Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерліктердің банкроттығы туралы істерді сотта қарау ерекшеліктері


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Кіріспе 3-7
1 Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерліктердің банкроттығы туралы
мәселесін сотқа дейін шешу жолдары7-14
- Заңды тұлғалардың банкроттығы туралы мәселесін сотқа дейін шешу
жолдары . . . 15-29
- Жеке кәсіпкерліктердің банкроттығы туралы мәселесін сотқа дейін
шешу жолдары . . . 29-43
2 Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерліктердің банкроттығы туралы
істерді сотта қарау ерекшеліктері . . . 44-46
2. 1 Банкроттық туралы істерді қозғау мен әзірлеу . . . 46-59
2. 2 Банкроттық туралы істерді қарау . . . 59-68
Қорытынды . . . 69-72
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 73-75
Кіріспе
Әділ бидің елін дау араламайды,
Әділ патшаның жерін жау араламайды.
(Мәшһүр Жүсіп Көпеев) .
Таңдалып алынған тақырыптың маңыздылығын екі топқа бөліп қарастыратын факторлармен анықтауға болады.
Біріншіден, бұл дәрменсіздік тақырыбының жалпы маңыздылығы және дәрменсіздік туралы істерді қозғау ерекшелігі. Қазіргі кезде біздің ел, дәрменсіздік туралы істер бойынша ең бір ауқымды кезеңді бастан кешіп жатыр десек, біз қателеспеспіз.
Банкроттық тақырыбының маңыздылығы көптеген жаңа заң жобаларының шығуына ықпал етеді, ол өз жағынан банкроттық процедурасымен байланыста болады.
Банкроттық процедурасы ең алдымен несие берушілер мен заңды тұлғаның, егер ол банк болған жағдайда оның салымшыларына керек, себебі несие берушілер мен салымшылар өз ақшалай қаражаттарын қысқа мерзімде қайтарып алуына сенімді болуы керек.
Не болғанда да белгілі, коммерциялық ұйымдар кредиторлары алдында қарыздарын өтей алмайтын кездер болады. Осыған сәйкес экономикалық кризистен ең ірі деген ұйымдардың өзі де сақтандырылмаған. Солайша, 1999ж. Оңтүстік Кореяның Daewoo компаниясы банкроттыққа ұшырады, бұл сол кездегі дүние жүзіндегі ең ірі банкроттық болатын. 1 Бір ғана менеджердің тәуекелі Ұлыбританияның бұрыннан келе жатқан «Беринг» 2 атты ірі банкті банкроттыққа әкелді.
1 Кризис в Hyundai обрушал рынок\\ Ведомости, 30 мая 2000г № 94 с. 62 Горькое лекарство для Кореи: банкротство Daewoo может
пойти на пользу экономике страны\\ Ведомости, 14 ноября 2000г. №210,
2 Баренбойм П. Д. Правовые основы банкротства: Учебное пособие, М. : 1995, с. с. 52-54.
Борышқордың қаржылық қиыншылықтары оның контрагенттерінде көрініс табады және жағымсыз әлеуметтік жағдай тудырады (бюджетке салық түсімінің төмендеуі, жұмыскерлерді орнынан босату, т. с. с. ) .
Қаржылық қиыншылықтары бар борышқор мен оның кредиторлары арасындағы қарым-қатынасты реттеу мәселелерін банкроттық институты қарастырады, бұл нарықтық экономиканың тұрақты қызметінің бөлігі болып келеді. 1 Дәрменсіздік (банкроттық) институты экономиканың жандануына әсер етеді, себебі азаматтық айналымнан жарамсыз коммерсанттар іріктеліп шығады. Сонымен қатар, банкроттық туралы заң борышқордың дәрменсіздігінен туындайтын жағымсыз жағдайларды неғұрлым төмендетуге бағытталған.
Құлиеленушілік қоғамның өзінде дәрменсіздік мәселелеріне ерекше көңіл бөлген. Төлем өтелмеген жағдайда борышқор кредиторлардың қолына берілетін болған. 2 12 кесте заңы бойынша кредиторларға ерік берілді, яғни борышқорларға жұмыс істету, борышқорды құлдыққа сату, борышқорды қинау т. с. с. әрекеттерге жол берілді.
Ортағасырлық құқықтанушылар мынадай тұжырымға келеді, дәрменсіздіктің барлығы дерлік борышқордың мардымсыз жұмысынан ғана бола бермейді, борышқорды өте қатал жазалағанның өзінде банкроттық деңгейі төмендемейді.
Капиталистік (нарықтық) қатынастардың қарқынды дамуының кезінде кредиторлардың талабын қанағаттандырудың негізгі тәсілі борышқордың меншігін шектеу болды. Белгілі бір конкурстық процесстің (өндіріс) үлгісі құрылды. Сол кезеңдегі дәрменсіздік туралы неғұрлым дамыған нормативтік акт 1877жылғы Германияның конкурстық Жарғысы болып есептелді, ол көптеген өзгертулер мен толықтырулардың енгізілуімен 1999 жылдың 1-ші қаңтарына дейін жарамды болды. 3
1 Белых В. С. Правовые основы банкротства юридических лиц. М. 1996г. с. 10.
2 Малышев К. И. Исторический очерк конкурсного процесса. С-П. 1996г. с. 3-5.
3 Степанов В. В. Несостоятельность (банкротство) в России, Франции, Англии, Германии. М. : «Статут» 1999 г. с. 34.
20 ғасырда банкроттық институтының жаңаша бір түсінігі пайда болады. Яғни, тәжірибе көрсеткендей борышқордың ісін жою кредиторларға тиімсіз болды, керісінше оның ісін жандандыру неғұрлым табысты болды. Солайша, жаңадан реабилитациялық әрекеттер жасалына бастады, борышқорлардың (мысалы: көліктік компаниялардың, муниципалды ұйымдардың, банктардың, биржалар мен сақтандыру компаниялардың) жекеше категориясына қарай банкрот деп танудың ерешке кезегі болды және нормалар шығарылды.
Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері банкроттық туралы заң үш рет өзгерді. Алғашқысы 1997 жылы қабылданған еді. Қазіргі кезде Үкімет Парламентке кезекті түзетулер жобасын енгізуді жоспарлап отыр. Бірер жылдан бері республикада 900-ден астам кәсіпорын аукционмен сатылып кетіпті. Жалпылай алғанда, банкроттық жағдайдағы кәсіпорындардың үлесі 1, 3 пайызды құрап отыр. 1 Банкрот жариялайтындардың дені, негізінен, қоржынында еш активі жоқ, тек сатылу үшін құрылған фирмалар болса да, кейде мұның меншікті тартып алу құралы ретінде пайдаланылып, әлдекімдердің табысты бизнесіне айналып кететіні рас. Елімізде соңғы кездері жиілеп кеткен жалған және қасақана жасалатын банкроттық оқиғалары ел экономикасына ғана емес, ұлттық қауіпсіздікке де қатер төндіре бастады. Тіпті осыдан үш жыл бұрынғы деректерге сенсек, кәсіпорындардың жалған банкроттығы салдарынан экономикаға 5 миллиард 363 миллион теңге залал келтірілген. Жалған банкроттық бір жағынан, кәсіпорындардың салық, несие қайтару және басқа да қаржылай міндеттемелер сияқты көптеген қарызынан құтылуына мүмкіндік берсе, екінші жағынан, мүдделі тарап үшін борышкер-кәсіпорынның активтерін сатып алудың ең үнемді жолы болып табылады.
1 Аманжолова Б. Банкротство - новое явление теневого сектора. Тураби, 1-2007. с. 77
Сондай-ақ жалған және қасақана ұйымдастырылатын банкроттық жалақы төлеуден жалтаруға және кепілді мемлекеттік заемдарды қайтармау үшін де пайдаланылады.
Жыл сайын Алматыда шамамен 200-300 компания банкроттық процедурасынан өтеді екен. Алдыңғы жылы Қазақстан кәсіпкерлері форумының ұйымдастыруымен болған дөңгелек үстел қатысушылары «Банкроттық туралы» заңға түзетулер енгізу жобасына қатысты 16 ұсыныс-кеңес әзірлеп, оны Парламент депутаттарына жөнелтті. Ұсыныстар бір жағынан шығынға батқан кәсіпорынды негізсіз жойылу мен банкроттың теріс мақсатта пайдаланылуынан қорғаса, екінші тұсынан борышкердің қаржылық жағдайын оңалтып, аяғынан тік тұруына мүмкіндік беруге бағытталған. Сондай-ақ, банкроттық туралы іс қозғалған сәттен бастап борышкердің активтерін сақтап, оның үшінші тарапқа негізсіз берілмеуін қадағалау да көзделген. Заңға ұсынылған бұл редакцияда белгілі деңгейде банкроттық процестің қатысушылары - сот, өкілетті мемлекеттік орган, ақтаушы және конкурстық басқарушы арасындағы өзара қарым-қатынастағы тепе-теңдік орнатылған. Банкроттық процедурасындағы маңызды тұс - мүдделердің тепе-теңдігінің сақталуы. Бір қызығы, банкроттық процедурасы Дүниежүзілік банктің әлемнің 175 елінде жүргізген зерттеуінде басты 10 индикатордың бірі ретінде қарастырылған. Олар осы елдердегі бизнестің ашылуы мен банкроттыққа дейінгілерін салыстырған. Банкрот жағынан Қазақстанды 2007 жылы сол 175 елдің арасынан жүзінші орынға қойыпты. Зерттеу кезінде банкроттық процедурасының күрделілігі мен ұзақтығы, оған кететін шығын мен борышкердің өз қарызын қайтару көрсеткіші есепке алыныпты. 1
1 Аманжолова Б. Банкротство - новое явление теневого сектора. Тураби, 1-2007, с. 79.
Дәл қазір көптеген кәсіпкерлер бұл заңның маңыздылығы мен қажеттілігін түсініп отыр. Өйткені жаңа түзетулер дер кезінде қаржылық дағдарыстың алдын алып, кәсіпорындардың сауығып кетуіне мүмкіндік жасауға басым мән береді. Жұмыстың эмпирикалық негізін: ҚР «Банкроттық туралы» заңы, «Жеке кәсіпкерлік туралы» заңы, ҚР Азаматтық кодексі, соттық тәжірибе, сот істерінің материалдары (шешімдер, қаулылар, ұйғарымдар, т. б. ) құрады.
1 Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерліктердің банкроттығы туралы мәселесін сотқа дейін шешу жолдары
Банкроттық түсінігінде тәжірибеде оның мынадай түрлерін бөліп көрсетеді:
- Ұйымның шынайы банкроттығы - ол ұйымның өзінің және қарызға алынған қаражатын шынайы жоғалтқандығы салдарынан төлемқабілеттілігін қалпына келтіре алмауымен сипатталады. Жоғалтқан капитал деңгейі жоғары және қарыз көлемінің өте үлкен болуы ұйымға өзінің өндірістік-шаруашылық қызметін дұрыс атқаруға мүмкіншілік бермейді, соның салдарынан ұйым заңи түрде дәрменсіз (банкрот) деп жарияланады. Бұл жағдайда конкурстық өндіріс (ұйымның жойылуы) өткізілуі мүмкін немесе ұйымның активтері мен пассивтерінің нақты жағдайын саралай отырып заңды тұлғаны қайта құру шаралары жүргізілуі мүмкін.
- Уақытша, шартты банкроттық - бұл ұйымның несиелік қарызы мерзімінің өтуімен, дебиторлық қарыздың көптігімен, дайын тауар өндіруімен сипатталады, дегенмен мұнда ұйымның активтері сомасы оның қарыздары көлемінен әлдеқайда жоғары болады. Бұндай банкроттықтың түрі антикризистік басқару кезінде санация мен қаржылық сауықтандыру жұмыстарын дұрыс атқарған жағдайда ұйымның жойылуына соқтырмайды. Арбитраждық процедураларды жүргізу барысында ұйымның төлемқабілеттілігін қалпына келтіру әбден мүмкін.
- Әдейі (қасақана) банкроттық - ұйым басқарушысы мен оның қатысушыларының ұйымның төлем қабілеттілігін, оған өз мүдделері шегінде экономикалық залал (әртүрлі тәсілдермен ұйымның қаржысын жалтару) келтіріп, қасақана жою. Ол белгілі болған жағдайда кінәлі тұлғаларды соттың қолына қылмыстық іс қозғау үшін тапсырады.
- Жалған банкроттық - ұйымның төлем қабілеттілігі жөнінде жалған ақпарат айту, яғни кредиторларды бөгеу үшін, не өзіне қарыз төлеудің мерзімін ұлғайту, қарызына жеңілдіктер алу мақсатында жасалады. Бұл жағдайда да олар соттың қолына тапсырылады.
Сонымен, Банкрот - дәрменсіздігі сот белгіленген борышкер, ал банкроттық - борышкердің сот шешімімен танылған оны таратуға негіз болатын дәрменсіздігі; (1-бап) .
Ұйымдар (кәсіпкерліктер) мемлекеттік тіркеуден өтіп, заңды тұлғаның атағын алғаннан кейін олардың белгілі міндеттері, жауапкершіліктері және құқықтың сыртқы субъектілері алдында құқықтары пайда болады. Банкроттық процедурасы жағынан міндеттері мен жауапкершіліктері- бұл өз міндеттерін уақытылы орындауы, қарыздарын толық көлемде өтеуі және дер кезінде өтелмеген қарыздары үшін жауапкершілік болып табылады.
Банкроттық процедурасы жағынан құқық - бұл борышқордан өз қаражатын талап ету, қарыздарды өтеу және уақытылы өтелмегені үшін компенсация төлету мүмкіншілігі, яғни сот органдарына арыздану мүмкіншілігі.
Банкроттық процедурасын жүзеге асырудың басты мақсаттары, біріншіден, заңды және жеке тұлғаларға қарыздарын өтеу, екіншіден, болашақта кәсіпкерлік қызметін қалпына келтіру. Осыған орай алдымен ұйымның төлем қабілеттілігін қалпына келтірудің жүргізілуі тиіс, ал содан соң кредиторлық қарыздарын өтеу кезегі басталады.
Ұйымның банроттығының жағымды да, жағымсыз да жақтары болады.
Жағымды жақтары:
- Борышқордың ұйымын жабу және кредиторларға мәдениетті түрде сот арқылы қарыздарын қайтару;
- Жаңа бизнестің басталуы;
- Жарамсыз басқарушыларды, ұйымның уақытша иелерін кәсіби басқарушыларға ауыстыру, ұйымды неғұрлым сенімді тұлғалардың қолына беру;
- Ұйымның активтерін тазарту, қаржылық тұрақтылығын қалпына келтіру және жақсы бизнеске көшу масатында қайта құрылымдандыру;
- Ұйымды мемлекет меншігінен жеке меншікке беру және керісінше.
Сонымен қатар, ұйымның банкроттығы жағымсыз нәтижеге жеткізуі мүмкін, себебі ол көптеген заңды және жеке тұлғалардың мүдделерін көздейді.
Сондықтан нарықтық экономикасы дамыған елдерде борышкер-ұйымның төлем қабілеттілігін қалпына келтіру үшін кешенді шаралар қарастырылған, ал оның банкроттығы мейлінше жағымсыз шара ретінде қарастырылады.
Банкроттықтың жағымсыз жақтарына:
- Кредиторлардың өз капиталының жартысын жоғалтуы;
- Келесі банкроттық тізбегінің пайда болу қаупі;
- Кәсіпорын қызметкерлерінің қызмет ақысын уақытылы төленбегендігі нәтижесінде, олардың материалдық жағдайының нашарлауы;
- Жұмыс орындарының қысқаруы, әлеуметтік қысымның ұлғаюы, содан төлемқабілеттілігінің төмендеуі, тұтынушылардың сатып алу қабілеттілігінің төмендеуі;
- Тұтыну нарығының қысқаруы;
- Ұйымның меншіктілігін криминалдық жолмен шешу қаупі.
Банкроттық процедурасын экономикалық және заңи тұрғыдан қарастырған жөн. Экономикалық тұрғыдан қарағанда банкроттық - бұл ұйым қызметінде шаруашылық және кәсіпкерлік тәуекелдерді нашар есептеуі, ол ең алдымен басқарушының дұрыс шешімдерді қабылдамауымен, кәсіби, әрі сауатты қызмет атқармауының нәтижесінде туындайды.
Заңи тұрғыдан қарастырсақ банкроттық - бұл қарама-қайшылық туындаған жағдайда, мәселені сотқа жүгіну арқылы шешу мүмкіншілігі. Мемлекет кредиторлардың мүддесін қорғайды және оларға өз қарызын қайтаруға мүмкіншілік береді.
Коммерциялық қызмет атқаратын ұйым табыс табу үшін құрылады. Сонымен, коммерциялық ұйым - бұл өзінің қызметін жүзеге асыру үшін сырттан қаржы тартатын және таза табыс табу арқылы сол қаржының өсімін қамтамасыз ететін заңды тұлға.
Ұйымның табыс табу процесі - бұл өндірістік-шаруашылық кешені және өзінің құрылымы, материалдары, қаражаты, кадрлары, келісім шарттық негіздері болатын қаржы-экономикалық процесс.
Ұйымның қаржылық жағдайы қаржылық ресурстарды дұрыс қолданудың жүйелі көрсеткішімен сипатталады. Бұл ұйымның қаржылық бәсекелестігінің (төлем қабілеттілігі) сипаттамасы, яки онымен мемлекет пен басқа да шаруашылық субъектілердің алдында міндеттерін орындауы.
Әлдегідей, кәсіпкерліктердің банкроттығының бірден бір себебі макроэкономикалық жағдайдың қолайсыздығы: дәстүрлі шаруашылық байланыстардың бұзылуы, сұраныстың төмендеуі, үкіметтің экономикалық саясатының өзгерісін болжаудың күрт нашарлауы, гиперинфляция, саяси тұрақсыздық, т. б. Дегенмен, сараптаманың нәтижесі кәсіпкерлердің өздері де, көп жағдайда дәрменсіздікке душар болғанына себепкер болатындығын көрсетеді. Банкрот болған кәсіпкерліктің ретроспективалық саралануы әдетте, банкроттық белгілі бір мерзімде пайда болғандығын көрсетеді, яғни ол күрт басталмайды. Егер де қазіргі күні кәсіпкерлік өз міндеттемесі бойынша жауап беріп, ақысын өтей алмаса, бұл оның дұрыс саланы таңдамағандығының, нарық көлемінің қате бағалануының, тауар әкелуші мен тауар өткізетін жүйесінің өте ерте таңдалғандығының және басқарудың дұрыс жолға қойылмағандығының бір белгісі.
Банкроттықтың ішкі және сыртқы себептеріне бөлінуі оңай емес, бірақ бұрынғы қателіктерін көріп, одан бір нәтиже шығаратын болса, ол болашақта ұйымның қаржылық тұрақтылығы мен басқа да жағымсыз факторлардан сақтандыратын нағыз кепілдік.
Ұйымдар өз қызметін, жарғылық капиталдың жиналуы нәтижесінде, жеке капиталы бола тұрып бастайды. Өз қызметі барысында ұйым білгілі бір көлемде табыс табады, ол табыс салық пен міндетті төлемдер төленгеннен кейін, жеке капиталды толықтырады. Жеке капиталына қосымша, ұйым өзіне белгілі бір дәрежеде ұзақ және қысқа мерзімді банктік займдар, кейінгі төленуімен тауарларды сатып алу, ақысы кейін өтелетін қызметтерді пайдалану түріндегі міндеттемелерді мойнына алады. Алынған міндеттемелердің жалпы соммасы ұйымның заемдық қаражатын құрайды. Заемдық қаражаттар ақшалай (банктік несие) және натуралды түрде (мыс. Ұйым өзіне 300 мың теңге көлемінде тауар сатып алды, бірақ ақшалай төлемін әлі өтеген жоқ), бірақ ақшалай эквивалентте болады. Заемдық қаражаттардың өзге де түрі бар, ол мысалға екі ұйым өзара міндеттемелерін тауармен өтейді, яғни бартер шарты бойынша. Бірақ, мұндай жағдайда есеп айырысуда нақты қаражаттың болмауы, салықтық міндеттемелерді туғызады. Бұл жағдайда пайда болған, бірақ төленбеген салықтық міндеттемелер салықтық несие ретінде қалады, яғни мемлекетке қарыздар болады. Жеке капитал мен заемдық қаражаттар (міндеттемелер), капитал көзінің барлық жиынтығын құрайды немесе қаржылық - бухгалтерлік терминологиямен айтқанда, - пассивтері болып табылады.
Капиталдың көздері ұйымның айналымындағы және айналымынан тыс активтерінде тұрақталады.
Айналымнан тыс активтер - табыс табуға мүмкіншілік беретін өнім (қызмет) өндірісін жүзеге асыратын базаны құрайтын негізгі қаражат (ғимараттар, құрылымдар, т. б. ) болып табылады.
Айналымнан тыс активтерге сол сияқты табыс әкелетін басқа ұйымдардың жарғылық капиталына құйылатын, аяқталмаған құрылыс нысандарына, материалдық құндылықтарға салынатын ұзақ мерзімді қаржылық салымдарды жатқызуға әбден болады.
Айналымдағы активтерге:
- Өндірістегі қаражат - артық ақша ретінде сақталған, аяқталмаған құрылысқа, әлі табыс түсірмеген, яғни әзірге сатылмаған, қоймадағы дайын өнімдерге және тағы басқалай шығындарға салынған капитал.
- Есеп айырысудағы қаражат - бұл табыс табу мақсатымен жасалмаған өндіріске қатыспайтын, өндірістен тыс салымдар. Бұл алынған, бірақ ақысы төленбеген тауардың құны немесе нақты өнім мен тауар, қызметті қолданбай тұрып ұйыммен берілген аванстық төлемдер. Қаржылық - бухгалтерлік терминология бойынша - бұл дебиторлық қарыз. Бұған: сондай-ақ берілген аванстар, қызметкерлерге берілетін әртүрлі ссудалар, қысқа мерзімді қаржылық салымдар және де ұйымның кассасындағы және банктегі есеп шотындағы қаражаттар жатады.
Ұйымның тұрақтылығын саралау үшін кәсіпкерлік қызметінің қаржылық моделін толықырақ қарастырайық.
Ұйымның капиталы жеке және заемдық қаражаттан құралады. Ол айналымнан тыс активтерге құйылады, оның ішінде негізгі қаражаттар мен айналымдағы активтер, егер артық қалатын болса ( бос ақша), онда ұйым оларды өндіріс арқылы қосымша дайын тауарлар немесе фондтық нарықта сатып алып бағалы қағаздарға айналдыруына болады. Осылайша, қосымша қаржылық табыс табады.
Қаржылық ағымдардың тауар жеткізушіге өтуі, кредиторлық қарыздар арқылы жүзеге аспай қалуы әбден мүмкін, сол сияқты дебиторлық қарыздар да айналымға түсетін қаржының қайтарымын бәсеңдетуі мүмкін. Сатып алынған шикі затты дайын тауарға айналдырып шығару еңбек ақыны төлеуге, аренданың ақысын өтеуге, коммуналдық төлемдерді төлеуге, сақтандыру, салықтарды төлеуге кететін шығындарды көздейді.
Негізгі активтердің кейбір бөлігі уақыт өткендігіне (амортизация) байланысты бағасы төмендейді. Ақшалай қаражаттың бір бөлігі әртүрлі әкімшілік шараларға кетеді. Ақыры, ақшалай қаражаттың көп бөлігі салық төлеуге, несиенің пайыздарын төлеуге және басқа да қаржылық шығындарды өтеуге жұмсалады.
Егер ұйым сырт жобаларға белгілі бір салымдар салатын болса, онда олардан түскен қаражат, ұйымға жүзеге асырылмаған қызметтен түскен табыс ретінде қайтарылуы тиіс.
Солайша, қаржылық қызмет өзіне барлық ақшалай қатынастарды біріктіреді. Ұйымның төлем қабілеттілігі табысқа пропорционалды, төлем қабілетсіздік табысқа кері пропорционалды, ал міндеттемелер көлеміне тікелей пропорционалды.
Ұйымның капиталы толықтай жеке болса және міндеттемелер болмаған жағдайда, ол абсолютті төлем қабілетті ұйым болып табылады. Сонымен қатар, ұйымның капиталының негізгі бөлігін заемдық қаражаттар құраса да, егер өзінің міндеттемелерін уақытылы орындаса, ол да толық төлем қабілетті болып саналады. Барлығы, өнімнің өткізілу көлемі мен ақшалай қаражаттың уақытылы түсіп тұруына байланысты.
Материалдар мен тауарларды сатып алу кезінде тауар жеткізушілердің алдындағы міндеттемелердің бірден басталуына, ал дайын өнім дайындалуы мен өткізілуі тек бірер уақыттан кейін болатындығына байланысты, абсолютті төлем қабілетті болу үшін резервте ақшалай қаражаттың болуы шарт және де сол резервтің дәрежесін ұйымда үнемі сақтап отыру қажет.
Егер, белігі календарлық уақыт ішінде ұйым міндеттемелерінің өсу темпі табыс табу өсімі темпінен жоғары болса, онда ол мүмкін болатын төлем қабілетсіздік периодының бастапқы жолына шықты деген сөз.
Басқаша айтқанда, табыс неғұрлым аз болса, ұйымның төлем қабілеттілік дәрежесі де соғұрлым нашарлайды.
Ұйымның төлем қабілетсіздігіне әсер ететін жалпы себептері:
- Нарық сапасы төмендігіне, бағасы қымбаттығына байланысты, өнімге сұранысты төмендеткен кезді тауарды артық алу;
- Бәсекелестіктің әсері;
- Әкелінген тауар үшін төлем қайтарылымының төмендеуі;
- Тыйым салу, квота енгізу, кедендік барьерлердің енуіне байланысты нарықтың қысқаруы;
Бұл жерде себептері анық: өнімді (қызметті) алады, не алмайды, немесе ақысын төлемейді, нарыққа кіруге жол бермейді.
Міндеттемелер көлемінің өсу темпі мынадый жағдайда байқалады:
- Ұйым, табыстың түсу өсімін жоғарылатпайтын тиімсіз ұзақ мерзімді қаржылық салымдар жасайды;
- Өндірісті артық (жұмыс істемейтін) запастармен толтырады, олар өндіріс көлемі мен табысты ұлғайтпайды;
- Қаражатты есеп айырысуда ұлғайтады, және олар табысқа ешқандай қатысы болмайды;
- Шығындар көтереді;
- Табысты қажетсіз мақсаттарға жұмсайды.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz