Қазақстанға жер аударылған ұлттардың Ұлы Отан соғысы мен одан кейінгі жылдардағы жағдайы


КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Әртүрлі этностардың қоғамда бірігіп өмір сүріп, біркелкі дамуы әрбір көпұлтты мемлекет, соның ішінде Қазақстан үшін күрделі мәселе болып табылады. Егеменді елімізде тұратын ұлттардың өткені мен бүгінін зерттеу, республикада болып жатқан үрдісті жіті қадағалау мемлекеттің ары қарай дамып қалыптасуы үшін қажет. Тарих ғылымының тамаша бір ерекшелігі - адамзаттың өткен жолдары мен жылдарында кездескен кезеңдерді, оқиғаларды оңды-солды бұрмаламай нақты деректермен дәлелдеп көрсетуі.

Посткеңестік кеңістік кезеңіндегі тәуелсіз республикалардың даму тәжірибесі ұлтаралық қатынастардық тұрақтылығының маңыздылығын көрсетеді. Қазақстан бүгінгі күннің ең маңызды талабы бойынша - ұлтаралық тұрақтылықты сақтау мәселесін өз дәрежесінде ұстап келеді. Мұнда ұлттық саясаттық негізгі бағыттары ретінде «азаматтық бейбітшілік пен ұлттық татулықты» ерекше атап өтіп, Қазақстан халқын «біртұтас этносаяси қоғам» деп айқындаған Қазақстан Республикасының президенті Н. Назарбаевтың еңбегі зор деп айта аламыз Алайда, 130 ұлттар мен ұлыстардың мәдениетінің бірігуі, қазақ халқының төзімділігінің арқасы. Көпұлтты Қазақстанның ұзақ жылдар бойғы қалыптасу тарихында республикаға қандай жағдайда болмасын, саяси жер аудару, депортация, тың игеру, т. б. қазақ халқы оң қабақ танытып, жақсы қарсы алды.

«Уақыт сынынан өте білген қазақ халқының басқа да күрделі тарихы бар. Қазір ол Қазақстанда тұратын барлық халықтарға біздің бірлігіміздің түп - тамырын жақсы түсінуге көмектесіп, кез келген тарихи кінә артуларға жол бермеуге тиіс. Өйткені өткенге көз сала отырып болашақты көре білген жөн. Біздің ұрпағымызға жауапты міндеттер жүктеліп отыр - балаларымыздың игілігін сақтау, қайта қалпына келген мемлекетімізді нығайту және өркениетті дүниежүзілік қоғамдастықтың талаптарына сай келетін сапалық жағынан жаңа деңгейге көшу міндеті тұр. Біздің әрқайсымыз және баршамыз туған еліміздің болашағына деген жауапкершілігімізді сезінуіміз керек.

Ал, мұның өзі өткенді есте сақтай отырып, болашаққа көз жүгіртуді, басқа халықтармен тату және жарасты өмір сүруді, олардың мәдениетін, дәстүрлерін, салттарын кұрметтеуді білдіреді. Қазіргі кезеңнің және болашақтың бір - бірімен өзара байланысты және бір - бірінен туындап жататыны соншалықты, өзіміздің тарихи тәжірибемізді және басқа мемлекеттердің тәжірибесін ой елегінен өткізбейінше, нақты оң өзгерістерге қол жеткізу өте қиын» [1] .

Ұлттық ғылым академиясының академигі М. Қ. Қозыбаев «Ақтаңдақтар ақиқаты» еңбегінде «Сталиндік нәубет жылдары тұтас ұлттар мен ұлыстардың тағдыры әкімшілдік-әміршілдік жолмен шешілді, ел тағдыры, ұлт тағдыры табанға салып тапталып, Қазақстан халықтар түрмесіне, каторгасына айналып, Алжир, Карлаг сияқты лагерьлер салынды. 1937 жылы Қазақстанға 18526 корей семьясы (шамамен 100 мың адам) зорлық-зомбылықпен жер аударылды. 1943-1944 жылдары қасиетті қазақ жеріне Солтүстік Кавказдан қуғындалған жарты миллионнан астам қарашай, балқар, чечен, ингуш, курд, қалмақ т. б. халықтар пана тапты. Қуғын-сүргінге ұшыраған осы халықтардың қайсысының болмасын күмән келтірмейтін бір ақиқат нәрсе: мейірбандық пен бауырмалдық, жомарттық пен дарқандық қанына сіңген қазақ халқының жазықсыз жапа шеккен халықтарды жатырқамай, достық құшаққа алуы, ғылым тілімен айтқанда, шынайы интернационалдығы» - деп жазды [2] .

Қоғамның дамуы әртүрлі этностық топтардың бірігіп өмір сүруінің ең үздік үлгілерін іздеумен келеді. Бұрынғы кеңестік жүйе құлағаннан кейін көптеген этникалық қоғамдар маргиналды жағдайда қалды. Жаңа жағдайда ұлттардың салт-дәстүрінің, тілінің, ұлттық сананың қайта өркендеуіне жағдай туғызды. Нәтижесінде посткеңестік кеңістікте полиэтникалық мемлекет тұрғындары бір жағынан нақты этникалық мәдениет өкілдері болса, екінші жағынан көпұлтты мемлекет азаматтары болды.

Әр кезеңдегі, әр елдегі үкімет басындағылар өз теріс әрекеттерін жасырғысы келгенімен тарих алдында тазара алмайды. Міне, көптеген халықтардың басына түскен осындай бір теріс қылық, ауыр жаза - күштеп жер аудару. (Депортация - лат. Deportation - қудалау, жер аудару) [3] .

КСРО үкіметінің көптеген тұтас бір ұлттарды қырып жойған осы бір жан түршігерлік, қылмысты істерді атқарып шыққан адамдарға ең жоғарғы үкімет наградаларын берген кезден (1953ж. ) бастап, 1980 - жылдарға дейін депортация - күштеп жер аудару деген терминді зерттеп ғылыми еңбек етіп шығару түгілі, айтудың өзі қорқынышты кезеңдер болды. Сондықтан да Қазақстанға жер аударылған ұлттардың өз тарихи түп - тамыры мен жер ауу себептерін білулері қажеттігінен басқа, бұл кезеңдер Қазақстан тарихының үлкен бір парақтары деп қарау абзал.

Күштеп жер аудару - халықтардың тілінің, дінінің дамуына орасан зор зиянын тигізгендігіне бүгінгі күнгі өмір сабақтары нақты дәлел болып отыр. Егер жекелеген жер аударылған халықтардың әдет - ғұрыптық заң қалыптары мен этникалық қағидалары, ұзақ дәуірлердің бойында қалыптасса, сонау аласапыран кезеңінде оларды күшпен жер аудару, қазіргі өсіп келе жатқан кейінгі буынға, өзіндік қаны тамған жерден біткен салт - дәстүрдің тамырына балта шабады.

Сол кезеңде жер аударылған халықтарға тән өмірге келген әрбір құжаттар, жеке адамдар мен этностардың өміріне, мәдениетінің құлдырауына, әдет-ғұрыптардың жойылуына, отбасылардың зардап шегуіне, еңбек армиясындағы еріксіз еңбекпен жапа шегуіне, лагерлер мен жұмысшы отрядтары және колониялардағы адам шығынына жіберіліп отырған қолдан жасалған нәубет іспетті.

Зерттеу жұмысының нысаны . Қазақстанға жер аударылған неміс, кәріс, шешен, ингуш, қарашай, қалмақ, әзербайжан, күрд, түрік, шемшілі және басқа халықтардың соғыстан кейінгі жылдарда Қазақстан Республикасының халық шаруашылығын қалпына келтіріп, өркендетудегі еңбек еткен аймақтары алынды.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Жер аудару үрдісін зерттеу, оның зардаптары, туған жерлеріне қайта оралу, орналасу және ортаға бейімделуін жөнге салу, ерекше назар аударуды қажет ететін мәселелердің бірі екені сөзсіз. Күштеп жер аударылған халықтардың жеке тарихын зерттеу - тарихи отанын, құқықтарын, әдет-ғұрып, салт-дәстүрін дамытуға әкелумен бірге, күштеп қоныс аударылған халықтардың өткен тарихын жарыққа шығарып және болашақта өркендеу жолын анықтау мүмкіндігіне жол табу. Бертінге дейін Кеңес үкіметінің тарих ғылымында депортацияланған халықтардың трагедиялық тағдырына, жер аударудың зардаптары, халықтарға тағылған кінәнің үстірттігі және көшірілген топтар туралы жазылған үлкен еңбектер жоққа тән еді. Күштеп жер аударылғандарды тарихи тұрғыдан ғылыми негізде жазу тек 80-жылдардың екінші жартысында ғана қолға алына бастады. Бірақ жаңа заман зерттеулерінде депортация екпіні жазылғанымен, онымен тығыз байланыста жатқан зардаптары, қудалауға ұшырауы, жеке-жеке орналасуы, бейбіт өмірлерін тәртіпке келтіру, экономикасы мен мәдениетін зерттеу жеткіліксіз деңгейде жазылды.

КСРО Үкіметінің, халықтарды жер аудару туралы қаулы - жоспарлары, олардың іске асырылуы, жер аударылған халықтардың құйтырқы саясаттан құлдыраған тарихи атамекендері, тұрмыстық және құқықтық жағдайы жөніндегі құжаттарды алғаш рет Ресей ғалымдары Н. Ф. Бугай, В. Н. Земсков, А. М. Некрич жариялады [4] .

Осынау кеңбайтақ Қазақстанның тәуелсіздік алуы тек қана қазақ халқы тарихының ақтаңдақ беттерін ашып қана қойған жоқ, сонымен қатар атамекендерінен қуылып, күштеп қоныс аударылған, бүгінде екінші отанында тұрақтап қалған басқа да ұлт өкілдерінің өткен тарихының көлеңкелі тұстарының шынайы беттерін ашуға жағдай туды. Айтулы мәселеге орай еліміздегі жер аударылған халықтар тарихын жазуға үлес қосқан көрнекті ғалым, академик М. Қ. Қозыбаев болды [5] .

Қазақстанға күштеп көшірілген халықтарды атамекендерінен жер аудару саясатының жасырын ұйымдастырылып, орындалу барысын қашан және қанша адамның Қазақстанға қалай орналасқанын, еңбек армиясына қатынасуын нақты деректермен талдау жасай отырып дәлелдеген Қ. С. Алдажұмановтың «Күштеп көшіру: жымысқы саясат, басқыншылық әрекет», Қ. С. Алдажұманов пен Е. К. Алдажұмановтың «Депортация народов - преступление тоталитарного режима» зерттеулері мазмұны мен маңызы тереңдігімен ерекшеленеді [6] .

Тарих ғылымының докторы Т. О. Омарбеков “ХХ - ғасырдағы Қазақстан тарихының өзекті мәселелері” еңбегінде халықтарды күштеп жер аударудың демографияға тигізген әсері, соның ішінде, кәріс халқының осы тарихи үрдіс барысында басынан кешкен қасіретін зерделеген. Ұлы Отан соғысы мен соғыстан кейінгі жылдардағы күштеп жер аударылған халықтардың азаматтық құқықтарын шектеу жағдайындағы өмірі мен олардың жер аударылу себептерін, олардың бостандық алып, өз елдеріне қайтарылуы, ақталуы мәселелерін тұжырымдаған бірнеше мақалалар жариялаған Академик М. Т. Баймаханов болды. [7] .

Ұлы Отан соғысының басталуы кеңестік немістердің қайғылы тағдырларының негізгі себебіне айналды. Қудалануы, кінәсіз айыптар тағылуы, олардың болашақтарына ауыр соққы болып тиді. Жалпы қудалаудың негізгі нысанасы болған немістердің тарихына орай Г. Вормсбехер, Кичихин А. Н., Л. А. Бургарт, В. П. Емельянов, А. В. Фитц сияқты авторлардың еңбектері, құнды деректермен тарихнамаға қосылған үлес екені аян [8] .

Қазақстанға жер аударылған халықтар мәселесіне байланысты Қазақстандағы тарихи демографиялық үрдістердің орны айрықша. Кеңестік тоталитарлық жүйе кезеңінде халықтың демографиялық құрамы өзгерістерге ұшырап отырады. Соғыс жылдарында және одан кейінгі кезеңде халықтардың лек-легімен республикамызға күштеп қоныстандырылуы, олардың тууы мен өлімі, шектеулері алынғаннан кейінгі атамекеніне оралу кезіндегі тарихи-демографиялық дамуы, олардың сандық, жыныстық көрсеткіші жөнінде ғылыми талдаулар жасалды. Бұл мәселе М. Х. Асылбеков пен А. Б. Ғалиевтің, А. Н. Алексеенконың, М. Тәтімовтың, Л. Т. Қожакееваның, М. Х. Асылбеков пен А. И. Құдайбергенованың зерттеулерінде талданған [9] .

Тоталитарлық жүйенің тұсында арнайы жазалау орындары - еңбекпен түзеу колониялары үздіксіз жұмыс істеді. Түрлі себептермен тұтқындалғандар мен күштеп қоныс аударылған халықтардың “отанын сатқандар” ретінде лагерлерде, жазасын қалай өтеп, көптеген қиыншылықтар мен кедергілерге кездескеніндігі туралы С. Д. Дильманов, А. А. Росляков, К. С. Алдажұманов, Г. Бельгер, О. Дымов және т. б. еңбектерінде айтылады [12] . Қазақстанға жер аударылғандардың өмірі мен тағдыры туралы деректер Т. Көлбаев, А. Хегай және А. Т. Орымбаевтың еңбектерінен көрініс тапқан [13] .

Н. Э. Масанов, Ж. Б. Абылхожин, И. В. Ерофеева, А. Н. Алексеенко, Г. С. Баратованың ұжымдық еңбегінде әртүрлі ұлттар мен ұлыстардың тарихи-мәдени дамуы, ортақ тағдырлары, олардың саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-өркениеттіліктің бірлігі негізінде, өзара байланыста өмір сүріп, даму үрдісін тарихи фактілерге сүйене отырып саралаған [14] . Ж. А. Ермекбаев, Ф. Осадчий, Ж. О. Артыкбаев, М. Ч. Калыбекованың еңбектерінде Қазақстанға күштеп жер аударылған халықтардың орналасуы, қилы тағдыры, сол жерлерде тұрақтап қалуы ғылыми негізде сараланған [15] .

«Қазақстанға жер аударылған халықтар және олардың республиканың халық шаруашылығын дамытуға қосқан үлесі (1946-1960 жылдар) » тақырыбына жазылған Қ. Қожаханованың кандидаттық диссертациясы 1946-1960 жылдар аралығындағы депортацияға ұшыраған халықтардың халық шаруашылығын дамытуға қосқан үлесін саралайды. 2008 жылы қорғалған Н. А. Абуовтың «Депортация народов в Казахстан 1936-1957 гг. (на материалах Северо-Казахстанской и Кокчетавской областей» тақырыбындағы кандидаттық диссертациясының зерттеу нысаны 1936-1957 жылдары Солтүстік Қазақстан және Көкшетау облыстарына жер аударылған және осы жерлерде арнайы қоныс аударылғандар мәртебесінде мекендеген халықтардың құрамы, жер аударылған халықтардың өміріндегі болған үдерістер болып табылады.

Қазақстанның тарихшы-корейтанушысы Г. В. Кан ең алғашқы толыққанды ғылыми-құжаттық зерттеуі «История корейцев Казахстана» тарихи очеркінде кәрістердің Орта Азия аймағымен байланыстары, кәрістердің Қазақстанға қоныс аударуы және оның салдарлары туралы мұрағаттық құжаттар негізінде қызықты мәліметтер береді.

Көптеген бұрын құпия болып келген мұрағат құжаттарының ашылуына байланысты жер аударылған халықтардың соғыстан кейінгі жағдайын, республика халық шаруашылығының әр саласында қалай еңбек еткенін көрсететін құжатты жинақтар жарық көрді. Сонымен бірге Ресейден шыққан “Сборник законодательных и нормативных актов о реабилитации жертв политических репрессий ” (М. 1993г. ) және екі томнан тұратын “История Российских немцев в документах” (1763-1992 г. г. ), (М., 1994) атты жинақтарда да жер аударылған халықтарға қатысты құқықтық құжаттар жарияланды [16] . Міне, осы материалдардан да қажетті деректер алынды.

Тақырыптың тарихнамасы, жер аударылғандардың соғыстан кейінгі кезеңдегі тарихы, олардың Қазақстанның халық шаруашылығын дамытудағы үлесі әлі де арнайы зерттелмегенін көрсетеді. Бұл тақырыпқа әлі талай ұлттың өкілі, бірнеше ұрпақ ғылыми еңбек жазары анық.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Қазақстанға күштеп жер аударылған халықтардың тарихи тамырын, көшу себептерін, орналасуы мен жергілікті халықпен үйлесіп кете отырып, ел шаруашылығына майдан жылдарында қосқан үлестерін зерделеу, осы еңбектің мақсаты болып саналады. Жалпы жер аударылған ұлттардың соғыс кезі мен одан кейінгі жылдардағы Республиканың халық шаруашылығын қалпына келтіріп, дамытуға қосқан үлесі Қазақстанның ғылымында жеткіліксіз зерттелген мәселелердің бірі. Осыған байланысты жұмыстың өзектілігі мен практикалық маңыздылығын ескере отырып, алға қойылған мақсатты жүзеге асыру барысында мынандай міндеттерді шешу қажеттілігі туындайды:

- Қазақстанға жер аударылған халықтардың ел төңірегінде орналасуы;

- Жер аударылған халықтардың материалдық - тұрмыстық жағдайы;

- Жер аударылған халықтардың соғыстан кейінгі халық шаруашылығын қалпына келтіруге атсалысуы;

- Жер аударылған халықтардың білім алуы мен мәдени дамуы;

Жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І- тарау. Әртүрлі ұлттардың Қазақстан территориясына

жер аударылуы мен қоныстандырылуы

  1. Жер аударылған ұлттардың Қазақстан төңірегіне орналасуы.

Жер аудару (депортация) жалпақ тілмен айтқанда - қоғамдық тәртіпті бұзып, ел саясатына, экономикасына, қауіпсіздігіне нұқсанын келтіретін жеке адамдарға қолданылатын жаза десек, бүкіл бір ұлт өкілдерін жанұяларымен зорлап басқа жаққа жер айдау, ең сорақы қылмыстардың бірі деуге болады. Бұл - тоталитарлық жүйенің ең қатыгез қылмыстарының ірісі еді. Ұлт болып ұйып отырған өңірлерінен қыстап көшіру, олардың отбасыларының ғана зұлматы емес, сол халықтың да өскелең өміріне балта шабу болып саналады. Яғни, мәдени дамуы кешеуілдеді, салт-дәстүрі көмескіленді, санасы күңгірттенді, болашаққа деген сенімі азайды.

Осы жер аударылған халықтарды, Қазақстанға орналасқаннан кейін де республика ішінде бір жерден екінші жерге көшірді. Себебі, жер аударылған халықтар арзан жұмысшы күші ретінде қолданылса, екінші, ауыр тұрмыс тауқыметіне, қатаң тәртіптерге шыдай алмағандықтан олардың қашуын тоқтату мақсатында қалалардан, аудан орталықтарынан, теміржол стансаларынан алыс аудандарға орналастырды. Бұл сол кездегі елдегі жағдайды ауырлатты, қосымша көп шығынды талап етті, қаржы тапшылығына әкеліп соқты.

Егер байқап қарасақ соғыстан кейін, тек жер аударылғандардың ғана емес, жалпы халықтың тұрмыстық - материалдық жағдайы ауыр болды. Себебі, халық шаруашылығында соғыс салған ауыртпашылықтан арылу оңайға түскен жоқ. Халық шаруашылығының өнеркәсіп, транспорт саласында, құрылыста, ауыл шаруашылығында жұмысшы күші, оның ішінде маман жұмысшылар жетіспеді. Жер аударылған халықтарға арналып салынатын үй құрылыс материалдары, кең қолданылатын тауарлар тапшы еді. Ал көшіп келгендер болса, өндірістік кәсіпорындарының іргетасын қалауға, ел экономикасын көтеруге атсалысты. Бұл кезде халық шаруашылығына ең керекті электроэнергия қуаты, шикізат материалдары жетіспеді. Алыс аудандарға орналастырылғандарда, ауыл шаруашылығы үшін, жер жыртуға арналған техника немесе егін себетін дәнді дақылдар тұқымы болмады. Халық шаруашылығын тез арада қалпына келтіруге, жаңа техниканы меңгерген мамандардың және жұмысшы күшінің жетіспеуі үлкен кедергі болды. Осындай, кейін қалған шаруашылықты қалпына келтіру шараларын іске асыруға, барлық ұлттар жұмылдырылды.

Қазақстанға жер аударылған ұлттар да, халық шаруашылығын қалпына келтіріп, дамытуға бар күштерін салды. Олар өнеркәсіп пен транспорт және ауыл шаруашылығы салаларындағы қажырлы еңбектерімен, елдегі экономиканы көтеруге жұмылды. Халық шаруашылығы қалпына келтіріліп, оның дамуынан, елдің тұрмыстық жағдайы түзеле бастады. Халық шаруашылығын қалпына келтірудегі оны өркендетудегі жұмыста ерен еңбектерімен көрінгендер жер аударылған ұлттар арасынан көптеп кездесті.

Дегенмен жер аударылғандарға арналып шығарылған қатал тәртіптер, қаулы - қарарлар олардың шектеулері алынғанға дейін күшін жойған жоқ. Өйткені білім алуларына, өз еркімен қоныс аударуларына немесе еріктен тыс жұмыстарға салуға әлі тыйым жоқ еді.

1956-жылы олардың шектеулері алынғаннан кейін атамекендеріне оралуларына, ерікті білім алуларына т. б. бар мүмкіндіктер ашылды.

Тоталитарлық жүйе жер аударылған халықтарды барынша тұсаулап ұстады. Халықтарды жер аударту оларды тілінің, дінінің, салт - дәстүрінің дамуына кедергі келтіріп, болашақтарының құрып кетуіне әкеп соқтырды.

1930-жылдарда Қазақстан төңірегіне жаппай еріксіз жер аудару басталған еді. Ол өзі үш бағытта жүрген болатын.

Біріншісі жоспарлы түрде Қазақстанның ауыл шаруашылығы мен өнеркәсібін дамыту үшін, яғни жалпы ел экономикасын көтеруге бағытталып көшірілген жұмыс күші. Осыған байланысты 1928-1932 - жылдарда РКФСР-ден Қазақстан төңірегіне 100 мың шаруашылық нысаны әкелінді.

Екіншісі 1936-жылдан бастап әлеуметтік топтар қудаланып еріксіз жер аударылса, үшіншісі - ең сорақысы ұлттық белгіге қарап, күштеп көшірілу басталған болатын. Оған Батыстан да, Шығыстан да, Орталықтан да, Таулы аймақтардан да көптеген ұлттар кірді: олардың салт - дәстүрлері де, тілдері де, тұрмыс - тіршіліктері де, күптеген жерден күрт өзгеріп шыға келді. Осынау бір тарихта орын алған тоталитарлық жүйенің “мызғымас” бұғауы өзгерістерге ұшырап, адамзат талабына орай, оң бағытқа бастады. Ендігі жерде бұғаудан босаған ұлттардың ерекшелігі мен жеке даму сатысы өз алдына өріс алды. Тарихи оқиғаға себеп болған мәселелер терең зерделеніп, өткенді қайталамас үшін, қателіктерді терең зерттеп, оны жалпы жұртқа айғақтап, өркениетті, мәдени тұрғыда бағдарлау көзделді.

Үкіметтің үлкен трагедиялық оқиғасының нәтижесінде, жер аударылған халықтар, әрбір республикаларға бөлініп - бөлініп орналастырылды. Жер аударылған халықтардың басым бөлігі шектеулері алынғаннан кейін араға он жыл салып, қайта құрылған атамекендеріне оралды. Жер аударылғаннан қайта оралғанға дейінгі уақыттағы олардың этнос ретінде мәдениетіне, тіліне, салт- дәстүріне, экономикалық дамуына және ұлттық құрамының жетілулеріне қиянат келтіріліп, бірлігіне орасан зор нұқсан келді.

Дегенмен, адамзаттың әділет күресі мен жарқын өмірге ұмтылысының нәтижесінде, заман ағымының әрі қарай аяқ басуы, олардың еріксіз келген орында шегерілмей, атамекендеріне оралуы немесе тұрақтап қалған жерлерінде, олардың осы елдің азаматтары ретінде қайта қалыптасуына септігін тигізді.

Қазақ жеріне адамдардың толассыз келуі, соғыстан кейінгі жылдарда да жалғасып жатты. Соғыстан кейінгі жылдардағы адамдардың келуі өнеркәсіп ошақтарын салу үшін, жұмысшы күшін толықтыру десек, екінші бір кезеңі тың және тыңайған жерлерді игеру тұсында, басқа ұлт өкілдерінің келуімен жалғасып жатты. Бұл әрекет, Қазақстанның үлкен төңірегін игеруге бағытталған шара еді.

Біз көтеріп отырған мәселе, тоталитарлық жүйе еңгізген - депортация, жер аударылған халықтардың толып жатқан жағдайының қиындығына төтеп беріп, қысылтаяң кезеңде, бар ауыртпалықты көтере білді.

Соғыс кезінде “жеңіс үшін” деп атқарылған (бұл да еріктен тыс) іс - шараның бірі - еңбек армиясымен байланысты. Еңбек армиясында жұмысшы халықтың еңбектегі ерлігі айтылады. Кеңес үкіметі үстемдік құрып тұрған кезеңде болған соғыс жылдарында, еңбек армиясына негізінен күштеп қоныс аударылғандар қатыстырылды. Жеңіске және соғыстан кейінгі тұралаған шаруашылықты қалпына келтіруге - еңбек армиясына қатынасқандардың қосқан үлесі көп. Бірақ, еңбек армиясына қатынасқандардың қандай жұмыстар атқарғандығы туралы деректер өте аз сақталды. Оларға ешқандай абырой- атақ та берілмеді. Еңбектері бағаланбады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы көші-қон процестері және оның зерттелуі (1926-1959 жылдар)
Қазақстанға халықтардың күштеп жер аударылуы
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы депортация
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖЕРІНЕ КҮШТЕП ҚОНЫСТАНДЫРЫЛҒАН ХАЛЫҚТАР
Қазақстан Республикасындағы ұлттардың таралу ерекшеліктері
Басқа ұлттардың көбейгеніне қарамастан қазақ ұлтының жағдайы
ҚАЗАҚСТАНДА ТҰРАТЫН ӨЗГЕ ҰЛТТАР МЕН ЭТНОСТЫҚ ТОПТАР
Ақмола облысы аумағына халықтарды депортациялау
Қазақстандықтардың майдан мен тылдағы ерлігі
ҒАЛЫМНЫҢ ҒЫЛЫМИ МҰРАСЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz