Ахмет Байтұрсынұлының фольклорды жіктеуі



I.Кіріспе.
Қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы.
II.Негізгі бөлім.
Ахмет Байтұрсынұлының фольклорды жіктеуі.
III.Қорытынды.
«Ұрпақпен жалғасып»

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

I.Кіріспе.
Қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы.
II.Негізгі бөлім.
Ахмет Байтұрсынұлының фольклорды жіктеуі.
III.Қорытынды.
Ұрпақпен жалғасып

I.Кіріспе.
Ахмет Байтұрсынұлы (1873-1938) XX ғасырдың басында қазақ халқы аса ірі қоғамдық-саяси өзгерістермен қатар ауқымды рухани жаңғыруларды да бастан кешті. Ұлттық мәдениет пен әдебиеттің, білім мен ғылымның туын көтерген, жұртшылықтың санасына демократиялық ойлар сіңіріп, алға жетелеуге ұмтылған зиялы топ қалыптасты. Халықтың зердесіне сәуле түсіріп, санасын оятқан осы топтың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлы еді. Қазақ әдебиеті мен әдебиеттану ғылымының, тіл білімінің атасы, ұлы түрлендіруші-реформаторы атанған ол өзінің алдындағы Шоқан, ЬІбырай, Абайлардың ағартушылық, демократтық бағыттарын жалғастыра отырып, өз заманындағы тұтас бір зиялы қауымның төлбасы болды.
"Өнердің ең алды - сөз өнері саналады. "Өнер алды - қызыл тіл" деген қазақ мақалы бар. Мұны қазақ сөз баққан, сөз күйттеген халық болып, сөз қадірін білгендіктен айтқан. Алдыңғы өнердің бәрінің де қызметін шама қадарынша сөз өнері атқара алады, қандай сәулетті сарай болсын, қандай сымбатты әрі кескінді суреттер болсын, қандай ән-күй болсын, сөзбен сөйлеп суреттеуге, көрсетуге, таныстыруға болады. Бұл өзге өнердің қолынан келмейді" деп жазады Ахмет Байтұрсынұлы. Әдебиеттің көркем бейнелеу құралдары, жанрлары жөнінде талдау жасай келіп, А.Байтұрсынов олардың, әрқайсысына әлемдік әдебиеттану ғылымындағы атауларға сәйкес дәлме-дәл қазақша балама атаулар береді. Бүгінгі қазақ әдебиеттану ғылымында қолданылып жүрген ұғымдар мен категориялардың атауларын термин дәрежесіне көтеріп, қолданысқа енгізген Ахмет Байтұрсынұлы дейтініміз сондықтан. Әдебиеттің жанрларын айқындау, тарихи кезеңдерге, бөліп қарастыру мәселесінде де бұл еңбекте көптеген тұжырымды ойлар айтылады. Бұлардың кай-қайсысы да қазақ әдебиеттану ғылымындағы жаңалық болатын. Сонымен қатар, "Әдебиет танытқышта" Ахмет Байтұрсынұлы аса бай фольклорлық материалды пайдаланды. Теориялық қисындарды қазақ ауыз әдебиетінен және баспасөз беттеріндегі қазақ ақын-жазушыларының шығармаларынан алынған мысалдар арқылы бекітіп отырды. Ахмет Байтұрсынұлының шығармалары қалайда халықты ояту, оның санасына, жүрегіне, сезіміне әсер ету жолдарын іздеген ақын айналып келгенде, ұлы Абай тапқан соқпақ, орыс әдебиеті үлгілерін пайдалану, аударма жасау дәстүріне мойынсынады.
Ахмет Байтұрсынов бай педогогикалық мол мұра қалдырды.
Ахмет Байтұрсынов өзінің ғылыми педогогика тәрбие процесінің ерекшеліктерін негізгі кезеңдерін басқа құбылыстармен байланыстырып қарастырады.Олардың заңдылықтарын анықтайды.
Ғылыми философия құлықтық және эстетикалық тәрбиеге байланысты мәселелер зерттеуде педогогика этикамен, эстетикаға ал оқыту мен білім беру проблемаларын зерттеуде таным теориясына сүйенеді.
Педогогика ғылымы философиялық білімді басшылыққа алып, тәрбиенің теориялық және практикалық мәселелерін шешуге үлесін қосады.
Ахметтің жастарға ұсынған адамгершілік жолы адалдық және ғылымды игеру. Ол үшін жастарды адал еңбек етуге, өз мінін өзі көріп түзете білуге шақырады, бар білмнің түп төркіні ақыл деп қорытындылайды.

II.Негізгі бөлім.

Сауықтама саласы.
1.Ермектеме.
Ермектеме деп ермек үшін сөйленетін сөздер айтылады.Ол өзара:ертегі,ертегісімек,аңыз әңгіме,өтірік өлең,жұмбақ,бас қатырғыш деп бөлінеді.
1.Ертегі.Барлық елдің ауыз әдебиетінен мол орын алған және халықтың жазу-сызу өнері болмаған кезінде ауызша шығарған күрделі шығармасының бір түрі-ертегі. Ертегі қиялмен қисынын келтіріп,қызықты ету мақсатпен шығарған әңгімелер.Олар көбінесе,қара сөз ретінде айтылатындықтан,оны халықтың ерте заманда шығарған көркем әңгімесі ретінде қарастыруға болады.Ертегінің ішіндегі уақиғалар,уақиға мен нәрселердің көбі дүниеде жоқ,қиялдағы уақиға мен нәрселерге сай құрылады.Сондықтан әдебиет тарихшылары ертегілерді адамның жоққа нанған шағындағы сөзі деп есептейді.Халық әдебиетінің басқа түрлері секілді,ертегілер де адам баласының еңбек ету,тұрмыс-тіршілік құру тәжірибесіне,өмір сүру жағдайларына байланысты құрылған.Ертегілер адамзаттың жаратылыс құбылыстарын,табиғат сырын ілі жетік білмеген тұсында пайда болуына байланысты қиял-ғажайыпқа көбіне-көп негізделеді.Оның себебі:ауыр еңбекті жеңілдету,тұрмысын қолайлы етіп құруындағы адамдардың арманы болып табылады. Ертегілер солай болуға тиіс,жөні де бар.Ертеде шыққан әңгіме екендігі ертегі деген аты да көрсетіп тұр.
Халықтың қиялынан туып,ертегіге қосылған ұшқыш кілем,жүрдек етік,ұр тоқпақ,жанды су алғашқы кезде адамға қас күштердің қолында болды.Кейіннен оларды-ертегінің жағымды кейіпкерлері қолға түсіреді де,адам баласының керегіне жаратады.Сол нәрселерді пайдалана отырып,адамдар мақсат-мұратына жетеді;жауларын жеңіп,жаратылыстың құпия сырларын ұғына бастайды,сөйтіп,табиғаттың мылқау күштерінен қорықпайтын халге жетеді.Осыдан кейін ертегілерден ертедегі адам баласының табиғаты өзіне бағындыру жолындағы жасаған ерлік істерінің,армандарының қалай жүзеге асқандығын аңғаруға болады.Әрине,ертедегі армандардың ...тудырған шығармалары көбінесе ескі нанымға,дінге сүйенген,сөйтсе де,олар көркем әдебиет жасаған (М.Горький). (Халық ауыз әдебиеті,М.Ғабдуллин,Б.Ысқақов. Мектеп баспасы,1958.28 бет)
Ертегілер өтірік болғанымен,мағынасыз болмайды.Өтірік дейтініміз,ертедегі табиғат сырын түсіне алмаған Көбінесе ішкергі астарлы мағынасымен өнегелі келеді.Жақсылық, жамандық, достық,қастық, арамдық,адалдық,батырлық,қорқақтық, ептілік, шорқақтық, қулық, аңқаулық, тағысын тағы сондай жақтан өнеге болу,тәлім-тәрбие беру мақсатымен шығарған әңгімелер екендігі сезіледі. Бірақ ертегі дүниедегі қалыптың жағдайына қарамай,бәрінен қиял бетінен өтеді.Сондықтан ертегіде жаны жоқтар жанды болады,тілі жоқтар тілді болады.Бір нәрсе екінші нәрсенің түріне түсіп кетеді.
Ертегінің қадірі қанша деп сұрағанда керектігіне қарай жауап беріледі.Ертегінің керек орындары:1.Халықтың ұмытылған сөздері ертегіден табылмақ.Олай болса,ертегі тіл жағынан керек нәрсе.2.Бала әдебиеті жоқ жерде ертегі баланың рухын,қиялын тәрбиелеуге зор керегі бар нәрсе.Баланы қиялдандыруға,сөйлеуге үйретеді.3.Бұрынғылардың сана-саңлау,қалпы-салты жағынан дерек берумен керегі бар нәрсе.
Ертегі-халықтың ескіден қалған жұрнақтарының қордасы.Ол қорда қазір де шашылып,төгіліп,жылдан-жылға азайып барады.Ғылымды жұрттар бұрынғы адамның тұрмысын,қалпын жорамалдап,аз да болса білу үшін жердің астынан қазып,тұтынған нәрселерінің жұрнағын табуға қанша еңбек қылады.Біздей тарихы жоқ халыққа ертегіге қарап,ертеде болған аталарымыздың қткен тіршіліктерін жорамалдауға болады.Сондықтан елде тұрған адамдар ертегілерді жинап,жоғалмасына қам қылу борышым деп білуі керек.
Қазақта ертегі көп,мұнда бірнешеуін атап өтеміз.1. Қара батыр 2. Тазша бала 3. Алтын айдар,Хан 4. Шынтай 5. Еркем айдар. 6.Әжігелді.7 Арам бейіл,ақ бейіл8. Хан қызы 9. Тазша10. Түлкі алдауы 11. Дуадар қыз12. Үш ұл13. Балықшы жігіт14. Қара көз сұлу.
2.Ертегісімек.Ертегісімек деп ертегіге ұқсас,бірақ ертегіден көрі әдемірек,шынға бейімірек,тұрмысқа жақынырақ,дүниеде болуға ықтималы молырақ түрде шығарған әңгіме айтылады.Ертегісімек шынға жақын әңгіме болады.Оған қазіргі қолданыстағы аңыз әңгімге жатқызуға болады.Мысалы: Алдар көсе, Жиренше шешен т.б.
3.Өтірік өлең. Өтірік өлең - қазақ халқының тұрмыс салтына байланысты туындаған ауыз әдебиетінің көне үлгісі. Шендестіру арқылы бір заттың екінші заттан өзгешелігін, артықтығын көрсету өтірік өлең жанрының басты ерекшелігі саналады. Өтірік өлең әзіл-оспаққа құрылып, көбіне той-думанда, ойын-сауықтарда айтылған. Халық поэзиясында айрықша тапқырлық пен өмір шындығын өзгертіп, қисынсыз түрге келтіріп айтудың шеберлік белгісі ретінде бағаланған. Өтірік өлеңде суреттелетін оқиға желісі нақтылы шындықтан алынғанымен, ондағы іс-әрекет шынайы өмірге жанаспайды: "Аспанға алты жерден тіреу қойдым, Той қылып, мың масаны сонда сойдым" деген сияқты фантастикалық қиялға, күлкіге құрылады. Өтірік өлеңде әсірелеумен қатар бейнелеу, теңеу тәсілдері арқылы көркем бейнелер жасалады, қиыннан қиыстырылған тапқырлық, ойдың өткірлігі мен логик. жүйенің қисыны сарапқа түседі. Ақыл-өрісін кеңейтетін фантазиялық қиялдың шарықтауы көрініс тауып, әсіресе ғылыми-техникалық жаңалықтар шынға бергісіз ойға құрылған сан қилы өтірік өлеңдер туындатады. "Бір күні, күн шыққан соң, таңда тұрып, ойыншық - резинка шарға мініп, Жөнелдім қуып екі жер серігін, Дем алдым Ай қасында жолда отырып" деген сияқты жаңа сипаттағы қиялға құрылады. Өтірік өлеңнің "Қырық өтірік" ертегісі үлгісінде айтылатын нұсқалары бар. Өтірік өлеңдер кейінгі кезде айтыстың жеке жанры ретінде жаңа сипатта көрінді. Бұған І.Алтынбаев пен Ә.Ақылбаев секілді ақындардың өтірік өлең айтысы (1984) айқын дәлел бола алады.
Өтiрiк өлең - қазақ халық поэзиясындағы ерекше қызғылықты, балалар құмарта тыңдап, қызыға жаттап алатын фольклорлық жанр. Өтiрiк өлеңдi бүлдiршiндер ғана емес, үлкендер де сүйсiне тыңдайды, тiптi бүгiнгi айтыста да бұл жанр тiрiле, жаңа қырынан танылып жүр. Тiптi, теледидар бағдарламаларына да арқау болып жүр. Сол сияқты халық Тазша баланың қырық өтiрiгi жөнiндегi ертегiнi де ұрпақтан-ұрпаққа қастерлей жеткiзiп келедi. Бұл өтiрiк өлеңнiң қазақ фольклорындағы көне де, дәстүрлi жанр екендiгiн көрсетедi. Қазақ өтiрiк өлең нұсқаларының хатқа түсе бастауы ХIХ ғасырдың екiншi жартысынан басталады. Оның алғашқы нұсқасын В.В.Радловтың қазақ фольклорына арналған жинағынан кезiктiремiз. Өтiрiк өлең үлгiлерiн жинап бастыруға Ә.Диваев, С. Сейфуллин, I.Жансүгiров сияқты белгiлi адамдар да ат салысқан. Бұл орайда, әсiресе, I.Жансүгiров құрастырып, алғысөз жазған Ел өтiрiгi атты жинақты ерекше атаған жөн. Кейiнгi кезеңде өтiрiк өлеңдер жинағы әлденеше рет жарық көрiп келедi . Ел арасында өтiрiктiң қарасөзбен айтылатын түрлерi де мол ұшырасады. Тiптi, әр ауылдың өзiнiң қиыннан қиыстырып: Өтiрiктi шындай, ақсақты тыңдай қылып әңгiмелеу арқылы халық құрметiне бөленген адамдары болған. Бүгiнгi күндерi баспасөз бетiн көрiп жүрген Әлiмжанның өтiрiгi, Сұраубайдың өтiрiгi, Судырахметтiң өтiрiгi делiнетiн әңгiмелер, бұған айқын дәлел. Е.Ысмайылов өтiрiк өлең қиыстырудың салдар салтында да болғандығын айта келiп: Салдардың... өлеңдерi де өз мiнездерiне сай өтiрiк, қыңыр мағыналы, қисынсыз құралған күлдiргi болып келедi. Жантұрған сал өзiнiң бiр құрбысына кездескенде:
Алабас ит көрдiң бе шiдерлеулi,
Әр ауылдың көлiнде оттап тұрған, -

деп бастайды өлеңдi. Тағы бiр тентек салдың өлеңiнде:
Көп сиырдан туады жирен айғыр,
Шоқаң-шоқаң қойға қасқыр шабады.
Боталы iнген, тайлақтар көкте ұшып жүр,
Буынғаным белiме сексен арқан, - деп жазады. Әрине, салдардың өлеңi дәстүрлi өтiрiк өлеңнен өзгешерек, дегенмен арғы тектерiнен түбiрлес жақындық та табылатындай. Үлкендерге арналған өтiрiк өлеңде әрқашан әлеуметтiк салмақ жатады, қарама-қарсы жағдайларды қиюын келтiре ұйқастырып, сол арқылы өмiр шындығын көрсетiп, байдың сараңдығын, ханның қаталдығын күлдiре отырып сынау ерекше тапқырлықты қажет етедi. Халықтық өтiрiк өлеңдерде осы тапқырлық өте мол-ақ. Қазақтың ертедегi салты бойынша, ойын-сауық кездерiнде айтылатын өлеңнiң бiр түрi - өтiрiк өлең - дей келiп - нақтылы деректердi мол шеберлiкпен үдеген фантастикалық дәрежеге жеткiзу, адамның ойына келмейтiн өтiрiк әңгiмеге айналдыру қазақ ауыз әдебиетiндегi өтiрiк өлеңдер түрiнiң негiзгi бiр ерекшелiгi болып табылады , - деп көрсетедi М.Ғабдуллин. Әрине, балалар репертуарындағы өтiрiк өлеңдердiң ересектер жырынан айырмашылығы бар. Ең алдымен үлкендер өтiрiк өлеңдерiндегi салмақты әлеуметтiк жүк балалар өлеңдерiнде байқала бермейдi. Олардың құрылысы қарапайым, ұзақ-сонар сюжет жоқ. Көбiнесе төрт жолдан тұратын қара өлең үлгiсiндегi қысқа шумақтардан келедi. Өлеңдерде шендестiрiлетiн заттар, жан-жануарлар да балаларға күнделiктi өмiрден таныс болып келедi. Оның мысал үлгiлерi мынадай:
Мiнiп алып құртқа,
Өрмеледiм бұлтқа.
Алып келiп Айды,
Көрсеттiм көп жұртқа.
Немесе:
Жасадым жұмыртқадан алтын табақ,
Сүңгi мұзды боршалап еттiм тамақ.
Шегiрткенiң сирағын қасық жасап,
Ертеден кешке дейiн iштiм шалап, -
деп келедi.
Өтiрiк өлең бала қиялын ұштауда, бейнелi ойлауға жетелеу, ұтқырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеуде аса маңызды рөл атқарады. Сондықтан да халық ақындары мен балалар жазушыларының шығармашылығында бұл жанр жалғасын тауып өрiстi дамып келедi. Бүгiнгi күн тақырыбына арналған өтiрiк өлеңдердi Балдырған, Ұлан, Ақ желкен сияқты газет-журнал беттерiнен бүлдiршiн оқырмандар ынтыға оқиды. Бұл өлеңдерде ғылым мен техниканың жаңалықтары өтiрiк өлеңнiң көне формасымен жымдаса астасып келедi. Мәселен:
Пойызға арттым жалғыз қауырсынды,
Тарта алмай тепловоз ауырсынды.
Тышқанға қоса тiркеп берiп едiм
Жүйткидi әлгi пойыз дауыл сынды.

деген сияқты өлеңдерде қауырсын мен тышқан көне өтiрiк өлеңнiң кейiпкерлерi бүгiнгi - тепловозбен қатар әрекетте жүр. Қазiргi өтiрiк өлеңнiң қызық табиғатын ... бiздiң заманымызда туған өтiрiк өлеңдер - адам қиялының, арманының өрiсiн кеңейтетiн, қиыннан қиыстырып көп болжаулар жасауға мүмкiндiк беретiн және ұтымды пiкiр тудыратын қызықты жанр.Өтiрiк өлеңнiң көлемiнiң үлкен, кiшiлiгiне қарамастан олардың негiзiнде iс-әрекет, белгiлi сюжет болады. Сюжеттiк желiге арқау болған күлкiлi әрекеттер бала жанын баурап отырады. Және ол iс-әрекеттер шектен тыс әсiрелене гипербола немесе шектен тыс кемiтiлген литота көркемдiк тәсiлдермен шендестiрiле сипатталады. Өтiрiк өлеңнiң көлемi неғұрлым ұзақ болған сайын ондағы iс-әрекет бiрден-бiрге дамып оқиға күрделенiп, фантастикалық бояу қоюлана бередi. Ал қысқа өтiрiк өлеңдерде үлкен кiшiрейтiлiп, әлсiз-күшейiп, ұзын-қысқарып, биiк-аласарып деген сияқты әдеттегi үйреншiктi жағдайлар адам сенгiсiз кереғар кейiпте сипатталады. Сондықтан да орыс фольклортану ғылымында бұл жанрды перевертыши деп те атайды. Сондай-ақ, бұл жанр әлем халықтары фольклорының барлығында да бар. Өтiрiк өлеңнiң бұлайша барша халықтар фольклорына ортақ балалардың сүйiктi мұрасына айналып, ерекше өмiршең сипат алуында үлкен мән бар. Оның ең басты себебi бала психологиясының табиғи ерекшелiктерiне етене жақындығында.
Бала үшiн айналадағының бәрi жұмбақ. Ол сол жұмбақ сырдың құпиясын ашуға құмар. Иә, өтiрiк өлеңде жұмбақ сырдың қандай шешуi бар дерсiз. Мәселе сонда, бала өтiрiк екендiгiн түсiну үшiн алдымен шындықты бiлуi керек. Бала сол бiлгенiн өлеңдегi өтiрiкпен салыстыра отырып ойына бекiтедi. Өтiрiк өлеңнiң бар құдiретi де осында. Ол бала қиялына қанат бiтiредi. Өмiрдегi күнделiктi құбылыстар өтiрiк өлеңде өзгеше қызық түрге енiп шыға келедi.
Үш жастан мергеншiлiк кәсiп қылдым,
Ши оқпен мың құланды атып қырдым.
Ауынан өрмекшiнiң кiлем тоқып,
Ұялмай жүз тоқсаннан сатып тұрдым
Өтiрiк өлең жөнсiз қиыстырылған сөздердiң ұйқасы ғана емес, онда белгiлi заңдылық, логика бар. Бала ойын жетелейтiн де осы ақылға сыйымды өтiрiк. Балалардың өтiрiк өлең ойынының бар қуат-күшi дәл осы өзiнен-өзi емтихан алатын тексерiс сынақтар , - деп үлкен келелi ой айтады. Яғни, өтiрiк өлеңнiң астарындағы күлкi туғызатын жеңiл әзiл, юмор, баланы үлкен рахатқа бөлейтiн рухани азық. Және ол күлкi - ойлы күлкi. Бала күлу үшiн алдымен күлкiнiң көлеңкесiндегi шындықты тануы керек. Бала шындық пен өтiрiктi салыстыра отырып өлеңмен өрiлген ұшқыр қиялды, тапқырлықты, шеберлiктi таниды. Сондай-ақ өтiрiк өлең қай халықтың болмасын тұрмыс-тiршiлiгiмен, өмiр салтымен iштей берiк байланысып жатады. Дүниенiң ауыры үрген қарын, Тай серкеге мiндiм де жорға салдым, Арқан естiк зор торғай шудасынан деген сияқты үзiндiлер қазақы тiрлiк қана туғызатын жыр жолдары. Өтiрiк өлең бала тiлiн сындыруға, оның ана тiлiндегi небiр бейнелi оралымдарды, дыбыс пен сөз ойнатудың тәсiлдерiне үңiлуге баулитын, өлең жаттап, тiптi өзiнше өлең шығаруға да жолбасшы болатын жанр.Өтірік өлең қалай шыққанын сөйлейтін ертегі бар;ол ертегінің қысқаша мазмұны-қырық ауыз қисынын келтіріп өтірік өлең айтқан адамға хан қызын берем деген.Соған біреу қырық ауыз өлең айтып,қызын алған дейді.Өтірік өлең түрлері мынадай келеді:

Бақа қызын беріпті көбелекке,
Жүріпті қара шыбын жеңгелікке.
Құмырсқаның бір туын ұстай сойып,
Той қылып,ат шаптырды төңірекке.

Ақ тышқанға күмістен таға қылдым,
Көр тышқанның терісінен жаға қылдым.
Көбелектің терісінен жыртпай сойып,
Он бес қарыс жиындық саба қылдым.

Он бес жігіт жиылып көтере алмай,
Енді саба қылмасқа тоба қылдым.

4.Жұмбақ.Жұмбақ деген аты жұмудан шыққан:яғни қолдың ішіне бір нәрсені жасырып,жұмып тұрып,соны тап дегеннен шыққан.Жұмбақта нәрсені қолға жұмып тұрып таптырмайды.Ойда бүгіп айтпай қойып,сол нәрсеге ұқсас нәрселерді сипаттап айтып,ұқсастығы бойынша таптырады.Жұмбақ-зейінді ұстартуға пайдасы бар нәрсе.Мәселен,арбаны жұмбақ қылғанда,адамға тәріздеп былай сипаттайды:
Ізі бар,қадамы жоқ аяғының,
Тимейді үші жерге таяғының.
Қолдарын хайуанға арта тастап,
Салады әуезіне баяғының.
Киіз үйді жұмбақ қылғанда,айдаһар тәріздендіріп былай сипаттайды:
Дүниеде бір айдаһар,білесіз бе?
Жаны жоқ қимылдауға денесінде.
Ішінде сүйектері бақша-бақша,
Жарқылдар жалғыз көзі төбесінде.
Құлыпты жұмбақ қылғанда,ит тәріздендіріп,былай дейді:
Таң қаларлық бір ит бар,
Үй бағады,үрмейді.
Аяғы жоқ жүрмейді,
Көмейін тықсаң сөйлейді,
Тілін адам білмейді,
Ұлықсатсыз сол иттен
Адам үйге кірмейді.
Басқа нәрсе тәріздендірмей,тек өз сипаттарын ғана айтып жұмбақтау бар.Мәселен,балықты жұмбақ қылғанда былай сипаттап көрсетеді:
Бір нәрсе,қанаты жоқ,ұшпас биік,
Сонда да жүрмейді екен жерге тиіп.
Арасын жер мен көктің өрт алса да,
Кетпейді ешбірр жері отқа күйіп.
Я болмаса бір ғана нәрсеге ұқсатпай,әр мүшесін әр нәрсеге ұқсатып,сипаттап жұмбақтау да бар.Мәселен,шегірткені былай жұмбақ қылады:Ат басты,арқар мүйізді,бөрі кеуделі,бөкен санды,құс қанатты,құмырсқа ізді,бота тірсекті.
5.Жаңылтпаш.Жаңылтпаш -- қазақ ауыз әдебиетінің шағын жанры. Жаңылпаш ойын-сауыққа жиналған жұртты күлдіру; жас ұрпақтың тілін ұстартып, әр түрлі сөзді шапшаң айтуға үйрету мақсатымен пайда болған. Жаңылпаштың сөздері адамды жаңылдыратындай қиын, көбінесе, ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстардан құралады, қара сөз немесе өлең түрінде болады. Жаңылпаш ойын-сауықтарда ән білмейтін, жатқа тақпақ айта алмайтын жастарға жаза ретінде де қолданылған. Мұндай ұятты жағдайға қалмас үшін әр жас жігіт пен қыз ән-жыр үйренуге талпынған. Қазіргі кезде Жаңылпаш жаңа мазмұнға ие болып, түрі мен мазмұны жағынан молыға түсті. Жас ұрпақты достыққа, бірлікке, адамгершілікке, ізгі қасиеттерге тәрбиелеудің маңызды құралына айналды. "Қамаштан көріп қалашты, Қалашқа Жарас таласты, Бөлінсін десең қалаш тең, таласпа Жарас Қамашпен" сияқты тәрбиелік мәні зор Жаңылпаштар бала бақшалар мен мектептерде жиі қолданылады.
Жаңылтпаш - қай халық фольклорында болмасын кең таралған жанрлық түр. Қазақ жаңылтпаштарына да зерттеушiлер ертеден назар аударып келедi. Оның тұңғыш хатқа түскен үлгiлерiн Ә.Диваев, М.Ф.Гаврилов жазбаларынан кезiктiремiз. Кейiнгi кезеңде жаңылтпаштар балаларға арналған мерзiмдi басылымдар да жиi жарияланып, жеке кiтап та болып басылып шықты. Жаңылтпаш деген аты жаңылтудан шыққан. Қатарынан қайта-қайта шапшаң айтқанда, иә тiл келмейтiн, иә тiл басқа сөз қылып бұзып кететiн сөздердiң басын құрап, келiстiрген шығарма жаңылтпаш деп аталады, - деп дәйектейдi алғаш рет оның ғылыми анықтамасын А.Байтұрсынов. Ертеректе, жаңылтпаш балалар ғана емес, ересектердiң де ермегi болған. Бiрақ ол үлкендер арасында басқашалау қызмет атқарған. Ерте кезде ойын-сауықтарда жаңылтпаш айтқызу қазақтың салты болған. Жаңылтпаш жиналған жұртты күлдiру, тiл ұстартуды көздеумен қатар, ол өлең, ән бiлмейтiн жастарға берiлетiн жазба есебiнде қолданылған , - деп жазады белгiлi фольклорист ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ахмет Байтұрсыновтың мысал жанрын оқыту
Қазақ әдебиетіндегі мысал жанрының дамуы
МЫСАЛ ЖАНРЫН МЕКТЕПТЕ ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
Мысал жанрының ерекшелігі
Ахмет Байтұрсынов өмірі мен шығармалары
Қазақ әдебиетіндегі мысал жанрының маңыздылығы мен оның зерттелу жолы
ҚАЗАҚ ФОЛЬКЛОРЫН ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ: ХХ ҒАСЫРДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫСЫ
Ахмет Байтұрсыновтың мысал жанры
Тұрмыс-салт жырларының жанрлық түрлері мен зерттелуі
Графиканың қалыптасуы және дамуы
Пәндер