Қонақ үйлердің қазіргі заманғы классификациялық жүйелігі және оның туризмдегі ролі


Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   

әл-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ГЕОГРАФИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

Туризм кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Әлемдегі қонақ үй шаруашылығы жүйесінің Қазақстан туризіміне әсері

РЕФЕРАТ

Дипломдық жұмыс 66 текст беттен тұрады, 4 суреттен, 2 кестеден және 2 қосымшадан тұрады.

Жұмыста сипаттау, графикалық әдістер компьютер технологиясы қолданылды. Түрлі оқу құралдары, норматив актілері, басылым құралдары, университеттң оқу бағдарламасы, сөздіктер, инциклопндиялар, электронды құралдар мен интернет сайттары мен статистикалық көрсеткіштер пайдаланылды.

Кілтті сөздер: қонақ үй, қонақ үй шаруашылығы, қонақ үй шаруашылығы жүйесі, әлемдік қонаөқ үй жүйесі, қонақжайлық, қонақтар, классификация, жұлдыздық, кызмет көрсету, бронь, қабылдау, орналастыру, тамақтандыру, қонақ үй индустриясы, туризм, туризм индустриясы.

Жұмыстың өзектілігі әлемдік қонақ үй шаруашылығы жүйесінің сипаттамасы мен оның Қазақстан қонақ үй шаруашылығымен салыстырылып, Қазақстан туризіміне әсері.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .

1 ТУРИЗМ ЖӘНЕ ҚОНАҚ ҮЙ ШАРУШЫЛЫҒЫ . . .

1. 1 Қонақ үй шаруашылығының тарихы . . .

1. 1. 1 Жалпы әлемдік қонақ үй шаруашылығының қалыптасуының тарихы . . .

1. 1. 2 Қазақстан қонақжай мекенінің пайда болуы . . .

1. 2 Алматы қаласындағы қонақ үйлердің туристік мәні . . .

2 ҚОНАҚ ҮЙЛЕРДІҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ КЛАССИФИКАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТУРИЗМДЕГІ РОЛІ . . .

2. 1 Қонақ үй классификациясы туралы түсінік . . .

2. 1. 1 Туристерді орналастыру құралдарының классификациясы . . .

2. 1. 2 Жұлдыздық жүйе . . .

2. 2 Қонақ үй шарушылығының қызмет ету жүйесі . . .

2. 2. 1 Қонақ үйдегі қызмет түрлеріне сипаттама . . .

2. 2. 2 Қонақтарды қабылдау және орналастыру қызметін ұйымдастыру . . .

2. 2. 3 Қызметкерлер сапасы . . .

2. 3 Қонақ үй шаруашылығындағы басқару . . .

2. 3. 1 Қонақ үй шаруашылығының менеджменті . . .

2. 3. 2 Басқару әдістері мен стилі . . .

2. 4 Қонақ үйдегі тамақтану жүйесі . . .

2. 4. 1 Қонақ үйдегі тамақтану орындары жайлы жалпы мағлұмат . . .

2. 4. 2 Қонақ үйдегі тамақтану жүйесіндегі қызмет . . .

3 ҚАЗАҚСТАН ҚОНАҚ ҮЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТУРИЗМ ДАМУЫНА ӘСЕРІ . . .

3. 1 Қазақстандағы туризм мен қонақ үй шаруашылығының жағдайы . . .

3. 1. 1 Алматы қаласындағы қонақ үй шаруашылығы мен туризм . . .

3. 1. 2 Қазақстандағы қонақ үй саласының тенденциялары мен мәселелері.

3. 1. 3 Қазақстандағы қонақ үй индустриясының анализі . . .

3. 2 Қазақстан туризмі мен қонақ үй шаруашылығының дамуы . . .

3. 2. 1Жаңа проектілер мен Қазақстандағы халықаралық қонақ үй жүйесі . . .

3. 2. 2 Қазақстан Қонақ үйлер мен Ресторандар Ассоциациясы (КАГиР) . . .

3. 3 Туризм мен қонақ үй индустриясындағы интернеттің әсері . . .

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .

ҚОСЫМША . . .

КІРІСПЕ

Халықаралық туризм - бұл әлемдік және ішкі нарықтың сараптаушысы және кезкелген мемлекеттің қазынасына пайда түсіретін басты сала.

Бүкіл әлем бойынша көптеген дамыған және дамушы мемлекеттер туризмнің дамуы үшін, туристік рекреациялық көптген мүмкіндіктерге ие болуда. Бірақ кейбір мемлекеттерде туризмнің потенциялды көрсеткіші экономикалық ресурстарға байланысты төмен. Себебі бұл мемлекеттердегі туристік индустрияның салалары халық аралық стандарттарға сай емес. Осы себептердің бірі, біздің қонақ үйлер әлемдік стандарттарға сай дәрежеде туристерді қабылдай алмауда, басты мәселе қонақ үй орындарының аздығында. Қонақ үйлердің жағдайы жоғары дәрежелі моральды және жеке көзқарастар бойынша дамушы мемлекеттерде қонақ үй бөлімдерінің жағдайының төмендігі көрсетіледі, бұл қызмет түрінің шектеулігі, тозған ескі техникамен сипатталады.

Дамушы мемлекеттерде осындай жетілмеген бұл туризм саласын дамыту үшін, қазіргі қонақ үй нарығын зерттеу, қонақ үйдегі қызмет түрлерін арттыру, басқа дамыған мемлекеттермен өз жағдайымызды салыстыру қажет болып отыр.

Туризм анықтамасына сүйенентін болсақ туристік іс әрекеттерді төмендегі ұсынып отырған анықтамадан анық көреміз. Дүниежүзілік туристік ұйымның (ДТҰ, ВТО) т. б. оқулық авторларының беріп жүрген анықтамаларынан басқа, төмендегі анықтама туризмнің сан қырлы екендігін көрсетеді

Туризм - экономика саласы, бизнес, таным, спорт және демалыс түсінігіне орай оқу құралында тек қана қонақ үй шаруашылығы оның мазмұны, құрылымы және туристік бизнестің кейбір түрлеріне шолу беру нәтижесіде туристік саладағы мамандарға кәсіби білімін жетілдіруге қажетті мәліметтер жинақталған. Оқу құралы мазмұны қонақ үй және туристік кешендердегі қызмет көрсету нарығының қалыптасуының негіздерін қамти отырып олардың құрылымдарына, менеджментіне, маркетинг мәселелеріне жауап бере отырып, қызмет көрсетуді ұйымдастыру мәселелеріне тоқталады.

Бұл жұмыстың негізгі мақсаты - әлемдік қонақ үй шаруашылығы жүйксінің Қазақстан туризіміне әсерін көрсету. Мақсатты орындау барысында қонақ үй шаруашылығы жүйесімен толық танысып, әлемдік және Қазақстан қонақ үй шаруашылығы салыстырылады. Бұл шаруашылықтың дамуына кедергі болып тұрған мәселелер қарастырылып, анализ жасалып, қораытындылар мен ұсыныстар беріледі. Сол мәселелерді шешу үшін қолданылатын қажетті шаралар көрсетіледі және іске асырылып отырған жұмыстар таныстырылады.

1 ТУРИЗМ ЖӘНЕ ҚОНАҚ ҮЙ ШАРУШЫЛЫҒЫ

1. 1 Қонақ үй шаруашылығының тарихы

  1. Жалпы әлемдік қонақ үй шаруашылығының қалыптасу тарихы

Әлемдік қонақ үй индустрияның негізгі кезеңдеріне шолу жасайтын болсақ, саяхатта жүрген адамдарға қызмет көрсету алғашқы қонақ үйлер (Керуен сарайлар) б. д. д 2000 жыл бұрын көне шығыс елдерінде кең таралған.

Ежелгі Греция, Ертетегі Рим кезеңінен бастап әртістерге, кубелерге, саяхатшыларға арналған ертедегі қонақ үй түрлері: хаинны, инны, пошта бекеттері т. б. болып саналған. Жоғарыдағы қонақ үйлер қазіргі қонақ үй функцияларына ұқсас қызмет түрлерін көрсеткен.

Сол замандағы негізгі көлік ретінде аттарды пайдалану, ат қоршаулары мен тұрақтар болуымен қатар адамдар тынығуға арналған, ас ішетін бөлмелерден тұрған. Ал Орта ғасырларда саяхатшыларға арналған бұл кешендерге әжептәуір өзгерістер енгізілген. Қосымша театр сахналары пайда болған. Қонақ үй иелері өз жанұясымен, құлдары мен қызметшілері келген қонақтарға қызмет көрсеткен. Олардың қызмет көрсету деңгейі жоғарғы сапалы көлемді қызмет көрсетумен ерекшелінген.

Қонақ үй индустриясының даму тарихы әлемдік адамзат өркениетінің даму тарихымен тұспа тұс келеді.

Европа, Азия дүние бөліктеріндегі ірі империалардың құлауы. Жібек жолы бойындағы қалалардың күйреуі, соғыс әрекеттері, қонақ үй кәсіпшілігіне тоқырау алып келді.

XVІІ-XІX өндірістік револяюция, су жолының дамуы дүниежүзілік қонақ үй шаруашылығының қалыптасуына өзіндік үлесін тигізді. XX ғасырдағы қонақ үй индустриясының ерте кезден бастап 20 ғасырдың соңына дейінгі даму этаптарының негізгі сипаты төмендегідей.

Б. д. дейінгі ІІ-І мыңжылдық аралығында Ассирия кезінде керуен сарайлар мен алғашқы адамдар демалатын үйлердің саяхатшыларға уақытша тұруына арналып салына басталды. Осы уақытта Шығыс елдерінде, көне Грецияда, Крит аралдарында да керуен сарайлардың ашылғандығы белгілі.

Б. д. дейінгі І мыңжылдықтың Ежелгі Грек жерінде қонақ үйлердің үш типі қалыптасқан; жекеменшік аулалар (кататоталар), мемлекет құзырындағы аулалар (пандокен), ұйықтайтын бөлмелері бар таверналар (тамақ ішетін орындар)

Б. д. дейінгі VІ-ғасырдағы - б. д. І-ғасырында Ежелгі Рим территориясында жол бойында көне қалаларда көптеген жатын үйлер мен таверналар салынған. Оларды пайдаланушылар саяхатшылармен қатар, мемлекеттік шенеуіктер, саудагерлер, кезбелер, т. б. болып Рим империасындағы пошта байланысының қалыптасуына байланысты мемлекеттік заңға байланысты 70-100 шақырым ат шабыс аралық бекеттерінің ашылуы таверна, қонақүйлердің дамуына себеп болды. Рим империясының күйреуі заманында жоғарыдағы пайда болған кешендер бұзылып қирауға ұшырады.

Орта ғасыр (V-VІІІ ғ. ) заманында Еуропа мен Шығыс елдерінде сауда мен саяхаттың қайта жандануына орай орналастыру мен тамақтану қызмет көрсету саласы дамудың жаңа жолдарына бағытталды. Европалық монастырларда арнайы қонақжайлық орындар пайда болды. Бұл кешендердің бірінші қабатында ас ішетін орын және атқора, шаруашылық, қызметшілерге арналған бөлмелермен жабдықталса, ол жоғарғы қабатында жататын бөлмелер төбесі жабық арнайы театрлық көріністерге арналған орындар болған.

Қайта өрлеу заманында Еуропа дүние бөлігінде кәсіпкершіліктің дамуы, ат шегілген тарантас, көлік құрылының пайда болуы қонақтар тоқтайтын аулалардың соңының көбеюіне септігін тигізді. Еуропа елдеріндегі мемлекеттердің экономикалық және саяси байланысының дамуы барысында қонақүй шаруашылығы қарқынды дамуы байқалады. XVІІ-XVІІІ ғ. Америка континентіне Европалықтардың келуіне орай Европалық типтегі қонақүйлер пайда бола бастады. Алғашқы 70 бөлмелі қонақ үй «Сити» Отельі Нью-Йорк қаласында 1794 ж. салынған. XVІІІ-XІX ғ. бас кезеңінде тек саяхатшыларға арналған орта және үлкен қонақ үйлер пайда болды. Оның ең үлкені 170 бөлмелі «Тремонт» отелі 1829 ж. Бостон қаласында іргетасын көтерген.

XІX ғ. Европа мен Америкада өндірістік революция нәтижесінде көлік түрлерінің пайда болуы (пороход, паровоз) туризмнің дамуына үлкен ықпалын тигізді.

Нәтижесінде теңіз жағалауында, теміржол бойында қонақ үй құрылысы пайда болды. Қонақ үй компаниялары, корпорациялары, синрикаттардың бизнесмендерге, комерсанттарға және көшіп келушілерге арналған қонақ үй қызметі ұсынады.

XX ғасырдың бас кезінде қонақ үй құрылысы, шаруашылығында жаңа идеялар, тұжырымдамалар, қонақ үй синдикаттары (Лондонда) қонақ үй иелерінің одағы (Париж) 1906 ж. құрылған қонақ үй иелерінің халықаралық қонақ үй одағы, дүние жүзінің 1700 қонақ үйлерінің басын біріктірген. Осы мезгілде Европа қонақүйлерінде керуендер, конференциялар, ойын сауық кештері ұйымдастырылған казино, ресторандар пайда болған XX ғ. 20 жылдарында қонақ үй бизнесіндегі Конрад Хилтон үлесіне тоқталып өткен орынды.

1930 жылдардағы қонақ үй шаруашылығының «үлы күйзелісі» өзіндік ықпалын тигізді. Екінші дүниежүзілік соғыс ықпалы өз алдында.

1950-1960 жылдары көлік тасымалдау түрлерінің өркендеуі, соғыстан кейінгі халықаралық қатынастардың тұрақталуы әлеуметтік экономикалық жағдайдың ретке келуі дүние жүзінде қонақ үй шаруашылығының қайта жандануына ықпалын тигізді. Қонақ үйдердің жаңа типтерінің мотель, отель, кемпинг т. б. пайда болуы, курортты қалаларда қонақүйлер салына бастады. Әуежай, жолбойы қонақ үйлері олардың құрамында тамақтану, көңіл көтеру орындары қалыптасты. Адамдардың бос уақытта пайдалану мүмкіншілікерінің артуына байланысты емдік сауықтыру курортты аймақтарда пайда болды.

ДТУ мәліметі бойынша 17 млн. адамдар тоқтай алатын қонақ үй жүйелері қалыптасқан. Солардың ішіндегі ең ірілері «Шератон», «Мариотт», «Рамада», «Редиссон» қонақ үй класстарына орай «Апартамент», «Кондоминниум» түрлері пайда болды.

XX ғасырдың 90-шы жылдарында экономикалық күйзелістерге байланысты қонақ үй шаруашылығының дамуының тежелгендігі көрінеді.

Отелдердің мамандарландыруы, супер және экзотикалық түрлерінің шыққанын байқаймыз. Қонақ үй шаруашылығын дамытудың жаңа тұжырымдамалары зор ізденіс бағыта жүргізілді. Шығыс Азия және Тынық Мұхит секторында қонақүй шаруашылығы құрылысы жаңа технологияны пайдаланды.

ТМД елдері көлеміндегі қонақ үйлердің даму, қалыптасу тарихы төмендегідей.

Ерте ғасырларда Ресей, Еуропалық бөліктегі ТМД елдерінде және Жібек жолы бойындағы қалаларда атпен серуендеушілердің, саудагерлердің, пошта т. б. мемлекеттік қызметкерлердің жол бойында тынығуға, тамақтануға ыңғайлы керуен сарайлардан басқа, пошта стансаларының салынуы, қонақ үй аулаларының трактирлер құрылысы пайда болып, 1818 ж. өзінде Мәскеу қаласында 7 қонақ үй жұмыс істеген. Оған дейінгі кезеңде көрші мемлекеттерден келген шет елдерін қонақтарға арналған арнайы демалатын, тамақтанатын орындар болған. Олар «армяндық, «ағылшындық, «гректік», «голандық» т. б. болып аталған. құрылымында шағын сауда сөрелері, кішігірім дүкендер, зат сақтайтын қоймалар т. б. қызмет көрсетуге арналған нысандар болған. Калуга қаласында көненің көзі ретінде қазірге дейін сақталып туристік экскурсиялық нысан құрайды.

1878 ж. Мәскеуде бес қабатты ең ірі қонақ үй және ресторанымен ашыла отырып «Үлкен Мәскеу Серіктестігі» болып аталған.

1890 жылдары «Европа», «Центральный» қонақ үйлерінде «люкс» нөмірлері ашылды. Кейінірек «Балчуг», «Метрополь» іргетасы қаланған болатын.

1910 жылдары Ресей жерінде 4685 қонақ үйлері пайда болған екен. Бұлардан басқа кішігірім демалыс тамақтану орындарын есептемегенде.

Кеңестер дәуірінде бұрынғы жекеменшік қонақ үйлер мемлекеттік коммуналдық жүйеге көше отырып, екінші дүние жүзілік соғысқа дейін Москва және 669 қалаларда қонақ үйлер салынды. Қонақ үй бизнесінің тоқырауы екінші дүниежүзілік соғыс кезінде байқалды.

1960-1970 жылдары 6 мыңнан астам қонақ үйлер пайдалануға берілді: «Золотой колос» (4000 орынды), «Ярославль» (2000), «Туриск», «Алтай», «Восток» (2400 орынннан), «Ленинградская» (500), «Украина» (1660), «Россия» (5350) т. б.

1980 ж. Олимпиада ойындары қарсаңында «Космос», «Измаилово», «Севастополь», «Спорт», «Международная» т. б. қонақ үй жұмысы жанданды.

1990 ж. қонақ үй шаруашылығы күйзелісі Кеңестер одағының ыдырауы, жекешелендіру, басқа салаға, офистік ойын-сауық орталықтарына көшу теңденциясы байқалады.

  1. Қазақстан қонақжай мекенінің пайда болуы

Қазақстан қонажайлығының қалыптасуының көне тамыры тереңде жатыр. Оның пайда болуы алғашқы қоныстардың, көлік жолдарының және сауда қатынастарының дамуымен байланысты. Алғашқы қонақ үйге ұқсас ғимараттардың ашылуын б. д. алғашқы ғасырларына қатыстыруға болады. Ұлы Жібек Жолы бойындағы аймақтардың зерттелуінен біз көне көпестермен саяхатшылардың үлкен керуендермен түйелер арқылы қатынайтытынын білдік. Олар керуен жолының бойындағы қалалардан немесе елді-мекендерден шатыр құрып түнейтін болған. Бірақ кейде олар ерте қонақ үй келені болып табылатын - керуен-сарайларда тоқтаған екен. Керуен-сарайлар керуеннің тұрғылықты және сату ауласы болып табылса керек. Сол ғасырларда қолайлы қызмет көрсету ұғымы Азияда Еуропаға қарағанда әлдеқайда ілгері болғанымен де, шығыстағы керуен-сарайлар ақша табу мақсатында емес, саяхатшының демалысы мен саудасын дамыту мақсатында салынған екен. Бірақ 13-ші ғасырдың басы болашақ Алматымен жалпы Жетісу аймағына қай салада болсын үлкен төңкеріс әкелді. Моңғол шапқыншылығы елдің экономикасына ғана емес, қала мәдениетіне де кері ықпалын тигізді. Ұлы Жібек Жолы маңындағы қалалардың күйеруі сауда және керуен жолдарының әлсіреуіне әкелсе, ол өз алдына сол кезеңдегі енді өркендеп келе жатқан керуен-сарайларының еріксіз өз жұмысын тоқтатуына әкеп соқты. Алайда саудамен көлік жолдарының қайта өркендеп дамуы Ақсақ Темірдің билей кезеңінде басталады. Соғыс қимылдары алаңының өркендеуіне байланысты елдер жаңа жолдар салып, жаңа қалалардың ашылуы халықаралық қатынасты дамыта түсті. Мұның өзі жаңа қонақ жайларын ашуды міндеттеді.

Тарихтың келесі парағы XV ғасырдың аяғымен XVІ ғасырдың басын ашады. Қазақ хандығының құрылуы қонақ үй шаруашылығына еш кері әсерін тигізбей, бірқалыпты дамуды байқатады. Қонақ үй кешендері дамуының одан арғы тарихы қазақстанның Ресейге қосылу кезеңі болып табылады. XІX ғасырдың алғашқы жартысының соңына қарай Қазақстан толығымен Ресей империясының қол астына енген кезде соғыс қорғаныстарын, жаңа жолмен қалалардың салынуы қонақ үй шаруашылығының одан ары қарайғы дамуын талап етті. Сол жылдардағы қонақүйлердің мысалы ретінде пикеттерді, қонақ үй палаткаларымен шатырларды айтуға болады. Осылайша қарқынды дамыған Қазақстан қонақ үй шаруашылығы 1903 ж. Алматы қаласында алғашқы «Еуропа» қонақ үйінің салынуына әкеп соқты.

  1. Алматы қаласындағы қонақ үйлердің туристік мәні

Осыншама тарихты артқа тастаған Қазақстанда қазір 160-қа жуық қонақ үй жұмыс істесе, оның басым көпшілігі Астанада, Алматыда, Қарағандыда, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстары аумағында орналасқан.

Қонақ үй шаруашылығын туристік шаруашылықтан бөліп қарауға болмайды. Ал соңғысымен біздің елдің жағдайы тамаша емес. Әрине сыртқы туризм бізде біршама жақсы дамыған: қазақстандықтар шетелде демалуды әдетке айналдырған - 45, 8 %, ішкі туризм - 37, 9 % көрсетсе, туристердің Қазақстанға келу көрсеткені небәрі 16, 3 %-ке ғана жетеді. Мемлекет осылардың соңғысына мұқтаж, себебі оның арқасында елге валютаның көп келуімен өндіріс салаларының қарқынды дамуы басталады.

Қазақстанға туристерді келтіру үшін бірқатар жұмыстар атқарып, оның ішінде қонақүй инфраструктурасын қолға алу керек. Еліміз дамудың нарықтық жолына түскендіктен Қазақстан көптеген шетелдік әріптестерімен жұмыс жасап, әр қаладағы біріккен өнеркәсіптермен және шетел өкілеттіліктерімен қатар әр қаланың қонақүй өмірі біршама тірілді. Жаңа қонақүйлер пайда болып, ескілері жаңартылып жатыр.

Алматының Еуразия орталығы ретіндегі деңгейі өсуде, сонымен қатар қалада көптеген саммиттер, халықаралық конференциялар, семинарлар, көрмелер, яғни конгресті және іскер туризмді дамытуға әсерін тигізетін бірнеше отырыстар өткізіледі. Конгресті туризмнің де өз маусымдылығы бар, ол көктем-күз айларына келеді. Қысқы, әсіресе жазғы кезде бизнес-туризмдердің жұмыс белсенділігі төмендейді. Сонымен қатар қазақстанға іскерлік мақсатпен келетін туристрдің арасындағы түрлі деңгейлі қонақтар бар. Бірақ іскер адамдармен бизнес-туристердің қонақ үй мен отельдерге деген нақты талаптары бар - ол сервистің тиісті деңгейін қамтамасыз ететін қазіргі заманға сай әрі комфортабельді орналастыру орындары болуы керек. Ал 5 жұлдызды қонақ үйге келетін болсақ, онда қонақүй бизнесі мамандарының айтуынша, бір орынды нөмірге тәулігіне $ 290 төлейтін туристердің арқасында Алматыдағы әлемдік құрылымдағы The Regent Ankaрa және Hayatt Regency қонақ үйлері Қазақстанға жетіп жатыр. Бірақ алғашқы бекітілген баға көп жағдайда қалыпты баға болып саналмайды да, нөмерлер түрлі жеңілдіктер бойынша да өткізілуі мүмкін. Ол жеңілдіктер, мысалы: корпоративті клиенттерге немесе отельмен біріге жұмыс жасайтын тур. операторларға берілуі мүмкін. Көрсетілетін жеңілдіктер орасан зор болуы да ықтимал: кейбір тур. фирмалар Алматының 5 жұлдызы қонақ үйінің бір орынды нөмірін прайста көрсетілген бағадан 30 % түсіреді. Бірақ The Regent Ankara немесе Hyatt Regency деңгейлес қонақ үйлерінің мейрамханалардың, түнгі клубтардың, казино, фитнесс-орталықтарының, конференц-залдарының болуы салдарынан аталмыш орындар жергілікті компаниялардың презентация, семинар немесе пресс-конференцияларды ұйымдастыруында белсенді түрде жалға алынуда. Кейбір деректерге сүйенсек қонақ үйлердің негізгі жұмысы емес, осындай қосалқы қызметтері олардың нарық алаңында қалуын қамтамасыз етеді. Бірақ басқа да көзқарастың барлығын да мойындау керек. Мысалы «Отырар» қонақ үй кешенінің директоры Назигүл Шорманованың айтуынша қонақ үйдің негізгі кірісі оның басты жұмысынан ғана келеді. Ал ғимарат ішінде казино, түнгі клуб, мейрамхана, авиакасса және т. б. болуын тек туристердің ұсынысынан туындағанын айтып түсіндірді.

Бірақ «Отырардың» тек 4 жұлдызды қонақ үй екендігін ескерсек, оның жұмыс спецификасының да біраз өзгеше өтетіндігін түсінеміз. Қалай дегенмен де қосалқы қызметі бар қонақүйлердің кірісі, ондай қызметсіз қонақ үйлерге қарағанда жоғары екендігін статистика көрсетіп отыр. Яғни қонақ үйдің қосымша қызмет көрсетуі биік сұранысқ ие. Айта кететін бір жәйт: 5 жұлдызды қонақ үйде тұру кезінде жоғарыдағы қосымша қызметтер бағасы нөмір бағасымен бірігіп кетеді (бассейнге түсу, фитнесс-орталығында, түнгі клубта болу, саунаға кіру т. б. ) . Бірақ елімізге келушілердің барлығы да фирмадағы жұмыс орнына байланысты, 5 жұлдызды қонақ үйде бола алмауы мүмкін. Осылайша қазақстан шетелдік қонақтарға тағы не ұсына алады деген орынды сұрақ туындайды.

2 ҚОНАҚ ҮЙЛЕРДІҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ КЛАССИФИКАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТУРИЗМДЕГІ РОЛІ

2. 1 Қонақ үй классификациясы туралы түсінік

2. 1. 1 Туристерді орналастыру құралдарының классификациясы

Қонақ үйлерді классификациялау оның ауқымдылығы мен туризм және саяхаттаудың кезекті көп түрлігінің келісімділігімен туристерді орналастырумен айналысатын мамандардың үйлесімді іс әрекетіне қарай саяхаттың әртүрлі мақсатына адамдардың материалдық сипатына, ұлттық құрамына географиялық жағдайына және табиғат ерекшелігіне байланысты. Дегенмен классификациялауды бірнеше ортақ белгілері бойынша ұлттық тұрғыдан қарастыруға болады. Мысалы нарық жағдайына байланысты қызмет көрсету деңгейі алуан түрлі. Жекеменшік формасы басқару жүйелігіне, тәуелділік деңгейіне де байланысты.

Қазіргі қонақ үйлерді классификациялау жүйесі мемлекеттік немесе ұлттық қонақ үйлер ассоциясының үлгісі бойынша және сертификациялық ережелерінің заңдастыру материалдық базасының сандық сипаты, сервистік жағдайға, қызмет көрсету сапасының жоғарғы деңгейде болуы шарт.

Қонақ үй классификациясы әр елдерде әртүрлі категорияларға бөлініп отызға жуық атауға ие. Біртекті классификацияға келуге көптеген себептер мүмкіндік бермейді. Оларға мемлекеттердің тарихы мәдени даму деңгейі, туристік қызмет көрсетудегі ұлттық дәстүрлер ерекшелігі және сапалы қызмет көрсетудегі бағалауы және сипаты әсер етеді.

Туристік қонақ үй типіндегі қонақүйлерді таңдап алу бірнеше факторларға байланысты. Олар функционалды және экономикалық, архитектуралық шарттарға тікелей байланысты.

Архитектуралық-болжамдалған туристік қонақ үй мекемесі туристерге мынандай шартармен қамтамассыз ету керек:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қонақ үй шаруашылығының туризмдегі маңыздылығы қонақ үй шаруашылығының туризмдегі маңыздылығы
Бас әкімшілік кеңсесінің ұйымдық құрылымы
Қонақ үйлерді классификациялау және оның түрлері.
Қазақстан және ТМД елдеріндегі қонақ үйдің пайда болу кезеңдері
Қонақ үй шаруашылығы қысқаша даму тарихы
Қонақ үй шаруашылығының негізгі қызметтері Қонақ үй шаруашылығының негізгі қызметтері Қонақ үй шаруашылығының негізгі қызметтері
Қонақ үйдің классификациясы
Қонақ үй шаруашылығы жайлы
Қонақ үй сервисіндегі ақпараттық ресурстар және оның қолданылуы
Стандарт салалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz