Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығы жағдайын талдау


Кіріспе
Ұсынылған жұмыста сақтандыру нарығының түсінігі, қызметі, құрылымы және түрлері қарастырылады; ҚР сақтандыру нарығының жағдайы талданады; оның даму тиімділігі бағаланады және ҚР- дағы келешектегі даму жолдарына болжам жасалынады.
Зерттеу тақырыбының актуалдылығы. Сақтандырудың сенімді және тұрақты жүйесі оның қатысушыларының жоғары деңгейдегі экономикалық қорғанысы және жалпы алғанда, экономика дамуына әкелетін алғышарт болатын, олардың нарықтық экономикада табысты қызмет етуін қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасы дамуының стратегиялық жоспарларында ірі қаржы құралдарын тарату және аккумуляциялау істеріне үлкен көңіл бөлінген кезде, сақтандыру қаржы қорларының жинақталуына және қадағалауды қамтамасыз ететін, аса маңызды және тиімді құрал болып табылады.
Жұмыстың мақсаттары мен міндеттері. Зерттеу мақсаты қазіргі уақытты сақтандыру жүйесінің нарықтық экономикадағы мәнін және құрылымын ашу және даму бағыттарын анықтау.
Зерттеу мақсаттары келесі тапсырмаларын орындауын анықтайды:
- Сақтандыру нарығының мәнін және қызметтерін қарастыру;
- Қазақстан Респаубликасының сақтандыру нарығының ағымдағы жағдайына талдау жасау;
- Қазақстан Республикасындағы сақтандырудың даму жолдарының бағыттары жайлы болжам жасау;
Қолданылған ақпараттар көздері. Жұмыс жазу барысында келесі ақпараттар көздері қолданылған болатын:
- монографиялар;
- оқулықтар мен дәрістемелер;
- периодикалық баспа журналдары;
- Интернет желісі;
- ҚР статистика Агенттігінің статистикалық мәліметтері;
- ҚР Ұлттық Банкі ұсынған статистикалық мәліметтер.
Жұмыс құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, бес параграфтан, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Бөлім. Сақтандыру нарығының жалпы сипаттамасы
1. 1 Сақтандыру нарығының түсінігі, функциясы, орны және әрекет ету шарттары
Сақтандыру нарығы - сатып алу - сату объектісі ретінде сақтық қорғаныс болып табылатын, сұраныс пен ұсыныспен түзетілетін, ақшалай қатынастардың анықталған саласы, айрықша әлеуметтік- экономикалық орта.
Сақтандыру нарығын келесідей де қарастыруға болады :
- Қоғамның сақтық қорғанысын қамтамасыз ету мақсатымен сақтандыру қорын құру және тарату жөнінде ақшалай қатынастарды ұйымдастыру;
- Қажетті сақтандыру қызметтерін көрсетуде қатысатын сақтандыру ұйымдарының (сақтандырушылардың) жиынттығы.
Берілген өнімдер қасиеттері айрықша және қаржы нарығының басқа өнімдерінен ерекшелінеді. Олардың ерекшелігі сақтандырудың мәнімен түсіндіріледі. 2000 жылдың 18 желтоқсандағы № 126 - II ҚР «Сақтандыру қызметі туралы» заңына сәйкес сақтандыру қызметі деп, белгілі бір оқиға орын алған кезде азаматтар, кәсіпорындар, ұйымдар және ұйымдастықтардың мүліктік құқықтарын сақтаумен байланысты олармен төленген жарналардан құрылған ақшалай қорлардан белгілі соманы төлеу қызметімен анықталады. Сақтандыру нарығының субъектілеріне қауіп түсу ықтималдылығы жоғары, бірақ міндетті сипатта емес. Осы қауіп нақты, өзіндік мәні бойынша мүмкін. Бүкіл қоғам үшін нақты, әрбір индивид үшін мүмкін жағдай. Сондықтан, әр кезде таңдау мен есептеме бар: белгілі бір сақтандыру өнімін сатып алу (сату), не сатып алмау (сатпау) . Таңдау орындалу үшін сақтандыру өнімі қаржы нарығында үнемі болуы қажет. Нарықта орын алуы - оны қаржылық қатынастардың құрамдас бөлігі ретінде қабылданады.
Әр бір сақтандыру өнімі нақты сақтандыру объектісімен байланысты (сақтандырылатын зат), сақтандыру себептерін анықтайды (сақтандыру тәуекелі), онын құнын (сақтандыру сомасы), бағасын (сақтандыру тарифі), сақтанатын оқиғаларға болжам жасай отырып, ақшалай төлемдер, (есептемелердің) шарттарын анықтау. Сақтандыру өнімінің күәлігі (сертификаты) болып, сақтандыру полисі анықталады. Полис сақатндыру шарты келісілгені жайлы фактті (сақтандыру өнімінің сатылуын - сатып алуын) айқындайды, ол үнемі затты, сақтандыру қатысушыларына бағытталған, мәміленің негізгі сандық параметрлерін қамтиды, заңды құжат мәртебесі бар.
Сақтандыру өнімінің айрықшалылығы. (оның белгілі жағы) бұл жерде - сақтандыру жарнасы сақтандыру сомасынан үнемі аз. Осындай қатынас сақтандыру өнімдерінің нарықтық тартымдылығын және оларға деген сұраныстын көрсетеді. Сақтандыру өнімдерін қолдану тиімділігі осыдан көрінеді. Сатушы жағынан залалдықты да көрсетпейді, себебі полистер саны сақтандыру оқиғаларының санынан аз болады. Осыған байланысты сатушы (сақтандырушы) залалдарға түспейді, егер сақтандыру өнімінің бағасы дұрыс есептелген жағдайда. Сақтандыру - бұл сақтандыру өнімдерін сатып алушылар мен матушылар арасындағы «ойын» деп те айтуға болады, яғни сақтанушылар мен сақтандырушылар арасында. Теория жүзінде «ұтыстар» мен «жоғалтулар» арасындағы қатынастар 0- ге тең болуы керек.
Сақтандырушымен сақтанушы мен сақтандырушы төлемдері арасында белгілі қатынас орнатылады, яғни сақтандыру өнімінің бағасын белгілейді - сақтандыру тарифі. Тариф деңгейі сақтандыру өнімін өткізу үшін қалыпты деңгейде төмен болуы керек, сонымен бірге, сақтандырушының төлемдер бойынша және аппарат шығындарын жабу үшін, қажетті мөлшерде табысты қамтамасыз ету үшін қалыпты түрде жоғары болуы қажет. Осындай шешілмелі тапсырма болжамды есептемелер жасаумен орындалады. Уровень тарифа должен быть достаточно низок, чтобы обеспечить сбыт данного
Тариф , бір жағынан, сақтандыру тәуекелінің мөлшерін көрсетеді(және сонымен бірге, оның бағасын анықтайды) . Басқа жағынан - біршама орташалған мөлшер ретінде көрсетіледі. Бірақ, сақтандыру оқиғалары «орташа түрде» емес, ал таңдамалы болады. Осындай келіспеушілік сақтандыру өнімдерінің бағалары сатып алушылар категориялары мен олардың мүмкін болатын жеке тәуекелдерінің категорияларына дифференцияланады. Басқа сөзбен айтқанда, сақтандыру өнімдерін сату - сатып алу процедурасына үстеме есептемелер мен жеңілдіктер жүйесі енгізіледі, бұл жерде сақтанушының жеке ерекшеліктері есептелінеді және олар көп жағдайда, сақтанушылардың сақтандырылағн заттарға көңілмен қарауды туғызады, яғни сақтандыру тәуекелін минималдау болады.
Осындай жолмен, сақтандыру бағасы және құны сақтандыру өнімдерінің сандық көрсеткіштері ретінде - тіпті бәсекегеқабілетті өлшемдер. Сақтандыру өнімдерін сату қажеттілігі сақтандырушылардың өзіндік өнімдерін жетілдіру, олардың бағаларын төмендетуге жетелейді, керісінше табыс алу бағаларының жоғарлауын талап етеді. Осыдан сақтандыру нарығы сақтандыру өнімдеріне сұраныс пен ұсыныспен реттеледі, егер де сақтандыру міндетті түрде жүрмесе, яғни заңнама негізінде.
Сақтандыру нарығының дамуынынң объективті негізіз ретінде ұлғаймалы процесс кезінде пайда болатын қаржылық - шаруашылық іс-әрекетінің үзіліссіздігі және келеңсіз жағдайларда ақшалай көмектің қажеттілігі.
Сақтандыру нарығының негіздері ретінде : еркін нарықтық экономика, меншік иелену нысандарының көп түрлілігі, еркін баға құрылу - тарифтік қойылымдарды есептеу, бәсекенің болуы, тңдау еркіндігі, сақтандыру қызметтеріні ңжаңа түрлерін құрастыру мен ендіру және т. б.
Сақтандыру нарығының өмір сүрудің негізгі шарттары:
- Сақтандыру қызметтеріндегі қоғамдық қажеттіліктің болуы - сұраныстың құрылуы;
- Қажеттілікті өтейтін сақтандырушылардың болуы - ұсыныстың құрылуы.
Осымен байланысты сақтандырушы мен сақтанушы нарығы болып бөлінеді. Қызмет ететін сақтандыру нарығы - бірнеше құрылымдардан тұратын, ірі, интегрирленген күрделі жүйе. Алғашқы бөлімі - сақтандыру қоғамы немесе сақтандыру компаниясы. Осында сақтандыру қорын құру және қолдану процессі орын алады, экономикалық қатынастар пайда болады, жеке, топтық, ұжымдық қызығушылықтар байланысады.
Осыдан басқа, сақтандыру нарығында басқа да субъектілер қатысады : қайта сақтандыру компаниялары, сақтандырушының делдалдары - сақтандыру агенттері, брокерлері - маклерлері, сақтандырушылардың түрлі бірлестіктері - сақтандыру пулдары, кеңетері және т. б. Сатандыру нарығында көрсетілетін қызметтер түрлерінің тізімі - сақтандыру қызметтерінің ассортименті деп аталады.
Сақтандыру нарығының орны екі жағдайға байланысты анықталады. Бір жағынан, сақтандыру қорғанысында қажеттілікпен, бұл қоғамдағы әлеуметтік - экономикалқы жүйеде сақтандыру нарығының өмір сүру объективті себебі. Басқа жағынан, сақтандыру қорының ақшалай қаражаттарымен құрылу нысаны оны жалпы қаржы нарығымен байланыстырады.
Сақтандыру нарығының қаржылық жүйедегі орны сақтандыру қорғанысын қаржыландыру бойынша қаржы институттарының ролімен және олардың инвестициялық салымдар жасау объекттері ретінде басқа іс- әрекеттер жүргізілуін қамтамасыз ететін мәнімен анықталады. (1 суреттен көруге болады) .
Сақтандыру нарығының ішкі және сыртқы ортасы.
Сақтандыру нарығы сақтандыру ұйымдары сияқты белгілі бір қатынасы бар, әрекеттесу факторлары бар үлкен жүйені құрайды. Сақтандыру жүйесі, ішкі және сыртқы сақтандыру нарығына тікелей әсерін тигізеді.
Ішкі жүйеге келесі негізгі айнымалылар жатады:
- Сақтандыру салдары (келісімшарттың белгіленген шарты)
- Сақтандыру полисінің құрылуы мен сұраныстың пайда болуы
- Тарифтердің икемділігі
- Сақтандырушының жеке инфрақұрылымы
Ішкі жүйеге кіретіндердің тағы бір түрі бұл, сақтандырушымен басқарылатын айнымалылар:
- Материалдық
- Қаржылық
- Сақтандырушының еңбек ресурстары, мұнда сақтандырушының нарықтағы орнын анықтайды
Сыртқы жүйе бұл ішкі жүйені қоршаған ортаны байланыстырып отыратын жүйе. Егер сақтандырушы сыртқы жүйеде өзінің коммерциялық жұмысын жүргізетін болса, онда ол тікелей сыртқы ортаға әсерін тигізеді.
Сақтандыру компаниясының сыртқы ортаға тигізе алатын әсері немесе кеібір басқару объектілері:
- Нарық сұранысы
- Бәсекелестік
- Сақтандыру қызметінің ноу-хауы
- Сақтандырушының инфрақұрылымы
Әрине, сыртқы жүйедегі ең басты мәселені бәсекелестік алып отыр. Екі немесе бірнеше сақтандыру компаниялары арасында. Келесі факторлар арқылы сақтандыру компаниясы бәсекелестікке әсер ете алады:
- Сақтандырушыларға техникалық ұсыныстар
- Клиенттермен жұмыс істеу мәдениеті
Сақтандыру компаниялары басқара алмайтын факторлар:
- Ғылыми-техникалық прогресс
- Саяси мемлекеттік процесс
- Экономиканың жай күйі
- Сақтандыру нарығының әлеуметтік этикалық жүйесі
- Сақтандыру нарығының әлемдік конюктурасы
Әлеуметтік сақтандыру
Қоғам дамуының объективті факторларының бірі болып белгілі бір себептерге байланысты қоғамдық еңбекке қатыспайтын және еңбекақы арқылы өзінің өмірін қамсыздандыра алмайтын тұлғаларды материалдық қамтамасыз ету қажеттілігі болып табылады. Осындай қоғам мүшелерін қамтамасыз ету мақсатында құрылған жиынтық өнімнің белгілі бір бөлігі бағытталады. Тауар-ақша қатынастарының қызмет ету жағдайында жиынтық өнімнің бұл бөлігі, белгілі бір ақша қорларын құру және пайдалану арқылы қолданылады.
Әлеуметтік сақтандыру - бұл, қатынастар жиынтығы болып табылады, яғни, оның көмегімен еңбекке жарамсыз немесе әр түрлі себептерге байланысты өзінің мүмкіндіктерің жүзеге асыра алмайтын тұлғаларды материалдық қамтамасыз ету үшін ақша қаражаттарының қорлары құру және пайдануды айтады.
Әлеуметтік сақтандыруды ұйымдастыру келесі қағидаларға негізделеді:
- жеке жауапкершілік - қызметкерлер өздерінің сақтандыруына қатысады, төлемдер мөлшері қызметкерлердің алдын ала жарналары және сақтандыру өтіліне байланысты;
- ынтымақтастық - жұмыс берушілер, жалдамалы қызметкерлер және мемлекет сақтандыруға қаржылай қатысып, мүдделілерге өздерінің жарнамаларымен көмек көрсетеді (сақтандыру жағдайы болғанда) ;
- ұйымдастырушылық өзін-өзі басқару - екі әлеуметтік субъектілер және сақтандыру қоғамдастықтары арасында ынтымақтастықты күшейтетін, қызметкерлердің өкілетті өкілдері және тұрмыс берушілер жүзеге асыратын әлеуметтік сақтандыру органдарын басқару, әлеуметтік сақтандыру жүйесін қоғамға ″ашық ″ жасап, әлеуметтік тұрақтылық, халықтың демократиялық сана сезімінің құрылуына себеп болады;
- жалпылық - әлеуметтік сақтандыру мүдделенушілердің ең үлкен бөліктерін қамтиды, ол сақтандырылғандардың құқықтарының іске асуын заңнамалық кепілдікпен белгілеумен, тиісті төлемдерді жүзеге асыру тәртібі және қызымет көрсетумен бейнеленеді;
- міндеттлік (мәжбүрлік) әлеуметтік сақтандырудың жұмыс берушілер және сақтандырылғандардың еркі және мүдделеріне тәуелсіз болуы жұмыс берушілермен және қызыметкерлермен, сонымен қатар белгілі жағдайларда мемлекетпен (мемлекеттік бюджеттің) сақтандыру жарналарын төлеу міндеттілігімен (заң бойынша) бейнеленеді ;
- мемлекеттік реттеу - сақтандыруды қорғау саласында, төлемдер деңгейі және қызмет көрсету сапасы, жәрдемақы тағайындау шарттары, қаржы қаражаттардың дұрыс пайдаланылуын бақылау.
Әлеуметтік сақтандырудың ең маңызды қызметтеріне мыналар жатады:
- қорғау қызметі - сақтандырудың қалыптасқан материалдық деңгейін қамтамасыз етуден тұрады, егер табыстың жай көздері қол жетпес болса, сонымен қатар оның жеке бюджетінде алдын ала ескерілмеген қосымша шығындар;
- орнын толтыру қызметі - табысты жоғалтуды материалдық өтеу көмегімен еңбекке жарамдылығынан айырылу және денсаулыққа зиянның орнын толтыру, сонымен қатар емделу және реабилитациямен байланысты қызметтерді төлеуден тұрады;
- ұдайы өндірістік қызметі - науқас, қарттың, мүгедек жүктілік жағдайында ұдайы өндірістік қалыпты өтуіне жағдай жасау барысында сақтанушылардың (жан ұясының мүшелерінің) барлық шығындарын өтеуді қамтамасыз ету;
- қайта бөлу қызметі - әлеуметтік сақтандыру қоғамдық өнімді қайта бөлуге едәуір әсер етеді. Сақтандырылғанның тұтынуына бағытталатын әлеуметтік төлемдер қайта құрылған құнның үлесін өсіреді Қызметтің мәні барлық сақтандырылғандардың жұмыс беруші және мемлекет арасында әлеуметтік тәуекел бойынша материалдық жауапкершілікті бөлуден тұрады.
- тұрақтандыру қызметі - жалдамалы жұмысшылардың тіршілік әрекетіне маңызды сұрақтар бойынша әлеуметтік субъектілердің мүдделерін қиыстыру - әлеуметтік қорғау деңгейі; әлеуметтік сақтандыруға жататын тұлғалар тобы; әлеуметтік субъектілер арасында қаржылық жұктемені бөліп тарату; әлеуметтік сақтандыруды басқаруға қатысу.
Сақтандыру нарығының тұрақты өсуіне қарамастан, кейінгі жылдары бұл нарықтың алуан түрлілігіне біз әлі де жетпедік. Сонымен қатар, Жүргізу формасына қарай, сақтандыру: міндетті және ерікті болып бөлінеді.
Міндетті сақтандырудың бастамасшысы, заңды және жеке тұлғаларды қоғамдық мүдделерді қамтамасыз ету үшін қаражаттар қосуға заң негізінде міндеттеуші, мемлекет болып табылады. Міндетті сақтандыру мынандай жағдайларды қарастыратын заңнамалық актілер негізінде жүргізіледі:
- сақтандыруға қажетті, объектілерінің тізімі;
- сақтандыру жауапкершілігінің көлемі;
- сақтандырумен қамсыздандыру деңгейі (нормасы) ;
- сақтандыруға қатысушы тараптардың негізгі міндеттері мен құқықтары;
- тарифтік қойылымдарды сақтандыру төлемдерін және басқа да кейбір мәселелерді белгілеу тәртібі.
Заң, міндетті сақтандыруды жүргізу тапсырылған сақтандыру ұйымын анықтайды. Міндетті сақтандыру кезінде сақтандыру объектілерінің толықтығына қол жеткізеді. Бір жағынан, сақтандырудың міндетті формасы ерікті формаға тән сақтандырудың жекелеген объектілердің таңдамалылығын жоққа шығарады. Сақтандыру объектілерін максималды қамту есебінде, оны жүргізудің міндетті формасында минималды тарифтік қойылымдарды қолдану, сақтандыру операцияларының жоғары қаржылық тұрақтылығына қол жеткізу мүмкіндігі туындайды.
Ерікті сақтандыру міндетті сақтандыруға қарағанда, сақтанушымен сақтандырушы арасында тек ерікті түрде жасалған келісім кезінде ғана пайда болады. Мұндай келісім жасауда көбінесе тараптар арасында сақтандыру брокері немесе сақтандыру агенті сияқты делдалдар қатысады. Сақтандыру келісімі сақтандыру полесімен куәландырады.
Ал қайта сақтандыру нарығында, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын лицензиялау тәртібі және оны құру туралы мәлімет.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы коммерциялық ұйым болып табылады, ол Қазақстан Республикасының «Сақтандыру қызметі тұралы» заңына және басқа да нормативтік актілерге сәйкес өз қызметін жүзеге асырады. Ұйымдық құқықтық формасы акционерлік қоғам болып табылады, өзінің атауы ретінде жарғыда не жазылса, соны пайдаланады. Міндетті тәртіппен келесі ұжымдық құрылымдарды құрады:
- директорлар кеңесі - басқару органы;
- басқару атқарушы орган;
- тексеру (ревизиялық) комиссия - бақылаушы орган.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қатысушылары мен құрылтайшылары ретінде Қазақстан Республикасының заңында және басқа да нормативтік құқықтық актілерде көрсетілген талаптарға сәйкес, Қазақстан Республикасының резидент және резидент емес - заңды және жеке тұлғалары бола алады. Жарғылық капиталының 50% - нан көбі мемлекеттің үлесіне тиетін ұйымдар сақтандыру ұйымының қатысушысы және құрылтайшысы бола алмайды. Мемлекет сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының міндеттемелері бойынша жауапкершілікті өз мойнына алады, егер оның жарғылық капиталына құрылтайшы немесе қатысушы шегінде қаражат салынса, осылайша, ұйымдық статусы бар, оффшорлы аймақта тіркелген заңды тұлға немесе осы аймаққа тіркелген, жарғылық капиталға тікелей қатысы бар заңды тұлғалар - құрылушы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымның (Қазақстан Республикасының резиденті) қатысушысы бола алмайды.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қатысушылары мен құрылтайшылары иеленген акцияларын ақшалай ұлттық валюта негізінде төлеуге міндетті.
Сақтандыру ұйымының акцияларын басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы үлесі немесе акциясына төлем ретінде енгізілген активтер сомасын есептемегендегі, өзінің жеке капиталының шегінде ақшалай төлеуге құқылы. Бұдан басқа, заңды және жеке тұлғаларға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акциясын төлеу үшін қарызға, кепілге алынған қаражаттар немесе басқа да тартылған қаражаттарды пайдалануға тиым салынады. Құрылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғылық капиталының минималды мөлшері оны мемлекеттік тіркеуден өткізу кезіне дейін оның қатысушыларымен толық төлеуі тиіс. Осылайша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерден жеке акция сатып ала алады, егерде келісім нәтижесінде сақтандыру ұйымының қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабілеттілігіне қатысты заңнамалық талапттар бұзылмайтын болса.
Сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін сақтандыру ұйымы өкілетті органдарға келесі құжаттарды көрсетуі керек:
- лицензия беру туралы өтініші;
- мемлекеттік тіркеу мен статистикалық карточка туралы куәліктің нотариалді расталған көшірмесі;
- өкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген жеке капиталдың минималды мөлшері бойынша талаптарды орындау, жарғының капиталдық минималды мөлшерін толығымен төлегенін растайтын құжаттар;
- жұмысшылар қызметіне таңдалынатын, тағайындалатын тұлғалар туралы мәліметтер;
- актуариймен расталған және өкілетті органның нормативтік құқықтың актілерінің талаптарына сәйкес жасалған сақтандыру сыныптары бойынша бизнес-жоспар;
- ішкі аудиттің қызметі туралы мәлімет;
- ұйымдық іс-шаралардың жоспарына сәйкес жүргізіліп жатқан іс-шаралар туралы есеп;
- міндетті сақтандыру келісімі бойынша сақтандыру ұйымының жойылып кетуі жағдайында сақтандырушыларға сақтандыру төлемдерін төлеуге кепілдік беретін қорға қатысу келісімінің нотариалды расталған көшірмесі (егер сақтандыру ұйымының мұндай қорға міндетті қатысуы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен бекітілсе) .
Мемлекеттік сақтандыру қадағалуының мазмұндық функцияларын,
сақтандыру қызметі бойынша мынадай негізгі топтарға бөлуге болады:
- лицензиялау- сақтандырушыларды, сақтандыру аудиторлары мен брокерлерінің қызметін лицензиялау;
- нормо-шығармашылық функция- сақтандыру ұйымдарының қызметін реттейтін нормативтік актілерді жасау;
- бақылау функциясы- қаржылық бақылау, қаржылық тұрақтылықты бақылау, сақтандырушының құқығын сақтау аясында компанияның қызметіне бақылау, келісім бойынша өз міндеттерін және нормативтік акті талаптарын орындауға сақтандыру аудиторларының қызметін бақылау.
Сақтандыру саласында мемлекеттік ретеудің негізгі міндеттемелері мыналар:
1) Қазақстан Республикасының тұрақты сақтандыру жүйесін құру және қолдану, және ұлттық сақтандыру рыногының инфроқұрылымын қалыптастыру.
2) Сақтандыру рыногын реттеу қағидалары мен әдістерін және сақтандыру қызметіне қадағалау тәртібін белгілейді.
3) Сақтандыру негіздерін заңнамалық түрде бекіту, міндетті сақтандырудың түрлерін белгілеу, халықаралық сақтандыру жүйесін Қазақстан Республикасының қатысу принциптерін анықтау.
4) Сақтандырушылардың, сақтанушылардың заңды мүдделерін және құқықтарын қорғау.
Сақтандыру аясында, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, сақтандыру рыногындағы мемлекеттік бақылау, өкілетті және басқа да мемлекеттік органдармен реттеледі.
«Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы заңымен реттелмейтін басқа да мемлекеттік органдардың өкілеттігі міндетті сақтандыру түрлері барынша сәйкес заңнамалық актілерімен реттеледі. Өкілетті орган сақтандыру аясында өкілетті орган болғандықтан келесідей функцияларды атқарады:
- сақтанушылардың және сақтандыру рыногының басқа да қатысушыларының заңды мүддесін қорғау, ұлттық сақтандыру рыногының инфроқұрылымын қалыптастыру және Қазақстан Республикасында сақтандыру жүйесінің қызмет етуін қамтамасыз етуі бірнеше мемлекеттік саясат жүргізу;
- сақтандыру рыногын реттеудің әдістерімен принциптерін, сақтандыру қызметтерін қадағалаудың ұйымдастыру тәртібін анықтау;
- сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын құруға, оларды бақылау құқығын иемденуге, олардың ерікті жойылуына қайта құрылуына рұқсат беру, сақтандыру ұйымдарының филиалдарымен өкілдіктерін Қазақстан Республикасының территориясында, сондай-ақ территориядан тыс жерде де ашуға келісім беру;
- сақтандыру қызметін жүзеге асыруға, сақтандыру брокеріне, сақтандыру рыногында актуарлық қызметімен сақтандыру ұйымының аудитіне лицензия беру;
- сақтандыру ұйымы және ондағы жарғылық, жеке капиталдық минималды мөлшері үшін пруденциналді нормативтер мен басқа да міндетті нормалар мен шектерді бекітуі және олардың сақталуына бақылау;
- жойылушы сақтандыру ұйымдарының жоюшы (таратушы) комиссиясының қызметіне бақылау жасау;
- сақтандыру ұйымының қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабілеттілігін талдау, бағалау, бақылау;
- сақтандыру ұйымының сақтандыру келісімдері (сақатандыру полисі) есебінің тәртібін белгілеу;
- сақтандыру ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, актуарий және өкілетті аудиторларының реестрін жүргізу;
- Ұлттық Банкпен бірлесе отырып, өзінің бақылау және қадағалау функцияларын орындау үшін сақтандыру ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің қаржылық және басқа да есеп берулерінің формаларын, мерзімін және тізімін анықтау;
- сақтандыру ұйымдарының және сақтандыру рыногының басқа да қатысушыларының орындауындағы міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабыладау;
- сақтандыру қызметі субъектілерін инспекциялау (тексеру) жүргізу;
- сақтандыру рыногының кәсіптік қатысушыларына санкциялар жүргізу;
- Сақтандыру рыногының кәсіптік қатысушыларына берілген лицензияның күшін тоқтату және қайта шығару туралы шешім қабылдау.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz