Меншікке салынатын салық: мүлік салығы



КІРІСПЕ

1.Салық түрлері, ҚР.ның салық жүйесі
2.Салық төлеушіде басқа да салықтар бойынша қаржылық және салық есебін ұйымдастыру
3.Жер салығы бойынша бюджетпен есеп айырысу
4. Мүлікке салық салу бойынша бюджетпен. есеп айырысу
5.Көлік құралдарына салық салу бойынша бюджетпен есеп айырысу
6.Басқа да салықтар бойынша бюджетпен есеп айырысудың бухгалтерлік есебін дамыту жолдары

Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Меншікке салынатын салық: мүлік салығы

Мүлік салығы меншікке салынатын салықтар қатарына жатады. Меншікке
салынатын салықтар нарықтық экономика жағдайында мемлекет иелігінен алу
үшін және жекешелендіру процесінің дамуына қарай меншік қатынастарындағы
нақтылы өзгерістермен байланысты едәуір орын алады.
Меншікке салынатын салықтар негізінен жергілікті
бюджеттерге есептеледі.
Салықтардың мөлшерлемелері меншіктің табыстылығы бойынша емес, сыртқы
нышандар – меншіктің мөлшері бойынша белгіленетіндіктен фискалдық мақсаттан
басқа салықтардың меншікті пайдалаудың тиімділігін көтермелеу мақсаты бар.
Меншікке салынатын салықтар қоғам алдындағы салықтық жауапкершілікті
біркелкі етіп бөлуге мүмкіндік береді. Мұның әсіресе жер салығына, мүлікке
салынатын салыққа қатысы бар.
Мүлікке салынатын салық тікелей нақты салыққа жатады, оның мөлшері мүліктің
табыстылығына емес, төлеушілер мүлкінің құнына байланысты болады. Салық
мүлік иелеріне оны тиімді иеленуге түрткі болады.
Кейбір елдерде мүлікке салық салу базасын анықтау оны мынадай санаттарға
бөлумен байланысты:

- жылжымайтын (жер және онымен тікелей байланысты құрылыстар);

- дербес жылжымалы (жылжымайтын мүліктен басқа, меншіктің барлық түрлері).

Мүліктің бұл түрі өз кезегінде материалдық және материалдық емес (мүлік
құны туралы ақпараттарды құрайтын шоттар, сертификаттар) болып бөлінеді.
Жалпы мүлік салығы жергілікті бюджетке түсетін маңызды кіріс көзі болып
табылады. Сондықтан жергілікті салық органдары жоғарыда аталған салық
принциптеріне сүйеніп, мүлікке тән белгілер мен құнына байланысты салық
салу базасы мен салық ставкасын объективті анықтайды. Салық төлеуге
байланысты салық төлеушілердің негізгі міндеті болып салық салу базасын
оңтайлы айқындау мен мүлікті дұрыс өлшеу табылады.

Салық объектілері бойынша - жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық;
Қолданылу сипатына қарай жалпы–салық төлеушінің меншігіндегі мүліктің
барлық түрлеріне қатысты қолданылады;
селективтік-мүлік түрлерінің әрбір түрі үшін салық режимін саралауға не
салық салу базасынан кейбір меншік түрлерін шығарып тастауға негізделген.
Бағалау түрлеріне қарай - негізінде жылжымайтын мүліктен алынуымүмкін
күтілетін (ожидаемый) ренталық табыс жататын жататын әдіс;
- мүлікті сатудың болжамды бағасына негізделген әдіс (күрделі не
нарықтық);
- салық салу базасы ретінде құрылыс салынғандарын қоса, жер учаскелері
алаңы алынатын баламалы(альтернативный) әдіс.
Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің мүлкіне салықты есептеу мен
төлеудің жалпы тәртібі төмендегіше.
Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің мүлік салығын төлеу тәртібі мен
ережелері

1. Төлеушілері Қазақстан Республикасының аумағында меншік, шаруашылық
жүргізу немесе оралымды басқару құқығында салық объектісі бар заңды
тұлғалар мен меншік құқығында салық салу объектісі бар жеке кәсіпкерлер. ҚР
резиденті емес заңды тұлғалар ҚР аумағында орналасқан салық салу
объектілері бойынша;
2. Мүлік салығы төлеушілері қатарына жатпайтындар ҚР Үкіметі белгілейтін
қажеттілік нормативтері шегінде салық салу объектілері бойынша бірыңғай жер
салығын төлеушілер;
Салық салу Салық кодексінің...283-бабында белгіленген салық режимінің
екінші үлгісі бойынша жүзеге асырылатын жер қойнауын пайдаланушылар;
мемлекеттік мекемелер;
уәкілетті органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу
мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары;
діни бірлестіктер.
3. Салық объектісі Негізгі құралдар (соның ішінде тұрғын үй қорының
құрамында тұрған объектілер) мен материалдық емес активтер
4. Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін салық базасы Бухгалтерлік
есептің деректері бойынша анықталатын салық салу объектілерінің орташа
жылдық қалдық құны. Салық салу объектілерінің орташа жылдық қалдық құны
ағымдағы салық кезеңінің әр айының бірінші күні мен есепті кезеңнен кейінгі
кезең айының бірінші күніндегі салық салу объектілерінің қалдық құнын қосу
кезінде алынған соманың он үштен бірі ретінде алынады.
5. Салық ставкалары Заңды тұлғалар үшін салық салу объектілерінің орташа
жылдық құнына 0,5% ;
Жеке кәсіпкерлер үшін салық салу объектісінің орташа жылдық құнына 0,5%;
Коммерциялық емес ұйымдар, әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын
ұйымдар, негізгі қызмет түрі кітапханалық қызмет көрсету саласындағы
жұмыстарды орындау болып табылатын ұйымдар, ғылыми кадрларды мемлекеттік
аттестаттау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік
кәсіпорындар, мемлекеттік суқоймаларының, су тораптарының және табиғат
қорғау мақсатындағы басқа да су шаруашылығы құрылыстарының объектілері
бойынша заңды тұлғалар, шаруа қожалықтары мен ауыл шаруашылығы тауарларын
өндіруші-заңды тұлғалардың жерлерін суаруға пайдаланылатын су мелиорациялық
құрылыстары бойынша салық салу объектілерінің орташа жылдық құнына 0,1%.
Бұл заңды тұлғалар пайдалануға не жалға берілген салық салу объектілері
бойынша 1%;
Жеңілдетілген декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданушы заңды
тұлғалар салық салу объектілерінің орташа жылдық құнының 0,5%;
6. Салық төлеу мерзімі Салық кезеңіндегі 20 ақпанынан, 20 мамырынан, 20
тамызынан және 20 қарашасынан кешіктірмей тең үлестермен енгізеді.

Мүлік салығы салынбайтын объектілер

Салық төлеушілер салықты есептеуді салық базасына тиісті салық
ставкаларын қолдану арқылы дербес жүргізеді.
Ортақ үлестік меншіктегі салық салу объектілері бойынша мүлік салығы әрбір
салық төлеушінің мүлік құнындағы оның үлесіне барабар есептеледі.
Салық төлеушілер салық кезеңі ішінде мүліксалығы бойынша ағымдағы
төлемдерді тқлеуге міндетті, олар салық кезеңінің басында бухгалтерлік есеп
деректері бойынша белгеленген салық салу объектілерінің қалдық құнына
тиісті салық ставкасын қолдану арқылы анықталады.
Бюджетке салық төлеу салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша
жүргізіледі.
Салық кезеңі ішінде сатып алынған салық салу объектілері бойынша мүлік
салығының ағымдағы төлемдері салық салу объектісін сатып алу кезіндегі
салық базасына салық ставкасын қолдану арқылы анықталады. Ағымдағы төлемдер
сомасы тең үлестермен белгеленен мерзімде төленеді, бұ, бұл ретте салық
салу объектілерін сатып аалған күннен кейінгі кезекті мерзім ағымдағы
төлемдерді төлеудің бірінші мерзімі болып табылады.
Салық кезеңі ішінде шығып қалған салық салу объектілері бойынша ағымдағы
төлемдер шығып қалған салық салу объектілерінің шығып қалған кездегі салық
базасына салық ставкасын қолдану арқылы анықталатын салық сомасына
азайтылады. Азайтылуға тиіс салық сомасы салық төлеудің қалған мерзімдеріне
тең үлестермен бөлінеді.
Мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдер сомаларының есебі есепті салық
кезеңінің 15 ақпанынан кешіктірілмей табыс етіледі.
Мүлік салығы бойынша декларация есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан
кешіктірілмей табыс етіледі.

Жеке тұлғалардың мүлік салығы

Меншік құқығында салық салу объектілері бар жеке тұлғалардың мүлік
салығын төлеушілер болып табылады.
Жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеушілер қатарына мыналар жатпайды:
Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер мерзімді қызметтен өту кезеңінде;
Меншік құқығындағы барлық салық салу объектілерінің жалпы құнынан тиісті
қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 1000
айлық есептік көрсеткіш шегінде - Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік
Еңбек Ері, Халық қаһарманы атағын алған, үш дәрежелі Даңқ орденімен және
Отан орденімен наградталған адамдар, Ардақты ана атағын алған, Алтын
алқа алқасымен наградталған көп балалы аналар, жеке тұратын зейнеткерлер.
Меншік құқығындағы барлық салық салу объектілерінің жалпы құнынан тиісті
қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмүлік салығынан да
белгіленген 1500 айлық есептік көрсеткіш шегінде - Ұлы Отан соғысына
қатысушылар мен оларға теңестірілген адамдар, I және II топтағы мүгедектер.
Осы аталған тұлғалар пайдалануға не жалға берілген салық салу объектілері
бойынша салықты жоғарыда аталған тәртіппен есептеп, төлейді. Басқаша
айтқанда, бұл аталған салық төлеушілер санатына жеңілдетілген құқық
берілген, яғни өзі таңдаған бір объектіге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Меншікке салынатын салықтар
Меншікке салынатын салықтар және олардың Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі рөлі
Меншікке салынатын салықтардың экономикалық маңызы
Меншікке салынатын салықтарды есептеу механизмі
Қазақстан Республикасындағы мүлік салығы және оның жетілдірудің ерекшеліктері
Аймақтық бюджет табысын қалыптастырудағы меншікке салынатын салықтын ролі
Шетел мемлекеттеріндегі мүлік салығының ерекшеліктері
Аймақтық бюджеттi қалыптастырудағы меншiкке салынатын салықтың экономикалық мазмұны
Меншікке салықтардың құрамы
Мүлік салығының есептеу механизмі және төлеу тәртібі
Пәндер