Халықаралық құқықта құқықбұзушылық жасаған жеке тұлғалардың жауапкершілігін халықаралық-құқықтық реттеу
КІРІСПЕ
1 ТАРАУ. ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫЛМЫСТАР ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІГІН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ.ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ
1.1 Жеке тұлға . халықаралық құқықтағы қылмыстық жауапкершіліктің субьектісі ретінде
1.2 Жеке тұлғалардың халықаралық қылмыстар үшін жауапкершілік интитутының қалыптасуы мен даму тарихы
1.3 Жеке тұлғаларды халықаралық қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілікке тартудың заңды және фактілік негіздері
1.4 Жеке тұлғалардың халықаралық қылмыстары туралы істерге әмбебап юрисдикция қағидасын қолдану
2 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТА ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ ЖАСАҒАН ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ.ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ
2.1 Халықаралық құқықта құқықбұзушылық жасаған жеке тұлғалардың жауапкершілігін халықаралық.құқықтық реттеу генезисі
2.1 Әскери қылмыстар жасаған жеке тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тарту қағидалары
2.3 Жеке тұлғалардың қылмыстық құқық бұзғаны үшін 1998 ж Халықаралық қылмыстық сотының Рим статуты бойынша жауапкершілігі
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Халықаралық қылмыстық құқық бұзушылық үшін жеке тұлғалардың жауапкершілік институты, оларды жүзеге асыру механизмі осы құқық саласын кодификациялау шегінде үнемі дамып және күрделеніп отырды. Қазіргі таңда халықаралық қылмыстық құқықты бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілік институты және оларды жүзеге асыруды қамтамасыз ететін жүйе ретінде, оның негізінде халықаралық құқық пен ұлттық имплементацияланған заңнаманың нормалары жатыр. Әскери қылмыстар жасағаны үшін индивидтердің қылмыстық жауапкершілік институтының аралас сипаты және осы әрекеттерді алдын-алу жүйесі өзара тығыз байланысты.
Халықаралық қылмыстық құқықты бұзғаны үшін жеке тұлғалардың жауапкершілігі қылмыстық әрекеттер үшін нақты санкция енгізу жолымен емес, белгілі бір тәртіпке тыйым салу және ұлттық заңнамаларға сәйкес осы тәріздес құқық бұзушылықтар үшін ізіне түсу міндеттемелерін мемлекеттердің тануымен халықаралық шарттарда бекіді. Дегенмен, бұл үлгі жаңылысқа әкелді және әскери қылмыскерлерді қылмыстық жауапкершілікке тарту міндетін орындай алмады, нәтжесінде халықаралық қылмыстық соттардың құруына қажеттілігіне әкеп соқты. Мұндай соттарды құру процесі 1993 жылдан басталды. Осы жылы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі бұрынғы Югославия бойынша Халықаралық трибунал құрды. Кейін осы тәріздес Руанда бойынша ad hoc трибунал пайда болды, Косовода, Шығыс Тиморда, Сьерра-Леонада және Камбоджада интернационалдық трибуналдар құрыла бастады. 1998 жылы Рим статуты қабылданып, 2002 жылы күшіне енді. Ол халықаралық қылмыстар жасағаны үшін айыптылардың ізіне түсу үшін тұрақты сот органы - Халықаралық қылмыстық сотты құрды. [1]
Халықаралық қылмыстық құқықты бұзушылықтар жасаған айыпты тұлғаларды жазалауға арналған қылмыстық заңнаманы әрекетке енгізу бойынша міндеттемелер мемлекетішілік сипаттағы шаралар жинағының орталығы болады. Осы міндеттерді жүзеге асыра отырып, көптеген мемлекеттер халықаралық қылмыстық құқыққа сәйкестендіру мақсатында ұлттық қылмыстық заңнамаларын жетілдіруде тиісті шаралар қабылдайды. Бұл процесс Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше-мемлекеттердің қылмыстық заңнамаларының реформалау аясында белсенділік танытуда.
Дипломдық жұмыстың мақсаты. Халықаралық қылмыстық құқық бұзғаны үшін халықаралық құқықтың индивидтерге қандай көлемде жауапкершілік жүктейтінін анықтау қажеттілігінен тұрады.
Зерттеудің объектісі ретінде халықаралық қылмыстық жауапкершілікті бұзғаны үшін индивидтердің қылмыстық жауапкершілігімен байланысты қоғамдық қатынастар саналады, зерттеудің пәні ретінде халықаралық қылмыстық құқықты бұзғаны үшін индивидтердің қылмыстық жауапкершілігінің халықаралық-құқықтық институты саналады.
Мақсат пен зерттеудің пәні келесідей тапсырмаларды шешуді болжайды:
- халықаралық қылмыстық құқықты бұзу түсінігіне қандай әрекеттер жататынын орнату;
- индивидтердің халықаралық қылмыстық құқықты бұзғаны үшін жауапкершілік институтының генезисін зерттеу;
- қандай халықаралық қылмыстық құқық бұзушылықтар халықаралық дәрежеде жеке жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін немес әкеп соғатынын анықтау.
Зерттеудің методологиялық және әдістемелік негізін танымның диалектикалық әдісі, оның ішінде жалпы ғылыми және арнайы әдіс табылады. Жұмыс барысында жалпы құқық теориясына және ғылыми таным аумағындағы мәліметтер, жұмыстық теориялық негізі қылмыстық іс жүргізу, жедел іздестіру қызметі ережелері қолданылды. Сонымен қатар, логико-теориялық, тарихи, салыстырмалы-құқықтық және республикалық құқықтық актілер құрады.
Зерттеу жұмысының теориялық негізі. Жеке тұлғалардың қылмыстық жауапкершілік мәселесіне халықаралық құқықта көптеген ғалымдардың ғылыми зерттеулері, еңбектері арналған. Осы еңбектер дипломдық жұмыстың теоретикалық негізін құрады. Дипломдық жұмыс жазу барысында ізденуші халықаралық қылмыстық құқық бойынша, халықаралық құқық бойынша және халықаралық қылмыстық құқық бойынша ғылыми әдебиеттерді қолданды. Осы қайнар көздер арасында, Л.К. Бакаев, М.В. Кудайбергенов, В.Ю. Калугин, Ағыбаев, Алауханов, Н.М. Боголюбов, С.М. Әпенов, А.Я. Капустин, И.И. Котляров И.И. Лукашук, В.И. Кузнецов, Ж. Пикте, И.О. Тиунов, Г.К. Дмитрева, И.Н. Арцибасов, Е.В. Мартыненко, Ю.М. Колосов, В.Н. Русинова, И.П. Сафиуллина және т.б. ғалымдардың жұмыстары қолданылды. Сонымен қатар 1949 ж Женева конвенциялары мен оған 1977 ж Қосымша Хаттамалар, Халықаралық қылмыстық сотының Рим статуты, Халықаралық қылмыстық трибуналдардың Жарғылары, БҰҰ Резолюциялары, ҚР заңнамалары және т.б нормативтік актілер қоланылды.
Сонымен қатар, дипломдық жұмыс Рим статутының ережелерін талдауға негізделеді. Бұрынғы Югославия мен Руанда бойынша Халықаралық қылмыстық трибуналдың соттық тәжірибесіне, БҰҰ Халықаралық сотының, сонымен қоса түрлі елдердің ұлттық заңнамасына талдау жасалынады. Автор бұрынғы Югославия бойынша Халықаралық қылмыстық трибуналының Тадич ісі бойынша, С. Милошевич ісі бойынша шешімдерін, А. Пиночет ісі бойынша Лордтар палатасының шешімдерін негізге алады.
Зерттеу жұмысының құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыс құрылымы кіріспеден, екі тараудан, жеті тармақшадан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттердің тізімінен тұрады.
1 ТАРАУ. ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫЛМЫСТАР ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІГІН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ
1.1 Жеке тұлға - халықаралық құқықтағы қылмыстық жауапкершіліктің субьектісі ретінде
Халықаралық шарттарға сәйкес жеке тұлғаға берiлетiн құқықтар көлемiнiң халықаралық және аймақтық деңгейiнiң кеңеюiне байланысты, ол халықаралық құқық субъектiсiнiң бiрi болды. Көпке дейiн халықаралық - құқықтық әдебиеттерде индивидтiң құқық субъектiлiгi жоққа шығарылып келдi. Ал халықаралық құқық бойынша ғылыми әдебиеттерде индивидтiң халықаралық құқық субъектiлiгi жоққа шығарылды (мысалы, А. П. Мовчан, С. В. Черниченконың еңбектерiнде). ХХ жүз жылдықтың 80-шi жылдарының аяғында индивидтің халықаралық құқық субьектілігінің жеке элементтерiн мойындайтын отандық еңбектер алғаш рет жариялана бастады. Батыстық заңгерлер индивидтің халықаралық құқық субъектiлiк теориясын аз-кем мойындайтын. Қоғамның халықаралық өмiрiндегi объективтi өзгерiстер қазiргi заманғы халықаралық құқықтағы тұлғаның құқық субъектiлiгi жөнiндегi мәселеден "табуды" алып тастады. [2]
Индивидтер халықаралық құқықтың шектелген құқық субъектiлiгi бар субъектiсi екендiгiн айтып өткен жөн, өйткенi оның халықаралық құқықтың нормалары мен қағидаларын құруға қатысу құқығы жоқ. Алайда, халықаралық-құқықтық нормаларды қолданудың тиiмдiлiгi индивидтің құқықтары мен мiндеттерiнiң көлемiн кеңейтiп жатыр. Тиiсiнше - халықаралық қатынастарда жеке тұлғаның рөлi де ұлғаюда. Мұнда, бiз "индивид" және "жеке тұлға" ұғымдарын теңдей қолданатынымызды айтып кетсек, себебi, жеке тұлға - бұл әлеуметтiк - маңызды белгiлерiнiң тұрақты жүйесi бар индивид болса; индивид - бұл жеке адам, жеке өмiр сүретiн тiрi тiршiлiк.
Халықаралық құқық нормалары халықаралық құқықтың негiзгi субъектiлерi болатын мемлекеттердің арасындағы өзара қатынастарды реттеуге бағытталған, ол индивидтердiң орындауы үшін адрестеледi. Мұнан басқа, жеке тұлғаның құқықтық жағдайына әсер ете отырып, аталған құқықтық нормалар мемлекеттi индивидтерге белгiлi бiр мәртебенi қамтамасыз етулерiн мiндеттейдi. Қазіргі жағдайларда индивидтің халықаралық органдарға жолдану мүмкіндiгi жоқ екендiгi талас тудырмайды, кейбiр жағдайларды ескермегенде. Халықаралық құқық индивидтердiң құқықтарын бұзған жағдайларды қарастыру іс-жосығын айқындайды. Онымен адам құқықтары жөнiндегi Комитетi, нәсiлдiк кемсiтушiлiктi жою жөнiндегi Комитетi, азаптауға қарсы Комитет және еркiн қамауға алу бойынша жұмыс тобы айналысады. [3]
Индивидтердің құқықтарының орындалуын бақылау мақсатында БҰҰ шеңберiнде қосымша институттар құрылуда. Мысалы, 1996 жылдың 20 желтоқсанындағы Бас Ассамблеяның 48141 Резолюциясына сәйкес, адамның барлық құқықтарын қолдау және қорғау бойынша Жоғарғы Комиссар қызметi құрылды. Бiрiншi Жоғарғы Комиссар жұмысына 1994 жылдың 5 сәуiрiнде кiрiстi. 1997 жылы оның отставкаға шығуына байланысты Мери Робинсон жаңа Жоғарғы Комиссар болып тағайындалды. БҰҰ-ның бұл лауазымды тұлғасына адам құқықтары жөнiндегi қызметтiң негiзгi жауапкершiлiгi жүктелген. Жоғарғы Комиссардың өкiлеттiгi адамның барлық құқықтарын қорғаудан және оны тиiмдi жүзеге асыруды қолдаудан тұрады. [4]
Сөйтiп, индивидтің халықаралық құқық субъектiлiгiн үзiлдi-кесiлдi жоққа шығару қазiргi кезде ескiрдi деуге болады. Халықаралық қатынастарды гуманизациялау адамның құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету iсiндегi жеке тұлғаның белсендi рөлiн таниды. Бүгiнгi таңдағы халықаралық қатынастарда индивидтердің халықаралық құқық субъектiлерiнiң көлемi кеңеюде.
Бейбiтшiлiктi жақтайтын кез-келген мемлекеттің адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуi басым орында болатыны талас тудырмас. Халықаралық құқықта мемлекеттің халқына - өзiнiң азаматтары, шет ел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғаларды жатқызады. Халықтың осы топтарының заңнамада бекiтiлу дәрежесiне қарай, адам құқықтарын қорғау туралы ұлттық стандарттардың халықаралық стандарттарға қаншалықты сәйкес келетiнiне қарай халықаралық құқықсубьектіліктің нақтылы жайын да айтуға болады. Бiздiң Республикамызда адам құқықтарын қорғау жөнiнде әр түрлі бағыттағы процестердiң жүрiп жатқанына куәмiз. Бiр жағынан алғанда осыдан аз уақыт бұрын ешкiм де қазiргi оқып жатқандары туралы, қазiргi кездегi сөз сөйлеулерi туралы армандай да алмайтын.[5] Дегенмен, бiздiң ойымызша нақ осы мәселеде мәлiметтермен, көзқарастармен пiкiр алмасу жетпей жатқан сияқты. ХХ ғасырдың тарихынан белгiлi болғанындай ұжымдық құқық жеке құқықты басып тастаған. Бiздiң сенiмiмiз бойынша жеке құқықтан кез келген барлық құқық, соның iшiнде ұжымдық құқық та туындай алады. Алайда, ұжымдық құқықтан жеке құқық, жеке адам құқығы шыға алмайды. Бұл мән жағдайларды адам құқығының бiрiншi орында тұру қағидасын жүзеге асырғанда ескеру қажет. Бұл жалпыға мәлiм, көпшiлiк қабылдаған көзқарас екенiмен келiсу керек. Бiздiң барлығымыз мұнымен келiсемiз, сондай-ақ халықаралық қатынастар жеке тұлғаның құқықтарын қатаң сақтағанда ғана тиiмдi болатынымен де келiсемiз. Бұл БҰҰ Жарғысында бекiтiлген және ол туралы біздің тамаша замандасымыз-академик Андрей Дмитриевич Сахаров айтып өткен болатын. Бұл жазылған ақиқат секiлдi. Десек те, бұл туралы дәл қазiр, бiз құқықтық мемлекет құру жолында екендiгiмiздi жариялағанда еске сала кетуiмiз қажет. [6]
Жеке құқықтар мен ұлттар құқығының ара қатынасы мәселелерiнде гармониялық үйлесiм қажет, бiрде-бiреуiнiң бiрiнен-бiрiнiң басымдылығына жол беруге болмайды. Соңғы тезистi талқылауды арандату мақсатында бұл мәселеде халықаралық - құқықтық құжаттарға сүйенуге болмайтынын айтып өткiмiз келедi. Өкiнiшке орай, ұжымдық құқықтар мен жеке тұлғаның құқықтары арасындағы ара қатынас мәселесiнде халықаралық құқық нормалары қайшылықты болып келедi.
Адам құқықтарының халықтар мен ұлттар құқықтарынан басым тұруын қалай түсiндiруге болады? Адам құқықтарын қорғаудың келiсiлген механизмiн қалай жасауға болады?... деген мәселелерде бiз шешiм табуға қиналамыз. Адам құқықтары проблемаларында жалпы адамзаттық құндылықтарға негiзделген жалпы критерийлер мен амалдар жасау қажет. Мұндай күрделi мәселелердi қарастырғанда, бiз барлық азаматтардың теңдiгi мемлекеттердің нақты саяси, құқықтық, экономикалық мүмкіндіктерiн есептегенде ғана мүмкін болатынын ескеруiмiз қажет. [3]
Тұлғаның мәртебесi мәселесiндегi ұлттық заңнама конституциялық ережелермен қамтамасыз етiледi-Қазақстан Республикасы Конституциясының II бөлiмiмен; 1991 жылдың 20 желтоқсанындағы азаматтық туралы Заңмен, Президенттiң" шет ел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы заң күші бар жарлығымен; шет ел мемлекеттерiнiң екi тарапты және көптарапты шарттарымен қамтамасыз етiледi. Мұнда айта кететiн бiр мәселе, халықаралық нормаларға ұлттық стандарттың сәйкес келу мәселелерiнде тәуелсiз, жас мемлекеттің революция және эволюция жасауы керек. Мұны айтып отырған себебiмiз, біздің мемлекетiмiз, өкiнiшке орай, жеке тұлғаның құқықтарын қорғау жөнiндегi маңызды халықаралық-құқықтық актiлердi ратификацияламады және көбiне қосылған жоқ. [7]
Қазақстанда мемлекеттiлiктiң алғашқы қалыптасу сатыларында бипатризм институты қызу пiкiр-талас туғызды. Біздің қоғамда екi азаматтықтың болуы мемлекеттiк - құқықтық институтқа сәйкес келмейдi. Басқа мемлекеттердің азаматтығын мойындау конституциялық нормаларда көрсетiлмеген. 1995 жылы жоғарыда аталған Азаматтық туралы заңға өзгерiстер енгiзiлген кезде, 1995 жылдың 20 қаңтарында "Ресей Федерациясына тұрақты тұруға келген Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық алулары және Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген Ресей Федерациясы азаматтарының азаматтық алуларын жеңiлдету тәртiбi туралы" Келiсiмге Ресей Федерациясымен бiрге қол қойылды. Бiр жыл өткен соң, Қазақстан Республикасы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттердің азаматтарының азаматтық алуларының жеңiлдетiлген тәртiбi туралы Конвенцияны ратификациялады.
Индивидтердің халықаралық құқық субъектiлiгi мәселелерiн қолданудың келесi бiр сферасы халықаралық қылмыстық сот туралы мәселе, онда индивидтер Нюрнберг және Токия трибуналдары бекiткен тәртiппен жауапкершiлiкке тартылады. Индивидтердің халықаралық сот органдарына жолдану құқығы 1907 жылдың 18 қарашасындағы шақырылатын халықаралық сот құру туралы Конвенцияда қарастырылғанын атап айтқанымыз жөн болар. Аталмыш Конвенция ратификацияланбады, ал шақырылатын халықаралық сот сол күйде құрылмай қалды. Индивидке сот талқылауын қозғау құқығын беру туралы мәселенi дұрыс шешу адам құқықтарын халықаралық қорғау мәселесiнен келiп шығады. [8]
Халықаралық құқықтың жауапкершiлiк институты теориясында жауапкершiлiктiң екi түрі бар: Абсолюттi және салыстырмалы. Абсолюттiк жауапкершiлiкте мемлекеттің атқарушы, заң шығарушы және сот органдары арқылы жауапкершiлiгi көзделген. Салыстырмалы жауапкершiлiкте халықаралық қатынастарға мемлекет атынан түсетiн лауазымды тұлғалардың жауапкершiлiгi қарастырылған. Бұл жағдайда мемлекет жауапкершiлiгiн жүзеге асыру мемлекет өкiлдерiне мәжбүрлеу шараларын қолдану арқылы болуы мүмкін. Теориялық көзқарас жағынан алғанда индивидтердің қылмыстық жауапкершiлiк институтының дербестiгi жайлы айтуға болар едi. Алайда, индивидтің жауапкершiлiгiн жүзеге асыру процесiнде оның мемлекетпен байланысты екендiгi сөзсiз, атап айтқанда ол, қылмыскерге қатысты билiктi қолдану мүмкіндiгi. Қазіргі таңда, индивидтің қылмыстық жауапкершiлiгi туралы мәселе халықаралық құқықта көпшiлiк мойындаған мәселе болып есептеледi. Сонымен бiрге, осыған байланысты әртүрлі көзқарастардың барын да айту керек. Мұнда, мемлекеттің халықаралық қылмыс жасауы арқылы халықаралық құқық нормалары мен қағидаларын бұзатындығы талас тудырмас. Индивид өз кезегiнде халықаралық құқық нормалары мен қағидаларын тiкелей мемлекет арқылы бұзады. Мұнан басқа, жеке тұлғалардың халықаралық құқық нормаларын бұзғаны үшін жауапкершiлiгi тек қана ұлттық қылмыстың заңнама бойынша ғана жүредi. [9]
Халықаралық құқықтағы тұлғаның мәртебесiн сараптауды халықаралық қылмыстық процесс саласында одан әрi жалғастырамыз. Халықаралық қылмыстық процестiң құқықтық нормалары бейбiтшiлiкке және адамзат қауiпсiздiгiне қарсы қылмыстар туралы Кодекс Жобасында, Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы - ИНТЕРПОЛ Жарғысында, БҰҰ-ның ең төменгі стандарт ережелерiнде, кәмелетке толмағандарға қатысты сот әдiлдiгiн жүзеге асыруға қатысты 1985 жылғы "Пекин ережелерiнде", сотталушыларға қараудың 1995 жылғы Ең төменгі стандарт ережелерiнде, өлiм жазасына кесiлгендердiң құқығын қорғауды кепiлдейтiн 1984 жылғы іс-шараларда кездеседi. Жоғарыда аталған халықаралық құжаттарда мемлекеттердің қылмыскердi ұлттық сотқа беруi немесе басқа мемлекетке қылмыстық қудалауды жүзеге асыруы үшін беру мiндеттерi; бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiкке қарсы қылмыс жасаған тұлғаларға ескеру мерзiмiн қолданбау; кiнәсiздiк презумпциясы, сот талқылауының әділдіігі және т.б. қарастырылған. [10]Бiрiккен Ұлттар Ұйымы мемлекеттердің қылмыстар бойынша сот әдiлдiгiн атқаруға өзара көмектесу шаралары туралы, қылмыскердi беру туралы үлгі шарт жөнiнде ұсыныстар жасады, табу, ұстауға қатысты халықаралық ынтымақтастық қағидаларын әскери қылмыстар мен адамзатқа қарсы қылмыстар жасаған кiнәлi тұлғаларды беру және жазалауды айқындады.
Тараудың басында тұлғаның конституциялық тәртiбi туралы мәселенi қозғаған болатынбыз. Соңғы айтылған тезис біздің ойымызша тұлғаның халықаралық құқықтағы мәртебесiн айқындап бере алады. Азаматтық адамға оның тұлғасын мойындауға кепiл берерi сөзсiз. Мұнан басқа, азаматтық адамның қоғамдағы материалдық және рухани жағдайын көрсетедi. Азаматтықтың реттелмеген мәселелерi саяси қайшылықтар мен дауларды туындатады, халықаралық-құқықтық нормаларда азаматтықтың болмауын қысқартатын мәселерге шешiмдер табылған. Мәселен, Халықаралық Стандартқа сәйкес, мемлекет осы мемлекеттің аумағында дүниеге келген кез-келген тұлғаға азаматтық бередi.[11] Адамды қандай да бiр мән-жайларға байланысты, ұлты, этникалық тобы, дiни және саяси сенiмдерi үшін азаматтығынан айыруға жол берiлмейдi. Тұлғаның мәртебесiне қатысты конституциялық ережелер адам құқықтары жөнiндегi Халықаралық биллге толықтай сәйкес келедi. Дегенмен, мұның жеткiлiксiз екенiн де айту керек. Демократиялық, құқықтық мемлекетке ұмтылатын кез-келген мемлекет өзiне жүктелген мiндеттемелердi орындауы үшін нақты экономикалық, әлеуметтiк мүмкіндіктерi болуы керек, мысалы, мемлекеттің ең Жоғарғы жаза - өлiм жазасынан бас тарту мүмкіндiгi. Қазақстан Республикасы өлiм жазасына мораторий жариялағаны белгiлi. 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген Қылмыстық кодекстiң 49 бабы өлiм жазасын ең Жоғарғы жаза деп бекiткен. Егер бiз бұрын өлiм жазасын кәмелетке толмағандар мен екiқабат әйелдерге қолданбасақ, ал қылмыстық заңның жаңа редакциясында ату жазасы кәмелетке толмағандарға, екiқабат әйелдерге тағайындалмайды; сондай-ақ еркектерге соттың үкiмi шыққан кезде 65 жасқа толған жағдайда бұл жаза тағайындалмайды. Сөйтiп, біздің мемлекетiмiз қазiргi жағдайда өлiм жазасынан бас тартып, оның орнын өмiр бойы бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстыра алмай отыр. [12]
Немесе тағы бiр қарама-қайшылықты мысал, БҰҰ-ның ең төменгі стандарт ережелерiнде соттаушыларды қамауда ұстаудың ең аз алаңы біздің жәй адамдарға берiлетiн алаңнан көбiрек!? ҚР IIМ пенитенциарлық мекеме бөлiмшесiнiң басшысы, оның департаментiнiң бiр сотталушысы асырауға бекiтiлген 130 теңгенiң орнына 15 теңге алатынын айтып өттi. (Қазақстандағы адам құқықтары жөнiндегi 1998 жылғы баяндамадан). Қарастырылған проблемада барлық азаматтардың құқықтарының теңдiгiн мемлекеттің нақты мүмкіндіктерiн ескере отырып айқындау дұрыс болар деп есептеймiз.
Тұлғаның халықаралық құқықтағы мәртебесiн айқындай отырып, бiз қазақстандық тәжiрибедегi әйелдер мен балалар мәртебесi мәселелерiн де сөз етсек. Кейінгi кездерде әйел адам әлемде болып жатқан барлық өзгерiстердiң негiзгi субъектiсi мен объектiсiне айналуда. Әйел адамның қызметi жалпы сипат алуда. Бiрақ бiз бұл өзгерiстердiң бәрi қоғамның гендерлiк құрылымында сыртқы сипатқа ғана ие екенiн айтуымыз керек. Әйелдiң объективтi қоғамдық жағдайының өзгергенi шамалы. Мұны кәсiби қызметпен айналысудан, әйелдiң саяси өмiрге қатысуынан, оның отбасылық мәртебесiнiң айқындалуынан көре аламыз. [13]
Қазақстан Республикасы әйелдер теңсiздiгiн жоюда оң нәтижелерге жете қойған жоқ. Мәселен, мемлекеттiк құрылымдардағы әйелдер саны 5 - 6 % құрайды, ал төмен кәсiби еңбекпен айналысатын әйелдер деңгейi ерлерге қарағанда екi есе аз, дегенмен әйелдердiң бiлiм деңгейi 8 - 10 % жоғары болғанымен, жұмыссыздардың 70 %-ын әйелдер құрап отыр. Жоғарыда аталған цифрлер біздің қоғамда әйелдер мәртебесiне жете көңiл бөлiнбегенiне айғақ болады. Әйел проблемасы әрқашан отбасының, балалар мен жастардың проблемаларымен бiрге жүретiнi белгiлi. Әйелдер проблемасымен айналысатын жалғыз мемлекеттiк құрылым отбасы, әйел және демографиялық саясат проблемалары бойынша Кеңес деп аталады. Президенттiң "Әйел және Қазақстан балалары" атты бағдарламасы да аяқталған жоқ.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын саралағанда, нормативтiк актiлерде сексизмдер бар екендiгi, яғни, тек ерлерге байланысты құрылғаны белгiлi болды. Неке және отбасы туралы Кодексте әйелдер мен еркектер теңдiгi көзделген; мәжбүрлеп жасалған некенiң жарамсыздығы, ескi дәстүрдiң жарамсыздығы көрсетiлген. Отбасы заңнамасында сондай-ақ ең төменгi неке жасы бекiтiлген, неке шарты институты некеге отырғанда мiндеттi болып саналмайды, ал баламалы сипатта. Сондай-ақ неке шартының талаптары тек мүлiктiк қатынастарға байланысты. Өкiнiшке орай, заңнамада ресми тiркелмеген азаматтық некелердi реттеу мәселелерi қарастырылмаған. Еңбекпен түзеу туралы заңдарда әйелдерге қатысты өлiм жазасын қолданбау, жазаны өтеудiң түрлі режимдерi қарастырылған. Қылмыстық заңнама нормаларына сәйкес, 53 бапта - екiқабат күйде қылмыс жасау - қылмыстық жауапкершiлiкпен жазаны жеңiлдететiн мән-жайларға жатады. Егер де екiқабат әйелге қарсы бiле тұра қылмыс жасалса, онда бұл кiнәнi ауырлататын мән-жайға жатады. Еңбек заңнамасында әйелдер мен еркектердiң еңбек ақысын төлеуде теңсiздiктер бар. Жалпы жұмыссыздық жағдайында әйелдер еңбегiн қорғау жөнiндегi көптеген заңдар әрекетсiз күйде.
Өмiрдiң түрлі салаларында әйелдер құқығын бекiту мақсатында ұлттық заңнамаларды жетiлдiрудiң объективтi қажеттiлiгi туындап отыр. Әр түрлі салалардағы әйелдер құқығын реттейтiн құқықтар туралы заң қабылдау қажет, отбасы, қызмет немесе жұмыстағы әйелдер мен балалар мәселелерi бойынша мемлекеттiк негiздердi айқындау керек. 147]
Осыған байланысты әйел мәртебесі мәселелері жөніндегі қазақстандық заңдарға енгізу қажет деп ойлайтын ұсыныстарымыз:
- Қол астындағы әйелдерге қатысты жыныстық күштеу көрсететiн лауазымды тұлғаларды әкiмшiлiк және қылмыстық жауапкершiлiкке тарту мәселелерiн қайта қарау;
- Әйел құқығын қорғау мәселелерiндегi халықаралық ынтымақтасық белсендiлiгiн арттыру;
- жұмысқа қабылдағанда әйелдер мен балалы әйелдерге квотаны заңнамада бекiту қажет, кейбiр мемлекеттердің заңнамаларында белгiленгенiдей;
- Әйелдерге балаларының саны мен жалақысының көлемiне қарамастан жәрдемақы беру институтын қайта қалпына келтiрудi қамтамасыз ету;
- жұмысқа қабылдағанда жынысына байланысты кемсiтушiлiк жiберген жұмыс берушiлердің жауапкершiлiк шараларын бекiту;
- мемлекеттiк басқару саласына әйелдердi тарту мәселесiне мемлекеттің көңiл бөлуiнiң белсендiлiгiн арттырудың объективтi қажеттiлiгi пiсiп жетiлдi;
- Әйел денсаулығын репродукциялау туралы заң қабылдау қажет;
- адам құқықтары мәселесiнде әйелдердiң бiлiмiн көтеруге кешендi-ағарту мәселелерін қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасындағы әйелдер жағдайын жақсартудың 1997 жылғы 5 наурыздағы мемлекеттiк саясат тұжырымдамасының "Әйелдерге қатысты күш көрсету проблемалары" атты бөлiмiнде Қазақстанда күш көрсетудiң кең таралған нысандарына бiрге тұруға мәжбүрлеу және жезөкшелiк, зорлау, тұрмыстық жағдайда кiсi өлтiру, маскүнемдік, нашақорлық, садизмге байланысты кiсi өлтiрулер, ұдайы ұрып-соғу мен психологиялық зорлау түрлерi жатқызылған. Күш қолданумен күрестегi әлемдiк тәжiрибеден, ең тиiмдi шара кiнәлiнi әкiмшiлiк қамау екенi белгiлi болды. Бұл қайталануы мүмкін күш көрсетудi қысқартудың ең тиiмдi құралы болып отыр. Мұнан тыс, үй жағдайында күш қолдану, ерлi-зайыптық зорлау сияқты түсiнiктер енгiзудiң объективтi қажеттiлiгi туындауда. Аталған мәселелер ғылыми-пiкiрталаста аз айтылып жүрген жоқ. Әрине, жоғарыда аталған ұсыныстарды мемлекеттің дереу қарап, шешім қабылдау мүмкіндiгi жоқ. Бұл, біздің көзқарасымыз бойынша жiтi қарауды қажет ететiн жағдай. [15]
Қазақстан Республикасының неке және отбасы заңнамасында 1998 жылы енгiзiлген өзгерiстер халықаралық құқықтың ұлттық құқықтан басымдығының қолданылуын дәлелдейдi. Мысалы, Қазақстан Республикасы 1989 жылғы Бала құқығы туралы Конвенцияны ратификациялады. Бұл Адам құқықтарын қорғау жөнiндегi алғашқы ратификацияланған халықаралық-құқықтық актi екендiгiн айту керек. Бiрақ та біздің мемлекетiмiзге ұлттық заңнаманы халықаралық стандарттарға сәйкестендiру үшін аттай төрт жыл керек болды. Мысалы, бүгiнгi таңда неке-отбасы заңнамасы халықаралық бала асырап алуға рұқсат бередi, ал бұрын оған тыйым салынған кезде мемлекеттің балаларды ұрлаумен байланысты проблемалары көбейiп кеткен едi. Сонымен қатар, 1993 жылғы "балаларды қорғау және мемлекетаралық бала асырап алудағы халықаралық ынтымақтастық туралы" Гаага конвенциясын ратификациялау қажеттiлiгi туындады. Қазақстан Республикасындағы халықаралық бала асырап алудағы сот тәжiрибесi материалдық және iс жүргiзу тәртiбiнде қиыншылықтарға кездесуде. Тұлғаның өмiр сүру құқығын жүзеге асыру шеңберiнде, атап айтқанда, жасанды ұрықтандыруды пайдалану мен эмбрионды имплантациялау мүмкіндiгiнде жаңа неке және отбасы заңнамасы халықаралық стандартты қолданды. Заңды әкелiк институтына арналған конституциялық нормаларды ары қарай жекелеп шешу мәселесi қарастырылған. [8]
Адам құқықтарын зерттеу халықаралық құқықтың дамуының маңызды бағыты мен қазiргi таңдағы тиiмдiлiгi болып табылады. Аталған саланың жеткiлiктi бай нормативтiк базасы болғандығына қарамастан, осы мақалада бiр қатар проблемаларды айтып өтуге тырыстық. Мұнда, айтып өтетiн бiр мәселе, бiрiншiден, нормативтiк актiлердiң көпшiлiгi жеке тұлғаға қолдану мәселелерiнде жалпылама сипатқа тән; екiншiден, олардың қолданылу және орындалу тиiмдiлiгi жеткiлiксiз; үшіншiден, олардың орындалуын бақылау тетігін жетiлдiру қажет. Бүгiнгi таңда адамның тұлға ретiндегi проблемасы күннен күнге халықаралық сипат алып келе жатыр.
1.2 Жеке тұлғалардың халықаралық қылмыстар үшін жауапкершілік интитутының қалыптасуы мен даму тарихы
Тарихқа жүгінетін болсақ, тек қана соғыс құқығының емес, жалпы халықаралық құқық ғылымының қалыптасуына үлкен септігін тигізген голланд заңгері Гуго Гроций (1583-1645 жж) болып табылады [18]. 1625 жылы жарық көрген Соғыс және бейбітшілік құқығы туралы атақты еңбегінде ол испандық Ф. Витторио мен Ф. Суарес, итальяндық А. Джентили, француз Ж. Боден, және тағы басқа атақты заңгерлердің көзқарастары мен халықаралық құқықтық тәжірибені жүйелендіріп ортақтастырған болатын. Олар соғыс заңдары мен дәстүрлерін, сонымен қатар соғыс кезіндегі жеке меншікке ешкімнің тиіспеушілігін, әскери тұтқындар мен жараланғандарға үшін жазалауды қалыптастырған болатын.
Гуго Гроций әділетті соғыс концепциясын ұстанған болатын. Өз кезегінде Г. Гроций соғыс бастау үшін мемлекет жариялайтын әділетті себеп қарсыластардың соғыс заңдары мен дәстүрлерін ұстануды тоқтатады деген ойды теріске шығарғандардың алғашқысы болды. Дегенмен ол Ф. Витторио сияқты қарсылас елдің тұрғындарына жеңімпаздың аяушылығынан тәуелді жау ретінде қарады. Соған қарамастан Гроций жеңіске жету үшін қажетті шектен асқан зорлық ақталуы мүмкін емес, азаматтық тұрғын және жауынгерлер әскери қажеттілік жол бергендіктен тірі қалулары керек екенін мәлімдеген. Зорлық жазалау ретінде қарастырылмағандықтан оның мәні болмайды. Ол шекті қолдануға жататын құралға айналды. Осымен Гуго Гроций әділетті сылтау мен түсінік соғысушы тараптардың қару қолдануға жүгінуін тудырады, бірақ ол соңысушы тараптарға соңыс ережелерін сақтау міндетін жүктеуден босатпайды деген тезисті алғаш қалыптастырғандардың бірі. Голланд ғалымының еңбектеріндегі ережелерінде көзқарастың екі түрлі болуына қарамастан XV-XVIII ғасырдың соғыс дәстүрлерінің мазмұнының айтарлықтай дәрежесін анықтауға негіз болды.
Осы кезеңде әскери қылмыстар жасағаны туралы істер бойынша алғашқы ұлттық сот істері қарастырыла бастайды және осы жауапкершілікті ұлттық дәрежеде реттеуге ұмтылыс пайда болады. Алғашқы сот талқылауы Жоғарғы Рейндегі Брайзах қамалы қаласының губернаторы Петер фон Хагенбах процесі саналады. Хагенбах адам өлтіру, зорлау және әйелдер мен балалар толығымен олардың билігінде қалу үшін жалшыларға ер адамдарды үйлерінде өлтіруге бұйрық бергенді қоса алғанда басқа да қылмыстарды жасағаны үшін айыпталды. Хагенбах қорғаудың аргументі ретінде осындай бұйрықтарды орындаудың себебі Петер фон Хагенбах мырза герцог Бургундскийдан басқа ешбір сотты және мырзаны мойындамайды және оның берген бұйрықтарын орындаудан бас тарта алмайтындығын келтірді. Осы аргумент герцогтың атынан жасалған барлық әрекет герцог жеке өзі өткен уақытпен құптап және бекіткен болатын. Сот бұл аргументтерді орынсыз деп тауып, фон Хагенбахтың кінәсі дәлелденген деп санап, соттың шешімі бойынша ол өлім жазасына кесілді. Олардың қазіргі түсінігінде барлық жасалғандарды әскери қылмыстар ретінде квалификациялау қиын [4].
Осыған орай 1644 жылы Англияда қарастырылған L'Estrange ісі де көзден таса қалмайды. Сол кездің өзінде әскери прокурор сотта айыптау тек қана Ерекше баптар мен Парламент Ордонанстарында емес, сонымен қатар әр жауынгер білуге тиіс жалпы соғыс заңдары мен дәстүрлеріне негізделуі керек екенін айтқан болатын.
Соғыс заңдары мен дәстүрлерін бқзғаны үшін жауапкершлілікті ұлттық дәрежеде реттеудегі алғашқы мүмкіндіктер 1386 жылғы Англия королі Ричард ІІ шығарған әскерді басқару туралы Жарғысында көрініс тапты. Осы құжатқа сәйкес соғыс әрекеттерін жүргізуді және өлім арқылы қорқытумен қарусыз діни сенушілерге және әйелдерге қатысты зорлық көрсетуге, үйлерді өртеу және шіркеулерді қорлауға тыйым салынған болатын. Ұқсас нормалар 1526 жылы Фердинанд Венгерскиймен, 1570 жылы император Максимилианмен, 1621 жылы Швеция королі Густаво ІІ Адольфпен шығарылған кодекстерге енгізілген.
Орталық және Шығыс Европа мемлекеттерінде құқықтың дамуы үшін Ұлы княждық Литовскийдің Статуты үлкен маңызға ие болды. Оның құрылымына 1529 жылдағы Статуттан бастап Об обороне земской тарауы қосылған. Бұл тарау соғыс кезінде немесе әскери жүріс кезінде әскери қызмет етушілермен жасалған қылмыстар жасағаны үшін жауапкершілікті орнатады.
1588 жылғы Статуттың ІІ параграфының 18 бабына сәйкес әскери әрекеттер кезінде немесе әскери әрекеттер орнына барар жолда не қайтар жолда жүзеге асқан үйлер мен шляхеттік гумналарға шабуыл жасау қылмыс болып саналды. Прысвойванне знойдзенай у паходе маёмасці ($ ІІ 25-бап), незаконнае карыстанне або пашкоджанне маемасці мірных жыхароу (ІІ 25-бап) және тағы басқалары қылмыс ретінде саналды. Статутқа сәйкес жазалауды тағайындау кезінде бірінші орында істелген әрекеттің нәтижесі ескерілді. Мысалы, өлім, зорлық, жарақат келтірумен байланысты шляхеттік үйлерге шабуыл жасағаны үшін тиісті штрафтарды төлеумен қатар өлім жазасы тағайындалды, дәл осындай тек мүлкіне зиян келтірумен байланысты шабуыл жасау келтірілген зиянның орнын толтыру міндеттемелерін жүктеді.
Әкери әрекеттер немесе әскери походтар кезінде әскери қызметшілер азаматтық тұрғындардан орнатылған такса (водлуг уставы) бойынша өзіне және өзінің атына тамақ алуға құқығы болды. Жарғыны бұзғаны үшін қылмыстық айыппұл салынады: 1529 жылғы Статут бойынша - гвалт, 1566 жылғы және 1588 жылғы сатут бойынша келтірілген зиянның орнын екі есе қайтару [19].
Осыған ұқсас қарулы қақтығыстарды гуманизациялау процесі Ортағасырда Азия мемлекеттерінде де орын алды. 1339 жылы жапон императоры Годайго көтерілісті басуға әскер жібере отырып, бас қолбасшыға тек қана көтеріліске себепші адамдарды ғана өлтіруді ғана бұйырды, ал қамқоршылық көмегіне мұқтаж кінәсіздерді және тонауға тыйым салынғандарға тиіспеуді бұйырған болатын [4].
XVII-XVIII ғғ. Соғысты гуманизациялаудың жаңа сатысы басталды. Азаматтық тұрғындардыскери әрекеттерге тарту азайды, себебі әскер барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етілді, ал тонауға тыйым салынды. Алдын ала әскер қолбасшыларымен бекітілетін келісім құрбандарға қатысты қатынас шартын анықтайды. Осыған мысал ретінде 1785 жылғы Ұлы Фридрих пен Бенжамин Франклин арасындағы достық пен бейбітшілік туралы Шартты келтіруге болады. Шартқа сәйкес екі тарап қақтығыс жағдайында блокада қолданбау керек және қарсыластардың азаматтық тұлғаларына белгіленген уақыт ішінде елден кетуге мүмкіндік беруі тиіс [20]. 1758 жылы швейцария ғалымы Э. Ваттель комботанттар мен тұтқындарға тиіспеушілік туралы айтты; ол соғыс заңдарын бұзған, бірақ ұжымдық жазалауға қатыспағандарды жазалау қажеттілігімен келісті.
1879 жылы халықаралық құқық Институтының Боюссель сессиясында швейцария заңгері Г. Муанье әр елдің соғыс заңдары мен дәстүрлерінің құрылысы мен жарғыларының дәрежесі туралы баяндамасында алғаш рет халықаралық конвенцияларға конвенцияға қосылған мемлекеттерге міндеттемелер жүктейтін жаңа ережелер енгізуді ұсынды. Бұл ережелер осы конвенцияны бұзушыларды қатаң жазалауға байланысты болған еді. Осы сессияның нәтижесінде соңыс заңдары бойынша Тәжірибелік басқарма өңдеу туралы шешім қабылдады. 1880 жылы қыркүйекте Оксфордта Халықаралық құқық Институтының сессиясында жаяу әскер соғысының заңдары туралы Басқарма қабылданған болатын (әдетте ол Оксфорд басқармасы деп те аталады). Бұл соғыс заңдарының сол кездегі заңгерлердің көзқарасының алға жылжуына себеп болды. Бұл құжат заңды маңазға ие болмағанмен, халықаралық құқықтың осы саласының ресми кодификациялануына айтарлықтай әсерін тигізді. Сонымен қатар 1899 жылғы мен 1907 жылғы Гаага конвенцияларының және 1864 жылғы Женева конвенцияларын қайта қарастыру мазмұндарына да әсері болды.[21]
Осы кезеңде алғаш халықаралық сот мекемесін құру қажеттілігінің ғылыми негізі туынайды. Бұл мекеме соғыс заңдары мен дәстүрлерін бұзған тұлғаларға қатысты істерді қарастыруды қамтамасыз етуге бағытталған. Халықаралық Қызыл Кретс Комитетінің негізін қалаушыларының бірі, оның Президенті Маунье 1870 жылғы франко-прустік соғыс аяқталғаннан кейін, франко-прустік соғыс кезіндегі Женева конвенциясы атты жұмысында бақылаулары мен қорытындылары туралы жазды. Еңбектің негізгі қорытындысы халықаралық құқықты қолдану аясы мен оның қағидаларын білу дәрежесі комбатанттардың аса қатыгез әрекеттерін шектеуге негіз бола алмады. Осыған байланысты Г. Муанье Конвенцияны бұзу фактісін тергеу үшін және осындай бұзушылықтар орын алған жағдайда жазалау мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін халықаралық құқықтық мекеме құру туралы ұсыныс жасады [17]. Сонымен қоса Муанье 1872 жылы 3 қаңтардағы ХҚКК жиналысында шарттық негізде халықаралық сот құру туралы жобасын ұсынды.
Бұл жоба жарақаттанған жауынгерлерге көмек көрсетудегі халықаралық бюллетеньде Г. Муаньенің бап түріндегі Женева конвенциясын бұзуды алдын алу мен бұлтартпауға бағытталған халықаралық сот мекемесін құру бойынша ұсыныс ретінде басылымға шығарылды. Ол он қысқа баптардан тұрды. Сот үнемі әрекет ететін, екі мемлекет арасында соғыс болған жағдайда автоматты түрде іске қосылатын ұйым болады деген болжам жасалды. Муаньенің жобасы халықаралық құқық аясындағы атақты мамандар арасында үлкен талқылауға салынды, нәтижесінде көптеген ұсыныстар халықаралық қылмыстық құқықтың нормаларына айналды. Бірақ, Г. Муаньенің 1864 жылғы Женева конвенциясын бұзуды алдын алу және бұлтартпау үшін халықаралық сот мекемесін құру туралы ұсынысы сол кезде мемлекеттер тарапынан қолдау таппады. Кейін осы ұсыныс 1998 жылғы Халықаралық қылмыстық соттың Рим статутында көрініс тапты [4].
Алғаш рет соғыс құқығын бұзғаны үшін жауапкершіліктің халықаралық жүйесін құрудың тәжірибелік мүмкіндіктері Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін қолға алынды. 1918 жылдың 11 қарашасында әскери қылмыскерлердің жауапкершілігін орнату үшін Одақтық комиссия (бұл термин сол кезде алғаш қолданған болатын) құрылды. 1919 ж 28 маусымындағы Версаль бейбіт шартында Кайзер Вильгельм ІІ мен басқа да Германия қоластындағы әскери қылмыс жасағаны үшін кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту ұсынылды және әскери қылмыскерлерді жазалау үшін ұлттық және халықаралық соттар құру туралы ұсыныстар жасалды.[22]
Өкінішке орай, аталған ұсыныстар жүзеге аспады: кайзер Голландияда жасырынып, Голландия оны беруден бас тартты, ал қалған сот іздеріне түскен әскери қылмыскерлер не ақталып, не тек шартты белгі түрінде ғана жазаланды.
Соғыс заңдары мен дәстүрлерін бұзғаны үшін жазалау және бұлтартпау қажеттіліктерін халықаралық құқықтың нормаларына айналдыру, сонымен қоса соғыс құқығын бұзған жеке тұлғалардың жауапкершіліктерін де қарастыру туралы қажеттіліктер Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін пайда болды. 1941 ж 25 қарашадағы КСРО-ның НКИД ноталарында, 1942 ж 6 қаңтардан және 27 сәуірден кеңестік үкімет қылмыстық фашистік Германия үкіметін оның қарақшылық әрекеті үшін қатаң жауапкершілік пен жазалауды талап етті. Жеке тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігі туралы ережелер Мәскеулік (1943ж), Крым (1945 ж.) және Потсдамдік (1945 ж.) конференция шешімдерінде қалыптасып және бекітілді. КСРО, АҚШ және Англияның шет істер министрлерінің Мәскеу конференциясының шешімінде германия қарулы күштерінің басып алған елдерінде көрсеткен айуандық, адам өліміне және өлім жазаларын қолданған германия офицерлері, солдаттары және гитлерлік партия мүшелері айуандық қылмыстар жасаған еліне қайтарылады және сол елдің заңдары бойынша айыпталып және жазаланады делінген. 1945 ж 11 ақпанда Крым конференциясының шешімдерінде оның қатысушылары барлық соғыс қылмыскерлерін әділетті және тез жазалауға міндеттемелерін өз мойнынан алды; Потсдам конференциясының шешімдерінде мемлекеттердің әскери қылмыскерлерді және айуандықтың немесе әскери қылмыстардың нәтижесі болатын нацистік шараларды жүзеге асыру немесе жоспарлауға қатысушыларды қамау және сотқа беру міндеттемесі жүктелді [23].
Жеке тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігі туралы нақты нормалар басты неміс және жапон әскери қылмыскерлерін соттау үшін Халықаралық әскери трибуналдар үкімдері мен жарғыларында қалыптасты. Кеңес Социалистік Республика Одағы, Америка Құрама Штаттары мен Біріккен Ұлыбритания Корольдігі мен Солтүстік Ирландия үкіметі және Франция Республикасының уақытша үкіметтері арасындағы Келісімге қосылған Халықаралық әскери трибунал Жарғысының 6-бабына сәйкес 1945 ж 8 тамыздағы европа елдері осіндегі басты әскери қылмыскерлерді жазалау және соттық ізіне түсу туралы Келісім келесідей ережелерді орнатты:
Трибуналдың юрисдикциясына жататын немесе жеке жауапкершілікке тартуы мүмкін келесідей әрекеттер немесе оның кез келгені қылмыс болып саналады:
а) әлемге қарсы қылмыстар, нақтырақ: агрессивті соғыс жүргізу, аяқтау, дайындау немесе жобалау немесе халықаралық шарттарды, келісімдерді бұзатын соғыс жүргізу немесе жоғарыда аталғандардың кез келгенін жүзеге асыруға бағытталған заговор немесе жалпы жоспарға қатысу;
б) әскери қылмыстар, соның ішінде: соғыс заңдары мен дәстүрлерін бұзу. Бұл құқықбұзушылықтарға адам өлтіру, азаптау немесе құлдыққа салу немесе басып алынған территорияның азаматтық тұрғындарын басқа да мақсаттар үшін алып кету; теңізде жүрген тұлғаларды немесе әскери тұтқындарды азаптау немесе қлтіру; тұтқындарды өлтіру; жеке немесе қоғамдық меншікті тонау; ауылдарды немесе қалаларды мәнсіз қырып-жою; ақталмаған әскери қажеттілікпен құру және басқа да қылмыстар;
в) адамзатқа қарсы қылмыстар, соның ішінде: соғыс кезінде немесе соғысқа дейін азаматтық тұрғындарға қатысты жасалған өлтіру, жою, құлдыққа салу, жер аудару және басқа да қатыгездіктер немесе Трибуналдың юрисдикциясына жататын кез келген қылмыспен байланысты немесе саяси, расалық, діни мотив бойынша ізіне түсуді жүзеге асыру. Осы әрекеттер жасалған елдің ішкі құқығын бұзған бұзбағанына тәуелсіз болады [8].
Жоғарыда аталған қылмыстардың кез келгенін жасауға бағытталған қастандық немесе жалпы жоспарды жүзеге асыруға немесе құруға қатысқан айдап салушылар, ұймдастырушылар немесе басшыларға персоналды юрисдикция тарағанын атап айту керек. Олар осындай жоспарды жүзеге асыру мақсатындағы кез келген тұлғаламен жасалған барлық әрекеттер үшін жауапкершілікте болды.
Сотқа 24 басты әскери қылмыскерлер берілді. Істі тыңдау 1945 ж 20 қарашасынан басталып, 1946 ж 1 қазанына дейін, яғни үкім шыққанға дейін жалғасты. Осы аралықта Трибуналда 403 ашық отырыстар өткізілді. 3 мыңға жуық іс құжаттар қаралып, 200-ге жуық куәгерлерден жауап алынды (тағы бірнеше жүздеген куәгерлер Трибуналдың тапсырысы бойынша жауап алынды).
Басты неміс әскери қылмыскерлеріне арналған Халықаралық әскери трибуналдың үкімінде соғыс заңдары мен дәстүрлерін бұза отырып агрессия жасағаны үшін жеке қылмыстық жауапкершілік қағидасы бекітілді. Неміс әскери қылмыскерлерін мемлекеттік акт доктринасы арқылы қорғау мүмкіндігі теріске шығарылып, жауапкершілікті тек мемлекеттің мойнына алыуына жол берілмеді.
Нюрнберг трибуналының үкімінде жеке тұлғалардың жауапкершілігі мәселесі бойынша:
Халықаралық құқықтың жеке тұлғаларға мемлекетке сияқты міндеттер мен парыздар жүктейтіні белгілі.., Жарғының мәні жеке тұлға халықаралық міндеттемелерге ие болатындығының бекітілді. Соғыс заңдарын бұзған тұлға мемлекеттің бұйрығын орындаумен сәйкес әрекет еткені негізінде жауапкершіліктен босатылмайды. Мемлекет халықаралық құқыққа сәйкес берілген компетенция шегінен шыға отырып осындай әрекеттерге санкция берсе де, оны орындаған жеке тұлға жауапкершіліктен құтылмайды [8].
Екінші дүниежүзілік соғыс барысында жапон милитаристері (олардың одақтастары неміс фашистері сияқты) халыққа қарсы аса ауыр қылмыстар жасады. Осыған байланысты Потсдам конференциясының шешімдерінде жапон әскери қылмыскерлерін жазалау туралы да мәселе қозғалды. 1945 жылдың желтоқсанында Мәскеуде өткен КСРО, АҚШ және Ұлыбритания шет істер министрлернің Жапонияның жойылғаннан кейінгі кеңесінде Жапония үшін Қиыршығыс комиссиясы мен Одақтық кеңестің ұйымдастырылуы мен компетенциясы туралы келісімге қол жеткізілді (оған Қытай да қосылды). Қиыршығыс комиссиясының қаулысында жапон әскери қылмыскерлерін қамау, соттау және жазалау мәслесі анықталды. Одақтық үкіметтер арасындағы келіссөздерден кейін 1946 ж 19 қаңтарда одақтық державалардың басты басшысы Қиыр Шығыс үшін Халықаралық трибунал Жарғысын бекітті. Осы құжаттың Нюрнберг трибуналының Жарғысынан айырмашылығы Токийстік халықаралық трибунал Жарғысының 5-бабында әскери қылмыстар соғыс заңдары мен дәстүрлерін бұзу ретінде анықталды, онда тікелей қылмыстар тізімі көрсетілмеді. Ал Нюрнберг халықаралық трибуналының 6-бабында барлық әскери қылмыс тізімі жеке-жеке жазылған болатын.
Сотқа 28 Жапон басқарушы мемлекеттік қайраткерлері берілді (премьер-министр, министрлер, жоғарғы әскери ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz