Каспий теңізі, құқықтық мәртебесі бойынша келіссөздердің жаңа кезеңі


Пән: География
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 71 бет
Таңдаулыға:   

Алматы, 2007

Р Е Ф Е Р А Т

Диплом жұмысы 75 беттен, кіріспе, 2 бөлімнен, қорытынды, интернет мәліметтері мен 2 сурет және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Диплом жұмысының негізгі мақсаты Каспий теңізінің құқықтық мәртебесінің экономикалық және саяси - географиялық мәселелерін жан-жақты қарастыру. Бұл жұмыс барысында кездесетін негізгі ұғымдар: де-факто линиясы, демаркация, делимитация, кондоминиум режимі, Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ), Иран Ислам Республикасы (ИИР), Әзірбайжан Республикасының мемлекеттік мұнай компаниясы (ӘРММК), арнайы жұмысшы топ (АЖТ) .

Зерттеу әдісі: статистикалық, картографиялық, әдеби, салыстырмалы және тарихи түрде.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 4

1 КАСПИЙ ТЕҢІЗІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН КЕЛІССӨЗДЕРДІҢ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢДЕРІ

1. 1 Каспий теңізінің құқықтық мәртебесінің экономикалық және саяси - географиялық мәселелері . . . 9

1. 2 Каспий теңізіндегі екіжақты совет - иран құқықтық реттеу мәселесі (1991 жылға дейінгі кезең12

1. 3 Каспийдің құқықтық мәртебесін анықтауда көпжақты келіссөздер үрдісінің алғашқы кезеңі (1991-1994 жылдар) 29

1. 4 Каспийдің құқықтық мәртебесін анықтау бойынша көпжақты келіссөздер үрдісінің екінші кезеңі (1995-1998жылдар) 41

2 КАСПИЙ ТЕҢІЗІ, ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ БОЙЫНША КЕЛІССӨЗДЕРДІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

2. 1 Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі бойынша келіссөздер үрдісінің жаңа кезеңінің басы мен теңіз түбін межелеу туралы қазақстандық - ресейлік келісім . . 48

2. 2 Халықаралық құқық нормалары57

2. 3 Каспий теңізі қайраңындағы көмірсутекті кен орындарының меншіктенуі жайлы мемлекетаралық даулар шешімі67

ҚОРЫТЫНДЫ. 72

ПАЙДАЛЫНЫЛҒАН ДЕБИЕТТЕР73

КІРІСПЕ

Орталық Азияның батыс бөлігі (Қазақстан мен Түркменстан), Закавказье және Каспий теңізіне қарасты Ресей мен Иранның солтүстік аудандары кіретін Каспий аумағы географиялық тұрғыдан Евразия материгінің орталық зонасын құрайды және қазіргі әлемнің саяси картасында ерекше орынға ие.

Аймақ - Евразияның географиялық ортасында және шығыс жарты шардағы ең тығыз орналасқан саяси-экономикалық маңызды аудандар - Еуропа, Таяу және Орта Шығыс, Оңтүстік Азия, Азиялық-Тынықмұхиттық аумақ пен Ресейдің дамыған солтүстік-батыс және Орталық бөліктерінен бірдей қашықтықта орналасқан. Өзінің топографиялық және климаттық ерекшеліктеріне байланысты Каспий аумағы (Кавказ, Орталық Азия) осы аймақтардың бәрін бір уақытта айыра отырып байланыстырады.

Каспий теңізі арқылы оған жанасатын аумақтарды өзара қысқа жолмен, әрі тіке байланыстырған барлық қолайлы құрғақ жолдар өтеді. Сәйкесінше, осы күнгі саяси, сауда-экономикалық және демографиялық ерекшеліктер қазіргі әлемде Каспийге жататын басқа да маңызды аумақтар Еуразия орталығы арқылы игілік мақсатында бір-бірімен байланысты орната алуын, немесе осы аумақтағы елдер ұсынып отырған стратегиялық басымдылықтарын өзара қарсыласуға қолдануын анықтап береді.

Осы аумақтың экономикалық және әскери-саяси ерекшелігін анықтайтын географиялық ерекшеліктеріне геосаяси ғылымның негізін салушылар бұрыннан-ақ назар аударған болатын. Біз білетіндей, Шығыс Еуропаны қосқандағы Орталық Еуразияның шөлді-далалы бөлігі британ географы Х. Макиндер атағандай: «Әлемдік арал» немесе стратегиялық жарылу зонасы болды. Ұлыбритан геостратегінің бұлайша ойлауына Закавказье-Орталық Азия аумақтарының оңтүстік шектерінде сол кездегі екі алып мемлелекеттер (супердержавалар) - Ресей Империясы мен колониалды Британияның «Ұлы ойындары» белең алған ХIХ ғасыр оқиғалары итермеледі.

Ресей, кейін Кеңестер Одағы территориясы аумағына орнатқан қатаң бақылаулардың нәтижесінде Ресей Империясы, ал содан соң КСРО көптеген жаһандық тенденциялардың дамуына тікелей әсер етті және әлемдік масштабтағы әскери-саяси және экономикалық ұмтылыстары «дәмелерінің» негізін қалады, әсіресе, айтылған бұл бақылау ашықтан-ашық басқа дүниежүзілік державаларға қарсы шыға алмады.

Анығы, Мәскеудің бұл қосарланған аумақтан қарсылықсыз айырылуы ХХ ғасыр соңында, мүмкін қазіргі Ресейдің әлемдік үрдістің даму барысына әсері дәрежесінің әлсізденуіне баға жетпес үлес қосуы сөзсіз.

Сондай-ақ, 1990 жылдар басында аймақтың жаһандық маңызын күшейткен екі жаңа фактор пайда болды. Біріншіден, бұл аумақпен шектес территориялардың қарулы саяси-құқықтық вакуумге трансформациялануы, сонымен қатар екіншіден, күтпеген жерден дүниежүзінің маңызды мұнай барлау аумағы ретінде әлемдік шаруашылық жүйесінде оның перспективалы рөлінің күрт өсуі.

Ресейдің кетуімен аумақ күш вакууміне айналды. Бұл Еуразия орталығының әлемге толқындай таралып келе жатқан көптеген тұрақсыздандыратын (дестабилизациялайтын) үрдістердің эпицентріне айналуын анықтап берді. Орталық Азия және Закавказье мемлекеттерінің тәуелсіздікке жетуі барлық географиялық бағыттардағы іс-жүзінде ұқсас үрдістер толқынының пайда болуын арандатты. Ресейде бұл ең алдымен, әрине, кез-келген уақытта мұсылман ұлттық (бұрында автономия болған) республикалар еріп кететін шешен мәселесі. Сепаратистік көңіл-күй мен тенденциялар өршіген жағдайда Ресей (немесе орыс) социумымен бірге Ресей мемлекеттігінің болашақ өмір сүруі туралы сұрақ туу мүмкін. Осыған ұқсас үрдістер басқа шекаралас дәстүрлі мемлекеттерде де белең алған. Түркия мен Иракта күрдтердің сепаратистік қозғалыстары күшейді. Ал Иранда әзірбайжан сепаратизмінен қорқа бастады. Ауғанстандағы жағдай шиелінісіп кетті, сәйкесінше бұл Пәкістан сияқты жасанды мемлекеттік құрылым тіршілік ететін нақты қауіптің пайда болуына әсер етті. Өз кезегінде Пәкістан мәселелері ішкі және сытқы саяси «лихорадканың» жолағына қайта кірген Индияға әсер етпей қоймады. Қытайда, елде тұрып жатқан, оның ішінде қазақтарды қосқандағы этностар ортасында сепаратистік көңіл-күйлер мен ұлттық сана сезімнің өсуімен қолдау тауып отырған ұйғыр сепаратизмі байқалды.

Шекаралас аумақтағы мемлекеттер мен қоғамдардағы этникалық қарсы тұру қаупі аумақта болып жатқан басқа үрдістердің теріс әсерімен өршіп кетті. Аумақтағы жағдайға қатаң сыртқы бақылаудың болмауы, мемлекетаралық шекаралардың жоғары мөлдірлігі, дербес мемлекеттік өкімет жүйесінің құрылымсыздығы мен болбырлығы адамдар мен қоғамдардағы өмір сүру әрекеттерінің көптеген салаларындағы былықшылыққа әкеп соқты. Аумақтың кейбір зоналары тік мағынасында әр бағыттағы идеялы және идеологиялық экстремисттік, криминалисттік элементтер халықаралық террористтердің баспанасына айналды. Аумақты «нарколихорадка» шарпыды. Мұнда ядролық қару мен материалдардың бақылаусыз таралуының нақты қаупінің болуымен өршіген қару-жарақтың бақыланбайтын асыра шоғырлануы өрбіді. Одан басқа, Кеңестер Одағының ыдырауынан кейін қазіргі тарих масштабы бойынша бейбіт өмір үшін бұрын - соңды болып көрмеген адамдардың бақылаусыз миграциясы үрдісі басталды. Нәтижесінде аймақ бүкіл дүниежүзіне тіке қауіп келтірді. 2001 жылдың күзіндегі АҚШ-тағы террористтік актілерге деген дүние жүзінің реакциясы қазіргі уақытта біртұтас өркениетті-аумақтық кешенді қамтитын Ауғанстан және оған жақын аудандарға бағытталуы кездейсоқ емес.

Аумақта болып жатқан үрдістердің деструктивті әлеуеті аудан көлемінің бәрінде сезіледі. Өзінің ішкі жағдайы мен халықаралық позициясына деген қауіпті көрген әр мемлекет 1990 жылдары нақты бар және әлеуетті қатерлерді жоюға, әрі күш вакуумын толтыруға бағытталған айқын қадамдарды іске асыра бастады. Алайда, басқарма Закавказье-Орталық Азия аумағы мемлекеттерін, не іргелес мемлекеттердің мүддесін ескермей тек өзінің жеке тар-спецификалық қызығушылықтарын көздеп әртүрлі елдер мүдделерінің қақтығысуына себепші болды. Бұндай позиция аумақтағы жағдайды одан әрі қиындатып, жалпы әлемдік жағдайды өршітті.

Екінші фактор - жоғарыда айтқандай мұнай факторы болып табылады. Дәл 1990 жылы аумақтағы елдер тізбектері үшін әлемдік мәні бар көмірсутек шикізатының ірі қорлары кенеттен анықталған соң бұл аймақта мұнай барлау секторының дамуының көлемді үрдісіне түрткі болды. Аймақтағы көмірсутек әлеуетінің дамуы тек таза экономикалық категориялармен ғана емес, сонымен бірге резервтер мен саяси вакуумды толтырудың негізгі құралы ретіндегі экспорттық ағындарға бақылауды қамтамасыз етуге бағытталған саяси есептеулермен тығыз байланыста болды.

Қазірде әлемде - мұнай факторы халықаралық қатынастарға әсер ететін негізгі элементтердің бірі. Әлемдік саясатта энергоресурстардың зор маңызы энергоресурстарды бақылауға алуды көздеген жетекші державалар арасында әрі жабық, әрі ашық күрес шиелінісін тудыруда. Сонымен бірге мұнай мен газ қорларының шектеулілігі, орны толмас және жер шары бойынша біркелкі таралмауы жағдайды қиындатады. Жаңа кен орындарын барлаудағы үлкен әрекеттерге қарамастан мұнайдың әйгілі қорлары соңғы ширек ғасырларда көбейген жоқ. Мұнайдың шамамен 80% қазірде 1973 жылға дейінгі ашылған кен орындарынан алынуда, әрі осы кен орындарының көбісі құлдырау күйін кешіп отыр.

Қазіргі энергетикалық режим қатты шоғырланған саяси әсерге ие. Мұнай рыногының дамуына әсер етудің анықтаушы факторы болып АҚШ саясаты табылады. Ол сыртқы мұнай көздеріне американдық экономиканың тәуелділігінің жоғары дәрежесі және мұнайдың әлемдік рыногындағы кез-келген эксцестерінен ерекше әлсіздігі жағдайында мұнай көздерін диверсификациялауға құштарлығымен анықталады.

Каспий алабының мұнай және газ ресурстары әлемдік энергетикалық рынокта күштердің орналасуына айтарлықтай әсер етті. Бұл аумақтағы кен орындары белгілі бір дәрежеде әлемдік экономиканың Таяу Шығыс мұнайынан тәуелділігін әлсіретуге қабілетті. Қытай энергошикізатын және басқа да экономикалық өсім динамикасы жоғары Азия республикаларының тез өсіп келетін қажетсінуін қамтамасыз етуде Каспий энергоресурстарының ерекше мәні зор. Мұнда барланған энергоресурстар Ресейдің Еуропаға экспортталуында маңызды рөл ойнайтын, ал жақын болашақта мүмкін Қытай және Жапониямен сауда жасауда да аз емес маңызға ие болатын Ресейлік энергоресурстармен бәсекелесе алады.

1990 жылдан бастап Каспий аумағы халықаралық саяси және экономикалық үрдістерге күннен күнге белсенді қатысуда. Жаңа Каспий маңы елдері өзіндік жеке даму жолдарын таңдау мүмкіндігіне ие болады және әлемдік саясаттың обьектісі сияқты халықаралық қатынастардың жеке дара субьектісіне айналды.

Жоғарыда айтылған барлық факторлардың жиынтығы Каспий аумағының және оған іргелес жатқан Еуразия материгінің аумақтарының үлкен стратегиялық мәнін алдыңғы жылдарға дейін анықтады. Збигнев Бжезинский айтқандай, Еуразия - әлем орталығы және осы Еуразияға бақылау орнатқан кімде-кім бүкіл әлемге бақылауды орнатпақ.

1 КАСПИЙ ТЕҢІЗІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН КЕЛІССӨЗДЕРДІҢ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢДЕРІ

  1. Каспий теңізінің құқықтық мәртебесінің экономикалық және саяси - географиялық мәселелері

Халықаралық қатынастар құрылымында КСРО-ның құлауы түпкі өзгерістерді анықтап берді. Қазақстан премьер-министрі Қасымжомарт Тоқаев атап өткендей, «бұрынғы метрополияның орнына жаңа тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуымен күрделі мәселелер тізбегі пайда бола бастады, соның ішінде олардың суверинететінің халықаралық-құқықтық қалыптасуы мен аумақтық межеленуімен байланысты қиындықтар туды». 1 Бұл әсіресе, кенеттен жағалаулық мемлекеттер, әрі кейін анықталғандай, басқа да аумақтарда орналасқан мемлекеттердің бірінші кезекте тұрған ден қою обьектісі болған Каспий теңізіне қатысты еді. Түркменстан шетел істер министрінің орынбасары Йолбарс Кепбаевтың әділ көзқарасы бойынша «өзінің сөзсіз ерекшеліктері бар Каспий теңізі мәселесінің даму тарихы тек ХХ және ХХІ ғасырлар шегінде ғана сипат ала бастады. Анығы, геосаяси жағдайдағы өзгерістер мен Каспий аумағында жаңа тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуы қызығушылықтың жаңа қатынасын анықтап берді». 2

Жаңа Каспий маңы елдерінің пайда болуы және өзгерген геосаяси жағдай Каспий теңізінің мемлекетаралық құрамында болуының, сонымен бірге жаңа жағдайдағы бұл суқойманың халықаралық-құқықтық мәртебесін анықтау мәселесі алға қойылды. Каспийдің халықаралық-құқықтық жағдайын анықтамай жалпы, әрі жеке сұрақтар бойынша қажетті халықаралық құқықтық тәртіпті орнату мүмкін емес. Ең алдымен бұл теңіз түбі ресурстарына деген меншік және оларды пайдалану мәселесі. Каспий акваториясының түбіндегі мұнай-газ ресурстарының біркелкі орналаспауы Каспийдің құқықтық мәртебесін анықтау сұрағының шешілмеуінің обьективті себебі болып отыр. Осы аумақтағы мемлекеттердің егемендік алуынан бастап шынайы тәуелсіздік өзіндік энергоресурстармен қаншалықты ерікті пайдалануға болатынымен анықталатыны туралы нақты түсініктер қалыптасты.

Алғашқы бағалаулар бойынша шартты отынның Каспий теңізі шельфіндегі көмірсутек шикізатының барланған қорлары 12-14 млрд тоннамен есептелінеді. Теңіз түбін ұлттық секторларға бөлген жағдайда Қазақстанға - 4, 5 млрд. тонна, Әзірбайжанға - 4 млрд. тонна, Ресейге - 2 млрд. тонна, Түркменстанға - 1, 5 млрд. тонна, Иранға - 0, 9 млрд. тоннадан тиеді. Сонымен бірге жаңа ізденістер Қазақстан және Әзірбайжан үлесіне тағы да 3, 5 және 3 млрд. т сәйкесінше қосуға мүмкіндік береді. 3 Қазақстан шетел істері министрі Вячеслав Гиззатов айтқандай, «Каспий теңізінің мәселелері аумақтық масштабтан өсіп кетті және жаһандық мәнге ие болды. Осы аймақта бейбітшілік және тұрақтылық мәселесі қойылды. Көмірсутек ресурстары тәуекелге қойылды, себебі, оны игеру нәтижесінде экономикалық, ал содан келіп шығатын әлеуметтік-саяси жағдайды түбірімен жақсарту ғана емес, сонымен бірге мұнай мен газдың әлемдік рыногында күштерді орналастыруды өзгертуге мүмкіндік туады». 4

Каспийдің құқықтық мәртебесін анықтау үрдісінің ерекшілігі оның тек құқықтық ғана емес, сонымен бірге саяси-экономикалық сипатта болуы болып отыр. Каспий маңы елдерінің алғашқы қарым-қатынас кезеңі, дәлірек айтқанда, қарым-қатынас жасау әрекеттері Каспийдің халықаралық-құқықтық мәртебесін шешу мәселесі құқықтық шешім арқылы емес, Каспий маңы мемлекеттерінің келіскен саяси жігері арқылы өз шешімін

1-сурет. Теңіз түбін ұлттық сеторларға бөлгендегі әр мемлекетке тиесілі үлесі (млрд. тонна) .

табатындығын айқын көрсетті. ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев 1998 жылғы шілдеде болған жер қойнауын пайдаланудың егеменді құқықтарын іске асыру мақсатын көздеген Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің түбін межелеу туралы Қазақстан-Ресейлік келісімге қол қою рәсімінде атап өткендей, «Каспийдегі саяси тұрақтылық мәселесін шешпей, мұнай туралы айтудың керегі жоқ. Әдетте, мұнай не байлық, не қан-төгіс әкеледі. Алып мұнай келу үшін тек қана құбырлар ғана емес, сонымен бірге саяси шешімдер қажет». 5

1. 2. Каспий теңізіндегі өмір сүру сұрақтарын екіжақты совет-иран құқықтық реттеу мәселесі (1991 жылға дейінгі кезең)

1991 жылға дейін Каспий теңізінде өмір сүрудің халықаралық-құқықтық мәселелері Ресей (1921 жылдан 1991 жылға дейін-Кеңестер Одағымен) және Иранмен екі жақты деңгейде реттеліп отырды.

ХVІІІ ғасыр аяғынан бастап Каспий теңізіне билік Иран мен Ресей арасында жиі болып тұрған соғыстармен шешіліп отырды. Закавказье үшін екі ел арасындағы күрес орыс әскерлері Ганджаны басып алуымен басталған алғашқы орыс - парсы соғысына (1804-1813жж) әкеп соқты. Кейіннен Эчмиадзинде болған соғыста орыс әскерлері саны жағынан көп мұрагер ханзада Аббас-мырза басшылық еткен Иран армиясын талқандады. 1805 жылы Шекін, Ширван және Қарабах хандықтары Ресей жағына өтті және патша әскерлерімен қоныстандырылды. 1806 жылы орыс әскерлері Дербент, Баку, Мугани және т. б Закавказьенің аудандары мен қалаларын басты, 1808 жылы Нахичевань алынып, Ереванды қоршауға алды. 1812 жылы орыс әскерлері қайтадан Аббас-мырза әскерін Асландузадағы шайқаста талқандады. Осыдан кейін Гүлістан келісіміне қол қоюмен аяқталған бейбітшілік туралы келіссөздер басталды. 6 Гүлістан бейбітшілік келісіміне 1813 жылы Қазіргі Әзірбайжан территориясының Гүлістан деген жерінде 24-қазанда (5-қараша) қол қойылды. Осы келісім Иранның Дағыстан, Шурагель провинциясын қамтыған Грузия, Имеретия, Гурия, Мингрелия, Абхазия және Қарабах, Ганджин, Шекин, Ширван, Дербент, Кудин, Бакин және Талыш хандықтарынан бас тартатындығы, сонымен қалмай осы жерлердің Ресей құрамына өтетіндігін рәсімдеді. 7

Осы келісім Каспий маңындағы елдердің заң қатынастарын реттейтін алғашқы құқықтық халықаралық іс-қағаз болып есептеледі. Келісімге сәйкес Иран Каспий теңізіне қатысты өзінің көптеген құқықтарынан айырылып қалды, ал Ресей сәйкесінше бұл теңізде әскери флотты иемдену құқына ие болды. Кеңес зерттеушілерінің пікірінше, осы шарт тікелей Иранға қарсы емес, сонымен бірге сол кездегі Иран көмегімен Каспий теңізін пайдаланып Ресейді талқандау үшін, Таяу және Орта Шығыс аймағына белсенді түрде енуге талпынған алып державалар Англия мен Францияға қарсы бағытталды. 8

Иранның Каспий теңізінде әскери-теңіз флотын иемдену құқынан айырылуы келісімнің 5 - бабымен бекітілген, ол келісімде төмендегідей мәселелер қарастырылды: «Сауда мақсатымен Каспий теңізін кесіп өтетін орыс кемелеріне алдындағы мандатқа сәйкес ирандық жағалар мен порттарға кіруіне рұқсат етіледі. Теңіз дауылы немесе кемелердің апатқа ұшыраған жағдайында Иран оларға достық көмек көрсетеді. Иран кемелеріне де алдыңғы мандатқа сәйкес тағы да сауда келісімдері үшін орыс жағаларына бағытталуына рұқсат етіледі. Дәл солай олар дауыл мен кеме апатына ұшырағанда Ресей де жолдастық көмек береді». Орыс әскери кемелеріне келетін болсақ, оларға «достық белгісі ретінде бұрынғыдай жалауларын көтерген күйінде жүзуге рұқсат етіледі». 9 Алдыңғы мандатқа сәйкес орыс үкіметінен басқа ешқай мемлекеттің Каспий теңізінде әскери кемелерін иемдену құқы болмады. Осылай, теңіздік билік түгелімен Ресей қолына көшті.

1826 жылдың шілдесінде шах әскері шегінуге мәжбүр болған орыс әскерлерін кенеттен шабуылдады. Осылай орыс-парсылық 2 жылдық екінші соғыс басталып кетті. Алайда осы жылдың қыркүйегінде орыс әскерлері ирандықтарды бірнеше рет соққыға жықты. Шах әскерлері Аракс өзенінен оңтүстікке қарай қашты. 1827 жылдың қазанында орыс әскерлері Ереван, кейін Тебриз, Хой, Маранд және т. б. қалаларды жаулады. Екінші орыс-парсы соғысы аяқталған соң қазіргі Иран аумағы Тебризге жақын Түркманчай ауылында 1828 жылы 10(22) - ақпанда Түркманчай бейбіт келісіміне қол қойылды.

Осы 1828 жылғы Түркманчай келісімі 1813 жылғы Гүлістан келісіміндегі жағдайларды, дәлірек айтсақ, Иранның әскери-теңіз флотын иемдену құқынан айырылуы, Ресейдің әскери флотты иемденудегі басымдылығын және Каспий теңізінде орыс сауда кемелерінің еркін жүзу құқтарын растады.

Бұл келісімнің 8-бабы 1813 жылғы келісімнің 5-бабын қайталады. Ол келесі мәселелерді қарастырды: «Бұрынғысынша, орыс сауда кемелері Каспий теңізі және оның жағалауларын бойлай жүзуге еркін. Олар теңіз жағасында өз зәкірлеріне тұруға болады және олардың кемелері апатқа ұшырап не болмаса, батып кету қаупі туғанда Иран оларға көмек көрсетеді. Иран кемелеріне де алдыңғы мандатына сәйкес Каспий теңізінде жүзуге рұқсат етіледі және орыс кемелеріне жақын келуіне болады. Кеме апаты не болмаса кеменің бату қаупі туса орыстар да оларға қолұшын береді. Бірақ, әскери кемелерге келетін болсақ, мұнда тек орыс жалауын көтергендеріне ғана тарихи түрде Каспийде жүзуге рұқсат етілетін, енді осы артықшылық орыс өкіметінен басқа ешқай өкіметке Каспий теңізінде әскери кемелерді иемденуге рұқсат берілмейді». 10 Ресей мен Иран арасында Аракс өзені шекара қызметін атқарды. Иранға 20 млн. сом көлеміндегі контрибуция күміспен төлеу салығы салынды. Келісімге сәйкес елшілер деңгейінде екі жақ миссиялармен алмасты, екі ел арасында консулдық қатынастар орнады. Келісімге қосылған сауда туралы трактатта орыс және Иран көпестеріне сәйкесінше Иран мен Ресейде еркін сауда жасау құқы берілді. Ирандағы ресейлік азаматтардың экстерриториалдығы орнатылды, Иран аумағындағы консулдық юрисдикция құқын Ресей бекітті, яғни осы елмен қарым-қатынаста капитуляциялар - қарсылықсыз тізе бүгу режимі орнатылды. 11

Осы келісімдерге сәйкес, Ресей Империясына «мәңгі уақыттарға» Каспий теңізінде әскери флотты иемденудің ерекше құқы берілді. 12 Сәйкесінше, осылай Ресей әрі Иран жақтары Каспий теңізінің Ресей юрисдикциясына бағынуын мойындады. Жалпы Ресей Империясы Каспий аумағында тұтасымен үстемдік етті. Бұл үстемдік 1907 жылы 31-тамызда қол қойылған Иран, Ауғанстан және Тибетте әсер ету орталарына меже орнату туралы ағылшын-орыс келісімімен заңдастырылды. Ол бойынша, Иранның бір бөлігі Касре-Ширин-Исфахан-Йезд-Зулфагар сызығынан солтүстікке қарай Ресейдің билік ортасы болып, Иранның басқа бөлігі - Бендер-Аббас-Керман-Бирдженд-Газин сызығынан оңтүстік-шығысқа қарай ағылшындардың билік ортасы, ал осы екеуі арасында орналасқан Иран аумағы бейтарап зона болып хабарланды. 1917 жылға қарай Иранның солтүстігі Исфаханға дейін патшалық Ресей әскерімен жауланып алынды. 13

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция
Каспий мұнайын тұтынушы елдер
Каспийдің құқықтық статусын айқындау
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейінгі Каспий мәселесі
Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін анықтаудағы халықаралық келісімдер
Каспий теңізінің құрлықтық шельфінің минералды ресурстарын игерудің құқықтық мәселелері
Ресей Федерациясының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының және Қазақстан Республикасының аумағында тұратын Ресей Федерциясы азаматтарының құқықтық мәртебесі туралы шарт
Ақтау портының маңыздылығы
Федерациясымен қарым - қатынастары
Каспий теңізінің табиғи ресурстарын тиімді пайдалануды жақсарту жолдары және болашағы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz