Құқықтық мемлекеттің негізгі сипаттары



Жоспар

1.Қазақстанда құқықтық мемлекеттің құрылуы. 2
1.1. Құқықтық мемлекеттің көрсеткіші, принципі, белгісі 2
2. Құқықтық мемлекеттің негізгі сипаттары 4
2.1. Құқықтық мемлекеттің ұғымы 4
2.2. Құқықтық мемлекеттің ерекшеліктері. 7
2.3. Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам. 12
3. Қазақстан . демократиялық зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет. 15
Пайдаланылған әдебиеттер 17

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

1.Қазақстанда құқықтық мемлекеттің құрылуы. 2
1.1. Құқықтық мемлекеттің көрсеткіші, принципі, белгісі 2
2. Құқықтық мемлекеттің негізгі сипаттары 4
2.1. Құқықтық мемлекеттің ұғымы 4
2.2. Құқықтық мемлекеттің ерекшеліктері. 7
2.3. Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам. 12
3. Қазақстан - демократиялық зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет.
15
Пайдаланылған әдебиеттер 17

1.Қазақстанда құқықтық мемлекеттің құрылуы

Құқықтық мемлекетте ұзақ тарихи даму процесінде қалыптасады.
Сондықтан Қазақстан Республикасының Конституциясында еліміз құқықтық
мемлекетті қалыптастыру жолына түсті деп жазылған.

1.1. Құқықтық мемлекеттің көрсеткіші, принципі, белгісі

Құқықтық мемлекеттің бірінші көрсеткіші — заңның жоғары тұратындығы
оның қоғамдық өмірде үстемдік ететіндігі. Қоғамдық өмірдің неғұрлым маңызды
жақтары заңдар арқылы реттеліп отыруға тиіс. Конституция заң шығаруға
органды осы жағдайға қарай нұсқайды. Конституция сәйкес Қазақстаң
Республикасының Парламенті аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейді,...
жеке және заңды тұлғалардың құқық субъектлігіне, азаматтардың құқықтары мен
бостандықтарына... мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару
органдарын ұйымдастыру мен олардың қызметінің, мемлекеттік және әскери
қызметін негіздеріне... қатысты негізгі принциптер мен нормаларды
белгілейтін заңдар шығаруға т.б. хақылы.
Құқықтық мемлекеттің тағы бір маңызды принципі - барлық мемлекеттік
орғандарға, лауазымды тұлғаларға заң талаптарының міндеттілігі. Заңдар
негізінде мемлекеттен, оның органдарынан шығады. Демек, заң талаптарын
орындауға міндеттемені ең алдымен мемлекеттің өзі алады.
Құқықтық мемлекет дегеніміз құқық қалыптасып, көптеген заңдар
қабылданып жатқан ғана мемлекете емес. Құқықтық мекемелерінің қызметі түп-
түгел қабылданған заңдарға негізделіп жүргізілетін мемлекет.
Құқықтық мемлекеттің маңызды бір белгісі азаматтардың заңдары
мүлтіксіз сақталуы. Ол үшін азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен
міндеттерін белгілейтін заңдарды басқа да нормативтік құқықтық актілерді
жақсы білуі қажет.
Мемлекет, оның органдары, мекемелері, лауазымды тұлғалары
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының жүзеге асуын қамтамасыз етуге
тиіс. Соның өзінде олар жұртты топқа, әлеуметтік жікке, ұлттық топқа
бөлмей, бүкіл қоғамға қызмет етуге тиіс. Олар нақтылы адамдардың өзіне
қызмет етуге, оның заңды құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге
тиіс. Ал мұның өзі құқықтық мемлекетің негізгі белгілерінің бірі. Ол
жайында Конституцияның 1-бабында былай делінген: Қазақстан Республикасы
өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде
орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы адам және адамдың өмірі, құқықтары мен
бостандықтары. Біріншіден азаматтардаң Конституцияға баянды етілген
құқықтары мен бостандықтары шектелуге тиіс емес. Конституция кейбір
құқықтар мен бостандықтардың ерекше жағдайларда шектелуі мүмкін екенін
ескертеді. Конституцияда былай деп көрсетілген: Саяси себептер бойынша
азаматтрдың құқықтары мен бостандықтарын қандай да бір түрде шектелуге жол
бермейді. Сөйтіп азамат мемлекеттік органдардын, лауазымды тұлғалардың
ықтимал зорлық-зомбылығынан негізгі заң арқылы арашаланды. Жалпы алғанда
азаматтардың аса маңызды құқықтары мен бостандықтарын ешбір жағдайда
шектеуге жол берілмейді. Сонымен, азаматтар жөнінде мемлекеттің өзі де
белгілі бір құқықтық шектеушілікке қойылады. Екіншіден, құқықтық
мемлекеттің аса маңызды белгісі азаматтардың өз құқықтары мен
бостандықтарын кімнің тарапынан болса да бұзуға жол бермей, қорғауына
мүмкіндік туғызатын кең көлемді, егжей-тегжейлі процестік-құқықтық
нормалардың болуы. Адамның құқығы мен бостандығы өмір тіршілігінің барлық
салаларына қатысты болады. Егер әлде бір сала азаматтың құқықтарын
қорғаудың заңдық ресімдері болмаса, онда азаматтар өздерінің құқықтарын
пайдалана алмайды. Мемлекеттік органдардың міндеті заңдық ресімдердегі
ықтимал олқылықтардың орнын толтыру. Олар азаматтардың өз құқықтарын
түсініп, қорғауға құқықтық көмек көрсетуге мемлекет стихилы түрде
қалыптаспайды үнемі жүргізілетін мақсатты қызмет процесінде, мемлекет
қызметшілерінің өз міндеттерін ұқыпты орындауы барысында ұйымдастырылады.

2. Құқықтық мемлекеттің негізгі сипаттары

2.1. Құқықтық мемлекеттің ұғымы

Құқықтық мемлекеттің ұғымы. Құқықтық мемлекеттің идеясы мен мұраттарын
жаппай тарату қазіргі уақыттың құбылысы болды, адамдар бұл құбылыспен
мемлекеттік және қоғамдық, өмірдің демократияландыру перспективасын,
әділдік пен адамгершіліктің жетістіктерін байланыстыруда. Осыған байланысты
құқықтық мемлекет ұғымын ашу, оның ерекшеліктері мен ерекше сипаттарын
баяндау, қоғам өміріндегі ақиқат ролін көрсету үлкен теориялық және
практикалық мәнге ие болды.
Құқықтық мемлекет мемлексттік басқарудағы құқықтық 6асымдығы идеясынан
шығып отыр, сондықтан да тек қана ресми органдар мен лауазымды тұлғалардың
ниетін емес, сондай-ақ азаматтардың және қоғамдық өмірдің баска
субъектілерінін құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін қамтмасыз етіп,
кепілдік беру қажеттігін де ескеретін құқықтық нысандар мен әдістерге
басымдық береді. Құқықтық мемлекетке барлық экономикалық, әлеуметтік және
рухани процестерге, сондай-ақ жеке тұлғалар арасындағы өзара қарым-қатынас
саласына кірісу жат құбылыс.Ол қоғамдық қатынасқа түсушілердің арасымдағы
әрекетке айтарлықтай автономия мен бостандық бере отырып, олардың құқықтық
мәртебесінің нығаюына айырықша қамқорлық корсетеді және оның сақталуын
қадағалап отырады.
Өзінің бүкіл қызметінде барлық азаматтар мен қоғамдық қатынастың басқа
субъектілерінің міндетті түрде және сөзсіз бағынуына есептелген қатал
баскарушылық және бұйрықты нұсқаулардың нысандар мен әдістері басым болып
келетін этатистік мемлекет оған қарама-қарсы болып табылады. Бұдан басқа,
аталған субъектілі; мен дербестігі олардың мемлекетке қатысты автономиялығы
жоққа тән. Мемлекеттің ролінің шектен тыс, кейде қалыптан тыс ұлғаюынан,
экономиканың, әлеуметтік қатынастардың барлық слааларын, азаматтардың жеке
өмірін тікелей және бағынасына алуға деген талпынысынаң, екінші келктегі
ұзақ-түйек мәселелерді шешуге араласуынан тұратын этатистік қоғамның басқа
ерекшілігі де осымен байланысты. Жеке тұлғаның және басқа қоғамдық қызмет
субъектілерінің жағдайды тек айқын да тұрақты заң нұсқауларынан ғана емес,
олардың күнделікті араласып отырған мемкекеттік органдар мен лауазымды
тұлғалардың субъективті қарауына да байланысты.
Мемлекеттің жоғарыда аталган екі тобының арасында аралық типтегі
мемлекеттер болады оларда бірінші және екінші типтің белгілері үйлесіп
жатады. Олардың кейбіреуі этатистік мемлекеттерге анағұрлым жақын, алайда
сөйте тұра жеке құқықтық принциптер мен бастауларға бағынуға тырысады.
Басқалары этатизмнің белгілерін жоғалтпай-ақ құқықтық мемлекетке
жақындауда.
Құқықтық мемлекеттердің пайда болуы мемлекеттік-құқықтық процестердің
ұзақ эволюциясының заңды салдары, реакциялық институттардың орнына озат,
прогрессивті және тиімді институттардың өзіндік ерекше селекциясы мен
мұқият іріктелгендігінін нәтижесі болып табылады. Бұған мемлекеттік
басқарудың құқықтық нысанының әміршілдік-әкімшілдік және полицейлік-
бұйрықтық нысандарынан басымдығын және пайдалылығын теориялық ұғыну негіз
болды. Құқықтық мемлекеттің теориялық бастаулары түбірімен өткен шаққа
айналды деуге болады. Көне заманның озық ойшылдары (Платон, Аристотель және
басқалар) құқықтың позитивті ролін ескермейінше, мемлекеттің құрылымы
мықты, тұрақты және сенімді болуы мүмкін емес деген пікірлер айтып кеткен.
Құқықтың ролі мемлекеттік баскарушылардың озбырлығына тепе-теңдік ретінде
қаралды: заң әлдекімнің билігінде болмауы керек, өйткені барлық
органдардың, лауазымды тұлғалардың және азаматтардың әрекетін бағыттап
отыруға арналған.
Алғашында бытыраңқы және кейде жекелеген болжамдар түрінде пайда
болған, кейіннен осы идеялардың негізінше құқықтық мемлекеттің тұтас
тұжырымдамасы қалыптасты. Оның негізін салушылар ретінде Дж.Локкты,
И.Кантты, В.Гумбольдты, Г.Еллинекті, К.Шмитті және басқаларды атауға
болады. Жекелеген мәселелер бойынша бұл ойшылдардың бір бірінен ерекшелігі
болғанымен, басты мәселеде - құқықтық нұсқауларды мемлекет өзі сөзсіз
орындап отыруы қажет екендігінде және қоғамдық өмірге қатысушылардың
барлығынан осыны талап етуінде олардың ойы бір жерден шығып отырды.
Құқықтық мемлекеттің теориялық тұжырымдамасынын ережелерін бірқатар
елдердің өмір тіршілігінде практикадан өткіэу консервативтік күштердің
қарсылығана тал болды және оны күресте жеңе отырып мемлекеттік және
қоғамдық қызметтің барлык жағынан терең жаңдыруымен бірге жүрді -
мемлекеттік жүйенің принциптері жетілдірілді, жеке адамның мәртебесі айқын
мазмұнмен толықты, құқықтық құндылықтар бірінші дәрежелі маңызға ие болды,
шенеуніктердің бассыздығы азайып, олардың қызметі біртіндеп реттелген және
тәртіптелген арнаға түсе бастады
Адамзат қоғамындағы саяси дамудың кезеңінің белгісі құқықтық
мемлекеттер отбасының пайда болып, көбеюі. Бұл мемлекеттік-құқықтық теория
мен практиканың ғажап жетістігі, бүгінгі заманға өркениеттің орнығуы.
Құқықтық мемлекеттер өзінің өмір сүру фактісімен, өмірдің барлық
саласындағы күнделікті табысымен басқа елдерге бағдар болуда, оларға
әділетті адамгершілік қоғам құрудың жолын көрсетуде.
Ең дұрысы бұдан былай құқықтық мемлекеттердің саны әлемде этатистік
мемлекеттердің санының азаюы есебінен өсетін болады. Бірақ бұл - қарапайым
түрде түсіндіруге болмайтын дамудың жалпы тенденциясы. Әр түрлі елдерде
әлеуметтік-саяси күштердің айқын ара қатынасына байланысты болжауға қиын
өзгерістер болуы мүмкін. Бұл өзгерістер, мысалы құқықтық мемлекеттің
деңгейіне жетіп, сосын кенеттен олардан кейінгі орнаған тоталитарлық немесе
авторитарлық режимдер жағына қарай бұрылып кететін жекелеген елдер жоғарыда
көрсетілген дамудың алпы тенденциясына жатпайды. Тұтас алғанда прогресс
заңды және оның бейнесінің бірі құқықтық мемлекет принциптерінің нығаюы
болып табылады.

2.2. Құқықтық мемлекеттің ерекшеліктері.

Құқықтық мемлекеттің ерекшеліктері. Құқықтық мемлекеттің этатистік
мемлекеттен принципті айырмашылығын көптеген көрсеткіштер бойынша келтіруге
болады:
І.Құқықтық мемлекетте бойншы бүкіл механизмі және әрбір орган, әрбір
лауазымды тұлға өз қызметінде жеке алғанда құқықтық принциптер және
нұсқаулармен байланысты, ездерінің барлық шараларын солармен сәйкес
тендіреді. Құқықтық нормалар жұртшылыққа ғана емес, сондай-ақ мемлекеттік
органдар мен лауазымды тұлғалар үшін де міндетті. Олардың құкық шегінен
шығып кетуі мүлде болмайды немесе мүмкін емес нәрсе. Егер этатистік
мемлекетте ресми органдар мен лауазымды тұлғалар құқықты екінші кезектегі
және өзі үшін міндетті емес деп санайтын болса, мұндай көзқарасқа құқықтық
мемлекет жағдайында жол берілмейді және ол біртіндеп жойылып та келеді.
2.Құқықтық мемлекет құқықпен заңның арасындағы этатистік мемлекетке
тән мұндай үлкен қарама-қарсылықты білмейді. Онда мемлекеттік органдардың
барлық нормативтік актілері өзінің мазмұны және бағыттылығы, қабылдау және
рәсімдеу процедурасы, іске қосу ерекшеліктері, қолдану сипаты, тәртіп
бұзушылықтың жүзеге асырылуы мен қорғау жөнінен құқықтың жоғары
критерийлеріне сай келеді. Заң құқықтық принциптердің жүйелілігіне
негізделеді, онда қалмайды. Мемлекеттік органдардың құқыққа қарсы
нормативті актілер қабылдап, оның жұмыс істеуі іс жүзінде мүмкін емес
нәрсе.
3. Құқықтық мемлекет нормативтік нұсқауларды қабылдап оны жариялаумен
ғана шектелмейді. Ол осы қабылданған нормативтік нұсқаулардың міндетті
түрде, жүзеге асуына, барлық жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттік және
қоғамдық органдардың, кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдарды әрекетіне
айқын бағыт беруді қамтамасыз етуге көп коңіл боледі. Мемлекеттің құқықты
жүзеге асыру бағытындағы қызметі приоритеттіктің қатарына жатады "қағаз"
жүзіндегі, қолданылмайтын заңдардын жоққа саюы осыған байланысты, ал
этатистік мемлекетте оның "қоқыстарын" ешкімнің тіпті тазалағысы да
келмейді. Қоғамдық қатынастың әрбір субьектісі мемлекеттік органдардың
қолданылып жүрген нормативті актілерін орындау міндетеі түрде екендігіне
көзі жеткіндіктен (басқаша болуы мүмкін емес), құқық тәртібінің тұрақты
болуымың айырықша жағдайын жасауға мүмкімдік туғызады және қоғамды заңдық
нигилизмнің және адамдардың құқыққа деген менсінбеушілік қатынасының
тарауына кедергі жасайды.
4.Құқықтық мемлекеттің айрықша аткаратын шаруасы мемлекеттің
нормативті актілерінің әрекет етуінің субординациясын сақтау болып
табылады. Онда құқық бастауларының иерархиялық қатал жүйесі қалыптасады,
әрекет етеді және дамиды. Бұл әрбір актілерінің оның заңды күшіне
байланысты. Бұл жүйедегі, немесе, бейнелеп айтқанда, құқық бастуларының
"пирамидасын" жоғары заң күші бар конституция құрайды. Басқа ешқандай құқық
бастаулары тура немесе жанама мағынасының конституцияның принциптері мен
нормаларына қарама-қарсы келе алмайды. Керісінше, мемлекеттік органдардың
барлық нормативті актілері және құқықтың басқада бастаулары конституцияны
негізге алып, оның мазмұның тәптіштеп, нақтылап және дамытуы тиіс.
Конституциялық, және кәдімгі заңдар соған сәйкес түзіледі, ал заң
пирамидасының келесі "қабаттарын" мемлекет басшысының актілері, үкіметтің
қаулылары мен жарлықтары, министрліктер мен ведомстволардың бұйрықтары мен
нұсқаулары, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың актілері, құқықтық
әдет-құрып, сот және әкімшілік прецеденттері құрайды.
5.Құқықтық мемлекетте жеке адамның және қоғамдық қатынастардың басқа
субъектілерінің мәртебесі былайша ерекшеленеді, біріншіден, олардың қалыпты
тіршілік әрекетін және олардың алдында тұрған міндеттерді табысты шешуді
қамтамасыз етуге жергілікті құқықтар мен бостандықтардың кең кешенін
қарастырады; екіншіден, құқықпен ажырамас бірлікте болу онымен шамалас
болуды және міндеттер жүйесінің теңбе-тең болуын міндеттейді; үшіншіден,
оны міндетті түрде жүзеге асыру айқын заң кепілдіктерімен бекітілген.
Қоғамдық қатынас субъектілерінің теңдігін олардың бір түрі шегіңде, таптық,
ұлттық, рулық-топтық және басқа жеңілдіктерді және олардың бірсуінің
басқалардың мұндай жеңілдіктер мен артықшылықтан айырылып қалған жағдайдағы
артықшылықтарын бекітуге тырысуы көрініп тұр.
6.Барлық мемлекеттік және қоғамдық институттар мен құрылымдарды заңды
деп тану - құқықтық мемлекеттің ерекшелік белгілерінің бірі. Мұнда
жеткілікті заң базасына арқа сүйемейтін институттар мен құрылымдар аз
кездеседі. Егер алда-жалда ондайлар болатын-болса, онда ұзақ уақыт тіршілік
етуге және жұмысын табысты жүргізуге перспективасы болмайды және, жеңуге
болмайтын қиындықтарға кездескенде сон өзі де сахнадан тез-ақ кетеді.
Институттар мен құрылымдардың басым көпшілігі белгіленген ережелер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет және құқық теориясының түсінігі әдістері
Мемлекет және құқық теориясы пәні
Мемлекет пен құқық теория негізі
Құқық нормаларының құрылымы
Құқық жəне діни нормалар
Құқықтық нормалардың түсінігі, элементтері және белгілері
Әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқық нормаларының алатын орны
Мемлекеттің тетіктерінің ұғымы
Құқықтық нормалардың элементтерінің құрылу тәсілдері
Мемлекет формасы
Пәндер