Бюджетпен есеп айырысудың бақылауы мен аудиті



МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1. МІНДЕТТЕРДІ АРНАЙЫ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ АУДИТ ЖҮЙЕСІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4.10
1.1 Ағымдағы және ұзақ мерзімді міндеттемелердің аудиті ... ... ... ... ... ... ..4.7
1.2 Кредиторлық берешектің арнайы бақылауы мен аудиті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7.10

2. БЮДЖЕТПЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУДЫҢ БАҚЫЛАУЫ МЕН АУДИТІ ... ... ... ... ... ... ..11.20
2.1 Бюджетпен есеп айырысу аудитін өткізу және тексеру ... ... ... 11.13
2.2 Міндеттемелер мен капиталдар аудиті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14.15
2.3 Қысқа және ұзақ мерзімді міндеттемелер аудитін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ..16.20

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21.22
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23.25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1. МІНДЕТТЕРДІ АРНАЙЫ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ АУДИТ
ЖҮЙЕСІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4-10
1.1 Ағымдағы және ұзақ мерзімді міндеттемелердің
аудиті ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4-7
1.2 Кредиторлық берешектің арнайы бақылауы мен
аудиті ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7-10

2. БЮДЖЕТПЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУДЫҢ БАҚЫЛАУЫ МЕН
АУДИТІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11-20
2.1 Бюджетпен есеп айырысу аудитін өткізу және
тексеру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11-13
2.2 Міндеттемелер мен капиталдар
аудиті ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14-15
2.3 Қысқа және ұзақ мерзімді міндеттемелер аудитін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16-20

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 21-22

ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .23-25

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..26

КІРІСПЕ

Арнайы бақылау мен аудиттің арнайы тағайындалуы шаруашылық
тәжірибесінің, ғылыми ұйымның немесе жеке экономикалық субьектінің
талаптарымен анықталады.Іс – тәжірибеде арнайы аудит бағыттарды және басқа
түрлердің қорытындылары мен аудиторлық қызметті жинақтайды.
Қаржылық есеп берудің негізгі элементтерінің бірі – шаруашылық
субьектіде қолданылатын міндеттемелер ретінде арнайы бақылау мен аудитте
жиі кездесетін жағдайларды қарастырады.Бақылау – талдау қызметінің басқа
аймақтары мен аспектілерінде қолданылатын арнайы бақылау мен аудитке
келсек, кейінгі бөлімдерінде қарастырылатын жекелеген нәтижелерді. Жаңа
іздестіру зетрреулерін талап етеді.
Міндеттемелер – бұл ұйымның осы есепті уақытында бар нақты берешегі
оны өтеу үшін қарсы жақтыңң наразылығын қанағаттандыруда ресурстың
жылыстауы түріндегі экономикалық пайданың кемуіне алып келеді.
Міндеттемелер - өткен мәмілелердің немесе өткен оқиғалардың
нәтижелерін болып табылады және қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болып
бөлінеді. Міндеттемелер, егер ұйымның қалыпты операциялардың циклы кезінде
төлеу балансынан кейін 12 ай ішінде жүргізіледі деп болжанса, ағымдағы
мерзімді деп жіктелуі тиіс. Барлық басқа міндеттемелер ұзақ мерзімді деп
жіктеледі.Шаруашылық субьекті есептеушінің қабылданған есеп саясаты
қолданылатын нысанына сәйкес әр түрлі талдамалық есеп – карточкалар,
ведомостар журнал және т.б. регистрін қолдана алады. Жан – жақты
ойластырылған және жақсы қойылған талдамалық есеп тексерушіге кәсіпорын
міндеттемелер үшін ішкі бақылау жүйесі жағдайына дұрыс баға беруге
көмектеседі.
Бақылауды тиімді ұйымдастыру кредиторлар мен айырысу жағдайына және
есеп айырысу тәртібіне, тапсырылған сұрыпталым мен сапада өнім жеткізу
бойынша міндеттемелерді орындауға төлем тәртібін сақтау жауапкершілігін
көтеруге және соңында шаруашылық субьектінің қаржылық жағдайын жақсартуға
қабілеттілікті бекітуге көмектеседі. Аудитордың субьектінің кредиторлық
берешегін тексерген кездегі басты мақсаты – оның баланста бейнеленген
көлемінің нақтылығы мен дәлдігін белгілеу болып табылады. Ол үшін оған
баланстық мәліметтерде жазылғандарды Бас кітаппен, журнал - ордермен,
ведомостылармен және басқа да есептік регистрлармен салыстыру қажает.
Бухгалтерлік баланстың Қысқы мерзімді міндеттер бөлімінде Ұзақ мерзімді
зайымдардың ағымдағы бөлімі бабы келтірілген. Аудитор оны тексерген кезде
ұзақ мерзімді кредит талдамалық есебінің мәліметтері бойынша зайымдарды
төлеу уақыты мен осы бап бойынша негізділігін белгілеу қажет.

1. МІНДЕТТЕРДІ АРНАЙЫ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ АУДИТ ЖҮЙЕСІ

1.1 АҒЫМДАҒЫ ЖӘНЕ ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІҢ АУДИТІ

Ағымдағы міндеттемелерге банктің қысқы мерзімді қарыздары, шаруашылық
субьектінің кредиторлық берешегі жатады. Банктің қысқы мерзімді қарыздары
бір жылдан аса уақытқа қолданылатын нормативті құжаттарға сәйкес беріледі,
мысалы, жөнелтілген тауарлардың нақтылы құжат айналымы уақытына тең, бірақ
30 күннен аспайды. Қысқы мерзімді кредиттерді алу және өтеумен байланысты
есепшоттық – кредиттік операциялар 3010 – 3020 Қысқа мерзімді қарыздар
және 4010 – 4020 Ұзақ мерзімді қарыздар шоттарында есепке алынады.Қысқа
мерзімді қарыздардың талдамалық есебі оны ұсынңан банк кредиті және
жекелеген критерийлер бойынша жүргізіледі. Қысқа мерзімді кредит түрінде
ұсынатын овердрафт, сенімді клиентке оның шотында қалған ақшалай қаржы
қалдығынан жоғары, сондай – ақ уақытында төленбегендері жеке есептеліп
беріледі.
3010 – 3020 Қысқы мерзімді займдар мен 4010 – 4020 Ұзақ мерзімді
займдар шотының аналитикалық есебі займ берушілермен кредитті өтеу уақыты
бойынша жүргізіледі.
Қысқа мерзімді займдар коммерциялық кредит векселі мен қарыздық
міндеттемелердің серіктестік кредиті сипатында жиі көрінеді. Баланста
алынған қысқы мерзімді займдардың дұрыс бейнеленуін тексере келе, аудитор
мынаны белгілеуі тиіс:
- займ қандай мақсатқа пайдаланылған, бұл мақсаттар кредит алу келісім
шарттарындағы шарттарға сәйкес пе?
- шаруашылық субьекті басшылығы қамтамасызландыру құрамына немесе займ
кепілдігіне енгенін;
- займды төлеу толықтығымен өз уақыттылығы;
- кредитке төленген пайыздың бекітілген келісімшартпен дұрыстығы;
- қарыз субьектілерінің алыну заңдылығы мен негізділігі, сондай – ақ
оларды өтеудің толықтығы мен өз уақыттылығы;
- жинақтамалы мен талдамалы есептің 3010 Қысқы мерзімді банк зайымдары
жазбасының №4 журнал – ордер мен бухгалтерләк баланстағы жазбаларына
сәйкестігі.
Ұзақ мерзімді міндеттемелерге мыналар жатады:
- Ұзақ мерзімді банк заемдары.
- Банк мекемелерінен тыс ұзақ мерзімді заемдар.
- Басқа да ұзақ мерзімді заемдар.
- Мерзімі ұзартылған корпоративтік табыс салығы.
Банкілердің және банкіден тыс мекемелердің ұзақ мерзімді заемдары 1
жылдан жоғары мерзімге беріледі, ол заемдар жаңа техниканы, қымбат
жабдықтарды сатып алу, өндірісті кеңейту және т.б. бағдарламаларды іске
асыру үшін алынады.
Заемдарды алу және өтеу бойынша операцияларының арнайы аудитін
өткізу үшін Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына (ХҚЕС)
сәйкес,келесі көрсетілген шоттар: 4010 Ұзақ мерзімді банк заемдары, 4020
Ұзақ мерзімді алынған заемдар, 4030 Өзге де ұзақ мерзімді қаржылық
міндеттемелер қолданылады. Оларға 1010 Кассадағы теңгемен ақша
қаражаттары, 1020 Кассадағы валютамен ақша қаражаты, 1040 Ағымдағы
банкілік шоттардағы теңгемен ақша қаражаты, 1050 Ағымдағы банкілік
шоттардағы валютамен ақша қаражаты және басқа шоттар мен корреспонденцияда
алынған заемдар сомалары несие бойынша, ал дебеті бойынша – ақшаның есебі
жүргізілетін шоттармен корреспонденцияда өтелген зайымдар сомасы
беріледі.Зайымдарды беру мен өтеуге байланысты барлық мәселелер банк
ережелеріне және заем алушы ұйым мен арасындағы несиелік шартпен
рәсімделеді, онда несиелеу обьектісі, займды беру мен қайтару мерзімдері,
құқықтары мен жауапкершілігі, құжаттар тізбесі және оларды банкке ұсынудың
мерзімділігі мен басқа жағдайлар көрсетіледі.
Ұзақ мерзімді міндеттемелерді тексергенде, аудитор алдымен баланста
көрсетілген, есепті кезеңнің басы мен соңындағы қалдықтың Бас кітаптағы
жоғарыда аталған шоттары мен журнал – ордердің мәліметтеріне қарап
сәйкестігін анықтауы тиіс. Бірақ осыны бірден істеуге болмайды, өйткені
баланста синтетикалық есептің қалдықтары емес, аналитикалық есептің
мәліметтері келтіріледі. Бір сөзбен айтқанда, баланстың Қамтамасыз етілген
заемдар, Қамтамасыз етілмеген заемдар және Ұйымдардың бір – біріне және
еншілес ұйымдарға беретін қарыздары баптары аналитикалық есеп мәліметтері
негізінде толтырылуы тиіс. Сондықтан аудитор синтетикалық есептің
аналитикалыққа сәйкес болуына баса назар аударуы тиіс. Атап айтатын жайт
4010, 4020, 4030 шоттары бойынша аналитикалық есеп мерзімінде өтелмеген
заемдар, оларды берген банктердің түрлері бойынша: заем берушілеер мен
заемды өтеу мерзімдері бойынша мәліметтер банк көшірмелерімен расталуы
тиіс. Заемдарды банктер тиісті қамтамасыз етуге немесе кепілдікке және
белгілі бір мақсаттарға беруге тиісті болғандықтан, біріншіден, кәсіпорын
басшысын қамтамасыз ету құрамына кіруін немесе кепілдікті, екіншіден –
заемды мақсатты пайдаланғанын тексеру керек. Үшіншіден, оларды
ынталандырудың толықтығы мен уақыттылығына ерекше назар аудару қажет. Бұл
үшін банк көшірмелерін тексеру керек. Қайтару мерзімі бұзылғанда осының
себебін анықтау талап етіледі.
Басқа кәсіпорындар мен ұйымдардан алынған ұзақ мерзімді қарыздарды
тексергенде, аудитор заем берушілермен мәліметтерді салыстыру нәтижелерімен
анықтауға тиісті, қайтарылмаған заемның қаржы қалдықтарының дұрыстығын
анықтауы тиіс. Аудитор бір мезгілде басқада кәсіпорындардан заем алудың
негізділігі мен заңдылығында да, сондай – ақ оларды өтеудің толықтығы мен
мерзіділігін тексеруі тиіс. Сонымен өатар аудитор қарыз және алынған несие
үшін пайыз тқлеудің дұрыстығын тексеріп, сондай – ақ кәсіпорынның өтелмеген
заем қалдықтарымен бірге осы қарыз үшін банкке тиесілі пайызды көрсету
жайлы шешім қабылдағанын анықтауы тиіс. Пайыздар сомасы банкілердің
заемдары жөніндегі пайыздарды төлеу бойынша, шығыстар есебінің тиісті
шоттарымен бірге корреспонденцияда ұзақ мерзімді міндеттемелер есебі
шоттарының кредиті бойынша көрсетіледі.
Тексеру кезінде аудитор берешек кәсіпорынға берілген вексельдермен
қамтамасыз етілгенін, ұзақ мерзімді заемдар шотынан есептеп
шығарылмайтынын, вексельдік операциялар есебі ережелерінен сәйкес
ескерілетінін назар аударуы тиіс. Ұзақ мерзімді міндеттемелерге, сондай –
ақ Кейінге қалдырылған салықтар бабы жатады. Бұл отандық бухгалтерлік
есептің мүлдем жаңа обьектісі, жаңа термин, оның және Салықтық төлем ,
Табыс салығы , Салықтық табыс , Салықтық эффект , тағы басқаларының
мазмұны Табыс салығы бойынша есеп БЕС – да ашылып көрсетіледі, ал ХҚЕС
бойынша стандартында қарастырылған, аудитор Мерзімді ұзартылған
корпоративтік табыс салығы бабына байланысты тексерудің мына
ерекшеліктеріне назар аударуы тиіс::
- есепті кезең ішіндегі салықтық төлем міндеттемелер тәсілімен салықтық
нәтиже есебі негізінде анықталады. Бұл тәсілде табыс салығы кіріс алу
барысында заңды тұлға шеккен шығыс ретінде қарастырылады және тиісті
табыс пайда болған кезеңге есептеледі;
- есепті кезеңде пайда болған уақытша айырмашылықтың салықтық нәтижесі
салықтық төлемге кіргізіледі және бухгалтерлік баланста Кейінге
қалдырылған салықтар бабы бойынша кіргізіледі;
- бап бойынша кезең басы мен соңындағы қалдықтардың анықтығы айқындау
үшін Бас кітаптің 4310 Корпорациялық табыс салығы бойынша кейінге
қалдырылған салықтық міндетттемелер шотының және 5 журнал – ордердің
осы шотының мәліметтерімен салыстыру қажет;
- 4310 шот кредиті бойынша мыналар көрсетіледі;
- 7710 Корпорациялық табыс салығы бойынша табыстар шотымен бірге
корреспонденцияда болашақта төленуге тиісті салықтар сомасы;
- Д–т 7710 шотының К–т 4310 шотының салықтық мөлшерлемесі ұлғаюына
байланысты түзету енгізу;
- Д–т 5020 Төленбеген капитал шоты К–т 4310 Корпорациялық табыс
салығы бойынша кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер шотының
салықтық есептегі өсімінің артуы кезіндегі активтерді қайта бағалауға
байланысты әлеуметті салықтық әсеп сомасы;
- 4310 шот дебеті бойынша мыналар көрсетіледі;
- уақытша айырмашылықтардың пайда болуы мен жойылуы нәтижесінде төленуге
тиісті немесе 3110 Төлеуге тиісті корпорациялық табыс салығы және
7710 Корпорациялық табыс салығы бойынша шығыстар шоттарымен бірге
корреспонденцияда зиянды өтеу нәтижесінде есепке жатқызылатын салықтар
сомасы;
- салықтық мөлшерлемесінің 4310 К–т 7710 шотының кемуіне байланысты
түзету енгізу;
- 5020 Төленбеген капитал ( 5021 Негізгі құралдарды қайта бағалауға
түсетін қосымша төленьеген капитал
1.2 КРЕДИТОРЛЫҚ БЕРЕШЕКТІҢ АРНАЙЫ БАҚЫЛАУЫ МЕН АУДИТІ

Кредиторлық берешек – кәсіпорынның басқа заңды, жеке тұлғаларға
міндеттемелері(берешегі).
Қалыптасу сипатына байланысты кредитолық берешек қалыпты және
аяқталмаған, мерзіміне байланысты ұзақ және қысқа болып бөлінеді.
Қалыпты кредиторлық пен кәсіпорынның бизнес жоспарын орындау
барысында немесе есеп айырысудың іс жүзіндегі формаларымен байланыстығын
санаған жөн.
Оларға төлеу мерзімі келмеген акцептелген есеп – қисап құжаттары
бойынша жабдықтаушыларға берешек және бюджетке төлемдері өтіп берешектер
саналады.
Ақталмаған кредиторлық берешек болып бюджет пен есеп айырысу бойынша
қаржы органдарына, еңбекті өтеу бойынша кәсіпорын қызметкерлеріне.
Мерзімінде төленбеген есеп – қисап құжаттары бойынша жабдықташыларға және
т.б. мерзімі өткен берешектер саналады.
Халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарына сәйкес кредиторлық
берешектің аудиті мына шоттарда жүргізіледі;
Ұзақ мерзімді кредиторлық берешек;
4110 – Жабдықтаушылар мен мердігерлерге ұзақ мерзімді берешегі.
4120 – Енщілес ұйымдарға ұзақ мерзімді кредиторлық берешегі.
4130 – Ассоциацияланған және бірлескен ұйымдарға ұзақ мерзімді
кредиторлық берешегі.
4140 – Филиалдар мен құрылымдық бөлімшелерге ұзақ мерзімді кредиторлық
берешегі.
4150 – Жал бойынша ұзақ мерзімді кредиторлық берешегі.
4160 – Төленуге тиісті ұзақ мерзімді кредиторлық берешектері.
Қысқа мерзімді кредиторлық берешек:
3310 – Жабдықтаушылар мен мердігерлерге қысқа мерзімді берешегі.
3320 – Еншілес ұйымдарға қысқа мерзімді кредиторлық берешегі.
3330 – Ассоциацияланған және бірлескен ұйымдарға ұзақ мерзімді
кредиторлық берешегі.
3340 – Филиалдар мен құрылымдық бөлімшелерге ұзақ мерзімді кредиторлық
берешегі.
3350 – Еңбекақы бойынша қысқы мерзімді кредиторлық берешек.
3360 – Жал бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешегі.
3370 – Ұзақ мезімді кредиторлық берешектердің ағымдағы бөлігі.
3380 – Төленуге тиісті ұзақ мерзімді сыйақылар.
3390 – Басқа да қысқа мерзімді кредиторлық берешектер.
Кредиторлық берешекті тексерудің басты міндеттері мыналар:
- берешектердің төлем тәртібі сақтадғанын тексеру;
- оларды есептеуде қолданылатын бағаның, тарифтің және басқа құндық
көрсеткіштердің нақтылығын тексеру;
- кредиторлық берешек сомаларының шынайылығын тексеру;
- есептіліктерді реттеу мен кредиторлық берешекті азайту жөніндегі
ұсыныстарды дайындау;
Кредиторлармен есеп айырысу жағдайын бақылауды ұйымдастыру
келісімшарттық және есептік тәртіптің нығаюына тапсырылған ассортиментте
және төлемдік тәртіпті сақтау үшін жауапкершілікті арттыру сапасы мен
өнімді жеткізу жөніндегі міндеттемелерді орындауға, кредиторлық берешекті
қысқартуға және шаруашылық жүргізуші субьектінің қаржылық жағдайын
жақсартуға мүмкіндік береді.
Аудитор 3310 шотын тексерген кезде оның қалдығын 1210 Сатып алушылар
мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі шотымен
салыстыру керек, ал 4110 шотын тексерген кезде оның қалдығын 2110 Сатып
алушылар мен тапсырыс берушілердің ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі
шотымен сәйкестігін салыстыру керек, ол жабдықтаушылармен және
мердігерлермен есеп айырысу жөніндегі ақпаратты жинақтап қорытуға арналған:
- алынған ТМҚ мен айналымнан тыс активтер, орындалған жұмыстар мен
тұтынылған қызметтер;
- алынған ТМҚ, айналымнан тыс активтер, есеп – қисап құжаттары әлі
түспеген жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер;
- қабылдау кезінде табылған ТМҚ артығы мен айналымнан тыс активтер;
- тасымалдау мен тағы да сол сияқты бойынша алынған қызметтер.
Бұл шот бойынша есептеулер негізгі мынадай екі баыт бойынша
жүргізілуі керек:
- Қабылданған материалдық құндылықтар, орындалған жұмыс пен көрсетілген
қызмет үшін төлемнің дұрыстығын талдау.
- Жабдықтаушылардан алынған ТМҚ кіріске алудың толықтығын талдау.
Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысуды тексеру бойынша
аудитор бағдарлама жасағанда, ішкі бақылау мен есеп жағдайын анықтайтын
ішкі аудит жұмысына да, жүргізілген жұмысқа қаншалықты сүйенетіндігін
анықтауы тиіс.
Берілген құжаттардың көшірмелері негізінде қуыным өтініштеріндегі
жабдықтаушылардың кінәларының айғақтылығын анықтайды. Жабдықтаушылар және
мердігерлермен есеп айырысуды тексере келе, өткізілген операциялардың
құжаттық негізделуін анықтау, құжаттардың түпнұсқалығы мен оны толтырудың
дұрыстығына көз жеткізу, барлық ақтайтын құжаттардың болуына назар аудару,
ал жекелеген жағдайларда – ыңғайласпа тексеру өткізіп, банкіден құжаттардың
көшірмелерін сұрату керек.
Жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу операциясын бақылай
келе, аудитор бухгалтерлік өткізбелерді құрастырудың дұрыстығын тексергені
жөн. Өндірістегі шығындар есептеліп, оларды өндірістің өзіндік құнына,
шаруашылық субьектінің қаржылық нәтижелеріне әсер ететін көптеген қателерді
есепке ала отырып, есеп – шоттардағы операциялардың бейнеленуіне айрықша
назар аударылады.
Уақыты ертеде өтіп кеткен берешекті айқындау үшін оның уақытын талдай
келе, мына топтарға құрастырамыз:
- бір айға дейінгі;
- бір айдан үш айға дейінгі;
- бір айдан алты айға дейінгі;
- алты айдан бір жылға дейінгі;
- бір жылдан жоғары.
Осы уақыттар негізінде аудитор қаржылық – есеп айырысу тәртібін бұзу
дәрежесін анықтайды. Осы істер бойынша сәйкестілігіне жасалған пайымдаулар
түпнұсқаның ақтаушы құжаттарға негізделуі және бекітілуі тиіс, ол құжаттар:
шот фактура, жөнелтпе қағаздар, қолхаттар, чектер, төлемқұжаттары, түгендеу
тізімдемелері, біріктеру ведомостары, материалдық жауапты және лауазымды
тұлғалардың түсіндірмелері және т.б. болуы мүмкін.

Қорытынды аудитор шот корреспонденцияларын құрастыру дұрыстығын
тексереді.

Аудит процедурасы Ақпарат көздері
1 2
ТМҚ алуға арналған құжаттарды Шарттар, шот – фактуралар, төлем –
рәсімдеудің дұрыстығы мен бар тапсырмалары, кірістік құжаттар және
екендігін тексеру т.б.
1 2
ТМҚ – дың саны мен сапасы жөніндегі Тиісті құжаттарды жабдықтаушыға,
тілек – талаптарды рәсімдеудің темір жолға немесе кеме
дұрыстығын, нақтылығын және шаруашылығына талаптар, 8 журнал –
уақыттылығын тексеру ордер, Бас кітап және т.б.
Алынған құндылықтарды кіріске алудыңҚабылдау актілері, жүк құжаттары,
немесе орындалған жұмыс пен шот – фактуралар, кассалық кірістік
көрсетілген қызмет есебінің ордерлер, қойма есебі карточкалары,
толықтығы мен уақыттылығын тексеру материалдар есебі тізімдемесі, 6
журнал – ордер, Бас кітап, баланс
және т.б.
Жабдықтаушылар мен мердігерлерге Шарттар жобалық – сметалық
берешектің анық сенімділігін, құжаттама, орындалған жұмыс
шынайылығын, нақтылығын және актілері, шот – фактуралар, төлем
заңдылығын тексеру тапсырмалары, 6 журнал – ордер, Бас
кітап, баланс және т.б.
Вексельдерді пайдаланып, Вексель, кірістік төлем құжаттары,
жабдықтаушылармен ҚҚС алып 5, 6 журнал – ордерлер, салықтық шот
тасталғанын және олармен есеп – фактуралар, ҚҚс жөніндегі салық
айырысудың дұрыстығын тексеру декларациясы, Бас кітап және т.б.
Берілген шот корреспонденциялар Шот – фактуралар, төлем
жайлы мәліметтерді тексеру, тапсырмалары, 6 журнал – ордер, Бас
аналитикалық есеп мәліметтерінің кітап, баланс, әдістемелік ұсынымдар
синтетикалық есеп мәліметтеріне
сәйкестігі

2.БЮДЖЕТПЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУ БАҚЫЛАУ МЕН АУДИТІ

2.1 БЮДЖЕТПЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУДЫҢ БАҚЫЛАУЫ МЕН АУДИТІ

Бюджетпен есеп айырысу аудитін өткізгенде тексеруге жататын жалпы
мәселелер мыналар болып табылады:
- салық салынатын негізді анықтаудың толықтығы және дұрыстығы;
- салық мөлшерлемесінің және басқа төлемдерді қолданудың, сондай – ақ
төлемді есептегенде арифметикалық есептің дұрыстығы;
- жүргізілетін есептеулердің заңдылығы мен негізділігі және салық
төлеуде жеңілдіктерді қолдану;
- салық инспекциясына төлем түрлері бойынша есеп беруді ұсынуды
құрастырудың дұрыстығы мен өз уақыттылығы;
- бюджетпен есеп айырысудың талдамалық және жинақтамалары есебін жүргізу
дұрыстығы;
- талдамалық және жинақтамалы есептер жазбаларының Бас кітаптағы және
субьекті балансы жазбалармен сәйкестігі.
Қысқа мерзімді міндеттемелер бөлімінде Салықтар бойынша
міндеттемелер атты жеке бап бар. Оның дұрыстығын тексеру үшін мәліметтерді
Бас кітаптағы Төлеуге жататын корпоративтік табыс салығы 3110 шоты,
Қосылған құн салығы 3130, Жеке табыс салығы 3120, Әлеуметтік
салық3150, Басқа да салықтар 3190 шоттары обьектінің бюджетке төлейтін
салықтары бойынша ағымдағы кредиторлық берешегі туралы ақпараттарды
жинақтауға арналған.
Аудитор әрекет етуші заңдарды мұқият зерттеу негізінде салық төлеу
негізі мен салық мөлшерлемесінің өзгеруінің салық төлеуде жүргізілген
есептердің заңдылығы мен негізділігін ең алдымен тексеруі тиіс.
Корпоративтік салық бойынша бюджетпен есеп айырысуды және кейінгі
шегерілген корпоративті салықты тексергенде, қосылған құн салығы ,
акциздерге, бағалы қағаздармен операцияларға салық, арнайы төлемдер мен жер
қойнауын пайдаланушылар салығы, ол жалпы мемлекеттік салықтар бойынша
бюджетке төленген төлемнің дұрыстығы мен уақыттылығын тексереді.
Әсіресе, шаруашылық субьектінің салық төлемі дұрыстығын тексергенде
мына сияқты жергілікті салықтарға назар аударылады:жер салығы (Д - т 7710,
7210, 8010, К – т 3160) , жеке табыс салығы (Д – т 3550, К – т 3120) ,
әлеуметтік салық (Д – т 1620, 7110, 7210, 8010, 8020, 8030, 8040, К – т
3150) , мүләк салығы (Д – т 7110, 7210, 8010, К - т 3180)
Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеуді тексерудің негізгі
міндеті – еңбекақы төлеуде нормативтік – құқықтық актілердің сақталуына
бақылау жасау, жалақыдан ұстап қалу мен еңбекақы төлеуде бухгалтерлік
есепті жүргізудің дұрыстығын тексеру болып табылады. Бақылау барысында
қолданылатын ақпарат көздері болып 3350 Қызметкерлермен еңбекақы бойынша
есеп айырысу шоты бойынша аналитикалық және синтетикалық мәліметтер
өнімділіктің есебі және еңбекақы төлеуді есептеу жөніндегі алғашқы құжаттар
уақытша еңбекке жарамсыздық парақтары, еңбек демалысына төлемдерді есептеу,
нормативтік құжаттар, бұл операцияны реттейтін ҚР Еңбек туралы заңы,
қызметкерлердің еңбегі бойынша мәселелері жөніндегі әдістемелік ұсыныстар,
олардың орташа еңбекақысын есептеу тәртібі жөніндегі нұсқаулық және т.б.
басшылыққа алынады.
Қызметкерлермен еңбек ақы төлеу бойынша есеп айырысуларды тексеруді
әр айдың бірінші күніндегі 3350 шоты бойынша аналитикалық есеп
көрсеткіштерінің және бухгалтерлік баланстағы, бәр уақытта Бас кітаптағы
жазулармен сәйкестігін анықтап бастаған жөн. Бұл үшін Бас кітаптағы
қарастырып отырған айлардың бірінші күндегі 3350 шот бойынша тізімдеме
ведомосының жиынтық сомасымен кәсіпорын балансындағы көрсеткішімен
салыстыру керек. Айырмашылық табылғанда олардың себептерін анықтау керек.
Сондай – ақ мәліметтерді депозитке салынған еңбекақы есеп кітабы
көрсеткіштермен салыстыру керек. Сосын алғашқы құжаттардың анық
сенімділігін, толтырылу дұрыстығын, олардың еңбек ақы және еңбекті өтеудің
басқа түрлерін есептеу мен төлеу бойынша нормативтік құжат талаптарына
сәйкестігі тексеріледі.
Еңбекті уақыт бойынша төлеуде тарифтік мөлшерлеме немесе мәміле
шарттарын қолданудың дұрыстығы, кесімді еңбекақы төлеуде – жұмыстың сандық
және сапалық көрсеткіштерін орындау, нормалар мен баға қоюды қолданудың
дұрыстығы тексеріледі. Еңбек ақы төлеу есебі жөніндегі алғашқы құжаттарды
тексергенде орындалған жұмыс есебі үшін жауапты лауазымды адамдардың
қойылған қолдары бар немесе жоқтығын, барлық деректемелердің толтырылу
дұрыстығын, құжаттарда тазартылып өшірілген түзетулердің бар немесе жоғын
т.б. анықтайды.
Жұмыс уақыты мен нарядтар есебі табелін, сондай – ақ еңбекті төлеуді
есептеу жөніндегі алғашқы құжаттарды тексергенде, оларға ойдан шығарылған,
яғни жасанды тұлғаларды кіргізу жағдайлары бар немесе жоқтығын тексеру
керек. Бұл үшін оларды берген уақыттағы нарядтағы талдап шығу, нарядтар мен
жұмыс уақытының есебі табельдеріндегі жұмысшылардың аты – жөндерін, жеке
құрам есебінің және төленген сомалар туралы мәліметтерімен салыстыру керек.
Бұрын төленген алғашқы құжаттар бойынша қайталап есептеу жағдайлары бар
немесе жоқтығын, бір адамның аты – жөндері бірнеше есептеу – төлемдік
ведомостарда қайталануын тексеру де маңызды болып табылады. Кәсіпорынның
тізімдік құрамында жоқ, аз уақыт жұмыс істеген адамдарға жазылған
нарядтарға, сондай – ақ төмен сапамен орындалған жұмысты қайта жасап,
ақауды жою бойынша нарядтарға ерекше назар аудару қажет және алғашқы
құжаттармен есептік ведомостарды тексергенде арифметикалық санаудың
дұрыстығына ерекше көңіл бөлу керек.
Аудиторлық тексерудің одан әрі жүзеге асатын кезеңдері мыналар болып
табылады:
- төлемді есептеудің дұрыстығын іріктеп тексеру;
- жұмыстың қалыпты жағдайларынан ауытқуымен байланысты болатын қосымша
еңбекақыны рәсімдеу тәртібі;
- құжаттық рәсімдеу мен іріктеп тексеру;
- өнімнің ақауын құжатпен рәсімдеу мен оны төлеу;
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Міндеттемелер аудиті
Қаржылық аудиттің әдістемесі
Кредиторлық берешек аудитінің есебі
Ұзақ мерзімді несиелерді өтеу
Ақша қаражаттар қозғалысының аудиті
Ақша қаражаттар қозғалысы және iшкi аудитi
Дебиторлық және кредиторлық берешек
Дебиторлық және кредиторлық берешектердің есебі және аудиті
Еңбекақы төлеу. Еңбекақы есебі
Кәсіпорынның өндірістік шаруашылық қызметіне талдау
Пәндер