Интеграциялық процестің дамуындағы Қазақстан Республикасының алатын орны


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ: КІРІСПЕ
3: 3
КІРІСПЕ: І-БӨЛІМ ӘЛЕМДІК ШАРУАШЫЛЫҚТЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯНЫҢ МАҢЫЗЫ
3:
КІРІСПЕ: 1. 1 Экономикалық интеграция: мәні және даму ерекшеліктері
3: 7
КІРІСПЕ: 1. 2 Интеграциялық дамуда әлемдік тәжірибенің маңызы
3: 14
КІРІСПЕ: 1. 3 Экономикалық интеграция объективті уақыт талабы
3: 20
КІРІСПЕ: ІІ-БӨЛІМ ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТІҢ ДАМУЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ
3:
КІРІСПЕ: 2. 1 Интеграциялық бірігу процесі мен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы
3: 24
КІРІСПЕ: 2. 2 Қазақстан посткеңестік интеграциялық процестерде:мәселелері мен болашағы
3: 40
КІРІСПЕ: 2. 3 Қазақстан Республикасының интеграциялық қатнастар жүйесіндегі орны
3: 49
КІРІСПЕ: ҚОРЫТЫНДЫ
3: 55
КІРІСПЕ: ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
3: 58
КІРІСПЕ: ҚОСЫМШАЛАР
3: 60

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Егемендік алған Қазақстан басқа да посткеңестік елдер сияқты өзін халықаралық қауымдастыққа нығайту үрдісінде белсенді қатысып келеді. Бұл үрдіс мемлекеттің сан-салалы жақтарын жетілдірумен бірге, бірінші кезекте оның саяси жүйесі мәселесінің ретке келтіру талабын қойды. Қазіргі заманда әлемде халықаралық қарым-қатнастардың барлық жүйесі сондай-ақ, мемлекетаралық байланыстарға және мемлекет ішіндегі құрылымдарға қатысты халықаралық құқықтық принциптер мен ережелер сапа жағынан өзгерістерді бастан кешіруде. Халықаралық өмірдің басты мақсаты - бейбітшілікті нығайту және жалпыға бірдей қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады. Оған жетудің бірден бір жолы - ол барлық халықтартар арасындағы ынтымақтастықтың болуы.

Мемлекет пайда болғаннан бастап өзінің тәуелсіздігін сақтау және сырттан агрессияға жол бермеу арқылы ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Халықаралық қатнастарда өзара тәуелділік пен өзара әсер етудің нығаю кезінде немесе жаһандану жағдайында мемлекеттаралық байланыстардың бір-біріне тәуелділігінің өсуі аймақтық және халықаралық қауіпсіздік мәселесін бірінші орынға қояды.

Жаһандану жағдайында адамзаттың алдынан жаңа постидеологиялық кезең ашылды. Осы заманғы әлем жаһандану кезеңін - адамзаттың біртұтас ақпарат және коммуникциялар кеңістігінде жан-жақты бірігу, бүкіл планетаның біртұтас экономикалық рынокқа айналуы дәуірін бастан кешуде.

Бүгінгі таңда интерация әлемдік дамудың күннен-күнге күшейіп келе жатқан тендениясын байқауда. Барлық елдер әлемдік шаруашылыққа интеграцияланса, аймақтарда тығыз саяси ықпалдастыққа бастайтын экономикалық одақтар мен қоғамдастықтар құрылып жатыр.

Интеграция, бірігу яғни экономикалық субъектілерді біріктіру, олардың өзара іс-қимылын тереңдету, олардың арасындағы байланыстарды дамытады. Экономикалық интеграция терең тұрақты байланыстарды қамтумен, ұлттық шаруашылықтар арасындағы еңбек бөлінісі негізінде елдерді шаруашылық саяси мемлекетаралық бірігу процесінде көрінеді. Экономикалық интеграцияның мақсаты - ұлттық экономиканы жақындастыру және экономикалық міндеттерді бірлесіп шешуді қамтамасыз ету.

Қазіргі замандық әлемдік экономиканың және халықаралық экономикалық қатнастардың маңызы болып, біріккен әлемдік шаруашылық комплекісі болып табылады. Комплекстің пайда болуы ғылыми техникалық прогресстің дамуы, қазіргі заманның өндіргіш күштері және оның негізінде жалғасып жатқан интернационалдық өндіріс. Басқа сөзбен айтқанда саяси, мәдени, діни, табиғи және т. б. өзгешеліктеріне қарамастан ең соңғы есепте әлемдік шаруашылық жүйелі түрде бірігуге жылжуда және жеке елдердің бүтіндік әлемдік комплекстерінің экономика дамуының өзгешеліктері болып табылады. Бұл бірігудің сатылары және тұтастың біртін келе өсуі, елдердің бірігуі, ерікті сауданың қолданылатын арттықшылықтары туралыда айтылады.

Мұндай жағдайларда елдердің дамуы оның рөлі және қазіргі әлемдік экономикадағы орны көп жағдайда осындай факторлармен анықталуы, халықаралық еңбек бөлінісі, мамандану секілді салыстырып дұрыстау ең алғаш ойлап шығару салаларында өндірістің жаппай диверсификациялау және шетелге шығару бағытының саясатын бірлестіру болып табылады. .

Интеграциялық процестердің дамуы халықаралық тауар айырбасы мен оларды өндіретін факторлар қозғалысының артуының заңдылықты нәтижесі болып табылады. Бұл елдер арасындағы тұрақты өндірістік өнім өткізу байланыстарын қалыптастыру және халықаралық сауда мен өндіріс факторлары қозғалысындағы көптеген кедергілерді жоюды қажет етеді. Бұны жүзеге асыру мемлекетаралық интеграциялық бірлестіктер деңгейінде көпжақты саяси келісімдер негізінде ғана мүмкін болады.

Экономиканы интеграциялау оған қатысушылардың әрқайсысына өзара саудамен шектелген елдерге қарағанда қосымша жүйелі эффект деп аталатын артықшылықтарды алуға жағдай жасайды. Екінші жағынан алғанда, мемлекеттердің бұндай ынтасы әлемде болып жатқан сапалық өзгерістерді көрсетеді және де қоғамдық өмірдің әр түрлі салалардағы, ең алдымен экономикалық жүйедегі интеграциялық процестердің дамуына жасалған оңтайлы жағдайлардан туындайды.

Жаһандануға қандай факторлар жәрдемдесуде?

Бірінші кезекте, бұл тауарлардың елдер мен экономика секторлары арасындағы қозғалысы. Сауда-саттықты өрістету экономикасының дамуы мен өсуі үшін стратегиялық тұрғыда қажет. Ашық экономикалар протекционистік саясатты жүзеге асыратын мемлекеттің алдында өз артықшылығын дәлелдеді.

Жаһандану жолындағы екінші қадам - капиталдардың еркін қозғалысы.

Үшіншіден, адамдардың кедергісіз қозғалысы. Бүгінде әлемде елеулі көші-қон өзгерістері жүріп жатыр.

Төртіншіден, жаһандану факторларының бірі халықаралық валюта рыноктарындағы валюталық операциялардың серпінді дамуы болып табылады.

Бесіншіден, ақпараттық, интеллектуалдық өнім мен идеялардың еркін қозғалысы жаһандану факторларының бірі және салдары болып табылады.

Қазіргі уақытта Қазақтан ТМД-да және жалпы әлемдік қауымдастықта демократиялық құндылықтар жолын ұстаушы, аймақтық және ғаламдық қауіпсіздікті бекітуде өз үлесін қосуға талпынып отырған мемлекет ретінде әлемге әйгілі. Осы тұрғыдан алғанда Қазақстанның ТМД-да ынтымақтастықтың толық құқықты мүшесі ретінде қатысуының өзінде саяси және экономикалық негізі бар.

Достастық елдер өз мүмкіндіктері мен мүдделеріне сәйкес интеграцияланудың басқа да формаларын қарастыра бастағаны белгілі. Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың идеясы негізінде дүниеге келген Евразиялық экономикалық қауымдастық осының озық үлгісіне айналып келеді. Қазіргі күні бұл қауымдастық аясында кеден одағын құру, одақ тарифтерін белгілеу, бірте-бірте ортақ валютаға көшу мәселелері қарастырылу үстінде.

Бүкіл әлем бойынша интеграциялық үрдістер терең сипат алып отырған қазіргі жағдайда ТМД секілді көптеген елдерді қамтитын құрылымның болғаны дұрыс. Бірақ оның неғұрлым тиімді жағдайда жұмыс істегенін қалаймыз.

Барлық елдер әлемдік шаруашылыққа интеграцияланса, аймақтарда тығыз саяси ықпалдастықта қоғамдар құрылып жатыр. Достастыққа қатысушы он бір елдің басшылары Экономикалық одақ құруды бірауыздан қолдап, бәріде ол туралы Декларацияға қол қойды. Осы Декларацияда ТМД-ға мүше елдер тауар, қызмет, капитал, еңбек ресурстары еркін айналатын ортақ рынок құрып, терең интеграциялану арқылы Экономикалық одаққа кезең-кезеңмен өтетіндігі туралы мәлімдеме жасалған болатын. Соның ішінде кедендік одақ құрып, оның тарифтерінен ТМД елдерін босату жайы айтылған болатын. Сонымен бірге шаруашылықты рыноктық әдіске бейімдеп, экономикалық реформалар мен әлеуметтік саясатты жүргізу ісінде жүргізу жөнінде айтылған.

Бүгінде посткеңестік кеңістікте әрқилы интеграциялық бірлестіктер - ТМД, ЕурАзЭҚ, БЭК дамып келеді. ЕурАзЭҚ аясында кеден проблемасын шешуге қатысты жұмыстар жүргізілуде.

Біздің ұлттық экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігіне оны әлемдік экономикаға интеграцияланған жағдайда ғана қол жеткізе аламыз. Сондықтан да Қазақстанның Бүкіләлемдік Сауда Ұйымына кіруін жеделдету аса маңызды міндет болып табылады. Бұл - жаһандық бәсекелестіктің элементі, сондай-ақ әлемдік экономика жайында білім алудың мүмкіндігі[1] .

Мемлекет басшысының халыққа арнаған биылғы жолдауында өңірдегі мемлекеттің одағын құру туралы бастама жария етілді. Орталық Азия өңірінің барынша интеграциялануына қадам жасау. Бұл тұрғыда Орталық Азия экономикалық қауымдастығын, тағыда басқа бірлестіктерді айтуға болады.

Елбасының Евразия кеңістігіндегі интеграциялық процестерді дамытуда, ТМД, ЕурАзЭҚ, Орталық Азия қауымдастығы және Шанхай ынтымақтастық ұйымы секілді халықаралық қауымдастықтарды құруда, Біріңғай экономикалық кеңістікті жүзеге асыру жұмыстарында атқарған рөлі мен белсенді қызметі өзімізге де, әлемдік саясаткерлергеде кеңінен мәлім[2] .

ХХІ ғасыр - интеграция ғасыры. Сондықтан аса ірі мемлекеттер де жаһандану жағдайында басқалардан оқшау өмір сүру мүмкін емес екеніні бәрімізге де түсінікті.

Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Жүйелі түрде, посткеңестік кеңістіктегі интеграциялық процестерді зерттеу және олардың халықаралық қатнасқа ықпалын жан-жақты ашып көрсету. Жаһандану жағдайында экономикалық интеграцияның мақсаты - ұлттық экономиканы жақындастыру және экономикалық міндеттерді бірлесіп шешуді қамтамасыз ету. Сонымен қатар адамзаттың біртұтас ақпарат пен коммуникациялар кеңістігінде жан-жақты бірігу, бүкіл әлемнің біртұтас экономикалық, саяси ынтымақтастық дәуірін құру. Диплом жұмысының мақсатын жүзеге асыру үшін бірқатар міндеттері:

  • Жаһандану жағдайындағы интеграциялық процестердің дамуын зерттеу;
  • Әлемдік шаруашылықтың дамуында интеграцияның маңызы;
  • Интеграциялық процестерді зерттеудің теориялық аспектілерін қарастыру;
  • Интеграциялық дамудың әлемдік тәжірибесінің маңызын зерттеу;
  • ТМД интеграциясының идеялық негізіне тоқталу;
  • Қазақстан әлемдік интеграциялық қатнастар жүйесінде алатын орны.

Дипломдық жұмыстың зерттеу пәні. Интеграцияның мәні мен даму ерекшеліктері, теориялық аспектілері мен оның идеялық негізіне, саяси- құқықтық базасы қарастырылды. Жұмыста әлемдік интеграциялық даму процестері мен тәжірибелерін зерттеуде ТМД, ЕврАЗЭҚ, Орталық Азия одақтарының тенденциялары мен болашағы ой елегінен өткізілді. Қазақстан Республикасының әлемдік интеграциялық қатнастар жүйесінде алатын орны мен болашақ жағдайына тоқталынды.

Жұмыстың теориялық және тәжірибелік маңызы. «Интеграция» термині алғашқы рет неміс және швед ғалымдарымен ХХғ. 30-жылдарында қолданылған. Еларалық интеграцияны зерттеушілер, саяси проблематикаға қатысты мәселелердің ерекше жақтарын ашу үшін, саяси интеграция түсінігін жеке қарастыра бастады. Көптеген зерттеушілер «саяси интеграция» ұғымына анықтама берген американ саясаттанушысы Э. Хаас деп есептейді. Интеграцияның әртүрлі теориясының негізін қалаушылар арасында біркелкі түсінік жоқ. Барановский В. Г. көрсеткендей әрбір зерттеуші интеграция ұғымын қамтитын мәселелер жөнінде түсінбей белгілеген. Әйтседе, Барановский интеграцияны былай деп түсіндіреді «бөлек, ерекше бөлшектердің біртұтастық пен байланысты жағдайы және осы процеске әкелетін жағдай». Мысылы құрылымдық функционизм негізін салушы Т. Парсонстың ұсынып отырған интеграция түсінегі екі бөліктен тұрады. Біріншіден, интеграция элементтерінің ішкі сыйымдылығы. Екіншіден, интеграциялық жүйенің сыртқы қоршаған ортадан бөлініп шығу кезеңіндегі ерекше талаптарды сақтау мен қолдау. Сондай-ақ басқада зерттеушілермен қатар Қазақстандық ғалымдардың интеграция процестері жөнінде көптеген еңбектері жарық көруде. Атап айтанын болсақ, ҚР Академик, Ә. Я. Әубакіров, Кенжегузин М. Б., Елемесов Р. Е., Жатқанбаев Е. Б., Аубакірова Ж. Я., және басқада ғалымдардың жаһандану жағдайындағы интеграциялық процестердің және халықаралық қатнастар экономикасыдағы мәселелер қарастырылды.

І тарау ӘЛЕМДІК ШАРУАШЫЛЫҚТЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯНЫҢ МАҢЫЗЫ

1. 1 Экономикалық интеграция : мәні және даму ерекшеліктері

Интеграциялық процестердің дамуы халықаралық тауар айырбасы мен оларды өндіретін факторлар қозғалысының артуының заңдылықты нәтижесі болып табылады. Бұл елдер арасындағы тұрақты өндірістік өнім өткізу байланыстарын қалыптастыру және халықаралық сауда мен өндіріс факторлары қозғалысындағы көптеген кедергілерді жоюды қажет етеді. Бұны жүзеге асыру мемлекетаралық интеграциялық бірлестіктер деңгейінде көпжақты саяси келісімдер негізінде мүмкін болады.

Қазіргі кездегі әлемдік кеңістікте екі тененция көрініс алған, атап айтқанда:

  • Біріншіден, әлемдік шаруашылықтың біртұтастығы, оның ғаламдық сипатының күшеюі;
  • Екіншіден, аймақтық деңгейде елдердің экономикалық жақындасуы және олардың өзара бағыныштылығының нығаюы.

Әр түрлі интеграциялық процестер мен топтардың тәсілдері идеологиясы, анықтамалары мен аттарының бөлектігіне қарамастан олардың кейбір жалпы белгілері мен заңдылықтарын бөліп қарастыруға болады. Тарихи интеграция эволюциялық дамитын бірнеше негізгі сатылардан тұрады және оның әрқайсысы интеграцияның жетілу дәрежесінің көрсеткіші болып есептеледі.

Бірінші деңгейде мемлекеттер өзара жақындасудың алғашқы қадамы ретінде преференциалдық сауда келісімдерін жасайды. Бұл келісім жеке мемлекеттер арасында екі жақтылық негізінде қалыптасқан интеграциялық топ пен жеке мемлекет не мемлкеттер тобының арасында жасалуы мүмкін.

Интеграцияның екінші деңгейінде мемлекеттер екі жақты сауда кедендік тарифтерді жай ғана қысқартуды емес, оны мүлдем алып тастауды көздейтін еркін сауда аймағын (ЕСА) құруға көшеді, бірақ үшінші елдермен қатынаста ұлттық кедендік тарифтер өзгертілмейді.

Интеграцияның үшінші деңгейі Кедендік одақ (КО) құруға негізделген. Бұл ұлттық кедендік тарифтер тобын келісімді түрде алып тастап, үшінші мемлекеттерге қатысты сауданы реттеуде ортақ кедендік тарифтік емес жүйесін қолдану болып табылады.

Интеграциялық процестің төртінші деңгейі ортақ нарыққа жеткенде интеграцияланатын мемлекеттер тек тауарлар мен қызметтердің ғана емес, өндіріс факторларының - капитал және жұмыс күші қозғалысының еркіндігі туралы келісім жасайды. Біріңғай сыртқы тариф негізінде өндіріс факторларының мемлекетаралық қозғалысының еркіндігі ұйымдық тұрғыдан сыртқы саясат мемлекетаралық үйлестердің анағұрым жоғарғы деңгейін талап етеді. Экономиканы интеграциялау оған қатысушылардың әрқайсысына, өзара саудамен шектелген елдерге қарағанда, қосымша жүйелі эффект деп аталатын артықшылықтарды алуға жағдай жасайды. Екінші жағынан алғанда, мемлекеттердің мұндай ынтасы әлемде болып жатқан сапалық өзгерістерді көрсетеді және де қоғамдық өмірдің әр түрлі салаларындағы, ең алдымен экономикалық жүйедегі интеграциялық процестердің дамуына жасалған оңтайлы жағдайлардан туындайы.

Біріншіден, әлем салыстырмалы түрде әскери шиеленістерден біршама сақтану жүйелерін қалыптастыра бастады, әрі әскер қырғи-қабақ саясаты жойылуда. Әлемдегі екі жүйенің ғаламдық қарсы тұруы жойылды. Елдер арасындағы даулы мәселелер мен шиеленістерді өз уақтысында шешудің көптеген механизмдері жасалды. Әрине, Югославия және жеке елдердегі уақиғалар жалпы мемлекетаралық мәселелердің тұрақтылығы, сенімділігі мен келісімділігін терістей алмайды.

Екіншіден, әлемде әр түрлі елдердің капиталдарының өзара кірігуінің қарқындылығы артты, сыртқы сауда қатынастарының ырықтандырылуымен халықаралық сауда ұлғаюда.

Үшіншіден, әлемде соңғы жылдары елдер арасындағы экономикалық ынтымақтастықты реттеудің сенімді және тиімді механизмдері жасалып, табысты қолданылуда. Бұлар - кедендік, төлемдік, валюталық, экспорттық-импорттық және т. б. механизмдер мен нормалар.

Төртіншіден, жоғары технология және озық техниканың, информатика және т. б. қарқынды дамуы еңбек өнімділігін шұғыл арттыруға, тіпті жеке елдер мен региондардың нарығының тар болуына әкелуде. Оларға тауарлар мен қызметтер айналымының үздіксіздігін тездету қажеттілігі, осыған бөгет жасайтын барлық кедергілерді жою үшін елдер арасындағы өнім алмасуға қатысты мәмілелерді неғұрлым көбірек жеңілдетуге итермелейді.

Бесіншіден, әлемдік нарықтағы бәсекенің сипаты мен ауқымы өзгерді. Жеке елдердің экономкасы дамуына және еңбек бөлінісінің тереңдеуіне байланысты бәсеке ел ішіндегі фирмааралық деңгейден шығып, еларалық, халықаралық сипат ала бастады.

Алтыншыдан, кейінгі жағдайлар айқын көрсеткендей, аймақтардың экономика және қаржы-қаражат нарықтарының өзара тәуелділігі күшейді. Оңтүстік-Шығыс Азия, Жапония және Латын Америкасы дағдарыстары аймақтардағы жеке елдер мәселесін ғана емес, бүкіл әлемдегі экономикалық жағдайды қамтиды.

ХХ-ғ. Екінші жартысынан бастап жетекші индустриалды елдердің қарқынды экономикалық дамуы нәтижесінде және халықаралық транспорт пен байланыс құралдарының жетілдірілуіне байланысты тауарлар мен қызметтердің халықаралық саудасы күрт ұлғайды. Халықаралық сауда бірте-бірте өндіріс факторларының (капитал, жұмыс күші, технология) халықаралық қозғалысының әр түрлі формаларымен толықтырыла бастады.

Әлемдік шаруашылықтағы интеграциялық өзгерістің экономикалық немесе сяси жақтарының абсолютизациясы мүмкіндігі екі көзқарас тұғысында қарастырылады:

  • Біріншіден, интеграция халықаралық экономикалық байланыстарының кездейсоқ дамуымен теңдестіріледі;
  • Екіншіден, интеграцияның барысы ресми түрде құрылған экономикалық одақтар шеңберінде әрекет етеді.

«Интеграция» термині алғашқы рет неміс және швед ғалымдарымен ХХғ. 30-шы жылдарында қолданған болатын[3] . Интеграция түсінігі қайта құру, қосылуды білдіретін inteqratio деген латын сөзінен шыққан[4] .

Қазіргі экономикалық сөздік анықтамасы бойынша, интеграция (латын тілінен «integer» -толық) - экономикалық тұлғалардың бірігуі, олардың өзара әрекеттесуінің тереңдеуі, өзара байланыстардың дамуы. Экономикалық интеграция өндірістік-технологияық байланыстарын кеңейту мен тереңдетуі, ресурстарды бірлесе пайдалану, капиталдар бірігуі, сонымен қатар бір-біріне қолайлы жағдай жасау аркылы экономикалық іс-әрекеттерге өзара «кедергілерді» жою бағыттарында айқын көрінеді. Сонымен интеграция экономикалық субъектілерді біріктіру, олардың өзара іс-қимылын тереңдету, олардың арасындағы байланыстарды дамыту. Экономикалық интеграция елдің ұлттық шаруашылықтары деңгейінде де, кәсіпорындардың, фирмалардың, компаниялардың, корпорациялардың арасында болады[5] .

Интеграция мынандай түрлерге бөлінеді:

  • сатылас интеграция- бір сала немесе топтар, бөлшектер, соңғы өнім үшін қажетті жинақтаушы және басқа бұйымдар шығаруға маманданған, сипаты жағынан өнеркәсіп салалары кәсіпорындарының өндірістік кооперациясы;
  • деңгейлес интеграция- өндірісі технологиялық ортақтағымен және шығарылатын өнімнің біртектілігімен сипаталатын кәсіпорындар бірлестігі;
  • «шеңберлес интеграция» бір рынокта әрекет ететін, бір-бірімен бәсекелесетін компаниялардың қосылуы.

Экономикалық интеграция - терең тұрақты өзара байланыстарды дамыту және ұлттық шаруашылықтар арасындағы еңбек бөлінісі негізінде елдерді шаруашылық-саяси мемлекет аралық бірігу процесі. Экономикалық интеграцияның мақсаты - ұлттық экономиканы жақындастыру және экономикалық міндеттерді бірлесіп шешуді қамтамасыз ету. Бұл үшін жекелеген фирмалар экономикалық келісімдер жүйесін қалыптастырады, мемлекет аралық деңгейде филиалдар құрады, мемлекеттің экономикалық бірлестіктері құрылады және келісілген ұлттық саясат анықталады.

Интеграцияның аймақтық сипаты бар. Ол былай байланысқан, яғни өндірістің интернационализациясы біртегіс жүрмейді және де интеграцияның алғы шарттары ең алдымен шаруашылық байланыстары өте тығыз аймақтарда қалыптасады.

Интеграция өзіне тән бірнеше маңызды белгілермен сипатталады, яғни :

  • Ұлттық өндірістік процестердің өзара енуі мен тоғысуы;
  • өндіріс, ғылыми және техникадағы халықаралық специализация мен кооперацяның кең түрде дамуы;
  • интеграцияға қатысушы елдердің экономикасындағы тереңдетілген құрылымдық өзгерістер;
  • интеграциялық процестердің мақсатты түрде реттелуі, координацияланған экономикалық стратегия мен саясаттың жасалуы;
  • интеграция кеңістік масштабтарының аймақтылығы.

Интеграциялық процесс бүтін жүйенің жекелеген салаларын қамтиды: өндіріс, айналым (тауар, қызмет, капитал, ақша массасы, бағалы қағаз және т. б. ), шешім қабылдау сферасы (фирма, кәсіпкерлік одақ, ұлттық үкімет, халықаралық, үкіметаралық және ұлттық ұйымдар) .

Интеграцияның алғы шарттары алуан түрлі болып келеді. ҒТП-тің қазіргі таңдағы жағдайында экономиканың өте терең түрде өзара енуі және бірігуі көптеген елдер үшін объективті қажеттілік болып табылады. Бұл қажеттілік ең алдымен, жоғары дамыған елдерде, әсіресе шектелген экономикалық ресурстары және ішкі нарықтары бар елдерде көрініс тапқан. Мұндай елдер үшін экономикалық интеграция экономикалық мүмкіндікті өте тиімді пайдалануға және ҒТП-тің жоғары қарқынмен жетуге болады.

Көптеген мемлекеттер үшін экономикалық интеграция ғылыми-техникалық зерттеулерде өте тиімді мүмкіндік береді.

Ресурстарды пайдалануың тиімділігін жоғарлату арқылы интеграция экономикалық дамудың жаңа көздерін қозғалысқа келтіреді және сол арқылы интеграцияға қатысушы елдердің экономикалық және саяси көзқарасын жақсарту үшін жағдайлар жасауға ықпал етеді.

Белгілі бір елдердің интеграциясының қажетті шарттары:

  • біріншіден, тауарлардың қозғалысын қамтамасыз ететін дамыған инфрақұрылымның болуы;
  • екіншіден, үкімет орындары тарапынан белгілі экономикалық және саяси шешімдердің қабылдануы.

Интеграцияланушы шаруашылықтардың бір-бірін өзара толықтыруы олардың экономикалық дамуына да байланысты, бұл кезде даму деңгейлері бірдей, ең алдымен өндірісі дамыған елдер (мысалы, Еуропалық одақ, Еркін сауданың Еуропалық ассоциациясы) тез арада интеграцияланады.

Сонымен бірге интеграцияның барысы өздерінің табиғаты бойынша қарама-қайшылықты және көп қырлы болып келеді.

Интеграциялық процеске экономикалық себептер ғана емес, саяси өзгерістер де әсер етеді.

Бұл әсіресе әлемдік шаруашылықтың шет аймағына қатысты болады. Осы жерлерде, өндіргіш күштердің дамуының төмен деңгейіне және еркіндік алған елдердің бұрынғы метрополияларымен тығыз байланысты болуына қарамастан, аймақтық экономикалық топтарды құру барысы белгілі бір жылдарда, индустриясы дамыған мемлекеттер арасындағы байланыспен салыстырғанда, қарқынды түрде жүріп жатыр.

Көптеген экономистер мемлекеттер интеграциясының мынандай алғышарттарын бөліп көрсетеді:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарықты тауармен қанықтыру
Педагогикалық білім берудің үздіксіз жүйесін сипаттау
Интеграция жүйелі білім беру ретінде
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРДЫ ЖАППАЙ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНЕ ИНТЕГРАЦИЯЛАНҒАН ОҚЫТУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ КЕЗЕҢДЕРІ
Посткеңестік мемлекеттердің әлемдік шаруашылыққа экономикалық интеграциялануы: ерекшеліктері және қазіргі кездегі тенденциялары
Еуразиялық Экономикалық Қауымдастықтағы Қазақстан
Пәнаралық байланыстар
Дүниежүзілік шаруашылықтың құрылуының объективті негіздері
ЕврАзЭҚ мемлекеттерінің транзиттік қуатының негізгі проблемалары және даму болашағы
Экономикалық интеграцияның алғышарттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz