Бетпақ-дала үстіртінің қазіргі бедер құрушы процестері



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

І. БЕТПАҚ.ДАЛА ҮСТІРТІНІҢ ФИЗИКАЛЫҚ.
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.1. Географиялық орны және жер бедері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2. Тектоникалық құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.3. Климаттық жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.4.Ішкі сулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.5.Өсімдік және топырақ жамылғысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

II. БЕТПАҚ.ДАЛА ҮСТІРТІНІҢ ГЕОМОРФОЛОГИЯЛЫҚ . ҚҰРЫЛЫМЫ.
2.1. Бедер типтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2.Жер бедер пішіндері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

III. БЕТПАҚ .ДАЛА ҮСТІРТІНІҢ ЖЕР БЕДЕРІН ҚҰРУШЫ ПРОЦЕСТЕРІ...
3.1. Жер бедерінің дамуының басты кезеңдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.2.Жер бедерін түзуші қазіргі экзогендік процестер ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.3.Жер бедерін түзуші эндогендік процестер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.3.1.Геологиялық құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Пән: География
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:   
География факультеті

Геоморфология және картография кафедрасы

Б І Т І Р У Ж Ұ М Ы С Ы

БЕТПАҚ-ДАЛА ҮСТІРТІНІҢ ҚАЗІРГІ БЕДЕР ҚҰРУШЫ ПРОЦЕСТЕРІ.

МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..

І. БЕТПАҚ-ДАЛА ҮСТІРТІНІҢ ФИЗИКАЛЫҚ- 4
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ
ЖАҒДАЙЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ...
1.1. Географиялық орны және жер бедері 4
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .
1.2. Тектоникалық 8
құрылымы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... .
1.3. Климаттық 12
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... .
1.4.Ішкі 16
сулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... .. .
1.5.Өсімдік және топырақ 17
жамылғысы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ...
20
II. БЕТПАҚ-ДАЛА ҮСТІРТІНІҢ ГЕОМОРФОЛОГИЯЛЫҚ –
ҚҰРЫЛЫМЫ ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ..
2.1. Бедер 20
типтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... 23
2.2.Жер бедер
пішіндері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ...
III. БЕТПАҚ -ДАЛА ҮСТІРТІНІҢ ЖЕР БЕДЕРІН
ҚҰРУШЫ 27
ПРОЦЕСТЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ..
3.1. Жер бедерінің дамуының басты 27
кезеңдері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..
3.2.Жер бедерін түзуші қазіргі экзогендік 31
процестер ... ... ... ... ... ... . ... ... ...
3.3.Жер бедерін түзуші эндогендік 36
процестер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..
3.3.1.Геологиялық 36
құрылымы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... .
Қорытынды ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .48
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...
Пайдаланылған әдебиеттер 49
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... .

Кіріспе

Жұмыстың мақсаты – Бетпақ-Дала үстіртінің қазіргі жер бедерін құрушы
процестерін қарастыру.
Бетпақ-Дала үстірті Сарысу және Шу өзенінің суайырығында жатыр.
Үстірттің солтүстігі Қазақтың ұсақ шоқысымен шектеседі. Батысында Сарысу
өзені аңғарымен, ал оңтүстігінде Шу өзенінің ендік ағысымен, шығысында
батыс Балхаш алды қыраты қыратымен шектеседі.
Жұмыстың бірінші бөлімінде Бетпақ-Дала үстіртінің қысқаша физикалық-
географиялық сипаттамасы, физикалық-географиялық орны мен жер бедері,
тектоникалық құрылымы, климаты, ішкі сулары, топырақ және өсімдік жамылғысы
қарастырылған.
Екінші бөлімінде Бетпақ-Дала үстіртінің геоморфологиялық құрылымы
оның ішінде жер бедері типтері мен жер бедері пішіндері қарастырылған. Яғни
жер бедері типтері алуан түрлілігімен сипатталады. Бедер типі құрылымды-
денудациялық-қабатты әлсіз тілімденген еңісті жазық, эрозионды-
денудациялық-делювиальды-пролювиаль ды әлсіз тілімденген еңісті жазық,
аккумлятивті-әлсіз тілімденген аллювиальды жазық, эолды дөңесті жазық.
Бедер пішіндерінен үгілу қабығымен белгіленген пенеплендер, жоғарғы бордың
малтатастарымен белгіленген пенеплендер, үгілу қабығымен шайылған
пенеплендер, төбелі таулы және ұсақ шоқылы қыраттар, аңғарлар тағы басқалар
сипатталған.
Үшінші бөлімде жер бедерінің дамуының басты кезеңдері айтылған.
Борпылдақ үгіл қабығы бар цокольды жазық, силицифицирленген үгілу қабығы
бар цокольды жазық, көне аңғарлар, үгілу қабығының қалдықтары, жазылған.
Экзогендік процестерден гравитациялық процестер, климат, сорлы дефляция,
тақырлар, тақырдағы сазды қабықтар туралы жазылған. Эндогендік процестерден
Бетпақ-Дала үстіртінің геологиялық құрылымына сипаттама берілген. Жұмыстың
соңы қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

І. БЕТПАҚ-ДАЛА ҮСТІРТІНІҢ ФИЗИКАЛЫҚ-
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ.

1.1. Географиялық орны және жер бедері

Бетпақ-Дала Қазақстанның орталық бөлігіндегі кең байтақ аймақты алып
жатқан шөлді өңір. Қарағанды, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары
аумағында орналасқан. Батысында Сарысу өзені аңғарымен, шығысында Балқаш
көлімен, оңтүстігінде Шу өзені аңғарымен, солтүстігінде Сарыарқамен
шектеседі. Батыстан шығысқа қарай 500 км, солтүстіктен оңтүстікке қарай 300
км аумаққа созылған. Ауданы 75 мың км2 шамасында. Бетпақ-Дала үстірті
шөлінің орташа абсолюттік биіктігі 300-350м. Абсолюттік биіктігі 200-300
метрдей болатын көлемді оңтүстік бөлігі жазық, ал абсолюттік биіктігі 400-
700 метрдей солтүстік шығыс бөлігі қыратты. Палеозой эрасының тау жыныстары
(гранит, порфорит, әктас) тереңде жатыр, бетін мезозой мен палеоген
кезеңінің шөгінді жыныстары (құмтас, саз, малтатас, құм) жапқан. Ең биік
жері Жамбыл тауы. Бұл бөлік Сарыарқаның каледондық құрылымының жалғасы. Сай
жыралармен тілімденген Бетпақ-Дала жазығында сор, тақыр және жазда құрғап
қалатын тұзды көлдер кездеседі. Көктемде жаңбыр суымен толығып, жазда
құрғақ арнаға айналатын Қарқаралы, Қарасу, Талдыеспе сияқты кішігірім
өзендер бар. Климаты тым континентті, жазы ыстық, құрғақ, қысы суық.
Қаңтарда ауаның орташа температурасы 12-14С, шілдеде 24-26С Жауын-шашынның
жылдық мөлшері 100-150мм. Қардың қалыңдығы 10-15см-ден аспайды. Тұрақты су
көздері болмағанымен, жер асты (артезиан) суының қоры мол. Жайылымдар
тереңдігі 10-30м артезиан құдықтарымен суландырылады. Бетпақ-Даланың
топырағы қоңыр, сұрғылт қоңыр. Солтүстігінде жусан басым, шығысындағы
шоқылы таулардың тастақты шөлдерінде баялыш, эфедра, тасбұйырғын, орталығы
мен батысында саздақты жерлерде жусан мен баялыш, оңтүстігінде Шу өзені
маңындағы құм төбелер мен қырқаларда сексеуіл, теріскен еркекшөп, құрғақ
арналар бойлай жыңғыл, тораңғы өседі. Солтүстік шығысындағы таулы
қыраттарда арқар, елік, қасқыр, түлкі, жазықта ақбөкен, алақоржын,
кесіртке, дуадақ, құр мекендейді. Бетпақ-Дала көктемгі және күзгі мал
жайылымы. Сарыарқаның оңтүстігі мен Бетпақ-Дала фаунасының сақтау
мақсатында қорықшалар (Андасай т.б) ұйымдастырылған 1.
Бетпақ-Дала-төменгі-Шу физикалық-географиялық аймағы. Бетпақдалалық
және Мойынқұм-төменгі-Шу физикалық-географиялық маңайынан тұрады. Бірінші,
Бетпақдалалықтың өзі солтүстік батыс Бетпақ-Дала, солтүстік шығыс Бетпақ-
Дала, оңтүстік батыс Бетпақ-Дала, оңтүстік шығыс Бетпақ-Дала болып
бөлінеді. Екіншісі Мойынқұм-төменгі-Шу Мойынқұмдық, төменгі-Шу, төменгі-
Талас болып бөлінеді.

Осы аймақ көлемді тау аралық депрессиямен ұштастырылған, яғни,
оңтүстік батысында, оңтүстік және солтүстік шығысында Тянь-Шань таулары
салынуымен және Қазақтың ұсақ шоқысымен жиектелген. Тек солтүстік батыс
аймағының провинциясы Тұран плитасымен біртіндеп тұтасып жатыр.

Қазіргі бедер Бетпақ-Дала үстіртінің орталық бөлігіне қарай жалпы
еңістік бетті жазықты көрсетеді. Оңтүстік және оңтүстік шығысқа қарай
тауалды еңкіш жазық созылып жатыр, көне аңғарлар мен уақытша ағын су
арналарымен жырылған, яғни, тізбекті дөңді Мойынқұм құмдарына өтеді.
Солтүстік шығыс шеткі аймағы Қазақ үстірті мен ұсақ шоқыларының оңтүстік
шетімен көрінеді, аймақтың батысы Шу-Іле тауларымен және Балқаш көлі
акваториясымен жиектеліп (көмкеріліп) жатыр.

Батыс Бетпақ-Дала төменгі-Шу аймағы жалпақ аллювиальды жазықтарға
толы, Сарысу және Шу өзендерінің төменгі ағысынан қалыптасқан. Абсолюттік
биіктігі орталық бөлігінде 100-300метрді құрайды, оңтүстігінде 700метрге
дейін жетеді.Мұндағы тізбекті ұяшықты Мойынқұм құмды сілемдері нашар
тілімденген сазды лесты жазықтармен қайта құрылған (түзілген) және кең
жолақты Қырғыз Алатауы жотасының етегімен жиектелген. Құм жамылғыларының
астында қалыңдығының күштілігі 20-дан 40-қа дейін палеоген және бор төрттік
шөгінділер жатыр. Құмдардың басты ауданы эоцендегі құмды шөгінділердің
ауысуынан пайда болған.

Бетпақ-Дала үстірті көлемді кеңістікті аймақты қамтиды. Үстірттің
шығыс бөлігі батыс Балқаш алды қыратымен шетеседі жәнеде палеозой
тақтатастарынан құралған, ұсақ шоқылы жазықты өзінен көрсетеді. (Абсолюттік
биіктігі 500-700м). Үстірттің батыс шеті Сарысу өзендерінің аңғарымен
шектеседі және континентті неогенді тік жыралы шөгінділер қабатымен
жабылған.(абсолютті биіктігі 300м). Кертпештердің биіктігі 100метрге
жетеді.

Бетпақ-Далаың орталық бөлігі төбелі-бөктерлі жазықтардың ұзын жайпақ
бөктерімен көрініс береді, тау жұрнағына және сазды шөлдердің генетикалық
типіне қатысты Бетпақ-Даланың шығыс шеті тасты-шақпа тасты. Батыс және
оңтүстік шетінде ұсақ тізбекті дөңешікті құм массивтері дамыған. Солтүстік
батыс бағытқа қарай кертпештерді бойлай көптеген шоқылар көтерілген
(Қатынтау, Майтүкен, Эрге және тағы басқа). Аймақ құрғақ сайлармен, уақытша
ағын сулармен тілімденген және нашар құрғаған. Бетпақдала үстіртінің
оңтүстік батыс бөлігінде айтарлықтай кеңістікте тақырлар, сорлармен сорлы
қазаншұңқырлар басым 2.

І.2.Тектоникалық
құрылымы.

Дәл осы уақытта шығыс Бетпақ-Дала ауданы кембрийге дейінгі,
ертеколедондық (кембрий), кейінгі каледондық (девон), герциндік (фамен-
таскөмір) және альпілік (кайназой) құрылымдық қабатарына бөлінген.
Кембрийге дейінгі қабат протерозой жыныстарынан құралған, бірнеше рет
метаморфты процесстермен терең өзгерген, олардың ішінде басты рольді
аймақтық метоморфизм алады. Олардың ішкі құрылымы күрделі; жыныстар барлық
жерде тігінен тұр, тек кей жерлердегі қабаттың құлау бұрышы 70оқа жетеді.
Солтүстік батыстан сызықты созылған кәдімгі ассимметриялы қабаттар дамыған
(солтүстік кендірлік массивтеріндегі гранитойдтар) немесе ендігіне жақын
(Ақбастау антиклиналының ядросы) созылып жатыр. Ауданның оңтүстік батыс
бөлігінде изоклинальды қабаттар түрлері болуы мүмкін, сондай-ақ жарылым
қабаттары үнемі көрінеді. Изоклинальды тұйықталу түрлері мен олардың
күмбезді бөліктері жарылым процесінің кең дамуы нәтижесінде және
раздавливание, айтарлықтай сирек бақыланады. Бұдан басқа, кембрийге дейінгі
қабатта жалпы құрылымдық жоспар көптеген интрузивті денелер астында жатыр
эжәне оларды жарып өтеді. Кембрийге дейінгі тектоникалық қозғалыстар
бірнеше рет өткен және кешен бірнеше қабаттан тұрады. Сөз жоқ бұл
тектоникалық фаза қарақамыс свитасының жиналуын (гнейсты кешен-байкалға
дейінгі қабат) және жоғарғы протерозойдағы седиментация қалдықтар
кезеңдерін бөлген. Мүмкін шөгінді қабаттары темірлі кварциттер мен
тасжарған свитасының тақтатастарындағы тектоникалық қозғалыстардан
бөлінеді. Көне дислокациялардың ерекшеліктерін айыру кембрийге дейінгі
нашар үйренушілікке жол бермейді.
Протерозой және кембрий (байкал) шекараларында ірі қатпарлар эпохасы
орын алған. Гранитьті нығайтулар мен аз дәрежедегі базальтты магмалар тез
келіспеушіліктер аралығында байланысқан, сондай-ақ протерозой
метоморфизмдері мен метасоматоз жарым-жартылары. Осы уақытта Бетпақдаланың
кембрийге дейінгі фундаменті ірі жарылуларды тіліп жіберген және ауданда
құрылымды дифференцация басталған 3
Ерте коледондық (салаир, кембрий) қабаттары. Қабат құрылымдары
негізінде Шу көтерілімінің солтүстік бөлігінде дамыған ірі Ақбастау
антиклиналы қабатында қосылады. Ядраға жақын протерозой жыныстары құрылған,
тек солтүстік батыс қанаты толықтырылған қатпарлықтармен күрделенген.
Оңтүстік антиклинальдың кембрий шөгінділерінде кішірек тектоникалық блоктар
кездеседі. Кембрий құрылымдары солтүстік шығысқа субмеридиональды бөлек
блоктарға тіпті солтүстік батысқа (Домбралытау тауы) жалғасып жатыр.
Жыныстар қанаттарының құлау бұрышы 50-75о. Қатпарлықтардың қабат
асқындырулардың сипаттары тігіненге ауысады. Оның төменгі бөліктері
кварциттермен, әктастармен, порфироидтармен күрделенген (ақбастау свитасы)
ажыраулар мен бүрмелерінің опырулары дамыған. Кейде изоклинальды бүрмелер
мен сирек брахиқатпарлар бақыланады. Жоғарғы тақтатас қабатында толқынды
қатпарлар сипатталады, үйлесімді центриклиналдар мен периклиналдар анық
көрінеді. Ірі қабаттар құрылымдары қанатында бүрмелі пластикалық сүйретулер
плойчатостиға дейін кең дамыған.
Ұзақ өте керекті салаир қатпарлы фазасы аренигтің басында немесе
ортасында туралануы болды. Осы уақытта кембрий шөгінділерінің алмасуы мен
өткір инверсия болды, соның нәтижесінде ірі консолидирленген кесекті
көтерілімдер қалыптасты. (Шу кесегі), ордовик майысулары бүгілулерімен
көмкерілген. Осы фазада көрініп тұрғандай Жалайыр-Найман белдеуінде
гипербазитті орнатулармен байланысқан. Каледон (ордовик) қабаттарының
құлауымен сипатталады 4.
Каледон қатпарлығының фазасы (такондық) ордовиктің аяғында габбро-
плагиогранитті (немесе басқаша көрініспен, гранит-гранодиоритті) фармация
мен метосамотозды енгізіп шақырған, метаморфталған кембрийге дейінгі
кешендер аяқталған (гранитизация).Оның рөлі жарылымдар мен пликативті
құрылымдардың қалыптасуы ордовиктің жоқтығынан түсініксіз болып қалады.
Силурдың соңындағы тектоникалық қозғалыстар жарылым түрінде жанартаулық
әрекеттерінің басталуына әсер етті, ол девонға дейін жалғасты, осылайша
орогендік (инверсиядан кейінгі) қалдықтардың жинала бастағанын көрсетеді.
Осы уақытта келесі этаптардың қалдықтары жиналған ойыстар жатқан болатын.

Кейінгі каледон қабаты. Девонның вулканды қалдықты қабаттар құратын
жыныстары ауданның оңтүстік бөлігінде көбірек тараған. Девонда жиналған
қалдықтар пликативті және дизъюнктивті дислокациялармен бірнеше рет
бөлінген, күрделі құрылымды қабаттарға әсер етеді. Қысқа уақытты қатпарлы
фазалар эйфелдің (кварцты порфирлердің субжанартаулық денелерін енгізу
осымен байланысты) ортасында білінген, эйфел және живет ғасырлары
шекарасында (живетке дейінгі жыныстар брахи бүрмелері ойысында қысылған)
және живет пен франск ғасырлары шекарасында (живет жынысындағы білінетін
дислокациялар) қатпарлықтар біліне бастаған. Тектоникалық дислокациялар
девон қабатын 4 қабатасты дислокацияларына бөлуге мүмкіншілік жасайды:
төменгі девон-эйфелдік, жоғарғы эйфелдік, живет және франк.
Беткі қабатында қалдықты горсты-күмбезді көтерілімдер ғана
сақталған, ол екінші ретті бірнеше құрылымдардан құралған. Құрманшит таулы
ауданында орналасқан Құрманшит антиклиналы анық көрінеді; оның солтүстік
шығыс қанатынан орталық бөлігі көрінеді, оңтүстік батыс қанаты Құрманшиттің
жанартауларымен кесілген. Бұл антиклинальдың ұзындығы 45км жетеді, ал
қанатының құлашы шамамен 20 км жуықты құрайды. Қанаттарының құлау бұрышы 20-
25о; топса батырулар 15-20о. Қабатасты жыныстардың құлау бұрышы 40-45о
жетеді.
Жоғарғы эйфельдің астыңғы қабаты төменгідевон-эйфел жыныстарынан
азимут және бұрышымен келіспеушілікте жатыр, протерозой, ордовик
гранитоидтары интрузивті жалғасулармен орындарын жабады. Қабатасты
құрылымдары кішігірім дөңгеленген мульдаларды салуда көрінеді, орталық
бөлігіндегі көтерілімде дамыған. Қабат мульдасының құлау бұрышы 15-20о
жетпейді.
Живет қабатастын құрайтын қабатты шөгінділер ереже бойынша фамен-
таскөмір құрылымының шеткі бөлігінде орналасқан, соңғы жоспарлы құрылымдар
мен қатпарлы реңктер біраз ерекшеленеді. Олар тым биік қатармен және
бірнеше ундулирующих үшінші синклиналмен күрделенген, үш тар
субмеридиональды жолдар түрімен созылған Антиклиналь ядросы барлық жерде
жарылымдармен жыртылған. Бүрмелер кіндігінің субмеридиональды созылуы
солтүстік батысқа бағытталған. Жыныстар қабатының құлау бұрышы 15-35о.
Бүрмешік ұзындығының еніне қатынасы 3:1 жетпейді, брахипішінді кескінін
дәлелдейді.
Франк шөгінділері жақында ғана білінген, жетерліктей зерттелген
жоқ. Бұл живеттің құрылымды келіспеушілігінде жатыр және азимуты мен
бұрышының қиылыспауы фамен конгломераттарының базальттарымен жабылған. Ойыс
құрылымдары франктың терригендік қызыл түстерімен қосылады. Қабаттың құлау
бұрышы 10-20о тан биік емес. Франк шөгінділері живет құрылымдарының соңғы
бөлігінде таралған. Живетті-франкті шөгінділердің үлкен қуаттылығы осы
этаптағы жердің қабығының тереңделген ойыстарын куәландырады (4000м-ден
жоғары). Қысқа мерзімді қабат фазалар шекарасы франк және фамен
дәуірлерінде көрінген, басты девон құрылымды блоктары аз амплитудалы ауысу
сипатында болды, дегенмен бұл қатпарлықтағы фазалар инверсиялықтан кейінгі
орогенді режиммен орогеннен кейін ауысқан (кейде субплатформалық аталады).
Бұл фазаның айтарлықтай көтерілген бөлігі бірнеше ойыстарда салынған.
Герцин қабаты. Герцин қабаты құрылымдары (фамен-таскөмір) жалпы
живет франк қатынастарын мұрагерленіп дамиды. Осы уақытта олар анық
салынған, сондай-ақ кембрийге дейінгі фундамент пен орта интрузиялары
салынған. Фамен шөгінділері таскөмірмен салыстырғанда айтарлықтай кең
аймақта дамыған, олар тек жергілікті ойыстарда сақталған. Герцин қабатының
алмасуынан төменгі ерте пермь уақытында бірнеше жайпақ таскөмір мульдалары
пайда болған. Көптеген ірі мульдалар Тесбұлақ, Тоғызқұмалақ, Кішкенесор,
Ақсор және жақынырақ жатқан Қызылтұз бен қаракөл әдеттегі
брахисинклинальдар, оларда көптеп жалпы құрылымдар кездеседі,қалдықтардың
дамуындағы күштіліктерімен ажыратылады. Олардың келбеті жоспарда
изометриялық, жиі сопақша болып келеді, құрылымы симметриялық. Ерекшелігі
Тоғызқұмалақ мульдасын құрады. Оның ассиметриясы жайпақ жарылымдардың
қалыптасуы уақытында тангенциалды күш салып сығылуының әсерінен пайда
болды. Топсалардың жалғасуы солтүстік шығыс және солтүстік батыс, топсалар
үнемі ундулируют.Қанаттардың құлау бұрышы 18-35о, ал топса батырулары 10-
25о. Мульда ядросының құлау бұрышы 5-10о азаяды. Әсіресе Тоғызқұмалақ пен
Қаракөл мульдаларында дамыған барлық қосымша қатпарлықтар күрделенген 3.
Кейінгі пермь фаза қатпарлығы біржолата Шу ойысымен байланысты.
Карбон жыныстары бұл фазада жайпақ брахибүрмешіктермен ұйпаланған. Осы
фазадағы соңғы импульс құрылымдары ауданнан Шу-Балхаш ауданына қарай күшті
тангенциалды қосылуға ұшыраған, сол уақытта антиклинорийлар өз
көтерілімдерін көрсеткен. Нәтижесінде жайпақ ажырау типтерінің жылжуы мен
айтарлықтай блокты ауысулар өткен.
Шу көтерілімі мен Жалайыр-Найман синклинорийлері аралығында
солтүстік батысқа созылған өзіндік бейнедегі жиектелген сызықтық құрылымдар
белгілі, Жалайыр-Найман белдеуіндегі ажырау, жарылым алды ойысы сияқты
карбон мен девонда қалыптасқан, ол С.Г.Токмачева аталатын Кішкенесор ойысы.
Девон шөгінділері өзіне брахиантиклиналдар қатарын қосады, солтүстік батыс
бағытқа созылған және брахисинклинальдарға бөлініп, фамен-төменгі таскөмір
қалыптасуын орындаған. Брахиантиклинальдар ядросының құлау бұрышы 40-65о ты
құрайды, ал қанатының құлау бұрышы 25-30о кейде 16-20о. Брахисинклинальдар
кейде бойкүйез (балсүйгіш) келбет береді, бірақ негізінде солтүстік батысқа
бағытталған. Құлау бұрышы 15-20о ты құрайды, жарылымдар жақыннан кейде 30-
40о. Кішкенесор ойысында Қасымсай, оңтүстік Қаратал және солтүстік Қаратал
күмбездері бөлінген, ол ерте девонмен бір сызыққа тураланған фундаменттің
көтерілу блоктарымен күрделенген. Күмбез құрылымдары жыныстардың құлауымен
сипатталады, ол ядродан шетке 40 тан 30-20о қа кішірейеді. Төретайлық
брахиантиклиналь солтүстік батыс бағытына созылған және живет жыныстарымен
күрделенген. Ядроға құлау бүрмесі 40-60о, қанаты 25-30о, жарылым
тураланумен байланысқан.
Ажыраудың бұзылуы, ауданда кең дамыған, қазіргі тектоникалық
құрылымының маңызы зор. Олар 4 (төрт) жастық және генетикалық топтарға
бөлінеді: 1) ертекаледондық аймақтың ығысу түріндегі ұзақ тұратын
жарылымдары;
2) төменгі каледонның жылжулары, шапшымалар мен ығысулар;
3) төменгі герцин қаусырмасы, жылжулары мен тектоникалық
бүркемелері;
4) альпілік шапшымалар мен жылжулар;
Бірінші топтың жарылымы байқалдық эпоха қатпарлығында (немесе
біршама ертерек) Шу көтерілімі шекарасын жағалай қаланған, оны көршілес
аудандарда жекелеген. Қазір оның беткі қабатында тек бір жарылым
бақыланған, солтүстік шығыс көтерілімі бөлігін және Шу кесегін бөліп, содан
Шу-Балхаш ауданы мен Жалайыр-Найман ажырау жүйесі бөлінген. Қалған девон
және карбон астында көмілген, тек геофизикалық әдістермен бөлінген. Осы
топқа Шу кесегінің оңтүстік шекарасын бойлай созылған аз мөлшердегі
ажыраулар қатысты. Аймақтық жарылым Шу көтерілімін Шу-Балхаш ауданынан
бөледі, әдеттегі ығысулардың солтүстік батысқа созылғанын көрсетеді,
солтүстік шығысындағы бұрыш асты жазықтық жылжытуының құлауы 75о тан аз.
Көптеген жерлерде беткі қабаты аз қуатты тектоникалық жамылғылармен
жабылған (геофизикалық мәліметтер 500-800м), Шу-Балхаш белдеуіндегі
фациялармен күрделенген. Жарылым альпі уақытында әлденеше рет жаңарған
тектоникалық жамылғыларды жауып жатқан үлкен көлемді жақындалған кули
тәріздес ажыраулар пайда болған. Белдеудің ені 20км-ге дейін созылған. Ерте
каледон қабатындағы Шу көтерілімінің тар блоктары жер беткейінің кейбір
жерінде алдыға шығып қалды.
Екінші топтың жарылымы төменгі каледон мен тым көне қабаттарда
кеңінен таралған. Жоғарғы жастағы шекаралар фаменнің бастауы болып
табылады, ал герцин қабатында олар өтпейді. Бұл түрдегі аймақтық жарылым
жоқ. Дешиферленген әуе-ғарыштық суреттерде олар айтарлықтай нашар, тек
живеттік және франктық қабатастында айқын көрінеді. Бұл жарылымның
болмағанымен түсіндіріледі және нашар пайда болуымен гидротермальды
әрекеттерді жағалайды. Солтүстік шығыстағы төменгі каледон жарылымдарының
бастапқы жалғасуы басқа жаққа бағытталған және жарылыммен белгіленген.
Лықсулар, шапшымалар және ығыспалар. Көбінесе жиі болатын лықсулар. Ол
сызықтың беті түзу, жылжуының тігінен құлауын айтады. Живет қабатының
астында жарылым сызықтары майысқан, мұнда жайпақ қабаттарда жарылымдардың
бұралуы өткені белгілі. Жайпақ жылжулар үнемі тығыз болады, жағалауында
айна мен терең жылжу жиі көрінеді. Төменгі каледон жарылымының жылжыту
амплитудасы үлкен емес және бірінші жүз метрден биік емес. Шамамен ірі
ажыраулардан басқа, көптеген ұсақ шыңдардағы жарылымдар белгіленген,
әсіресе төменгі-орта девондағы жыныстар бірқалыпты емес. Кайназойда бұл
ажыраулар жаңарған жоқ.
Үшінші топтағы ажыраудың бұзылуы герциндік тектогенез фазасының
аяқталуынан болған, кейін толық қалыптасқан құрылымдардың жылжуынан және
күшті тангенциалдық сығылысуы негізінде оңтүстік батысқа бағытталған.
Нәтижесінде үлкен көлемде жайпақ ажыраулар қалыптасты, онда герцин
қабатының құрылымдарында кембрийге дейінгі каледон қалыптасуларында
қабыршақты жылжу өткен. Ауданның солтүстік шығыс бөлігіндегі тектоникалық
жамылғылар мен Шу-Балхаш белдеміндегі күрделі жыныстар бір уақытта пайда
болған. Шығыс Бетпақ-Даланың жайпақ ажырауларының кең көлемде дамуын
Д.И.Яковлев (1931ж) көрсеткен. Жылжулардың құлауы мен қабыршақтың қозғалу
сипатының тәуелділігінен бұл айырылымдар 3 топқа бөлінеді. Қаусырма-надвиг,
жылжыма-поддвиг, тектоникалық бүркеме-шарьяжи. Ажырау сызықтарының
бірқалыпты беті, күшті қатпарлы қисық, бедер мен өз элементінің құлауына
тәуелді болғандықтан бағытын өзгертеді. Бұларға жақын үлкен мөлшердегі
тектоникалық останцы мен окон белгіленеді. Жылжудың құлау бұрышы 0ден 25о-
қа дейін ауытқиды (35-40о) биіктік тым сирек болады. Амплитудалардың ауысуы
бірінші 10 метрде 8-ден 10м-ге дейін, кейде одан да көп. Жамылғының
фронтальды бөліктері көпмөлшерлі шыңды жарықтарға бөлінген,
автахтондақалыпты карбон мен фамен жыныстары, қабатардың шайқалуы мен
жұлқулары және ұсақ дизъюнктивтер мен флексуралардың асқынуы бақыланады.
Жайпақ ажырауларға ірі белдеулер милонитизациялары мен ұсақталулардың толық
жоқ болуынан дерлік сипатталады.3.

І.3. Климаттық жағдайы.

Бетпақ-Дала үстіртінің климаты толық түрде континентальды және ең
аз мөлшердегі атмосфералық жауын-шашынмен сипатталады. Бетпақ-Дала
үстіртінің температуралық жағдайы өсімдік жамылғысының дамуына тұрақсыз
және жағымсыз.Ауаның жылдық орташа температурасы 7,20С. Орташа айлық
температура келесідей түрде орын алады

1 кесте

І ІІ ІІІ ІV
33,1 44,0 19,6 28,4

Жылдық жауын-шашынның минимумы және максимумы (мм).

Көктемдегі жауын-шашынның максимумы эфемерлі өсімдіктермен
байланысты. Қар жамылғысы 5 айға дейін тұрады. Алғашқы қар қазан айының
екінші жартысында түседі (18,28Х), ал соңғысы наурыздың аяғында (30ІІІ).
Қар жамылғысы көп емес, орташа көлемі 10-15см-ден аспайды. Бедердегі алуан
түрлі элементтерге қар жамылғысы әр түрлі әсер береді.Баурайлар мен
шыңдарда және бедер депрессияларында қар төмен түседі. Кустарникті жерлерде
қар жамылғысы 1,5м-ге жетеді. Бетпақ-Дала үстіртінде тұман өте сирек
бақыланады, әсіресе қысқы уақыттарда. Бір жылдың ішінде шамамен 21 күн
тұманды болады. Шу өзені аңғарында тұман айтарлықтай көп болады, әсіресе
көктемдегі тасу кезеңінде. Жаңбыр өте сирек жауады, бұлтты жаңбырлар
болмайды. Буланумен ауада жүріп, жерге түспейтін “құрғақ жаңбырлар” да
сипатталады. Одан топырақтың тек жоғарғы қабаты ғана дымқылданады. Бедердің
оң пішіндерінің қабаты төменгісіне қарағанда, ағындардың ізінен аз мөлшерде
жауын-шашын алады.
Ауаның абсолютті ылғалдылығы қантардан маусымға дейін жоғарылайды.
Ай бойынша олар келесідей түрде таралады.

6 кесте (милибара)
І ІІ ІІІ ІV V VІ VІІ
7 13 21 7 13 21

7 13 21 7 13 7 13 21 21 7 13 21 7 13 21 7 13 21 40 23
34 46 22 62 64 67 52 82 58 72 80 74 81 62 64 67
Тәуліктің түрлі уақытындағы ауаның салыстырмалы ылғалдылығы (%).

Келтірілген сандар бір жыл ішіндегі, әсіресе жаздағы ауаның
құрғақтығын көрсетеді.
Желдер де климаттың маңызды факторлары болып табылады. Бетпақ-Дала
үстірті аймағында екі бағыттағы шығыс және солтүстік шығыс желдері басым.
Шығыс желдері көбінесе көктем мен күзде соғады, солтүстік шығыс желдер
әдетте жаңбырсыз әрі құрғақ, жазда суық. Мұнда оңтүстік желдердің маңызы
жоқ деуге болады, солтүстік және батыс. Батыс және солтүстік батыс желдер
әрқашан ауа-райының өзгеруіне апарып соғады. Жазда олар құрғақ жаңбырлар
әкеледі, кейде нөсер болады, қыста қар және боран.
Оңтүстік батыс ылғалды желдері Қаратау тауының жолына бөгет
жасайды. Оңтүстіктің тұрақсыз желдері ауа-райының уақыт бойымен
ауысуларымен байланысты ол тураланған және анықталған.
Боранның жалпы мөлшері біржылда 73-ке жетеді, мұның ішінде
көпшілігі күзгі кезеңдерде болады. Желдің айлық және жылдық жылдамдығы орта
есеппен 4-6мсек. Жел жылдамдығының өзгеруі тәуліктік жүріс болып табылады.
Әр ай бойында максимальды жылдамдық түстен кейінгі уақыттарда, ал азы
таңертеңмен және кешкісін болады. Жылдық орташа жылдамдық тәулік ішінде
мынадай түрде 7сағатта-48мсек, 13сағатта-6,2мсек, ал 21сағатта-4,8мсек
та таралады. Онда желдер орташа айлыққа қарағанда жазбен күзде айтарлықтай
үлкен жылдамдықта болады. Осы аймақта желдің маңызы жоғары, әсіресе ол
шаңды бөліктегі топырақ жамылғысының даму процесінде елеулі роль атқарады.
Күшті даму кезеңінде керекті сортаңдарға тап болады Бетпақ-Дала үстірті
аймағында түгелдей құрғақтанған климат-(өткір, өкпек, қатты)
континентальдық, ауаның ерекше құрғақтылығы, бүкіл аймақта жоғары
сипатталған, сондай-ақ өсімдік жамылғысының қалыптасу жағдайымен
анықталған.

І.4. Ішкі сулары

Бетпақ-Дала үстіртінің су ресурстары негізінде жер асты сулары.
Атмосфералық жауын-шашынның жетіспеушілігінің және буланудың жоғары болуына
байланысты жер беті сулары шамалы. Көктемде мұндай сулар тақырлар мен
сортаңдарға айналатын құрғақ арналар мен сайларды алып жатады. Батысында
Сарысу өзені аңғарымен, оңтүстігінде Шу өзенінің кең ағысымен шектеседі.
Өзендері қазаншұңқырлар мен сайлапда жоғалады. Тек көктемде, яғни көктемгі
су тасу кезінде, өзенге су жиналып ағыстары толассыз болады. Жазда олардың
көпшілігі құрғап кетеді де мұндай орындардағы сулар жерасты жолдарымен 1-2
метрге тереңдейді. Көктемде өзен сулары мен иірімдер нашар тұздалады, ол
ішуге жарамды. Жазда иірімді сулардың қарқынды болуына байланысты күшті
минералданады, кейде өте жоғары дәрежеге дейін, ал ондай минералданған
сулар ішуге жарамсыз.
Жер асты суларының молдығы мен сапасы атмосфералық жауын-шашыннан
басқа, аймақтың геологиялық құрылымымен байланысты. Бетпақ-Дала үстіртінің
жерасты сулары үш басты топқа бөлінеді: жарықты, қабатты, грунтты2.
Үстірттің шығыс бөлігі көне палеозойға дейінгі жыныстармен
күрделенген, жарылым белдеуіндегі тектоникалық жарықтардың мұралануына
байланысты жарықты сулар басым. Жарықты сулар ұсақ шоқыларда кеңінен
тараған, интрузивті (граниттер), эффузивті (порфирит, кварцты порфирит)
және көне метаморфты (гнейстер, тақтатастар, әктастар, құмдақтар)
жыныстармен күрделенген. Жарықты сулардың тереңдігі 0- 1,5 метрге дейін
ауытқиды, ал метаморфты жыныстары бар аудандарда 20- 22 метрге дейін
таралған. Жарықты сулардың көне беткейге шығуы тым өткір бедер
пішіндерімен сәйкес келеді. Суландыру бұлақтық және құдықтық түрінде
көрінеді. Су көздері өзінің шығынындағы алуан түрлілікпен ерекшеленеді.
Жарық суларының мөлшері, сапасы, кореқтену жағдайы мен су жинау ауданының
үлкендігіне тәуелді. Су көздерінің бір бөлігі ішуге жарамды, ал төмендеген
кезде олар минералданады да сортаңдар қалыптасады. Судың химиялық құрамы
сульфаттармен мұраланып төрттік шөгінділермен жабылған, дәл емес ойыстармен
сайларда тұзды және тұзды грунт сулары кездеседі.
Оңтүстік және батыстағы палеозой фундаментінде екінші гидрологиялық
аудан жалғасады. Бұл аудан қабатты сулардың кең таралуымен сипатталады.
Соңғысы негізінен борпылдақ және нашар цементтелген, бор, үштік және
төрттік жасындағы жыныстармен байланысты. Жоғарғы горизонт (көкжиек)
суларыкүші жоққа жатады және олар 7-30 метрдегі құдыққа жасырынады. Бор
шөгінділеріндегі су тұтқыш горизонттардағы ақ кварцты құмдардың астына ағып
келіп қосылады. Бұл аудандардағы суландыру жетерліктей емес көрінеді. Бор
жыныстарындағы жер асты суларының сапасы алуан түрлі салыстырмалы түрде
үлкен емес, жоғары түрде минералданған (судағы хлордың болуы 800-2000мгл
ге дейін ауытқиды, ал сульфаттың мөлшері 2000-5000мгл ға дейін).
Палеогеннің континентальды шөгінділеріндегі су тұтқыш жыныстары
кварцты құмдар болып табылады, қызыл саздың астында көлбеу жатыр.
Үштік кезеңдегі теңіз қалдықтары Бетпақ-Дала үстірті ауданында кең тараған.
Олар сұр және жасыл саздармен, құмдар және малтатастармен көрініс береді.
Горизонт су тұтқышы 3-30 метрге дейін кейде одан да төмен тереңдікте жатыр.
Жер асты суларының табиғи шығар көзі жоқ. Бетпақ-Дала үстіртінің оңтүстік
батыс бөлігінде 200м тереңдікте жатқан артезиан сулары орнатылған, бұрғы
құмырларын бұрғылау 1914ж Чулан-Эспе мекені мен Ащикөл көлінде сақталған
және олар жоғары сапалы қысым суларын береді. Грунтты сулардың басым болуы
көпшілігінде төрттік шөгінділермен байланысты. Су тұтқыш горизонттары болып
ұсақ түйіршікті құмдар болып табылады, 2-3м тереңдікте жатыр. Меншікті
дебет құдықтары 100 литрден секундына 1лсек қа дейін түрленеді. Сондай-ақ
су мөлшері негізгісінен рассоковқа дейін түрленеді. Сарысу алды құмындағы-
Мойынқұм және тағы басқа суларының елеулі маңызы бар. Су тұтқыш
горизонттарына жақын ылғалдың қосымша қорлары орнатылған. Жер асты
суларының өзіне тән шығуы өздерінен тма түнек атымен белгілікөздерінің
шығатынын көрсетеді.Бұлар Шу өзенінің оң жағалауындағы үлкен Каманин
ауданындағы ажыраған өңірдің үлкен дефляцияланған ойыстарында кездеседі.
Бұл күнделікті кратер тәрізді жоғарылау қызыл борлы саздардың аралығында.
Олардың биіктігі әр кезде 1 метрден асады. Мұндай жоғарылаудың үстінде ұсақ
шалшықтар болады, кейде кішкентай көлдің маңызды екендігін көрсетеді.
Қорытындылай келе Бетпақ-Дала үстіртінде су жоқ екендігін айтып,
белгілеуіміз қажет.
Шу өзені аңғарының оң сағасындағы артезиан алаптарының зор
көлемдегі сулары ауыз суына да, ауылшаруашылық мақсаттарға да толығымен
жарамды. Бұл суларды қолдану жер массивтерінің шаруашылығына үлкен әсерін
тигізеді, Бетпақ-Дала үстіртінің оңтүстік батыс бөлігінде он мың га жер мал
шаруашылығын сумен жабдықтауға рұқсат етілген 7.

І.5. Топырақ және өсімдік жамылғысы

Бетпақ-Дала үстіртінің геоморфологиялық және климаттық ерекшеліктері
топырақ өсімдік жамылғыларының іздерін анықтайды.Үстірттің шығыс ұсақ
шоқылы бөлігі аз қуаттылықтары жақын жатқан аналық қатты түбірлі
жыныстармен сипатталады. Өзінің механикалық құрамы бойынша бұл топырақтар
эллювийлі түбірлі жыныстармен дамыған, негізінде алуан түрлі қатты скелетті
ұсақ тасты ірі құм тәрізді кейіптермен көрсетілген 7.
Скелетті топырақтардың көпшілігі таулы аудандарда да, ұсақ шоқылар
мен қыратты жазықтар кеңістігінде де кездеседі, ал аз скелеттері алқап
қойнаулар мен төмендеулер аралығындағы ұсақ жерлерге жиналады. Үстірттің
батыс бөлігі үштік және төрттік кезеңдегі құмдардан, құмдақтардан құралған,
саздақтар мен саздардан тым қуатты топырақтармен ерекшеленеді.
Бетпақ-Дала үстірті топырақтары мынадай белгілермен сипатталады:
1) олардың карбонаттылығы әсіресе биік жоғарғы горизонттарында (СО2-3-
7% ға дейін);
2) органикалық заттарға кедей;
3) жоғары горизонттардың күшті ыдырауы (кәдімгі жіңішке қабаты 0-ден 8-
ге дейін,күшті кеуекті саңылаулы құрылымдары бар).
4) гипсты төсенішті жыныстардың болуы;
5) топырақ кескінінің азғантай қуаттылығы;
6) терең емес жатқан (50-80см). Төсеніш жыныстар, малтатастар немесе
эллювилі кристаллды жыныстар.
Бетпақ-Дала үстіртінің ауданында таралған сұр құба топырақтар
өздерінен құба топырақтың ксероморфты қатарларын көрсетеді де солтүстік
шөлдермен сипатталады. Олар бедердің қай жерінде болса да түбірлі
жыныстардың топырақ бетіне жақын жатқан жағдайында дамиды. (10-50 см
дейін). Олар әжептеуір кең таралған аймақтың айтарлықтай бөлігін алып
жатыр. Сұр құба топырақтар ашық құбалы борбылдақ горизонттармен “А гумосы
1 %-ға дейін басым, ал “В” горизонтында гумостың жоғары бақылануы 1,6 %бен
сипатталады. Бұл топырақтың ерекшклігі жоғарғы горизонттарында
карбонаттардың жиналуы. Механикалық құрамы бойынша сұр құба топырақтар өз
арасында құмдақты ұсақ саздақты және әр түрлі саздақты болып бөлінеді.
Құмдақты және ұсақ саздақты топырақтар өсімдіктері сұр жусанның, кейде құба
жусанның басым болуымен сипатталады. Ал саздақты топырақтарда баялышты
өсімдіктермен сипатталады. Сұр құба топырақтың өсімдік жамылғысы 40-60 %-ға
дейін ауытқиды. Осы жердегі топырақтар тек суландырылған жағдайда ғана
жарамды, ал қазіргі уақытта бұл өсімдіктер көктемгі-күзгі жайылым ретінде
қолданылады. Сұр құба сорланған топырақтар сұр құба және сорланған
топырақтардан ауысып келген. Олар түзу суайырықтардың және әлсіз жалпақ
баурайлардың астында жатыр. Аналық тау жыныстары түнгі элювий
конгомераттарынан, құмтастардан, тақтатастардан, әктастардан,
гранитойдтардан және басқа да тау жыныстарынан құралады. Горизонттағы
гумостың құрамы 0-4 см., яғни 1,2 %-ға тең. Ал горизонтта 10-20 см.-ге
дейін, яғни 0,76 %. Барлық горизоттағы жалпы сілтілік биік емес және 0,035
% сирек жоғарылайды. Үстірт топырақтары сортаңдардың сирек көрінетін
қасиеттеріне ие емес және бұл жерде аз білінеді. Сұр құба сортаңдау
топырақта өсімдік жамылғысы тілініп жамылған 40-50 %-ға дейін өзгереді. Ең
типті ассоциациялы баялыштар басым, сирек жусандар, сұр және тұранды
өсімдіктер бар. Сұр құба аз дамыған шеміршекті – ұсақ тасты топырақтар
қатты түбірлі жыныстардың шыңдары мен баурайларында қалыптасады, 10-15 см.
тереңдікті алып жатыр 2.
Өсімдіктер жеке шөлдегі сұр жусан мен, баялыш, бүйірген және
тасбүйіргенмен сипатталады. Шу және Сарысу өзендерінің аңғарлары аллювийлі
шөгінділермен жабылған, онда түннің гидроморфты қатарлары; шалғынды - сұр
топырақты сортаңдау жерлер мен шалғынды сортаңдау және шалғынды - сорлы
топырақтар дамыған. Шалғынды – сұр топырақты сортаңдау топырақтар өзеннің
алдыңғы жайылмаларындағы террассада таралған, салыстырмалы тереңдікте грунт
сулары жатыр. Топырақтың беті тақыр бейнедегідей өсімдіктермен жабылған.
Кейбір жерлерінде салиноктар мен томаристер бар. Шалғынды – сортаң
топырақты сортаңдау топырақтар өзен аңғарының ағынсыз төмендеулерінің шеткі
бөліктерінің жоғарғы жағын алып жатыр. Ол жерлер шиелі және ажиректі
ассоциациялы өсімдіктермен сипатталады. Шалғынды сортаңдау топырақтардағы
өзен жайылмасында грунт сулары жақын орналасқан. Оларда бұралып өсетін
шалғынды өсімдіктер бидайық басым. Шалғынды сортаңды топырақтар
ассоциацияларының басым болуымен сипатталады. Сорларда көне өзен
террассалары, ойыстар, суайырықтар кездеседі. Жалпы сортаңдардың алып
жатқан ауданы 30% -дан жоғары. Сордағы өсімдіктер биюризді ассоциацияларды
мұраландырып көрсетеді.
Бетпақ-Дала үстірті аймағы тақырлы ойыстары мен бедердің төмен
түсуіндегі бекітулерімен тураланған. Тақырдың механикалық құрамы қоршаған
орта жыныстарына тәуелді. Шығыс бөлігінде олар далалы түсте, ал орталық
және батысында қызыл немесе малина түстес қызыл іздеріндегі көршілес қызыл
үштік саздарымен мұраланған. Мұндағы таұырлар әдетте өсімдіктерге мұқтаж
кейде мұнда бүйіргендер кездеседі. Сортаңдар сайлар мен қазаншұңқырлардағы
жер асты суларының жақын жатуынан дамиды (п.б). Олар тұзды көлдердің
түбінде, тұрақты өзен аңғарларындағы жайылма алды террассаларда кездеседі.
Сипаты бойынша жоғарғы горизонттың көлбей жатуы олардың ортасында томпақ
және сулы сортаңдарға бөлінеді. Сульфатты және хлоридті сульфатты
топырақтар басым ал қалғандары сирек кездеседі. Өсімдіктер шырынды сулардың
басым болуымен көрінеді. Қарастырып отырған аймақтың оңтүстігіндегі Шу
өзенінің көне аңғарында сортаңдау сортаңдалған құмды топырақтар мен
сексеуілді сұр жусанды және эфемерлі өсімдіктер кездеседі 7.

II. БЕТПАҚ-ДАЛА ҮСТІРТІНІҢ ГЕОМОРФОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ

Бетпақ-Дала үстірті тым тамаша тегістелген беткеймен сипатталады,
оңтүстігіне де оңтүстік батысқа да жайпақ түрде еңістелген. Шу аңғарының
кертпештерімен жырылған және солтүстікке (үзілген жер биіктігі шамамен 60м)
және солтүстік батысқа (үзілген жер биіктігі шамамен 80м) еңістелген.
Үстірттің абсолютті биіктігі орта есеппен 200-360м жіне Шу аңғарына қарай
ақырындап төмендейді, олар сонда түрленеді, шығыс бөлігінде 250м болса
батысында 130м болады. Үштік шөгінділерден құралған бөлек эрозионды
қалдықтар аймақтың оңтүстік бөлігінде кездеседі. Үстірт солтүстік батысында
үзіледі және оны тік кертпештелген Сарысу алды жазығы қоршап жатыр.
Солтүстігінде кең көлемді эрозионды қалдықты жазық жатыр.
Қалдықты құрылымдар Бетпақ-Дала жазығының батыс бөлігінде тараған
Сарысу өзені алабының төменгі бөлігінде. Олардың бір бөлігі теңіз
қалдықтарының жиналуынан, басқалары-Шу мен Сарысу өзенінің бұрынғы
орындарында континентальды аллювиальды және пролювиальды шөгінділерінен
түзілген. Қалдықты пенеплендер Бетпақ-Даланың шығыс бөлігінде кеңінен
тараған, пенеплен онда бөктерлі морфомүсінді және абсолютті белгілермен360-
460м еңістелген, жалпы оңтүстік батыс және Бетпақ-Даланың батыс бөлігі бор
шөгінділерімен жабылған. Қалдықты таулар шығыс Бетпақ-Далада кездеседі,
ондағы қырат қалдықтары селекті денудациялардан түзілген, Құрманшит,
Ақбастау таулары бар. Айтарлықтай көтерілген аудандарды әлсіз тілімденген
және тілімденбеген пенеплендер алып жатқан таулы қырат болып аталады.

2.1. Бедер типтері.

Бетпақ-Дала үстірті аумағының жер бедері келесідей типтерге
бөлінген:
1) Құрылымды-денудациялық-қабатты әлсізтілімделген жазық абсолютті
биіктігі 300-400м, қабатты еңісті жазық абсолютті биіктігі 300-400м,
қабатты-белесті жазық абсолютті биіктігі 200-360м, бөктерлі-еңісті жазық
абсолютті биіктігі 300-420м.
2) Эрозионды-денудациялық-делювиальды-пролювиаль ды еңісті жазық
абсолютті биіктігі 180-300м, делювиальды-пролювиальды әлсізтілімденген
еңісті жазық абсолютті биіктігі 100-300м.
3) Аккумлятивті әлсіз тілімденген аллювиальды жазық, эолды дөңесті
тізбекті-ұяшықты жазық, аллювиальды қазіргі еңісті жазық. Өзен аңғарлары
басқа бедер пішіндер және бедер элементтері көрсетілген жоғарғы типтерде
бар
1)Құрылымды-денудациялық жазықтар Бетпақ-Дала үстіртінің көлемді
аумағын алып жатыр, геологиялық құрылымының тәуелділігіне қарай мынадай жер
бедері типтеріне бөлуге болады.
Абсолютті биіктігі 300-400м болатын қабатты әлсіз тілімденген жазық.
Мезо-кайназой дәуіріндегі қалдықты аккумляциялы жазық, су шайып кетуден
аман қалған түрінде таралған, еңісте жазықтың үстіне қалдықтар үйілген,
протерозой және палеозой жыныстары дамыған. Олардың ішінде түрлі жастағы
үлескі қатарлары бөлінген, олардың қалыптасулары төменгі палеоген
ағысындағы жоғарғы борда өткен. Көлденең жатқан саз қабаттары, құмдар мен
палеогеннің малтатастары, сондай-ақ әлсіз дислоцирленген саздар мен
палеоген мен жоғарғы бордың малтатастары дамыған. Оңтүстік шығыс бөлігінде
10м ге дейін жазық басым ал солтүстік шығысында 10-20м.
Қабатты-еңкішті жазық. Абсолютті биіктігі 300-400м. Бетпақ-Дала
үстіртінің бүйірлі бөлігінде орналасқан жазық, палеогеннің эрозиясы қабатты
еңкішті жазықты ашты ол орта олигоцен шөгінділері үстіртті тілгілеген
эрозионды жылғаларды қалыптастырды. Мұнда көне гидрографиялық жүйелердің
болуы жоғарғы бор мен палеогеннің ойпатты аллювилі шөгінділерімен
байланысты, олар өзеннің қазіргі деңгейінен төменге дейін созылып жатыр.
Бетпақ-Дала үстірті жоғарғы олигоцен уақытында сақталған қабатты
белесті жазықпен көрініс береді. Өте жақсы көрінетін беткей мен оңтүстік
және оңтүстік батыстағы Шу аңғарының төмендеуімен, өзен кертпештерінің
қазбалануымен және солтүстік (тік жар кертпештерінің биіктігі 60м) және
солтүстік батыс (тік жар биіктігі 80м) болып сипатталады.
Абсолютті биіктігі орта есеппен 200-360м. Шу аңғарына қарай жайлап
төмендейді және шығыс бөлігінде 250м,батысында 200м ге дейін түрленеді.
Сипатталып отырған жазық көлемді төмен түсулер сортаңдар мен тақырлардан
бос емес екенін байқап отырады. Беткі қабаты жоғарғы олигоценнің құмды
малтатасты қабаттарынан құралған, орта төменгі миоцендегі қалдықтармен
жабылған (қызыл-құба саздар, құмның азғана қабатымен төрттік кезеңдегі
құмдақтар мен саздақтар қабықтары.
Бөктерлі еңісті жазық Бетпақ-Дала үстіртінің солтүстік шығыс
бөлігінде орналасқан. Тілімдену деңгейіне байланысты биік, орта және төмен
белесті болып бөлінеді. Абсолютті биіктігі 300-420м. Жазық төменгі борға
дейінгі уақытта қалыптасқан, яғни оның беткі қабаты төменгі бордың,
палеоген және неогеннің қалдықтарымен жабылған. Палеозойдың басты борпылдақ
жыныстарын қазып алу неогенге дейінгі уақытта өткен.
2)Эрозионды-денудациялық жазық. Делювийлі-пролювилі еңкішті жазық.
Бетпақ-Дала үстіртінің төменгі деңгейіндегі бүйірлі бөлікте табылады.
Абсолютті биіктігі 180-300м. Антропогендік кезеңнің бірінші жартысындағы
ағынның эрозионды процестерінен жаралған.
Делювийлі-пролювилі әлсіз тілімделген еңкішті жазық. Бетпақ-Дала
үстіртінің бүйірлі бөлігінде кездеседі. Палеогеннен кейінгі эрозия
әлсізтілімденген еңкішті жазықты тілгіледі орта олигоцендегі Кендірлік
свитасының шөгінділерінен үстіртті тілгілейтін эрозионды жыралар жаралған.
Абсолютті биіктігі 100-300м. Ол құмдақты-саздақты жарықшақталған,
ұсақталған тас шөгінділерлен құралған, кейде қуаты айтарлықтай 10м ге дейін
жетеді. Жазық неогеннен кейінгі уақытта қалыптасқан.
3)Аллювиальды жазық. Әлсіз тілімденген аллювиальды жазық Сарысу
ойпаңында кездеседі өзінен көлемді ішкі континентальды атырауды көрсетеді.
Бүтіндей тілімделген бұл облыс-дефляциялы ойпаңдар, арналық төмен түсулер,
құмдар. Әлсізтілімденген аллювиальды жазық тақырмен жабылған, жоғарғы
плейстоцендік аккумляция қалыптасқан. Бұл жазық түзілу уақытында кішкене
ойысты аудандарға тураланған. Эолды, дөңесті, тізбекті ұяшықты жазық
ауданның оңтүстік бөлігін қамтиды. Оларда көлденең сатылы кескін бар.
Бірінші баспалдағының абсолютті биіктігі 180-240м, екіншісі 250-280м және
үшіншісі 200-420м.
Құмды массивтер жоғарғы олигоценнің құмдарынан және Шу өзеніндегі
аллювийлі жайылма алды террассасынан құралған. Мойынқұмның тым биік
бөліктері тізбекті-ұяшықты құмдармен көрінеді. Тізбектер солтүстік батыстан
оңтүстік батысқа созылған, биіктігі 60-80м, еңістігі 12.30о. Тізбектердің
ұяшықты диаметрі 20-40м дөңгеленген пішіннен құралған.
Аллювийлі қазіргі еңкішті жазық өзен террассаларында көрініс береді.
Шу өзені аңғары меридианды бағытпен үстіртті кесіп өтеді. Шу аңғарының екі
жайылмасы бар - кең көлемді және биік сондай-ақ жайылма алды террассалары.
Үшінші террасса беткі қабатының абсолютті биіктігі 330м көне төрттік жасқа
ие, екінші террассаның биіктігі 65м, оның жасы орта төрттік, бірінші
террасса екіншісінің ішіне салынған, Шу өзенінің оң және сол жағалауында
дамыған. Ол саздақтардан құралған жасы төменгі төрттік.
Сарысу аңғары – үстіртті солтүстік шығыстан оңтүстік батысқа қиып
өтеді. Трапеция тәріздес террассаның көлденең профилі 2-4см екі
аккумлятивті террассасы бар. Бірінші террассаның жоғарғы бөлігі саздақтан
құралған, ал төменгі бөлігі өиыршық тасты құмдар мен ұсақ жұмыр тастардан
құралған. Жасы кейінгі төрттік. Екінші террассаның жасы орта төрттік,
жайылманың ені 80-150м, сазды-құмды малтатасты түзілімдерден құралған.

2.2. Жер бедері пішіндері.

Аталмыш аймақ келесідей жер бедері типтеріне бөлінеді. Орта
олигоценге дейінгі дәуір:
1) Пенеплен үгілу қабығымен белгіленген.
2) Пенеплен жоғарғы бордың малтатастарымен белгіленген.
3) Үгілу қабығымен шайылған пенеплен.
4) Төбелі-таулы және ұсақ шоқылы таулы қырат.
5) Аңғарлы.
1)Үгілу қабығымен белгіленген пенеплен негізінен Бетпақ-Даланың
солтүстік бөлігінде ғана дамыған және таралуы шектелген. Қалдықты қыраттар
жақсы дамыған, қатты силицифицирленген үгілу қабығының болуымен
сипатталады, ультраносты жыныстардың соған тән жамылғыларымен жабылған.
Бедерде олардың жоғарылауы белгілі күмбез тәрізді дөңгелек бейнеде
көтерілуі Пстан тауы сияқты көрінеді немесе айқын көрінетін тізбек сияқты
яғни Қыпшақпай массиві. Беткейдің негізгі пішіні, табиғи, интрузивті
денелердің пішінімен байланысты. Қазіргі уақытта қырат баурайлары сайлармен
бұзылған, әдетте ұсақ басты бейнеде кесілген үгілу қабығы сияқты.
2) Жоғарғы бор малтатастарымен белгіленген пенеплен жайпақ, бір
сазды, кей жерлері өте әлсіз белестенген, жұмсақ кескіндермен сипатталады.
Әр жерлерде сорлы дефляциялы жас ойыстар мен тым кесілген пенеплендер
кездеседі. Жоғарғы бордағы малтатастар әдетте аз қуатты және мезозойдың
үгілу қабығында жатыр. Жазық саздақ жамылғыларының қабаттарымен жабылған.
Бірақта саздақ жамылған учаскелер жоқ болып кетеді, айтарлықтай кеңістіктің
жалтыраған шағыл малтатасты жамылғылар жауып жатыр.
Бетпақ-Дала цокольды жазық батыс бөлігінде тегіс дамыған және
батысын кертпештермен салыстырғанда Бетпақ-Дала қабатты жазыққа жырылған
(ол шығыс Бетпақ- Дала шыңы деп аталады). Кертпеш, палеозой платформасының
флексуралық батуымен байланысқан, брақ теңіз трансгрессиясы кезінде
теңізбен бірге болған, олардың ішіне кірмеген. Жазықтың шығысы белесті,
цокольды жазықты, борпылдақ жамылғыларына дерлік ауысқан және біртіндеп
көтеріліп жатыр.
3) Үгілу қабығымен шайылған пенеплен алдыңғы дәуірде жер бедеріндегі
жазық мұрагерлік ретінде қалған сондай-ақ айтарлықтай жаңарған. Үгілу
қабығының толық жоқ болуымен дерлік орындарының біркелкі еместігімен
сипатталады, бірінші пенепленнің бұзылу процестерінің нәтижесінде іріктеліп
алынған денудациялар пайда болды. Негізгі суайырықты кеңістікті түзе отырып
жер бедері типі айтарлықтай аймақты қамтиды. Мұндағы беткейге түбірлі
жыныстар шығады, жиі-шағыл тастар түрінде, сирек-жалаңаш баурай түрінде.
Алуан тәріздес пенеплендер ерекшеленеді: жайпақ бөктер, жайпақ
төбешікті, жалды, тізбекті, қойтас және тағы басқа. Элювиальды-делювиальды
жамылғылардың қуаты шамалы ғана, ұшақпен өзіндік жолақтарды бақылауға
болады, онда жыныстардың созылып жатуы көрініс табады.
Аталмыш жер бедері ұсақшоқылы және төбешікті қырқалы түрге біртіндеп
ауыса бастайды, іріктелген денудациялармен байланысты сондықтан да қатты
жыныстардың тегістелуімен шығады (төменгі кембрийдің кварциттері,
ордовиктің бірқатар қабаттары).
4) Төбелі-таулы және ұсақ шоқылы таулы қырат. Өзіндік бейнеде
ұсақшоқылы таулы қыратқа Бұрынтау тауы жатады. Бетпақ- Даланы барлық
ұзындығымен кесіп өтеді. Бедер түзілудегі ортаплиоцен-төменгі төрттік
дәуірінде Бұрынтау көтерілген, көне аңғарлардың антецедентті (өзен өз ағғып
жатқан бойында блок немесе көтерілулерді тесіп өткен өзен аңғарының бөлігі)
сипатымен куаландырады. Жалайыр-Найман белдемі жарылымдармен жаңарған,
Бұрынтауды оңтүстік батыстан шектейді, жай құрылымдары бар, жарылымдардың
түсуі мен шығуын тарамдалу жүйелерімен сипаттайды жалпы солтүстік батыс
бағытқа созылған. Бірінші жағдайда жер бедері тектоникалық кертпешпен
бақыланады (мысалы Хантау тауының түзілуі), биіктігі ондаған метрден
жүздеген метрге дейін, екінші жағдайда сызықпен созылған ұсақшоқылы таулы
қыраттар пайда болады, ол тау іші ойыстарына бөлінеді (Жамбыл тауы).
Баурайлары тік, орындарымен жалаңаштанған, шағыл тасты материалдар
лентьасымен жабылған, баурайдан төменге түскен және оған жолақты түс
береді. Төбелі таудың биік бөліктерінде бақыланады онда тегістелу беті
жақсы сақталған
5) Аңғарлар. Ортаолигоцен-төменгіплиоцендегі аңғарлар тым кең тараған.
Жануарлар сипатындағы аллювий Бетпақ- Даланың тек оңтүстігіндегі Пра-шу
аңғарында кездеседі. Сарыой мекенінде аңғардың көне түбі көмілменген,
көптеген жағдайда бақыланады, ал көтерілгендер қазіргі аңғардың
солтүстігінде орналасқан. Костенесті аллювимен екі аңғар орнатылған.
Жоғарғы олигоценді және плиоценді.Олигоцен жасы Сарыөзек өзені аңңғарында
кездеседі. Сондай-ақ Қабланақшы, Терсбұтақ аңғарларында, бұларды таласты
олжалар және аллювиіндегі шаңдар деп айтады. Жоғарғы олигоцендегі аллювий
айтарлықтай сазданған, ол осы жастағы аңғар аллювиінің негізі болып
табылады, фаунаны өзіне ұстамайды (Қарқалды Бетпақ -Даланың солтүстік
бөлігі).
Сарысу аңғарының жоғарысында айтарлықтай кеңею қатары бар, қатардағы
ені 20км-ге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Торғай үстіртінің физикалық –географиялық жағдайына толық сипаттама беріп, ондағы ұйымдастырлатын шаруашылық әрекеттерге талдау жасау
Іле өзені аңғарының физикалық-географиялық сипаттамасы
Антропогендік әсердің атмосферада біліну
Зайсан ойпаңының неотектоникасы
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ЖАҒДАЙЫ
Жайық өзені алабындағы өзендер
Оңтүстік Қазақстан облысы табиғатының өзгеруіндегі антропогендік факторлардың ролі
Геоморфология пәнінің оқу-әдістемелік кешені
Қостанай облысы Восточный ауылының ірі масштабты топырақ картасын құрастыру қағидалары
Тұран жазығы
Пәндер