); 5) түркі дәуірі
немесе түркі халықтарының қалыптасуы мен даму дәуірі. Н.А.Баскаковтың бұл
пікірін ғалымдардың көбісі-ақ қолдайды, бірақ онымен келіспеушілер де жоқ
емес. Мәселен, біраз ғалымдар түркі тілдерінің Алтай дәуірін мойындамайды.
Алайда түркі тілдерінің қалыптасуын Н.А.Баскаковтын дәуірлерге бөлуіне
сүйене қарастырамыз.
Түркі тілінің дамуындағы Алтай дәуірі - мерзімі жағынан әлі
анықталмаған, ғалымдардың арасында дау туғызып келе жатқан мәселелердің
бірі. Тілдерді салыстырмалы-тарихи тәсілмен зерттеп, туыстық жақындығын
анықтағанда олардың ортақ белгілеріне сүйену қажеттігі жоғарыда айтылған
болатын. Осындай туыстық белгілер түркі-монғол тілдерінің арасында да бар
және олар фонетика жүйесінде де, лексика мен грамматикалық құрамында да
кездесетіндігін ескере келіп, бір топ ғалымдар түркі тілдері өз алдына
бөлініп шыққанға дейін алтай тілдері тобында болған деген топшылау айтады.
Олар алтай тілдері тобындағы тілдерден: 1) түркі-монғол тілдері; 2) тунгус-
маньчжур тілдері; 3) жапон-корей тілдері бөлініп шықты деген болжамды
ортаға салады. Ал Х. Винклер, С.М. Широкогоров, Б. Колиндер, М. Рясянен, Д.
Шинор, А. Дильачар сияқты ғалымдар тіпті алтай тіл
бірлестігінен де арыға барып, орал-алтай тіл бірлестігі теориясын ұсынады.
Бұл жоба бойынша: бір кездерде, уақыт кезеңі анықталмаған дәуірде орал
тілдері мен алтай тілдері генеологиялық жағынан туыстас болған. Тайпалар
одағының ыдырауы негізінде орал тілдері алтай тілдерінен бөлініп шыққан. Өз
ретінде, уақыттың өтуіне байланысты, орал тілдері екі топка (угро-финн және
самоди) ыдыраған. Алтай тілдері жоғарыда айтылған үш тармаққа бөлінген.
Орал-алтай тіл бірлестігін халықтардың этникалык құрамы жағынан да
дәлелдеуге болады. Эстон ғалымы Ф.Видеман угро-финн халықтары (чуд
халықтары) ертеректе Орта Азияда татар, монғол, мәншіжүр халықтарымен көрші
өмір сүрген деген жорамал айтса, М.Кастрен (алтай теориясының негізін
салушылардың бірі) угро-финдер Алтай, Саян тауларының айналасында, Орта
Азияда, Обь, Ертіс, Енисей өзендерінің сағаларында өмір сүрген дейді. Бірақ
кейінгі археологиялық зерттеулер бұл пікірлерді әлі дәлелдеп бере алған
жоқ.
Орал-алтай тіл бірлестігі жайындағы пікірлерге негіз болатын бұл
тілдерде ұқсастықтар бар. Мысалы: дауысты дыбыстардың үндесуі,
дауыстылардың ассимиляциясы, түбірдегі үнді дыбыстардың біршама ұқсастығы,
жалғамалылық белгісі, жалпылық мағыналы түбірдің жекеше формасы арқылы беру
мүмкіндігі, атау септігінің, тәуелдік жалғауының болуы, анықтауыш,
пысықтауыш, толық-тауыштардың өздері қатысты сөздердің алдында тұруы,
сандық сәйкестіктің болмауы, құрмалас сөйлемдердің көсемше, есімше
формаларымен құрмаласуы, т.б. Бұл сияқты ұқсастықтар қаншалықты қызықты
болғанымен, типологиялық ұқсастықтан асып түсе алмайды. Себебі бұл тілдер
аралығында дыбыстық немесе формалық сәйкестік жоқ.
Орал-алтай тіл бірлестігінен гөрі алтай тілдері деген түсінік
қазіргі тіл біліміне сіңісіп, көптеген қолдаушылар тауып отыр.
Алғаш рет орал-алтай тіл бірлестігі теориясының негізін салған I
Пердің кезінде тұтқын болған швед офицері Ф.И.Табберт-Страленберг болатын.
Сібірде ұзақ уақыт өмір сүріп, ол орал-алтай тілдерінің типологиялық
ұқсастығына алғаш көңіл аударып, 1730 жылы өз еліне келген соң ол туралы
еңбек жариялаған. Бұл теорияның қолдаушылары болғанымен, айтарлықтай
табысқа ие бола қойған жоқ. Кей ғалымдар (мысалы, Ю.Немет, Б.Коллиндер,
М.Рясянен) орал-алтай тілдерінің ұқсас белгілерін, даулы мәселелерін дұрыс
көрсете білді. Мысалы, Ю.Немет 300-ге жақын орал-алтай тілдеріндегі ұқсас
элементтерді тауып, олар не ертедегі туыстықтың бір белгісі, не ертедегі
қарым-қатынасқа байланысты тіл арасындағы ауыс-түйіс болуы ықтимал деген
қорытынды жасайды.
Салыстырмалы-тарихи зерттеулер алтай тілдерінің деректерінде көптеген
ұқсас келетін тілдік материалдардың барлығын анықтады. Жалпы, алтай тілдері
бірлігінің құрамына енген тілдерде дыбыс үндестігі, екпіннің тұрақылығы,
жалғамалы тіл болуы, сөз алдынан келетін көмекші сөздердің (предлогтардың)
болмауы, жыныс (род) категориясының болмауы, т.б. Көпшілік тілшілер алтай
тіл бірлігін анықтауда дыбыстық сәйкестікке көбірек көңіл бөледі. Мысалы,
Н.А.Баскаков осындай белгінің бірі ретінде тунгус тіліндегі т дыбысы мен
мөншіжүр тіліндегі с дыбыстарының и дыбысының алдында түрғанда түркі
тілдеріндегі ч, ш дыбыстарымен сәйкес келетіндігін көрсетеді [20, 149; 117;
112; 113]. Түркі, монғол және тұнғұс-мәншіжүр тілдерін салыстыратын болсақ,
бұл типтегі фонетикалық сәйкестіктер баска дыбыстар арасында да байқалады.
Мысалы, сөз басында түркі, монғол тіддеріндегі д дыбысына тұнғұс-мәншіжүр
тілінде з, кәріс тілінде ч дыбысы сәкес келеді. Салыстырыңыз: түркі
тілдерінде дуз (тұз), монғолша dabusun (dabu-sun), тунгус-маньчжур тілінде
зujar, сөз басында к, к, х, п, б, сөз ортасында с, з, д, т дыбыстарының
сәйкес келуі байқалады. А. М.Щербак алтай тілдеріндегі бұндай сәйкестікті
типологиялық (генетикалық емес) сәйкестік деген де болатын. Мүндай
салыстыра зерттеулер лексика, морфология және синтаксис салалары бойынша да
жүргізілген. Г.И.Рамстедт сияқты ғалымдар алтай тілдерінің барлық саласы
бойынша зерттеу жүргізіп, олардың баска да туыстық белгісін ашкдн. Бірақ
алтай тілі теориясын қолдаушылардың барлығын да бірізді пікірде деуге
болмайды. Бір топ алтайтанушылар (Б.Я. Владимиров, Д. Поливанов, Н.Н.
Поппе, Г.И. Рамстедт т.б.) алтай тілдерін тегі бір
туыс тілдер деп санаса, екінші бір топ алтайтанушылар (В.Л. Котвич, Л.
Лигети, Дж. Клоусон, т.б.) алтай тілдеріндегі ұқсастық — типологиялық
ұқсастық деп санайды. Кеңес ғалымдары ішінен алтай теориясына өз үлестерін
қосып, түрліше пікір айтып келе жатқандар:
А.Н. Баскаков, Г.Д. Санжиев, Дж.
Киекбаев, Ш.Ш. Сарыбаев, В.И. Цинциус, О.П. Суник, К.А. Новикова, И.В.
Кормушин, Д.М. Насилов тағы басқалар. Бұл теорияға байланысты Н.А.
Баскаков, Дж. Киекбаев, т.б. еңбектерінен басқа [1; 20; 6;]
арнаулы жинақтар да жарық көрді.
Кеңес мамандары арасында да, шетел ғалымдары ішінде де алтай тілі
теориясына сенімсіздікпен қарайтындар да жоқ емес. Мысалы, белгілі түрколог
А.И. Щербактың пікірінше, алтай тілдеріндегі ұқсастықтар олардың
генетикалық туыстығына байланысты емес, олар ұзақ мерзімді қарым-қатынастың
негізінде ғана пайда болған делінеді. Түркі, монғол және тұнғұс-мәншіжүр
тілдерінің арасындағы ұқсастықтар қандай қатынас негізінде қалыптасты?
деген сауалға ол өзінше жауап береді [11]. Түркі халықтарының тарихында
монғол тайпалары мен түркі тілдес тайпалардың араласып, бір мемлекет
құрамына еніп немесе одақтаса өмір сүріп, тығыз қатынаста болғаны белгілі.
Алғаш Орталық Азияда өмір сүрген тайпалар туралы деректерде (түркі тілдес
хунну, монғол тілдес дун-ху, палеазиат тілдес дун-и тайпалар) көрші өмір
сүріп, бірі екіншісін жаулап алып отырған. Мұндай қатынас соңғы хун
дәуіріне де жалғасады.
Түркі-монғол тайпаларындағы жоғарыдағыдай аралас-құралас отырған
жағдайларды да есепке алған жөн. Дж. Клоусонның пікірін негізге ала отырып,
А.М. Щербак түркі тілдері мен монғол тілдері арасындағы 3 түрлі араласуды
атап көрсетеді. Олар: IV—VII ғасыр; VIII—XII ғасыр және ХІІІ-ХІ ғасыр
аралығындағы араласулар 6]. Монғолдар мен түркі тайпаларының араласуы бұл
дәуірлерден кейін де болғандығы тарихтан мәлім. Мысалы, қазіргі тувалардың
дархаттармен, буряттардың якуттармен, ойраттар мен Алтайда тұратын түркі
тілдес халықтардың арасындағы қатынас соңғы кезге дейін үзілмей келді.
Сондай-ақ Ақтабан шұбырынды кезіндегі ойрат-қалмақтар мен қазақтардың
тілдік тоғысуын мысал ретінде көрсетуге болады. Бірақ тілдік қасиеттер
тілдердің ұқсастығына негіз бола алмайды және олар тілдің барлық.
деңгейлерінде байқалмайды. Егер ондай ұқсастық байқалса, олар белгілі бір
заңдылыққа бағынбайды, жүйелілікке ие бола алмайды. Соңдықтан да соңғы
кездерде түркі-монғол тілдерінің қандық туыстығы бар деген пікірді
қолдаушылардың саны көбейді.
Сөйтіп, алтай тілдерінің туыстығы туралы пікірді жинақтап, екі топқа
бөлуге болады. Бір топ ғалымдар Г.И. Рамстедтің пікіріне қосылып, алтай
тобына енетін тілдердің (түркі-монғол, түнғұс-мәншіжүр, көріс-жапон) қандық
туыстығын мойындайды. Олар (В.В. Владимиров, Е.Д. Поливанов, Н.Н. Поппе,
Н.А. Баскаков, О.П. Суник, І. Кеңесбаев, Ш.Ш. Сарыбаев, т.б.) алтай тілдері
бір негізден тараған, сондықтан да ортақ негізді мойындауға олар мүмкіндік
береді десе, екінші бір топ ғалымдар В.А. Котвичтің пікіріне сүйеніп, о
баста өзара көрші орналасқан тілдер генеологиялық жағынан туыстығы болмаса
да, талай ғасыр бойы араласу негізінде жаңа қасиетке ие болған дейді.
Сондықтан да олар (Л.Лигети, Г.Д.Санжиев, Т.А.Бертағаев, т.б.) алтай
тілдеріндегі ұқсастық туыстық қандық негізде емес, кірме материалдар
негізінде қалыптасқан деп тұжырымдайды. Дегенмен де түркі және монғол
тілдерінде кездесетін жүздеген, мыңдаған ортақ қасиеттердің бәрін де кірме
материалдар деп қарауға болмайтын сияқты. Біріншіден, мұндай ортақ
қасиеттердің саны өте көп. Екіншіден, ортак элементтердің бәрі де белгілі
бір (фонетикалық, грамматикалық) заңдылықтар бойынша қайталанып отырады.
Үшіншіден, ортақ ұқсастықтар тілдің барлық деңгейінде, әсіресе негізгі
түбір құрамында көптеп кездеседі. Егер оған диалектілердегі ұқсас
белгілерді қоссақ, ортақ дүниенің едәуір көбейетіндігіне күмән жоқ.
Сонда да алтай тілдерінің туыстығы туралы пікір бір түйінге келген
жоқ, әлі де болса дау туғызатын, зерттей түсуді қажет ететін мәселелер аз
емес. Ал түркі тілдері мен монғол тілдерінің туыстығы туралы мәселе
дәлелденген деуге болады. Тұнғүс-мәншіжүр тілдерінің түркі тілдерімен
туыстығын әлі де болса дәлелдеуді қажет ететін жәйттері молдау. Көріс,
жапон тілдерін алтай тілдерін құрамына қосу мәселесі әлі шешілмеген.

2. Тілдердің туыстық қатынастарын анықтау.

Алтай тілдерінің туыстығын дәлелдейтін фактілерді ғалымдар лексикадан
да, фонетика мен грамматика саласынан да көптеп келтіріп жүр. Салыстырмалы-
тарихи зертгеудің тиімді жері осы орайда жақсы байкалады.
Лексика — тілдің өзгеріске ең бейім саласы. Сондықтан тіл мен тіл
арасындағы лексикалық ауыс-түйістер басқа элементтерге қарағанда көбірек
кездеседі, осы қасиетіне байланысты қандық туыстықты анықтауда лексикалық
сәйкестік қажетті бір көрсеткіш болса да, шешуші түйін болып саналмайды.
Егер кез келген тілдің сөздік құрамына көз салып қарайтын болсақ, олардың
барлық саласы бірдей өзгеріске түсіп, ауыса бермейді екен. Олардың ішінде
тұрақтылары да, өзгергіштері де кездеседі. Сондай біршама турақты лексика-
тақырыптық топқа – туысқандық атаулары, дене мүше атаулары, күнделікті
тіршілікке байланысты тұрмыстық атаулар, т.б. жатады. Ал, етістік болса,
зат есімдерге қарағанда әлдеқайда тұрақты, тіпті, ол — бір тілден екінші
тілге мүлдем ауыспайтын категория. Сондықтан да түркі-монғол тілдеріңдегі
туыстықты, ортақтықты, параллелдікті анықтау үшін ғалымдар, әдетте,
төмендегі лексика-тақырыптық топтарды көбірек салыстыра зерттейді.
Туысқандық атаулар. Туысқандық атаулардың өздеріде семантикасына
қарай: а) қандық туысқандық және б) некемен байланысты туысқандық болып
екіге бөлінеді екен.
1. Қандық туысқандыққа: ата, апа, әке, іні, аға, қарындас, сіңлі,
бөле, ұл, қыз, т.б. сөздер жатады.
Монғол тілінде ав сөзі әке мағынасында қолданылады. Көне жазба
монғол тілінде бұл сөздің ава түрі де кездеседі. Аба сөзі хакас, қырғыз,
алтай, татар, башқұрт, түрікмен тілдерінде де бар. В.В.Радлов аба сөзінің
отец, предок, дядя со стороны отца, старший брат сияқты мағынасын
көрсетеді. Сондай-ақ монғол тілінде авака, түрікмен тіліндегі абга — жасы
үлкен адамдарға байланысты айтылатын сөз. Ал, монгол тіліндегі авгай —
қыздардың жасы үлкен анасына байланысты қолданатын сөзі. Түрікмендердің
сөйлеу тілінде аба әке мағынасын білдіреді. Көне түркі тілдеріне тиісті
жазба ескерткіштерде абаава сөздері предки, прородитель, сондай-ақ,
ата, апа мағынасында қолданылған [60].
Аға сөзі түркі тілдерінің көпшілігінде жасы үлкен, туыс ер адамға
байланысты қолданылады. Тек якут тілінде аға әке мағынасында қолданылады.
Э.К. Пекарскийдің сөздігінде ақа сөзінің жас жағынан үлкен адам әке,
басшы, діни қызметкер, поп (священник) мағыналары көрсетілтен басқа
түркі тілдерінде де ата сөзі (түбірдегі ғ дыбысы г, қ, х дыбыстарымен
алмасып) қолданылады. Сонымен бірге аға түбірінен бірнеше туында сөздер
жасалынған. Мысалы, түрікше адавсу (үлкен аға), әзірбайжанша ағатай
(еркелету), қазақша ағалық, ағатай, ағайын (аға-іні), т.б. Егер осы сөздің
түркі тілдеріндегі мағынасын салыстырып, сұрыптайтын болсақ; 1) жасы үлкен
ер адам; 2) туыстық қатысы болмаса да жасы үлкен ер адам (қазақ тіліндегі
аға және ағай сөздері); 3) баба (дед), ата (қарашай-балқар, алтай, түрікі
тілдерінде); 4) жасы үлкен туысқан қыз-апай (ертеде); 5) әке (якут
тілінде); 6) жасы үлкен қарт адам (якут тілінде); 7) поп, діни қызметкерлер
(якут тілінде). Монғол тілдерінде аха - жасы үлкен адам, аға; көне
монғол тілінде — жасы үлкен құрметті адам мағынасында қолданылады.
Қазіргі бурят тілінде ахай — жасы үлкен аға, мырза; диалектілерінде
әке, апа, жеңге мағынасында да қолданылады. Соңдай-ақ аға (ака) сөзі
түнғұс-мәншіжүр тілдерінде де түркі тілдерімен мағыналас.

Тілдердің дыбыстық ерекшеліктері.

Әр тілдің өзіндік дыбысталу жүйесі, ерекшелігі, заңдылығы болады.
Мысалы, қазақ тілінде ж-мен басталатын сөздер татар тілінде й арқылы
айтылады. Немесе қазақ тіліндегі нан, барды сөздері өзбек тілінде нан
(хлеб), борди (пошел) болып, а дыбысының о дыбысына ыңғайласуы да — бұл
тілдердің өзіндік заңдылығы.
Түркі тілдері мен монғол тілдерін салыстырып қарасақ, төмендегі
ортақтықты және ерекшелікті байқауға болады.
1. Тіл дыбыстарын дауысты және дауыссыз деп екіге бөлу -түркі-монғол
тілдеріне ортақ қасиет. Бірақ түркі тілдерінде созылыңқы дауысты
дыбыстардың табиғаты бірдей емес. Осы қасиетіне қарай түркі тілдеріндегі
дауыстылар созылыңкы және қысқа дауыстылар болып өзара екіге бөлінеді.
Қазақ тілінде созылыңкы дауысты дыбыстар мүлдем жоқта, оларды біз қырғыз,
хакас, тува, якут тілдерінен, сондай-ақтүркімен төмен кездестіреміз. Бұл
тілдердің бірінде ол дыбыстар жүйелі түрде кездессе, екіншісінде олай емес.
Олар сан жағынан да біркелкі емес. Якут тілінде сегіз қысқа, сегіз
созылыңқы дауысты дыбыс болса, хакас тілінде тоғыз қысқа, сегіз созылыңқы
дауысты дыбыс бар. Созылыңқы дыбыс монғол тілдеріне де тән, бірақ Орхон-
Енисей жазуында созылыңқы дыбыстар кездеспейді.
Алтай тілдеріндегі дауысты және дауыссыз дыбыстар артикуляция жағынан
ұқсас, арасында айтарлықтай алшақтық жоқ. Мысалы, монғол тіліндегі а — тіл
арты ашық езу дауысты дыбыс. Ол сөздің барлық позициясында қолданыла
береді. О - тіл арты (жуан) ашық, еріндік дауысты дыбыс. Ерін дыбыстарының
буын таңдамай, сөздің барлық позициясында келе беруі монғол тілдеріне де,
түркі тілдеріне де тән құбылыс. Мысалы, қырғыз тілінде бірөө (біреу), мөөре
(мөңіре); ойно (ойна); якут тілінде: ооньоо (ойна), оттук (отты, шөпті),
сонна (сонау), сонччо (сонша); хакас тілінде: тулку (түлкі), хыроо (қырау),
хусхун (құзғын), т.б.
Әйткенмен, көріп отырғанымыздай, бұл заңдылықта да бір ізділік жоқ.
Жақша ішіндегі қазақша нұсқалары соны көрсетеді, яғни қазақ тілінде о тек
сөздің бірінші буынында ғана кездеседі. Дауысты және дауыссыз дыбыстардың
алмасуы мен сәйкестік заңдылықтары жалпы алтай тілдерінен де, тіпті бір
тілдің өз ішінен де байқалатын құбылыс. Мысалы, Сырдың орта деңгейі мен
Қаратау айналасындағы қазақтар тілінде өңле-, тыңла-, аңла- болып айтылса,
әдеби тілде өңде-, тыңда-, аңда- түрінде қолданылады. Бұл арада біз л ~ д
сәйкестігін көріп отырмыз.
Д дыбысыты - т дыбысының ұяң сыңары. Сондықтан да оларды
артикуляциялық жағынан түркі тілдерінде де, монғол тілдерінде де алмастырып
қолдану байқалады түрікмен тілінде дөшек, дүземек, доймақ, дүшүрмек т.б.
сөздер қазақ тілінде төсек, түзеу, тою, түсіру болып т дыбысымен айтылады.
Бұл құбылыс тіпті қазақ тілінің өз ішінде, жергілікті тіл мен әдеби тіл
арасында да байқалады: тұз ~ дұз, тұзақ ~ дұзақ тиірмен ~ диірмен, тілмар -
ділмар, тоға ~ доға, т.б. Нақ осындай құбылыс монғол тілдерінің өз ішінде
де кездеседі: монғол тілінде: дагнур -тагнуур (борона), давцан -тавцан
(платформа), нядлах ~ нятлак (производить убой); бурят тілінде: бараадаха ~
бараатаха (становиться темноватым), гэдәһэн ~ гэтэһэн (кишок), гадаһан
-гатаһан (колышко) т.б. Қазақ тілінде д дыбысы сөз басында сирек
қолданылса, сөз соңында мүлде қолданылмайды. Кей ғалымдарымыздың пікірінше,
түркі тілдерінде сөз басында д дыбысы қолданылмаған, сөз басында д
дыбысының қолданылуы — тек соңғы кезде болған құбылыс дейді [168, 41 ].
Бірақ монғол тілдерінде бұл дыбыс сөздің барлық позициясында қолданыла
береді. Сондықтан да кейде монғол тіліндегі д дыбысына түркі тілдеріндегі
ж, й, т дыбыстары сәйкес келеді. Мысалы, далве ~ жалбыз (түркімен тілінде
нарпыз), долгио(н) ~ толқын, хадам ~ қайын, дөш ~төс, дэл –жал т.б. Түркі,
монғол тілдеріндегі д дыбысының ж, й (j), з дыбыстарымен сәйкес келуі — бұл
тілдерге алтай дәуірінен келе жатқан ортақ құбылыс. Ол әлі де жан-жақты
зерттеуді талап етеді. Түркі-монғол тілдері арасындағы ұқсастықтар
грамматикалық категориялар арасында да анық байқалады. Түркі, монғол
тілдеріндегі түрлі қосымшалар мағына және дыбысталуы жағанан ғана емес,
сонымен бірге олар түбір сөзге жалғану тәртібі бойынша да сәйкес келеді.
Бұл сәйкестікті де ғалымдар түркі-монғол тілдерінің алтай дәуіріндегі
ортақтығына байланысты деп қарайды.
Алтай тілдерінің барлығана ортақ, сөйлемдегі қызметтері де, мағаналары
да тепе-тең түсіп жататын септік жалғауларын қарастырып көрейік.
Атау септігінің бұл тілдерде грамматикалық көрсеткіші жоқ, ол түбір
сөз тұлғасына сәйкес. Ал ілік септігінің түркі тілдерінде қосымшасы -ның-
нің, -дың-дің, -тың-тің, -нұң-тұң, -дұң -дүн, т.б. болса, монғол
тілінде -ны -ни, -ну-нү. Н.А.Баскаковтың пікірінше, көне монғол тілінде
-ны-ни қосымшасының толық формасы -ның -ниң болған. Дегенмен кейбір
монғол тілдерінің диалектісінде ілік септігінің -ын-ин формасы да
кездеседі. Мысалы, бурят-монғол тшінің алар диалектісінде ілік септігінің
-ын-ин формасы қолданылады: аха (аға)ахатн (ағаның), шоно (бөрі)шонотн
(бөрінің).
Барыс септігі, негізінен, амал-әрекеттің бағытын, бет алысын білдіреді
де, түркі тілдерінде -та-ге, -қа-ке, ~на-не, монғол тілдерінде
-ра-ре, -а-е қосымшалары арқылы беріледі. Оның -ра-ре нұсқасы көнс
түркі тілдерінде қолданылғанымен, қазіргі түркі тілдерінде кездеспейді.
Г.Д. Санжеев монғол тіліндегі барыс септіктің – а формасын көне -ра-ре
қосымшасының ықшамдалған (р түсіп қалған) түрі деп қарайды [9,5]. Бұл
пікірді Г.И. Рамстетд қолдайды [4].
Түркі тілдерінде табыс септігінің қосымшасы -ды-ді, -ты-ті, -ны-
ні, -ын-ін болса, монғол тілдерінде -ы -ны-не.

Хун дәуірі алтай дәуірімен ұштасып, байланысып жатады да, біздің
заманымызға дейінгі III ғасыр мен V ғасыр аралығын қамтиды. Хун дәуірі
жайлы аз болса да, деректер бар. Мәселен, біздің заманымызға дейінгі кезең
мен біздің заманымыздың басында Орталық Азия мен Оңтүстік Сібір өлкелерінде
жасаған түркі, монғол және түнғұс-мәншіжүр тайпаларының басын біріктіріп
тұрған Хунну империясы болған.
Ол өз кезінде Қытай империясымен тайталасып, тарихта белгілі рөл
атқарған. Хунну империясы туралы аз болса да мәліметтер қытай жазба
деректерінде сақталған. Бірақ бұл деректер хундардың этникалық құрамын
анықтауда, тілдік ерекшеліктерін белгілеуде жеткіліксіз. Сондықтан да
хундардың тілі, әдет-ғұрпы, әлеуметтік құрылысы туралы даулы пікірлер
баршылық [20].
Хундар кімдер? Көне хун тайпасының қай тілде сөйлегендігі - әлі де
шешіле қоймаған даулы мәселе. Мысалы, Монғолия тарихын жазған авторлар
Н.Я.Бичуриннің пікіріне сүйеніп, хундар монғолдармен тектес десе,
К.Сиротория, П.Пелльо, А.Лигети, В.В.Бартольдтар хундар — түркі
тайпаларының ата-тегі, олар түркі тілдерінде сөйлеген деген пікір айтады.
Қытай жазба ескерткіштерінде кездесетін жеке адам аттары, жер атаулары, зат
атаулары өзгертіліп айтылуына байланысты хун тілі туралы мардымды дерек
бере алмайды. Бірақ әр түрлі жорамал жасауға мүмкіндік жоқ емес. Хун
империясының құрамында бірнеше тайпаның өкілдері болған болса, олардың
бірнеше тілде сөйлеуі де ықтимал. Монғол тілдері мен түркі тілдерінің
уәкілдері Хун империясының тұсында бір-біріне жіті араласып, тілдік
жакындығын күшейте түсуі ықтимал, Сонымен қатар осы дәуірде дербес даму
жолына түсуі де мүмкін. Ғалымдар қытай жазба деректері арқылы бізге жеткен
кейбір көне түркі элементтері мен қазіргі түркі тілдері материалдарын
салыстыра отырып, хун дәуіріндегі түркі тілінің жобасын жасауға мүмкіндік
бар дегенді айтады. Бұл алдағы уақытта шешілетін игілікті істердің бірі
болмақшы.
Хун дәуірінде түркі тілдері мен монғол, түнғұс-мәншіжүр тілдері жеке-
жеке тіл ретінде өмір сүре бастауы мүмкін дедік. Бірақ олардың сөздік
құрамында, фонетика мен грамматика жүйесінде Алтай дәуірінен келе жатқан
өте көп ортақ белгілердің болғандығы сөзсіз. Бүл ортақ белгілердің уақыт
озған сайын азайып, ара-қатынасы алшақтай беруі де, тайпалардың көрші
отырып, аралас-құралас болуынан олардың ұзақ сақталуы да занды. Мысалы,
түркі тілдерінде сөйлейтін чуваш, саха сияқты халықтардың ұзақ уақыт бойына
монғолдармен тікелей қарым-қатынаста болуы бұл тілдерде ортақ элементтердің
ұзақ сақталуына, көптеген сөздердің дыбысталуына ықпалын тигізген. Оған
Сібірде тұратын түркі халықтарының тілдерінде сақталған созылыңқы дыбыстар
толық дәлел бола алады.
Демек, хундардың құрамында түркі-монғол тайпаларының болғандығы анық
және олардың аралығында тілдік параллелдің болуы да заңды. Бірақ ол
тілдердің осы кезде ара-жігі ашылып, жеке-жеке өмір сүре бастады. Түркі
тілдері де бірнеше тайпалықты одағынан құралып, олардың өзіндік
ерекшеліктері қалыптаса береді. Хун дәуірінде түркі тілдерінің ішінде р~л
тілдері, яғни бұрынғы авар, хазар, бұлғар және қазіргі чуваш тілдерінің ата
тегі, з~ш тілдері, яғни оғыз (уздар), көне қырғыз, көне ұйғыр (Шығыста
қалып қойған) және қазіргі оғыз, қыпшақ, қарлұқтардың ата-тегінің тілдері
ажыраса бастаған [21,-15]. Бұлардың кейбір белгілерін қазіргі түркі
тілдерінен де байқауға болады. Сонымен хун дәуірінде негізгі түркі
тілдерінен (пратюркский язык) төрт түрлі түркі тілі өзара жіктеліп, бөлініп
шыға бастайды: 1) түркі тілдерінің бұлғар тобы: бұлғар, хазар, авар
тілдері; 2) қырғыз тілі (бұл Енисей қырғыздары); 3) якут тілі (осы дәуірде
қалыптаса бастаған); 4) оғыз, қыпшақ, қарлұқ тілдері [11,].
Н.А.Баскаков Хун дәуіріндегі түркі тілдерін екіге, батыс хун және
шығыс хун тілдері деп бөледі. Батыс тобы — бұлғар (р~л) және оғыз-қарлұқ,
қыпшақ (з~ш, д~т) тілдерінен, шығыс тобы — ұйғыр-оғуз (з~ш, д~т) және
қырғыз-қыпшақ (з~ш, д~т) тілдерінен тұрады [21,12]. П.Пелльо бұл қытай
сөзін тюрк-ют деп транскрипция жасаған. Турк деген сөз күшті, мықты,
берік деген мағынаны білдірсе, ют морфемасы монғол тілінде көптік мағына
білдіреді.
Түркі қағанаты тек шығысқа қарай ғана қанат жаймай, олар өз
территориясының шегін батысқа қарай да кеңейте түсті. Түркілер батыс
жорығын Бумын кағанның інісі Истемин каған баскарды. Истемин каған өз
жорығын 552 жылдан кейін бастады. 555 жылы оның жасақтары Арал теңізін орай
өтіп, Каспийге дейін жетеді, бірақ Еділден ары өте алмайды. Оңтүстікте
шекарасы Әмударияны жағалай отырып, Шаштың (қазіргі Ташкенттің)
солтүсгігінен өткен. Соғдияна мен Бұқара Истеминнің қол астына кірмей
қалған. Сөйтіп Еділден Сары теңізге дейін созылып жатқан ұланғайыр
территория Түрік қағанатының қол астына қарайды. 571 жылы түрік
сарбаздарының аттары Солтүстік Кавказ жерінің шаңын шығарып жатты. Бұдан
бұрын Истемин қаған Бұқара мен Соғды жерін (560 ж.) жаулап алған.
Осыншама байтақ жерді алып жатқан феодалдық мемлекет ұзақ уақыт өз
бірлігін сақтап келді. Тек 603 жылы ғана ол Батыс және Шығыс түркі
қағанаттарына бөлініп кетті. Батыс түрк қағанатының орталығы Жетісуда,
Шығыс түрк қағанатының орталығы Монғолия территориясы болды. Батыс түрік
қағанатының тілі туралы мардымды материалдар жоқ. Дегенмен Батыс түрік
қағанатының құрамында негізінен түркі тілдерінде сөйлейтін халықтардың саны
мол болғандығы тарихтан белгі IX ғасырда Батыс түрік қағанатының жерінде
бұлғарлар, хазарлар, қыпшақтар, оғыздар, қарлұқтар өздерінің мемлекеттерін
құрды. Ал Шығыс түрк қағанатында ұйғырлар мен қырғыздар мемлекеті орнады.
Шығыс түрк қағанатының географиялық жағдайы Батыс қағанатына қарағанда
мүлде басқаша болатын. Бұл қағанатқа белгілі дәрежеде күш көрсетіп, белгілі
дәрежеде бағыт сілтеп отыратын қытай империясы мен Тибет бар болатын.
Алғашқы кезде Батыс қағанат Қытайдың ішкі істеріне белсене араласады.
Солардың көмегімен 618 жылы Суй династиясын аударып, Тан династиясын
орнатады. Бірақ Тан династиясы тез арада түріктерге қарсы шабуылға шығып,
630 жылы оларға қатты соққы береді. Түріктер өздерін қытайларға қарсы
қойып, VII ғасырдың 80-ші жылдары Құтлұғ қағанның бастауымен қытайларға
қарсы көтеріледі. Құтлұғ-түрктер тарихында Эльтэрэс (Елтеріс) Халықтың
басын қосушы деген атымен мәлім. Эльтэрэс өлгеннен кейін (691 ж.) таққа
інісі Мочжо отырады. Мочжо (тарихта ол Қанаған қаған атымен мәлім) билік
еткен дәуірде (693-716 ж.) қытайлардан мүлде бөлініп, бұрынғы жерлерін
қайтарып алады. Мочжо өлгеннен кейін Күлтегіннің (685-731 ж.) комегімен
Білге Могилан (684-734) таққа отырады. Бірақ халықтың ішкі жағдайы, ру
басшылары мен феодал шонжарлардың таласы Батыс түрк қағандарын мүлдем
әлсіретіп жіберген болатын. 745 жылы Батыс қағанат өмір сүруін тоқтатты.
Оның орнына ұйғыр хандығы орнайды.
Ұйғыр қағанаты да ұзақ жасай алмаған еді. Олардың ең күшейген дәуірі —
Мончур Гэлэ-хан дәуірі. Ол 747 жылы әкесі Пэйло өлгеннен кейін таққа
отырады. Бірақ ұйғыр қағанатының құрамына кірген тайпалар тату тұра
алмағандығы тарихтан белгілі. Мысалы, 795 жылы ұйгырлардың қағаны Ачо
өлгеннен кейін қағанат тағына Құтлұғ отырады. Өлген қағанның орнына басқа
мұрагердің отыруы заңды, бірақ Ачо ұйғырлардың яғлақар руынан болса, Құтлұғ
телелер құрамына енетін эдиздер руынан еді. Демек, қағанат билігі
ұйғарлардан телелерге өтеді. Ал, 839 жылы ұйғыр Курабир телелерден болған
қаған Құдыны түрік тайпасы шатолардың көмегімен аударғанда, эдиздердің
көсемі Кюлюг-баға қырғыздарды жәрдемге шақырады. Сөйтіп, 840 жылы үйгар
қағанаты өмір сүруін тоқтатады. Бірақ ұйғырлар мемлекеті мүлде жойылып
кеткен жоқ. Тек Шыңғыс ханның жорығынан кейін ғана ұйғыр хандығы
(князьдігі) монғолдардың кұрамына енеді. Қырғыз қағанаты да ұзақ өмір сүре
алмады. Оларды қара қытайлықтар (қидандар) басып алады. Батыс түрк
қағанатына қарағанда Шығыс түрк қағанаты ұрпақтарына көп жазба мұралар
қалдырған. Олар туралы қытай жылнамаларындағы деректерден басқа, түрктердің
өздері де жазба деректер қалдырған. Олардың ең үлкені де, әсіресе
лингвистер үшін құндысы да — Орхон-Енисей жазу ескерткіштері. Бұл ескерткіш
тіл тарихына руникалық ескерткіш деген атпен енген. Руникалық жазу
ескерткіштері жанры жағынан да, алфавит жағынан да, стилі жағынан да
бірізді емес. Көне түркі жазу ескерткіштерінің әрқайсысы Батыс түрк
қағанатының өр дәуіріне, белгілі бір саяси-өлеуметтік жағдайлармен
байланысып жатады. Осы ерекшеліктерін ескере отырып, С.Г.Кляшторный мен
А.Н.Кононовтар көне түркі жазу ескерткіштерін 7 топқа бөліп қарайды [3, 1-
2; 8, 22].
1. Батыс түрк қағанатына тән ескерткіштер. Бұлар негізінен Орхон
ескерткіштері деп аталады да, оған: 1) Орхон өзенінің бойынан табылған
ескерткіштер; 2) Алтай тауының айналасынан табылған ескерткіштер енеді.
Ғалымдарымыз бұл ескерткіштерді VII-VIII ғасырларда жазылған деп шамалайды.
Тасқа жазылған сына жазулардың ішіндегі ең үлкені де, тілдік материалдары
жағынан құндысы да осы дәуірге сай келеді.
2. Қырғыз қағанатына тән Енисей жазу ескерткіштері. Енисей жазу
ескерткіштерінің қай кездерде жазылғандығы туралы түрлі пікір бар. Мысалы,
бұл ескерткіш тілін С.Е.Малов V—VI ғасырдағы түрктер тіліне, В.Томсен мен
П.М.Мелиоранскийлер VI—VII ғасыр түркілер тіліне, В.В.Радлов VII—VIII ғасыр
түркілер тіліне тән деп көрсетеді. Ал, Л.Р.Қызласов бұл ескерткіштерді IX—X
ғасырда жазылған деген пікір айтады. Енисей жазу ескерткіштері Орхон жазу
ескерткіштеріндей көлемі жағынан өте үлкен емес. Олардың ең үлкені Уйбат
өзенінің бойынан табылған. Уйбат III деп аталатын ескерткіш 478 таңбадан
тұрады [ 26].
3. VIII—X ғасырларда жазылып. Лена-Байкал өңірінен табылған
ескерткіштер. Бұл ескерткіш Құрыхан тайпалар одағына тиісті.
4. Талас және Ферганадан табылған руникалық ескерткіштер. Бұл оғыз
ескерткіштері батыс түрк тайпаларының ұрпақтарына тән, VI—VIII ғасыр
аралығында жазылған.
5. VIII ғасырдың екінші жартысы мен IX ғасырларда жазылған
Монғолиядағы ұйғыр қағанатына тиісті болған Семиги және Караболғасун
ескерткіші.
6. Шығыс Түркістандағы ұйғыр мемлекетіне (IX-X ғғ.) тән ескерткіштер
мен турфан жазулары.
7. Хазар қағанаты мен Печенек тайпаларына тиісті Шығыс Еуропадан
табылған ескерткіштер.
Соңғы кездерде көне түркі жазуымен жазылған ескерткіштер Жетісу
өңірінен табылды.
Бұлардың ішіндегі ең көлемдісі де, тілдік материалы тұрғысынан ең байы
да, күні бүгінге дейін жан-жақты зерттеліп келе жатқаны - Орхон өзенінің
бойында тасқа ойып жазылған жазулар. Бұл жазулардың бәрінің де тіл жағынан
бір-біріне жақындығы айқын сезіледі. Сонымен қатар оларда диалектілік
ерекшеліктердің бар екендігі де айқын аңғарылады. Сондықтан да бірсыпыра
ғалымдардың бұл ескерткіштерді белгілі бір халықтың (қырғыздар, чуваштар,
хакастар) меншігіне телуге дейін барған әрекеттері де болды. Әрине кейбір
тілдердің дыбыстық жүйесі мен морфологиялық құрылымы Орхон-Енисей жазу
ескерткіштерінің тіліне өте жақын болуы, ал екінші біреулерінің олардан сәл
алыстау тұруы мүмкін. Қалай болғанда да, үңіле зерттеген жағдайда Орхон-
Енисей жазуы түркі тілдерінің барлығына ортақ дүние екендігіне, оны белгілі
бір халықтың еншісіне тели салуға көнбейтіндігіне көз жеткізуге болады.
С.Г.Кляшторный ҮІІ-Х ғасырларда түрк қағанатының қол астына қараған
жерлерде (қазіргі Монғолия, Сібірдің оңтүстігі, Жетісу) бір ғана көне түркі
әдеби тілі болуы мүмкін, оның негізіне Ашина тайпасының (билеуші тайпа)
тілі арқау болған деген жорамал айтады [5]. Алайда руникалық жазба
ескерткіштері тек бір дәуірдің жемісі болып, бір территорияда өмір сүрген
түріктердің ғана тілдік ерекшеліктерін қамтумен шектелуі мүмкін емес. Олар
шамамен 4-5 ғасыр аралығындағы дәуірде қалыптасып, Сары теңізден қара
теңізге дейінгі аралықты альт жатқан бірнеше түркі тайпаларының тіл
ерекшелігін қамтуы мүмкін. Сондықтан руникалық ескерткіші тілінде
диалектілік ерекшеліктердің белең беруі заңды құбылыс іспетті. IX—X ғасыр
жазба ескерткіштерін жоғарыда үш қағанаттың мұрасы ретінде қарастырған.
Олар: 1) Түрк қағанаты, 2) Ұйғыр қағанаты, 3) Қырғыз қағанаты. Осы үш
қағанаттың үшеуі де түркі тілдес болғандыктан өзінше тілдік ерекшеліктері,
этникалық айырмашылықтарымен ерекшеленуі мүмкін. Егер тарихи деректерге
сүйене сөз қозғайтын болсақ, олардың кезінде бір қағанаттың құрамына
енгендігі де мәлім. Бірақ бұдан олардың өзара тілдік айырмашылығы болмады
деген пікір тұмауға тиіс. Түрк қағанатының екіге бөлінуі, олардың бір
тармағының батысқа қарай жылжып, Орта Азия мен Балқан жарты аралына дейінгі
аралыққа таралуы, сөзсіз тілдеріне де белгілі дәрежеде әсер еткен. Осының
нәтижесінде түркі тілдес бірнеше шағын топтар пайда бола бастады. Мәселен,
IX ғасырда Монғолияда қырғыздардың, Жоңғарияда ұйғырлардың (тоғуз-угурлар),
Жетісу өңірінде қарлұқтардың (шігіл тайпасының қол астына біріккен тухси,
аз, ягма тайпаларынан) мемлекеті пайда болады. Ал, Бұқара, Самарканд,
Қашқар, Фергана, Хорезмдерде түрктер парсы тілдес халықтармен араласьт
кетеді. Орыс шежірелерінде көрсетілгендей, Сырдарияның төменгі ағысы мен
Каспий жағалауын тоғуз-гуздар, гуздар, түрктер деп аталып кеткен көшпенді
оғаздар мекендеді. Орал мен Жайық аралығында печенектер, Ертіс жағасында
қимақтар, Енисей бойында қырғыздар орналасты. Орыс жерімен шекаралас
аймақтарда түрктердің Хазар және Бұлғар мемлекеттері көршілес жатты.
Бұл тайпалар бір жерде ұзақ уақыт тұрақтап тұра алған емес, өйткені
олар сол дәуірде көшпенділіктің екінші сатысын өз бастарынан кешіруде
болатын. Түрлі жағдайларға байланысты ауық-ауық қоныс аударыстырып та
тұрған. Яғни түркі тайпаларының аралас-құралас тұруы X ғасырларда әлі де
тоқтамаған процесс болатын. Бірақ Сібірдегі түркі тайпалары мен Батыста
қоныстанған түркі тайпаларының бір-бірімен араласуы өте сылбыр болған.
Соның салдарынан Шығыстағы оғыздар, ұйғырлар мен қырғыздар бастаған түркі
тектес тайпалардың арасы батыстағы бұлғар, хазар, печенектерден бөлініп
қалады. Түркі тілдерінің кейінгі кезеңдердегі даму барысы бұл жіктің
бұрынғыдан да алшақтай түсуіне түрткі болды.
Шығыс түркі қағанатының құрамындағы тайпалар тілінің жазба
ескерткіштері көбірек сақталғандықтан, олардан сол дәуірдегі түркі
тілдерінде бар диалектілік ерекшеліктерді айқын байқауға болады. Ал, Батыс
түрк қағанатының құрамындағы түркі тайпаларынан ондай жазба ескерткіштері
қалмаған. Тек азын-аулақ сөздер мен топоним атаулары ғана VI—X ғасырдағы
Батыс түркі қағанатының құрамындағы түркі тайпаларының тілі туралы жеңіл-
желпі шолу, үстіртін бағдар жасауға мүмкіндік береді.
Орхон-Енисей жазу ескерткіштерінің тілін салыстырып қарасақ, оларда
дыбыстық өзгерістердің барлығы анық көзге түседі. Дауысты дыбыстардың
алмасу ерекшелігіне қарай саралап: 1) а-тіл (ө, о, ө), 2) і-тіл (ы, у, ү)
деп бөлу бар. Руникалық жазба ескерткіштерінде а дыбысы мен ы дыбысының
орын алмастырып, қосарланатындығын: еч~іч (бол мағынасында), ад~ід (ағу
мағынасында), те~ті (де мағынасында), тасдас ~ тыстыт (тысқары
мағынасында) көп ғалымдарымыз да көрсеткен болатын.
Дауыссыз дыбыстардың қолданылуында да айырмашылықтар бар. Мысалы, б
және м дыбыстарының сөз басыңда бірінің орнына бірі ауысып қолданылуы жиі
байқалады. Тіпті, бір ескерткіш тілінің өзінде-ақ бұл екі дыбыстың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркі тілдері жүйесіндегі қазақ және хакас тілдерінің орны
Түркітануға байланысты алғашқы зерттеулер
Көне түркі тілі
Түркі тілдерінің, оның ішінде қыпшақ тілдерінің, әсіресе, қазақ тілінің сөздік қоры ғасырлар бойы қандай жолдармен дамығанын зерттеу
Түркі тілдерінің фонетикалық жүйесі
Археологиялық, жазба мәліметтер, түркі тілдес халықтардың халық ауыз әдебиеті шығармашылығының ескерткіштері
Түркітанушы қазақ ғалымдарының еңбектері. Руникалық көне түркі жазба ескерткіштері
Ескі қыпшақ жазба ескерткіштері тіліндегі шылау сөздердің қолданысы
Түркі жазуларының зерттеу барысы
Түркі тілдерінің зерттелу тарихы
Пәндер