Қазақ әйелдеріне тән киімдер



Тон
Ішік
Тұлып

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ әйелдеріне тән өзіндік ерекше киім- кимешекті ақ мата, кейде жібек
матадан тігіп, жиегін көмкеріп, сан алуан түрмен әшекейлеп дайындайды.
Кимешек- шылауышты жас келіншектер, орта жастағы әйелдер, кемпірлер
киеді.Салт бойынша кимешекті келіншек балалы болғаннан кейін киеді. Бұған
келіншек өзі де дайындық жасайды. Енесінің, абысын-ажынының көмегімен
кимешек пішіп, әшекей кестелерін өзі тігеді.
Кимешек кеуде,иық, жонды жауып тұратыи тұйық, ал адамның бет-әлпеті шығып
тұратын жері ойық болады. Кимешекті басқа сәйкестіре пішіп, тігеді. Ол
шықшыт, жақ, кұйрықша аталатын негізгі бөліктерден тұрады: оның иекті
айнала маңдайды жауып тұратын екі жағын шықшыт; алдыңғы, яғни өңірге
түсіп тұрған бөлігін жақ; ал адамның белінен төмен шашты жауып тұратын
ұзын ұш бар бөлігін құйрықша деп атайды.
Кимешектің кеуде жағын, бет жақтауларын көмкеріп кестелейді. Бет
жақтауларын кестелеуде ашық түсті жіптер таңдалады және кесте тігу
техникасының бірнеше түрлері пайдаланылады. Алғашқы тігіс шалу мұны
алқым шалу деп те атайды. Алқым шалудан кейінгі жадағай тігісті су деп
атайды. Судан кейін қиықшалап тігеді. Қиыкшадан кейін су жүргізіп,
құман бау деп аталатын әшекей тігіспен тігеді. Құман баудан соң күрең
кесте деп аталатын ою-өрнек салынады. Күрең кестеден кейін сағат бау
тігісі жүреді.
Жиын- тойларға киіп баратын кимешектердің тігісін бойлай күміс тағымдар
кадап, кеудесі мен жауырын бөліктерінің төменгі құйрық шеттеріне шашақтар
тігеді, кейде күміспен, тана моншақтармен шеттіктеледі немесе жылтыр
жіптермен бастыралып, сырыла тігіледі. Төбесінен төбелдірік деп аталатын
арнайы дайындалған жеке әшекей таққан.
Жаулық- қазақ әйелдерінің ары, ажары, беделі мен көркі, егде әйелдердің
басына орап тартатын ең негізгі баскиімдерінің бірі. Әз әжелерді, асыл
аналарды ардақтағанда ақ жаулықты деп дәріптеуі сондықтан. Жаулықты ақ
түсті матадан немесе ақ жібектен тігеді. Жаулықты кимешектің үстіңгі
жағынан тартады. Жаулық әр ру, елде тартылу тәсіліне қарай әртүрлі аталған.
Кейбір жерлерде жаулықтың маңдай түсына, ішіне қатты қағаз салып ораған.
Мұндай жаулыктар биік әрі көрнекті болғандықтан, әжелер мәртебесі мен
ажарын көтере түскен. Ертеде мұндай жаулыктарды көбінесе бәйбішелер киген.
Мұндай күрделі оралатын жаулықтарды түйреуіштер арқылы бекітіп бөрік сияқты
оралған күйінде шешіп, киген.
Қасаба- үшкірлеу төбесіне бір шоқ қауырсын қадап, маңдай тұсын түгелдей
асылтас , алтын, күміс әшекейлермен безеп, оң жак самай тұсына 5-6 қатардан
ілмелі моншақ күміс қоңыраушалар байлап, ұзын салпыншақты етіп жасаған қыз
тақиясының бір түрі (Р.ІІІойбеков 7 Ана тілі 1991. 18-сәуір.). Көнетүркі
(қыпшақ) баскиімнің негізгі элементтерін бойына сіңірген қасаба атауы
алтын зерлі деген мағына береді дейді этнограф Ө.Жәнібеков. Қасаба көбіне
төре, сұлтандардың қыздары киетін баскиім саналған.
Қасаба күрең немесе көгілдір түсті жібек, ши барқыт, пүліш, дүрия, шұға,
парша секілді маталардан тігіледі. Қасаба- тұрпаты дөңгелек, желкесіне
қарай ойыңқылау келген, дөңгелек такияға ұқсас етіп пішіледі де, артқы
жағына немесе желкесіне қарай бірте-бірте ойытқы түскен құламасы болады,
ұшы әйелдің арқасына қарай төгіліп жатады. Айдыны зерлі жіптермен
кестеленіп, қиылысқан жерін алтын жолақпен жауып, зерлі әшекеймен
безендіреді. Құламасына шашақтар тағылады. Шашақтың көп тағылуын ұрпагы
көбейсін деген игі тілекпен түсіндіруге болады.
Тон- үлкен кісілер, әйелдер, балалар да киетін ортақ сырткиім. Тонның
ұзын,кысқа түрлері де болады. Ол әр адамнын бой- тұрқына лайықты үлгімен
пішіледі. Үлкен кісілерге арналған тон кен әрі етегі тізеден төмен түсіп
тұрады, жеңі қолдың басын тұтас жабады. Жігіттер мен келіншектердің тоны
жүріс-тұрыска, жұмыс істеуге кедергі келтірмейтіндей, аяқ -қолға оралмай,
еркін қимылдауга мүмкіндік беретіндей етегі қысқалау қалыпта тігіледі. Ал
қыздар мен балалар киетін тон олардың бойына шақ, жүріс- тұрысына сай
пішіледі.

Ерлер қамқа тонның ішінен бау байлап, сыртынан белбеу буынады. Тонның
ішкі бауындай деген тұракты сөз тізбегі осыдан қалған болуы мүмкін. Ал
әйелдер тоны қаусырмамен түймеленеді.

Тон денені суықтан қорғап, жылылықты мол сақтайды. Қазақтың тоғыз қабат
торқадан тоқтышағымның терісі артық деуі бекер емес. Ас- аттынікі, той
тондынікі дегенге қарағанда ертеде тонның сәндік киім қатарында болғандығы
байқалады.
Тонның сан ондаған түрлері бар: қырмыз, жарғақ, бүрме, сеңсең, қамқа,
барша, оқылы, тайжақы тон, бас тон, көк тон т.б. Кейбір деректерде тонның
қаптама, қамзолша деген түрінің болатыны көрсетілген.
Тонның ең әдемі, жылы, қымбат бағалысы қамқа тон. Оны бұрын хан, би, бай,
мырза, ханша сияқты ауқатты, белгілі адамдар киген.
Тон тігісіне, үлгісіне қарай қималы, бүрмелі деп аталады. Тонның белі
тарылып тігілетіндері кынамалы, кынамайтындары қаптал деп аталады.
Тондар жасалған шикізатына, яғни мал немесе аң терісінің атауына байланысты
да аталған. Айталық, жаңа туған қозы, лақтың терісінен тігілсе, елтірі тон,
2-3 айлық болған жүні ұзарыңқыраған немесе жүні өскелең келген күздік
теріден тігілген болса, сеңсең тон, қасқыр терісінен болса, қасқыр тон
делінеді. Сеңсең елтіріден гөрі өскелең, сала-сала болып, бұйраланып
тұрады. Сондай-ақ алтынды, кестелі, қамқа, қылқа, оқалы тон, сусар тон,
жібек баулы тон деген түрлері ертеде болғандығын атауынан білеміз.
Жарғақ тон- құлын, тай, лақ, бөкендердің жаздық, жүні тақыр, шелі аз
терілерінен түгін сыртына, тері жағы ішіне қаратылып тігілген сырткиім
түрі.
Жарғак деп аталатын тон түрін көбінесе жауын-шашында киім сыртынан киеді.
Ертеректе ауқатты адамдар киген, жылқы терісінен тігілгіен, қазір өте сирек
кездесетін, жағалы әрі асыл сырткиімдердің бірі- жақы. Ол тек жылқы
терісінен тігілгендіктен құлын жақы, тай жақы, құнан жақы деп бөлінеді.
Жақы тіктіру үшін жылқы ішінен қара, қоңыр (торы) немесе ала ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Төбетей - теріден тігілген матадан тігілген кішкентай бас киім
Исламдағы әйел мәселесі
Қазақ халқының ұлттық киімдері
Әйелдер басылымдарының дизайны
«Орыс өзенінің маржандары» атты сән үлгісін жобалау
Мектеп пен отбасы ынтымақтығын орнықтырудағы мұғалім ролі
Исламдағы әйел мәселесі және қазіргі қоғам
САҚТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК - ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ МЕН МӘДЕНИЕТІ
1941-45 жылдардағы қанды майдан туралы
ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНА ҚАТЫСҚАН ҚАЗАҚ ӘЙЕЛДЕРІ
Пәндер