Кәсіпорынның қаржылық жағдайын ЖШС СП «FIAL» мысалында қаржылық коэфиценттерін бағалау


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе . . . 3

1 бөлім Кәсіпорынның қаржылық жағдайының теориялық негіздері

1. 1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайы оны бағалаудың маңыздылығы мен әдістемелері . . . 7

1. 2 Қаржылық жағдайды бағалаудың ақпараттық базасы . . . 27

2 бөлім Кәсіпорынның қаржылық жағдайын ЖШС СП «FIAL» мысалында қаржылық коэфиценттерін бағалау

2. 1Өтімділік пен активтердің айналым коэфиценттерін бағалау . . . 38

2. 2 Қаржылық рентабельділікті бағалау . . . 46

2. 3 Капитал құрылымының көрсеткіштерін бағалау . . . 49

3 бөлім Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдіру жолдары . . . 51

Қорытынды . . . 59

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 62

Қосымшалар


Кіріспе

Шаруашылық субъектілердің нарытық экономикаға өтуіне байланысты кәсіпорынның қаржылық жағдайы үлкен мәнге ие болып, оны іскерліктің тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында, оның қаржылық жағдайын жоғарылату жолдарын іздестіруде.

Нарықтық экономика жағдайында кез-келген кәсіпорынның банкроттыққа өзі ұшырауы немесе басқа кәсіпорынның банкротқа ұшырауына байланысты іскерлігінің кез-келген уақытта тоқтап қалу мүмкіндігі жоғары. Батыс елдерінің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, әр бір жеке фирма әр түрлі жағдайлардан банкротқа ұшырауы мүмкін. Бірақ бұл жерде кез-келген банкроттыққа ұшыраудың алдын-алудың әмбебап жолы бар ол кәсіпорынның жұмысына жүйелі түрде қаржылық талдау жүргізу.

Талдау-жалпы адам іскерлігінің ғылыми-тәжірибелік негізінде қаралатын терең мағыналы түсінік. Аналитикалық әдістер өте кең таралғанына байланысты көбінесе талдау сөзінің мағынасында кез-келген зерттеу жұмыстарын түсінеді. Талдаудың әдістемелері кез-келген ғылыми-тәжірибелік зерттеу жұмыстарының құрамына кіре отырып, көптеген жағдайларда оның бірінші деңгейінде көрініс табады.

Қаржылық жағдайды талдау-банкроттықтың орын алуына әкелетін іскерліктің әлеуетті қауіпті жақтарын анықтау, болуы мүмкін өндіріс барысындағы іскерліктің әр түрлі үзілістерінің алдын-алумен байланысты болатын қаржылық талдау.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау-шаруашылық жүргізуші субъектінің жұмысының барысындағы басты мәселенің бірі және шешім қабылдаудың негізін құрайды. Кез-келген экономикалық субъект өз қатарында ішкі және сыртқы құраушыларының арасындағы күрделі байланыстан тұрады. Тәжірибе үшін осы қарым-қатынастарды сипаттап қана қою жеткіліксіз. Маңыздысы:талдау әдістерінің көмегімен іскерліктің мәндірек және маңыздырақ бағыттары анықталып оның болашағына болжаулар ұсынылып, осы жоспарлардың негізінде нарықтық және өндірістік белсенділіктің болжамдары анықталып және олардың орындалуын қадағалайтын іс шараларды өңдеп дайындау.

Барлық экономикалық ғылымдар үшін жалпы зерттеу объектісі болып өндірістік қарым-қатынастар табылады, және олар жүйелі түрде бір-бірімен тығыз байланысты. Өндірістік қарым-қатынастар мен экономикалық байланыстардың даму дәрежесіне байланысты жеке шаруашылық субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметіне талдаудың де рөлі жоғарылай түсті. Ол өз қатарында жаңа теориялық базалар мен жаңа әдістемелерді қажет етті.

Нақтылай келгенде шаруашылық субъектінің қаржы-шаруашылық талдауының объектісі болып кәсіпорындағы ақпараттық ағымдардың мәні мен құрылымын зеттеу табылады. Жалпы кәсіпорынның қаржы-шаруашылық жағдайы туралы сөз қозғағанда келесідей ерекшеліктерді ескеру қажет:

Біріншіден, кәсіпорынның іскерлігі мен оның іскерлік белсенділігінің жалпы жүйелі сипатта қарастырылуы қажет.

Екіншіден, шаруашылық үрдістің жүзеге асуында оған көптеген объективті және субъективті факторлар әсер етеді.

Үшіншіден, кәсіпорынның жағдайына толық баға беру үшін, оның іскерлік белсенділігінің сандық параметрлерімен қатар сапалық та параметрлерінің маңызы зор.

Төртіншіден, кәсіпорындарда талдауға қаржылық және өндірістік аямен қатар, заңдық, әлеуметтік және экологиялық аспектілер де кіреді.

Бесіншіден, бухгалтерлік есеп іскерлігінің аясымен қаржы-шаруашылық қызмет аясын теңдестірудің қажеті жоқ. Бірақ екеуі де шаруашылық субъектілердің шаруашылық іскерлігін зерттесе де біріншісі үшін қаржы көздерінің және оның қаржылану көздерінің қозғалысын ақшалай түрде үздіксіз тіркеу болса, ал екіншісі үшін басты мәселе-шаруашылық іскерліктің нәтижесін бағалау, осы кезеңде орын алған жетістіктер немесе шығындар әсер еткен факторларды анықтау, сонымен қатар болашақтағы кәсіпорынның іскерлігін болжау мен жоспарлау жатады

Ұйымдағы аудиттің басты бағытының бірі оның қаржылық жағдайына талдау екені анық. Ұйымның қаржылық жағдайы оның қаржы-қаражатының құрылу көздерімен қолданылуын көрсететін кәсіпорынның қаржылық жағдайының көрсеткіштерінің жиынтығы. Нарықтық экономикада кәсіпорының қаржылық жағдайы оның іскерлігінің соңғы нәтижесін көрсетеді. Ұйымның іскерлігінің соңғы нәтижесі ұйымның құрылтайшыларын, оның іскерлік серіктестерін және салық органдарын қызықтырады.

Құрылтайшылар қаржылық есептілікті өздерінің пайдасын жоғарылату және ұйымның оң тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында талдайды.

Кредиторлар мен инвесторлар қаржылық есептілікті қарыз қаражаттар мен салымдар бойынша тәуекел деңгейін төмендету үшін талдайды. Қабылданатын шешімдердің барлығы тек қана талдаудың нәтижесіне сүйенеді деп анық айта аламыз.

Кәсіпорынның іскерлігіне қаржылық талдауда ақпараттың негізгі көзі болып бухгалтерлік есепілік табылады. Ұйымның есептілігі қаржылық есептіліктің ақпараттарының негізінде жасалып ұйымды қоғаммен және іскерлік серіктестерімен байланыстыратын ақпараттық буын болып табылады.

Бухгалтерлік есептілік бухгалтерлік есеп беру құжаттарының толық жинағынан тұрады, сонымен қатар Қазақстан Республикасының бухгатерлік есептілікті қадағалауға арналған нормативтік актілеріне сәйкес арнайы формалардан тұрады.

Соңғы жылдары есептілік формаларында мазмұнды және сандық аспектілері бойынша да біртіндеп оңайлату үрдісі байқалуда. Бұл өзгерістер бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттардың талаптарына байланысты орын алып отыр. Есептілікте тлдаушылардың үлкен қызығушылығын тудыратын оңдаған ақпараттар бар. Қаржылық жағдайды бағалау қаржылық көрсеткіштерге анықтап тұрып талдау жасап алмай мүмкін емес.

Тек қаржылық талдау жасау негізінде кәсіпорынның қаржылық жағдайындағы күшті және әлсіз жақтарын анықтау арқылы оларды күшейту мен жоғалту шаралардың тізбегін жүзеге асыруға болады.

Біздің Қазақстан Республикасы көбінесе Ресей мемлекетінің тәжірибесіне сонымен қатар батыс тәжірибесіне де сүйенеді.

Бұл мәселе бүгінгі таңда өте актуалды және үлкен дамыту жолында, оның мақсаты кәсіпорынның қаражатын дұрыс орналастырудың, пайдаланудың жолдарын іздеп, яғни оптималды пайда мен минималды шығынға қол жеткізуге барынша ұмтылу. Теориялық негіздемесіне келетін болсақ бүгінгі таңда біздің елімізде әдебиеттер жазылған, бірақ қазақ тіліндегі әдебиеттер шамалы екенін айта кеткен жөн, сонымен қатар бізде интернет жүйелерінен біршама ақпарат алуға болады, онда әсіресе ҚҚА мен KASE және т. б сайттарды көптеп қолдануға болады. Мұндағы ақпарат көздеріне тағы кәсіпорынның қаржылық есептілігі, оның балансы, табыстар мен шығындар туралы есептілігі және ақшалай қаражаттар туралы есептіліктері ұсынылады. Зерттеу әдістерінде онда жалпы талдаудың бір түрін(көлденең, тікелей, SWOT талдау және т. б) жүргізіп, яғни бұл жерде сәйкесінше экономика-математикалық, статистикалық әдістердің біреуі қолданылады, қаржылық коэфиценттерді есептеу жолымен кәсіпорынның толық қаржылық жағдайына баға беру және оны жақсартужолдарын ұсынып оларды жүзеге асыруға қадам жасау.

Осы дипломдық жұмысымның басты мақсаты- жоғарыда ұсынылған принциптермен әдістерді басшылыққа ала отырып ЖШС СП «FIAL» кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау.

Дипломдық жұмысым кіріспеден, яғни кіріспе бөлімінде жалпы кәсіпорынның қаржылық жағдайының маңыздылығы оның бүгінгі нарықтық экономика жағдайындағы рөлі мен алар орны сипатталған.

Бірінші бөлімінде жалпы кәсіпорынның қаржылық жағдайына түсінік және қаржылық талдауда қолданылатын ақпарат базалары көрініс тапқан.

Екінші бөлімінде, ЖШС СП «FIAL» мысалында кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау қарастырылған.

Үшінші бөлімінде, жүргізілген талдау нәтижесі бойынша оны жетілдіру жолдары ұсынылды.

Қорытынды бөлімінде жалпы дипломдық жұмыста қарастырылған барлық мәселелердің түйіндісі мен оны дамытудың ұсынылған жолдары жинақталып жазылған.

1 бөлім Кәсіпорынның қаржылық жағдайының теориялық негіздері

1. 1Кәсіпорынның қаржылық жағдайы оны бағалаудың маңыздылығы мен әдістемелері

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы деп оның өз іскерлігін қаржыландыру мүмкіндігін айтады. Ол кәсіпорынның ағымдағы іскерлігінің дұрыс жүруі үшін қаржылық ресурстардың жеткіліктілігімен, оны қолданудың тиімділігімен, оны орналастырудың мақсаттылығымен, басқа жеке және заңды тұлғалармен қаржылық қатынастары, төлем қабілеттігі және қаржылық тұрақтылығымен сипатталады.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы тұрақты, тұрақты емес және дағдарысты жағдайда болады. Кәсіпорынның уақтылы төлемдерді төлеп тұруы, өз іскерлігін қаржыландыруы кең мағынада оның қаржылық жағдайының жақсы екенін көрсетеді. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы оның өндірістік, коммерциялық және қаржылық іскерлігінің нәтижесіне байланысты. Егер өндірістік және қаржылық жоспарлар жақсы орындалып жатса, онда бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайына оң әсер етеді және керісінше, өнімді өндіру мен оны сату жоспарының орындалмауы оның өзіндік құнының өсуіне, пайданың түсімі мен сомасының азаюына, осының әсерінен кәсіпорынның қаржылық жағдайы және төлем қабілеттігінің төмендеуіне әкеледі.

Тұрақты қаржылық жағдайы өз кезегінде өндірістік жоспардың орындалуына және өндірісті қажетті ресурстармен қамсыздандыруға оң әсер етеді. Сондықтан қаржылық жағдай шаруашылық іскерліктің негізгі бөлігі ретінде ақшалай қаражаттардың жоспарлы түсуімен шығындалуын қамсыздандыруға, есептік тәртіптің орындалуына, меншікті және тартылған қаражаттың рационалды арақатынасы мен оның тиімді қолдануына бағытталады.

Нарықтық экономика жағдайына төтеп беру және кәсіпорынның банкротқа кетуіне жол бермеу үшін, қаржыны қалай басқаруды, капиталдың құрылу көзімен құрамының қандай болуы керектігін, яғни қанша бөлігін тартылған, ал қанша бөлігін меншікті қаражат алатынын жақсы білу қажет. Нарықтық экономиканың келесідей түсініктерін де білген жөн, оларға-іскерлік белсенділік, өтімділік, төлем қабілеттілік, кәсіпорынның несиелік қабілеттігі, рентабельділік шегі, қаржылық жағдайдың қоры, тәуекел дәрежесі, қаржылық тұтқа нәтижесі және тағы басқалармен оларды талдаудың әдістемесін білу керек.

Сондықтан қаржылық талдау қаржылық менеджменттің және аудиттің маңызды бөлігі болып табылады. Тәжірибеде қаржылық есепті қолданушылардың барлығы қаржылық талдаудың әдістерін өздерінің мәселерін шешу мақсатында оптималды шешімдер қабылдау үшін қолданады.

Меншік иелері қаржылық есепті капиталдың табыстылығын және кәсіпорынның тұрақтылығын арттыру үшін талдайды. Кредиторлар мен инвесторлар қаржылық есептілікті өздерінің қарыздарымен салымдары бойынша тәуекелдерін төмендету үшін талдайды. Қабылданатын шешімдердің сапасы шешімнің аналитикалық негізінің сапасына тікелей тәуелді деп нық айтуға болады. Соңғы жылдары қаржылық талдауға арналған көптеген басылымдар шыға бастады. Шетел тәжірибесі де белсенді түрде қолданылуда.

Талдаудың мақсаты кәсіпорынның қаржылық жағдайын анықтап бағалау ғана емес оның ілгері басуына бағытталған жұмыстар кешенін жүргізу. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы іскерлікті қандай бағыт бойынша жүргізу керектігін анықтап, кәсіпорынның қаржылық жағдайындағы әлсіз және күшті жақтарын анықтауға мүмкіндік береді. Осыған сәйкес талдаудың нәтижелері кәсіпорынның іскерлігінің белгілі бір мерзіміндегі қаржылық жағдайын жоғарылатудың негізгі әдістері қандай деген сұраққа жауап береді. Бірақ талдаудың негізгі мақсаты болып қаржылық іскерліктің қателіктерін уақытында анықтап оларды жою және кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен төлем қабілеттігін жоғарылатудың жаңа көздерін табу болып табылады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау үшін өзгерістерді сипаттайтын көрсеткіштердің жүйесі қолданады-

1. капиталдың пайда болу көздеріне байланысты құрылымы

2. оны қолданудың тиімділігі

3. кәсіпорынның төлем қабілеттігі мен несиелік қабілтеті

4. оның қаржылық жағдайының қоры

Көрсеткіштер кәсіпорынмен экономикалық қатынастағы барлық субьектілер оның қаншалықты сенімді әріптесі екеніне және бастысы онымен қарым-қатынасты жалғастырудың қаншалықты тиімді екеніне жауап бере алатындай болу керек. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы біріншіден салыстырмалы шамаларға сүйенеді, оған инфляция жағдайындағы баланстың абсалютті көрсеткіштері жатады.

Талдаудың негізгі мәселелері:

  1. қаржылық іскерліктің қателіктерін уақытында анықтап оларды жою және кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен төлем қабілеттігін жоғарылатудың жаңа көздерін табу.
  2. Нақты шаруашылық іскерліктің нақты жағдайына негізделе отырып мүмкін болатын қаржылық нәтижелерді, экономикалық рентабельділікті болжау, меншікті және тартылған қаражаттың болуы, ресурстарды қолданудың әр түрлі нұсқаларында қаржылық жағдайдың әдістерін өңдеу.
  3. қаржылық ресурстуарды қолданудың тиімділігін жоғарылатуға және кәсіпорынның қаржылық жағдайын тұрақтандыруға бағытталған нақты бағдарламалар дайындау.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайының талдауымен тек қана басшылар ғана емес, сонымен қатар кәсіпорынның сәйкес қызметкерлері, оның құрылтайшылары, ресурстардың қолданылуының тиімділігін зерттеу мақсатында инвесторлар, несиелеу жағдайын және тәуекелін бағалау үшін банктер, төлемдерді уақтылы алу үшін жабдықтаушылар бюджетке төлемдердің төленуі үшін салық инспекциялары және т. б айналысады.

Бухгалтерлік есептің шоттарының жаңа жоспарын жүргізу, бухгалтерлік есеп берудің формаларын халықаралық стандарттар талабына сай келтіру қаржылық талдаудың нарықтық экономикаға сай жаңа әдісін қолдануды талап етеді. Мұндай әдіс іс жүргізетін серіктесіңді, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының дәрежесін анықтау, іскерлік белсенділікпен кәсіпорын әрекетінің тиімділігін бағалауға негізделген таңдаманы жасау үшін керек.

Кәсіпорынның қаржылық әрекеті туралы негізгі ақпарат көзі ретінде бухгалтерлік есеп саналады. Нарықтық экономикадағы кәсіпорынның есептілігі қаржылық есеп ақпаратын жалпылауға негізделеді және кәсіпорынды қоғаммен және кәсіпорын әрекеті туралы ақпаратты пайдаланушы-серіктестер арасында байланыстырушы буын болып табылады.

Кейбір жағдайларда қаржылық талдаудың мақсаттарын іске асыру үшін бухгалтерлік есеп пайдалану жеткіліксіз болып табылады. Пайдаланушылардың кейбір топтары мысалы басқарушылар мен аудиторлар қосымша ақпарат көздерін (өндірістік және қаржылық есеп ақпаратын) тартуға мүмкіндігі бар. Сонда да жылдық және тоқсандық есептілік сыртқы қаржылық талдаудың бірден-бір көзі болып табылады.

Қаржылық талдау әдістемесі 3 өзара байланысты блоктардан тұрады:

1. кәсіпорын әрекетінің қаржылық нәтижелерін талдау

2. қаржылық жағдайды талдау

3. қаржы шаруашылық қызметінің тиімділігін талдау

Қаржылық жағдайды талдау үшін негізгі ақпарат көзі ретінде кәсіпорынның бухгалтерлік балансы қолданылады, оның маңызы өте жоғары, тіпті оны кейде баланстық талдау деп атайды. Қаржылық нәтижені талдау үшін ақпарат көзі болып қаржылық нәтижелермен олардың пайдалануы туралы есеп табылады.

Қаржылық талдау әдісі ретінде шаруашылық үдерістердің құрылуы мен дамуын зерттеудің әдістемелік жолы танылады.

Әдістің өзіне тән ерекшеліктеріне :көрсеткіштер жүйесін пайдалану, олардың арасындағы өзара байланысты анықтау мен өзгерту жатады.

Қаржылық талдау үдерісі кезінде бірнеше арнайы әдістермен тәсілдер қолданылады.

Қаржылық талдауды қолдану әдістерін шартты түрде 2 топқа бөлуге болады: дәстүрлі және математикалық.

Бірінші топқа:абсолютті салыстырмалы және орташа шамаларды қолдану; салыстыру, жинау және топтау тәсілі, тізбелі топтау тәсілі жатады.

Қаржылық есептілікті талдаудың негізігі әдістеріне:көлденең және тікелей талдау, трендтік, қаржылық көрсеткіштер әдісі, факторлы талдау жатады.

Көлденең талдау-әрбір позицияны өткен кезеңмен салыстыру.

Тікелей талдау-есептіліктің әрбір позициясының жалпы нәтижеге әсерін анықтай отырып, соңғы қаржылық көрсеткіштердің құрылымын анықтау.

Трендтік талдау-Есептіліктің әрбір позициясын өткен мерзіммен салыстырып, график құру арқылы трендін анықтау. Трендтың көмегімен болашақтағы мүмкін мәндері қалыптасады, сәйкесінше перспективтік талдау жүргізіледі.

Салыстырмалы көрсеткіштік талдау-есептіліктің жеке позициялары арасындаға немесе есептіліктің басқа түрлерінің позицияларының арасындағы қатынасты есептеу, көрсеткіштердің өзара байланыстылығын анықтау.

Салыстырмалы талдау-бұл шаруашылық ішіндегі және шаруашылық аралық талдау жасау.

Факторлы талдау-жеке факторлардың жалпы нәтижеге әсер етуіне детеминирленген және стохастикалық әдістерді қолдану арқылы талдау жасау.

Көптеген математикалық әдістер:корреляциялық талдау, регресиондық талдау және т. б аналитикалық өңдеулер кірді.

Жоғарыда аталған әдістердің барлығы талдаудың формальді әдісіне жатады. Ал формальді емес әдістеріне: экспорттық бағалау, сценарилер, психологиялық және т. б олар логикалық деңгейде талдау жасауға негізделген.

Бүгінгі таңда қаржылық талдауда бұрын қолданылмаған әр түрлі тәсілдермен әдістер қолданылады.

Қаржылық жағдайды талдаудың негізгі мақсаты-ол кәсіпорынның ағымдағы жағдайын есептеу ғана емес, сонымен қатар негізгі қаржылық көрсеткіштердің өзгерістерін, әлсіз позицияларды анықтау, осы көрсеткіштерді жоғарылатуға бағытталған шараларды жүргізу.

Зерттеу барысында негізгі статистикалық әдістер қолданылады: топтық, орташа және қатысты шамалар, графикалық, индекстік, салыстырма әдіс.

Қаржылық жағдайға талдау жасауда негізгі орынды :

-белгілі бір көрсеткіштің құрылымын зерттеу

-көрсеткіштің динамикасын сипаттау

-негізгі көрсеткіштердің өзгеруіне әсер ететін факторларды зерттеу және бағалау.

Қаржылық жағдай талдауының методикасы кәсіпорынның қаржылық жағдайын басқаруды қамтамасыздандыру және нарықтық экономика жағдайында іскерлік серіктестерінің қаржылық жағдайын бағалауға арналған. Оған ішкі және сыртқы талдау элементтері кіреді.

Әдістемеге талдаудың келесідей блоктары кіреді: есепті мерзімге кәсіпорынның жалпы қаржылық жағдайын бағалау мен оның өзгерісі; кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына талдау; кәсіпорынның балансының өтімділігініне, іскерлік белсенділігі мен төлем қабілеттігіне талдау.

Салыстырмалы аналитикалық баланс бойынша есептік мерзімге қаржылық жағдайды бағалау мен оның өзгерісі, сонымен қатар қаржылық тұрақтылық көрсеткіштерінің талдауы қаржылық жағдай талдауының қорытынды блогының қисынғы түрде дамуына итермелеуші пункт болып табылады. Баланс өтімділігінің талдауы ағымдағы төлем қабілеттілікті бағалау және болашақтағы қаржылық тұрақтылықтың сақталуы мүмкіндігіне қорытынды беруі қажет. Салыстырмалы аналитикалық баланс пен қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері қаржылық жағдайдың негізі болып табылады. Баланс өтімділігі қаржылық жағдайдың сыртқы көрінісі. Есептілік ақпараттары негізінде талдауды тереңдету ішкі талдауға жататын мәселелерге алып келеді. Қаржылық тұрақтылықтың факторларын зерттеу қорлар мен шығындарға ішкі талдау жасауды қажет етеді, ал баланс өтімділігін бағалауды анықтау дебиторлық және кредиторлық берешектің жағдайына ішкі талдау негізінде жүзеге асады. [1, 18-22 беттер ]

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау дегеніміз-ұйымның іскерлігінің әр жақтарын сипаттайтын қаржылық көрсеткіштердің жиынтығын бағалау, интерпретациялау және есептеу.

Талдаудың мақсаты-басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін қажет ақпараттарды алу. Яғни, ішкі қолданушылар оны кәсіпорынның қаржылық саясатына түзетулер енгізу үшін, ал сыртқы қолданушылар дәл осы кәсіпорынға қатысты нақты жоспарларды(сатып алу, инвестициялау, келісім шарт жасау және т. б ) жүзеге асыру үшін талдау жүргізеді.

Талдауда алға қойылған мәселелердің айырмашылығы ақпаратты ішкі және сыртқы қолданушылардың басқарушылық шешімдерін анықтайтын көрсеткіштердің айырмашылығында. Әрине екеуіне бірдей дәрежеде маңызды көрсеткіштерді бөліп көрсетсе болады, мысалы, өтімділік коэфиценті. Әйткенмен де көрсетілген топ қолданушылары үшін көрсеткіштердің жеке тобы қарастырылады.

Сондықтан кәсіпорынның қаржылық жағдайын есептеместен бұрын бұл жұмыс кімнің көзқарасы жағынан есептелетінін анықтап алу қажет.

Қаржылық талдауды жасаудағы негізгі мәселелер:

-талдау мезетіндегі кәсіпорынның қаржылық жағдайын анықтау;

-талдау жасалатын уақыт кезеңіндегі кәсіпорынның дамуының тенденциялары мен заңдылықтарын анықтау;

-кәсіпорынның қаржылық жағдайына кері әсер ететін фактілерді анықтау;

-кәсіпорынның қаржылық жағдайын жоғарылатуға қолданатын резервті анықтау;

Талдаудың негізгі бағыттары:

-баланстың құрылымы мен таза айналым капиталын талдау;

-өтімділік және қаржылық тұрақтылық коэфицентін талдау;

-пайда және шығындар құрылымына талдау;

-ақша қаражаттарының айналымын талдау;

-рентабельділікті талдау;

-еңбектің тиімділігін талдау.

Көзделген мақсатқа байланысты талдау әр бағыт бойынша әр түрлі көлемде болуы мүмкін, бірақ қысқаша түрде барлық бағыт бойынша талдау жүргізу керек. Бұл көрсеткіштердің өзара тәуелділігімен түсіндіріледі:бір көрсеткіштің өзгеруі келесі бір көрсеткіштің өзгеруіне әкелуі мүмкін. Мысалы, рентабельділіктің төмендеуі көп жағдайда активтердің айналымдығының төмендеуімен байланысты.

Талдаудың негізгі әдістері:

-көлденең немесе үрдістік талдау, бұл әдісте көрсеткіштер басқа базистік мерзімнің көрсеткіштерімен салыстырылады.

-тігінен жасалатын талдау, бұл әдісте көрсеткіштердің құрылымын бөлшектенудің жоғары дәрежесінен төменгі дәрежесіне дейін зерттелді.

-факторлы талдау-кәсіпорынның негізгі экономикалық көрсеткіштеріне қаржылық іскерлігінің жеке элементтерінің әсерін бағалау

--салыстырмалы талдау-көрсеткіштерді осы саладағы бәсекелес кәіпорындардың көрсеткіштерімен салыстыру.

Қаржылық талдауды жүргізу үдерісі кәсіпорынның қаржылық жағдайының төмендеуінің себептерін анықтауда белгілі бір қадамдардың кезектілігімен, осы көрсеткіштерді оптимизациялайтын тұтқаларды анықтау.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайындағы негізгі мәселелер тәжірибеде негізгі үш сипатта көрініс табуы мүмкін:

1. Ақшалай қаражаттардың тапшылығы; төлем қабылеттіліктің төмендігі

Мәселенің экономикалық мәні келесіде, кәсіпорынның жақын арада немесе дәл қазір өзінің міндеттемелерін уақтылы өтеу үшін ақша қаражаты жеткіліксіз.

Төмен төлем қабілеттіктің индикаторы болып өтімділіктің төмен дәрежедегі көрсеткіштері, несие бойынша міндеттемелердің уақтылы төленбеуі, бюджет, жұмыскерлер немесе басқа да несиелеумен айналысатын ұйымдардың алдында нормадан жоғары мөлшердегі қарыз табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақшаның айналыс құралы
ХҚЕС ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ АКТИВТЕРДІҢ ЕСЕБІМЕН ТАДАУЫН ұЙЫМДАСТЫРУ
Кәсіпорында өндірісті басқару мәдениеті («СП ерка» ЖШС мысалында)
Нарықты экономикаға өту шартындағы жеке кәсіпкерліктің қалыптасуы
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ГЕОЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
Кәсіпорынның негізгі құралдарын пайдалану тиімділігінің теориялық негіздері
Шаруашылық субъектілерінің қаржылық ресурстары
Темірлан ЖШС мысалында кәсіпорынның қаржылық жағдайына баға беру
Сарыағаш-жер ЖШС қызметінің ұйымдастыру-экономикалық жағдайы
Кәсіпорынның қаржысын жоспарлау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz