Жеке кәсіпкерліктің құқықтық мәртебесі және жеке кәсіпкерлікті бақылау


Пән: Бизнесті бағалау
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

І. Жеке кәсіпкерліктің құқықтық мәртебесі және жеке кәсіпкерлікті бақылау . . . 3-5

ІІ. Жеке кәсіпкерлікке мемлекеттік әкімшілік қамтамасыз ету мақсаттары . . . 6-7

ІІІ. Жеке кәсіпкерлікті тоқтату негіздері . . . 8-11

ІV. Қортынды . . . 12-13

Глоссарий . . . 14-15

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 16

Жеке кәсіпкерліктің құқықтық мәртебесі.

І. Жеке кәсіпкерлік - жеке тұлғаның бастамасымен пайда табуға бағытталған жеке тұлға меншігіне негізделген және жеке тұлға атынан олардың тәуекелімен олардың мүлкін жауапкершілігмен жүзеге асырады. Қызмет жеке кәсіпкерлік субъектілері жеке тұлға және мемлекеттік емес заңды тұлға.

Жеке кәсіпкерлік субъектілері -шағын кәсіп субъектісі заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметпен айналысатын орташа жылдық 50 адаммен қызмет атқаратын жеке кәсіпкер және 50 адамнан аспайтын және орташа жылдық активтер құны 60 000 айлық есептік көрсеткіш көп емес кәсіптік қызметпен айналысатын заңды тұлға.

Шағын кәсіптік субъектісі ретінде бола алмайды келесі жеке кәсіп:

1) есірткі құралдарымен психотропты заттармен айналысумен байлансты қызметті жүзеге асырады;

2) акцизделетін өнімді өндіретін және олардың көтерме саудасын жүзеге асырады;

3) нан қабылдайтын бөлімдерде бидай сақтайтын қызмет жүзеге асырады;

4) лотерея өткізуді жүзеге асырады;

5) ойын-сауық және шоу бизнес саласындағы қызметті жүзеге асыру;

6) сертификаттау, меторология және сапалы басқа ру саласында мұндай өнімдерін, газ-электр және жылу энергиясын жүзеге асырады;

7) мұндай өндіру, қайта өндіру және таратумен байланысты жүзеге асырады;

8) радиоактивті материалдар айналыммен байланысты жүзеге асырады;

9) банктік қызметпен немесе банк операциялардың жеке түрлерімен, сақтандыру нарығында (тек сақтандыру агентінен басқа) қызметті атқарады;

10) аудиторлық атқарады;

11) бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметпен айналысады. Орташа жылдық қызметкерлер санына жеке кәсіпкердің өкілдігі, филиалы және басқа бөлімдерінің қызметкерлері кіреді.

Орта кәсіпкерлері субъектілеріне заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметпен айналысатын орташа жылдық жұмысшылар саны 250 адамнан асатын немесе жалпы активтер саны 325 мың айлық есептік көрсеткіштен көп заңды тұлға жатады.

Жеке кәсіпкерліктің мынадай түрлері белгілі:

1) өзіндік жеке кәсіпкерлік;

2) бірлескен жеке кәсіпкерлік.

Ерлі-зайыптылардың кәсіпкерлігі -ортақ меншік негізінде, отбасы кәсіпкерлігі - шаруа (фермер) қожалығына немесе жекешелендірілген тұрғын үйге бірлескен меншік иесі, жай серіктестік - үлесті меншік негізінде жүзеге асырылады.

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары:

  1. жеке кәсіпкерлік кез келген түрін жүзеге асырауға;
  2. жолданбалы еңбекті пайдалануға;
  3. оригинал өкілдерді құруға;
  4. қайтарымды негізінде жеке кәсіп, субъектілерінің заем беруге;
  5. өндіретін тауар жұмыс, қызмет, бағасын жеке белгілеуге;
  6. өзінің құқық қабілеттілік шегінде сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асырауға;
  7. жеке кәсіпкерлікті субъектінің бірлестіктерін құруға;
  8. аккредиттелген бірлестіктер арқылы сараптама кеңсесінің жұмысына қатысуға;
  9. жеке кәсіпкердің субъектілерінің құқық бұзушылыққа кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту мәселесі бойынша бақылаумен қадағалау қызметі жүзеге асыруға, құқық қорғау және мемлекеттік органға шағымдануға;
  10. өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін сот органдарына шағымдануға;
  11. жеке кәсіпті қолдау мен қорғау мәселесі бойынша нормативтік актілердің орындалмауы мен тиісті орындалмауына үлес қосатын себептермен жағдайларды жою туралы ұсыныстарды қарауына мемлекеттік органдарға ұсынуға құқылы.

Жеке кәсіпкерліктің субъектілерінің міндеттері:

  1. ҚР Заңнамасын сақтауға, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сақтауға;
  2. ҚР Заңнамасының талаптарына жататын жеке кәсіп қызмет түрін жүзеге асырып лицензия алуға;
  3. Міндетті адамды құқықтық жауаптан сақтандыруға міндетті.

2. Бақылау қағидалары:

  1. Заңдылық;
  2. Жеке кәсіптік субъектінің адалдық презумуиясы;
  3. Ашықтылық;
  4. Заң мен сот алдында барлығының теңдігі;
  5. Бақылау жүргізу барысында жеке кәсіпкерлік субъект жұмыс режимінің бұзылуына жол бермеу.

Мемлекеттік орган уәкілеті өздерінің қызметтеріне міндетті орындалмағаны және тиісті орындалмаған және олардың өздерінің құзыреттерін асырғаны үшін жауапкершілік.

Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік бақылаудың негізгі міндеттері:

  1. Экономикалық қауіпсіздік қамтамасыз ету;
  2. Алдау практикасының алдын-алу;
  3. Табиғи және энергетика ресурстарын үнемдеуді;
  4. Ұлттық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды;
  5. Жеке кәсіпкерлік субъектісі өндіретін және сататын өнімдердің адамдар өмірі мен денсаулығына қауіпсіздігін;
  6. Олардың мүлкін қорғауды Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  7. Қоршаған ортаға қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Мемлекеттік органдарға және кәсіпкерлік субъектілеріне тексеру жүргізу тәртібі мәселері бойынша заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер қабылдауға тыйым салынады. Тексеру мемлекеттік органының тексеруді тағайындау туралы актісі негізінде жүргізіледі.

Тексеруді тағайындау туралы актіде:

1. Актінің нөмірі мен күні;

2. Мемлекеттік органның атауы;

3. Тексеру жүргізуге уәкілетті адамның тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы;

4. тексерілетін жеке кәсіпкерлік субъектінің атауы немесе тексеру жүргізу тағайындалған дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты, оның орналасқан жері, салық төлеушінің тіркеу номері;

5. тағайындалған тексерудің мәні;

6. тексерудің басталған және аяқталған күні;

7. тексеру жүргізудің құқықтық негіздері, оның ішінде міндетті талаптары, тексеруге жататын нормативтік құқықтық актілер;

8. тексерілетін кезең;

9. актіге қол қоюға уәкілетті адамның қолы және мемлекеттік органның мөрі көрсетіледі.

Объектіге тексеру үшін келген мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары:

  1. құқықтық статистика жөніндегі органдарда тіркеу туралы беті қойылған тексеруді тағайындау туралы актіні;
  2. қызметтік куәлігін;
  3. қажет болғанда режимді объектілерге баруға құзіретті органның рұқсаты;
  4. мемлкеттік органның басшысы бекіткен тексеру жоспарын;
  5. объектілерге бару үшін болуы қажет медициналық рұқсаттаманы көрсетуге міндетті.

Тексеруді тағайындау туралы актіні тексерілетін жеке кәсіпкерлік субъектісіне берген сәттен бастап тексеру жүргізу басталды деп есептеледі. Тексеруді тағайындау туралы актіні қабылдаудан бас тартқан немесе тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарының лауазымды адамдарының тексеру жүргізуге қажетті материалдарға қол жеткізуіне кедергі келтірген жағдайда хаттама жасалады. Хаттамаға тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар лауазымды адамы және тексерілетін жеке кәсіпкерлік субъектісінің уәкілетті адамы қол қояды.

Тексерілетін жеке кәсіпкерлік субъектісінің уәкілетті адамы бас тарту себебі туралы жазбаша түсініктеме беріп, хаттамағы қол қоюдан бас тартуға құқылы. Тексеруді тағайындау туралы актіні алудан бас тарту тексеру жүргізбеуге негіз болып табылмайды. Тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілген лауазымды адам ғана тексеру жүргізе алады.

Тексеру жүргізу мерзімі 30 күнтізбелік күннен аспауы тиіс, ерекше жағдайларда арнайы зерттеулері сынақтары сараптамалар жүргізу қажет болғанда тексеру көлемінің ауқымды болуына байланысты мемлекеттік бақылау органның басшысы (не оны ауыстыратын адам) тексеру жүргізудің мерзімін ұзартуы мүмкін, бірақ ол 30 күнтізбелік күннен аспауға тиіс.

Тексеруді тағайындау туралы бір актінің негізінде бір ғана тексеру жүргізіледі және тек бір ғана жеке кәсіпкерлік субъектісіне рәсімделеді.

Тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтар бойынша жеке кәсіпкерлік субъектісі 3 күндік мерзімде қарсылық болмағанда тексеруді жүргізген мемлекеттік органның басшылысы мен келісімен мерзімдері көрсете отырып, анықталған бұзушылықтарды жою, жөнінде қабылданатын шаралар туралы ақпарат беруге міндетті.

Өнімнің адамдар өмірі мен денсаулығына қауіпсіздігі және мүлікті сақтау саласындағы бақылау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тексеруді тағайындау туралы актісіз жүзеге асырылады.

ІІ. Жеке кәсіпкерлікке мемлекеттік әкімшілік қамтамасыз ету мақсаттарына:

1. Жеке кәсіпкерлік сүт өндіретін және сататын өнімнің адамдар өмір мен денсаулығына қауіпсіздігін;

2. Олардың мүлкін қорғауды, өндіретін өнімнің;

3. Қоршаған ортаға қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;

4. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

5. Алдау практикасының алдын-алу;

6. Табиғи және энергетикалық ресурстарды үнемдеу;

7. Ұлттық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады.

Мемлекетті әкімшілік етудің түрлеріне мыналар жатады:

  1. ҚР заңдарымен жеке кәсіпкерлік өнімдеріне, процестеріне талаптар белгілеу;
  2. Сәйкестікті, тексеру, калибрлеу және сынап (орталықтарын, растау жөніндегі органдарды аккредиттеу) ;
  3. Өнімнің жекелеген түрлерінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарна сәйкестігін міндетті растау;
  4. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік бақылау;
  5. Жеке кәсіпкерліктің жекеленген түрлерін лицензиялау;
  6. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілерінің азаматтық құқықтық жауаптылығын міндетті сақтандыру;
  7. Қазақстан Республикасының заңдарымен жеке кәсіпкердік субъектілерінің, мемлекеттік органдарының және олардың лауазымды адамдарының жауаптылығын белгілеу.

2006 жылы қаңтардың 31-індегі «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 4-бабы, 2-тармағына сәйкес, жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу ұстанымдары болып төмендегілер саналады:

1. Жеке кәсіпкерлік еркіндігіне кепілдік және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз ету;

2. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға жеке кәсіпкерліктің барлық субъектілерінің тең дәрежелілігі;

3. Жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне) қол сұқпауға және қорғауға кепілдік;

4. Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерліктің дамуының басымдылығы;

5. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жеке кәсіпкерлік мүдделеріне қатысты нормативтік-құқықтық актілер жобаларын сараптауға қатысты.

Осы берілген тізімдемеден кәсіпкерлік құқық ұстанымдары ретінде тек жеке кәсіпкерлік еркіндігі және оның қорғауды қамтамасыз ету ұстанымын және шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау ұстанымын атауға болады (өйткені субъектілер теңдігі және меншікке қол сұқпау ұстанымдары -бұл жоғарыда айтылғандай, азаматтық құқық ұстанымдары) . Сонымен қатар кәсіпкерлік құқықтың тағы 2 ұстанымын атап айтуға болады: ол кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу ұстанымы және бәсекелестік еркіндігі және монополиялық қызметті шектеу ұстанымы. Жеке кәсіпкерлік еркіндігі және оның қорғауды қамтамасыз ету мен шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау ұстанымы Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және басқа да кәсіпкерлік қатынастарды реттейтін нормативтік актілерде бекітілген.

Сонымен, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 10-бабына сәйкес, мемлекет кәсіпкерлік еркіндігіне кепілдік береді және оны қорғау және қолдауды қамтамасыз етеді. Сонымен бірге кәсіпкерлік қызметтің еркіндігі даусыз емес және қоғамдық мүдделер үшін заңмен шектелуі мүмкін. Атап айтқанда, заң актілері арқылы жеке кәсіпкерлік үшін тыйым салынған тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің тізімдемесі белгіленуі немесе экспорт пен импортқа шектеу қойылуы мүмкін. Алайда Жеке кәсіпкерлік туралы Заңның 3-бабы, 1-тармағында көрсетілгендей, жеке кәсіпкерлік тек Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тағайындалған негіздемелер бойынша ғана шектелуі мүмкін. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау деп жеке кәсіпкерліктің дамуын ынталандыру және Қазақстанда кәсіпкерлік бастамашылықты іске асыру (Жеке кәсіпкерлік туралы Заңның 1-бабы, 3-тармағы) үшін қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтік шарттар құру бойынша бірқатар мемлекеттік кешенді шаралар саналады.

Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау ұстанымы мынадан көрінеді: заң шығарушы жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау саласында мемлекеттік саясат дамуының басым бағыты ретінде шағын бизнеске қолдау көрсетуді арнайы бөліп қарайды. Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау төмендегі бағыттар бойынша жүзеге асырылады: шағын кәсіпкерлік субъектілердің мемлекеттік қаржылық, статистикалық, материалдық-техникалық және ақпараттық ресурстарды, сонымен қатар ғылыми- техникалық зерттеулер мен технологияларды, шағын кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік, салалық (секторлық) және аймақтық бағдарламаларын пайдалануы үшін жадайлар туғызу; шағын кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік тіркеу және таратудың оңайлатылған тәртібін белгілеу; салық салудың оңтайлы режимін тағайындау; шағын кәспкерлікке кредит беру бағдарламаларын қабылдау; шағын кәспкерлікті дамыту және қолдау үшін инвестициялар (оның ішінде шетелдік те) тарту және пайдалану жүйесін құру; мемлекеттік қажеттіліктер үшін тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алудың кепілді көлемін қамтамасыз ету; мамандар даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін көтеруді ұйымдастыруды шағын кәспкерлікті қолдау және дамытудың жаңа оқу және зерттеу орталықтарын, консалтинг ұйымдарын және жүйелерін құру және бұрыннан барларын өркендету жолымен іске асыру; ұлттық даму институттарын құру (Жеке кәсіпкерлік туралы Заңның 18-бабының 3-тармағы) .

ІІІ. Жеке кәсіпкерлік ерікті және еріксіз негізде тоқтатылады.

Ерікті негізде :

1. Банкрот ден тану (кәсіпкердің өзі талап-арыз берсе) ;

2. Кәсіпкердің өзінің шешімі бойынша;

3. Қайта ұйымдастыру кезінде.

Еріксіз негізде :

1. Банкрот деп тану (кредит берушілер талап-арыз берсе) ;

2. Қайтыс болу;

3. Лицензиялауға жататын кәсіпкерлікті лицензиясыз, мерзім аяқталған лицензиямен жүзеге асырылады;

4. Заң актілерінде тыйым салынған кәсіпкерлікпен айналысса;

5. Басқа да жағдайларда (тіркеу кезінде жіберілген, жойылмайтын сипаттағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарына байланысты дара кәіспкерді тіркеу жарамсыз деп танылған қызметін күнтізбелік жыл жеке кәсіпкерлік ішінде заңды бірнеше рет өрескел бұзса) .

Банкрот деп жарияланады -егер жеке кәсіпкерлік субъектілердің борышкердің сотқа өтініш немесе кредитордың, ол Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда өзге адамдардың сотқа өтініші негізінде сот шешімімен, дара кәсіпкердің қызметі ерікті немесе мәжбүрлеу тәртібімен, заңда көзделген мән-жайлар туындаған жағдайда тоқтатуы мүмкін. Дара кәсіпкердің қызметі өзіндік кәсіпкерлік кезінде - дара кәсіпкер өз бетімен, бірлескен кәсіпкерлік кезінде - барлық қатысушылар бірлесіп қабылдаған шешім негізінде кез келген уақытта ерікті түрде тоқтатылады. Мәжбүрлеп тоқтау тек сот шешімімен жүзеге асырылады. Өзіндік кәсіпкерлік - дара кәсіпкер әрекетке қабілетсіз деп танылған қайтыс болды деп жарияланған немесе ол қайтыс болған жағдайда; отбасылық кәсіпкерлік және жай серіктестік - бірлескен кәсіпкерлерін қатысушысының біреуі қалған немесе бірде-бірі қалмаған жағдайда, некені бұзуға байланысты мүлікті бөлу кезінде тоқтатылады, дара кәсіпкердің қызметі оның өтінімі немесе соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде мемлекеттік тіркелімнен осындай кәсіпкерді алып тастаған кезден бастап тоқтатылды деп есептелінеді. Мемлекеттік тіркелімнен алып тастау дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті тіркеу органына бергеннен кейін жүргізіледі. Белгіленген жағдайларда тіркеусіз дара кәсіпкердікті жүзеге асыру кезінде оны тоқтату ерікті сипатта болса -нақты тоқтатылған кезден бастап, мәжбүрлеп тоқтату кезінде тиісінше соттың, шешімі заңды күшіне енген кезден кезден бастап ол тоқтатылды деп есептелінеді.

Бақылау және қадағалау мiндеттерiн жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар жалақының, зейнетакылардың, жәрдемақылардың уақытылы төленуін Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарда көзделген, мiндеттi төлемдердiң аударылу тәртiбiнiң сақталуын тексерудi жылына бiр реттен жиi жүзеге асыруы мүмкiн. Бақылаушы органдар тексеруінің нәтижелері eкi жақты акт жасау арқылы расталуға тиic, онда ескертпелер тiзбесi, оларды жоюдың қажеттi шаралары мен мерзiмдерi көрсетiледi. Aктiдe тараптардың әр қайсысы актiнiң қандай шарттарымен өздерiнiң келiспейтiнiн көрсетуге құқылы.

Мемлекеттiк органдардың ақпарат беру және жеке кәсiпкерлiкпен байланысты өзге де ic-әрекеттер жасау жөнiндегi мiндеттерi:

1. Мемлекеттiк органдар жеке кәсiпкерлерге олардың салық салуы бойынша қолданып жүрген заңдарға түсiндiрме, консультация және олардың кәсiпкерлiк қызметiне байланысты өзге де ақпарат беруге мiндеттi. Мемлекеттiк органдардың мұндай ақпарат беруден бас тартуға құқығы жок;

2. Мемлекеттiк органдарға тipкey, жер учаскесiн бөлiп беру, лицензия алу, заң тармақтарында көзделген негіздерде ақпаратты беру мәселелерi бойынша, сондай-ақ өздерiнiң кәсiпкерлiк қызметiне байланысты өзге де мәселелер бойынша өтiнiш жасаған жеке кәсiпкерлерден заң актiлерiмен тiкелей көзделмеген ақша салымдарын алуға болмайды.

Мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарының жеке кәсiпкерлердiң құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзатын ic-әрекеттерiне немесе әрекетсiздiгiне шағымдану:

1. Жеке кәсiпкерлердi тipкey, оларға лицензия беру, олардың қызметiн тексеру, оны тоқтату немесе тоқтата тұру туралы талап қою кезiнде, сондай-ақ осыған ұқсас басқа да жағдайларда өздерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерi бұзған ретте жеке кәсiпкер тиicтi opгандарда және (немесе) лауазымды адамның iс-әрекеттерiне орган (лауазымды адам) орналасқан жердегi немесе шағым берушiнiң қалауы бойынша) жеке кәсiпкерлiк қызмет жүзеге асыратын жер бойынша сотқа шағымдануға құқылы;

2. Құқық қорғау органдарының қылмыстық, ic қозғауға және оны тергеуге байланысты iс-әрекеттерiне жеке кәсiпкердiң шағым жасауы қылмыстык, ic жүрriзу заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

Жеке кәсiпкердi әлеуметтiк қорғау:

1. Жеке кәсiпкер әр түрлi әлеуметтiк қамсыздандыру, әлеуметтiк және медициналық сақтандыру жүйелерiн пайдалануға құқылы;

2. Қазакстан Республикасының зейнетақы заңдарына сәйкес төлемдер төлеп тұрған жағдайда жеке кәсiпкерлiк қызмет зейнетақы тағайындау үшiн жұмыс стажына есептеледi.

Жеке кәсiпкердiң қызметiн тоқтата тұру мен тоқтатудың негiздерi мен тәртiбi:

1. Жеке кәсiпкердiң қызметi ерiктi не мәжбүрлеу тәртiбiмен, сондай-ак, осы заңда көзделген жағдаяттар пайда болған ретте тоқтатылуы мүмкiн;

2. Жеке кәсiпкердiң қызметi ерiктi тәртiппен кез келген уақытта - өзiндiк кәсiпкерлiк жағдайында жеке кәсiпкердiң өздiгiнен қабылдаған шешiмiнiң, бiрлескен кәсiпкерлiк жағдайында -барлық қатысушылардың бiрлесiп қабылдаған шешiмiнiң негiзiнде тоқтатылады. Бiрлескен кәсiпкерлiктi тоқтату туралы шешiм оның қатысушыларының жартысы жақтап дауыс берсе, егер олардың арасындағы келiсiмде өзгеше көзделмесе, қабылдаған болып есептеледi.

Жеке кәсiпкердiң қызметi мынадай жағдайларда:

1) банкроттық;

2) тipкey кезiнде қалпына келтiрiлмейтiндей сипаттағы заң бұзушылыққа жол берiлyiне байланысты жеке кәсiпкердiң тiркелуiн жарамсыз деп тану;

3) борышкер заңда көзделген мерзiмде несие берушiлер талаптарын қанағаттандырғанын немесе қанағаттандыру мүмкіндігінің немесе бiтiмгершiлiк келiсiм жасалған дәлелдемелерiн табыс етпеген жағдайда, сондай-ак оңалту рәсімін қолдану туралы өтінішін қанағаттандырудан бас тартқан жағдайда сот борышкердi банкрот деп тану туралы шешiм шығарады;

4) борышкер -жеке кәсіпкердің банкорттығы туралы ic бойынша іс қозғау ақша сомаларын өндіріп алу туралы соттардың шешiмдерiн орындауға немесе борышкердiң кәсiпкерлiк қызметіне байланысы жоқ мiндеттемелер бойынша оның мүлкiнен өндіріп алуға кeдepгi болмайды;

5) кәсiпкерлiк қызметке байланысты емес, борышкерден ақша сомаларын өндiрiп алу туралы сот шешiмi немесе басқа орындаушылық құжаттар жок;

6) мiндеттемелердi орындау сот тиiстi шешiм шығарғанға дейiн тоқтатыла тұрады;

7) борышкердің мәмiлелерiн жарамсыз дел тануды сот өз бастамасы бойынша немесе мүдделi адамдардың өтiнiшi бойынша Қазақстан Республикасының Азаматтык кодексiнде және банкроттық туралы заңдарда көзделген тәртiп пен негiздерде жүзеге асырады;

8) банкроттык туралы заңдарда заңды тұлғалар үшiн көзделген негiздер бойынша борышкер банкрот деп танылғанға дейiн мүлiк қайтарған және оның мәмiлелерiнiң жарамсыз деп таныған кезде банкроттьқ туралы ic қозғалғанға дейiнгi 1 жыл iшiнде жеке кәсiпкердiң жұбайына (зайыбына), тiкелей алдынғы және кейiнгi буындағы туыстарына, апа-сiңлiлерiне, аға-iнiлерiне және олардың төмендегі буындағы туыстарына, жұбайының (зайыбының тiкелей алдындағы және кейiнгi буындағы туыстарына, апа-сiңлiлерiне, аға-iнiлерiне) берiлген мүлiктi қайтару талап етiлуi мүмкiн.

Жеке кәсiпкерлердiң банкроттығы туралы icтep бойынша оңалту pәciмi:

- жеке кәсiпкердің банкроттығы туралы ic бойынша ic қозғалғаннан кейiн сот борышкердiң оңалту pәciмiн қолдану туралы өтiнiшiн қанағаттандыра алады.

Жеке кәсiпкерлердiң банкроттығы туралы icтep бойынша оңалту pәciмi банкроттық туралы заңарда заңды тұлғалар үшiн белгiленген ережелер бойынша мынадай ерекшелiктердi сақтай отырып жүргiзiледi:

1) оңалту жоспарын банкроттық туралы ic бойынша ic жүргiзудi сот кейiнге қалдырғанан кезден бастап 1 ай iшiнде борышкер-жеке кәсiпкер не оңалту басқарушысына кандидат әзiрлейдi және талап ету сомасы олардың талап eтeтiн жалпы сомасының кемiнде 2/3 бөлiгiн құрайтын конкурстың және кепiлдiк несие берушiлердің келiсiмi болған жағдайда сот бекiтедi;

2) талап ету сомасы олардың талап eтeтiн жалпы сомасының кeмiндe 2/3 бөлiгiн құрайтын кепiлдiк және конкурстык, несие берушiлердiң келiсiмiмен сот оңалту басқарушысын тағайындамай борышкердiң өз мүлкi мен icтepiн басқаруын сақтап қала алады.

Жеке кәсiпкердi банкрот деп танудың салдарынан сот жеке кәсiпкердi банкрот деп тану туралы шешiм шығарған кезден бастап мынадай салдарлар болады:

1) кәсiпкерлiк қызметке байланысты мiндеттемелердi орындау мерзiмдерi басталған болып саналады;

2) кәсiпкерлiк қызметке байланысты банкрот берешегiнiң барлық түрлерi бойынша өciм мен проценттер есептеу тоқтатылады;

3) борышкерден барлық орындаушының құжаттар бойынша өндiрiп алу тоқтатылады, бұған өмipiнe немесе денсаулығына зиян келтiргенi үшiн борышкер жауап беретiн азаматтардың талаптары бойынша, сондай-ақ алименттер өндiрiп алу туралы талaптар бойынша орындаушылық құжаттар қосылмайды;

4) сот шешiмiмен кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға берiлген лицензияның қолданылуы тоқтатылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлік құқық ұғымы
ҚР-дағы кәсіпкерліктің шаруашылық жүргізу құқығы
Кәсіпкерлік жайында
Кәсіпкерлік қызметті белгісіне, нысаны мен түріне қарай классификациялау
Кәсіпкерлік туралы мәлімет
Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуы
Кәсіпкерлік. кәсіпкерлік түрлері
Кәсіпкерлік қызметінің мәні және негізгі ерекшеліктері
Жеке кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың құқықтық мәселелері
Қазақстанда кәсіпкерліктің даму жағдайы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz