Қазақстанның дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәселесі


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ . . . 3

1 ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САУДА ҰЙЫМЫНЫҢ ТЕОРИЯСЫ

1. 1 Дүниежүзілік сауда ұйымы жүйесінің қағидалары . . . 5

1. 2 Дүниежүзілік сауда ұйымының құрылымы мен бюджеті . . . 9

1. 3 Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру ұстанымдары . . . 11

2 ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САУДА ҰЙЫМЫНА КІРУ МӘСЕЛЕСІ

2. 1 Халықаралық саудадағы Қазақстанның алатын орны . . . 15

2. 2 ДСҰ-на кірудің жағымсыз жақтары мен артықшылықтары . . . 17

2. 3 Ауыл шарушылығы - Қазақстанның қорғау мен көмекті қажет ететін жалғыз саласы . . . 19

3 ДСҰ-ға КІРГЕН ЕЛДЕР ТӘЖІРИБЕСІ МЕН МӘСЕЛЕЛЕРІ

3. 1 Соңғы жылдары ДСҰ-на кірген елдердің тәжірибесі . . . 22

3. 2 Жапония ДСҰ-ң мүше елі ретінде . . . 25

3. 3 ҚР-ның сыртқы сауда саясатының Кеден одағының аясында даму жағдайлары . . . 27

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 30

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 32

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Әлемдік экономика мен әлемдік сауданың даму тенденциялары бір ортақ ғаламдық еркін нарық болуын талап етеді. Әрине бұл бағыттағы Дүниежүзілік сауда ұйымының әрекеті ең маңызды болып табылады.

Ғаламдастыру жағдайында тауарлардың көпшілігіне сыртқы сауда немесе әлемдік нарық арқылы қол жеткізілетіндіктен, кез келген ұйымның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі уақыт мәселесі болып табылады.

Осындай жағдайда бұл тақырыптың Қазақстан үшін өзектілігі өсе түседі. ДСҰ-на кіру Қазақстан үшін несімен жағымды болады? Біріншіден, басты Қазақстандық өндірушілердің әлемдік нарықтардың кеңеюіне байланысты болашақтағы өсу перспективалары өсе түседі. Екіншіден, республика әлемдік нарыққа өз кіруін жеңілдетіп, ДСҰ-ның мүшелерінің артықшылықтарын қолдану мүмкіндігіне ие болады. Қазақстан өндірушілері Уругвай раундында қабылданған міндеттемелер деңгейінде өз қызметтері мен тауарларын экспорттауға мүмкіндік алады. Бірақ ДСҰ-на кіруде Қазақстандағы тауарлар халықаралық стандарттарға сәйкес болуын қамтамасыз ету керек. Бұл мәселе отандық тауарлардың ішкі және сыртқы нарықтарда бәсекелестігі жайындағы мәселені өте қиын етеді.

Дүниежүзілік сауда ұйымына өтуді жақтаушылар да, оған қарсылар да уақыт озған сайын өз дәлелдерін алға тартып, дауыстарын айқынырақ шығарып жатыр. Бұл заңды да. Өйткені Дүниежүзілік сауда ұйымы секілді әлемнің 153 мемлекетін біріктірген экономикалық алпауыт ұйымның құрамына ену ойласпай шеше салатын мәселе емес. Себебі бұл ұйым қайырымдылық одағы емес, керісінше қиян-кескі бәсекелестік өтетін алаң. Ұйымда күшті тауар өндірісі бар ел ғана жеңіске жетеді. Күшті деген сөзді ең бірінші “арзан” тауар өндіре алу деп түсіну керек. Екіншіден, күшті деген сөзді “сапалы” деген сөзбен алмастыруға болады. Яғни өзіндік құны төмен, бірақ жұрт қызығатындай сапалы тауар өндіре алсаң ғана бұл ұйымның қызығын көресің. Ал ондай мүмкіндігі болмағандар импорт тұтынушысы шеңберінде өмір сүреді.

Сыртқы экономикалық қатынастарды ырықтандыру ең алдымен елдің сыртқы саудасында шектемелерді жоюымен көрінеді. Біздің ойымызша, оның үрдісі жергілікті, отандық өндірушілердің шетел тауарларымен бәсекелестік қабілетін қолдаудың кең тарамды шаралар жүйесін қалыптастырумен қатар жүргізілуі тиіс. Өйткені ұлттық капиталдың қорлануының алғашқы кезеңіндегі Қазақстандық өндірушілер үшін қаржылық қуаттылығы мол, технологиялық озықтығы әйгілі, бизнестік тәжірибесі қомақты шетел өндірушілермен тең дәрежелі бәсекелесу мүмкіндігі екі талай болады. Бұл жағдай елдің сыртқы саудасын ырықтандыру мен сыртқы экономикалық қашықтық дәрежесі арасында тікелей өзара байланыстылығы барын көрсетеді.

Тақырыптық зерттелу дәрежесі. Дүниежүзілік сауда ұйымының теориясына өз еңбектерін арнап, сол арқылы экономика ғылымына айтарлықтай үлес қосқан төмендегідей экономистерді айтуға болады: Бортников М. Ю., Ведута Е. Н., Дроздов В. А., Кадыров Р. Ф., Киселев В. В., Красавина Л. Н., Лаврушина О. И., Московкина Л. А., Ольхова Р. Г., Печников Л. В., Поляков В. П., Пономарев В. А., Пятенко С. В., Родионов С. С., Сахорова М. О.

Нарықтық экономика теориясымен өзара байланыста бұл проблемалардың әртүрлі жақтары Аубакиров Я. А., Шеденов Ө. Қ., Байжұмаев Б. Б., Елемесов Р. Е., Есентүгелов А. Е., Жатқанбаев Е. Б., Жүйриков К., Кенжегузин М. Б., Кошанов А. К., Кучукова Н. К., Нарибаев К. Н., Нысанбаев С. Н., Тұрысов К. Т. сияқты қазақстандық ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған.

Бұл курстық жұмыстың мақсаты: Дүниежүзілік сауда ұйымының әрекетін қарастырумен қатар, қазіргі кезде ең көкейкесті мәселелердің біріне айналып келе жатқан Қазақстанның ДСҰ-на кірудің қиындықтары мен болашағын қарастыру.

Курстық жұмыстың міндеті:

-Дүниежүзілік сауда ұйымы жүйесінің қағидаларын зерттеу;

-Дүниежүзілік сауда ұйымының құрылымы және бюджетін қарастыру;

-Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру ұстанымдарын анықтау;

-Халықаралық саудадағы Қазақстанның алатын орнын қарастыру;

-Қазақстанның ДСҰ-на кірудің жағымсыз жақтары мен артықшы-лықтарын қарастыру;

-Ауыл шарушылығын - Қазақстанның қорғау мен көмекті қажет ететін жалғыз саласы ретінде қарастыру;

-соңғы жылдары ДСҰ-на кірген елдердің тәжірибесін зерттеу;

-Жапонияны ДСҰ-ң мүше елі ретінде қарастыру;

- ҚР-ның сыртқы сауда саясатының Кеден одағының аясында даму жағдайларын талдау.

Зерттеу нысаны . Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәселесі.

Курстық жұмыстың құрылымы : Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады. Бөлімдердің атауы, құрылымы және мазмұны жұмыстың тақырыбына, мақсатына және міндеттеріне сәйкес келеді.

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі. Қазақстан Республикасы Конституциясы басқа да заңдар мен нормативтік құқықтық актілер және әлемдік экономика ғылымының классиктерінің, Ресей және Қазақстандық ғалым-экономистер мен маман-практиктердің еңбектері, қарастырылып отырған мәселеге байланысты әр түрлі нысандағы есептілік мәліметтері қолданылған.

Ақпараттық базасы. Курстық жұмыста ғылыми конференциялар мен кезеңдік баспалар материалдары кеңінен қолданылды. Сонымен бірге осы қарастырылып отырған мәселеге тиесілі шеңберіндегі арнайы материалдарға, жалпы экономикалық және құқықтық әдебиеттерге жүгініп негізделінген.

І. ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САУДА ҰЙЫМЫНЫҢ ТЕОРИЯСЫ

1. 1 Дүниежүзілік сауда ұйымы жүйесінің қағидалары

Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) - көпжақты сауда жүйесінің құқықтық және институционалды негізі болып табылады. Ол үкімет саудаға қатысты ішкі заңнаманы қалай жүзеге асыруға міндетті екендігін көрсететін негізгі келісім міндеттемелерін қамтамасыз етеді. Осы негізде дауларды басу, келісім сөздер мен жалпы талдау арқасында елдер арасындағы сауда қарым- қатынастары дамиды. [1, 215б]

ДСҰ 1995 ж. 1 қаңтарда құрылған. Үкіметтер 1993 ж. 15 желтоқсанында Уругвай раундының шеңберінде келісім сөздерді аяқтады да, саяси мүдделілігін 1994 ж. сәуірде Қорытынды актіге қол қою арқылы білдірді. «Марракеш декларациясы» Уругвай раундының нәтижелері «әлемдік экономиканы тұғырландырып, бүкіл әлемдегі табыстар, жұмысбастылық, капитал салымдарының өсуі мен сауданың кеңеюіне» әкелгендігін дәлелдеді.

Потенциалды ұйым мүшелері - 153 елдер мен территориялардың ішінен 76-лары ДСҰ-ң мүшесі болып бірінші күні жарияланды. Қалған 50 шақты елдер өздерінің ішкі ратификация шараларын жүргізіп жатыр, ал басқа елдер өзінің енуі жөнінде келісім сөздер жүргізіп келеді.

ДСҰ Сауда мен тарифтер бойынша жалпы келісімге (СТЖК) қарағанда мүшелер саны жағынан ғана емес, сауда қызметі мен саясатының әрекет ету кеңістігі жөнінен де асады. СТЖК тек коммерциялық тауарлар саудасына ғана қолданылды, ал ДСҰ тауарлар, қызметтер, «идеялар саудасын» немесе интеллектуалды мүлікті қамтиды.

ДСҰ-ның штаб-пәтері Швейцарияның Женева қаласында орналасқан. Оның негізгі қызметтері:

  • бірігіп ДСҰ құрайтын көпжақты және шектеулі мүшелер саны бар сауда келісімдерін жүзеге асыру және реттеу;
  • көпжақты сауда келісім сөздері үшін форумдар қызметін жүзеге асыру;

- сауда дауларын реттеу жолдарын іздестіру;

- ұлттық сауда саясатын бақылау;

  • ғаламдық экономикалық саясатты жүзеге асыруға қатысатын басқа халықаралық ұйымдармен қатынасу;

Сауда жүйесінің принциптері. [2, 45б]

ДСҰ келісіміне 29 бөлек құқықтық мәтіндер кіреді. Бұл қосымша министрлер деңгейінде қабылданған. ДСҰ мүшелерінің міндеттемелерін түсіндіретін 25 қосымша шешімдер және келісімдермен тұғырландырады. Осы келісімдерді біріктіріп, көпжақты сауда жүйесіне айналдыратын нақты принциптері бар.

Дискриминациясыз сауда 50 жыл бойы СТЖК-ң негізгі ережелері мүшелер мен импортталатын және ел ішінде өндірілетін тауарлар дискриминациясына рұқсат берген жоқ. 1-бапта аталған «ең жағымды ел» ұғымына сәйкес, барлық мүшелер басқа кез-келген елдің өніміне жасайтын сауда жағдайларына мүше елдер өніміне де жасауға міндетті. Яғни еш ел басқа елге қарсы дискриминациялық немесе ерекше жағымды жағдай жасамауы тиіс: барлығы бірдей жағдайда тұрып, сауда шектеулерін азайтумен байланысты артықшылықтарға бірдей дәрежеде ие болуы тиіс.

1-бапта бірқатар салдары бар, мысалы, кеден одақтары мен еркін сауда зоналарына байланыстылары. Алайда ең жағымды ел режимі дамушы және т. б. экономикалық әсері аз елдер жағымдырақ сауда жағдайларын қолдана алады.

«Ұлттық режим» деген атпен белгілі дискриминацияламаудың екінші нысаны нарыққа сырттан енген тауарлар ішкі өндірісте өндірілген эквивалентті тауарлармен бірдей сауда жағдайларына ие болуы тиіс. Бұл СТЖК-ң 3-бабында қарастырылған.

Қайта қаралған СТЖК мәтінімен қатар, ең жағымды ел мен ұлттық режимге байланысты ДСҰ-ң бірқатар келісімдері бар. Интеллектуалды мүлік құқықтарының сауда аспектілері келісіміне сәйкес, интеллектуалды мүлікті қорғауға байланысты ЕЖЕ және ұлттық режим міндеттемелеріне кірмейтін жағдайлар қарастырылған. Қызметтер саудасының жалпы келісіміне (ҚСЖК) сәйкес қызметтерді тасымалдаушы мүше елдерге ЕЖЕ режимін ұсыну. Алайда ол белгілі жағдайда, ДСҰ мүшелері бастапқыдан осындай режимді ұсына алмайтын жағдайларда орындалмайды. Осындай босату туралы шешім қабылданған кезде, ол 5 жыл өткеннен кейін қайта қаралуы тиіс және қызмет ету мерзімі 10 жылдан аспайды.

Басқа дискриминацияламауға байланысты келісімдерге шығу тегі туралы ережелер келісімі; жүктегенге дейінгі қарау бойынша келісімдер; капитал салымдары саласындағы саудамен байланысты келісім; санитарлық және фитосанитарлық шараларды қолдану туралы келісімдер кіреді.

Нарықтарға болжалынатын және өспелі кіруге рұқсат.

Көпжақты сауда жүйесі арқылы үкімет инвесторларға, кәсіпкерлерге, қызметкерлерге, тұтынушыларға капитал салымдарын арттыруға және жаңа жұмыс орындарын жасауға ынталандыратын экономикалық жағдайды қалыптастыруға тырысады. Мұндай жағдай компаниялардың капитал салу және алға ұмтылу мүддесі болған жағдайда тұрақты және болжанатын бола алады.

Нарықтарға қауіпсіз және болжанатын кіруге рұқсат алу тариф және кедендік баждар арқылы жүзеге асырылады. Квоталар заңсыз болып табылғанымен, тарифтер заңды болады да, Үкіметтер оларды отандық өндірісті және табыс жинауларын қорғау үшін қолданады. Алайда олар реттеуге ұшыратылады. Мысалы олар дискриминациялы емес және «байланған» болып табылады. Байлану дегеніміз - нақты тауар бойынша тариф деңгейі ДСҰ үшін міндеттеме болып табылады және ол негізгі сауда партнерлерінің келісімінсіз арттырыла алмайды. Көп жағдайларда кедендік одақтың кеңеюіне байланысты кейбір аймақтарда тарифтер артып кетеді, осыған байланысты компенсациялық келісім сөздерін жүргізу керек болып табылады. [3, 25б]

Тарифтердің 5 жылға арналған төмендетілуі дамыған елдердің өнеркәсіптік өнімдеріне 40 % төмендетуіне әкеледі, бұл орташа 6, 3 % 3, 8 % дейін және дамыған елдер бажсыз режим қолданатын импортталатын өндірістік тауарларға 20% 44% дейін күрт өсті.

Барлық бейтарифтік импорттық шектеулерді «тарификациялау» ауыл шаруашылығы нарығының болжамдалу деңгейін жоғарылатты. Ауыл шаруашылық өнімдерінің 30% квоталық және импорттық шектеулердің объектілеріне айналды. Қызметтер саудасы кезінде тарифтер қолданылмаса да, болжанатын шарттарды қажет етеді. Осыған байланысты мемлекет өзіне қызметпен байланысты қызметті реттеу міндеттемелерін алды. Бұл міндеттемелер тарифтерге байланысты міндеттемелермен қатар міндетті ұлттық схемаларда болады және әрі қарайғы қызметтер туралы келісім сөздер раундтары кезінде кеңейтіледі.

ДСҰ басқа келісімдері алдын-ала түсінікті болғысы келеді, мүше елдердің ережелерді өз қажетіне байланысты өзгертуді болдырмауға тырысады. Сауда шарттарына әсер ететін, мүшелер тұрақсыз дискриминациялық және протекционистік саясатты жүргізу ниеті мүмкін болатын саясаттың әр аймағында ДСҰ міндеттемелері әрекет етіп, оларды шектейді.

Сауда шарттарының түсінікті болуы ішкі заңдар, тәжірибелер мен нұсқаулар транспарентті болуы тиіс. ДСҰ көптеген келісімдерінде транспаренттілік туралы сөз болады. Олар ұлттық деңгейде ресми жарналарда жоспарларды көпшілікке жария етуі керек. Сауда саясатын бақылау механизмі арқылы ұлттық сауда саясатына әрдайым бақылау жасап отыру арқылы ішкі және көпжақты деңгейде транспаренттілік қамтамасыз етіледі.

Адал бәсекеге жәрдемдесу.

ДСҰ шектеулі және қорғаныс мақсатында тарифтерді қолдануға рұқсат беруіне байланысты «еркін сауда» ұйымы бола алмайды. Ол адал, ашық және өзгертілмеген бәсекеге арналған ережелер жүйесі болып табылады.

Демпинг пен субсидиялар жөніндегі ережелер сияқты, дискримина-цияламау ережесі де сауданың әділетті жағдайларын қамтамасыз етеді.

ДСҰ-ң ауыл шаруашылығы жөніндегі келісімі ауыл шаруашылық өнімдерінің саудасы кезінде адалдықты қамтамасыз ету үшін қолданылады. Интеллектуалды мүлік жөніндегі келісім идеялар мен өнертабыстар арасындағы бәскелес жағдайларды жақсартады. ДСҰ-ң т. б. адал және реттелген бәсекеге жәрдемдесу мақсатында жұмыс істейтін ережелері жұмыс істейді.

Экономикалық реформалар мен дамуды ынталандыру

ДСҰ мүшелерінің төрттен үш бөлігін нарықтық емес жүйелерден өтпелі кезеңде тұрған, экономикалық реформаларды өткізгелі жатқан және дамушы мемлекеттер құрайды. 1986-1993 ж. ж. Уругвай раунды өткен 7 жыл ішінде 60-тан астам осындай мемлекеттер сауданы либеризациялау бағдарлама-ларын жүргізді.

Кейбіреулері оны СТЖК-не ену шегінде жүргізсе, қалғандары өз бетімен жүргізді. Уругвай раундында бұрынғыға қарағанда, өтпелі экономикасы бар және дамушы елдер едәуір белсенді қатысты.

Мұндай жағдай сауда жүйесі тек өндірістік дамыған елдерде болды деген ойды жоққа шығарады. Бұл дамушы мемлекеттерді СТЖК-ның кейбір келісімдерінен босату керектігіне көзқарасты өзгертті. Уругвай раунды аяқталған кезде дамушы мемлекеттер дамыған мемлекеттерге жүктелетін міндеттемелерге дайындығын көрсетті. Сонымен қатар оларға ДСҰ-ң қиын міндеттемелеріне бейімделудің өтпелі мерзімі беріледі. Бұл алдымен ең кедей және ең нашар дамыған елдерге қатысты еді. Сонымен қатар министрлер деңгейінде қабылданған дамушы елдерге жеңілдіктер беру жөніндегі келісім экспорттаушы тауарларды нарықтарға жеңілдікпен енгізуге және бұл елдерге техникалық көмек көрсетуге шақырады.

СТЖК-де қабылданған дамушы елдерге байланысты келісімдер ДСҰ-да да, өз күшін сақтап қалды. Мысалы 1994 ж. СТЖК-ның 4-бөлімінде 1965 ж. қабылданған өндірістік елдерді дамушы елдерге көмектесуге ынталандыратын және жасалған жеңілдіктер үшін келісім сөздер кезінде жеңілдіктер күтпеуге шақыратын 3-бап қалдырылған. 1979 ж. Токиолық раунд аяқталған кезде қабылданған екінші шара Жалпы преференциялар жүйесі негізінде дамыған елдер дамушы елдерге нарықтарға ену жөніндегі жеңілдетулерге негізделген.

Ашық сауданы жақтайтын себептер

Көпжақты сипатта негізделген ашық экономиканың экономикалық себептері қарапайым және саудаға тән ойға қонымдылықпен ерекшеленеді.

Барлық елдердің, оның ішінде ең кедейлерінде де, ресурстар болады. Мысалы адамдық, өндірістік, табиғи және қаржылық ресурстарды ішкі және сыртқы нарықтарға бәсекелесуші тауарлар мен қызметтерді өндіру үшін қолданады. «Салыстырмалы артықшылықтар» елдердің өз активтерін ең тиімді жолмен қолданып, ең тиімді өндіру жолдарын қарастырады. Әлемдік нарықта қызмет атқару аясы кеңейіп, тұтынушылардың ең үлкен санына жол ашылады. Яғни либералды сауда саясаты тауарлар мен қызметтердің шектелмеген ағымын мүмкін қылады да, жоғары сапалы, бағасы тиімді өнімдерді өндіру арқылы табысты жоғарылатуға көмектеседі.

Импорттан қорғау мен әрдайым мемлекеттік субсидиялармен қамтамасыз ету рентабельсіз компаниялардың нарыққа ескірген өнім ұсынысына әкеледі. Нәтижесінде бұл компаниялар жабылып, жұмыс орындары жойылады. Егер басқа үкіметтер осындай саясатты шет елде жүргізсе, әлемдік экономиканың белсенділігі төмендейді. ДСҰ-ның басты мақсаттарының бірі - осы протекционизмге көшу әсеріне жол бермеу.

ДСҰ СТЖК- нен қалай ерекшеленеді

Дүниежүзілік сауда ұйымы - СТЖК ісін жалғастырушысы емес, керісінше оны толығымен орнын басып, басқа сипатқа ие болады. Келесі ерекшелігін атап көрсеткеніміз жөн: [4, 225б]

  • СТЖК ешбір ұйымдық негізі жоқ, көпжақты келісім, ережелер жиынтығы еді. Ол 40 ж. халықаралық сауда ұйымын құру талпыныстарының нәтижесінде пайда болған. ДСҰ өз кезегінде тұрақты мекеме болып табылады және оның өзінің секретариаты болады.
1. 2 Дүниежүзілік сауда ұйымының құрылымы мен бюджеті

Ұйымның барлық уәкілдерін біріктіруші ең жоғарғы орган - Министрлер конференциясы. Конференция сессиялары екі жылда бір реттен кем емес жиналады да, Уругвай раундының мәселелері бойынша шешім қабылдайды. Бірінші конференция 1996 жылы желтоқсанда Сингапурде өткен; екіншісі 1998 жылы мамырда Женевада СТЖК/ДСҰ елу жылдық қызметі нәтижесінде қол жеткізілген нәтижелер жөнінде қорытынды жасалды; 2001 жылы Дохада (Катар) өткен Министрлер конференциясынан кейін көпжақты келісімдердің жаңа раунды басталды; келесі конференция 2003 жылы Канкунда (Мексика) өткен.

Министрлер конференциясы Сауда мен даму жөніндегі комитетті, Төлем балансының тепе-теңдігін қамтамасыз ету мақсатында шектеулер бойынша комитет, Бюджет, қаржы, әкімшілік бойынша комитет, Сауда және қоршаған орта бойынша комитеттерді тағайындайды.

Министрлер конференциясы ДСҰ-ның Бас директорын тағайындайды. Қазіргі кездегі ДСҰ-ның Бас директоры - Паскаль Лами. Басты директор ДСҰ-ның Секретариатының қызметкерлерін тағайындайды да, Министрлер конференциясында қабылданған құжаттарға қатысты олардың міндеттері мен қызмет ету шарттарын анықтайды.

Сессиялар арасында қажет туындаған жағдайда (жылына 8-10 рет) ағымдағы сұрақтарды шешу үшін ДСҰ-ның барлық мүшелерінің уәкілдерінен тұратын Жалпы кеңес шақырылады. Жалпы кеңес Дауларды реттеу органының және Сауда саясатын бақылау органының қызметін бақылайды. Жалпы кеңестің қол астында Тауарлармен сауда жөніндегі кеңес, Қызметтер саудасы жөніндегі кеңес, Интеллектуалды меншік құқығының сауда аспектілері жайындағы кеңес және т. б. қызмет етеді. Қызметтер және тауарлар саудасы жөніндегі кеңес шеңберінде Келісімдер жөніндегі комитеттер және келісімшарттар топтары құрылған. Кеңестер мен комитеттердегі мүшелік ДСҰ-ның барлық мүшелеріне ашық.

Шешімдерді қабылдау. ДСҰ-да жалпы шешімге келу негізіндегі шешім қабылдау жүйесі қолданылады. Жалпы шешімге келе алмаған жағдайда шешім дауыстар басымдылығымен қабылданады. Тауарлар, қызметтер, интеллектуалды мүлік, қабылдаған міндеттемелерден босатылу шешімдері дауыстардың 3 / 4 -мен қабылданады. Мүшелер құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайтын өзгертулер мен жаңа мүшелерді қабылдау дауыстардың 2/3-мен қабылданады. [5, 185б]

ДСҰ секретариаты Женевада орналасқан. Оның құрамына Бас директор Паскаль Лами басқаратын 500 қызметкер кіреді. Секретариаттың міндеттеріне келісімдер және келісімдерді орындаумен байланысты ДСҰ-ның уәкілді органдарына қызмет көрсету жатады. Ол дамушы елдерге техникалық көмек көрсету үшін міндетті болады. ДСҰ экономистері мен статистиктері сауда және сауда саясаты жөнінде анализ жасайды, ал заңгерлер ДСҰ ережелерін анықтаумен байланысты мәселелерді шешеді. Секретариаттың басты қызметіне жаңа мүшелерді қабылдау келісімдері мен үкіметтерге кіру жөнінде кенес берумен байланысты. ДСҰ-ның бюджеті 134 млн. Швейцар франкын құрайды, құрамына 153 ел мүше болып кіреді.

ДСҰ-на кіру процедурасы өзара байланысқан үш үрдістерден тұрады:

1. кіруші елдің сыртқы сауда режимін және оның ДСҰ-ның сауда келісімдеріне сәйкестілігін қарастыру.

Бұл келесідей жүзеге асырылады: ел өзінің сыртқы сауда режимі туралы меморандум дайындайды, ол сұрақ-жауап үрдісінде қарастырылады, одан кейін Жұмыс тобының баяндамасы дайындалады да, қосылу шарттары болатын қосылу туралы протокол дайындалады. Қосылудың бұл бөлігі ДСҰ-ның барлық мүшелерінің қатысуымен көпжақты негізде жүзеге асырылады, бірақ кейбір сыртқы сауда режимі туралы мәселелер ДСҰ-ның бөлек мүшелері мен қосылушы ел арасында екіжақты негізде өтуі мүмкін.

Қазақстанның қосылуы жөніндегі келісім сөздер жүргізген кезде келесі мәселелер жөнінде көптеген сұрақтар туындады: [6, 6б]

-баға құрылудың нормалары мен тәжірибесі;

-салық салу жүйесі;

-бөлек экономика секторларындағы субсидиялар, мысалы ауыл шаруашылығында;

-шет елдік инвестициялар режимі;

-төлем балансы;

-импорттық кеден тарифы;

-қорғау шаралары және т. б. ұлттық өндірушілерді қорғау шаралары;

-импорттық лицензиялау;

-экспортты реттеу;

-мемлекеттік сауда келісімдері;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАННЫҢ БҮКІЛӘЛЕМДІК САУДА ҰЙЫМЫНА КІРУІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
ГАТТ Кеңесі және ГАТТ келісімдер
Дүниежүзілік сауда ұйымы
Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымы
Қазақстан Республикасының сауда ұйымына кірудегі маңызы
Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәселелері
Дүниежүзілік сауда ұйымы туралы
Қазақстанның әлемдік экономикаға кіруі – елдің экономикалық дамуының сапалық серпілісінің негізі
Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ)
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САУДА ҰЙЫМЫ (ДСҰ) ТУРАЛЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz