Романдық өнердің стильдік формалары


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1. Византия өнерінің қалыптасу ерекшеліктері . . . 6
- Македониялық Ренессанс . . . 6
- Коминиондық Ренессанс . . . 16
- Палеологиялық Ренессанс . . . 17
2. Романдық өнердің стильдік формалары . . . 19
2. 1 Франция өнері . . . 19
2. 2 Германия өнері . . . …35
- Италия өнері . . . …. . 39
- Испания мен Англия өнері . . . …. . 43
3. Готика өнерінің қалыптасуы мен таралуы . . . 45
- Франция өнері . . . …45
- Германия өнері . . . …59
- Англия өнері . . . …61
Қорытынды . . . 62
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 65
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Мәдениет адамзаттың жалпыөркениеттік дамуының элементі болып табылады. Ол басқа да мәдениеттер сияқты, адамдар үшін тектік құндылықтарды құрайды және адамзаттың прогресс жолымен қозғалысында анықтаушы рөл атқарады. Мәдениет - адамзат данышпандығының жемісі, ол - адамның рухани және материалдық қызметінің нәтижесі, бірақ мұндай нәтиже белгілі бір дәрежеде адамнан өгейсінеді және өмірге келген адамдардың тіршілік етуінің жағдайы мен алғышарттары ретінде көрінеді. Мәдениет - әлеуметтік жағдайға, материалдық және рухани құндылықтарға ену арқылы жасалатын, кодталатын және беріліп отыратын адамның ұрпақтан ұрпаққа жеткізіліп отыратын шығармашылық энергиясы. Мәдениет адамзатты табиғат кіндігінен ажыратады, табиғи күштердің толықтай тәуелділігінен құтқарады және оны өзінің мақсаттарын жүзеге асыру үшін жеткілікті түрде ерікті етеді.
Мәдениет - болмыстың адамзаттық тәсілі. Сондықтан, мәдениетті құндылықтық, іс-әрекеттік және технологиялық сияқты әр түрлі позициядан қарастыруға болады.
Өнер мәдениет дамуының рухани және материалдық көрсеткіші болғандықтан оның өркениетте алар орны өте зор. Мәдениеттану мәселелері, әсіресе, бұрыннан қалыптасқан құндылықтар жүйесін қайта қарау кезеңдерінде заман талабына айналады. Осыған сәйкес өнер де заман талабына сәйкес, қоғамның даму бағыттарына сәйкес, сонымен қатар, оның дүниетанымына сәйкес қалыптасып, дамиды. Оның қоғам санасына деген идеологиялық әсері айтарлықтай маңызды. Мәселен, діни сипаттағы өнер стильдері, олардың құрылымдық жинақтылығы, сала-салаға бөлінуі, эстетикалық дүниетанымды қалыптастыруы, тәрбиелік мәндігі зор маңызға ие.
Сонымен қатар, өнердің материалдық мәдениетті дамытуда, жаңа құндылықтарды қоғам санасына енгізуде, қоғамның кеңістік мәдениетін жақсартуда және қала мәдениетін қалыптастыруда алатын орны өте маңызды болып саналады.
Өнер - тұлғаның сезімін, табиғатқа деген көзқарасын, өмірлік философиясын, эстетикалық талғамын және адамның рухани даму деңгейін көрсететін мәдениеттің маңызды құралы болып табылады. Таңбалы тастағы кескіндер мен тағы адамдардың ырым-билерінен бастап, Рафаель мен Микеланджелоның мәңгілік туындыларымен жалғасқан, халықтың шығармашылық рухынан туған талай сұлу дүниелерсіз, өнер әлемінсіз, қандай мәдениеттің болсын рухын сезіне алмаймыз.
Шынында да, өнер мәдениеттің алтын қазынасы, адамның ұлылығын білдіретін ғажап көріністердің бірі - оның әсемдікке, сұлулыққа ұмтылуы, жамандық пен жақсылықтың бет-әлпетін бейнелеуі болып табылады. Сонымен қатар, өнер - техниканы дамытудағы қозғаушы күштердің бірі. Өйткені, бір ғана сәулет өнерін алатын болсақ, мұнда, мәселен, әртүрлі машиналар, аппараттар, құрал-саймандар қолданылды. Осының нәтижесінде адамзат өмірі айтарлықтай жақсарып, қоғамдық қатынастардың жеңілдеуіне жол ашылды. Мүсін өнері адамның көзқарасын бейнелеуде, оның құдыреттілігі мен маңыздылығын көрсетуде зор мағанаға ие.
Сондықтан, “Ортағасырдағы Батыс Еуропа өнері” атты бітіру жұмысының өзектілігі жоғары деп санаймыз.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Аталмыш тақырып төңірегінде танымал ғалымдар көптеген өз зерттеулерін жүргізді. Солардың арасынан ресейлік Аверинцев С. С. [1], Бычков В. В. [2], Каждан А. П. [3-4], Курбатов Г. Л. [5-6], Лазарев Л. Н. [7], Литаврин Г. Г. [8], Удальцова З. В. [9], сынды тарихшы ғалымдар өз зерттеулерін арнады. Мәдениеттанушылар арасынан Ильина Т. В. [10], Нессельштраус И. Г. [11] секілді ғалымдар еңбектерінің теориялық және тәжірибелік маңызы жоғары.
Осы тақырыпты зерттеуші қазақстандық ғалымдарға келер болсақ, олардың арасынан Ғарифолла Есім [12], Нұржанов Б. Ғ. [13], Ғабитов Т. Х., Мүтәліпов Ж., Құлсариева А. [14] еңбектерін атап өтуге болады.
Зерттеудің мақсаты. Ортағасырдағы Батыс Еуропа өнерінің маңыздылығын анықтау.
Зерттеудің міндеттері:
- ортағасырдағы Батыс Еуропа өнерінің идеологиялық бағытына талдау жасау;
- сол кезеңдегі өнер стильдерін айқындау;
- ортағасырдағы Батыс Еуропа өнерінің эстетикалық құндылықтарын анықтау;
- ортағасырдағы Батыс Еуропа өнерінің қалыптасу тарихын қайта қарастыру;
- оның негізгі ағымдарына сипаттама беру;
- “романдық” және “готикалық” өнерлер ұғымдарының маңыздылығына байланысты талдау жасау;
- ортағасырдағы Батыс Еуропа өнерінің қоғам санасына деген ықпалына байланысты сипаттама беру.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Ресейлік және қазақстандық ғалымдардың ой-пікірлерін саралай келе, кейбір түсініктер қайта қарастырылды және мәдениеттанудағы терминологиялық сөздікке кейбір анықтамалар аударылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы келесі қағида:
- ортағасырдағы Батыс Еуропа өнерінің бағыты тұлғаға ауысқаны, рухани мәдениеттің дамуына және қоғам санасының өзгеруіне өз ықпалын тигізді.
Зерттеуден алынған нәтижелер:
- Ортағасырдағы Батыс Еуропа өнерінің қалыптасу тарихы қаралды.
- Византия өнеріне, романдық өнерге және готикалық өнерге талдау жасалды.
- Оның діни сипаты анықталды.
- Романдық және готикалық өнерлердің ерекшеліктері айқындалды.
Зерттеу жұмысының әдістемелік негізі. Әдіснамалық тұрғыдан алғанда, осы зерттеу жұмысында ортағасырдағы Батыс Еуропа өнеріне байланысты мәдени-теоретикалық талдау қолданылды. Ал ортағасырдағы Батыс Еуропа өнерінің қалыптасуы мен таралу тарихын айқындау үшін, оның ықпалын білу үшін компаративистік тәсіл пайдаланылды. “Романдық” және “готикалық” ұғымдардың мәнін айқындау үшін теоретикалық және логикалық талдау жасалынды.
Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы. Зерттеудің негізгі қағидасы мен нәтижелерін ортағасырдағы Батыс Еуропа өнерінің негізгі сұрақтарын түсіндіру үшін пайдалануға болады. Зерттеудегі мәліметтерді мәдениеттануды, эстетиканы және жалпы өнерге қатысты арнайы курсты оқыту барысында пайдалануға болады.
Зерттеу жұмысының құрылымы мен көлемі. Зерттеу жұмысы кіріспеден, үш тараудан, тоғыз тараушадан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыстың жалпы көлемі 66 бет.
- Византия өнерінің қалыптасу Ренессанс
Еуропаның ескі қалаларын көруге келген әрбір адам білетіндей, оның бет-әлпетін қазіргі күнге дейін ортағасыр ескерткіштері айқындайды. Бірақ, уақыт осы ескерткіштерді ескермеді. Көптеген еуропалық қалаларда көне құрылыстардың тек ғана шамалы бөлігі сақталып, аман қалған. Дегенмен, ортағасыр үнемі өзі туралы еске түсіріп тұрады. Қалалық басқару органдарымен және қалалық шіркеу коммуналарымен соғылған мұнаралар күні бүгінге дейін алаңдар мен көшелердің төбесінен қарап тұрғандай, ал белгілі бір жерлерде князьдық қорғандардың қираған орындарын аңғаруға болады. Ал ескі мөлтек-аудандарда орналасып, биік ғимараттардың арасында қысылып тұрғандай күйге ұшыраған орта ғасырлық бюргер үйлерін көруімізге болады. Кей жерлерде сәнді декор фрагменттері, рельефтер және шіркеу қасбетіндегі мүсіндер, қала есіктеріндегі гербтер, ратуша жанындағы жауынгерлер мүсіндері сақталған. Кейбір шіркеулерде түрлі-түсті витраждарды, фрескаларды, ағаштан жасалған алтарьлар мен мүсіндерді көруге болады. Егер біз музейге кіретін болсақ, онда түрлі-түсті эмальдармен сәнделген қобдиларды, күмістен жасалған шыны ыдыстар мен кубоктарды, өте бағалы шіркеу аспаптарын, сүйектен ойып жасалған әртүрлі бұйымдарды кездестіреміз. Осылардың әрқайсысы үлкен өнер туындылары болып есептеледі.
Осы ескерткіштер қазіргі адамның жан-дүниесінде күрделі және қиын сезімді оятады. Біз суретшілердің таусылмас қиялымен және тамаша шеберлігімен таңданамыз. Көптеген суреттерден шығатын, сонда көрініс тапқан әсерлі сезімдерді аңғармау мүмкін емес. Дегенмен, ондағы көп нәрселер бізге түсініксіз. Өйткені, біз ондағы сюжеттерді жақсы тани алмаймыз, қиын діни нышандардағы ерекшеліктерді ажырата алмаймыз. Мәселен, антикалық аңыздардағы сюжеттер христиандық аңыздармен салыстырғанда, бізге олар аз мөлшерде таныс. Дегенмен, Ежелгі Грек немесе Рим өнері біз үшін қол жетерлік болып есептеледі, ал уақыт жағынан бізге жақындау орта ғасыр өнері күңгірт мағына білдіретіндей. Оның себебі, бейнелердің ерекше сипатталуында, яғни олардың, біз ойлайтын тамаша туралы көз-қарасымызға сәйкес келмеуі. Осы туындыларды тану үшін, біз мүлдем басқа әлемге енеміз. Егер біз орта ғасыр ескерткіштерін терең танығымыз келсе, олардың мән-мағынасын түсінгіміз келсе, онда өз санамызда қалыптасқан әдетті стереотиптерді уақытша ескермей, ортағасырдағы дүниетанымды ұғынуымыз керек. Орта ғасыр өнерін тану процесі жақында ғана басталған іс-әрекет десек қателеспейміз деп ойлаймыз. Өйткені, оған жүздеген жылдар бойы үстемдік еткен қатыгез шешім ықпал етті. XV-XVI ғасырларда, яғни Қайта өркендеу мәдениетінің гүлдену уақытысында, итальяндық тарихшылар шығармаларында орта ғасыр - варварлық дәуір деген көзқарас қалыптасты. Дәл осы кезде орта ғасыр өнерін готика деп атады, дәлірек айтсақ, варварлар өнері деді.
Батыс Еуропа елдерінде феодализммен күрес жүріп жатқанда, осы көзқарас өзгермей, сол қалпында қалды. Феодалдық құрылымның жаулары, шын мәнінде, феодалдық мәдениеттің ымыраға келмейтін қарсыластары болды. Қайта өркендеу дәуіріндегі итальяндықтарға қарағанда, француз ағартушылары орта ғасыр өнеріне зор ашу-ызамен шабуыл жасады. Осыған көзіміз жету үшін, Жан Жак Руссоның сөздерін еске түсірсек жеткілікті: « Біздің готикалық шіркеулердің порталдары оларды шыдап салғандар үшін масқара болып көрінуде». Руссо және оның пікірлестері үшін ортағасырдың барлық өнері «ескі режимнен» туындаған өшпенді нәрсе болды, демек, оның жойылуы дұрыс шешім болып табылды. Содан, орта ғасыр ескерткіштері шынында да қиратылды. Әсіресе, олардың көбісі XVIII ғасырда Францияда болған буржуазиялық революция кезеңінде құртылды. Тек, феодализммен күрес аяқталғаннан кейін ғана, орта ғасыр өнерін басқаша көзқараспен бағалауға мүмкіндік туды. Ең бірінші болып орта ғасыр өнерін «ашқан» XIX ғасырдың бірінші жартысындағы жазушы-романтиктер болды. Сөйтіп ескерткіштерді зерттеу жұмысы басталды. Бізге осы зерттеулердің нәтижесі - орта ғасыр, еуропаның көркем мәдениетінің дамуындағы маңызды кезең екенін көрсетті. Қазіргі тарих ғылымында орта ғасыр деп феодализм дәуірін айтады. Ол Еуропада көптеген жүз жылдарға созылды - Рим империясының құлдырауынан бастап (V ғасырдың соңы) XVII-XVIII ғасырларда болған буржуазиялық революцияларға дейін.
Өнер және мәдениет тарихшысы үшін орта ғасыр кезеңі басқа уақыттық мерзімді қамтиды. Мәселен, оның аяқталуы XIV-XV ғасырлар, яғни феодализмге қас болған Қайта өркендеу мәдениетінің пайда болу кезеңі. Дегенменде, орта ғасыр өнерінің даму уақыты мың жылды қамтиды. Осыған орай, осындай ұзақ мерзімнің ішінде оның үлкен өзгерістерге ұшырауы таң қаларлық дүние емес. Егер біз Еуропадағы жеке облыстар мен елдердің көркем мәдениетінің жергілікті ерекшеліктерін еске түсіретін болсақ, онда әрине алуан-түрлі шығармалардың болуы ғажап емес. Бірақ, оларда бір жалпылық қыр көрсетіп тұрды. Оларда үнемі болған белгілердің бірі - біріншіден, анық көрініс тапқан шіркеудің ықпалы, екіншіден, халық шығармашылығына жақын болуы. Шіркеудің ықпалы феодалдық қоғамның барлық мәдениетін қамтиды.
Энгельстің пікірі бойынша: «Орта ғасыр дүниетанымы көбінесе теологиялық сипатта болды. Ішкі біртұтастығынан айырылған еуропалық әлем, сарацин деген жалпы сыртқы жауға христиандық идеямен бірігіп қарсы тұрды. Әртүрлі халық өкілдерінен, топтарынан құрылған батысеуропалық әлем католицизммен бірікті. Осы теологиялық біртұтастық тек идеялық тұрғыда ғана болмады. Ол тек қана папа түрінде емес, ол иерархиялық және феодалдық бастамада ұйымдастырылған шіркеу түрінде де өмір сүрді. Әр елдің барлық жерінің тең жартысына қожалық етіп, шіркеу феодалдық қоғамда үлкен күш пен ықпалға ие болды. Шіркеу феодалдық жерлерге ие бола отыра, әртүрлі мемлекеттер арасындағы шынайы байланыс жүйесіне айналды; өзінің феодалдық ұйымымен шіркеу феодалдық бастамада негізделген зайырлы мемлекеттік құрылымға діни дәріптеме берді. Сонымен қатар, діни басылар жалғыз білімді класс болып есептелді. Осыған сәйкес шіркеулік догма әртүрлі сананың негізі және қайнар көзі деп танылды. Құқықтану, жаратылыстану, философия ғылымдарының мазмұны шіркеу іліміне сәйкестендіріліп, сол ілімнен негіз алатын болды» /15/.
Осы жағдай толық күйінде өнерге де қатысты. Өйткені, орта ғасыр өнері тек шіркеуге бағынышты болғандығынан емес, бірақ әрине, шіркеу шығармашылық туындыларына деген ең маңызды тапсырушы болды. Дегенмен, орта ғасыр өнері діни ой-сана тұрғысында қалыптасты. Осы кезеңдегі шіркеулік және зайырлы өнер стилі жағынан бірдей болды, оның себебі - шіркеу уағыздаған ілімде. Қазіргі уақытқа дейін жеткен және сақталған ортағасырдағы Еуропа өнер ескерткіштерінің басым көпшілігі христиандық культпен тығыз байланысты. Мұның себебі, қасиетті деп саналған шіркеу ескерткіштері, зайырлы ескерткіштерге қарағанда жақсы сақталған. Дегенмен, ортағасырдағы зайырлы өнер жақсы дамыған деген баға алды. Бірақ, шіркеуліктермен салыстырғанда зиялылардың тапсырысы аз мөлшерде болды. Ортағасырдың ерте кезеңінде тек императорлық және корольдік сарайлар өзінің сән-салтанатты жиһаздармен ерекшеленіп, үй іші монументальды әшекейлермен декорацияланды. Феодалдық тұрғын-үй қорған түрінде болды.
Ұзақ уақыт бойы сеньорлар және серілерге арналған көптеген көркем шығармалар қолданбалы өнердің бұйымдары болды. Сарайлардағы әшекейлер, әдеттегідей тек капеллаларда кездесті, тұрғын-үй және салтанатты ғимараттың қабырғалары кілемдермен сәнделді, өйткені керек жағдай туа қалса оларды басқа сарайға ауыстыру оңай еді. Тек ортағасырдың соңында, XIV-XV ғасырлардан бастап мүсін өнері және кескіндеме өнерін ақсүйектер қорғандары мен сарайларын безендіру үшін үлкен мөлшерде қолдана бастады. Осы уақытта қалалардың дамуына байланысты зайырлы өнердің маңызы арта түсті, сонымен қатар, көпестік корпорациялар, қолөнер цехтарының, ал кей-кездерде бюргер өкілдерінің тапсырыстарының көбейуіне байланысты оның саны арта түсті. Орта ғасыр суретшілерінің маңызды мақсаты үлкен шіркеулер салу және оларды безендіру болды. Шіркеу сәулет өнерінде, мүсін өнерінде және кескіндеме өнерінде жасалған ережелер мен канондар орта ғасыр өнерінің барлық сипатын және көрінісін айқындады. Өнер шіркеу қолында бұқараға ықпал етуші шынайы күштің нағыз өзі еді. Шіркеу оның ықпалын, оның барлығына қол жетерлік екендігін, яғни әр тілде сөйлейтін және білімсіз адамдарға да ықпалының зор екенін ерте бағалады. IV ғасырда шіркеу қызметкері Нил Синаит үлкен шіркеулерде бейнелердің болғанын қалады, оның себебі: « жазуды білмейтін және қасиетті кітапты оқи алмайтын адамдар суреттерге таңдана қарап, шын ықыласпен құдайға қызмет еткен жандарды көріп, олардың бойында осындай қылықтарға әуестену ынтасы пайда болу үшін қажет» /16/.
«Өнер - білімсіздерге арналған библия» деген формула бүкіл орта ғасыр аралығында өзінің маңыздылығын сақтады. Шіркеу иелік еткен мол байлық оған үлкен шіркеулерді әдемі етіп безендіруге мүмкіндік берді. Оған кірген адам өзін ерекше әлемде екенін сезінді. Францияда XII ғасырдың басында саяси және шіркеу қайраткері, аббат басшысы болған Сен Дени Сугерияның айтуы бойынша, алтын жалтырағы және шіркеудегі асыл заттардың жалтылдауы адамның жан-дүниесінде әсерлі сезім қалдырып, осы жерде құдай берекесінің бар екенін білдірді. Бірақ осындай сезімді адамның сана-сезімінде және жан-дүниесінде тудыру шіркеу өнерінің ең маңызды мақсаттарының бірі болды. Ортағасырдағы өнерге діни идеяларды насихаттау амалы ретінде қарады, дәл осы жағдай оның шіркеу үшін маңыздылығын білдірді. Оның ең маңызды мақсаттарының бірі діншілдік нанымға бағыт беру, жол сілтеу болды.
Осыны орындау үшін өнер шіркеу доктринасының рухына сәйкес келуі керек еді, яғни бұл аскетизм доктринасы. Ертедегі «шіркеу әкелері» Иероним және Августин тұжырымдағандай, жердегі тіршілік о дүниелік өмірмен салыстырғанда маңызсыз. Орта ғасыр шіркеуліктерінің ойынша, өмір қиындық пен зұлымдыққа толы, оның әдемілігі алдамшы және өткінші, ал дене - өлмес жанның кісені. Жердегі өмірдің қиындығы мен азабы адамда көріксіздік сезімін тудырады. Орта ғасырда Христос денесінің көріксіздігі туралы тезис ұсынылды. Сондықтан, өнер, жер құбылыстарының асқан сұлулығын көрсетпеу керек еді. Осылайша антикаға қарсы идеал құрылды. Адам денесінің сұлулығына тағзым етудің орнына оны рухани бастамамен басу үрдісі ашылды. Шіркеулерде түсініксіз, пропорционалды емес, бедеусіз мүсіндер бейнесі пайда болды. Екі ақиқат туралы шіркеу ілімі орта ғасыр өнерінің символдығын тудырды. Суретшінің ең басты мақсаты құдайшыл немесе діни бастаманы көрсету болды. Шынайы формалар жер өмірінен кейінгі болатын символдарға айналды. Бірақ ол үшін заттар мен мүсіндерді бейнелеу жоғарғы табиғи көрініс ретінде қабылдануы керек еді. Оларды шынайы өмірден алшақтату маңызды шарттардың бірі болды. Өнер табиғатқа еліктеуін тоқтатады. Көргеннен алынған әсерді шынайы жеткізуден бас тартып, орта ғасыр суретшісі өзінің назарын сезімдерді көрсетуге, бейнелеуге аударады. Оның таңдағаны азаптану сезімі. Әрине, бұған шіркеудің ықпалы өз септігін тигізді. Оның іліміне сәйкес, азаптану - тазартушы от және жалын, одан адам жаны бекілген болып шығады. Азаптану культі адамдарды өмірдің барлық қиындықтарымен келістіру керек еді. Орта ғасыр суретшілері ғажайып айқындықпен қорқынышты апаттар көрінісін суреттей бастайды. Барлық жерде қан төгіс, біз барлық жерде адамсыз қатыгездіктің үлгісін көреміз. Жұмақтан қуылған Адам-ата мен Хауа-ана азаптануға душар болған, Қабыл ағасын өлтіреді, Иродтың жауынгерлері сәбилерді аяусыз қырады, күнәһарлар тұзақ отында қиналады, ал Христос болса өлім мен азап арқылы өмірден өтеді /17/.
Осы бейнелерді көріп, орта ғасыр тарихын есіңе түсіресің - олар тоқтаусыз соғыстар, ашаршылық, инквизиция алауы, жойқын эпидемиялар, серілердің қарақшылық істері. Тынышсыз және бұлдыр бейнелерде өмір тынысы сезіледі. Біз осы жерде орта ғасыр өнерінің басқа жағына келеміз, яғни оның шынайы негізі мен халық шығармашылығының жақындығына тоқталуы. Орта ғасыр шіркеулерінің мүсін өнерін және кескіндеме өнерін тек қана шіркеулік доктринаның көрінісі ретінде қарастыру адасудың бір түрі болар еді. Бұл өнердің мазмұны өте кең. Онымен таныса отыра, біз шіркеу қойған шектеулерге қарамастан, ондағы шынайы өмір көрінісінің бар екенін аңғарамыз. Бұның себебі, шіркеу тек қана діни ұйым болған жоқ. Орта ғасыр шіркеуі - ірі феодал болды. Ол жерлерге қожалық етті, соғысқа қатысты, саяси күреске белсене араласты, оның епископтары қару алып жүруге құқығы болды. Өмірмен тығыз байланыса отыра, ол оның ықпалынан қаша алмады. Сонымен қатар, шіркеу дін ілімінің символдарын дұрыс түсінбейтін көрермендердің көзқарастары және талғамдарымен санасатын болды. Ықпалды және әсерлі болу үшін өнер барлығына ашық болуы тиіс еді. Туындыларды шығарушы орта ғасыр қол өнершілерінің көркемдік шығармалары халық шығармасының түп тамырына негізделді /18/.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz