Оқытушы мен студент өзарақатынасындағы тұлғалық кедергілерді эксперименттік тұрғыда зерттеу


РЕФЕРАТ
Көлемі: 50
Мазмұны - екі бөлімнен тұрады
Қолданылған әдебиеттер - 54
Кілтті сөздер - кедергі, тұлға, қарым - қатынас, конфликт.
Зерттеудің мақсаты:
Оқытушы мен студент өзара қатынасындағы кедергілердің туындау себептерін анықтау.
Зерттеу объектісі: жоғарғы оқу орнының отыз оқытушысы. (ҚазҰУ - дің тарих және филология факультеттерінің оқытушылары)
Зерттеу пәні: Оқытушы мен студент қарым - қатынасындағы кедергілер.
Зерттеу міндеті:
- Оқытушы мен студент өзара қатынасындағы кедергілерді, конфликтілі жағдайларды теориялық тұрғыда зерттеу.
- Анықталынған кедергілердің қарым - қатынаста көрінуіне байланысты әдістемелер жүйесін жинақтау.
- Таңдалынған әдістемелерді эксперименттік тұрғыда зерттеу және нәтижелерді өңдеу.
Зерттеу болжамы: Оқытушының студенттермен қарым - қатынас ерекшелігіне оның қарым - қатынас жүргізудегі басым типі әсер етеді.
- Адамдарға деген қатынас оның конфликтілі жағдайдағы мінез - құлық стилімен байланысты.
- Коммуникативті қабілеттің жетіспеуі кедергілер мен конфликтілердің туындауына алып келуі мүмкін.
Бітіру жұмысында келесі эксперименттік әдістер қолданылды:
- К. Томастың «Конфликтілі мінез - құлық стилін анықтау» әдістемесі;
- Т. Лиридің «Тұлғааралық қатынастарды зерттеу» әдістемесі;
3. Ұстаздардың педагогикалық бағыттылығын диагностикалайтын экспресс әдістемесі;
Ғылыми жаңашылдық:
Зерттеудің практикалық маңызы: Қазіргі таңда оқытушылар мен студенттер қарым - қатынасын жоғарлату деңгейіне, олардың бірлескен іс - әрекетін арттыруға бағытталған. Теориялық бөлімде оқытушы мен студент өзара қатынасында кездесетін кедергілер мен конфликтілі жағдайлардың себептері көрсетілген. Бұл жұмысты жоғары оқу орындарында оқыту мен тәрбие процесінде, студенттермен қарым-қатынасқа түсу жағдайларында және т. б. кездерде қолдануға болады.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 4
I - ТАРАУ. ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ . . . 7
1. Оқытушы мен студент өзара қатынасындағы кедергілер, олардың конфликтілі жағдайда көрінуі және пайда болу себептері . . . 7
1. 1. Кедергі түсінігі, оның функциялары және кофликтілі жағдайларда көрінуі . . . 7
1. 2. Оқытушылар мен студенттер арасындағы педагогикалық
қарым - қатынас . . . 15
1. 3. Оқытушылар мен студенттердің өзарақатынасында туындайтын кедергілердің себептері . . . 20
1. 4. Оқытушы мен студент өзара қатынасын психолого - педагогикалық
зерттеулерде талдау . . . 25
II - ТАРАУ. ЭКСПЕРИМЕНТТІК БӨЛІМ . . . 27
2. Оқытушы мен студенттің өзара қатынасындағы тұлғалық кедергілерді эксперименттік тұрғыда зерттеу . . . 27
.
2. 1. Эксперименталды зерттеудің мақсаты, міндеті, болжамы . . . 27
2. 2. Әдістемелерді сипаттау және оны қолдану аясы . . . 28
2. 3. Алынған нәтижелерді өңдеу . . . 32
2. 4. Нәтижелерді қорытындысы . . . 40
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 41
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕЬИЕТТЕР . . . 42
КІРІСПЕ
Психология ғылымының кез-келген мәселесі адамның жан дүниесінің, қоғам мен әлеуметтік өмірдің сан алуан салаларымен тығыз байланысты. Бұл табиғи заңдылық, болашақ ұрпақтың да өмір жолы мен тағдырының әрқилы қырларымен өзара ұштасты.
Соңғы жылдарда адамның жан дүниесімен сырласып, оның психологиясын зерттеуде психологтар мен социолог мамандар, ұстаздар мен басқару қызметіндегі жетекшілерге жете зер салып, көңіл аудартып отырған маңызды мәселенің бірі- адамдар арасындағы тұлғааралық қарым- қатынас жасап, олардың өзара тілдесе білулерінің құпия сыры және оның кілті неде деген мәселенің шешімін табу қазіргі өмір талабы.
Осындай мәселенің байыбын барлап, оның себеп - салдарын анықтау, тиімді жолын табу әлеуметтік өмірде адамның мінез - құлқының қалыпты дамуын қамтамасыз ете алмай, оған зиянды әсер етері даусыз. Мұндай жайт қоғам өмірінің шиеленіскен дағдарысты жағдайда қазіргі қоғам адамдарына ғана емес, болашақ ұрпақтың бойында да жағымсыз мінез - құлықтардың туындауына теріс ықпал етуімүмкін. Қазіргі кезде сондай жағымсыз қылықтар адамдар арасындағы қарым- қатынаста да жиі байқалып отыр. Қарым - қатынас жасау адамға ғана тән табиғи қасиет. Ол адамның тіршілік бейнесі мен мәдени өмірінде тұрмыс салтында күнделікті қажеттіліктерін қанағаттандыратын тұрақты шарт. Адамдардың өзара тілдесіп өмір сүруге бейімделуі ағза тіршілігі үшін су мен ауа, күн шұғыласы сияқты табиғи қажеттілктерімен бірдей.
Адамдардың бір - бірімен дұрыс қарым- қатынас жасауы, адамдар үшін, оның жалпы тұлғалық дамуы мен қалыптасуында өте маңызды. Осы орайда адамдардың күнделікті өмірдегі кәсіптік саладағы өзара тілдесіп, дұрыс қарым - қатынас жасауының оның рухани өмірімен тіршілік бейнесінің қалыпты дамуына қаншалықты әсер ететіндігін жете түсінуге болады. Егер ұстаздық қызметте шәкірттермен дұрыс қарым - қатынас жасай алмаса, осы мамандық саласында істейтін адамдардың бәрі де рухани жағынан өсіп жетіліп, өз мұқтаждықтарын қанағаттандыра алмай, әрқилы тоқырауға ұшырауы мүмкін.
Ұстаздар мен оқушылар арасындағы өзара қарым-қатынас жасау, тұлғааралық қайшылық мәселесі- психология ғылымындағы және тәлім - тәрбие ісіндегі әрі маңызды, әрі күрделі мәселелердің қатарына жатады. Ұстаздар мен шәкірттер, тәлімгерлер арасында қарым - қатынас орнатуда айтарлықтай ерекшелктер мен сипаттар, түрліше түсініктер бар екендігін көрсетеді. Міне, мұндай мәселедегі елеулі жайттың бірі - мұғалім мен шәкірттер арасындағы қарым - қатынас жасауда үнемі әрқилы қиыншылықтардың, кедергілердің кездесіп отыратындығы.
Қазіргі біздің қоғамымыздың дамуы мен өзгерістерінің барысында білім беретін жоғарғы оқу орындарында болашақ мамандарды дайындау, тәрбиелеуде, оларға білім беруді қайта құру жолында жаңа заманымыздың мұрат - мүддесіне орай психологиялық - педагогикалық ғылым алдында аса жауапты да маңызды міндеттер тұр. Мұндай міндеттерді шешу үшін, мектептердегі, жоғарғы оқү орындарындағы тәрбие жұмыстарының сапасын жақсарту мәселелерін түбегейлі зерттеуді қажет етеді. Осыған орай істің мәніне ықпал етуші факторларды жан - жақты ескерудің маңызы айрықша.
Егер мектеп жасындағы балалар үшін мұғалім барлық бейнесімен ерекше із қалдырып, оларға күшті әсер ететін тұлға болып саналатын болса, ал ересек оқушылар мен студенттер үшін мұғалімнің, оқушуның әрбір қимыл - қозғалысының, іс - әрекеті мен сөйлеген сөзіне оның ақыл - кеңесіне, өзге адамдармен қарым - қатынасына, шәкірттерге қоятын түрлі талаптарына өдерінше іштей сын көзімен қарайды.
Жоғарғы оқу орындарында нағыз маманның қалыптасып, оның тұлғасының дамуындағы күрделі процесте оқытушының атқаратын рөлі ерекше. Бұл мәселені зерттеушілерге (А. А. Бодалев, З. Ф. Есарева, Н. Ф. Кузьмина) жоғарғы оқу орындарындағы оқытушылардың кәсіптік іс - әрекетінің көзі тәрбиелік қарым - қатынас болып табылады. Оқытушылардың студенттермен тәрбиелік қарым - қатынасы нәтижесі студенттің тұтас, жан - жақты әлеуметтік - белсенді тұлға ретінде қалыптасуы, жоғарғы оқу орнын жетістікпен аяқтау мақсатының орындалу дәрежесін анықтайды.
Сонымен студент тұлғасының қалыптасуында оқытушымен өзара дұрыс қарым - қатынас үлкен рөл атқарады. Бірақ кейде осы күрделі қарым - қатынаста қарама - қайшылықтар, кедергілер нәтижесіндегі конфликтілер, тұлғааралық түсініспеушіліктер жиі туындайды. Осы мәселені анықтау барысында арнайы жүргізілген психологиялық зерттеулер студенттер мен оқытушылар өзара қатынасында эмоционалды және тұлғааралық түсініспеушілік тұрғысында әрқилы кедергілердің болатындығын анықтады. әрине, мұндай мәселенің түпкі себептерін психологиялық жағынан тереңірек зерттеу тәлім - тәрбие ісіндегі маңызды мәселе болып саналады.
Тақырыптың өзектілігі: Бізде, атап айтқанда, Қазақстанда, әсіресе жоғарғы оқу орындарында, ұстаз бен шәкірттер арасындағы қарым - қатынас орнату олардың арасындағы кездесетін қиыншылықтарды, кедергілерді зерттеу, психологиялық тұрғыдан әлі де қызу қолға алынып, тиянақты іздестірілмеген мәселелердің бірі қатарына жатады. Ал ұстаз бен шәкірттер арасындағы қатынасты зерттеуде ғылыми педагогикалық бірен - саран әдебиеттер мен мақалаларда тек ұстазға қажетті сапаларды сөз етумен ғана шектеледі. Сондықтан, бұл мәселе кеңірек психологиялық зерттеуді талап етеді.
Зерттеу мақсаты: Оқытушы мен студент өзара қатынасындағы кедергілердің туындау себептерін анықтау.
Зерттеу міндеті:
- Оқытушы мен студент өзара қатынасындағы кедергілерді, конфликтілі жағдайларды теориялық тұрғыда зерттеу.
- Анықталынған кедергілердің қарым - қатынаста көрінуіне байланысты әдістемелер жүйесін жинақтау.
- Таңдалынған әдістемелерді эксперименттік тұрғыда зерттеу және нәтижелерді өңдеу.
Зерттеу объектісі: Жоғарғы оқу орнының отыз оқытушысы (ҚазҰУ - дің тарих және филология факультеттерінің оқытушылары) .
Зерттеу пәні: Оқытушы мен студент қарым - қатынасындағы кедергілер.
Зерттеу болжамы: Оқытушының студенттермен қарым - қатынас ерекшелігіне оның қарым - қатынас жүргізудегі басым типі әсер етеді.
1. Адамдарға деген қатынас оның конфликтілі жағдайдағы мінез - құлық стилімен байланысты.
2. Коммуникативті қабілеттің жетіспеуі кедергілер мен қайшылықтардың туындауына алып келуі мүмкін.
Бітіру жұмысында келесі эксперименттік әдістер қолданылды:
- К. Томастың «Конфликтілі мінез - құлық стилін анықтау» әдістемесі;
- Т. Лиридің «Тұлғааралық қатынастарды зерттеу» әдістемесі;
- Ұстаздардың педагогикалық бағыттылығын диагностикалайтын экспресс әдістемесі;
I - ТАРАУ. ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ
1. Оқытушы мен студент өзара қатынасындағы кедергілер, олардың конфликтілі жағдайда көрінуі және пайда болу себептері
1. 1. Кедергі түсінігі және оның функциялары
Біздің өміріміз, өмірдің басталып аяқталғанына дейін үздіксіз кездесетін кедергілерден арылу процесінен тұрады. Кедергілердің түрлері өте көп, мысалы: физиологиялық, рухани, әлеуметтік, ақпараттық, құндылықтық; біздің өміріміз осы кедергілерді шешу, қанағаттандыру мақсатымен жүреді. Атақты бір классиктің айтқанындай өмір дегеніміз - күрес. Сондықтан да адамдар өмір бойы күрес жағдайынан өтеді.
Адамға білім, ерік, энергия, ерекшелік, қабілет, мінез - құлықтың керегі не? Деген сұраққа басты жауап - мақсатқа жетудегі кедергілерді жою. өмірдің барлық қуаныштары мен өкініштері, шарықтау және құлау шектері өмірде әр түрлі кедергілерден өту процестерімен тығыз байланысты.
Кедергі түсінігінің эвристикалық болашағын ең алғаш әлемдік психологияның ең бір күшті бағытын қалаушы З. Фрейд болып табылады. Психоанализдің теориясында адамның мінез - құлқы екі категорияда қарастырылады. Олар: «катексис» - белгілі бір объектілерге бағытталған, босаңсуды талап ететін инстинктілердің психикалық энергиясы. Ал, антикатексис - инстинкттерді қанағаттандвру жолындағы кедергілер. Мінез - құлық дегеніміз - барлық психодинаикалық процестер ішкі және сыртқы кедергілер мен инстинкттердің өзара әрекеттестігінде көрініс табады [1, 12 - 13 б. ] .
Кедергілерді зерттеуде әр түрлі психологилық бағыттар өз үлестерін қосқан. Кедергі түсінігі К. Левиннің тұлға теориясында үлкен орын алады. Оның мектебінің зерттеушілері тұлға қалыптасуының кейбір сәттерін «мақсат - кедергі» деңгейіндегі ерекшеліктермен байланыстырады. Шешілмейтін кедергілер адам энергиясы мен белсенділігін, интеллектісін басады. К. Левиннің айтуы бойынша кедергілер «қосымша белсенділік» тудырады, субъектінің бір іс - әрекеттен екіншіге ауысуын қамтасыз етеді [2, 59 б. ] .
Ресейде кедергілердің ролін ең алғаш болып ғылыми шығармашылық саласындағы ғалымдар қарастырған. Олардың зерттеуі бойынша әрбір жаңашылдықта ерекше танымдық кедергілер пайда болады. Бұл құбылысты анықтаған Б. М. Кедров онтанымдық - психологиялық кедергі деп атады. Жаңашылдық сол кедергіні жеңу процесі болып табылады. Қазіргі кезде шығармашылық психологиясы кедергі түсінігінсіз жүре алмайды. Педагогикада осы түсінік негізінде мәселелі оқыту теориясы қалыптасты.
70 - ші жылдардың соңында іс - әрекет теориясын кедергі түсінігі негізінде қалыптасу туралы көзқарастар ұсынылды, бірақ бұл көзқарас қолдау таппай ұмыт болды. К. Маркс өз кезінде кедергі түсінігін іс - әрекетпен байланыстырған, бірақ К. Маркске дейін К. Д. Ушинский жазған: «Кедергісіз іс - әрекет болуы мүмкін емес» [3, 6 б. ] .
Сондықтан да адамның кедергілермен өзара әрекеті психология үшін жаңашылдық болып табылмайды. Бірақ қазіргі кезде көп жағдайларда кедергі түсінігін психикалық құбылыстарды бөлек - бөлек түсіндіргенде, жеке психологиялық мәселелерді қарастырған кезде ғана қолданады.
Кедергілер жүйе элементі ретінде. Кедергілер әр кез белгілі бір жүйенің элементі ретінде жүреді, ол әркез сол жүйенің басқа элементтерімен өзараәрекеттеседі. Кедергі дегеніміз - белгілі бір элементтердің қатынасы, ол тұтастай жүйеге де оның бөлек бөлшектеріне де әсер ете алады. Бұл әсердің ерекшелігін келесідей сөздермен сипаттауға болады: қарсыласу, тоқтау, ұстамдық, қарсы әрекет, айрылу, жолдың болмауы және т. б. бұл эффектілердің барлығы шектеу сипатында.
Басқа элементтерге қатынасында кедергі негізгі келесі функциялар атқарады:
- Тұрақтандырукедергі қозғалысты тоқтатады, оған статика береді.
- Коррекциякедергімен соқтығысқан қозғалыс бағытын өзгертеді.
- энергиясы тоқтатып тұрған кедергінің әсерінен жиналады.
- Мөлшерлеукедергі қозғалысты және оның деңгейін мөлшерлейді.
- Мобилизациялаутірі ағзалар кедергімен кездескенде, оны шешу үшін өзінің энергетикалық және басқа да ресурстарын жинақтайды.
- Тоқталукедергі қозғалысты тоқтатады және оның белсенділігін азайтады.
- Басуағзаның өмірлік әрекетін, сұраныстарын әрдайым тоқтату арқылы кедергі оның функционалды мүмкіндіктерін әлсіретеді.
- Бағдарлаушыкоррекция мен мөлшерлеу кедергінің бағдарлаушы функциясы.
Психология ғылымында кедергі теоретикалық ұғым, жалпылау мен абстракцияға негізделген. Адамға қатысты кедергілерге әр түрлі факторлар әсер етуі мүмкін. Мысалы: жабық есік, қажетті ақпараттың жетпеуі, өзін - өзі ұстау, қолданатын құралдардың жетіспеуі, шаршау, кеңістік пен уақыт, қалаудың, қалаулы уақыттың алыстауы; кедергі - адам өмір іс - әрекетінің көріністерін шектейтін, оның қажеттіліктерінің қанағаттануына кедергі болатын объектілердің қасиеттерінің бейнесі [4, 96 б. ] .
Кедергі субъективті - объективті категория, себебі әлсізге қиын болып көрінетін кедергі, күштіге қиын болып көрінбейді. Сыртқы кедергілер ішкі кедергілермен тығыз байланысты, сыртқы кедергілер ішкі кедергілерді өндіреді. Монотонды, бірқалыпты кедергілер қызығушылықтың төмендеуін тудырады, ал ойламаған жерден пайда болған кедергілер керісінше - эмоционалды стресс, фрустрация, реніш және т. б. тудырады. Кедергіні субъект әр кез эмоционалды дискомфорт ретінде сезінеді. Ол оның әрі қарай жемісті жұмыс істеуіне өз кедергісін келтіреді, тіпті қарым - қатынасты тоқтату жағдайларына да алып келуі мүмкін жағдайлар болады.
Кедергі түсінігімен ежелден зерттеушілер ерік феноменін тығыз байланыстырады. Сонымен қатар кейбір авторлар ішкі және сырқы кедергілерді бөліп қарастырады. Ал кейбіреулері құндылықты - мотивациялық табиғаты бар ішкі кедергіні ғана қарастырады. Еріктің дамуы мотвациялық кедергілерді жетістікпен жеңу тәжірибесінде және тұлға құрылымының өзгерісімен дамып отырады.
Мақсатқа жетуде белгілі бір кедергілер пайда болады, сол себептен осы кедергіні шешу мәселесі туындайды, сонымен басты мәселе қажеттілікті қанағаттандырудағы кедергі. Мұндай жағдай қиын мәселелі тапсырма тудырады, себебі бұл тапсырманың шешімі субъектінің өткен тәжірибесінде шешімі жоқ.
Жалпы мағынада алып қарайтын болсақ, даму дегеніміз - организімнің дұрыс, тұрақты өмірлік іс - әрекетін бұзатын кедергілерге жауап реакциясы. Бұл жауап реакциясы ішкі ресурстардың жоғарылауында, қайта құрылуында белгілі бір қарсылықтарды жоюға бағытталған кедергілерді шешуде көрініс табады. Бұл кедергілер әлеуметтік ортада, қарым - қатынаста, өзара қатынаста әр түрлі кедергілерге алып келіуі мүмкін. Ал ол кедергілер өз алдына қарам - қайшылықтар, қиындықтар, конфликтілі жағдайлар тудырады. Жалпы алып қарайтын болсақ кедергі конфликтінің нәтижесі немесе конфликтінің өзі болуы мүмкін.
Қазіргі заманда конфликт мәселесі ең бір актуалды мәселелердің бірі. Адамдар арасындағы конфликт мәселесінің кеңдігі және күрделілігі сондай, ол кез - келген бір білім облысының зерттелу монополиясы бола алмайды. Кофликтіні заңтанушылар, өнертанушылар, философтар, әлеуметтанушылар, психологтар зерттейді.
Конфликт латын тілінен аударылғанда - «қақтығыс» деген мағынаны білдіреді [5, 84 б. ] . Кофликт қиын шешілетін шиеленістер, қарама - қарсы қызығушылықтар түйіскен кезде пайда болады. «Конфликт» - жеке адам, әлеуметтік топ, социум деңгейіндегі қарама - қарсылық күресінің бейнесі [6, 18 - 19 б. ] . Сондықтан, конфликт лидерлік қатынастардың нормасы деп айту дұрыс. Эксперименталды психологтар кофликтке мынандай анықтама береді: «Бақыланатын субъектілер бір - біріне қарама - қарсы бағытталған күштер әсер еткенде пайда болатын эмоционалды шиеленіскен күй». «Конфликт» ұғымы И. П. Павловтың ғылыми мектебінен келген «невроз», «қиын күй» деген терминдермен функционалды туыстықта жатыр.
Ресей ғалымдары А. Я. Анцупов және А. И. Шипилов былай деп айтқан: «Өмір - бұл күрес, ал күрес - бұл конфликт» [7, 6 б. ] .
Конфликт мәселесі өмір басталған кезден бастап туды. әр түр өзінің өмірін сақтап қалу үшін қиян - кескі күрескетүскен. Яғни ерте заманғы конфликттің себебі ең алдымен, билік үшін күрес, өз тіршілігін сақтап қалудағы күрес. Уақыт өткен сайын өмір жағдайлары да ауыса береді, сонымен қатар кофликт түрлері де өзгереді. Барлық әлеуметтік құбылыс сияқты бұл процессуақыт бойымен ағды. Конфликт белгілі бір даму периоды мен кезеңдерден тұрады. Анықтамаға сүйенетін болсақ: «Конфликт - бірнеше жақтардың өзара әрекеті процесі кезінде туындайтын мәнді қарама - қарсылықтарды шешудегі айрықша шиеленіскен әдіс» С. М. Емельянов бойынша [8, 13 б. ] .
Жалпы конфликт дегеніміз - адамдар арасында олардың белгілі бір ойларының, мақсаттарының, мүдделерінің, құндылықтарының және т. б. ерекшеліктерінің сәйкес келу, келмеуінен туындайды.
Әрбір конфликтте оның қатысушылары - конфликттанттар болады. Олар: ерік, жігер, сана бар және олар өз әрекеттерінің мағынасын түсініп, оларға жауап бере алады. Әрбір қатысушы субъект болып табылады, субъект бір немесе бірнеше адам болуы мүмкін. Қарсы субъекттер бір - біріне оппонент болады6 олардан басқа да субъекттерболуы мүмкін. Қарсы субъекттер болуы мүмкін. Бұлар бақылаушылар. Бақылаушылар екі жақ арасында бейбіт функцияны атқарады. Бірақ, олар тез арада оппонент болып кетуі мүмкін. Кофликт даму үшін инцидент ерек. Кейде ұзаққа созылған конфликт кезінде оны бөліп қарастыру қиынға соғады, өйткені толықтырушы мән - жайлар көбейіпкетеді. Сонымен қатар пәні жоқ кофликттер болады. Егер де жағдай айқындалмаса, онда опоненттер ерте әлде кеш бір - біріне зиян келтіреді [9, 184 б. ] .
Біздің өмірімізде адамдар конфликтке түсуден сақтана алмайды. Кейде адам бір немесе бірнеше адамдармен инициаторда болып кетуі мүмкін, әлде аяқ астынан түсіп қалуы мүмкін. Кейде еріксіз екі адамның арасында арбитр немесе біржақты қорғаушы ретінде де болады.
Конфликттің зерттеу әдістемелері: эксперимент, сұрақтама, бақылау және т. б. конфликтті дұрыс меңгеру үшін оның шекараларын дұрыс анықтап алу қажет. Оның үш аспектісі бар: кеңістік, уақыт және ішкі жүйелік.
Конфликттің басталуы үш шартпен байланысты:
- бірінші қатысушы саналы және белсенді түрде конфликт инициаторына қарсы әрекет етеді.
- екінші қатысушы бұл әрекеттердің оған қарсы бағытталғанын ұғынады.
- екінші қатысушы конфликт инициаторына қарсы жауап ретінде белсенді әрекеттер қолданады. Бұл мезеттен конфликт басталды деуге болады.
Конфликт элементтері:
- екі қатысушы немесе кофликтінің екі жағы
- жақтардың қызығушылығы мен құндылықтардың өзара сәйкессіздігі
- қарама - қарсы жақтың қызығушылығын, жоспарын бұзуға бағытталған мінез - құлық
- басқа жақа әсер ету үшін күш қолдану
- сыртқы орта сипаты, үшінші қатысушының болуы
- қатысушылардың өзіндік ерекшеліктері: агрессивтілік, авторитеттілік
- конфликттік қатынастың стратегиясы мен тактикасы
Конфликт критерийлері:
- жақтардың өзара тәуелділігі, яғни бір адамның белсенділігі басқаадамның әрекетін анықтайды, ал бұл әрекет бірінші субъектінің жауап реакциясын тудырады.
- жағдайды конфликттік деп ұғыну, яғни екі жақ бір - бірінің әрекетін мақсатына жетудегі әдейі жасалынған қастық деп бағалайды.
- мінез-құлық стратегияларын таңдау: компрмисске келу немесе рационалды шешім қабылдау.
Конфликт адамдар үшін қандай ролде? Көп адамдар конфликтіні жағымсыз құбылыс ретінде қабылдайды. Ал кейбір адамдар, конфликт - бұл пйдалы әлеуметтік құбылыс деген. Бұл бағытты аристотель, Гоббос, Гегель, Маркс қолдады. Реалды өмір болу үшін түрлі көзқарастар, конфликттер, өзгерулер болу қажет. Конфликт адамға еркіндік береді, онсыз еркіндік бола алмайды, топ ішіндегі конфликт қарама қайшылықтарды шешеді.
Конфликт даму кезінде бірнеше кезеңнен өтеді. Бұл кезеңдер міндеті және тиісті емес. Кезеңдердің ұзақтығы әртүрлі болса да оның тізбегі бірдей.
- Конфликт алдындағы жағдай осы кезде конфликт кенеттен пайда болады, бірақ көбіне осы кезеңде қандай да бір алғы шарттар болады. Бұл жағдайды латентті деп айтады. Ол мына этаптардан тұрады:
- обьективтік мәселенің жағдайының пайда болуы.
- жағдайды түсіну.
- конфликтті емес әдіспен жағдайды шешу.
Конфликт алдындағы жағдайдың пайда болуы.
2. Конфликт туындау үшін, бір жақ екінші жақтың қызығушылығына қысым жасайтын, әрекет ететін инцидент болуы керек - осы кезеңнен бастап конфликт пайда болады, бұл екі жақтың алғашқы қақтығысуы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz