Екінші деңгейлі банктердің несие саясатының қызметін бағалау мен талдау


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе3

1 Екінші деңгейлі банктердің несие саясатының теориялық негіздері5

1. 1Екінші деңгейлі банктердің несиесі және құрылымы5

1. 2 Несиелендіру саясаты және оның теориялық негіздері12

1. 3 Ақша-несие саясатын әзірлеу және жүргізу ерекшеліктері24

2 Екінші деңгейлі банктердің несие саясатының қызметін бағалау мен талдау30

2. 1 Екінші деңгейлі банктердің жеке тұлғаларға несиелердің берілу тәртібі мен саясаты30

2. 2 Екінші деңгейлі банктердің заңды тұлғаларды несиелендіру тәртібі мен саясаты32

2. 3 Екінші деңгейлі банктердің несие портфелін басқару38

3 Несие саясатының шетелде даму жағдайлары мен дамыту жолдары47

3. 1 Шетелдегі несие саясатының ерекшеліктері мен Қазақстанда қолдану аясы47

3. 2 Коммерциялық банктердiң несие саясатын басқару және оны дамыту51

Қорытынды56

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі59

Кіріспе

Нарықтық экономикада банктердің ресурстық потенциалын өсіру маңызды мәселе болып табылады. Ерекше несиелік ресурс болып эмиссиондық ресурс. Оның несиелік ресурс ретінде құралуы және пайдалану мүмкіндігі келесімен байланысты. Тұрғындардың қолма - қол ақшалай түрде алатын табыстары бірден жұмсалмайды, сондықтан банктің кассаларының беретін қолма - қол, ол ақшалардың осы кассаларға келіп түсетін түсімдерде бір жыл ішінде артық болуы. Тұрғындардың өз табыстарының бөлігін жұмсамай-ақ банк тұлғасында мемлекеттік несиелеуге беріледі.

Несиелік ресурстардың анағұрлым тұрақты бөлігі депозитті қаражаттар болып табылады. Несиелік ресурстар - ақшалай қаражаттардың бір формасы. Демек, біздің көзқарасымызша экономикалық белгісі бойынша анағұрлым дұрысы несиелік ресурстардың қайтарымдылық негізде уақытша пайдаланылатын ақшалай қаражаттардың бөліктері ретінде айқындалуы болып табылады.

Несиелік ресурстар - банктік жүйенің арнайы несиелеу үшін арналған қаражаттар жиынтығынан тұрады.

Несиелік ресурстар пассивтік операциялар нәтижесініде құралады. Пассивтік операциялар көмегімен банктер нарықтан несиелік ресурстарды сатып алады.

Коммерциялық банктің жалпы мақсаты оның табыстылығы, рентабельділігі, өтімділігі, тәуекелдерді төмендету, несие қоржынын оптималдау (несиелік, депозиттік және т. б. ), оның қызметінің бағыттары ұстанымы тұрғысындағы банк саясатының басымдылықтарын анықтауы керек. Банк әлеуметтік жүйе болып табылатындықтан, адамдар өз қызметінде өз мақсаттарын, мүдделерін, ойларын жетекшілікке алады, сондықтан да банк мақсаттары оның иелерінің жетекшілерінің, қызметкерлерінің, сонымен бірге банк клиенттерінің және банктік қадағалау органдарының жекелеген мақсаттарына негізделеді. Банк иелерінің маңызды мақсаты - банктің өсуі (активтердің, меншікті капиталдың клиенттердің, операциялардың, ең алдымен, табыстардың көбеюі және акция бағасының көтерілуі) . Басқарушыларға кең ауқымды, әр түрлі мазмұнды мақсаттар тән, өйткені олар банктің бүкіл жұмысына жауап береді, яғни олардың жұмысының мақсаты пайданың өсімі болып табылады. Банк клиенттерінің, мақсаттары табыс алу ұстанымына байланысты әр түрлі болады, өйткені мүдделер қарама - қарсы, сөйте түра олар серіктесі ретінде сенімді банк болғанын қалайды. Банк қызметкерлерінің негізгі мақсаты - ағымдағы табыстың деңгейін көтеру. Ал мемлекетті алдымен оның өнімділігі мен тұрақтылығы ойландырады.

Коммерциялық банктің негізгі мақсаты - кең мағынадағы оның дамуы, яғни, коммерциялық кәсіпорын ретінде оның сандық жағынан дамуы және сапалы дамуы - қызмет етудің, тиімділігін көтеру, сонымен бірге банк акционерлері, клиенттері, қызметкерлері және банктік қадағалау органдарының мүдделерін қамтамасыз ету ұстанымы банктің әлеуметтік институт ретінде дамуы туралы болып табылады. Бұл дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты Қазақстан Республикасындағы несие қатынастарының, несие жүйесінің, кейбір жаңа дамып келе жатқан несие операциялары түрлерінің қазіргі жағдайы мен даму болашағын ашып көрсету болды.

Дипломдық жұмыстың басты мақсаты - Қазақстан Респубикасындағы қазіргі банктердегі несиелеу саясатының басты ерекшелігі тек қана тартылған және меншікті қаражаттарға ғана байланысты емес, сол сияқты клиенттерді несиелеуді жүзеге асыратын коммерциялық банктер үшін Ұлттық банк бекіткен нормаларға және пруденциалдық нормативтерге байланысты келеді.

Дипломдық жұмыста несиелендірудің түрлері, шарттары, құқылық қатынастары, несиелендіру жүйесі, механизмі мен тәртіптері келтірілген. Сондай-ақ несие саясатының дүниежүзілік тәжірибелеріндегі үлгілері бойынша талдау көрсетілген, оның біздің экономикамызға тиімді жақтары қарастырылған, Мемлекеттің тұрақтылығы және даму көрсеткіші ретінде әлеуметтік тұлғаның деңгейі және өзінің баспанамен қамтамасыз етілуі несиелендіру маңызды фактор болып табылады.

Әлемдегі әрбір дамушы мемелекеттің несиелендіру жүйесі әлеуметтік тұлғаның нақты табысын көздей отырып оны тұтыну мақсаттарымен қамтамасыз етуге бағытталған.

Дипломдық жұмыс әдістемелік нұсқауға сай орындалған және қолданылған әдебиеттер, сонымен қатар орындалған жұмыс үш тараудан, кіріспе, қорытындыдан тұрады.

1 Екінші деңгейлі банктердің несие саясатының теориялық негіздері

  1. Екінші деңгейлі банктердің несиесі және құрылымы

Нарықтық экономикада банктердің ресурстық потенциалын өсіру маңызды мәселе болып табылады. Ерекше несиелік ресурс бұл - эмиссиондық ресурс. Оның несиелік ресурсы ретінде құралуы және пайдалану мүмкіндігі келісімімен байлнысты. Тұрғындардың қолма - қол ақшалай түрде алатын табыстары бірден жұмсалмайды, сондықтан банктің кассаларының беретін қолма - қол ақшалардың осы кассаға келіп түсетін түсімдерде бір жыл ішінде артық болуы тұрғындардың өз табыстарының бөлігін жұмсамай-ақ банк тұрғысынан мемлекеттік несиелеуге беріледі.

Сонымен бірге банктер мен ақша қаражаттарын тарту үшін шығарылатын коммуналдық облигациялар әртүрлі мемлекеттік заңды тұлғаларға қарыздар бойынша талаптардың қамтамасыз етілуі болады. Бұл бағалы қағаздар қатаң өсім ақылы және әдетте оның 25 жылға дейінгі мерзімде шығарылады.

Екінші деңгейлі банктер бағалы қағаздарды нарықта сата отырып, қайта сатып алу операциясын (репо) жасайды. Бұл банктердің өтімділігін реттеу үшін ақша нарығында қаражаттарды қысқа мерзімді жұмылдыру үшін өте икемді және ыңғайлы тәсілі.

Несиелік ресурстардың анағұрлым тұрақты бөлігі депозитті қаражаттар болып табылады. Олар әртүрлі белгілер бойынша жіктеледі1.

Депозиттің тұрақты бөлігінің көбеюі банктің өтімді активтерге мұқтаждығын азайтады.

Депозиттердің салалығы тұрақты бөлігі неғұрлым көп болса, банктің өтімділігі соғұрлым жоғары болады.

Несиелік ресурстар - ақшалай қаражаттардың бір формасы. Демек, біздің көзқарасымызша экономикалық белгісі бойынша анағұрлым дұрысы несиелік ресурстардың қайтарымдылық негізде уақытша пайдаланылатын ақшалай қаражаттардың бөліктері ретінде айқындалуы болып табылады.

Несиелік ресурстар - банктік жүйенің арнайы несиелеу үшін арналған қаражаттар жиынтығынан тұрады. Несиелік ресурстар пассивтік операциялар нәтижесінде құралады. Пассивтік операциялар көмегімен банктер нарықтан несиелік ресурстарды сатып алады. Банкаралық қарыздар - банктің ресурстық потенциалының тұақтылығын қолдау үшін ресурстарды қалыптастырудың маңызды көзі. Банкаралық несиелеу банктің тиімділік тендендиясын қолдау мақсатында жүзеге асырылады және негізінен қысқа мерзімді сипатта болады.

Банкаралық қарыздар ерекшелігі мынада:

- біріншіден, банкаралық ресурстар банкаралық ақша нарығынан тартылады;

- екіншіден, банкаралық несиелерді тарту клирингтік орталықтағы корреспондеттік шоттардың ақшалай қаражаттарының қалдықтары шегінде жүзеге асырылады2.

Банкаралық ақша нарығында несиелік қаражаттар жетіспеген жағдайда екінші деңгейлі банктер Ұлттық банктен қысқа мерзімді несие алады. Әдетте бұл несиелік қаражаттар басқа ресурстарға қарағанда қымбат болып келеді.

Қазіргі банктердегі несиелеу саясатының басты ерекшелігі тек қана тартылған және меншікті қаражаттарға ғана байланысты емес, сол сияқты клиенттерді несиелеуді жүзеге асыратын екінші деңгейлі банктер үшін Ұлттық банк бекіткен нормаларға және пруденциалдық нормативтерге байланысты келеді.

Мысалы, ҚР Ұлттық банк орталық резервтерге міндетті төлемдер аудару үшін нормасын белгілейді. Сол сияқты басқа да нормативтер, оның ішінде екінші деңгейлі банкте құрылатын төменгі ақшалай резервтер түрінде, ең ірі несиелер көлеміне байланысты шектеу, банк басшысының өтімділігінің параметрлері сияқты банктің міндеттемелерін өтімді қаражаттар резервімен салыстыра өлшеу арқылы белгіленетін формалардағы нормативтері.

Несиелік ресурстар тек қана депозит емес, сондай-ақ депозиттік емес көздерден де құралады. Оларға жататындар: банкаралық нарықтан қарыздар алу, бағалы қағаздарды сата отырып, кейін оны қайта сатып алу (репо), вексельдерді есепке алу және Орталық банкен қарыздар алу, банктік акцептерді сату, бағалы қағаздарды шығару, облигацияларды шығару, евродоллар нарығынан қарыздар алу.

Меншікті қаражаттар арқылы барлық қаражаттарға деген 10 пайызы өтеледі. Меншіктеу қаражатар арқылы қосымша капиталдар, жарғылық капитал, негізгі қорлар, резервтер құралады.

Депозиттік және депозиттік емес пассивтер салымшыларға пайыз төлеумен, оларға есеп айырысу төлемдік қызметтер көрсетумен, оларды банктердің шоттарында сақтандыруды ынталандыру жолымен жинақталады.

Екінші деңгейлі банктердің несиелік операцияларда қарыздарды пайдаланғаны үшін төленетін төлем көлемі пайыз, оны пайдалану мерзіміне қарыз алушының төлем қабілетсіздігі тәуекелділігіне несиелік ресурстар үшін төлеміне, объектінің сипатына, банктердің мөлшерлемеріне тағы басқалары факторларға тәуекелі белгіленеді.

Қарыз пайызы экономикалық категория ретінде екі функция орындайды: үлестіру және банктің несиелік потенциалын өсіру.

Біріншіден, қарыз пайызының үлестіру функциясы барлық құнның үлестірілуіне емес, оның жаңадан құрылған құнды білдіретін бөлігімен байланысты.

Екіншіден, банктің қарыз алушы ретіндегі потенциалының ұлғаюымен және сақталуына байланысты. Банктің несиелік потенциалының ұлғаюы алынатын пайыз бен төленетін пайыз арасындағы айырмашылық есебінде болады.

Қарыз мәмілесі ретінде несиені екі көзқараста қарастыруға болады. Біріншіден, оның техникалық заңдылық белгілері көзқарасынан, екіншіден әлеуметтік мазмұны, яғни осы келісім негізінде өсетін және дамитын немесе онда өз көрінісін табатын өндірістік байланыстар типін сипаттайтын белгілер тұғрғысынан. Бұл екеуі бір-бірінен бөлінгісіз, бұлар өзара байланысты және себепті. Бірақ экономикалық талдау үшін маңыздысы қарыз мәмілесінің экономикалық мазмұны, яғни өндірістік қатынастардың белгілі формаларымен байланысты шаруашылық әдістері, жұмыс тәсілдері емес, өндірістік қатынастардың өзі болып табылады3.

Бұл жағдайды былайша түсіндіруге болды. Мысалы, машина өндірісін таза техникалық тұрғыда машина өндірісінің макроэкономикалық орта параметріне анағұрлым бейімделген оның жұмыс және таза техникалық тиімділігі тұрғысынан қарастыруға болады. Сонымен қатар, сол машина өндірісін оның әлеуметтік жағынан да қарастыруын, яғни машина өндірісі негізінде пайда болатын және дамитынын өндірістік байланыстардың формалары мен типтері тұрғысынан, бұл бір жағынан оларға себепші, екінші жағынан, олар оны анықтайды. Бірінші жағдайда ол машина өндірісін техникалық - экономикалық категория, ал екінші жағдайда экономикалық категория ретінде қарастырамыз.

Несиеге қатысты осыны айтуға болады. Несиені оның техникалық -заңдылық белгілері жағынан тауарлар айналысы процессін жүзеге асыратын мәміленің белгілі бір типі ретінде қарастыруға болады. Бұл жағдайда несие олардың алдында техникалық немесе құқықтық категория ретінде танылады. Несиені құбылыстардың экономикалық мазмұны ретіндегі көзқарас тұрғысының қарастыруға болады. Бұл жағдайда несие олардың алдында экономикалық ғылым категориясы ретінде қабылданады. Несие теориясы оны техникалық - заңдылық категория ретінде емес, қоғамдық - экономикалық категория ретінде қарастырады. Несиені оның формальді -заңдылық белгілер жағынан оқып білудің несиелік мәмілені тек меншіктің қозғалысы әдісінің ерекше түрі ретінде түсіну үшін маңызы бар. Сондықтан несие экономикалық категория ретінде несиелік мәміленің ерекше техникалық - заңдылық белгілерімен сипаттала алмайды. Осылайша, несие - өндірістік қатынастарды білдіретін экономикалық категория. Несие экономикалық категория ғана емес, сонымен қатар тарихи категория екенін атап кету керек. Ол өндірістік күштердің тек белгілі бір дамуында пайда болады.

Несиенің және несиелік қатынастардың пайда болуын табиғи негіз, тауар шаруашылығы болып табылады. Тауардың пайда болуы екі жағдайда қатар жүреді.

Біріншіден, тауар тек натуралды формасы және құны бар болған жағдайда ғана тауар бола алады. Біріншіден: ол бір мезгілде тұтыну заты болады және олардың құны болады; екіншіден, қандай да бір заттар бір -біріне тауар ретіндегі қатынаста болуы үшін оларды өндірушілер өздеріне де ортақ ерікті әрекеті, өз меншігіндегі тауарды мешгінен шығара отырып басқа тауарды өзге иеленуге ықыласы бар меншік иелері ретінде бір - біріне қарама - қарсы тұрулары қажет.

Тауардың бір тауар шетен басқаға ауысуы нарықта айырбас арқылы жүзеге асады. Тауар айырбасы сферсының несие үшін маңьзы зор. Оның пайда болуын ішкі тұтыну үшін өндіргіш өнімдер сферасының емес, тауар иелері, экономикалық қатынасқа түсуге дайын меншік иелері дербес заңды тұлға ретінде бір-біріне қарама-қарсы тұрған айырбас сферасынан іздеу қажет.

Несие қарыз мәмілесі ретінде ежелгі әлемде де орта ғасырлық қолөнері дамыған тауар шаруашылығында да кездеседі. Барлық кезде біз анағұрлым жетілген, бір қарыз мәмілесіне кездесіп отырдық, бірақ осы мәмілелер негізінде ұлғайып отыратын, құқықтық хатталуы осы мәмілелер болып табылатын өндірістік қатынастардың әр түрлі шаруашылық жүйелерінде бір - бірінен өте қатты айырмашылықтары болады.

Несие бәрінен бұрын тауар өндірісі процесінде пайда болатын, оның негізгі өндірістік қатынастарымен анықталатын қоғамның әлеуметтік байланыстарының белгілі бір типі. Сондықтан несие экономикалық категория ретінде тек өндірістік қатынастар шеңберінде ғана анықталуы мүмкін. Бұл несиені экономикалық мазмұны көзқарасы тұрғысынан қарастыруға қатысты. Несие әлеуметік байланыстың белгілі бір типі бола отырып, өндірістік қатынастар тобына жатады. Өндірістік қатынастар өз жиынтығында қоғамдық қатынастар, қоғам аталатындарды құрайды және соныңен қатар тарихи дамудың белгілі бір сатысында тұрған, өзіне ерекше сипаты бар қоғамды құрайды.

Қоғамның негізгі өндірістік байланыстарына сүйенген несиелік қатынастар жекелеген тұлғалар мен кәсіпорындар, кәсіпорындар мен мемлекет, мемлекет пен тұрғындар, адамдардың әлеуметтік топтарының арасындағы тауарлар айналысы сферасында пайда болады. Айналыс сферасы немесе тауарлар айналыеы өндірістік қатынастармен анықталады. Осылайша белгілі бір өндіріс белгілі бір тұтынушыға үлестіруге, айырбасқа және осы әр түрлі жағдайлардың бір - біріне белгілі бір қатынасқа себепші болады

Өндіріс жағдайындағы айырбас құнның немесе меншіктің бір иесінен басқаға ауысуы тәрізді әр түрлі тәсілдерімен жүзеге асырылады. Мұндай тәсілдердің бірі қарыз деп аталатын тауар айналысының бір формасы болған мәміле типі болып табылады. Тауар айналысының мұндай формасы өндірістің ерекше шарттарымен анықталады. Осы себептен тауардың иеліктен шығаруылуы уақыт бойынша олардың бағасының өткізілуінен бөлініп қалады. Бұл шарттар тығыз байланысты. Тауарлардың бір типі өз өндірісіне көп уақытты, ал басқа түрі анағұрлым аз уақытты талап етеді. Әр түрлі тауарлардың өндірісі жылдың әр түрлі мерзімімен байланысты. Бір тауар өз нарығында пайда болса, басқасы алыс нарыққа сапар шегуі қажет. Сондықтан әлде бір тауар иеленуші келесі бір сатып алушыдан бұрын сатушы ретінде көрінуі мүмкін. Бірдей мәмілелердің бір тұлғалардың арасында жиі қайталануы кезінде тауарларды сатуы шарттары олардың өндіріс шарттарында реттеледі. Екінші жағынан, тауарлардың белгілі бір түрін пайдалану, мысалы үйді, белгілі бір уақыт аралығына сатады. Бұл жағдайда сатып алушы тек мерзім өткеннен кейін ғана шын мәнінде тауардың тұтыну құнын алады. Сондықтан да ол тауарды төлемі төлегеннен бұрын алады.

Ақшаның қажетілігін қамтамасыз ететін себептер, несие қажеттілігінің де себептері болып табылады. Жай тауар шаруашылығы жағдайында тауар айналысының формасы ретіндегі қарыз мәмілесі қажеттілік пен өндіріс шарттарынан туындайды. Алайда өндіріс шарттары несиенің қажеттілігін толығымен ашпайды. Тауар айналысының ішкі мазмұны ретіндегі құн қозғалысы несиенің қажетілігі туралы түсінікті тереңдетеді. Айырбас шаруашылығы жағдайында құн қозғалысы капиталдардың шеңбер айналымында және өндірістік айналымда нақтылы түрде көрінеді және ол несиелік қатынастар пайда болатын, дамитын нақтылы экономикалық негіз болып табылады. Артынан несиелік қатынас өзінің табиғаты бойынша құндық болады. 4

Несие ұдайы өндіріс процессінің үздіксіздігін қамтамасыз ету қажеттілігінен келіп шығады. Несие берілген сайын ол шаруашылық субъектілерінің өндірістік капиталы ақшалай (негізгі және айналым) өндірістік және тауарлық формаларда бола алатыны бәрімізге мәлім.

Өндірістік капиталдардың қозғалысы олардың бір формадан басқа формаға ауысуынан тұйықталмайды, қозғалыс олардың ұдайы өндірістің процесі, калиталдардың шеңбер айналымы болып табылады. Капиталдардың өтемі қайталанатын шеңбер айналымы бұл - капиталдардың айналымы. Өндірістік капиталдардың бірде тауар формасында, бірде ақшалай формада болуы олардың қозғалысының жалпы формасы болып келеді, яғни олардың ұдайы өндіріс формасы болып саналады.

Өндірістік капиталдардың жүйелі түрде бір формадан басқа фомаға айналуы, сонымен қатар олардың үнемі шеңбер қозғалысы, капиталтардың шеңбер айналымы және айналымы барлық жерде бірдей емес, әрбір нақты жағдайда олардың өндірістің тауар айналысының ерекшеліктерін қамтып көрсетеді. Өндірістік капиталдардың қозғалысы олардың шеңбер айналымы шегінде үздіксіздігімен ерекшелінеді. Олардың қозғалыс процесінде ақшалай қаражаттардың құйылуы және кері қайтуы, ресурстарда және оларды жабатын кездерде қажеттілердің толқуы байқалады. Мұны функционалдық формаларының өзгерісіне қарай негізгі, сондай-ақ айналым капиталдарының да қозғалысына байланысты байқауға болады.

Негізгі капиталдардың қозғалысы процесінде ақшалай ресурстар формасында құн босатылады. Еңбек құралдары өндіріс процесінде ұзақ уақыт пайдаланылатыны белгілі, олардың құны тауар құнына бөлшектеп ауысады. Негізгі капиталдар құнының ақшалай формада бірте-бірте қалпына келтірілуі босаған ақшалай қаражаттардың кәсіпорындар шотында тұрып қалуына әкеп соғады.

Бұл кәсіпорындар оларды тозған еңбек құралдарының орнына жаңаларын алу үшін соның ішінде кезекті машиналар мен механизндерді алу үшін жеткілікті белгілі соманы жинақтағаннан кейін ғана пайдалана алады. Алайда негізгі капиталдар құнының бірте-бірте босатылуы, өз мөлшері бойынша кәсіпорынның олардың жаңа партияларын алу қажетіліктерін қанағаттандыра алмайды, өйткені машиналр мен механизмдердің жаңа партиясы жекелеген бөлшектермен, детальдарымен емес толығымен алынады. Амортиазациялық қорда негізгі капиталдардың тозған бөліктерінің ауыстырылуы жинақталып амартизациялық қаражаттар есебінен жүзеге асырылады. Негізгі капиталдарды қалпына келтіруге немесе алуға өте үлкен шығындар жұмсалды, сондықтан оларды қаржыландыру ұзақ уақыт бойынша ақшалай қаражаттар жинақтауды қажет етеді.

Негізгі капиталдар құнының қозғалысының бірқалыпсыздығы, капиталдың шеңбер айналысының және олардың айналымының сатылары бойынша қозғалысының ұзақтығынан болады. Нәтижесінде бір кәсіпорындарда еркін ақшалай қаражаттар пайда болса, басқаларында (ірі бір реттік шығындарға қажеттілікпен байланысты) олардың жеткіліксіздігі пайда болады.

Айналым капиталы құнының қозғалысымен байланысты осындай көрініс туындайды. Оның шеңбер айналымы және айналымының ұзақтығы әр түрлі уақыт бойынша ұзақтылық өзгерісі бәрінен бұрын өндірістің маусымдылығы, өндірістің және тауар уақыт бойымен сай келмеуі салдарынан пайда болады. Қосымша қаражаттарды тарту қажеттілігі импорттық қойылымдармен, тауарлы материалды құндылықтарды бір реттік әкелуімен және басқа факторлармен байланысты болуы мүмкін қаражаттар қозғалысындағы бірқалыпсыздық дайын тауарларды жөнелтумен байланысты пайда болады. Тауарларды жөнелту мерзімі, оларды өткізуден түсім алу мерзімімен ешқашан сәйкес келе бермейтіндігі белгілі. Бұл көбінесе тауар өндірісі орының көп жағдайда алыс орналасуына сонымен бірге, тауарларды өткізу нарығынан бұл алшақтың едәуір болуы және уақытына бос ақшалай қаражаттарға деген қосымша қажеттілікті тудыруы мүмкін.

Тауарлай және ақшалай формаларға және өндірістік капитал шеңбер айналымы мен айналымық құндық болып табылатын қатынастың пайда болуына және дамуына нақты материалдық негіз болды. Берілген шеңбер айналымы процесінде, бір жағынан, оның аяқталуы жүреді, осының нәтижесі ретінде бәрінен бұрын өткізген құн ретінде болатын ақшалай қаражаттар формасындағы құнның босатылуы жүреді. Екінші жағынан, объективті себептерге байланысты ақшалай ресурстардың жеткіліксіздігі олардың өндірістік жиналуына қосымша қажеттіліктер пайда болды. Демек, несие және несиелік қатынастар құн қозғалысы кезіндегі өндіріс уақытымен құн айналысы уақыт арасындағы, оның ақша формасында шоттарда уақыттан тұрып қалуынан, оларды тауар өндірісінде пайдалану қажетілігі арасындағы қарама-қарсы қайшылықтарды шешудің табиғи процесі ретінде пайда болды.

Біріншіден, қоғам босатылған ресурстардың бекерге доғарылуын болдырмауға, екіншіден, ұдайы өндірістің үздіксіз жүзеге асуына мүделі. болады. Өндіріс уақытымен айналыс уақыты арасындағы сәйкес келушілік құндық субстанциясы бар жиынтық ұлттық өнім қозғалысына қатысты.

C+V+m (1)

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Екінші деңгейлі банктердің несие саясатын басқару
Екінші деңгейлі банктердің несие саясаты
Ұлттық банк және оның мақсаты
ҚР-ғы екінші деңгейлі банк «Банк ЦентрКредит» Акционерлік қоғамының несиелік саясатын талдау, оның мазмұны мен құрылымдық элементтерін нақтылай отырып, несиелік тәуекелді тиімді басқару жүйесін дамыту және жетілдіру жолдарын ұсыну
Ұлттық банктің банк ресурстарын қалыптастыру шаралары
Коммерциялық банктің несиелік саясатының экономикалық мәні
Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктердің несиелік саясатын бағалау және оларды жетілдіру жолдарын іздестіру
Банк жүйесі туралы
Коммерциялық банктердің несиелік cаясатын қалыптастыру
Нарықтық экономика жағдайындағы банк қарыз капиталдарын басқару жүйесi
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz