Қазақстандағы діни процестердің әлеуметтік өмірге әсері



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2. 6 б.
I.Діни ұғымдардың теориялық . методологиялық негіздері.
1.1.Дін және дін социологиясының өзара байланысы
1.2.Қоғам құрылымындағы діннің әлеуметтік функциялары.

II.Қазақстандағы діни процестердің әлеуметтік өмірге әсері.
2.1.Қазақстандағы дәстүрлі және дәстүрлі емес діндер.
2.2.Дін және қоғам ара қатынасындағы әлеуметтік аспектілер
2.3.Қазақстандағы діни процестерге динамикалық талдау. (Алматы қаласы бойынша)

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...56 б.
Сілтемелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .57 б.
Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...58 б.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР.
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2- 6 б.
I.Діни ұғымдардың теориялық–
методологиялық негіздері.
1.1.Дін және дін социологиясының өзара
байланысы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 7-13 б.
1.2.Қоғам құрылымындағы діннің әлеуметтік
функциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .13-20 б.

II.Қазақстандағы діни процестердің
әлеуметтік өмірге әсері.
2.1.Қазақстандағы дәстүрлі және дәстүрлі емес діндер ... ... .20-38 б.
2.2.Дін және қоғам ара қатынасындағы әлеуметтік
аспектілер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..38-45 б.
2.3.Қазақстандағы діни процестерге динамикалық
талдау. (Алматы қаласы бойынша) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..45-
55 б.

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 56 б.
Сілтемелер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...57 б.
Әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.58 б.

Кіріспе.
Тәуелсіздік жылдары азаматтық қоғамның және нарықтық экономиканың
құрылуымен ғана емес, сондай-ақ діни серпілістің жүруімен де
сипатталады.Егемендік енгелі елімізде орын алған күрделі саяси-
экономикалық жаңарулар мен өзгерулер ағымында мемлекет билігінің
қайнар көзі болып табылатын халқымыздың рухани өмірі мен діни
көзқарастары да бір жағынан толығып,ал енді бір жағынан әралуан
бағыттар бойынша дамып,бүгінгі көптеген этникалық топтар мен түрлі
діндерді ұстанатын зайырлы Қазақстан қоғамы қалыптасты.Халықтың
тұтастығы мен діннің тұтастығы және мемлекеттің тұтастығы арасында
тікелей тәуелді байланыс бар екені өмір шындығы.Көптеген этникалық
топтар мен діни сенімдерден құралған біздің қоғамымыздағы өтпелі
кезеңде дін атаулының мемлекеттің ішкі тұрақтылығы мен қауіпсіздігін
қамсыздандырудағы рөлі,өндіруші күш болып табылатын халықты
ұйымдастыру құдіреті,халықаралық қатынастардағы салмағы және еліміздің
болашағы мен баяндылығына тікелей әсері өте анық көрініс
береді.Сондықтан да кейінгі кездердегі қалыптасқан еліміздегі діни
ахуалдарға социологиялық тұрғыдан қарау бүгінгі қоғам дамуының
талассыз қажеттілігі.Дін социологиясы ілімдері соңғы жылдары ғана
жандана,негізделе бастағанын ескерген жөн.Дін социологиясы,діннің
кейбір бағыттары бойынша адамдарды белгілі әлеуметтік әрекеттерге
жетелейтін қоғам сегменттерінің пайда болуын зерттейді,адамдардың
дінге негізделген әлеуметтік қатынастарын қарастырады..Әлеуметтік
қатынастардағы діннің ықпалды рөлін жоққа шығаруға болмайды.Сондықтан
дін әлеуметтік феномен ретінде социологтар үшін аса маңызды зерттеу
объектісі ретінде қарастырылуда.Бұл орайда,осы бітіру жұмысында
қамтылған еліміздегі діни ахуалдардың динамикалық даму процестері
жайлы алынған нәтижелер мен қорытындылар,қоғамымыздың діни саласын
реттеуге өз үлесін қосады деген сенімдеміз.
Тақырыптың өзектілігі:Бүкіл адамзат баласының тарихын сұрыптап
қарасақ,өткен тарихта ешқандай қоғам дінсіз болмаған.Қоғамда діни сана
үнемі болып келеді.Дін мен қоғам бір –бірінен ажырамайтын феномендер.
Дін қоғамдық құбылыс,ал қоғам мемлекеттің субстанциясы.Қазақстан
Республикасы өзін зайырлы мемлекет деп жариялады.Яғни,дін мемлекеттен
бөлек.Бірақ дін қоғамнан тыс бола алмайды.Дін –қоғам мәселесі.
Қазірде, Қазақстан әлемде соғыссыз,қантөгіссіз бейбіт өмірмен ішкі
саяси тұрақтылықты сақтап отырған бірден –бір мемлекет.Қазақстан
жағдайында этносаралық,дінаралық татулық,әрине көп елдерге үлгі.Бұл
еліміздегі тәуелсіздік жылдары қалыптасқан қалыпты жағдай.Дегенмен де
елімізде діндер мен діни ағымдарға қатысты мәселелер жоқ деп айтуға да
болмайды. Турасын айтқанда соңғы кездері діни бірлестіктер мен
дәстүрлі емес діндердің қоғамда кең етек жаюы маңызды мәселеге айналып
отыр.Бұл бағытта мәселелер бар және оларды дер кезінде зерттеп,біліп
соған орай шаралар,тіптен мемлекеттік шаралар жасалуы керек.Олай
болмағанда, ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіретін құбылыстар саяси
- әлеуметтік үрдіске айналып кету қаупі бар.Осы негізде Қазақстан
қоғамындағы діни процестерге социологиялық талдау жасау,ішкі діни
–конфессия аралық қатынастарды қадағалау ғылыми тұрғыда да проблемаға
айналуда.Яғни қазіргі таңда діннің,діни сенімдердің әлеуметтік
өмірдегі орынын,жалпы социум ға тигізер ықпалымен есептесу,жеке
индивид үшін,әлеуметтік топтар мен әлеуметтік институттар үшін діни
сенім қаншалықты маңызға ие екенін анықтау бүгінгі көпконфессиялы
Қазақстан қоғамы үшін өзекті мәселе болып отыр.Бүгінде әлемді
үрейлендіріп отырған діни экстремизм,діни терроризмнің өршуі кез
–келген қоғам үшін,зайырлы қоғам үшін де,діннің мәнін,діннің
құрылымын,діннің әлеуметке ықпалын мойындап,есептесуді талап етуде.Осы
негізде нақты мағлұматтар алып,қажетті шешімдер қабылдау үшін
социологиялық зерттеулердің, статистикалық мәліметтердің мемлекет
үшін,қоғам үшін маңызы зор болмақ.
Тақырыптың зерттелу деңгейі:Қазақстан қоғамындағы діни
ахуал,конфессия аралық қатынастар мәселесі социологиялық тұрғыда өте
аз зерттелген тақырыптардың бірі.Дегенмен де осы зерттеу жұмысын жазу
барысында санаулы ғылыми еңбектермен осы тақырыптағы сараптамалық
кітаптардың көмегіне жүгіндік.Қазақстан қоғамындағы діни қатынастар
жайлы негізі,Я.Ф.ТрофимовтіңРелигии в Казахстанеатты кітабында
баяндалған.Осы кітаптың негізін құрағанВзаимоотнашение религии в
современном обществе Казахстанедеген ғылыми еңбегінде автор Қазақстан
қоғамындағы дәстүрлі және дәстүрлі емес діндер жайлы біраз мәліметтер
беріп,діннің қоғамдағы әлеуметтік аспектілеріне тоқталып өтеді.Сондай
–ақ Қазақстан қоғамындағы конфессияаралық қатынастар жайлы
Е.А.Щелковоның Особенности этноконфессиональных отнашений в
Казахстанеатты Ғылыми диссертациялық еңбегінде де баяндалады.Автор
бұл еңбегінде қазіргі Қазақстан қоғамындағы діни бірлестіктер мен
азаматтардың арасындағы өзара қарым –қатынас пен бір –біріне ықпал ету
ерекшеліктері жайлы мәселе көтереді.Бұларға қоса М.Ж. Қанафинаның
Қазақстандағы этно –конфессия аралық қатынастаратты кандидаттық
диссертациясын да атап өтуге болады.Автор бұл ғылыми зерттеуінде
Қазақстан қоғамындағы діншілдік пен діни институттардың сандық және
сапалық өзгерістерін анықтайды.Сонымен бірге Философия және саясаттану
институтының ғалымдарының Нысанбаевтың жетекшілігімен зерттелген
Қазіргі Қазақстандағы саясат пен мәдениеттегі діннің орыныатты
ғылыми еңбекте де,Қазақстан қоғамындағы діни процестер,діни қарым
–қатынас,мемлекет өміріндегі діннің орыны жайлы көп мағлұматтар
береді.Бұларға қоса М.БұлұтайДін және ұлткітабы мен Амангелді
АйталыныңҰлт танукітабында Қазақстан қоғамындағы діни қатынастар
жайлы,діннің ықпалы жайлы мәселелер көтеріледі.Сондай –ақ
Саясатжурналының 2000 жылғы №4,5 сандарында жарық көрген,Мақанов
Ж.Қ.және Кәкенов Ж.К-ныңДін:Конфессияаралық қатынастар атты ғылыми
сараптамалық–зерттеу мақалаларында Қазақстан қоғамындағы діни
процесстерге социологиялық талдау жасаған.Қазіргі қоғамдағы діни
ахуалға нақты қорытынды жасап,керекті ұсыныстар айтылған.Бұларға
қосаЕгеменді Қазақстангазетінде 2006 жылдың 21 қазанында жарық
көрген Ғ.ЕсімніңДін Өркениетіатты мақаласында,Жас Қазақ газетінің
2007 жылғы 12 қаңтардағы Әбдірәшит Бәкірұлының Дінді апиынға
айналдырмайықатты мақаласында да қазақ қоғамындағы діни ахуалды өте
ауқымды түрде қозғап,дәлелді –дәйекті ойларды қозғайды. Сондай –ақ
Алматы әкімшілігінің Ішкі Саясат Департаментінің арнайы тапсырысымен
орындалған социологиялық зерттеулердің қорытындысы баяндалатын Діни
бірлестіктердің Алматы қаласының әлеуметтік өміріне әсеріатты талдау
кітапшасында діни бірлестіктер мен діннің социумге әсерін, өмірлік
маңызы жайлы кең түрде мәліметтер берілген.Дегенмен де қазіргі кездегі
әлемдік діни ахуалдың шиеленісіп,діннің ықпалы арта бастаған заманда
қоғам үшін әркезде де діни қатынастарды басты назарға алып,ғылыми
зерттеу жұмыстарын күн тәртібінен түсірмеу,діни процесстердің
динамикалық қозғалысын әркез назарда ұстау бүгінгі қоғам талабы екені
даусыз.
Бітіру жұмысының мақсаты:Дін –қоғам ішіндегі рухани күш.Қай қоғамды
болсын діндердің айрықша орыны бар.Қазақстан өзін зайырлы мемлекет деп
жариялағанымен де,қоғамдағы діннің орынын жоққа шығара алмаймыз.Осы
негізде бұл зерттеу жұмысының өзіндік мақсаттарын атап айтуымыз
керек.Кез –келген социологиялық зерттеуде оның не үшін жүргізіліп
жатқанын және соңғы нәтижені алу,яғни зерттеу мақсатын анықтау өте
маңызды.Дәл қойылған мақсат жаңа білімдерге жетелейді.Қазақстан
қоғамындағы діни процестерге социологиялық талдаутақырыбындағы
зерттеу жұмысының негізгі мақсаттары деп төмендегілерді атауға болады:
• Қоғам мүшелерінің діни сауаттылық деңгейлерін,конфессиялардың
көп түрлілігінен хабардарлығын анықтау.
• Әрбір тұлғаның діни –сенім жолын таңдаудағы ұлттық
идентификацияның алар орынын анықтау.
• Қоғамдағы діни бірлестіктер тарапынан туындайтын діни
қатынастардың мемлекеттік билікке ықпал ету мүмкіндігін анықтау.
• Діни –наным –сенімнің қоғам өміріндегі,тұлға өміріндегі маңызды
шешімдер қабылдаудағы әсерін анықтау,қоғамның діншілдік деңгейіне
баға беру.
Зерттеудің негізгі мақсаты берілген объектіде әлеуметтік ұйымдастыру
деңгейін көтеру арқылы жаңа білім алу,болмыс пен тұрмыс,қоғамдық
қатынас жағдайларын жақсарту.
Зерттеу жұмысының міндеті:Кез –келген зерттеудің міндетін анықтау
оның мақсатына сәйкес жасалады.Міндетті анықтау –орын алған
проблеманың шешу жолдарын жүзеге асыруға қажетті құрал.Бұл зерттеу
жұмысының міндеттері қатарына мыналарды жатқызамыз:
• Әлеуметтік өмірге,жалпы социумге діннің,діни қатынастардың
айтарлықтай маңызы бар екенін дәлелдеу,қажетті ұсыныстар
айту.
• Осы зерттеу қорытындысы арқылы қоғам мүшелеріне,тиісті билік
орындарына қандай да бір шешім қабылдауларына қажетті
алғышарттар беру.
• Көп конфессиялы қоғамдарда болуы ықтимал дінаралық
қайшылықтардың орын алу қаупін анықтау,оны шешу жолдарын
ұсыну.
• Еліміздегі діни саланы реттеуге қажетті заңдық –нормативтік
құжаттардың қаншалықты жеткіліктігіне мән беру,жалпы елдегі
діни ахуалға қатысты көптеген ақпараттар алу.
Осы аталған міндеттер діни ахуалға қатысты анықталған проблемаларды
шешуге бағытталуы тиіс.Әсіресе,бұл біздің көпұлтты,көпконфессиялы
Қазақстан қоғамы үшін кезек күттірмейтін мәселе.
Бітіру жұмысының объектісі:Бұл зертеу жұмысының объектісі болып,
негізінен еліміздегі дәстүрлі және дәстүрлі емес діндер,түрлі діни
бірлестіктер,нақты бір атауға ие діни секталар,діни ұйымдар мен
қоғамдағы әлеуметтік өмір алынады.
Бітіру жұмысының пәні:Кез –келген зерттеу жұмысының пәні болып
анықталған проблеманың орталық мәселесін қамтитын оның сипаттамалары
мен қасиеттері болып табылады.Яғни бұл зерттеу жұмысының объектісі
–діндер,діни бірлестіктер болғанда,пәні –осы діни ұйымдардың
құрылымы,бағыттары,мүдделері болып табылады.Сондай–ақ қоғамдағы жеке
тұлғалардың,әлеуметтік топтардың, діни бірлестіктер мен діндарлармен
арадағы қалыптасатын діни қарым –қатынастарын да зертеу пәні ретінде
басты назарға аламыз.Жалпы алғанда аталған жұмыстың зерттеу пәні
ретінде –діни наным –сенімнің қоғам өміріндегі ықпалды әрекет ету
мүмкіндігін қарастырамыз.
Тақырыптың ғылыми жаңалығы:Бітіру жұмысын жазу барысында дәстүрлі
діндермен қатар жаңадан пайда бола бастаған дәстүрлі емес діндердің де
қоғамымызға дендеп еніп келе жатқандығын байқадық.Сондай –ақ
қоғамымыздағы азаматтардың көпшілігі діни сауаттылықтың қажеттілігін
жеткілікті дәрежеде ұғынбайды,сұралғандардың көпшілігі діни сферадағы
заңнамалық құжаттардан бейхабар. Зерттеу жұмысын талдап,қорытынды
шығара келе,Қ.Р. –да мемлекеттік тұрғыда діннің мәртебесі оның қоғам
өміріндегі шынайы жағдайы мен рөлі, яғни діннің қоғамның әлеуметтік-
саяси,рухани салаларына тигізер әсерінің мәртебесі, кеңістігі және
шекаралары қазірге дейін дәл анықталмаған.Осындай белгісіздік, әсіресе
оның теріс салдары еліміздегі қазіргі діни жағдайда орын алған жаңа
үрдістерге байланысты анық та айқын аңғарылуда.Осыған орай,көпшілік
эксперттер мен дін адамдарының ортақ келісімдеріне сай,еліміздегі оқу
процестерінеДінтануоқу пәнін тек ЖОО да ғана емес, колледж, лицей,
мектептердің оқу бағдарламаларына енгізу мәселесін қолға алу
қажеттілігі анықталды.

I.Діни ұғымдардың теориялық– методологиялық негіздері.
1.1.Дін және дін социологиясының өзара байланысы.
Дін дегеніміз не?Ол қашан,неге пайда болды?Адам өмірінде ол қалай
пайда болды?Оның тіпті пайда болмай қалуы мүмкін бе еді?Адам дінсіз
өмір сүре ала ма?Осы сияқты дінге байланысты көптеген сауалдар ежелден-
ақ адамдарды ойландырып,айтыс-таластар туғызды.Бұл сұрақтарға әр түрлі
тарихи дәуірдің ойшылдары әр қилы жауап береді.Діндеген сөздің өзі
латынның байланыстыру,қосу деген етістігінен алынған. Аталмыш
құбылыстың аты да діннің мазмұнына сәйкес келеді, яғни дін адамдарды
бір сенімге біріктіреді.Дін адамдары өз сенімдерін көзге көрінбей
өздерін құдаймен байланыстырып тұрады деп сенеді.Дін ілімі және оған
жақын объективті идиалистік пайымдаулар діни феноменді
мәңгілікпен,құдайдың өзі берген мәңгілік нәрсе деген тезистер негізінде
түсіндірді.Екеуі де дінді дүниедегі тылсым күштен шығарады.Оны теология
Құдай деп атаса,идеалистік философия трансценттік,абсалюттік ой деп
атайды.Олардың пікірінше киелі мен кездесуге адамдар абсалюттен келіп
қосылуға барынша ұмтылады.Сондықтан,діннің мәні мен болмысы туралы
мәселе Құдайдың мәні мен болмысына,ал діннің негізі Құдайдың негізіне
айналады. [1.] Діннің пайда болуы туралы мәселенің,оның табиғатын
түсінуде үлкен маңызы бар.Бұл тақырып төңірегінде осы күнге дейін айтыс-
таластар тоқтамай келеді.Бізге белгілі болғандай,барлық мамандықтардағы
дін иелері діннің табиғи пайда болуы туралы мәселені жоққа шығарып,әуел
бастан-ақ оны құдай берген деген пікірге саяды.Осы пікірді бірқатар
ғылымдар да қуаттайды.Олар қандай ғылымдар?
Антропология -- ол адамның жан-жануарлар дүниесінен бөлініп
шығуын,оның қалыптасу процессіндегі еңбек қызметінің ықпалымен адамдық
болмысының қалыптасуын зерттейді. Ол ежелгі адамдардың материалдық,
мәдени мұраларының қалдықтарын, еңбек құралдарын, мүрделерді зерттеп,
осылардың негізінде алғашқы қауым адамдарының тұрмыс –тіршіліктерінде
де, діни сенімдерінде де, өзгеріс болады деп қорытынды жасайды.Тілдің
түрлерін(ауызша немесе жазбаша)зерттейтін лингвистикаға да әр түрлі
тарихи дәуірлердің ерекшеліктері,адамдардың өмірі мен тұрмысы өз
таңбаларын қалдырған.Мысалы,фольклористика ауызша шығармашылықтың
аңыздары мен басқа да ежелгі мұраларын зерттейді;Этнография –кейбір
тарихи себептермен дамуы жағынан адамзат эволюциясының алғашқы
сатыларында қалып қойған әртүрлі халықтардың тұмысын,өмір салтын,діни
сенімдерін зерттейді.
Бүгінгі ғылым алғашқы қауымдағы діни түсініктердің ара жігін ашуға
мүмкіндік беретін мол материал жинақтады.Олардың жалпы түлеріне
тоқталып өтсек:Фетишизм –кейбір табиғи заттарға және оның
құбылыстарына табыну.Магия-белгілі бір манипуляциялардың барысында
(мінәжат ету,болжау,әдет-ғұрып көмегімен)табиғи заттар мен
құбылыстарға, қоғамдық өмірдің барысында,кейбір тылсым күшке сену
арқылы әсер ету. Тотемизм –белгілі бір жан –жануарларды,өсімдіктерді
нақты адам ұжымдарының(қауым,тайпа) арғы бабаларының шыққан тегі
ретінде қабылдап,соларға сену.Шаманизм –кейбір адамдардың
(сиқыршы,шаман) аруақтармен қарым-қатнас жасау мүмкіндігі бар екеніне
сену,адамдардың ауруды жазу,жақсы аңшылықты қамтамасыз ету,жауын
жаудыруды қамтамасыз етеді деп сену.Табиатқа табыну—әртүрлі жан-
жануарлар мен өсімдіктердің,аспан денелерінің – күн, ай,жұлдыздар
рухтарына сену. Ата-баба рухтарына сену—қайтыс болған ата-бабалардың
рухтарына сиыну,олар туыстарын желеп –жебеп жүреді немесе оларға жәбір
жасайды дегенге сену.Диқаншылыққа,мал өсіруге табыну –егіншілік пен
мал өсірудің жеке сала ретіндегі қалыптасуынан туындайды.Бұл жерде мал
иелерімен,дән иелерінің табынуы.Анимизм –айналадағы заттардың
тіршілік ететініне,табиғаттан тыс елестердің –жандармен рухтардың
әрекеттеріне сену.
Осы кішкене тізбеден-ақ алғашқы қоғамдық құрылыстың өзінде діни
сенімдердің әр қилы және түрлі мәнде болғанын байқаймыз.Солай бола
тұрса да оларға ортақ нәрсе –айналадағы нақты дүниенің үстінен тылсым
күштің үстемдік ететініне сену. Еліміздегі дін социологиясы ілімдері
соңғы жылдары ғана жандана, негізделе бастағанын ескерген жөн. Бұл
туралы пікірлерімізді баяндамас бұрын, алдымен дін социологиясының
зерттеу тақырыбы және дамуы хақында айталық. Қысқаша айтқанда
адамдардың дінге негізделген әлеуметтік қатнастарын
зерттейді.Әлеуметтік қатынастардағы діннің ықпалды рөлін жоққа
шығаруға болмайды. Соңғы ғасырларда Батыс қоғамдарында діннің
нормативті күші шектелген сайын, діни феномендердің зерттелуі таза
теология мәселесінен гөрі социология,
саясаттану,антропология,құқық,психо логия сияқты эмпирикалық ілімдердің
зерттеу нысанына айналған.Сондықтан дін әлеуметтік феномен ретінде
социологтар үшін аса маңызды зерттеу объектісі ретінде
қарастырылуда.Дін социологиясы діннің кейбір бағыттары бойынша
адамдарды белгілі бір әлеуметтік әрекеттерге жетелейтін қоғам
сегменттерінің пайда болуын зерттейді. [2.] Мәселен,белгілі бір діннің
яки сектаның мүшелері өздерінің діни нанымдары негізінде белгілі бір
әлеуметтік іс –амалдарды жүзеге асырып жатса,бұл тікелей дін
социологиясының зерттеу саласына кіреді. Адамдардың діннен туындайтын
әлеуметтік қатынастарында - дін анықтағанкиелі және киеліден
тысұғымдар,ұстанымдар һәм мәмілелердің айтарлықтай маңызды әсері
бар.Осы мәліметтер негізінде дін социологиясы мына ғылым салаларымен
тығыз байланыста болады:этно -социология, әлеуметтік философия, құқық,
дін психологиясы, теология, әлеуметтік антропология,діндер тарихы және
феноменологиясы.Енді дін социологиясының зерттеу әдістері туралы
айтайық.Эмпирикалық,яғни тәжіиірбеге сүйенген ілім ретінде дін
социологиясы нақтылы зертеулер мен тәжірибелерді жүзеге
асырады.Жоғарыда аталған ғылым салалары тарапынан ғылыми материалдар
негізінде діннің әлеуметтік сыр-сипаттары жөнінде тұжырымдар
жасалады.Діннің қоғам өміріндегі маңызды орны мен ықпалын анықтаудағы
ең тиімді әдіс адамдармен сұхбат жүргізу (тікелей кездесу әдісі)және
діни топтармен секталардың, маргиналды діни ағымдардың ритуалдары мен
жиналыстарына қатысу және тәжірибе жинақтау(эмпирикалық әдіс).Бұған
қоса діни мәтіндер мен баспасөздерде келтірілген діни ақпараттарды
сұрыптау,талдау,герменетивкалық сараптау пайдалы әдістерге
жатады.Жиналған материалдар сапалы һәм саналы сарапқа салынбайынша
ғылыми нәтижелер шығаруға болмайды.Діни іс-әрекеттер екі формада
жүзеге асырылуы мүмкін: біріншіден,кейбір адамдардың яки тұтастай
қоғамның белгілі бір уақыттарда белгілі іс-әрекеттерді жүзеге
асыруы.Мұндай жағдайда діни өмірді ұйымдастырушы діни ұйымның болуы
шарт емес.Екіншіден,діни іс-әрекеттерді белгілі ұйымдардың
ұйымдастыруы(діни институттар)және олардың мән –мағнасын
белгілеуі.Ғылымда діннің мәні қалай бағаланып, қалай
түсіндірілгенімен,әлеуметтану қоғамның дінге әсер ету жәйтін
мойындамай тұра алмайды. Жоқ дегенде теологияға қарағанда ол діннің
мазмұнының және оны ұйымдастыру нысандарының өзгерісін табиғи,
эмпирикалық белгіленіп отыратын күштердін, бірінші кезекте әлеуметтік
күштер әрекетінің нәтижесі ретінде түсінеді.Бұл дінді психология,
филиософия немесе тарих қалай көріп, бейнелейтінінен ерекшеленеді.Дін
әлеуметтану тұрғысынан талдаудың нәтижесінде ең алдымен әлеуметтік
феномен ретінде алға шығады.Дінді ғылыми анықтаудың қарапайым және ең
көп тараған әдісі ол индуктивті әдіске негізделеді:Мүмкіндігінше
қарастырылып отырған құбылысқа қатысы бар фактілердің бәрін жинап,
оларды салыстыра отырып, зерттеліп отырған феноменді сипаттаушы
ретінде ұқсас жақтарын,қайталанып отыратындарын,ортақ қасиеттерін
бөліп қарастырады. Сонымен бірге әлеуметтану олар соншалықты әртүрлі
болғанымен,барлық діндерге тән қандайда бір ортақ қасиеттерін анықтау
мүмкін емес екендігін көреді. Айталық,мысалы, мұсылман және христиан
діни дүниетанымдарына тән дүниенің бөгде және о дүниелік болып бөлінуі
буддизм немесе индуизм дінінде жоқ.Қандай да бір дінде адамдардың
ғажайыпқа негізделген қоғамдастықтарға ұйымдасуы еш анықтамаға
келмейтін жағдайлар көп кездесетін басқа да мысалдар бар.
Әлеуметтанушылар мен басқалар арасында да діннің шіркеу,құдай,діни
сенім сияқты жекелеген элементтерін анықтау кезінде үлкен пікірлестік
байқалса,бірақ сонымен қатар діннің өзін тікелей анықтауда үлкен
келіспеушіліктер байқалады.Діндер түрлі қоғамдарда немесе әртүрлі
тарихи кезеңдерде бірдей қызмет етіп отырды ма деген сұраққа әзірге
сенімді жауап жоқ.Әлеуметтану беретін немесе беруге мүмкін діннің
анықтамасын жеткілікті және мейлінше толық деп қарастырмау
керек.Өйткені дін әлеуметтік аспектімен –қоғаммен өзара әрекеттесу
процестерімен,сондай-ақ дінді зерттеудегі әлеуметтанушылық әдістер
шеңберімен шектелген сұрақтар тұйықталмайды.Дін әлеуметтануының
ғылыми пән ретінде қалыптасуы көбінесе еуропалық қоғамдағы
әлеуметтік,экономикалық және мәдени процестерге байланысты.Бұл
сұрақтарды шешуге елеулі талпыныстардың бірін О.Конт (1798-1857ж.ж.)
жасады.Ол әлеуметтік өмірді зерттеуге жаратылыстану ғылымдары қолданып
жүрген индуктивті әдісті қолдануды ұсынды.Діннің рөлі және әлеуметтік
тәртіптің негізінде не нәрсе жатыр деген сұраққа О.Конттарихтың үш
сатысы жайлы заңындажауап берді.Бірінші саты –діни немесетеологиялық
жағдай,онда адам санасында дәлелсіз ойға негізделген
оқиғалар,субъективтік негізсіздіктер үстемдік етеді.
Екіншісі–философиялық метафизикалық жағдай,онда абстракция,дөрекі
шынайылық ретінде қабылданады. Үшіншісі –позитивті, онда ғылымның
көмегімен қолда бар жағдайларға дұрыс баға беруге қол жеткізіледі.Осы
үшсана жағдайыныңәрбірі бүкіл әлеуметтік ұйымдасудың негізін
құрайды.Дін және позитивті білім,ғылым арасындағы жанжалдың міндетті
түрде болатындығын мойындай отырып, сонымен бірге оның дами түсуі
діннің құлдырауына және міндетті түрде оның өліміне алып келеді дей
отырып,Конт әлеуметтік байланыстардың ыдырау қаупін болжады.
К.Маркс(1818-1883ж.ж.)дінді қоғаммен өзара байланыстыра
қарастырды,бірақ оның түсінігінде ол екі дербес өмір сүретін шаманың
өзара әрекеттесуі болған жоқ. Маркс,шын мәнінде алғаш рет дін өзінің
табиғатымен әлеуметтік феномен болатынын көрсетті.Ол қоғамдық
байланыстар,қатынастар жүйесіне енгізілген және оның түп-тамыры
әлеуметтік құрылымдарда.Діннің түсіндірмесін содан іздеу
керек.Жаратылыстан тыс,қасиет туралы көзқарастар осындай негізде пайда
болады:дін аспан есебінен емес,жер есебінен өмір сүреді.
Дінді әлеуметтік феномен ретінде түсіну оны қоғам өмірінде әбден
шынайы функциялар орындайды,белгілі бір қажеттіліктерді
қанағаттандырады деп түсінуді білдіреді.Маркс осылайша дінді
зерттеудегі функцианалдық әдістің негізін қалап кетті.Маркстің пікірі
бойынша, дін –идеология,ол оның ең ежелгі, тарихи алғашқы нысаны.Оның
әлеуметтік қызметі – идеологиялық қызмет:ол оны ақтайды немесе
сонысымен қолда бар тәртіптерді заңдастырады немесе оларды
сынайды,оларға өмір сүру құқығын беруден бас тартады.Ол қоғамдық
дамудың тежеушісі ретінде қызмет атқара отырып, әлеуметтік
конформизмді сіңіруі мүмкін немесе әлеуметтік наразылықты ынталандыруы
мүмкін.К.Маркстің діннің шарасыз өлуі немесе оның жеңіске жеткен
жұмысшылар тарапынан жойылуы жайлы айтарлықтай қатаң түрдегі
қорытындысы осыдан шығады.Көріп отырғанымыздай, олай болған жоқ,және
болып та жатқан жоқ,оған қоса О.Конт айтқандай,олардың діннің дәл сол
әлеуметтік қызметтерін иелену арқылы діни идеологияның басқа
жүйелермен ауыстырылуы болып жатыр.
Он тоғызыншы ғасырдың екінші жартысында еуропалық қоғамда діннің
жағдайы айтарлықтай өзгере бастады.Мұндай фактор ретінде діннің
жағымды рөлі жайында әлеуметтік қатынастарды,өрлеу,тұрақтылық пен
тәртіпті жете түсінуге әрекет жасаған ғалымдар айта бастады.Француз
ойшылы Эмиль Дюркгеймнің (1858-1917ж.ж.)көзқарасы тұрғысынан,дін
қоғамның ынтымақтастығы мен оның тұтастығы үшін маңызды әлеуметтік
қажеттілікке жауап береді.Діннің шығу көзі –қоғамның өзі.Ол дінді
қасиетті немесе қарапайымнан бөлінген тыйым салынған заттарға қатысты
сенімдер мен нанымдардың тұтас жүйесі ретінде анықтайды.Олар артынан
ерушілердің барлығыншіркеудеп аталатын моральдық қауымдастыққа
біріктіреді.Ол әлеуметтік сезімді оятады,ұжымдық көзқарастарды
қалыптастырады.Дінде адамдарға тән жай заттарды құдай деп тану
қасиеті жүзеге асады,оларға қасиетті мән беріледі,соның арқасында
олар қоғамды тұтас ортаға топтастыру қызметін атқара алатын
болады.Олар салт-жоралық әрекеттердің, құрметтеудің,ізгілік көрсетудің
ерекше объектісіне айналады.Олар сол әлеуметтік топтың нышаны ретінде
қасиетті,оларда өмір және оның құрамына кіретін адамдар әл-ауқатының
жақсаруы іске асырылады.Әлеуметтік өмір өзінің табиғатынан ұжымдық
болып келеді.Осылайша дін басқалардан өзінің қасиетті объектіге
бағыттылығымен ерекшеленетін айрықша әлеуметтік әрекет болады.Бірақ
сенімнің қасиетті объектісін құрметтеу –ол шындығында өз әлеуметін
құрметтеу,оның мықтылығы –топтың ұйымдасып өмір сүруі жалғасуының
кепілі,бұл оның әрбіреуінің және барлығының үстінен талассыз билігін
мойындау.Сонымен діннің шығу көзі –адамдардың өмір сүруінің әлеуметтік
тәсілі.Э.Дюркгейм шындығында әлеуметтік және діниді теңдестіре
отырып,дінге кеңейтілген түсіндірме береді.Ол діннің рөлі мен әсерін
нақтылы тарихи тұрғыдан бағалау талаптарын қояды.Әлеуметтіктің дінимен
бірлігінің ажырау өзгерісі болып жатыр,мұнда саяси,экономикалық және
ғылыми қызметтер діни қызметтерден біртіндеп босанады,және ол бірте-
бірте айқын көрінген зайырлы сипатқа ие болады.Сонымен, қоғам өмірінің
бүкіл саласының діннің әсерінен құтылуының үздіксіз процесі бар
екендігі мойындалады.Солай бола тұра,Э.Дюркгеймнің пайымдауындағы бір
нәрсе –бұл процестің дамуы діншілдіктің аяқталуын білдірмейді.Оның
ойынша,дін К.Маркске қарағанда,мәңгі өмір сүреді.Қоғамның бірлігі мен
жеке даралығын айқындаушы ұжымдық сезімдер мен идеяларды үнемі
тірілтіп,нығайту қажеттілігін бастан кешірмеген қоғам өмір сүруі
мүмкін емес.Ол бұл процестің нәтижесінде діннің және құдайдың орнына
адамгершілік дінніңкелетініне сенді.
Дюркгейммен қатар,неміс ғалымы М.Вебер (1864-1920ж.ж.)дін
әлеуметтануының негізін салушы болып саналады.Ол әлеуметтануды
әлеуметтікке айналатын әлеуметтік мінез-құлық жөніндегі ғылым деп
қарастырды.М.Вебер дінді зерттеуде әлеуметтанушылық ыңғайдың
ерекшелігін қалыптастырады.М.Вебер тұрғысынан әлеуметтанушы теолог пен
философқа қарағанда,діннің шығу көзі жайлы мәселеге араласпау керек
және діннің қандай да бір метафизикалықмәнінемән бермей,оның өмір
сүру жағдайын қарастыруды немесе проблеманы сену объектісінің
шынайылығымен,құдай болмысы т.б.мәселелерді шешумен алмастыру
керек.Басқаша айтқанда,дін әлеуметтанушы үшін тек адамдардың
әлеуметтік мінез-құлқы дәлелденуінің ерекше түрі ретінде ғана қызық
болады. Сонымен,М.Вебер бойынша,әлеуметтану діннің шынайылығы мен
жалғандығы, оның шығу көздері жайындағы мәселені
қозғамай,көзқарастардың діни идеялармен ынталандырушы әсерін
зерттеумен, олардың қоғамдық өмірге әсерін анықтаумен шектелуі
керек.Дін әлеуметтануының пәніне мұндай баға беру –діннің әлеуметтік
қызметін Вебер бойынша түсіндіруге негізделеді.М.Вебер дінді мәдени
жүйенің белгілерін сәйкестендіретін әлеуметтік-мәдени институт ретінде
қарастырды,яғни білім саласын,нышандарды және жеке адаммен қоғамның
құндылықтарын анықтайды және сонымен бірге ол өзінше әлеуметтік
институт ретінде қызмет атқарады. М.Вебер дінді құндылықтардың
бастапқы негізі ретінде көрсетеді және осы тұрғыда ол әлеуметтік
әрекетке мән берудің ең маңызды амалдарының бірі болып табылады,оның
мағынасы мен мақсаттарын анықтайды. [4.] Осыдан келіп діни
нұсқаулардың негізінде адам өмірінде болып жатқан оқиғалардың бәрі өз
тарапынан өмірлік маңызды немесе маңызды емес болып
жіктелінеді.Дүниеге діни түсіндірме беру –ондағы бағыт ұстануды және
мінез-құлықты реттеу құралы болып табылады.Дін дүниенің белгілі бір
бейнесін суреттейді және сонымен қатар құндылықтар мен нормалардың
жүйесін ұсынады және соларға сәйкес бір әрекеттерге тиым
салынады,екіншілерге рұқсат беріледі.Сонысымен ол адам мінез-құлқының
моральдық нормаларын құрады.
Діни әлеуметтанудың негізін қалаушылардың қатарына Б.Малиновский
де(1884-1942ж.ж.)жатқызылуы тиіс.Дінтанушылар Дж.Фрэзер және оның
соңынан Л.Леви-Брюльдің есептеуінше адамның дамуының ертеректегі
сатысында оның санасы прологиялық сипатта болды және сиқырлық (магия)
хабарсыздық пен надандыққа негізделеді,одан көмек сұраған адамның
талпынысын сәтсіздікке ұшыратады.Сиқырлық пен діннің айырмашылығын
көрсете отырып Б.Малиновский дін адамның әлеуметтік табиғатына
негізделеді, ол сиқырлықты өлімге ұшыратып оның орынын басады деп
санады.Ол адамдар шындығында да олардың әрекеті өзіне бағынышты
болған жерлерде -өзінің бау - бақшасында,балық аулауда кәдімгідей
ұтымды ойлайтынын көрсеттіДінге және мәдениетке,жалпы фукционалдық
көзқарасқа сәйкес, өркениеттің әрбір түрінде әрбір әдет-
ғұрып,идея,сенім-нанымдар бірқатар өмірлік қызмет атқарады.Оның ішінде
ең басысы –қоғамдық тәртіптіліктің тұрақтылығын сақтау. Малиновскиймен
келісер болсақ,сиқырдың қызметі адамға бағынбайтын үмітсіз
жағдайды,үрей –қорқынышты жеңуге үміттенуге көмектесіп,қиыншылықтардан
өте білуінен тұрады.Функционализм тұрғысынан дін сол сияқты рөл
атқарады:ол Дюркгеймдегі секілді қоғамның бірігу факторы болып
табылады.
Жоғарыда келтірілген дін әлеуметтануының негізін салғандардың
еңбектері оның кейінгі барлық дамуын,зерттеудің негізгі бағыттарын,
проблематикасын,әдіснамасын анықтады.Он тоғызыншы ғасырдың соңы мен
жиырмасыншы ғасырдың басында дін әлеуметтануы жеке пән ретінде
қалыптасты.Әлеуметтану дінді–қоғамға қатынасында қарастырды,оның
қоғамдық өмірді ұйымдастырумен байланысы тұрғысынан талдайды.Бұл
байланыс екі жақты болады.Қоғамның дінге әсер етуі қалай
бағаланып,түсіндірілмесін, әлеуметтану мұндай әсер ету фактісін
мойындамай тұра алмайды.Діннің әлеуметтік тәртіптің құрылуындағы,оны
ұстап тұруы мен өзгерісіндегі,тұлғаның іс-әрекетінің қалыптасуындағы
рөліне баға беру мен түсіндіру әртүрлі болуы мүмкін,алайда діннің
қоғамда қызмет етуі әлеуметтану тұрғысынан талдаудың басты пәнін
құрайды.
2.1.Қоғам құрылымындағы діннің әлеуметтік функциялары.
Дін қоғамда әлеуметтік организм өмірінің бір көрінісі ретінде
өмір сүреді.Дін мен қоғам арасындағы байланыстың екі дербес
шамалардың әрекеттесуі ретінде қарастырылуы дұрыс болмаған еді.Дін
–одан оқшаулана алмайтын қоғамдық өмірдің бір бөлігі,ол қоғам өміріне
соншалықты сіңісіп кеткен.Солай бола тұра,қоғам мен діннің мұндай
байланысының сипаты мен дәрежесі оның дамуының әр түрлі кезеңінде
біркелкі болмайды.Діннің атқарып отырған қызметтерін, егер мәселе
дамыған қоғам жайында болса,олардың қоғамда қызмет атқарушы басқа да
әлеуметтік жүйелер мен институттармен етене араласуы тұрғысынан
қарастыру керек,ал егер дамушы қоғамда болса,орта ғасыр кезіндегідей
діннің жаппай билеп-төстеуі сияқты емес,сәйкес немесе ұқсас жолдары
бойынша қарастыру керек екендігін білдіреді.
Мұндай көзқарас былай деп ұйғарады:біріншіден,діннің қызметі кез-
келген әлеуметтік әрекет белгілі бір құндылықтарға бағыт ұстанған
субъективті ойдан өткізетін әрекет болып табылады деген негізгі
фактілермен ара қатынасы белгіленуі керек.Қоғам ұғымы қатаң
әлеуметтанушылық мағынада топ мүшелері мен топтар арасындағы көп
бейнелі әлеуметтік қатынастардың етене араласып кеткендігін
білдіреді.Бұл қатынастардың күрделілігі дін мен мәдениеттің
әрекеттесуінен көрінеді.Егер Вебермен келісе отырып,қоғамды жеке
адамдардың әлеуметтік әрекеті ретінде қарастыратын болсақ,онда дін
олардың әрекетінің аумағы мен өнімі ретінде елестетіледі.Жеке адам
әрекетті бастама ретінде көреді,әрекеттілік оның тарапынан келіп
шығады. Мәдениет болса,мәжбүрлі түрде әрекет етушіні реттеу нормалары
ретінде өмір саласының қалыптасып қалған амалдарын белгілейді,ол жеке
адамға сырттан берілгендей болады.Осы тұрғыда дін әрекеті және
әлеуметтік феномен болады. Яғни,қоғамның өмірлік әрекетінің
туындысы,одан кейін адамға сырттан берілген және міндетті түрдегі
қарсы тұратын секілді.Дін бұл тұрғыда мәдениет түсінігімен ара
қатынасын белгілейді.Жоғарыда айтылғандардың негізіндедін және
қоғаммәселесі көбінеседін мен мәдениеттіңбір бөлігі болып табылады.
Дін әлеуметтік-мәдени байланыстардың бір буыны,оның қызмет етуі
олардың құрылымын және пайда болуын түсінуге мүмкіндік береді.Дін
әлеуметтік қатынастардың пайда болуының және қалыптасуының факторы
ретінде көрінеді,біріншіден,қандай да бір әлеуметтік қатынастардың
белгілі бір нысандарын заңдастыру факторы ретінде,екіншіден, қоғамның
тұрақтылығын ұстап тұруға мүмкіндік беретін және оның өзгерісін
ынталандырушы фактор ретінде қарастырылуы шарт.Бұл діни белсенділіктің
негізінде діннің басты қызметтерінің қатарына жататын –мағыналық
пайымдау қызметі жатады,ол Вебер,Дюркгейм және басқа да қазіргі
заманғы діни әлеуметтанушылардың түсінігінде діннің негізгі қызметі
болып табылады.Дін –адам өмірін саналы қылатын нәрсе,ол оны ең маңызды
құрамдас бөлігі мағынасыменқамтамасыз етеді.Бұл діннің дүниенің
(ғарыштың,универсумның)бейнесін беруінің арқасында болады, онда
әділетсіздік, қайғы-қасірет көру,өлім,менің өмірімді қайғылы
сәтсіздікке алып келеді деген сияқты.Егер қайғыру және өлім мағынаға
ие болса, егер адам оның мәні неде екенін білсе,онда қайғыруды жеңе
отырып,адамда өмір сүруге деген жігер пайда болады.Адамның не үшін
өмір сүріп отырғанын білуі оны күшті қылады.Адам егер ешнәрсесі жоқ
бостықты сезініп,өзімен не болып жатқанның мағынасын түсінуден қалған
кезде ол әлсіз, дәрменсіз, абыржу жағдайында болып,өзін-өзі жоғалтқан
қалыпқа түседі.Сол сияқты, егер адам, оның кездейсоқ жолы болып өзінің
бақытты жеребе үшін еңбегі сіңгенін сезбесе, онда өмір мағынасыз
болады.Осы жағдайда да өмір мағнасыз болады,өйткені барлық іс соқыр
кездейсоқтықтан басталады, ешнәрсе сенімді емес.
Дін адамдарға біздің әлемімізде өмір сүретін басқа адамдар арасынан
оның құрамына енетін топтың мәнін көрсете отырып,өздерінің кім
екендігін түсінуге көмектеседі.Діннің осы біріктіруші және адамның
өзін-өзі анықтауына мүмкіндік беретін қызметі индустриалдыққа дейінгі
қоғамдарда ерекше күшті әрекет етті.Мысалы,американдық дінтанушы -
әлеуметтанушылар плюралистік американдық қоғамда бірде-бір дәстүрлі
діндер бұл мақсатты орындай алмай отырғанын айтады.Әлеуметтің
сипатымен бірге өзгеруінен дінде өзінің қызметімен өзгеруде.Сондықтан
діннің біріктіруші қызметі қазіргі қоғамда ең бір маңызды болып
сақталуда,бірақ ол өзінің іске асыру амалдары мен нысандарын
өзгертуде.Дін қоғамның нормалары мен құндылықтарын насихаттай отырып,
тұрақтандырушы функциясын атқарады және адамның моральдық міндеттерді
орындауы үшін алғышарттар жасайды.Дінді бұлай түсіну Р.Беллдің
анықтамасында көрініс береді.Ол анықтама бойынша, дін тұтас әлемді
қабылдау үшін символикалық жүйені және жеке адам мен әлемнің ортақ
тұтастығы ретінде байланысын қамтамасыз етеді,ол жерде өмір және
әрекет белгілі бір соңғы мағынасына ие болады.Қазіргі заманғы көрнекті
әлеуметтанушы П.Бергердің сөзімен айтсақ,діни нышандар мен түсініктер
белгілі бір мағына бере отырып, әлеуметтік тәртіппен әлеуметтік
әлемнің тұрақтылығына кепілдік беріп,қандай да бір қасиетті шымылдықты
көзге елестетеді.
Қоғамның тұрақтылығы төрт деңгейдегі қызметтердің орындалуымен:
бейімдеуді,мақсатты бағыт ұстануды,қоғаммен бірігуді және мінез-
құлықтың институтциоланған мәдени үлгілерін орындаумен қолдауды
қамтамасыз етумен орнығады.Бейімделу –ол қоғамның өмір сүру
ортасына,ең әуелі табиғи ортаға үйренуі;бұл міндетті қоғам ішіндегі
экономикалық шағын жүйе шешеді.Мақсатты бағыт ұстану –ол жерде жеке
адамның қоғам үшін қиратушы,өзінің жалпы мақсаттарымен бәсекелесуші
жағдайларды жете түсінбеуін қамтамасыз ету;қоғамдық жүйе ішінде бұл
қызметті орындауға отбасыда қатысқанымен,оның негізінен саяси шағын
жүйе орындайды. Ықпалдасу –ол бір-бірінен тәуелсіз белсенді тұлғалар
арасындағы келісімді қамтамасыз ететін әрекет ету құрылымын жасау
арқылы жанжалдар мен шашыраңқылық қаупін болдырмауды білдіреді.
Функциялар институтционалды түрде жіктелетін дамыған қоғам шеңберінде
бұл қызметті әлеуметтік рөлдердің нормативтік анықтамаларын белгілей
отырып,құқықтық шағын жүйе қамтамасыз етеді
Сайып келгенде,егер де оның мүшелерінің әрекеті белгілі бір
деңгейде шектелмесе,егер де олардың әрекеті өз бетінше және шексіз
өзгеріп отыратын болса,ешқандай жүйе өмір сүре алмайды.Жүріс-тұрыстың
белгілі бір заңдастырылған түрлерін сақтап және орындап отыру
керек.Парсонс бұл проблема құндылықтардың әлеуметтік емес мәдени
жүйесіне қатысты екендігіне назар аудартты.Бұл мінез-құлықтың мәдени
үлгілерін қолдану міндетін Парсонс діннің мәдениетті таратушы қызметі
саласына жатқызады,өйткені ол саясатқа немесе құқыққа қарағанда адам
мінез-құлқын оның нақтылы мақсаттар мен жағдайларға қатысты
жекеліктің, партикулярлықтың шеңберінен шығатын нәрселердің ара
қатынасын белгілеу арқылы реттейді.Қандай да бір нормалардың дұрысына
немесе бұрыстығына сілтеме жасау жеткіліксіз.Діннің міндеті –қандай да
бір норманы заңдастыру емес, нормативтік тәртіптің өзін
қабылдау.Тиісінше сөз мінез-құлықты саяси құқықтық немесе экономикалық
реттеуге қарағанда діннің тереңірек жайында айтылып отыр. [4.] Ең
алдымен,ойдан шығармайтын нәрсе –дінді функционалдық тұрғыдан түсіну
–жеткіліксіз түрде негізделген алғышарт негізінде
құрылады:функционализм мықты қоғамдық ынтымақтастық пен тұрақтылық тек
рухани-мәдени факторлар,идеялар, құндылықтар, мағыналар, нышандар
жүйелерінің көмегімен қамтамасыз етілуі мүмкін дегенге сүйенеді. Дін
бұл тұжырымдамада жан-жақты фактор ретінде қызмет етеді.Өйткені қоғам
алдын ала діни шектеулерсіз басқаша қызмет ете алмайтын қандай да бір
мәдени –рухани тұтастық ретінде түсіндіріледі.Функционализм әділетсіз,
біржақты болып қалады.Ол мысалы,адамға табиғатынан тән және тарихи
дамыған қажеттіліктер,белгілі бір мүдделерді қанағаттандыру және оны
келістіру негізінде,яғни сол әлеуметтік-мәдени жүйенің механизмі
арқылы қоғамның нығайып, бірігуі мен тұрақтылығы мүмкіндігін
елемейді.Бұған тағы эмпирикалық мәліметтер қоғамның –моральдық
жағдайына діннің әсері бүгінгі күнде айтарлықтай әлсіз екенін
куәландыратынын қосқан абзал. Шамасы қоғамның бірігуін бірқатар
факторлар қамтамасыз етеді (немесе қамтамасыз етуге ықыласты).Бұл
тарихи өзгермелі жағдай.Мысалы әлеуметтанушылар қазіргі дамыған
демократиялық қоғамда ықпалдасудың белгілі бір деңгейін көп мөлшерде
заңдар қамтамасыз ететінін,жалпылама құндылықтардың(адам
құқығын)таратушы рөлін көп мөлшерде құқықтық институттар өз қолына
алуда екенін айтуда.Бұл қоғамның секуляризациялануының бір
көрінісі.Тағы бір проблема дін қоғамдық ықпалдасудың факторы ретінде
ғана болмай,сонымен қатар кері ықпалдану қызметін атқаруымен
байланысты болып отыр.Жалпы нысанында дін тіпті кері қызметті болуы
мүмкін екенін айтуға болады,мысалы,экономика саласында еңбекті
ұйымдастырудың қазіргі заманғы әдістерін,техникаларын енгізуге кедергі
бола отыра,қоғамның экономикалық тоқырауын күшейтуі мүмкін.Яғни,діннің
қандай түрі болмасын атқаратын қызметтері қоғам үшін жағымды
да,жағымсыз да мәнге ие болуы мүмкін.
Дін ықпалдасу мен тұрақтылық әкелуші емес,қиратушы,жанжал
әкелуші фактор ретінде әрекет етуі мүмкін екендігін айғақтайтын
фактілер жанжалдар теориясы шеңберінде қарастырылды.Проблеманы таптық
күрес аспектісі арқылы шешкен К.Маркстің пікірінше,дін тарихи
қажеттілік,оны таптық күрес арқылы төңкерістік қайта құруды талап етіп
отырғанда,ол әлеуметтік ықпалдасудың факторы ретінде қызмет етуші және
билеп-төстеуші таптарға қоғамның тұрақтылығын ұстап тұруына
көмектесетіндіктен,жағымсыз рөл атқарады дейді.Дін өмір сүруші
қоғамдық құрылымды ақтайды,онымен татуластырады.Сыни көзқарасты
оятудың орнына,мойындауды миына құяды.Ал бұл нәрсе түбінде қоғамды
жанжалға алып келеді.Қоғам жанжалдармен,күш көрсетумен,түрлі топтар
арасындағы билік үшін күрестермен сипатталады.Діни топтар бір–біріне
араз топтардың мүдделері қарама-қарсы тұратын, соқтығысатын жүйенің
бір тетігі.Діни айырмашылықтар тамыры терең жанжалдарды сырттай
безендіру ретінде қарастырылады.Бұған мысал ретінде христиан
елдеріндегі еврейлерді қудалауды келтіруге болады,оның түбінде
экономикалық фактор жатты, Ирландиядағы протестанттар мен католиктер
арасындағы дау-дамай, ортодокстармен дін бұзарларарасындағы күрес
және басқалар. Этникалық және топтық айырмашылықтар діни
айырмашылықтармен шиеленісіп кеткен уақытта жанжалдар айрықша өткір
сипат алады.Діни жанжалдар сыртқы көрінісінде этникалық немесе таптық
негізде қақтығысуды бүркемелеуі мүмкін. Дін дінаралық жанжалдармен
қатар,оның сауатты қоғамда өмір сүруімен байланысты жанжалдарды да
тудырады.Дін жолын ұстанушылық діни ережелерді сақтаумен заң
арасындағы жанжалға алып келуі мүмкін. Мұндай бейнедегі мысалдарды
діни мінез-құлықтың ортақ ережеге бағынатынын көрсету үшін жанжал
теориясының жақтастары ұсынып отыр:кез-келген мінез-құлық өзімшілдік
мүдделерді басшылыққа алады.
Сонымен әлеуметтік жанжал және әлеуметтік ықпалдасу бір үлгінің екі
жағы ретінде көрінеді және бір-бірімен байланысты тұрғыда қарастырылуы
керек.Мұндай үрдіс айрықша айқындылығымен,былайша айтқанда,ислам
аймағында орын алуда,бұл жерде ол экстремизм және қарулы қақтығыс
сипатына ие болуда.Жанжалдар тек діни топтар арасында ғана болмайды,
сонымен бірге олардың ішінде де болады.Топ ішіндегі әлеуметтік мінез-
құлықтар көбіне жеке адамдардың өзімшілдік мүдделерін қанағаттандыруға
ұмтылуының нәтижесі болып табылады және билік, артықшылық,мәртебе үшін
күрес барысында жанжалдар туындайды. Мысалы,діни топтардың
көпшілігінде (ортодоксальді иудаизмге қатысты, православиеде,католик
шіркеуінде, протестанттық конгрегациялардың көпшілігінде, исламда
солай)ер адамға басым рөл беріледі, әйел адам дін қызметкері бола
алмайды.Қазіргі заманғы қоғамда діни өмір консерватор - дәстүршілер
мен модернистер,діни жаңару мен ренесанстардың жақтастары арасындағы
жанжалдармен көрініс береді.Әдетте,олардың арасындағы күрес таза
теологиялық пікірталас шеңберінен шығып кетеді және дін басыларының
әлеуметтік саяси бағыт ұстануының біртекті еместігін көрсетеді.
Дін ішіндегі жанжалдар көбінесе қоғамдағы өзгерістердің де көзі
болып келді, оған әулиелік діндер мысал бола алады.Көне өсиетте
әулиелер,құдай әлеуметтік теңдікті көреді,оны құдай жасап берді,ал
адамдар оны бұзды деп жария еткен.Әулиелер үлкен әділеттік үшін
қоғамды өзгерістерге шақырды және төмен кедей таптардың мүдделерін
қорғаушы ретінде алға шықты.Осыған орай дін әлеуметтануы харизмалық
жетекшілердің рөлі туралы мәселеге ерекше назар аударады. Вебер
харизмадан әлеуметтік тұрақтылықтың іргелі қарсы әсерін және
өзгерістердің маңызды бастамасын көрді.Дін қоғам тұрақтылығының
факторы ретінде ғана емес(бұл жерде функционалистер оның негізгі
қызметін жиі көреді), сонымен қатар,әлеуметтік өзгерістердің қайнар
көзі болып қызмет етеді. Мысалы,Вебер протестанттық реформацияның
шешуші рөлінкапитализм рухынжасауда кальвинизмнің ерекшеліктеріне
негіздеді және нәтижесінде Еуропа тарихында жаңа дәуір мен
индустриалдық өркениеттің дамуының басталуын білдірген орасан зор
тарихи алға басушылықты дәлелдеді.Басқаша түрдегі мысалдар да
келтіруге болады.Алайда діни тұрақтылық көбінесе бүкіл қоғам үшін
сөзсіз үлкен игілік бола отырып,радикалды саяси қозғалыстарға өзін
балама ретінде көрсетті,ал белгілі бір жағдайда функционалды түрде
қоғам үшін пайдалы болатын тұрақтылықты қиратуға бағытталған
қозғалысқа қосылуы мүмкін.АҚШ-тағы Мартин Лютер Кинг бастаған
негрлердің азаматтық құқық үшін күш көрсетусіз түрде болған қарсылығы
апартейдке қарсы болған діни қозғалыспен байланысты болды.Егер діни
идеологияда барлық адамдар құдай алдында тең деп айтқанымен
де,әлеуметтік, ұлттық теңсіздік құқығын шектеушілік болатын болса,онда
жапа шегуші топ өкілдері үшін құдай алдында адамдардың бәрі тең дегені
жайындағы діни оқылымдар теңдік үшін,бостандық үшін күрестің рухани
себепкері ретінде қызмет етуі мүмкін.Сонымен,егер функционалды теория
діннің тұрақтылықты ұстап тұратын фактор ретіндегі рөліне назарын
шоғырландыратын болса, жанжалдар теориясы оның өзгерістердің шығатын
көзі ретіндегі рөліне назарын шоғырландырады.Жанжалдар теориясы өз
назарын қарама-қарсылықпен күреске шоғырландыра отырып,оларсыз қоғам
өмір сүруге қауқарсыз деп, ынтымақтастық пен кооперацияны түсіндіруде
айтарлықтай қиыншылыққа тап болады.Діннің қоғамдағы рөлі тек
функционалдыққа немесе тек дисфункционалдыққа келіп тірелуі мүмкін
еместігі анық.Діннің кері ықпалдасудың,қиратудың, жанжалдың факторы
ретінде көрініп жататын жағдайлары оны әлеуметтік патология қатарына
қосу үшін негіз болмауы керек.Діннің жіктелуі мен теңсіздікке
көзқарасын біз бірқатар жағдайларда, шындығында,әлеуметтік бөлінудің
діни заңдастыруы бар екендігінен көреміз.Бұған мысал ретінде көбінесе
Үндістандағы касталық жүйе келтіріледі.Онымен бірге дін құлдықпен
нәсілшілдікті тікелей ақтап алу үшін пайдаланылғандығы белгілі.Алайда
дін әлеуметтік теңсіздіктің түрлі көріністерін қатаң түрде
айыптап,сөккені жайында да мысалдар келтіруге болады.Діни сенімнің
түрлі әлеуметтік жағдайлармен қатынастарды ақтап алатыны,нақты
бишаралықтың да,оған қарсы наразылықтың да көрінісі ретінде қызмет ету
мүмкіндігі айқын (Маркстің сөзімен айтқанда).Бұл діннің әлеуметтік
негізі бар екендігін және оның қызметтерінің әлеуметтік айқындалғанын
тағы да дәлелдейді.
Діннің саясатқа қатынасы түрлі аспектілерде зерттелген.Мемлекеттің
пайда болуы мәселесі ерте кезеңдерде діни тұрғыдан қарастырылды.Алайда
деректі тарихқа жүгінер болсақ,ол жерде дін мен саясат архаикалық
мәдениет заманынан бері екі дербес сала ретінде көрінеді.Онымен
қоса,саяси билікті заңдастыру қажеттілігі туындайды,бұл қызмет белгілі
бір қатынастарда саяси элитамен бәсекелестікке түсе алатын ерекше
топтың,діни кәсіпқойлармен дінбасыларының қолына шоғырланды.Алайда
мемлекеттік ұйымдасқан қоғамдардың көбінде саяси элитаға діни жағынан
шынайы қауіп тудыру өте сирек болды.Сонда да дін басыларының саяси
кеудемсоқтықтарының белгілі бір жағдайларда күшейе түсуі(былайша
айтқанда, құтқарушы діндерде олардың нақтылы тарихи күштердің әрекет
ететін саласынан тыс жататын бұл әлемдік емес мақсаттары құдай
патшалығы деген ұстанымдарымен) әбден мүмкін. Осындай негізде өзін
шіркеуге саяси жақындығы бар зайырлы биліктен жоғары қоятын
теократиялық мұрат түріндегі баламаның қалыптасуы мүмкін.Әсіресе
Исламда азап шегу мен қарама-қайшылықтарда рухани және зайырлы
биліктің тең ұстанымдарының қалыптасуы жүреді,ол жерде о бастан діни
шектеулер қасаң қағидашылық түрінде бекітілген. [5.].
Қазіргі қоғамда діни және саяси институттардың өзара қатынасы келесі
екі аспектіде қарастырылады.Біріншісі –діннің сол қоғамның
құндылықтарын негіздеумен қолдау қызметін орындауымен байланысты.Бұл
құндылықтар заңға және билікке қатысты көзқарасқа әсер ете
отырып,саяси әрекетке(қарсы шығу немесе қолдау)тартылған.Екіншісі
–діннің саясатпен,қандай да бір әлеуметтік топтардың ықпалының
күшеюіне байланысты мүдделерін білдіруші институт ретінде қатыстығын
анықтау.Діни ұйымдар,институтционалды діни ұйымдарды қоса
алғанда,белсенді идеологиялық әрекет арқылы саясатқа араласады,
адамдардың ақыл-ойы үшін идеологиялық шайқастарға қатысады.Діни топтар
қалай болғанда да түрлі нысандарда және түрлі дәрежеде қоғамның саяси
өміріне қатысады.Бұл қатысу діни идеологиямен немесе оның қызмет
етуінің объективті жағдайларымен анықталады.Қатысу саяси енжарлықтан,
араласпаушылықтан халықтың белгілі бір бөлігінің биліктен жатсынғанын
білдіретін бұл топтардың қатыстырылмауынан көрінуі мүмкін.Қазіргі
тарихи кезеңнің ерекшелігі этикалық өлшемдермен санасатын саясатқа
қажеттілік болып табылады.Моральдық міндеттемелерге тәуелді болмайтын
саясат ядролық ғасырда өте қауіпті.Осыған байланысты діннің саясатқа
саяси күштердің күресінде төреші рөлін орындаушы этникалық фактор
ретінде әсер етуі ұлғая түседі.
Діннің экономикамен де ерекше байланыстары бар.Вебердің
шаруашылықтың капиталистік жүйесінің пайда болуында протестантизмнің
рөлі туралы зерттеуі дінмен экономика арасындағы әрекеттесуге көңіл
бөлуді күшейте түсті.Бұл бағыттағы жұмысты Р.Белла жалғастырды.Ол
жапон дінінің белгілі бір белгілері елдің жылдам экономикалық дамуында
маңызды рөл атқарғанын көрсетуге ұмтылыс жасады.ол жапондық
самурайлардың Діни - этикалық жүйесінде протестанттық этиканың
баламасы бар екенін көрсетті. Олар Р.Белланың болжауынша,Жапонияда
капитализмнің дамуына жол ашты. Вебер ұсынған бағытпен қатар экономика
саласында сиқыршылық әрекеттердің рөлін де зерттеу жүргізіліп
жатыр,этнологтар бұл әрекеттер қажетті түрде тиімді және қоршаған
әлемге бейімделуді қамтамасыз ете алушы бола алатынын көрсетті.
Жалпы діннің басқа әлеуметтік институттармен қатынасы проблемасының
бүкіл жиынтығы діннің әлеуметтік-мәдени өзгерістердегі рөлі деген
басты мәселелермен байланысты.Бұл мәселе діннің рөлі қоғамда болып
жатқан өзгерістердің қозғаушы күші –моторы болып табыла ма деген
мәселе жөнінде.Қазіргі уақытта бұл проблеманың тәжірибелік жоспары
үшінші әлем елдерін жаңарту процесінде пайда болатын өте өткір
қарама-қайшылықтар мен қиыншылықтарға байланысты аса
мол.Мысалы,христиандықтың бірте-бірте дамуының қазіргі фазасын
көбінесесектанттықдеп атайды.Оны діни плюрализм және дінді
жекешелендіру деп сипаттауда.Қазіргі дін әлеуметтануында діннің
қоғамға әсер етуінің екі тұтас процесі және діннің әлеуметтік
факторлардың әсерімен өзгеруі,қоғамның тарихи даму барысында өзгеруі
ретінде дін эвалюциасының тұжырымдамасы жасалуда.Дін әлеуметтануы
діннің дамушы құбылыс ретіндегі талдануына көңіл бөле отырып,ислам
дінінің зайырлы мәдениетпен және дінсізденген қоғаммен
әрекеттесуіне,қазіргі әлеуметтік-саяси процестерге,сонымен қоса
Еуразия кеңістігіндегі коммунистіктен кейінгі қоғамдар жайында ислам
ықпалының мүмкіндіктері мен сипаты сияқты қазіргі кезеңнің маңызды
проблемаларын қозғауда.

II.Қазақстандағы діни процестердің
әлеуметтік өмірге әсері.
2.1.Қазақстандағы дәстүрлі және дәстүрлі емес діндер.
Коммунистік идеология мен атеистік принциптердің жоғалуымен
Қазақстан қоғамы рухани және діни вакумге айналды.Өткен ғасырдың 90-шы
жылдарында құндылықтарды қайта бағалау,этникалық сана мен діни
идентификацияның көтерілуі көрініс бере бастады.Қысқа ғана мерзім
ішінде діни идеология Қазақстан қоғамының өмір сүру салтының элементіне
айналды.Бүгінде діннің қайта жаңғыру процесі жүруде:яғни,діни құрылыс
салу ісі,ескі мешіттермен шіркеулерге қайта жөндеу жұмыстарын жүргізу
ісі қарқынды атқарылуда. Сондықтан да діннің Қазақстан қоғамының рухани
- діни негізін қалаудағы маңызды орыны мен оның әлеуметтік өмірге
ықпалын анықтау мәселесі өзекті тақырыпқа айналуда.
Қазақстан әзірге терроризм айналып өтіп жатқан,тұрақты әрі бейбіт ел
мәртебесіне ие.Алайда бұндай позитивті жағдай жайбарақаттық пен
бейғамдықтың мәңгілік кепілі бола алмайды.Қазақстан әлемдегі ең қауіпті
аймақтардың бірі Орталық Азия аумағының бір бөлігіне жатады.Қазіргі
діни-саяси экстремистік ұйымдардың діни идиологияларын әлемге күштеп
таратуға деген әрекеттері ойланарлық жайт.Бүгінде халықаралық діни-
саяси экстремистік ұйымдар әлемдегі бірқатар елдердің ішкі тұрақтылығын
бұзуға ұмтылуда,атап айтқанда,Қазақстанға жақын аймақтар
Ресей,Тәжікстан,Қырғызстан,Өзбекста н,Шыңжаң өлкелерінде орын алған
түрлі діни-экстремистік әрекеттер соған дәлел.Бұлай болғанда
Қазақстандағы қауіпсіздікке тек терроризм ғана емес,оның салдары да
қауіпті болмақ.Сондықтан да ұлттық қауіпсіздікті жан-жақты қамтамасыз
ету үшін қоғамның өмір сүру сферасы мен бағытының барлық маңызды
жақтарын кешенді түрде зерттеп,қажетті шараларды ойластыра беру
керек.Соның ішінде дін сферасына ерекше көңіл бөлген жөн.Бүгінде
Орталық Азиядағы кейбір аймақтар әлемдегі білім деңгейі ең төмен, қатаң
саяси режим орнаған,тарихи өзара қақтығыстар соның ішінде діни
қақтығыстар жиі бой көрсетіп тұратын зонаға айналғаны шындық.Әзірге
Орта Азияда экономикалық өсу мен ішкі саяси ұлтаралық,дінаралық
татулықты қатар алып келе жатқан бірден-бір мемлекеттің Қазақстан екені
даусыз. [6.]. Сондықтан да аймақтың тұрақты дамуы мен соның ішінде
бүкіл Орталық Азия аумағындағы тұрақты дамудың нақты кепілі болып,
конфессияаралық қатынастардың үйлесімдік тапқан моделі болып танылатыны
шындық.Сондай-ақ діншілдіктің пайда болуы –ол өте күрделі, өмірдің өте
нәзік,шетін сферасы,сондықтан да ең бірінші бұл бағыттағы социологиялық
зерттеу ұйымынан дінтану проблемаларын жете түсініп алу талап етіледі.
Әлемдік тарих дәлелдегендей кез-келген өркениет пен ұлттың
қалыптасуы діни принцптерді сүйеніш еткені даусыз.Яғни,дін -
мәдениеттің маңызды факторы болып табылады.Дінмен,діни принцптермен
санаспаған қоғамның қуатты,тұрақты болуы неғайбыл.Зайырлы қоғам
принцптерін қолдай,қабылдай отырып,дінді билік институттарынан бөлектеп
алғанмен,кез-келген діни сенімнің ұлттық идиалогияны қалыптастыруға оң
әсер ететінін жоққа шығармаған жөн.
Қазіргі уақытта Қазақстандағы діннің орыны қоғамдық сана
формаларының ешқайсысынан да басымдық танытып жатқан жоқ.Ежелден бері
ел территориясында көптеген діндердің қолданыста болғаны тарихи
шындық.Алайда олардың ешбірі де мемлекеттің саяси жақтары мен
әлеуметтік- экономикалық дамуына тікелей әсер ете алған
емес.Қазақстанда Кеңестік кезеңдегі атеистік қоғамның мемлекеттік
саясаты нәтижесінде діни еркіндік принціптерін түпкілікті ұмыту,естен
шығару орын алды.Мемлекеттегі мұсылман және христиан діни
басқармаларының ресми құрылымдары,Елдегі әкімшілік- бюрократиялық
жүйенің бір тармағы ретінде мемлекеттің қатаң бақылауында болды.Өткен
ғасырдың 90-жылдарының басында Қазақстан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі заманғы қала жағдайындағы жастардың құндылықты бағдарлануы
Халықты зерттеудің негізгі теориялық тәсілдері
Саяси құндылықтар жүйесі
Қазақстан Ресейдегі 1905 - 1907 жылдардағы революция кезінде
Қазіргі қазақ қоғамындағы ислам діні
Дін саласындағы негізгі мемлекеттік саясат сектаның рухани рөліне қызмет ету
Әлеуметтанудағы маргиналдылық тұжырымдамасы
Бірінші орыс революциясының қазақ халқына тигізген ықпалы
Жастар субмәдениетімен әлеуметтік жұмыстың ерекшеліктері
Әлеуметтану обектісі
Пәндер