Қазақстан Республикасы инвестициялық іс – әрекетін бағалау



КІРІСПЕ

І ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Инвестициялардың мазмұны, ұғымы және оның жіктелуі
1.2 Инвестициялардың экономикалық мәні


ІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ІС . ӘРЕКЕТІҢ БАҒАЛАУ
2.1 Өндірістің инвестициялық мәселелерін талдау
2.2 Ұлттық экономиканы инвестициялаудың мәселелері

ІІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫНЫҢ ІС.ӘРЕКЕТІНІҢ ДАМУЫНЫҢ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ
3.1 Экономиканың өнімді өндеу секторын инвестициялаудың бағыттары...
3.2 Ұлттық экономиканың иновациялық даму жолындағы іс.әрекетін жетілдіру

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   
Инвестицияны бағалаудың қаржылық-экономикалық модельдері

ЖОСПАРЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

І ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... .
1.1 Инвестициялардың мазмұны, ұғымы және оның
жіктелуі ... ... ... ... ...
1.2 Инвестициялардың экономикалық
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ІС – ӘРЕКЕТІҢ
БАҒАЛАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...
2.1 Өндірістің инвестициялық мәселелерін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..
2.2 Ұлттық экономиканы инвестициялаудың
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ..

ІІІ Қазақстан Республикасы инвестицияларының іс-әрекетінің дамуының
перспективалары ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.1 Экономиканың өнімді өндеу секторын инвестициялаудың бағыттары...
3.2 Ұлттық экономиканың иновациялық даму жолындағы іс-әрекетін
жетілдіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ..

ПАЙДАЛАНҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
...
КІРІСПЕ

Инвестиция — экономиканы дамудың тұрақты және жоғарғы қарқынын
қалыптастыруды, ғылыми-техникалық прогресстің жетістіктерін енгізуді,
инфрақұлымды дамытуды көздейтін басты фактор.
Қазақстан Республикасының заңдары экономиканың барлық саласын
инвестициялық тұрғысынан қолдауға бағытталған. Республикада инвестициялық
жобаларды жүзеге асырудың тиімділігіне бағытталған жеңілдіктер мен
преференциялар әзірленіп жасалған.
Қазақстан Республикасының экономикасын көтеруде және оны одан әрі
дамытуда шетелдік инвесторлардың атқарар ролі зор. Шетелдік инвестицияларға
табыс алу мақсатында кәсіпкерлік қызметтің объектілеріне инвесторлар салып
отырған мүліктік құндылықтар және оған қоса олардың құқықтары, яғни
интеллектуалдық меншік құқығы да кіреді.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне қатысты шаруашылық
серіктестігі еншілестікті мойындайды, егер басқа шаруашылық серіктестігіне
қатысуын қайта басқару күшіне оның жарғы капиталы немесе олардың арасында
қатысты шарт жасау, немесе басқа түрде шешімді анықтау мүмкіндігі осындай
серіктестікті қабылдауда, тәуелді акционерлік қоғамның тәуелдігін мойындау,
бірлесіп бақыланатын заңды тұлға-бұл серіктестік, яғни басқа заңды тұлға.
Әсеріне түскен шарт жасау күші және де инвестицияланған қаржы объект
қаржылық пен басқа саясаттын дәрежесі үлкен немесе кіші екенін анықтауға
мүмкіндік береді.
Инвестициялардың экономикадағы рөлі мен орны бойынша тікелей
инвестициялар ішкі нарық жағдайына тікелей түрде әсер етеді, жаңа жұмыс
орындарын қалыптастырады, басқару мен маркетинттің жаңа формаларының жедел
түрде енуін, сонымен бірге ұлттық экономиканың құрылымын өзгертеді.
Инвестициялық процесті басқару Қазақстан экономикалық дамуының тарихи
тәжірибесін, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық сипаттағы жаңа
мүмкіндіктерін ескеруді пайымдайды. Қайта құру кезеңінде республика
дамуының жалпы деңгейі мен қарқыны, оның сапалық жағдайы бірталай төмендеді
және нақты, потенциалды мүмкіндіктері әлемдік тенденцияларға сәйкес
келмеді. Бұл кезеңде экономикада елеулі алға басулар болмады. Қазақстан
жақсы тұрмыс жағдайының көптеген негізгі көрсеткіштері бойынша бұрынғы КСРО
елдері үшін орташадан төмен деңгейде тұрды. Қоғамдық еңбек өнімділігінің
өсу қарқыны мен өнімнің көптеген түрлерінің сапасы біршама артта қалды.
Әлемдік деңгейге жабдықтың тек 2-3%-зы ғана сәйкес келді, ал
материалдардың, энергияның үлестік шығыны әлемдік көрсеткіштерден шамамен 2-
3 және одан да көп есе артық болды.
Қазақстан Республикасы Президентінің тұжырымдауынша халқының жан
басына шакқандағы тікелей шетел инвестицияларын тарту деңгейі бойынша
Орталық және Шығыс Еуропа елдерінін, сондай-ақ ТМД-ның алғашқы бестігіне
сенімді түрде кірген.
Инвестицияны дамытуда кәсіпорындарды қаржыландыратын және ұзақ
мерзімге несие беретін мамандандырылған инвестициялық банктер мен
акционерлік қоғамдардың акцияларынан құрылған инвестициялық қорлар ерекше
роль атқарады. Сөйтіп, қорлар экономиканың неғұрлым пайдалы салалары мен
кәсіпорындарына капиталдың құйылуына жағдай жасайды.
Қаржылық инвестициялар инвесторлар үшін ішкі және сыртқы инвестициялар
жағдайында белгілі бір тәуекелділікпен байланысты болатынын ескерген жөн.
Бұл тәуекелділік басшылардың біліктілігімен және олардың епті
әрекеттерімен, есеп пен бақылау жұмысын ұйымдастыруымен, валютаның бағамдық
пайыз мөлшерлемесінің өзгерістерімен, орта мерзімді және қысқа мерзімді
несиелерді тартудың қиындылықтарымен осы сияқты мәселелерімен байланысты
болып келеді. Сонымен қатар, табиғат зілзалаларымен және саяси
тәуекелділіктерімен байланысты болатынын ескерген абзал. Қаржылық
инвестициялар техникалық-экономикалық есептеулер жасалған соң және сол
инвестицияланатын объектіні қажетті зерделеуден өткізгеннен кейін барып,
жүзеге асырылады. Осы жағдайда ғана нарықтық қарым-қатынастар жағдайындағы
тәуекелділіктер төмендеуі мүмкін.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан
халқына жолдауында (Астана, 2005 жылғы 18 ақпан) былай дейді:
Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында. Біз
жалпы ішкі өнімді екі есе ұлғайтып, бірлесіп тағы да бір Қазақстан
орнататындай межеге жақындадық. Біз ойдағыдай жұмыс істеп жатқан нарық
экономикасын құрдық.
Экономиканы түпкілікті реформалауға бағыт ұстап, біз қысқа мерзімнің
ішінде нарықтық реформаларды жүргізе білдік, тиісті заңнамамызды жасауға
қол жеткіздік. Бүгінгі таңда Қазақстанда нақтылы жұмыс істеп тұрған
нарықтық экономика бар.
Егер осыдан он жыл бұрын жан басына шаққандағы жалпы ішкі өніміміз
жеті жүз доллардан сәл ғана асса, 2004 жылдың соңында ол екі мың жеті жүз
долларға жетті, ендеше биылғы жылы біздің жан басына шаққандағы жалпы ішкі
өніміміз енді үш мың доллардай болады деген болжамымыз бар.
Қазақстан қазіргі әлемде. Біздің сыртқы саясаттағы басымдықтарымыз.
Біздің басымдықтарымыз өзгеріссіз күйінде қалады. Бұл — XXI ғасырдың
ығытына қарсы тұруға қабілетті әрі ұзақ мерзімді ұлттық мүдделерді
қамтамасыз етуге бағытталған, белсенді, жан-жақты және үйлесімді сыртқы
саясат.
Ресей, Қытай, АҚШ, Еуропалық Одақпен ынтымақтастықты дамыту басым
бағыттар болып қала береді. Азия мен Таяу Шығыстың негізгі елдерімен өзара
іс-қимылға зор маңыз беріледі.
Қазақстанның қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ел ішіндегі
реформаларға қолайлы жағдай туғызу мақсатында Үкіметтің алдында осы
мемлекеттермен арадағы негізгі шарттар және келісімдерді бұлжытпай жүзеге
асыру міндеті түр.
Осыдан бір ай бұрын Мәскеуде қол қойылған Қазақстан мен Ресей
арасындағы шекараны делимитациялау туралы шарттың тарихи маңызы зор.
Тарихымызда тұңғыш рет біз өзіміздің стратегиялық әріптесіміз Ресеймен заң
жүзінде рәсімделген мемлекеттік шекараға ие болдық.
Осылайша біз соңғы жылдары ұзына бойы 14 мың километрден асатын
шекараны толығымен межелеуге қол жеткіздік. Бұл біздің мемлекеттік
құрылыстағы жоспарларымызды жүзеге асыруға қолайлы жағдай туғызатын Ұлттық
кауіпсіздігіміздің маңызды кепілі.
Біз стратегиялық тұрғыдан Қазақстанның мүдделері толығымен ескерілген
жағдайда Бүкіләлемдік Сауда Ұйымына тезірек кіруге ықыластымыз.
Қазақстан Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына, ТМД, ЕурАзЭҚ-ті реформалауға,
БЭК-ті құру жөніндегі жұмыстарға да ерекше мән береді.
Біздің еліміз үшін барлық бағыттар бойынша ЕҚЫҰ-мен бұрынғысынша іс-
қимыл жасау маңызды болып қала береді. 2009 жылы осы ұйымға төрағалық етуге
біздің кандидатурамыздың ұсынылуына барынша жауапкершілікпен қараймыз.
Бүгінгі бастамалар сонымен қатар осы мақсаттарға қол жеткізуді көздейді.
Қазақстанның әлемде қуатты экономикасы бар әрі халықаралық
қоғамдастықтағы тұғыры берік өңірлік держава ретінде қабылданатынын да
естен шығармағанымыз абзал. Бұл мәртебені қастерлеуіміз және еліміздің
қазіргі әлемдегі беделін нығайту үшін қосымша күш-жігер жұмсауымыз керек.
1 Инвестицияны ситуациялық талдау әдістері және басқару жұмысындағы
қаржылық есептілік

1.1 Инвестициялардың экономикалық мәні

Инвестиция — экономикалық стратегияның маңызды элементі. Қазіргі
экономика жүйесін дамыту кезеңінде, ішкі қаржыландырудың мүмкіндіктері
жетіспеуде, сондықтан да сыртқы капиталды тарту және пайдалану мәселелері
өте маңызды орын алуда. Республика экономикасын дамыту тек мемлекет жағынан
ғана емес, сонымен қатар сыртқы инвестициялық өзгерістермен де тығыз
байланысты.
Қазақстан экономикасының қазіргі жағдайы негізгі капиталды қайта құру
процесінің төменгі деңгейімен сипатталады. Негізгі капиталдың істен шығуы
инвестициялық ресурстар ағымымен, ал өндірістік аппараттардың жанаруы
техникалық-технологиялық және құрылымдық өзгерістермен толықтырылмай
кәсіпорын, өндіріс қызметтерінің жүзеге асуы екіталай. Сондықтан да қазіргі
таңда экономикалық өсуге қол жеткізу үшін шикізатты пайдалану мен бәсекеге
қабілетті өнімдер шығару арасындағы бой алған терең техникалық-
технологиялық алшақтықты жоюға ықпал етететін жобаларды іске асыруға
бағытталған инвестициялар көлемін ұлғайту көзделген. Жалпы инвестициялық
сасаттың мақсаты - тартылған қаражаттарды тиімді пайдалану және қайтару
механизмдерін жасау болса, ал міндеті - өнеркәсіптік және ғылымды көп керек
ететін салаларға инвестициялар тарту.
Бүгінгі танда республикамызда экономикалық тұрақты өсімнің көзі
ретінде инвестициялық ресурстарды тиімді пайдалану өзекті мәселелердің бірі
болып отыр. Инвестициялық ресурстарға ақша қаражатын салудың барлық
экономикалық қайнар көздері жатады. Олар елдегі өнеркәсіп, кәсіпорындарының
қызметінің жүруіне, экономиканың барлық салаларының дамуына тікелей әсер
етеді.
Ішкі қаржы ресурстарының жетіспеушілігіне байланысты мемлекеттің
экономикалық саясатында шетел тікелей инвестицияларын тарту және қолайлы
инвестициялық хал-ахуалды қалыптастыру басты бағыт болуда. Экономикаға
шетел инвестициясын тарту өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және өзге де
салалардағы инвестициялық жобаларды несиелеудің маңызды көздерінің бірі
болып табылады. Шетел инвестициялар өндірістік аппаратты жаңа ғылыми-
технологиялық негізде қайта құрып, тауар және қызмет өндірісінің дамуын
жеделдетеді. Мұндай жетістіктерге инвестицияны экономикаға ұтымды тарта
білгенде және тартылған инвестицияны тиімді таратып, үлестіре білгенде ғана
қол жеткізуге болады. Еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан
халқына жолдауында шетел инвестицияларын тарту стратегиясы ұзақ мерзімді
мақсат ретіне танылып назардан тыс қалмаған 1,178 бет.
Инвестиция жалпы ұлттық өнім өндірісіне жұмсалатын табыстардың маңызды
бөлігін құрайтын жаңа технологияны, материалдарды және басқа да еңбек
құралдарын енгізумен байланысты өндірісті кеңейту және жұмыс жағдайын
жақсарту мақсатында жұмсалатын қаражаттардың активтерге салынуы болып
табылады. Сонымен қатар өнеркәсіптің жаңа салаларының негізін құрап,
олардың дамуына жағдай жасайды. Аймақтағы шетел инвестициясы негізінде
құрылған жаңа өнеркәсіптік бағыт жаңа салалдардың дамуының шешуші факторы
және қозғаушы күші болуы ықтимал. Инвестициялар нәтижесінде мемлекеттік
табыстардың артуы мемлекеттің жалпы әлеуметтік-экономикалық өсуіне,
тұрғындардың өмір сүру сапасының артуына, жұмыспен қамтамасыз ету
мүмкіндіктерін құруға жағдай туғызады. Сонымен бірге әлеуметтік қажетті
шығындарды азайтады. Қосымша жұмыс орындарының құрылуы жұмыссыздық
деңгейінің төмендеуіне ықпал етеді, сондай-ақ инвестор кейбір әлеуметтік
шығындарды өз мойнына алады, мысалы, медициналық сақтандыру шығындарын
айтуға болады. Сонымен қатар жұмыс орындарын құру, жұмыссыздықтың азаюы
жанама түрде психикалық аурулар, қылмыс сияқты қоғамның әлеуметтік
дерттерін азайтуға септігін тигізеді. Инвестицияны тарту артта қалған
депрессиялы аудандардың дамуына жағдай жасайды.
Қазақстан Республикасының үкіметі басты назарды инвестицияның сапасына
бөлу қажет деп санайды. Сонымен қатар әлеуметтік-экономикалық дамудың
маңызды шарты болып республикадағы соңғы жылдардағы жоғарғы
инвестициялық белсенділік көрсетіледі.
Елімізде минералды-шикізар ресурстарына бай аймақтарда капиталды қажет
ететін кен өндіру, қайта өндеу кәсіпорындарына базисті ресурстар жинайтын
жаңа ережені енгізуде ыңғайлы жағдайлар жасалды. Ресурс жинайтын
технологияны өнеркәсіптік базалық саласына енгізу ғылымды қажет ететін
өнеркәсіпті және жоғары технологияны инвестициялаудың сапалы негізін құрды.
Инвестициялар өндірістік ақпаратты жаңартып қайта құрып, жаңа өндіріс
пен кәсіпорындардың құрылуын қамтамасыз етеді. Сол себепті шетел капиталын
ынталандыру және қолдану қазіргі кезеңнің инвестициялық процестің заңды
басымдылығы болып табылады.
Нәтижесінде шетел инвестициясын мақсатты бағытталған әсері Қазақстанда
құрылымдық саясат экономикалық, энергетикалық және азық-түлік, көлік
саясатын қамтамасыз етуге, сонымен қатар минералды шикізат ресрстарын
пайдаланумен байланысты тау-кен өнеркөсібінің стратегиялық маңызды
саласының жылдам дамуына бағытталды. Бай минералды шикізат ресурстарын
қолданумен байланысты өнеркәсіптің құрылымы жақсарды.
Қазіргі таңда өндіріс пен қызмет көрсетулер сфераларының дамуында және
оларды инвестициялауда әлі де көптеген кемшіліктер байқалады. Әрбір қызмет
көрсету сфераларында, әрбір кәсіпорында инвестициялық қиындықтарды жену
құралдары мен жаңа жолдарды іздеу және қаржылай ресурстармен қамтамасыз
етілуі қажет. Әлеуметтік-мәдени салаларда бұл мәселелерді шешу бюджет
есебінен қаржыландыру үлесінің өсуімен және қайырымдылықпен (меценат)
байланысты.
Қызмет көрсету сфераларындағы инвестицияның ролі, ол сол қызметті
көрсету кәсорындарында айқын көрнеді. Мысалы, байланыс және көлік
кәспорындарының жоғары инестициялық белсенділігі үшін үнемі қаралды
жаңарту, қызметті жетілдіру, жаңа қызметті игеру, персоналды оқыту сияқты
мәселелер шешімін табу инвестициясыз мүмкін емес. Ізінше байланыс және
көлік кәсіпорындары бәсекелестік қабілеттілігін көтеру, олардың нарықтық
қатынастағы орнын бекіте кеңейту көбінесе инвестицияны жұмылдыруына
байланысты болады. Егер қызмет көрсету салаларына инвестицияны тарту,
тартылған қаражатты мақсатты пайдалану жүзеге асқан жағдайда, ол еліміздегі
халықтың әл-ауқатын, әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартудың бір кезі
болатыны сөзсіз. Экономикамызда болып жатқан өзгерістер инвестициялық
тетіктің барлық жақтарымен жанасуда. Әсіресе, инвестицияның білім, ғылым,
денсаулық, т.б. әлеуметтік салаларға әсері зор. Өндірістік пен әлеуметтік
саланы көтеру, елдің жағдайын жақсарту - экономиканы дамытудың негізгі
мақсаты.
Өндіріс пен әлеуметтік салаларды жеткіліксіз қаржыландыру, оның
материалдық - техникалық базасының нашарлауы тек қана рухани және
интеллектуалдық мүмкіншіліктерді құлдыратып қана қоймайды, ол тікелей
экономикалық шығындарға соқтырады. Себебі, дүниежүзілік тәжірибе
көрсеткендей, жалпы ұлттық өнімнің өсуіне тек қана білім жүйесі 33%-ға
дейін үлес қосса, ал ғылымның жетістіктері барлық дамыған елдердің
экономикаық гүлденуін қамтамасыз ететіні белгілі жәйт 2,89 бет.
Инвестицияның жоғарғы қарқынмен дамуының халықтың әл-аухатына тікелей
әсері мол. Сондықтан да елімізде әлеуметтік саланы, инфрақұрылымды дамытуға
бағытталған инвестицияларды тартуды қолға алуда. Бұл мәселеде, яғни
экономиканың әлеуметтік бағыттылығын күшейтуде мемлекеттің ролі ерекше.
Инвестиция - бұл шығын жиынтығы, өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылық
кәсіпорындардағы экономика саласындағы күрделі салым үлесін өткізу.
Инвестиция қызметінің басты мақсаты - кәсіпорын кірісі мен проценті.
Инвестиция көздері болып жаңа құрылған құн немесе басқаша айтқанда
жинақталған таза кіріс бөлігі табылады. Кәсіпкерлер оны меншіктік кіріс
(өзін-өзі қаржыландыру) шотында және саудалық капитал рыногында
(таратылынды қаражат) жұмылдырады. Инвестиция көзі амортизациялық аударым
болып табылатын негізгі капиталды жаңарту.
Инвестиция өзінің бағыттары немесе сатып алу мақсаты бойынша қаржы
инвестиция мен нақты инвестиция болып екіге бөлінеді.
Қаржы инвестиция - бұл құнды қағаздарға жұмсалынған қаржылар.
Нақты инвестиция - өнеркәсіптің негізгі капиталына және материалдық-
өндірістік қорлар өсіміне жұмсау.
Технологиялық құрылым инвестициясы шығын мен негізгі капиталдың актив
элементтері арақатынасы мен оның пассивтік элементтері анықталады.
Қаржы инвестициясы келесі категорияларда иелену мерзіміне байланысты
жіктеледі:
- қысқа мерзімді несие – 1 жылға дейін иелену;
- ұзақ мерзімді инвестиция - иелену мерзімі 1 жылдан астам.
Қозғалмайтын мүлік (жер, үй) иеленуші субъект бұл инвестицияны ұзақ
мерзімді несиеге жатқызады.
Қаржылық инвестицияны сатып алған кезде, ол оны сату құнымен, оған
қоса сатып алған кездегі шығын (делдалдық сыйақы мен банктік қызмет көрсету
сый ақысы) құны бағаланады.
Қаржылық инвестиция құны бойынша сатып алуға проценттер, дивиденттер,
сатып алғанға дейінгі уақыт есебі, есепте сатып алу құны көрсетіледі;
Сатып алу құны мен құнды-құнды қағаздар инвестициясын өтеу құны
арасындағы айырмашылықты инвестор иемдену мерзімінде өтейді.
Қысқа мерзімді инвестиция бухгалтерлік баланста есептелінеді: ағымдағы
құны, сатып алу құны мен ағымдағы құнын арзандатылған баға бойынша.
Егер қысқа мерзімді қаржы инвестициясы сатып алу құны мен ағымдағы
құнының арзандатылған құны немесе баланстық құнының анықтығы немесе
толығымен жиынтық қаржының негізінде немесе бөлек инвестиция негізінде
есептелінсе.
Кіріс немесе шығын қысқа мерзімді қаржы инвестициясының ағымдағы құны
өзгерісінен алынған есеп беру мерзімінде беріледі, олар пайда болған кезден
басталады.
Ұзақ мерзімді қаржы инвестициясы бухгалтерлік баланста: қайта бағалау
есебінің құны, сатып алу мен ағымдағы құнның арзан бағасы бойынша
есептеледі.
Ұзақ мерзімді қаржы инвестициясын қайта бағалау үшін қайта бағалау
дүркінділігі мен ұзақ мерзімді инвестицияның бір түрін қайта бағалауды
анықтау.
Ұзақ мерзімді қаржы инвестициясынын қайта бағалау сомасына меншік
капиталын көбейтуге қатысты. Инвестиция құнын төмендетуге сол инвестицияны
бағалауға дейінгі сомасы енгізіледі. Бағалауға дейінгі сомасы жоқтығынан
(жетіспеушілігінен) және сол инвестиция құны шығынға қатысты болады.
Бағалауға дейінгі инвестиция шығын өтемінен кейінгі меншік капиталының
кебеюіне қатысты. Ұзақ мерзімді қаржы инвестициясы құнынын қайтымсыз
төмендетілуі әр инвестицияға бөлек анықталады және есептеледі.
Инвесторланған субъектісі инвестордың үлес мөлшері мен қауіптің алуан
түрлеріне көңіл аударған жағдайда қабылданады.
Қаржы инвестициясының істен шығуында сатудан алынған кіріспен
баланстық құн, шығынды шегеру (делдалдық, дилерлік қызмет көрсету) шығыс
пен кіріске кірмеді.
Ұзақ мерзімді қаржы инвестициясын қысқа мерзімдіге аударуға
байланысты:
- егер қысқа мерзімді қаржы инвестициясы сатып алу мен ағымдағы
құнының арзан бағасы болса, ұзақ мерзімді қаржы инвестициясы сатып алу мен
баланстық құнының арзан бағасы бойынша. Егер инвестиция ерте қайта
бағаланса, онда (қайта бағалау сомасы кіріс немесе бөлінбеген кіріс) оларды
қайта бағалау аудару сомасы кезінде есептен шығарылуы керек;
- баланстық сома, егер қысқа мерзімді қаржы инвестициясы ағымдағы құн
бойынша есептелсе.
Қайта бағалаудың ерте енгізілген сомасы бұл инвестиция бойынша кіріс
болып беріледі.
Керісінше, ұзақ мерзімді категорияға қысқа мерзімді қаржы
инвестициясын аудару:

- сатып алу мен ағымдағы құны арзан баға бойынша;
- ағымдағы құн, егер олар ертедегі осы құн бойынша көрсетілсе.
Кіріске: қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді қаржы инвестициясы бойынша
жалгерлік төлем мен дивиденттер, роялти, проценттер түріндегі
инвестициядағы кіріс, қысқа мерзімді қаржы инвестициясы шегерілініп шыққан
қаржы нәтижесі кіреді.
Инвестицияның тиімділігі актив элементтері үлесі өскен жағдайда
артады.
Инвестициялар - экономика дамуының қарқынын орнықты және жоғары
қамтамасыз етудің керекті факторы.
Шетел инвестициялары - бұл мүліктік инвестицияның барлық түрі және
олар құқылы болу, сонымен кіріс алу мақсатында өнеркәсіп қызметіндегі
объект инвесторлармен салынған меншік.3,104 бет
Қазақстан Республикасының шетел инвесторлары ретінде: шетелдік заңды
тұлға, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ тұлға, шетелде тұрақты жері бар ҚР-
ның азаматы, шетел мемлекеті, халықаралық ұйымдары көрсете алады.
ҚР территориясында:
- шетел кәсіпорындары - шетел қатысуымен жасалған кәсіпорын, ҚР
заңдарына сәйкес, шетел инвесторына толық жататын;
- бірлескен кәсіпорын - шетел қатысуымен жасалған кәсіпорын, ҚР
заңдарына сәйкес, мүлік бөлігі (акция, үлес) жартысы шетел инвесторына
жататын.
Шетел инвестицияларының есебі синтетикалық шотта ішкі инвестицияның
аналитикалық есебінде құрылады немесе керісінше.
Еншілестік инвестициясына есеп беру, тәуелді және бірлесіп бақыланған
шаруашылық серіктестігі.
Инвестиция есебі 14 бөлімде "Инвестиция" жүргізіледі, оған қоса келесі
синтетикалық шоттар: 141 "Еншілес серіктестерді инвестициялау", 142
"Тәуелді серіктестерді инвестициялау", 143 "Бірлесіп бақыланатын заңды
тұлғаны инвестициялау", 144 "Басқа инвестициялар".
Берілген өнімнің шоттары бірлесіп бақыланатын заңды тұлға, еншілес,
тәуелді серіктестіктің үлестік жарнасы мен акцияларындағы инвестициялық
қозғалыс пен ақпараттын болуының бір ыңғайлануына арналған.
141-144 шоттар активті, күрделі болып табылады. Аналитикалық есеп
инвестицияланған (және оның түрі) кәсіпорын және онын түрлері бойынша
жүргізіледі.
Инвестиция есебінде келесі әдістер қолданылады:
Үлес қосу әдісі - әдіс есебі, тәуелді шаруашылық серіктестігінін таза
активтер өзгерісіндегі инвестор үлесінің мөлшерін мойындауы бойынша оның
саласы кейінгі өсуі (кему) сатып алу құны бойынша сатып алған мезеті
көрсетілетін инвестициялар.
Кіріс сияқты қаржы - шаруашылық қызмет қорытындысы туралы есеп беруі
тәуелді шаруашылық серіктестігі таза кірістің инвестор үлесі өзгергенін
көрсетеді.
Таза шығын үлесі мен таза кіріс үлесі тең болған жағдайда ғана тәуелді
шаруашылық серіктестігінің таза кірісіне өз үлесін қатыстырып бейнелегенде
(пайда) қайта инвестор пайда болады.
Құн әдісі - есептеу әдісі, инвестицияны сатып алу мезетінде сатып алу
құнын бейнелеу. Инвестициядағы кіріс сатып алған мезгілден кейін пайда
болған тәсілді шаруашылық серіктестігінің таза кіріс қорының жалпы
сапасындағы қаралған дивиденттер мөлшері бойынша инвесторлар қаржылық-
шаруашылық қызметі шешімі туралы есеп беруін мойындайды.
Инвестиция сатып алу құн әдісі бойынша есептеледі, инвестицияланған
кәсіпорын ұзақ мерзімді шектеу шарты бойынша қозғалады, өйткені оның
кірісті инвесторға беру қабілетін біршама төмендетеді.
Күрделі шектеулер қоятын себептер санына келесілер қатысты дивиденттер
үлестірме саясатына араластыру болатын қандай да бір реттелген орган
қадағалауға болатын кәсіпорын; кәсіпорын өз қызметін шетелде (жүргізіледі)
жүргізе алады, өйткені шетелде дивиденттерді аударуға шектеу қойылған. Және
валюта курсы тез түсіп кете алады. Сонымен қатар, кәсіпорынның шаруашылық
қызметінің пайда болуына саяси (обстановка) жағдайына қарсы тұра алады;
қарыз туралы келісімі қарастырылған дивиденттерді төлеуді шектеу күші бой
көрсете алады.
Тәуелді шаруашылық серіктестігі шоғырландырма қаржы есептемесі үлес
қосу әдісі бойынша; тәуелді шаруашылық серіктестігі ұзақ мерзімді шектеудің
қатаң шартында қозғалуы бойынша есептеледі. Екінші жағдайда олар құн әдісі
бойынша есептелуі керек.
Қабылданған саяси есеп ұзақ мерзімді инвестиция есебі бойынша қатысты
инвестициялар есептелуі керек, ал тәуелді шаруашылық серіктестігі бастапқы
мерзімдегі тәуелді шаруашылық серіктестігіне қатысты емес.
Бөлек қаржы есептемесін құрушы, инвесторлар, өз инвестицияларының
тәуелді шаруашылық серіктестігі сияқты ақпарат көрсету керек.
Шоғырландырма қаржы есептемесі инвестордың қаржы есептемесін құрмайды,
сондықтан олар: үлес қосу әдісі мен құн әдісі, сатып алу құны мен қайта
бағалау есеп құны немесе ұзақ мерзімді есеп бойынша саяси есепті қабылдауға
қатысты сатып алу мен ағымдағы құн арзан бағасы бойынша есептелінеді.4, 97
бет
Қаржы инвестициясы есебі. Қаржы инвестиция есебі 40 бөлім Қаржы
инвестициясы шоттары бойынша жүргізіледі, оған 401-шот Акциялар, 402
Облигациялар, 403 Басқалары кіреді.
401-403 шоттар активті, күрделі, негізгі. Дебет бойынша бұл шоттар ай
басы мен соңындағы қаржы жұмсау қалдықтары, инвестициянын өсуі бойынша
операциялар, ал кредит бойынша қаржы инвестицияның кему операциялары
жазылады.
Қаржы инвестиция шоты бойынша аналитикалық есеп түрлері: түрі мен
объекті инвестициясы жүргізіледі.
401 шоты Акциялар басқа кәсіпорын, банк және тағы басқалардан акция
сатып алуға жұмсалған сала есептелінеді.
Акция - бұл құнды қағаз, дивиденд түрінде оның иесінің кіріс бөлігін
алуға құқығын беру, акционерлік қоғам капиталына белгілі бір соманы
салғанын куәләндіру.
Акцияны сатып алу кезінде байланыстырылатын (корреспонденцияланған)
шот дебеттің 401 Акция және кредиттін 671 Өнім берушілер және
мердігерлермен есеп айырысу, 687 Басқалары, 641 Еншілес серіктестік борышы,
642 Тәуелді серіктестік борышы, 643 Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаларға
борышы және сатып алынған акциялардың сатып алу құны бойынша құрылады.
402 шотта Облигациялар сатып алу құны бойынша басқа ұқсас құнды
қағаздар мен мемлекеттік және жергілікті заемдар проценттік облигацияларда
қаржы инвестициясы қозғалысы мен ақшалай есептелінеді.
Облигация - бұл тіркелген процент көлемімен оның иесіне атаулы құнын
өтеуге міндеттемесін растайтын құнды қағаз. Облигацияның келесі түрлерін
бөледі: мемлекеттік және жеке меншік (коммерциялық банктер, акционерлік
қоғам мен шығарылған), атаулы және ұсынушыға; проценттік және процентсіз,
еркін айналатын және айналым шеңбері шектелген.
Облигациялар келесі деректемелерді ұстауы керек: атаулары, фирмалық
мазмұндама мен (орналасқан жері) эмитент (ақша шығарушы) орналасқан жері
(мемлекет, кәсіпорын, ұйым, облигация айналымын шығарушылар); фирма атауы
немесе сатып алушы аты (немесе қысқа жазба) және облигация (сатып алушы)
ұсынушыға жазылды деген; атау құны, процент мөлшері, өтеу құны мен процент
төлемі; шығарған орны мен күні.
Облигация сатып алу кезінде дебеттік шоттар 402 Облигация және
кредиттік шоттар 687, 431, 441, 451.
Облигацияларды сатып алу мүмкіндігі екіге бөлінеді:
1. Атауға қарағанда құны үлкен
2. Атауға қарағанда құны аз.
Нақты мен атау құны арасындағы айырмашылық өзара амортизациялануы
керек. Өйткені өтеу мерзімі жақындағанда нақты құн мен атаулы құн
облигациялары тең болуы керек.5, 69 бет
Облигацияларды сатып алу кезіндегі атауға қарағанда құн үлкен. Егер
сатып алу құны мен олардың номиналды жоғары құнды бағасы ұқсас, онда әрбір
есептеген кезде, сатып алған кездегі мен нақтылы құн арасындағы есептеп
шығару айырмашылығы шығады. Бұл операциялар келесі шоттарда бейне табады:
Депозиттік сертификат - депозитті алуда салымшының куәландыру құқығы,
ақшалай қаражатты депозитке салу несие мекемесінін жазбаша куәлігі.
Депозиттік сертификаттар банк салымшысы мен делдалдарға біраз процентті
жоғалту арқылы сатуға болады. Депозиттік сертификаттың экономикалық мәні ол
рыноктың құрал және кредиттік ресурстық мультипликаторы ретінде
қолданылады.
Депозиттер - банкке бос ақша қаражатын салу. Мерзімді депозиттерді,
талап ету депозиттерді, шартты депозиттерге бөледі.
Бона - бұл бөлек мекеме мен кәсіпорын, мемлекеттік қазынашылық
шығарған борышқорлық міндеттеме. Боналар сатып алу мен сату құралдары
ретінде қолданылуы мүмкін. Олар жасанды ақшалар ролін орындайды.
Қазыналық вексельдер - бұл мемлекеттің қысқа мерзімді міндеттеме түрі;
бұл ешқандай проценттік купонын алмайды.
Қазынашылық ноталар - қазынашылық эмиссия тәртібі шығарған ақшаның
алуан түрі.
Ұсынылған заемдар - белгілі бір процентпен кепілдік бойынша алынған
ұзақ мерзімді немесе қысқа мерзімді заем.
403 шот бойынша аналитикалық есептін корреспонденцияланған шоты
төменде көрсетілген:
Аналитикалық есеп 403 шот бойынша қаржы жұмсау түрлері мен
аналитикалық есеп ведомосы пайда болады.
Инвестицияны түгендеу мен қайта бағалау, есептемеде ашу
Түгендеу жүргізу мемлекеттік және жергілікті заемдар нақты ұзақ
мерзімді және қысқа мерзімді инвестиция ақшасын көрсетеді.
Түгендеу кезінде құнды қағаздар (акциялар, облигациялар, чектер,
вексельдер, коносаменттер, заңға сәйкес шығарылған құнды қағаздар) нақты
ақшасы; құнды қағаздар балансында есептелген шын құны белгіленеді; кұнды
қағаздарды сақтау; құнды қағаз бойынша кіріс алудың толықтығы мен
уақыттылығы.
Құнды қағаздарды сақтаған кезде кәсіпорын түгендеу бір мезгілде
міндеттемелік түгендеумен жүргізіледі.
Құнды қағаздарды түгендеу бөлек эмитент актіде көрсетілген: аты,
сериясы, нөмірі, нақты бағасы, өтім құны мен жалпы сомасы арқылы
жүргізіледі. Әр құнды қағаз деректемесі берілген жазбалармен (реестр,
кітап) тексеріледі. Құндылықтар мен бланктер, құжаттар қатаң есептеме
түрінде түгендеу.
Қаржы инвестициясы бейнелеуінен қорытынды инвестиция табады.
Түгендеу кезінде банкротқа ұшыраған немесе өткізілген кәсіпорын
инвестициясы шығуы мүмкін.
Инвестицияны қайта бағалау. Ұзақ мерзімді қаржы инвестициясын қайта
бағалау үшін қайта бағалау дүркінділігін анықтап алу қажет: және де ұзақ
мерзімді инвестицияны бір түрін қайта бағалау керек.
Ұзақ мерзімді бағалауға дейінгі сала өз капиталынын өсуіне қатысты
болады. Сол бір инвестициянын бағалауға дейінгі саласы жоқтығынан
(жетіспеушілігінен) оның төмендетілген құны шығынға қатысты болады.
Ұзақ мерзімді қаржы инвестициясы құны төмендетілуі қайтымсыз болса
онда осы инвестицияның баланстық құны қайта қаралуы керек. Бұндай құн
төмендету әр инвестицияға бөлек анықталады және есептеледі. Инвесторланған
субъектідегі инвестор үлесі мөлшері мен қауіптілігі алуан түрлі жағдайды
қабылдайды.6, №4
Төменде инвестицияны қайта бағалау бойынша берілген
корреспонденцияланған шоттар кәрсетілген:
Инвестицияны ашу есептемесі. Шаруашылық субъектінің қаржы есептемесін
ашу керек: баланстық құн, кіріс.
Кіріске қосылған соманы ашу: процент, роялти, дивиденд, шығыс пен
кіріс.
Инвестициялар деп өнеркәсіптің, құрылыстың, ауыл шаруашылығының және
экономиканың басқа да салаларынын кәсіпорындарына капитал түрінде салынып,
жұмсалатын шығындардың жиынтығын айтамыз. Инвестициялық қызметтің мақсаты —
түпкі нәтижесінде кәсіпкерліктен табыс немесе процент алу болып табылады.
Инвестицияның көзі болып жаңадан қалыптасқан (құрылған) құн немесе
таза табыстың жинақталған бөлігі саналады. Кәсіпкерлер (кәсіпорындар) оны
өзінің табысының (таратылған) қаражаттарының есебінен жұмылдырады. Негізгі
капиталды жаңартуға арналған инвестиция көзі болып кәсіпорынның меншігінде
қалған табысы саналады. Бағалы қағаздардың көп түрлілігі инвестицияны
жіктеудің көптеген критерийлерін алдын ала айқындайды.
Қаржылық инвестиция өзінің пайдалану мерзіміне қарай, қысқа және ұзақ
мерзімді болып бөлінеді.
Инвестиция өзінің арналымы немесе алынған мақсаты бойынша: қаржылық
және нақты болып бөлінеді.
Нақты инвестициялар — бұл кәсіпорынның негізгі капиталын және
материалдық-өндірістік қорын өсіруге салынатын салымдар.
Қаржылық инвестициялар — бұл субъектінің табыс алу мақсатында
пайдаланатын активі (мысалға, пайыздар, роялтилер, дивидендтер және жалға
ақысы), инвестицияланған капиталдың өсімі немесе алынатын басқа да олжалар
(мысалға, коммерциялық мәміленің нәтижесі). Сондай-ақ, қаржылық
инвестицияға пайдаланбай тұрған жылжымайтын мүліктер де жатады. Қаржылық
инвестицияның бір түрі болып бағалы (құнды) қағаздар да саналады. Барлық
бағалы (құнды) қағаздар екі топқа бөлінеді — ақшалай және күрделі
(капиталды) болып. Ақшалай бағалы қағаздарды алған кезде ақшалай қарыздарды
алғандағыдай етіп рәсімделеді. Бұл борыштык, бағалы қағаздар. Оларға:
вексельдер, депозиттер және жинақ сертификаттар жатады. Осы бағалы қағаздар
бойынша табыс бір мәртелік сипатқа ие болады және олар өзінің номиналдық
(атаулы) құнынан төмен бағаға сатып алудың есебінен қалыптасады. Ақшалай
бағалы қағаздар, әдетте, қысқа мерзімге (бір жылдан аспайтын уақытқа)
беріледі.
Капиталды бағалы қағаздар кәсіпорынды дамыту үшін, оның капиталын
(қорын) құрастыру немесе ұлғайту мақсатында шығарылады.
Бағалы қағаздар құқығы бойынша кімге жататындығы туралы белгілерін
куәландыру үшін олар былайша бөлінеді:
— бағалы қағазды ұсынушыға — құқықтарын орындау үшін, бірақ олардың
иелерін теңестіруді (идентификациялауды) талап етпейді, ұстаушылардың атына
тіркеу жасалынбайды. Ұсынушы бағалы қағазды куәландыратын құқығын басқа
адамға қарапайым жолымен қолына береді.
— атаулы бағалы қағаздар — белгілі бір адамның атына жазылады. Бағалы
қағаздарда куәландырылған құқықтары ондағы қойылған талапты жеңілдету үшін
белгіленген тәртіппен басқа тұлғаға беріледі. Атаулы бағалы қағаздар
бойынша құқық беретін адам соған сәйкес келетін талаптардың орындалуы емес,
ондағы тиесілі талаптың заңды еместігіне жауап береді.
— ордерлік бағалы қағаз — ол ең алғашында иемденушінің атына немесе
оның бұйрығы бойынша жазылады. Бұл онда көрсетілген құқықтар қағазға
түсірілген тәртіпке байланысты ауыспалылығын сақтайтындай етіп
индоссаментке жазып береді. Индоссамент өзінде құқықтың болғанына ғана
емес, сонымен бірге, оның жүзеге асуына да жауап береді. Бағалы қағаздардан
алынатын табысқа қатысты оларды борыштық және инвестициялық етіп бөлуге
болады.
Борыштық бағалы қағаздар пайыздарды (проценттерді) төлеуді және
негізгі қарыздың негізгі сомасын графикке сәйкес жабуды эмитент өз
міндетіне алады. Бұл кімнің эмитенті екендігіне қарамастан, оған барлық
облигациялар, векселдер жатады.
Инвестициялық бағалы қағаздар эмитент активтерінің бір бөлігін
иемденуге құқық береді, оларға эмитенттердің барлық типтеріндегі акциялары
тұтастай жатады.
Бағалы қағаздар эмитенттік сипаты бойынша: мемлекеттік (Үкімет пен
Ұлттық Банктің борышкерлік міндеттемелері), муниципалдық (жергілікті атқару
органдарының борышкерлік міндеттемелері) және корпоративтік (шаруашылық
жүргізуші субъектілердің жарғылық капиталын қалыптастыру немесе қаржылық-
шаруашылық қызметін жүргізу үшін қажет қаражатты тарту мақсатымен
қолданыстағы заңға сәйкес шығарылатын) болып бөлінеді.
Мәмілеге байланысты шығарылатын бағалы қағаздар: фондылық (акциялар,
облигациялар) және саудалық (коммерциялық векселдер, чектер, коносаменттер,
кепілдік міндеттемелер, т.б.) болып белінді.
Фондылық бағалы қағаздар көптеп шығарылуымен (эмиссиясымен)
ерекшеленеді және олар қор биржаларында айналысқа түседі.
Саудалық бағалы қағаздар коммерциялық бағытка ие: олар негізінен сауда
операциялары бойынша есеп айырысуға және тауарларды орын алмастыру
процесіне қызмет көрсетуге арналған.7, 151 бет
Нарықтағы айналыс ерекшеліктеріне байланысты бағалы қағаздарды
нарықтық (айналыстағы) және нарықтық емес (айналыстағы емес) етіп бөлу
мүмкін.
Нарықта болатын бағалы қағаздар биржалық немесе биржалық емес айналым
шеңберінде нарықта екінші рет еркін сатылуы және сатып алынуы мүмкін. Олар
сатылғаннан кейін эмитентке мерзімінен бұрын ұсынылмайды.
Нарықтық емес бағалы қағаздар бір қолдан екінші қолға еркін көше
алмайды, яғни екінші рет айналысқа түспейді. Бұндай бағалы қағаздар
қатарына оларды шығару көзінде сатылмайды деген шарт қойылса, онда оларды
тек эмитенттің өзі ғана сатып алады. Сондай-ақ айналысы шектеулі бағалы
қағаздар да бөлініп көрсетілуі мүмкін. Мысалға, жабық АҚ акциялары сатып
алу және сату мәміле бойынша шектелген акциялардың қатарына жатады.
Бағалы қағаздар әрекет ететін орыны бойынша ақша нарығының бағалы
қағаздарыжәне капиталдық бағалы қағаздары болып бөлінеді.
Ақша нарығы дегеніміз — қысқа мерзімді бағалы қағаздардың алынуы мен
сатылуын көрсетеді және ол қаржылық нарықтың бір белігі. Қысқа мерзімді
бағалы қағаздардың әрекет ету мерзімі — бір күннен бастап бір жылға дейін
болуы мүмкін. Айналыстағы бағалы қағаздар, әдетте, теменгі телем
тәуекелімен қатар жүреді, өйткені қарыз берушілердің төлем қабілеттілігі
жоғары болса ғана шығарылады. Ақша нарығының бағалы қағаздарына: қазыналық
векселдер, депозиттік сертификаттар, коммерциялық қағаздар жатады.
Бағалы қағаздар нарықтық капиталдар ретінде бір жылдан астам мерзімге
ұсынылады. Бұл борышкерлік, сондай-ақ инвестициялық бағалы қағаздар болуы
мүмкін.
Бағалы қағаздардың атқаратын ролі бойынша: негізгі (акциялар мен
облигациялар), көмекші (чектер, векселдер, сертификаттар, т.б.) және
негізгі бағалы қағаздардың алыну мен сатылу құқығын куәландыратын шартты
бағалы қағаздар болып бөлінеді (варранттар, опциондар, қаржылық фьючерстер,
сатып алу құқығының артықшылығы).
Бағалы қағаздарды өздерінің алдына қойған міндеті мен мақсатына сәйкес
басқа да белгілері бойынша (құжатты және құжатсыз, кері қайтарылатын және
кайтарылмайтын, тұрақты деңгейде және әр түрлі деңгейде табыс әкелетін)
жіктелуі мүмкін.
Инвестор бағалы қағаздар нарығында жұмыс істей жүріп салымдарды
тараптандырудың (диверсификациялаудың) принципін ұстануы тиіс: инвестор
қаржылық активтердің әр түрлісін алуға ұмтылуы керек. Бұл салымдардың
тәуекелділігін азайту үшін қажет. Мысалы, инвестор өзінің барлық ақшаларын
бір компанияның акцияларына салды делік. Бұл жағдайда ол акция курсының
нарықтық ауытқуына толық тәуелді болады. Егер кәсіпорын қаражаттары бірнеше
компаниялардың акцияларына салынатын болса, онда инвестордың табысы
неғұрлым аз ауытқитын біршама компаниялардың акциясына тәуелді болады. Егер
инвестор әр тараптандыру (диверсификациялау) принципін ұстанатын болса,
онда ол инвестициялық (фондылық) портфел деп аталатын бағалы қағаздардың
жиынтығымен байланысты болады.
Қоржындық (портфелдік) инвестициялаудың объектілері ретінде әртүрлі
бағалы қағаздар: акциялар, облигациялар, бағалы қағаздардың шартты түрлері
әрекет етеді. Қоржынның бір бөлігі ақша түрінде ұсынылуы мүмкін. Қоржындағы
қағаздардың көлемі де әр түрлі болады. Қоржындық инвестициялау өзінің
құрамына тәуелді, ол табыс немесе залал әкелуі мүмкін және тап сондай
тәуекелділіктің де сол және басқа да деңгейіне ие. Қоржынға енетін бағалы
қағаздардың тізбесін де, көлемін де инвестор өзгерте алады.
Қоржынды құрастыру кезінде инвестор келесі факторларды есепке алуы
тиіс: тәуекелділікті, табыс дәрежесін, орындалу мерзімін, бағалы қағаздар
типін.
Инвестор инвестициялық мақсатына тәуелді белгілі бір типтерді
қалыптастырады. Келесі типтерін бөліп көрсету қабылданған: бірінші тип —
өсім қоржыны, екінші тип — табыс қоржыны.
Қоржынның бірінші типінің мақсаты өсімді көбіне дивидендтер мен
проценттер алу есебінен емес, бағалы қағаздардың бағамдық (курстық)
өсімінің есебінен алу болып табылады. Бұл негізгі салымның басым бөлігін
акция құрайды. Күтілетін капитал өсімімен және тәуекелділіктің ара
қатынасына байланысты қоржындық өсімнің ортасынан, таш да басқа қоржынның
түрлерін, атап айткаңда: агрессивті, консерватавті және орташа өсімін бөліп
көрсетуге болады. Агрессивті есім қоржындары капиталдың максималды өсіміне
бағытталады. Бұл қоржын үлкен тәуекелділікпен байланысты екенін көрсетеді,
бірақ эмитент-кәсіпорындардың қолайлы дамуы көзінде ол үлкен табыс әкелуі
мүмкін. Қоржынның бұл құрылымы, әдетте, тез өсетін жас компаниялардың
акцияларымен керсетілуі мүмкін. Консервативтік қоржынның өсімі негізінен
ірі, жақсы белгілі және тұрақты компаниялардың акциясынан тұрады, бұндай
қоржынның тәу өкелділігі де аса үлкен болмайды. Қоржынның орташа өсімінде
агрессивті қоржынға да, консервативті қоржынға да тән инвестициялық
қасиеттері болады. Оның құрамына сенімді кәсіпорындармен қоса даму
үстіндегі жас кәсіпорындардың да акциялары енеді. Мұндай қоржын жеткілікті
жоғары табысқа және тәуекелдің орташа деңгейін ұстауына қолайлы жағдай
туғызады.8,175 бет
Қоржындардың екінші дивидендтерімен проценттер есебінен табыс алу
болып табылады. Қоржынның бұл типі тәуекел көзіңде алдын ала жоспарланған
табыстың деңгейін қамтамасыз етеді және онда тәуекелділіктің деңгейі нольге
тең болады. Қоржындардың аталған типін инвестициялау объектілері ретінде
сенімділігі жоғары бағалы қағаздар алынады. Оның құрамына енетін қорлардың
инструменттеріне байланысты олар: коңверттелетін, нарықтық ақшалай және
облигациялар болып бөлінеді. Конверттелетін (айырбасталынатын) қоржындар:
айрықша акциялардан және облигацияларынан тұрады. Мұндай қоржын оны
құрайтын бағалы қағаздардың есебінен нарық коньюктурасы мүмкіндік беретін
болса, онда оларға жай акциялардың өзі де, қосымша табыс әкелуі мүмкін.
Басқаша жағдайда, қоржын инвестициясы тек тәуекелділік төмен болған көзінде
ғана табыспен қамтамасыз етіледі.
Ақша нарығының қоржындары (портфелі) капиталды толық сақтау мақсатынан
тұрады. Оның құрамыңа ақшалай қаражат пен тез сатылатын активтер кіреді.
Егер де ұлттық валюта өзінің төмендеу бағамын көрсетсе, онда ол шетелдік
валютаға айырбасталуы мүмкін. Сөйтіп, салынған капитал нольдік тәуекелділік
кезінде өз өсімін сақтайды. Облигациялар қоржындары облигациялардың
есебінен қалыптасады және нольдік тәуекелділік кезінде орташа табыс
әкеледі.
Қоржындардың өсуіне қоржынға енген құрылымдардың өзгерісі мен
бағамдары әсет етеді. Табыс қоржындары тұрақты құрамға және құрылымға ие.
Қоржын қызмет етуінің уақытына байланысты мерзімі шектелген және
мерзімі шектелмеген болып бөлінеді.
Мерзімі шектелген қоржын тек табыс табуға талпында жасап қана қоймай,
алдына-ала уақыты белгіленген кезеңнің шегінде табыс алуды көздейді, Ал
мерзімі шектелмеген коржынның уакыты шектеліп белгіленбейді.
Мүмкіндігінше толықтырылатын, қайтарып алынатын және тұрақты қоржындар
ажыратылып көрсетіледі. Толықтырылатын қоржындар, бастапқы салынған ақша
қаражаттарының есебінен емес, сыртқы қаражат көздерінің есебінен өсуі
(толықтырылуы) мүмкін. Қайтарып алынатын қоржындар бастапқы салынған
қаражаттардың бір бөлігін қайтарып алуға жол береді. Тұрақты қоржындарда
бастапқы салынған қаражаттар қоржынның барлық кезең бойына тұрақты көлемін
сақтайды.
Инвестиция — экономиканы дамудың тұрақты және жоғарғы қарқынын
қалыптастыруды, ғылыми-техникалық прогресстің жетістіктерін енгізуді,
инфрақұлымды дамытуды көздейтін басты фактор.
Инвестициялардың мақсаты жаңа технологияларды, алдыңғы қатарлы
техниканы және ноу-хауды енгізу; ішкі нарықты жоғары сапалы тауарлармен
толтыру және қолайлы қызмет көрсету; отандық тауар өндірушілерді
мемлекеттік қолдау және ынталандыру; экспортқа бағытталған және импортты
алмастырушы өңдірістерді дамыту, Қазақстан Республикасының шикізат кездерін
тиімді және кешенді пайдалану; қазіргі заманғы менеджмент пен маркетингтің
әдістерін енгізу, жаңа жұмыс орындарын құру; жергілікті мамандардың
үздіксіз оқу жүйесін енгізу, олардың біліктілік деңгейін көтеру; өндірістің
жедел дамуын қамтамасыз ету; қоршаған табиғат ортасын жақсарту болып
табылады.
Шетелдік инвестициялар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының
жарлық капиталына қатыса отырып, ондағы қабылданатын шешімдерге өз
үлестерін және құқықтарын қорғауына болады.9, №12

1.2 Инвестициялардың түрі және оларды бағалаудың
негізгі бағыттары

Мемлекеттер экономикасындағы шетел инвестициялары. "Инвестициялар"
түсінігі - көп қырлы құбылыс, оның бірнеше мағыналық түрлері бар:
- ең алдымен, инвестициялау жөнінде сөз еткенде, құрал-жабдық,
технологиялар жөнінде айтылады. Оларды енгізу арқылы өндірістік процесс
жүзеге асырылады;
- соңғы кездері бағалы қағаздарды, акцияларды сатып алу жөнінде сөз
болады;
-мұндай анықтама бірнеше шектеуші сипатта болады, өйткені кең мағынада
алғанда, ол әр алуан текті операциялардың тізбектеп орындалуы бар белгілі
бір процесс болып табылады;
- осы процестің әлеуметтік-экономикалық салдары бойынша оны
экономиканың дамуын қамтамасыз ететін белгілі бір механизм ретінде
бағалауға болады.
Экономикада "капитал" түсінігі синоним ретінде қолданылады. Бұл
мағынада, халықаралық экономикалық қатынастардың формасы ретінде
халықаралық капитал қозғалысы динамикалық категория қызметін атқарады.
Халықаралық капитал өз қозғалысында әр түрлі факторлармен және себептермен
байланысты, әр түрлі мақсаттарды көздейді. Бұлардың ішінде жоғары пайда алу
ерекше орын алады, ол әр алуан формада болуы мүмкін: өнеркәсіптік, банктік,
саудалық займдар бойынша проценттер және жер өсімі.
Әлемдік аренада капитал әр түрлі институционалдық инвесторлар арқылы
екі формада болады:
- кәсіпкерлік капшпал;
- саудалық капитал.
Кәсіпкерлік капиталдың өзі халық шаруашылығының кез келген саласына
салынуы мүмкін, ол мына бағыттар бойынша жүзеге асырылады; бағалы
қағаздарды немесе қор құндылықттарын саптып алу және сату; шетелдерде
өздерінін кәсіпорындарын сату, төл компаниялар мен филиалдарды құру, аралас
типтегі кәсіпорындарды құру және басқалар.
Салу формалары бағалы қағаздарды немесе мүлікті меншіктену құқығының
болуына байланысты ерекшеленеді. Барлық жағдайларда инвестицияланған
капиталдың қолданылуына бақылау жүргізудің белгілі дәрежесі айқындалған.
Бақылау қызметін жүзеге асырудың толықтығы дәрежесіне байланысты ол
екіге бөлінеді: тікелей немесе жанама (портфельдік) инвестициялар. Тікелей
инвестициялар шетелдік кәсіпорындарды тікелей басқаруға құқық береді және
инвестор өндірісті басқару процесіне тікелей қатысады.
Екінші жағдайда, шетелдік кәсіпорындарды бақылау құқығы едәуір
тарылады және оның айырықша құзыреті пайданың белгілі бөлігін алумен
шектеледі. Тікелей және портфельдік шетелдік инвестицияларды шектеудің
маңызды әдістемелік мәні бар, алайда олардың арасындағы шекаралар шартты
түрде белгіленген.
Дегенмен, маңызды айырмашылық төмендегі белгілерде айқын көрініс
тапқан: қолданылу мерзімі бойынша портфельдік инвестициялар уақытша болып
есептеледі және алып-сатушылық сипатта болады. Ал тікелей инвестициялар
экономиканың дамуын қаржыландыруға ұзақ мерзімде әсер етеді.
Табыс алу ауқымы бойынша, портфельдік инвестициялар банктік проценттен
артық болатын, капиталдың тұрақты табысын алу мақсатын көздейді. Тікелей
инвестициялар инвесторға табыс алуға мүмкіндік береді. Олар: капиталға
кіретін табыс, толық кәсіпкерлік пайда, қызметтердің барлық бағыттары
бойынша фирманы бақылаумен қамтамасыз етілетін барлық пайдалар (сауда,
инвестициялау, қаржыландыру, кооперация, ғылыми-техникалық қызмет көрсету).
Елдің ұлттық қауіпсіздігіне төнетін қауіп бойынша ұлттық меншік
шетелдік инвестор полюсіне қарай ығысуын туындатады. Дүниежүзілік
шаруашылықтың дамуындағы түбегейлі өзгерістер 80-жылдар аяғында болды.
Бұл әлемдегі миграцияланатын капиталдың теңбе-тең күшеюі арқылы жүріп
отырды. Жиынтық капитал 1995 жылы 1258 млрд. долларға жетті, ол 1990 жылдың
деңгейімен салыстырғанда 3 есе көп болды, ал миграцияланатын капитал
құрылымында шетелдік тікелей инвестициялар едәуір ұлғайды. Оның деңгейі
1995 жылы 325 млрд. долларға жетті, яғни 80-жылдармен салыстырғанда 3,5 есе
өсті.
Зерттеулер көрсетіп отырғанындай, инвестициялық ресурстардың ағымын
екі себеп ынталандырады: жекелеген елдердің дамуының біркелкі еместігі және
индустриалдық елдердің жедел өсуі. Капитал импортының жоғары деңгейі
өндірістік саламен салыстырғанда әлемдік сауданың жедел өсуіне ықпал етті.
Осылайша, 1990-1995 жылдары әлемдік экспорт 1,5 есеге өсті, өзгеріссіз
бағалар бойынша ол ЖЖӨ-нің өсу қарқынынан 2-3 есе көп болды. Шетелдік
тікелей инвестициялардың сомасының ұлғаюы шетелдік капиталдың қатысуымен
жасалған өнімнің өтуіне зор ықпал етті, ал тармақталған жүйесі 250 мың
филиалдан тұратын 40 мың трансұлттық корпорациялар әлемдік экспорттың 23-і
қозғалысын басқарды, олардың жартысы ішкі фирмалық жеткізулерді құрады.
Дамыған елдердің инвестициялық саясатының ерекшеліктері: Ғылыми-
техникалық революция жағдайында инвестициялық ағымдардың өсуіне ықпал етуші
факторларды дамыту белсенді түрде жүргізілуде. 60 - 80-жылдары өндіріс пен
сыртқы саудаға қарағанда капитал ағымы өте жоғары қарқынмен дамыды.
Мысалы, егер 1960 жылы тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 66 млрд.
$ болса, онда 80-жылдары олар 8 есеге өсті. Бұл жиырма жылдық кезең дамыған
елдер экономикасын инвестициялауға дамушы елдер экономикасынан шығатын
шетел капиталының қозғалу векторларын түбегейлі өзгертті.10, 306 бет
Бұл бәсекелестік күресті қатаң жүргізудің негізі болып табылады. Осы
мезетте жаңа халықаралық экономикалық жағдайды қалыптастыру бойынша іс-
қимылдар белсенді түрде жүріп жатты. Бұл құбылыс сөзсіз, үйлестіру
императивтерін, экономикалық және саяси ынтымақтастықтың жаңа
мүмкіндіктерін туындатты.
Халықаралық капитал қозғалысының тарихында аталған кезең былайда
ерекшеленеді, яғни капиталды шетке шығарудағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсiпорынның инвестициялық iс-әрекетiн жүргiзу
Персоналды басқаруда еңбекті ынталандырудың рөлі
Басқарудағы персонал еңбегі
Торғай-Петролеум ЖАҚ-ғы инвестициялық тартымдылығын талдау
Кәсіпорындардың қаржылық инвестициясын басқару
Өндірісті кеңейтуге салынатын инвестициялар
Инвестиция және оның Қазақстан Республикасындағы қызмет етуi туралы
Қазақстан Республикасындағы инвестициялық ахуал
Нақтылы инвестициялық мысалдарды бағалау
Инвестициялардың жалпы сипаттамасы
Пәндер